Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Сабақ №2

Сабақты өткізу күні және топ

НО-1-14

Тақырыбы Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты, оған қойылатын әдістемелік талаптар

Сабақтың мақсаты:

Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарыньң ерекшеліктерін, байланыстырып сөйлеуді дамытуды, қойылатын әдістемелік талаптарды, оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді меңгерту;

Жазбаша тіл дамытуда дағды мен шеберлік жолдарын, бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін игерту;

Оқу кітабынан, мазмұндама жинағынан, басқа да құралдардан тіл дамыту жұмыстары үшін мәтіндер іріктеп алуға үйрету Болашақ мамандыққа бағдарлау.

Негізгі ұғымдар: байланыстырып сөйлеу, оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің мақсаты, балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптар

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: мазмұндамалар жинағы, мәтіндер, оқулық

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, практикалық

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа жағымды жағдай жасау;

Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау;

Оқушылардың жаңа сабаққа зейінін аудару, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

II. Оқушылардың білімдерін тексеру

1. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде оқушының мәтін құрастыра алуы үшін, оларда қандай білім, білік пен дағды қалыптастыру көзделеді ?

  • мәтін құрастыру;
  • мәтіннің мағыналық құрылым ерекшеліктері (тақырып, негізгі ой, тақырыпша, жоспар) бойынша мәтін құрастыруға дағдыландыру;
  • мәтін құрастыру үшін оны құрайтын элементтердің, тілдік тұлғалардың (мәтін бөліктері, абзац, сөйлемдер байланысы, есімдіктер, синоним сөздер) ерекшелігін таныту; мәтін құрастыру білігі мен дағдысын өз ойын байланыстырып жазу шеберлігімен ұштастыру (жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, ертегі ойлап жазу, өз ойынан эссе, шығарма жазу)

2. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп окы. (Мәтінге ат кой, себебін түсіндір) «Сенің ата-анаң» (Неге олай атау себебін аныктау. Мағынасы екі жакта айтылған сияқты болғанмен, барлығымызга ортак ата-ана туралы айтылған) .

Мәтінге байланысты түрлі сұрақтар қою.

  1. Ата-анаңа сен не үшін қарыздарсың?

2) Ата-ананды кадірлеу, оның жан дүниесін көре білу дегенді қалай түсінесіздер? Егер жан дүниесін көре білмесең “ак көз боп өтесің” деп жазушы нені айтқысы келген? «Ақкөз” деген тіркесті тағы қандай мағынада қолдануға болады?

3) Ата-ананың бәрі бірдей жақсы тәрбие бере ала ма? Сіздер қалай ойлайсыздар?

4) Ата-аналар үшін зор бакыт не?

Автордың корытынды ойы қай жерде көрсетілген, сол аркылы ол нені айтқысы келеді?

Сонымен, біз ата-ана, отбасы жайында айтып жатырмыз. Енді осы ата-ана, бала, тәрбие жайында сендер қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Ананың көңілі балада
Баланың көңілі далада (мақал)

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білесің. (Шал ақын)

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» (мақал) Мағынасын ашқызу.

Бір отбасының өзінде тәрбиесі әр түрлі бола болуы мүмкін бе?

Мақалмен жауап беріп көрші («Бес саусақ бірдей емес »)

«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбиемен мінезді түзетуге болмайды деуге дәлел емес» (Ж. Аймауытов)

Осындай адамның мінезі жайында айтылған ұлы Абайдың кандай сөзін білесіңдер?

«Егер заң қуаты қолымда болса «Адам мінезін түзетуге болмайды» деген кісінің тілін кесер едім» Ақынның айтпақшы ойын айкындаңыздар.

Көркем шығармалардан тәрбиелік мәні бар сөйлемдер жазыңыздар.

Қыз бала, ер бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жазу.

Бүгінгі тақырыпка байланысты нені білдік?

  1. Бала тәрбиесінде отбасынын тәрбиесінің маңызы зор екендігін.
  2. Адам мінезін түзетуге, тәрбиелеуге болатынын.
  3. Жаксы касиеттреді бойға сіңіру үшін талаптану, еңбектену, ғылыммен, өнермен айналысу керек екенін.
  4. Халкымыздың ұлы адамдарынын өнегелі, ұлағатты, кыска да нұсқа мағынасы тереңсөздерінің тәрбие берудегі, сөз өнеріне баулудағы рөлінің ерекшелігін.

Әссе «Қыз-қылықты, ұл намысты болсын».

  1. Вербалдық, вербалдық емес тәсілдер деп қандай тәсілдерді айтамыз? Оны қалай пайдаланған тиімді?
  2. Тағы қандай әдістерді білесіздер?
  3. Шығармашылық ізденіс жаттығулары бойынша тапсырмалар

1) өлең мәтінін құрастыру;

2) ертегі құрастыру;

3) жұмбақ мәтінін құрастыру;

4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыру.

III. Жаңа материалды оқыту Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты, оған қойылатын әдістемелік талаптар

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. -2003. -№ 332-333. -3-7 б.
  2. Әбдікәрім Т. М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл. докторы . . . дисс. : - Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2007. -298 б.
  3. Кіші жастағы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері // Ұлт тағылымы. -2008. -№ 1. -38-42-б. Базарбекова Р. Ж.

Жоспар

  1. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты
  2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар

Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты, оған қойылатын әдістемелік талаптар

Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады.

«Тіл» немесе «тіл дамыту» - пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі - сөйлеуді зерттейді.

«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.

Бұл туралы М. Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».

Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл бірліктерінің негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.

Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: « . . . тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті сейлеуге дағдыландыру», -десе, М. Балакаев: « . . . сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп анықтайды.

Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлме-дәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.

Ш. Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», - дейді.

Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл білімінің заңдылықтарына сүйене жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту, дейді X. К. Арғынов, - баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін дамыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс».

Бұл пікірді Б. В. Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», - дейді.

Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.

Бастауыш мектептерде жүргізілетін діл дамыту жұмыстарына шығарма, мазмұндама жұмыстарын жатқызуға болады.

Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Әдіскер Ш. Кәрібаев: «шығарма жаздыру жұмысы оқушылардың үнемі басшылық етіп отыруы керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез-келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алатын материалдарды жаздырған дұрыс», - деді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мен шығарма мұғалімінің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс.

Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жаза бере алатындай дағдылар, шеберліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми таңбасы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігін тигізетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама мәтіндер арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, интернационалдық рухта, бауырластық сезімде, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Балалардың тілін дамыту, оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының сол мақсаттары мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ғылыми эксперименттерінің ең жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, бір ізге келтірілген әдістемені басшылыққа алып жұмыс істегенде ғана іске асады.

Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары: 1) Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалдарын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеу қажет. 2) Жазылған жұмыстың мазмұны болуы, балалардың жазған мамұндамалар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдерлің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т. б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала жинақтау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық жинақтап, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдардың ішіндегі негізгілерін таңдап қолданылуға тиіс (Мысалы, ІІІ сынып оқушысы «Мәншүк» мәтіні бойынша мазмұндама жазғанда, «Жаудың жаңбырша жауған оғы» деген тіркесті сол қалыбында беруге тырысып, «Жаудың тамаша жауылған оғы» деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т. б. мәтінді талдау, жинақтау жұмысына дұрыс мән берген жөн. 5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс. (Мысалы, «Қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға бастады», «Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды», «Қарғаның қарыны ашты». Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарға келіп қонды. 6) Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын («Мен тауға бардым. Күн ыстық болады») . 7) Жергілікті ауыз екі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. («Там төбесін қар басып қалды»; «Жейдесі су болды», «Азанда бүлдірген теруге кетті») . 8) Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының офографиялық пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп шығатын болсын. Мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді жөндеуге де болады

Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады. жол беріледі.

IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс

  1. Байланыстырып сөйлеуді үйретуде қандай әдістер тиімді?
  2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қандай әдістемелік талаптар қойылады?
  3. Мазмұндамала жинағы, мәтіннің түрлерімен танысу, өзіндік ерекшеліктерін айту

*«Әңгімені мазмұндап бер»

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін анықтап, оқылған әңгіме мазмұнын әңгімелете отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Мазмұны: балаларға өздеріне таныс оқиғаларға негізделген мәтін немесе әңгіме оқылады. Мәтін екі рет мазмұндалады. Содан соң балалардан мазмұнын айтып беру сұралады.

Нұсқау: «Мен саған қазір өзімнің оқиғамды айтып беремін. Сен маған соны қайтадан баяндап бересің»

*«Адасқан әріптер»

*«Кім жылдам?»
*Ұйқасын тап

V. Үй тапсырмасын беру Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты, оған қойылатын әдістемелік талаптар . Өздері таңдаған әдістері бойынша бір сыныпқа байланыстырып сөйлеуге байланысты тапсырмалар әзірлеу. Шығармашылық тапсырмалардың әр түріне тапсырмалар әзірлеу.

Оқытушы Канапина Г:К.

қолы/подпись аты-жөні/Ф. И. О

Сабақ №9

Сабақты өткізу күні және топ

__ УИЯ-1-13 _

Тақырыбы: Мазмұндама мен шығарма жұмыстары, мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары

Сабақтың мақсаты: Бастауыш сыныптарда жаздыратын мазмұндама мен шығарма жұмыстарының түрлері, мазмұндама мен шығарма жаздыруды ұйымдастыру жұмыстарын, байланыстырып сөйлеуді дамытуды, қойылатын әдістемелік талаптарды, оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдарын

меңгерту;

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма жұмыстарын жаздыру дағдыларын дамыту,

Оқу кітабынан, мазмұндама жинағынан, басқа да құралдардан тіл дамыту жұмыстары үшін мәтіндер іріктеп алуға үйрету Болашақ мамандыққа бағдарлау.

Негізгі ұғымдар: Мазмұндама мен шығарма жұмыстары, мазмұндама мен шығарма жұмыстарының түрлері, оларды ұйымдастыру

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: мазмұндамалар жинағы, мәтіндер, оқулық

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, практикалық

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа жағымды жағдай жасау;

Студенттердің жаңа сабаққа зейінін аудару, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

II. Оқушылардың білімдерін тексеру

III. Жаңа материалды оқыту Мазмұндама мен шығарма жұмыстары

Әдебиеттер

1. С. Рахметова Қазақ тілін оқыту әдістемесі «Өлке» 2005

2. Г. Ж. Тұрдалиева. Баст. сын. қаз. тіл. оқыту әдіст. 2007

Жоспар

  1. Мазмұндама, мазмұндаманың түрлері: дайын әңгіме бойынша мазмұнама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.
  2. Шығарма және оның түрлері: 1) оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты; 2) экскурсия бойынша; 3) өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрінің спектаклдері т. б. ) байланысты; 4) оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар

Мазмұндама мен шығарма жұмыстары

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұнама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама . Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайта қоныстанды». (33 сөз) .

Ал бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, көрген- көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. . Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу - ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемденіп алып т. б. ) ұғындырылады. Содан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныптарда түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраудың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша сұраулар қою. Бұл сұрақтарға оқушылар мәтіннен есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Әуелі әр сұраққа жеке-жеке жауап алынады да, соңынан, қорытынды ретінде, барлық сұраққа бір оқушы немесе екі-үш сұрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы қайырған жауаптарын, тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.

Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылыс мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазуға керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі .

Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алынады делік:

«Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзеенге барды. Өзен жылтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты». (29 сөз) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын талаптар
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Тіл дамыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Әріптерден сөз жасау
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz