Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана-2018
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. - 370 б.
Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
2
(C) Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018
Құрметті ұстаздар!
2018-2019 оқу жылы басталды. Еліміздің барлық мектептерінде 1- қыркүйекте Білім күні аталып өтілді. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.
Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы - тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.
Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.
Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту міндеті қойылған. Тіл саясатында басымдылық мемлекеттік тілді дамытуға берілуі қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.
Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізіледі.
Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.
Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген.
Жинақ білім беру жүйесінің норматив тік-құқықтық базасындағы
өзгерістерді қамтиды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.

2018-2019 оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер қояды.
Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте жеміс тілеймін!
ҚР Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов
2-кесте - Мектепішілік бақылау нормативтері
№
рс
Бақылау нысандары
Норма
1
Сабақтар мен сыныптан тыс іс- шараларына қатысу және талдау
айына 8-10 сабақ (директор орынбасарларына),
айына 2-3 сабақ (директор орынбасарларына)
2
Сынып журналдарын тексеру
тоқсанда 1-2 рет
3
Білім алушылардың күнделіктерін(болған жағдайда) тексеру
тоқсанда 1 рет
4
Пән бойынша оқу бағдарламаларын тексеру
тоқсанда 1 рет, жылына 4 рет
5
Білім алушылардың жеке іс қағаздарын тексеру
жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)
6
Пән бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларын тексеру
жылына 2 рет
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
2018-2019 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптарда жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.
Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін
бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айтукөрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Бағалау жүйесі мұғалім мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қолдауды және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі.
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағазэлектронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат;
жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;
негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
сыныптар, пәндер мен тілдер бөлініс інде формативті бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы;
сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.
Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалімнің бағалау қызметі - бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.
Білім алушының бағалау қызметі үшін:
үнемі әртүрлі бағалау түрлерін қолдану (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
білім алушылардың оқу жетістіктерін ің бағалау критерийлерін өз бетінше дайындау және таңдап алу;
бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алу;
кері байланысты үнемі қамтамасыз ету қажет. Мұғалім:
1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
3) бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе
НЗМ ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған жәненемесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған жәненемесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Мұғалім білім алушылардың бөлімтоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.
Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.
Ескерту! Сондай-ақ білім берудің ба рлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.
Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді. Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:
1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде, үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.
2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақ ты және айқын сипаттамалары
әзірленеді;
5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін БЖБ және ТЖБ оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
Өзін-өзі бағалаудың басты мақсаты - білім алушы өзін-өзі бақылайды, реттейді, оқу жетістіктерін өз бетінше сараптайды. Өзін-өзі бағалау:
білім алушының нақты бағалау критерийлерін қабылдауы немесе бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеуі;
оқу тапсырмасымен танысуы;
критерийлер бойынша өзін-өзі болжамды бағалауы (орындай аламын ба?, барлығын орындай аламын ба?, тапсырманың жартысын орындаймын?);
рефлексивтік өзін-өзі бағалауы;
қателермен жұмыс жасау сияқты рәсімдерден тұрады.
Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауынан бұрын өткізілуі тиіс.
Өзін-өзі бағалау түрлері
Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады және оны жиынтық бағалауға дайындық кезінде өткізген тиімді. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды.
Оқу жетістіктерінің бағалау критерияларына сәйкес тиісті тапсырмалар таңдалады және жасалады. Білім алушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, білім алушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.
Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға
тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.
Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.
Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады.
Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкі н. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі - білім алу мүмкіндігі - топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.
Бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.
Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады.
Критериялар ретінде пәндік және жалпы оқуға икемділігі көрсетіледі.
Мысал ретінде, бастауыш мектепті бітіруші Математика пәнін оқу барысында төмендегідей пәндік жалпы оқуға икемділігі қалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері.
Математикалық модельдеу білім алушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.
Жаратылыстану пәнін оқыту барысында, мысалы, төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:
нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;
жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;
ғылым әдістерін қолдану, ең бастысы байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе
білу.
Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жү йесіне сәйкес оқу пәндері
бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.
1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек, яғни:
тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс);
- тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз (көп немесе аз байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер.
1. Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз.
Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты, мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады.
Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып білім алушылары көрсете алатындай критерийлерді таңдау қажет. Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көптеген білім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық 100% білім алушылардың әрі қарай оқуда табысқа жетуі үшін негізгі базалық критерийлерге сәйкес нәтижелерін ғана көрсету жеткілікті.
Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.
Бастапқыда үлгі критерий болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.
Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді. Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.
Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім білім алушылардан: Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?,- деп сұрайды.Солай критерийлер қалыптасады.
Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауды үйренеді.
Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы, эссе жазуға дайындық кезінде білім алушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелердің бағасы мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға, қателердің себептерін анықтап, ескертуге мүмкіндік береді.
Мұғалім мен білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне жақсы
баға бергені маңызды. Ал білім алушылардың қателерін әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге пайдалану қажет.
Критериалды бағалау құралдары
Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.
Негативті баға білім алушының ынтасына, жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, білім алушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет. Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты, сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын, Сенің пікірің қызықты (болжам, жорамал),
Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес,Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың, Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың, Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер.
Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;
білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім білім алушыларға өзара әрекеттестік-тің, конструктивті қарым- қатынастың және оңжағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.
Бағалау - бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер, білім алушылар, ата- аналар, әкімшілік мектеп әкімшілігі қатысуы қажет.
Формативті бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар.
Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау - мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді.
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыссыпайы сипатына назар аударған жөн.
Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.
4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
4-кесте - Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері
Дағдылар
Сипаттама
Білу
Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу
және еске түсіру
Түсіну
Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты
интерпретациялауды көрсету
Қолдану
Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес
жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану
Талдау
Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, жәненемесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.
Синтез
Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру
қабілетін көрсету
Бағалау
Белгілі бір критерийлер бойынша иде ялар немесе фактілердің
маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.
Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі берілген (5-кесте).
5-кесте - Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы
Рс
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі
1
Білу
Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау,
жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.
2
Түсіну
Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау,
тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау,
көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.
4
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырата, айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу,
күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау, комбинациялау араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау,
дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліпатап
көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу.
Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады.
Формативті бағалауда мұғалім топтардағы жұмысты белгілі бір дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде пайдалана алады.
Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын бақылайды және тыңдайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарының жетістіктерін тез көрсете алады.
Бұдан әрі мұғалім оқыту мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын білім алушыларды тағы бақылауы қажет және оларға қосымша сұрақтар қою керек.
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жұмысын бақылауы тиіс. Сонымен, формативті бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:
күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
сыныпта түсінгендерін куәландыратын тиімді талқылаулар мен өзара іс- әрекеттер қалыптастыру;
білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері байланыс ұсыну;
білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде тарту;
білім алушының өз білімін жасаушы ретінде қалыптасуы.
Формативті бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.
Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалау қажеттігін есте сақтау маңызды: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалімдер өз бетінше әзірлейді немесе ұсынылған жинақтарды пайдалана алады. Формативті бағалау бойынша есеп беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ.
Формативті бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.
Формативті бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі (сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Формативті бағалау нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.
Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы мониторингі мұғалімдердің тоқсан аяқталғаннан кейін оқу материалының оқу мазмұнын анықтау мен түзету және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) үшін жиынтық бағалау түрінде жүзеге асырылады.
Білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгілі бір дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мұғалім білім алушылардың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік беру үшін тапсырмалар әртүрлі және жеткілікті болуы керек.
Үйге берілген тапсырмалар жеткілікті және ұсынылған көлемінен аспайтындай болғаны жөн. Аталған тапсырмалар алған білімін бекіту және ойлау үшін қажет. Мұғалім зерттелген құбылыстардың ішінде ұқсастықтар мен келіспеушіліктерді анықтайтын, сондай-ақ кеше немесе бұрын өткенді салыстыру тапсырмаларын бере алады.
Тапсырмалар белгілі бір критерийлер бойынша балдармен өлшенетін жұмыспен аяқталуы тиіс.
Бөлімортақ тақырыптарға арналған жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдары қойылады.
Білім алушылардың бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары (БЖБ мен ТЖБ) білім беру ұйымдарында жыл бойы сақталады және білім алушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, құжаттарымен бірге берілуі мүмкін.
БЖБ максималды балын, БЖБ өткізу түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңесі немесе мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте БЖБ бойынша алған ең жоғарғы көрсеткіш 1-4-сыныптарда 7-ден төмен және 15 балдан артық емес, 5-11 (12)- сыныптарда 7-ден төмен және 20 балдан артық болмауы тиіс.
3. 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптардың білім алушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады.
4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті - оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын білім алушы тәрбиелеу.
4-сынып білім алушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады, әсіресе функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені білім алушыларды оқытуда білім беру процесіне: дәлелдер келтіру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану, эссе жазуға үйрету сияқты оқытудың белсенді түрлерін енгізуге ерекше назар аудару қажет. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындық және сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мұғалімге критериалды бағалаудың элементтерін қолдануға болады.
Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар білім алушылар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын қолдану, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр білім алушының жұмыс жасауына және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Білім алушылар негізгі оқу материалын сабақта меңгерулері тиіс екеніне назар аудару қажет.
Үй тапсырмасының негізгі қызметі - білім мен білікті бекіту. Оқу сабақтарында меңгерілген материал ғана үй тапсырмасына ұсынылады. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемесінің алдын алу мақсатында мұғалімүй тапсырмасының мөлшерін, сабақта мазмұнды, оны орындау тәртібі мен тәсілдерінтүсіндірудіқадағалауы керек. Жоғары деңгей тапсырмалары білім алушыларға олардың қалауы бойынша өз бетінше орындауға ұсынылуы мүмкін.
Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын қамтиды: Тіл және әдебиет, Математика, Жаратылыстану, Адам және қоғам, Өнер,
Технология, Дене шынықтыру.
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі
Қазақ тілі пәні - бастауыш сынып білім алушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
4-сыныптарда Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты - алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәні 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.
Қазақ тілі пәні бойынша білім алушылардың жетістік деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:
диктант;
грамматикалықтапсырмалар;
бақылау көшіру;
бақылаумазмұндамасы;
бақылаушығармасы;
тесттапсырмалары.
Диктантты ұйымдастыру және өткізу.
Диктантқаарналғанмәтіндерорфография лықтұрғыданбілім алушыларға таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізіндеалынады.
Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;
мұғалім диктант мәтінін орфоэпиялық нормаларға сүйеніп, кідіріс жасап,оқиды;
білім алушылардың оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән- мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң жазуға кірісу ұсынылады;
жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдерқайталанады;
мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен кейін кідіріс жасай отырып, қайта толықоқиды.
Білім алушылардың грамматикалық талдау дағдыларын тексеру мақсатында алынған бақылау жұмыстарында 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.
Грамматикалық талдаудың тапсырмалары грамматика және дұрыс жазу диктанттарының (көшіру) мәтіндеріне қатысты болуы керек, өйткені оның мақсаты грамматикалық материалды білу дәрежесін анықтау, білім алушылардың жазбаша және сөйлеу дағдыларын меңгеруін тексеру болып табылады.
Төмендегі кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілі пәнінен қорытынды
бақылау диктанттарының саны ұсынылған.
8-кесте - Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмалары бар диктанттар)
Тоқсан
4-сынып
Тақырыптық
Бақылау
I
2
2
ІІ
2
1
III
2
1
IV
2
1
Тақырыптық диктант бөлім немесе блок бойынша тақырыптарды меңгерудің сапалық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі, ал бақылау диктанты тоқсанның соңында жүргізіледі. Грамматикалық тапсырмалары бар бақылау диктанттарын орындау үшін 30-35 минут бөлінеді.
Төмендегі кестеде диктант мәтінінің ұсынылған көлемі берілген. 9-кесте - Диктант мәтіннің көлемі
Тоқсан
I
II
III
IV
Сөздер саны
65-68
68-70
70-75
75-80
Грамматикалық тапсырмаларды орындаудағы бағалаудың нормалары:
5 баға - қатесіз;
-4 баға - тапсырманың кем дегенде 34 бөлігін дұрыс орындаған;
3 баға - кем дегенде 12 тапсырманы дұрыс орындаған;
2 баға - 12 тапсырмадан аз орындаған.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қат елер мен кемшіліктердің жіктелуі:
Қателер:
сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескелқателер;
емле ережесі бойынша қате жазылғансөздер;
мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басындажазылмауы;
орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болыпсаналады;
бірдей әріптен жіберілген қате үш р ет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатегеесептелінеді;
мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардыңболуы;
бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жеткіліксіз,
мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардыңқалдырылуы;
мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынадақолданылмауы.
Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.
Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.
5 бағасы білім алушы барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаған және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда қойылады;
4 бағасы білім алушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 34 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады;
3 бағасы білім алушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады;
2 бағасы білім алушының оқу материалын нашар оқитыны анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.
Білім алушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі - шамамен 15 күнде бір рет алынады.
Шығармалардың тақырыбын таңдау кезінде олардың өмірмен байланысын, білім алушылардың тәжірибесі мен қызығушылықтарына жақындығын, мазмұнының қолжетімділігін, мәтінді құру және оны сөйлеу тілімен ресімдеуді ескеру қажет.
Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды. Қанағаттанарлықсыз баға тек бірінші жартыжылдықта бақылау түріндегімазмұндама жазғызу кезінде және оқу жылының соңында қорытынды бақылау түріндегішығармаға қойылады.
Қорытынды бақылау түріндегі мазмұндама мен шығарманы тексеру кезінде 2 баға қойылады: мазмұны мен сауаттылығы үшін.
5 деген баға авторлық мәтін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.
4 деген баға жұмыста авторлық мәтін (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігінен шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қатесі, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.
3 деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғандақойылады;
2 деген баға қорытынды авторлық мәтіннен (мазмұндама), тақырыптан(шығарма) айтарлықтай алшақтаған:маңызды эпизодтар, басты бөлімдер, негізгі ойлар және т.б. жоқ, ой бірізділігі бұзылған, бөлімдер, жекелеген сөйлемдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қатесі, 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Білім алушыларға мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріліп жүргізілуі тиіс.
Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмыстары мен бақылаулар (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі.
Сөздік диктанттардың мазмұны жазбалардан тұрады, олардың жазуы ережелермен реттелмейді.
Сөздік диктанттардың көлемі:12-15 сөз .
Сөздік диктанттарды бағалау:
5 - қатесіз; 4 - 1 қате, 1 түзету жіберілсе; 3 - 2 қате, 1 түзету болса;2 - 3-5 қате жіберілсе қойылады.
Мәтіндерді бағалау.
Білім алушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минутты бөлу керек. Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып, оларды білім алушылармен бірге орындауға ұсынылады.
10-кесте - Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Базалық деңгей
0 - 60%
60 - 77%
77 - 90%
90 - 100%
2 бағасы
3 бағасы
4 бағасы
5 бағасы
Ескерту: ағымдағы бақылауға арналған тестілер 10-15 сұрақтан тұрады және бақылау сұрақтары - бір дұрыс жауапты таңдауға болатын 20 сұрақтан тұрады.
Білім алушылардың қорытынды бақылау жұмыстарының негізгі түрлері: мәтінді көшіріп жазу, шығарма, мазмұндама, сөздік диктанттар.
11-кесте - Қорытынды бақылау жұмыстарының саны
Жұмыс түрлері
Iжартыжылдық
IIжартыжылдық
Мәтінді бақылау ретінде көшіру
1
1
Бақылау шығармасы
1
Бақылау мазмұндамасы
1
Бақылау сөздік диктанты
1
1
Қорытынды бақылау жұмыстары тоқсанның, жартыжылдықтың соңында жүргізіледі. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемелерін болдырмау мақсатында қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақытын мұғалімдермен келісе отырып, мектеп басшылары құрастырған кестеге сәйкес анықталады. Бір оқу күнінде сыныпта бір жазбаша қорытынды бақылау жұмысы алынады.
Бақылау жұмыстарын бөлу біркелкі болуы керек. Әр сыныпқа бақылау жұмыстарын жоспарлағанда, тоқсанның, жартыжылдықтың соңына дейін жазбаша бақылау жұмыстарының жиналыпқалуына жол берілмейді. Дүйсенбі күні,мерекеден кейінгі бірінші күні сынақ жұмыстарын жүргізу ұсынылмайды.
Қазақ тілінен бақылау жұмыстарына арнайы дәптерлер бөлу қажет және оқу жылы бойы сыныпта сақталады.
Соңына дейін өтілмеген бөлім тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Оның ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Білім алушылардың ағымдағы және қорытынды жазба жұмыстарын бағалау кезінде төмендегі нормалар қолданылады:
12-кесте - Бақылау көшіріп жазу көлемі
Тоқсандар
I
II
III
IV
63-65 сөз
65-68сөз
68-70сөз
70-75 сөз
Төменде мәтінді көшіріп жазуды бағалаудың ұсынылатын нормалары берілген.
Бақылау көшіріп жазу
5 - мінсіз орындалған, түзетулер жасалмағанжұмыс үшін;
4 - 1 қате немесе 1-2 түзету жасалған жұмыс үшін;
3 - 2-3 қате жіберілген жұмыс үшін;
2 - 3 немесе одан көп қателер жіберілген жұмыс үшін.
Әдебиеттік оқу
Оқу пәнінің ерекшелігі - бастауыш сынып білім алушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Әдебиеттік оқу пәнін оқытудың ерекшелігі - дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, білім алушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем- шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4- сыныптарда аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты құрайды.
Қорытынды тексеруді ұйымдастыру және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:
кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеруүшін);
әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz