Оқудың түрлері
Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен біліктерін және дағдыларын есепке алу.
Жоспар
1. Оқушылардың ББД есепке алудың қажеттілігі.
2. ББД есепке алу жолдары.
3. Бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, оннан қаншама дағды берілгенін әр оқушының білімі, білігі және дағдысы есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғаліммен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі же оған қалай жеткені белгісіз болады. Егер балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, сабаққа деген ынтасы азайып, белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, оқушылардың мен алған білімдері, біліктері дағдылары есепке алынып отыруы керек.
Оқушылардың алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын бір сабақтың негізінде бағалағанда мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін қай оқушының қандай сұрауларына, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағандарын есепке алып отырады.
Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының негізінде баға қояды же неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды. Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын-ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырылса да, мұғалім ББД есепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне, соларды тұрғызады. Мысалы, оқушылардан деформаланған ( орындары ауысқан не бұзылған) мәтін ұсынып, сөйлемдердің аяқталған жеріне тыныс белгісін не хабарлы сөйлем болса нүкте қою т.б тапсырылады. Тапсырма орындалғаннан кейін сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: 3-4 оқушыдан сұрау.
1. Аяқталған ойды білдіреді;
2. Сөйлем өзара байланысты сөздерден тұрады;
3. Сөйлемнен соң ( нүкте ) не қажетті тыныс белгісі қойылады;
4. Әрбір жаңа сөз бас әріппен басталып жазылады;
5. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
Сөйлемдерге оқушылар мысалдар келтіреді, дәлелдейді, талдайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың оқушылары қалай орындағандарын тексереді. Жекелеген оқушыларды тұрғызып әрбір сөйлемді оқиды, түсіндіреді. Қалған оқушылардың дәптерін тексеру, не тақтаға шығару, не берілген тапсырма бойынша қосымша сұрақ беру т.б. Оқушыларды бағалау үшін мұғалім бір сабақ осылайша оқушыны бағалайды. Сабақтың соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала же жаттығуларды орындаған балалардың да еңбектері бағалануы не баға қойылады.
Оқушылардың қай сабақта қандай сұрақтарға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағандарын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қортылып бағаланады.
Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне ( балаларға көрсетпей) әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жинап жүреді. Балалар өздерінің әрбір жауабы, әрбір сабаққа қатысып жүргені ескерілетіне көзі жетсе, әр сабақта жауап беру, өздерін көрсетуге тырысады, сөйтіп белсенділіктері артады.
Оқушылардың білімі, білігі мен дағдысын үйге берілген тапсырманы орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне нсе сабақтың
әр кезеңдерінде ( жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезеңдерінде) бір күрделі сұраққа дұрыс, толық жауап беруіне қарай да бағалауға болады. Бұл әрекер оқушының зейінін арттырып, белсенділігін арттырып, сабақты мұқияттылықпен тыңдауға түрткі болады.
Оқушылардың білімдері және емле дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, оқушылар диктант жазса, ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін де тексеруге болады. Оқушылар бір ережеге байланысты сөзді талдайды немесе шартты белгімен көрсетеді, сызбасын сызады, керекті сөздерді теріп жазады, сөйлемдерді талдайды т.б. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп болмауға тиіс. Бақылау жұмыстары дұрыс нәтиже беру үшін оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар орындалуы қажет:
1. Оқушылардың материалдарды толық меңгергендігіне көз жеткізгеннен кейін жүргізілуі керек.
2. Балалардың бертін өтілген матералдар ғана емес, бұрынғы өтілген материалдар да қамтылуы керек.
3. Әр сыныпта жазба жұмысының түріне орай сөз саны- мөлшері белгіленген . соны ескеру қажет.
4. Бір орфограмманың бірнеше рет қайталануының қажеті жоқ.
5. Бақылау жұмысында ең соңғы тақырыпқа 2-6 объект, бұрын оқығандарға екі объектіден келтірген жеткілікті.
6. Бірдей орфограммасы бар сөздерді ( әр түрлі) нұсқалармен берген жөн.
7. Бақылау диктантын жаздыру ережесі.
8. Оқушылардың ББД ( тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгі мәселелері жайлы қосымша тапсырмалар беріледі.
Оқушылардың ББД белгілі бір жүйемен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылардың еңбегінің жемісі болып табылады.
Бекіту.
1. Оқушылардың ББД есепке не үшін қажет?
2. Оқушылардың ББД қалай есепке алуға болады?
3. Бақылау жұмыстарына қандай талаптар қояды?
4. Бір тақырып бойынша оқушылардың ББД есепке алу жолын көрсетіңдер.
Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері
Оқушылардың жазу жұмыстарын мұқият тексеріп отыру, олардың сауаттарын арттыруға көмектеседі. Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отырумен тығыз байланысты. Мұғалім оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды керек:
1. Мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі тақырыптан кеткен
қателерінің астын сызып көрсетуі керек.
2. Орфографиялық қателерді түзету үшін, орфографиялық щартты белгілерді
қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуға тиіс. Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушының қателерін тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналықпен түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесіне бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.
3. Емлелік қателерді түзеткен кезде мұғалім әр оқушының психологиялық және
жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық қатенің ерекшелігінің еске алу керек. Бұл жағдай қателерді түзетудің дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
4. Емлелік қателерді түзеткен кезде орфографиялық қатенің ерекшелігін еске
алу керек.
5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі тиіс. Түзетулер
оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның іскерлігін, қабілеттігін арттыруға көмектесуге тиіс.
6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыға белгілі бағыт көрсететіндей
болуы тиіс.
7. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға орфографияны түсінуге
деген белсенділігін арттыруы керек.
8. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуде жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге
бірте-бірте өту принципін сақтауы керек.
Оқушылардың емлелік қателерін түзету тәсілдері мынандай болуы тиіс:
1. Сөздегі қатені сызып тастап, қажетті әріпті үстіне жазу.
2. Сөздегі артық әріпті немесе буынды сызып тастау.
3. Бөлек жазылған сөздерді біріктіріп қосу.
4. Қателесіп біріктіріп жазған сөздерді бөліп жазу.
5. Бүкіл қате морфеманың астын сызу.
6. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу.
7. Қатені түземей-ақ дәптердің шетіне шартты белгі қою.
Қойылатын шартты белгілер оқушыларға түсінікті болуға тиіс.
- грамматикалық қате
v - пунктуациялық қате
z - азат жол
z - азат жол керек емес
(?) - мағынасы түсініксіз
- стилистикалық және дұрыс құрылмаған
8. Дәптердің шетіне қате кеткен, айтылуы ұқсас, емлесі басқаша сөздерді жазып
көрсету. Қазір жаз ба? Сен кітапқа жазба!
9. Дәптердің шетіне қате жазылған кейбір емлесі қиын, жазылуында әлі де болса,
тұрақтылық жоқ сөздерді жазып көрсету.
10. Жергілікті жерден халық тілінің ерекшелігіне байланысты сөздердің астын ирек
сызықпен сызу.
Бұл тәсілдің мақсаты - балаларды әдеби нормада сөйлеуге үйрету және әдеби көркем жазуға баулу.
Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту. Оқудың түрлері
Әдебиеттік оқу пәні - бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық қағидамен орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып, топталып беріледі. Мұндағы мақсат -- белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға түрлі уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан-жақты ұғым, кең мағлұмат беру.
Оқулыққа енген шығармаларды мазмұнының оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен-кішілігіне, баяндалу стиліне, құрылысы мен жанрына қарай, қай мерзімдерде өтуге лайықты болатынын мұғалім алдын ала ойластырады. Сондықтан да мұғалім оқу сабағына кіріспес бұрын оқулықта берілген материалдармен түгелдей танысып, олардың мазмұнын толық меңгеріп, оқытылу жолын жан-жақты қарастыруға тиіс. Осындай жұмыстардан кейін қай материалды қашан, неше сағат оқытатынын белгілеп, календарлық жоспар жасайды. Онда әр бөлімде берілген бір топ материалды сол оқу-лықта орналастырылған тәртібімен өткен қолайлы ма, әлде түрлі даталарға сай келтіру үшін, олардың орындарын ауыстыруға тура келе ме -- осылардың барлығын ойластырады.
Күнтізбелік жоспар жасағанда әр бөлім бойынша қайталауды қалай ұйымдастырған тиімді, қорытынды сабақтарды өткізу үшін пайдаланылатын материалдар, жазу жұмыстарын қай кездерде қалайша жүргізген ұтымды -- осылардың барлығы көрсетілуге тиіс. Тағы бір есте болатын жай: мұғалім кейбір материалдарды, яғни бір бөлімде берілген шығармалардың ішінен ең қиындарын, балалардың оқу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыруға қажеттілерін, сыныпта оқыту үшін іріктеп алады да, кейбір жеңіл-желпі мате - риалдарды (оқушылардың өз бетімен түсінулеріне қиындық келтірмейтіндерін) үйден оқып келуге тапсырады.
Оқулықтарға енген материалдар: көркем очерктер, ғылыми мақалалар, жазба және ауыз әдебиеті үлгілері. Бұл материалдар арқылы мұғалімдер оқушыларды кеңес ақын-жазушылары шығармаларымен, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныстырады, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, сөйтіп, халық тілінен үйрену арқылы сөз байлығын арттыруға көмектеседі. Оқушылар ғылыми мақалаларды оқу арқылы түрлі ғылым салаларынан мағлұмат алады.
Оқулықта берілген материалдарды оқып үйренуге байланысты әр түрлі практикалық жұмыстар да жүргізіледі. Олардың бастылары: оқушыларды әр түрлі құрылыстарға, фабрикалар мен зауытттарға, ауыл шаруашылық нысандарына (егіс даласы, жеміс бағы, мал, құс фермалары т. б.) экскурсияға апару, кинофильмдер, диафильмдер көрсету, еңбек озаттарымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, ертегі кештерін ұйымдастыру т. б.
Оқулықтарда әрбір мәтіннен кейін оқушыларға сұраулар қойылады және сол мәтін бойынша олардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлері көрсетіледі. Онда балалар мәтіннің мазмұнына байланысты түрлі жұмыстар орындайды (мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою, бірнеше бөлімді біріктіріп ат қою, жоспар бойынша баяндау, мәтіннен табиғат көріністерін, еңбек әрекеттерін немесе басты кейіпкерлерді бейнелейтін үзінділерді тауып оқу, сөздік жүргізу т. б. с. с).
Оқулықтарда түрлі түсті суреттер берілген. Мұғалім бұл суреттерді талдау арқылы балаларға картинаны түсіну әдісін үйретеді.
Сонымен қатар ол картиналардың авторларымен де таныстырған жөн.
Оқулықтардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы берілген материалдар табиғаттану жөнінде оқушыларға ғылыми мағлұмат беруді қатаң талап етпейді, :өйткені жаңа программа бойынша, балаларды айналамен таныстыру I кластан бастап оқылады. Сондықтан мұндай материалдардың, көркемдік қасиетіне, тіліне ба - са назар аударылады.
Оқудың түрлері Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.
Дауыстап оқу көбінесе I -- II сынып оқушыларына тән болады. Бірақ I сыныпта іштен оқытуға болмайды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz