Кәсіпкерлік қызметінің қағидалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті
кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметінің қағидалары

Орындаған: Мұнай факультетінің
1 курс студенті Нургалиев Ә.Қ.

Тексерген: Құқықтану
Кафедрасының оқытушысы,
құқық магистрі Бидайшиева А.Б.

Алматы 2020
Мазмұны
Кіріспе 3
I Негізгі бөлім. 4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны 4
1.2 Кәсіпкерліктің функциялары 8
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері 9
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер 15

Кіріспе

Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады , нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Материалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай да болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерліктің басты щарты - барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.
Экономикалық процестердің мемлекет тарапынан реттелуі кез келген қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі қоғамның дамуының әр бір нақты тарихы кезеңінде шешетін міндеттеріне және мақсаттарына байланысты реттеудің формалары мен әдістері анықталады.
Экономикалық процестердің мемлекеттік тарапынан ретттелуі кез келген қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мелекеттің араласу дәрежесі қоғамның дамуының әр бір нақты тарихы кезеңінде шешетін міндеттеріне және мақсаттарына байланысты: реттеудің формалары мен әдістері де осылар арқылы анықталады.
Жоспарлы экономикалық жағдайларында реттеу жалпылық сипат алып, дамудың тек басты пропорциялары ғана емес басқарудың ең теменгі шаруашылық есеп буындарына дейінгі барлық деңгейлерін қамтиді.

I Негізгі бөлім.
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің сипаты.

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің болінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.
Экономикалық әдебиетке Кәсіпкер түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан Коммерңияның жалпыға ортақ сөздігінде келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін оз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.
Ғылыми термин ретінде Кәсіпкер түсінігі белгілі агылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағага сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда делдал деген мағына береді. Со- нымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.
Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функңиясы
өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді үстанған. Альфред Маршалл мен жолын үстанушылар кәсіп- кердің ұйымдастырушылық функңиясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.
Кәсіпкерлік туралы ерекше жұмысты үстанған Йозеф Шумпе- тер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адам- дар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инноваңиялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қүқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіп- керлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға жұмысталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқы- ғына (мемлекеттік кәсіпкерлік) неғізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тэуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б.
Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бұл инновациялық тэуекелді тэсіл негізінде, өндіріс факторла- рын оңтайлы үйлестіру түргысынан сипатталып, адамның ерек- ше қабілеттерін жүзеге асыру деген түжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа гехника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нэтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қараганда көп пайда табады. Со- нымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тэуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тэуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.
Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері неме- се сыртқы жағдайларга байланысты өндіріс факторларын жаңа тұргыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.
Кәсіпкерлік қызмет - белгілі бір функцияларды жүзеге асы- румен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, элеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанагаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыра- тын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асы- ру үрдісі ретінде сипаттауға болады.
Кәсігшерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырыла- ды: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауар- ды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолы- мен.
Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделғен, пайда табуға жұмысталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, ондірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мүндай қызығушылықты анық- тау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сэй- кесгендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкін- діктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, эдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.
Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыс- тыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті гүрде болуымен сипатта- лады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа эдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.
Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:
- новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функ- циясы ретінде;
- кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеғе асырушы механизм ретінде.
Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлғісінің нэтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:
- кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капи- тал, қаржылық, ресурстық және материалдық қаражаттарынан пайда табу;
- қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру;
- өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақ- саттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:
- жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;
- ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақ- сарту;
- ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын онтай- ландыру;
- қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек корсету.
Кәсіпкерлер - коммерциялық мұмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операция- ны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа иде- яларды жүзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік - бұл табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.
Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатта- лады: адам мүддесіне жұмыстау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйласіық ру- хын үстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты элеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жау апкершіл ік пен инновациялық кәсіпкер лік ортаға негізде лген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға жұмысталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі.
Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны жаулап алу, өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын кұру қажеттілігі бо- лып табылады.
Мақсаттарга қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Yenйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен жұмысын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-қүлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.
Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі жұмысқа бөлуге болады. Бірінші жұмыс - шешімі кәсіпкердің инноваңиялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші жұмыс - шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асы- рылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.
Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу үшін келесідей міндеттер кешенін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның түрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; онім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стра- тегияларды эзірлеу; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ұйым отімділігін арттыру; қоршаган ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және т.б.
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мэні айқын неме- се сүранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технология- ны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) эдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.

1.2 Кәсіпкерліктің функциялары

Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік - жалпы- экономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инно- ваңиялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функңияларды атқарады.
Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның оз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды түлға ретінде қызмет ететін кәсіп- керлік ұйымдардың объективті роліне негізделген.
Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге жұмысталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сүраныс пен үсыныс, бәсеке, қүн және т.б.) жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл түрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функңиясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық осудің, үлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі. Соны- мен қатар, бұл фактор шаруашылық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функңиясының корінісі ретінде анықталады.
Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функция- сы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы үдайы өндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалдық және материалдық емес ондіріс фактор- ларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.
Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми- техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс күші мен ресурстарды үштастыру жағдайында пайда- лануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың (пайданың) соңынан түсу кобінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мүндай кәсіпкерлер оз қызметімен қоршаған ортаға және түргындарга зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дүрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші ролі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір-бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндіғі деңгейінен шығады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік мәні, мазмұны және қалыптасу шарттары
КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік құқықтын қағидалары
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдардың моральдық климаты және кәсіби ізгілік әлеует
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Инвестицияның жіктелуі жайлы
Пәндер