Індеттен сау емес пункт құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Індет ошағы, оның құрылымы және қалыптасуы.

Тобы: ВС-415
Орындаған: Сайлау Тоқжан
Тексерген: Орынбасар М.Б

Алматы 2021ж.

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері
2.2.Iндеттанулық балау, iндет ошағының шекарасы
2.3.Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез) сау емес пунктті індеттанулық зерттеу әдістемелері.
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Малдың жұқпалы аурулары (аусыл, оба, қараөкпе, т.б.) алдын алу шаралары ұйымдастырылмаса Індетке айналуы мүмкін. Індеттің ауыр-жеңілдігі мен ұзақтығы ауру қоздырғышының таралу жолына, дамуының жасырын кезеңінің мерзіміне, ауырған мал және ауруға бейім мал санына, мал күтімі мен Індетке қарсы шаралардың ұйымдастырылуына байланысты.
Мал Індетінің пайда болуы мен дамуына әр түрлі табиғи жағдайлар (ауа райы, топырақ, т.б) және әлеум.-экон. жағдайлар әсер етеді. Одан басқа а. ш. құрылысы, мал ш. дамуының дәрежесі, әлеум. қиыншылықтардың (соғыс, мекен ауыстыру, ашаршылық, экон. дағдарыстар, т.б.) әсері мол. КСРО тұсында мал ауруларының көптеген түрлері (оба, қараөкпе, маңқа, т.б.) жойылып, сондай-ақ топалаң, жамандат, шошқа обасы, т.б. аурулар сирек ұшырасты. Індет жағдайы мал ш-ның экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшкенде кеми түседі.
Індеттің жыл сайын немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және белгілі бір жыл маусымында пайда болатын түрлері (топалаң, оба, шешек, аусыл, т.б.) бар. Індет бірнеше сатыда дамиды: аралық сатыда ауру белгілі бір дәрежеде білініп, кең тарамайды. Індет алды сатысында ауру мал саны артып, Індет қоздырғышының кең таралуына қолайлы жағдай туа бастайды. Бұл кезде малдың иммунитеті кеміп, иммунитеті жоқ төлдер туады. Осы кезде Індет пайда болып, оның дамуы жеделдейді. Індеттің даму сатысында ауырған мал саны өте көп болады және оның жоғ. сатысында жаңадан ауырған мал саны артады. Індеттің бәсеңдеу сатысында жаңадан ауырған мал саны кеміп, малдың ауруға төзімділігі артады.
Соңғы сатыда жаңадан ауырған мал байқалмайды, ауырған малдың көпшілігінде малдың көпшілігінде сол ауруға қарсы тұратын иммунитет қалыптасады. Ғылымның дамуына байланысты Індеттің пайда болуын болжау және оның алдын алу шараларын ертерек ұйымдастыру мүмкіндіктері туды.

II. Негізгі бөлім
2.1. Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері

Инфекциялық процесс нақтылы бiр жануар организмiнде байқалатын құбылыс болса, iндет процесiнiң ауқымы одан анағұрлым кең. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмдi зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бiр аумақты жайлауы. Яғни індет процесі белгiлi бiр территория шеңберiнде өтедi.

1 - Сурет. Індет процесінің бұғауы, байқалу формалары.
Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық немесе әкімшілік территория есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның мағынасы оншама нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік территорияға сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та әртүрлі. Мысалы, бір үлкен шаруашылықтың 3 мал фермасы болып оның біреуінде аусыл шыға қалса, шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алмай, індет ошағы бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай (Індеттану, Т.Сайдолдаұлы, 1993).
Табынды жұқпалы аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, т.б.) сауықтыру, індет ошағынан (топалаң, қарасан, т.б.) арылу шараларын іске асырудың қажетті алғы шарты - індеттанулық балау, ол індет процесі мен індет ошағын толық сипаттайды. Індеттанулық балау қою мақсатында жүргізілетін індеттанулық мониторинг объектілері, әдістері келесі тарауда қарастырылып, талданады.

2.2.Iндеттанулық балау, iндет ошағының шекарасы
Жұқпалы ауруға індеттанулық тұрғыдан балау қоймай, індет ошағын тиімді жою мүмкін емес. Осыған қарамастан, ветеринариялық практикада індеттанулық балауға жеткілікті көңіл бөлінбей, індеттен сау емес пункт құрамы, олардың шекаралы нақтылы анықталмаған. Соның салдарынан, көп жағдайда инфекциядан сау емес пунктті сауықтыру шараларының жоспары індет процесінің негізгі қозғаушы күштеріне нақтылы бағытталмаған. Ветеринарияда қалыптасқан анықтамада
Індеттен сау емес пункт ретінде аймақтық әкімшілік (ауылдық, поселкілік) немесе шаруашылық бірлігі (жеке шаруа қожалығы, т.б. меншік иелері) алынған, яғни індеттен сау емес пункт ретінде әкімшілік немесе шаруашылық территориялары есептеліп, оларда карантиндік, ветеринариялық-санитариялық шараларды орындау қажеттілігі айтылған (Бакулов И.А.,Третьяков А.Д., 1979).
Індеттен сау емес пунктті анықтаудың басқа бір жақын аналогы практикаға ұсынылған. Оған елді мекеннің (ауыл, қыстақ, т.б.), шаруашылықтың территориялары (жайылымдар, егістік, суаттар және т.б.) және аудан, облыс, мемлекет аралық мал айдау трассалары мен уақытша қолдану территориялары жатқызылған. Біреуінде ғана індет ошағы анықталса, барлық территория індеттен сау емес деп есептелген (Джупина С.И., 1991). Соңғысының кемшілігі үлкен елді мекенде немесе басқа да аудан, облыс (республика) аралық бірлесіп пайдалану территориясында бірнеше мал фермалары орналасуы мүмкін. Бұлардың бірінен індет ошағы анықталса, шаруашылық бірлестіктері сау емес деп жариялануы қажет. Індеттен сау емес пункттің құрамы, олардың шекаралары дұрыс белгіленбей, ауру шыққан елді мекеннің (ауыл, поселок, т.б.) шаруашылықтың (ұжымдық, мемлекеттік, жеке меншік) кең алқапта орналасқан әкімшілікке қарасты барлық территориясына тұтастай карантин немесе шектеу жарияланып, кең ауқымды территорияда сауықтыру шаралары жүргізілген.
Мұндай ауқымды аурудан сау емес пунктті сауықтыру көптеген қаражатты қажет етеді. Бұған төменде мысал ретінде көрсетілген бруцеллезден сау емес пунктті індеттанулық зерттеу нәтижелері дәлел бола алады.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы "Қабанбай" ауылдық округi оңтүстiгiнде Алматы облысымен, шығысында Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде Қарабұлақ ауылдық округымен шектеседi. Ауылдық округтың әкiмшiлiк территориясы 80-100 шақырымдық кең алқапты қамтыған, орталығы "Жарбұлақ" ауылы Алакөлдiң шығысында орналасқан. Ауылдағы "Жарбұлақ" совхозы таратылып, үлкендi-кiшiлi 40тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы сиыр малы 10 табын болып құралып, сәуiрден желтоқсан айына дейiн жайылымдарда бағылады. 1.07.2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу кезiнде, ауылдық округтiң статистикалық есебiнде: 8921 қой-ешкi, 280 жылқы, 2644 сиыр тiркелген, соңғысының 874-i сауын сиыр, 47-сi бұқа, 153-i ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 843-i бiр жасқа дейiнгi бұзаутайыншалар. Бұл округте "Жарбұлақ" ауылынан басқа, мал ұстайтын 32 елдi мекен бар. Ауылдық округ орталығынан ең алысы "Жалаңашкөл" маңында орналасқан "Алтыншы" және "Қарағаш" елдi мекендерi, бұларда малдың толық санаққа алынбағаны, таңбаланбағаны және бруцеллезге қарсы арнайы шаралармен толық қамтылмағаны белгiлi болды.
2000 жылы бруцеллезге тексерiлген 1778 сиыр малының 17-сi бруцеллезге шыққан ("Құмғанбаев", "Қойшыбай" шаруа қожалықтарынан 6, қалғандары Жарбұлақ ауылы тұрғындарының аулаларынан). 2001 жылы сәуiр, мамыр айларында зерттелген 1809 малдың 46-сы ауруға шығып, сойылған. Бруцеллез мал анықталған табындарда аурудың клиникалық белгiлерi (iш тастау, т.б.) байқалмаған. Ауруға шыққан малдардың қан сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-ында 1:200, 13-iнде 1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi 1:5-1:160 сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы ауылдық округке қарасты "Қарағаш", "Алтыншы" елдi мекендерiнде орналасқан "Қойшыбай", "Бағатай", "Ахметжан" шаруа қожалықтары мен "Жарбұлақ" ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары бруцеллезден таза болған, олардың iндет ошағындағы табындардан бөлек жерлерде бағалатыны, бiрақ қыс айларында қыстақтардың жақын орналасуына байланысты мал жайылған жағдайда, олардың араласып жататыны белгiлi болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, бруцеллез мал шыққан ауылдағы барлық қора-жай механикалық тазаланып, күйдiргiш натрдың 23%-ды ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланып, жаз айларында санацияланған. Ауылдық округте сиыр малының бруцеллезге шалдығуы 3,8% құрайды.
30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң №326 шешiмi негiзiнде, iндет ошағының 3 елдi мекенде ғана анықталуына қарамастан, 60 шақырымдық аумақта орналасқан "Қабанбай" ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау емес деп жарияланып, карантин қойылған. Ауылдық округте жүргiзген iндеттанулық зерттеу нәтижелерi негiзiнде, бұндай кең ауқымды территорияны 1 жыл iшiнде сауықтыру өте күрделi. Округке қарасты елдi мекендердегi шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы табындардың 8 ай бойы жайылымдарда қосылмай бағылуларына байланысты, сауықтыру шараларын әкiмшiлiкке қарасты барлық территория шеңберiнде емес, бруцеллез анықталған жеке табынның орналасу бойынша жүргiзiлуi қажет едi. Яғни сау емес пункттегi бруцеллез мал орналасқан "Жарбұлақ", "Алтыншы", "Қарағаш" елдi мекендерiне карантин қойылып, бруцеллезден таза шаруа қожалықтары мен жеке меншiкке қарасты 5 сиыр табыны орналасқан территория - қатер төнген аймақ ретiнде саналып, бiрiншiсiнде - сауықтыру, екiншiсiнде - iндеттiң таралмауы үшiн шектеу шаралары жүргiзу керек болатын. Бұндай iндеттiк жағдайларды басқада созылмалы түрде өтетiн инфекциялық ауруларда (туберкулез, лептоспироз, т.б.) көптеп көрсетуге болады.
Сонымен "Iндеттен сау емес пункт" шекарасын ауылдық округтың немесе шаруашылықтың әкiмшiлiк территориясы бойынша емес, нақтылы жағдайда iндет ошағы мен қатер төнген аймақтан тұратын кеңiстiк ретiнде қарастыру қажет (2-сурет).
Iндет ошағында сауықтыру, ал қатер төнген аймақта дауалау шараларын жүргiзу арқылы iндеттен сау емес пункттен арылу шараларының нәтижелiгiн қамтамасыз етуге болады.
Сонымен, iндет ошағын iндет процесiнiң қозғаушы күштерiнiң орналасуына байланысты анықтап, iндет ошағы және онымен шектесетiн қатер төнген аймақты iндеттен сау емес пункттiң құрам бөлiктерi ретiнде қарастыру қажет.

2 сурет. Індеттен сау емес пункт құрамы.

Індеттанулық категория ретінде індет ошағы дегеніміз - малдың ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория. Індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы (ауырған және микроб алып жүретін), тасымалдаушылар (кемірушілер, ит, мысық, т.б.) және берілу факторлары (тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады. Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы мен берілу механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Iндет ошағы жаңа, өше бастаған, тұрақты және табиғи болып бөлiнедi. Соңғысы белгiлi бiр географиялық ландшафтта байқалады. Жұқпалы аурудың табиғи ошақтылығы жайындағы мәселелер арнайы сабақта қарастырылады.
Сауықтыру шараларын iске асырудың қажеттi алғы шарты - iндеттанулық балау. Бұл салыстырмалы жаңа түсiнiк, оны ветеринария, медицина саласындағы орыс тiлiндегi басылымдардан "эпизоотологический диагноз" немесе "эпидемиологический диагноз" атауларымен кездестiруге болады. Бiрақ, бүгiнгi күнге дейiн эпизоотологияда iндеттанулық зерттеу жүргiзудiң жалпы жобасы көрсетiлiп, инфекциялық ауруларда оны iске асырудың нақтылы әдiстемелерi дайындалмаған.
Көпжылдық ғылыми iзденiстерiмiздiң нәтижелерiн талдау, синтездеу, iндеттанулық ойлау, сонымен бiрге эпизоотолог ретiнде жылдар бойы қалыптасқан практикалық тәжiрибелерiмiз негiзiнде iндет процесi мен iндет ошағын толық сипаттай алатын жұқпалы аурудан (бруцеллез) сау емес пункттi iндеттанулық зерттеу әдiстемелерi дайындалды (Қасымов Е.И., 2003). Әдістемелік ұсыныс ҚР АШМ ғылыми-техникалық кеңесінде қаралып, бекітілген. Бұдан бұрын ғылыми, практикалық басылымдарда iндеттанулық зерттеудің жалпы схемасы көрсетіліп, оның нақтылы қолдану әдiстемесi берілмеген.

2.3.Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез) сау емес пунктті індеттанулық зерттеу әдістемелері.
1. Жалпы мәлiмет
1.1. Iндеттен сау емес пункт деп, территориясында iндет ошағы бар елдi мекен (ауыл, т.б.) немесе шаруашылық (ұжымдық, мемлекеттiк) есептелiнедi. Сау емес пункт құрамына iндет ошағын қоршаған қатер төнген аймақ та кiредi.
1.2. Індеттанулық зерттеудің мақсаттары:
- аурудың шығу және таралу себептерін анықтау;
- нозологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекциялық ауруға індеттанулық балау қою. Індеттанулық балау - індет процесі мен індет ошағының толық сипаты.
1.3. Індеттанулық талдау объектілері:
- инфекция анықталған мал табыны, отары;
- мал қоралары мен аулалары; - суаттар, басқадай суару жүйелері;
- ветеринариялық-санитариялық обьектілер;
- синантропты кемірушілер;
- мал өнімдері, қалдықтары;
- ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің есептері;
-лабораториялық сараптамалар, ветеринариялық куәліктер, сертификаттар.

2. Iндеттiң шығу және таралу себептерiн анықтау
2.1. Індеттің шығу және таралу себептерін анықтау үшін мынандай жағдайлар талданады:
- малдың күйі мен күтімі;
- мал тұқымын іріктеу, табын құрау немесе толықтыру;
- сол жерде және шекаралас аймақтарда бұл аурудың болу-болмауы.
2.2. Малдың күйі мен күтімін анықтау үшін:
- меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім жануарлардың түрі, жасы, жынысына қарай саны (шаруашылық, әкімшілік есебі бойынша);
- олардың таңбалануы; - клиникалық тексеру арқылы малдың жалпы күйі;
- бағып-күтілу, азықтандырылуы, суару жүйесі және пайдалану жағдайы;
- ферма территориясының қоршалуы, зоналарға бөлінуі және онда санитариялық реттіліктің сақталуы (малды жасына, жынысына қарай бөлек ұстау, бос, бос емес, демалыс қағидаларының орындалуы);
- мал қораларының, мал төлдейтін бөлімдердің, қолдан ұрықтандыру пункттердің санитариялық жағдайлары және олардағы микроклимат;
- мал серуендейтін ауланың бар-жоқтығы; - ветеринариялық-санитариялық объектілердің (ветеринариялық-санитариялық жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл, көң орны, биотермиялық апан, қалдықтарды өтелдеуші қондырғы, қасапхана, оқшауханалар) бар-жоқтығы, олардың жағдайы, орналасуы; - мал шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын (көңді, өлексені, шуды, тастанды төл өлексесін, т.б.) жинау және зарарсыздандыру тәсілдері;
- ферма территориясында, мал қораларында синантропты кемірушілердің, бұралқы ит, мысықтардың, т.б. бар-жоқтығы;
- дезинфекция, дезинсекция, дератизацияның жүргізілу реттілігі, олардың қолданылу сапасы.
2.3. Iндеттен таза шаруашылықтарда инфекциялық аурулардың (бруцеллез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, т.б.) шығуына көп жағдайда сырттан әкелiнген асыл тұқымды мал (тайыншалар) себеп болады. Сондықтан, мал тұқымын жетілдіру, аналық табындарды құрау немесе толықтыру жайындағы деректер соңғы 2 жыл бойынша талданып (бруцеллез, туберкулез), мынандай жағдайлар қарастырылады:
- малды өз төлінен өсіру және табын құрау сипаты;
- аталық малдың пайдаланылуы және жұқпалы ауруларға тексерулердің нәтижелері;
- мал және мал өнімдерінің сырттан әкелінуі, бұл кезде тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелердің орындалуы;
- малды әкелмей тұрып және дауалық карантиндеу кезіндегі жұқпалы аууларға тексерулердің нәтижелері;
- сүттің және көксүттің зарарсыздандырылу сапасына лабораториялық бақылау нәтижелері.
2.4. Ауылдық округтің, елді мекеннің, шаруашылықтың және оларды қоршаған қатер төнген аймақтың бруцеллезден індеттік жағдайы, соңғы үш жылдағы ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің есебін талдау арқылы анықталды, атап айтқанда:
- індетке бейім жануарлардың балаулық тексеру нәтижелері, ал бруцеллез мал анықталған жағдайда, сау емес пунктте жүргізілген сауықтыру шараларының нәтижелілігі;
- эпидемиологиялық бақылау мәліметтері;
- инфекциялық аурулармен (бруцеллез, туберкулез) ауырған адамдардың, олардың меншігіндегі малдың лабораториялық зерттеу нәтижелері;
- мал айдайтын жолдың бар-жоқтығы, онымен жұқпалы ауруларға шалдыққан малдың өтуі және олардың тексеріліп жатқан территориядағы жануарлармен жанасу мүмкіндігі;
- мал өнімдерін өңдейтін, өндіретін орындардың (ет комбинаты, қасапхана, сүт өңдеу мекемесі) орналасуы және оларда өндірілетін өнімдері мен тастандыларының жұқпалы аурулардан санитариялық тазалығы;
- жануарлар сататын базарлар, орындар болса, бұл объектілердегі індетке қарсы бақылаудың жағдайы.

3. Індет процесіне сипаттама
3.1. Індет процесін сипаттау үшін инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бруцеллезге бейім жануарлардың ауруға қарсы вакциналармен егілулері анықталады.
3.2. Инфекция қоздырушысының бастауын анықтау. Мысалы сиыр бруцеллезге 4 айлық бұзау кезінен бастап АР, КБР, КҰБР, РБС кешенімен немесе тек қана СР, не болмаса ИФТ-мен тексеріледі. Қой мен ешкі - кешенді АР, КБР, КҰБР, РБС-пен және аллергиялық әдіспен, жылқы - кешенді түрде АР, КБР, КҰБР, РБС-пен, шошқа - кешенді түрде АР, КБР, КҰБР және аллергиялық әдіспен, ит пен басқа жануарлар - кешенді түрде АР, КБР-мен зерттелінеді.
3.3. Бруцеллез қоздырушысының бастауы анықталғаннан кейін ауру және сау малдың тікелей немесе тастанды ұрық, шу, нәжіс, мал өнімдері және қалдықтары, құрал-сайман, мал күтуші адамдар, гинекологиялық аспаптар, сауу құралдары, ыдыстар мен тышқан тәріздес кемірушілер арқылы жанама жанасулары талданып, ауру қоздырушысының берілу тетіктері анықталды. Талдау жүргізгенде мынадай жәйттерге мән берілді:
- төлдету қорасына кіргізу алдындағы жануар денесінің санитариялық тазалығы;
- мал төлдету бөлімінің ветеринариялық-санитариялық жағдайына, атап айтқанда, көңнің шығарылуы және мал төлдеген жердің дезинфекциялануы;
- көңнің, іш тастаған жағдайда тастанды ұрықтың, шудың зарарсыздандырылуы және соңғылардың жойылуы;
- сүт сауу құралдары мен аспаптарының және сүт ыдыстарының зарарсыздандырылуы;
- малдан алынған сүт, ет өнімдері қалдықтарының зарарсыздандырылу сапасы;
- малды қолдан ұрықтандырғанда және акушерлік көмек көрсеткенде қолданылатын аспаптардың (қынап айнасы, шприц-катетр, акушерлік жіптер, ілмектер, қысқыштар, т.б.) зарарсыздандырылу сапасы;
- жүргізілген дезинсекция, дератизацияның реттілігі және нәтижелілігі.
3.4. Бруцеллезге бейім жануарлардың вакцинамен егілуін, ветеринариялық мәліметтердегі арнайы актілерді талдау арқылы анықтайды. Нәтижесінде:
- бруцеллезге қарсы егілген жануарлардың түрі, жасы және жынысына қарай бөлінгендегі саны, қолданылған вакцина түрі, вакциналау және ревакциналау мерзімі, егілуге тиісті мал саны;
- вакциналау және ревакциналау мерзімінің сақталуы, егілетін малдың жасына, буаздығына, т.б. талаптарға сейкестілігі;
- меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім барлық жануарлар балау әдістерімен тексеріліп, ауру мал саны және инфекция қоздырушысының берілу тетіктері анықталады. Вакциналанған, вакциналанатын және балаулық зерттеулер жүргізілетін жануарлардың жасы және жынысына қарай бөлінгендігі саны арнайы кесте түрінде көрсетіледі.

3. Індет ошағы шекарасын анықтау

4.1. Індет ошағы дегеніміз - инфекция қоздырушысының бастауы (мысалы, туберкулез, бруцеллезде ауру мал) және берілу тетіктері әрекет тесетін кеңістік, қысқаша айтқанда, малдың ауруға шалдығу мүмкіншілігі бар зарарлы территория (аумақ).
4.2. Бруцеллездің індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы, тасымалдаушылары және берілу факторлары (көң, төсеніш, шу) арқылы зарарланған ауру мал оқшауханасы, қоралары, аулалар, жайылым, т.б. территориялар жатады.
4.3. Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы, берілу тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады.
4.4. Індет ошағы құрамына инфекциялық ауру (бруцеллез) мал жайылған жайылымдар да кіреді.
4.5. Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының ядросы анықталды. Індет ошағының ядросы ретінде бруцеллез қоздырушысы ең көп шоғырланған жер, атап айтқанда бруцеллез мал тұрған оқшаухана, төлдету (туыт) қора және бруцеллездің себебінен мал іш тастаған телім алынады.
4.6. Індеттен сау емес пункттегі індет ошағы сыртында орналасқан территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.
4.7. Індеттен сау емес пункттің топографиялық картасы жасалынады. Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының (мәйегінің) шекаралары белгіленіп, оларда орналасқан мал саны көрсетіліп, індет ошағына қойылатын карантиндік бекеттердің, дезинфекциялық тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді.
Бруцеллезде індет ошағында карантин, қатер төнген аймақта шектеу қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Індеттанулық талдау нәтижесі акт түрінде толтырылып, оның қорытынды бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
- инфекциялық ауруға (бруцеллезге) қойылған нозологиялық балаудың дәлелділігі;
- инфекцияның шығу және таралу себептері;
- жануарларды инфекциялық ауруларға (бруцеллез) тексерулердің нәтижелері (сау, ауру және ауруға дүдәмал мал сандары, ауруға шалдығу индексі, т.б.), індеттің таралу тетігі жөніндегі болжау және малдың ауруға қарсы вакциналармен егілуі;
- індет ошақтарының саны (олар бірнеше болған жағдайда), олардың сипаттамасы және ондағы ауру, ауруға бейім малдар саны;
- індет ошағын оқшаулап, оны жоюға бағытталған індетке (бруцеллез) қарсы шаралар жүйесі
- қатер төнген аймақтағы мал саны, оларды инфекциядан қорғау мақсатында қолданылатын арнайы шаралар (бруцеллезде вакциналар қолдану). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауруға бейім жануарлар
Бруцеллиоз
Жануарлардың вырустық аурулары
Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Жылқының инфекциалық анемиясы
Жылқының індетті анемиясы
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Пәндер