Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүйесінің сипаттама беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖШСКАСПИЙ ӨҢІРІ БОЛАШАҚКОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Спорттық шаралардың өткізудің әдіс-тәсілдері

Орындаған:
Топ:ФК-17-2 4 курс
Тексерген:

Мазмұны:
І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-5

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Спорттық іс-шаралар өткізу. . . . . . . . . . . . . . . . . 6-7
2.2.Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары. . . . . . . . . . 8-12
2.3. Спорттық іс-шаралар өткізу әдістері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13-20

IІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22

3
І. Кіріспе
Қазіргі уақыттың талабы бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ -- оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Əр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне сүйене отырып, Дене шынықтыру, Бастапқы əскери дайындық пəндерінің білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек жəне эстетикалық тəрбиенің міндеттеріне сəйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады
Сыныптан тыс спорттық шаралар арқылы мектеп жасындағы балалардың патриоттық тəрбиесін жүзеге асыру сұранысқа ие болғанымен, сыныптан тыс жұмыстардағы іс-шаралардың мардымсыздығына байланысты бұл процесс мектептерде жеткіліксіз жүргізіліп отыр. Сыныптан тыс спорттық сабақтарындағы білім түрліше тəсілдермен оқушыларға жеткізіледі, олардың арасынан төмендегілерді айырып көрсетуге болады: құбылыстың мəні мен оның құрылымы туралы баяндау, оны дұрыс орындау туралы айта отырып, қозғалыс əрекеттерін көрсету, үйретудің техникалық құралдарының жəрдемімен берілетін оқу ақпарат хабарлары.

Үйрету барысында жаттығуды басқаша емес, тек осылай ғана орындау керек екендігін, жаттығуды орындауда кеткен қандай қателер қозғалыс қимылының сапасын төмендететіндігін оқушыларға жеткізу маңызды .

Кез келген жоспарсыз жасалған, жүргізілген жұмыстың қателіктері көп болады. Ал жүйелі түрде жоспарланып жүргізілген жұмыстың маңызы, мəні де, нəтижесі де жоғары. Сондықтан сыныптан тыс спорттық шаралардың ұйымдастырылуы талапқа сай жүзеге асуы тиіс.Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуында ұстаздың əсері мол.

4
Сыныптан тыс спорттық жұмыстар баланың спортқа деген ынтасын арттыратын, баланы дұрыс та сауатты демалуға үйрететін, өз ойын жүйелі түрде дамытатын ең керекті əдіс .
Өзінің тəрбие жүйесінде спорттың əр түрін кеңінен қолдана білген В.К. Бальсевич спорттағы ұжымдық қарым-қатынастың маңызын көрнекті, нақты түрде ашып көрсетті жəне балаларды ұжымдық спорт арқылы тəрбиелеуге болатындығын əйгілеп берді .

Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спортың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ. Əлеуметтік өнегелігі қоғамдағы жаңа қоғамдық қатынастармен анықталады, тəрбиелеу мақсатын көздейді. Адамгершілік қасиеттерді тəрбиелеудің барлық түрі, оның ішінде патриоттық сезімді тəрбиелеу оқушылардың шама-шарқына, мүмкіндіктеріне қарай олардың қазіргі қоғамды тікелей атсалысуы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүйесінің сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Мектепке дейінгі балалардың дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесін жүесін жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытындылардан тұрады.Негізгі бөлім үш тараушыдан тұрады.Сонымен қатар жұмысты жазу барысындағы жоспар мен жұмыстың соңында пайдаланылған əдебиеттер тізімі берілген.

5
2.1.Спорттық іс-шараларды өткізу
Осы Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық іс-шараларды (спорттық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын) өткізу кезінде, сондай-ақ, спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, ауыруларымен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезінде медициналық көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.

2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мыналардан тұрады:

спортшылардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау (ағымдағы медициналық бақылау, мерзімдік медициналық тексерулер, тереңдетілген медициналық тексерулер, диагностика, диспансерлік қадағалау) және спорттық іс-шараларға жіберу туралы медициналық қорытындыларды рәсімдеу;

спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жедел медициналық көмек көрсету;

спорттық жұмыс қабілетін арттыру мен сақтаудың іс-шараларын, денсаулығын қалпына келтіру бойынша оңалту іс-шараларын жүргізу.
Спорт жарыстарын өткізу кезінде спортшыларға медициналық көмек көрсету үшін медициналық бригада құрылады. Медициналық бригаданың құрамында спорт жарысының бас дәрігері, спорттық медицина дәрігерлері, медбикелер және бейіндік медицинаның басқа да мамандары болады. Медициналық бригаданың жұмысына спорт жарысының бас дәрігері басшылық етеді.

6
Спорт жарысының бас дәрігері спорттық жарысқа қатысушылардың санына, жарыстың деңгейіне, спорттың түріне, спорттық жарысты өткізудің ерекшеліктеріне, спорттық жарысты өткізудің шарттарына, медициналық көрсеткіштер бойынша болжамды дәрігерге жүгінулердің санына қарай медициналық бригаданы жасақтайды.

Спорттық жарыс кезінде спортшылардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем бригадасы спорттық жарысқа қызмет көрсетеді.

Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт жарысының бас дәрігері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

5. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар оларды өткізу кезінде:

медициналық және арнайы медициналық көмек көрсетуге қатысатын медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

медициналық көмек көрсетеді;

медициналық эвакуация орындары мен жолдарын анықтайды;

медициналық қызметкерлер мен команда өкілдерін (спортшыларды) медициналық көмек көрсету ұйымдарымен таныстырады;

7

2.2.Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары
Осы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары спорттық іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) дене шынықтыру-спорт ұйымы - негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган - дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган);

3) кешенді спорттық жарыстар - спортшылар арасында орындарды бөлетін және командалар арасында жалпы командалық есепті шығаратын спортшылар немесе командалар арасындағы бірнеше спорт түрінен сайыстар;

4) Қазақстан Республикасының чемпионаты - бұл облыстардың жартысынан астам, республикалық маңызы бар қалалар және астана спортшыларының (командаларының) қатысуымен өткізілетін республикалық спорттық жарыс;

5) облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар - тиісті жергілікті атқарушы органдардың спорттық-бұқаралық іс-шараларының бірыңғай өңірлік күнтізбесіне енгізілген жарыстар;

6) оқу-жаттығу жиыны - спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
8
7) ресми халықаралық спорттық жарыстар - спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың спорттық-бұқаралық іс-шараларының бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық спорттық жарыстар;

8) республикалық спорттық жарыстар - уәкілетті органның спорттық-бұқаралық іс-шараларының бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген жарыстар (бұдан әрі - күнтізбелік жоспар);

9) спорттық жарыс - ұйымдастырушысы бекіткен ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;

10) спорттық жарыстарға қатысушылар - спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, мамандар, командалар немесе спортшылар тобының басшылары мен өкілдері, дене шынықтыру-спорт ұйымдардың басшылары, сондай-ақ спорттық жарысқа қатысатын жануарлар (бұдан әрі - Қатысушылар).

11) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;

12) халықаралық спорттық жарыстар - шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстарды уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары өткізеді.Республикалық спорттық жарыстардан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына немесе жүлделеріне спорттық жарыстарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары уәкілетті органмен бірлесіп өткізеді.
9
Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге өтінімдерді республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары халықаралық спорт федерацияларына уәкілетті органның келісімі бойынша оларды өткізудің болжамды күніне дейін кемінде 18 (он сегіз) ай бұрын береді.

Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар Заңның 38-бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстарды жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша аккредиттелген спорт федерациялары өткізеді.
Жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары Спорттық жарыстар ережесін (регламентін) облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдарға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын жібереді.

13. Спорттық жарыстар ережесі (регламенті) мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) спорттық жарыстардың атауы;

2) мақсаттары мен міндеттері;

3) спорттық жарыстың өткізілу орны мен уақыты;

4) спорттық жарысты өткізу жүйесі;

5) қатысушы ұйымдар;
10
6) спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа да қатысушылардың сандық құрамы;

7) спортшылардың жынысы мен туған жылы;

8) нәтижелерді бағалау жүйесі;

9) медициналық-санитарлық қамтамасыз ету;

10) допингке қарсы қамтамасыз ету;

11) төрешілер алқасының сандық құрамы;

12) спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі;

13) қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;

14) спорттық жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі;

15) наразылық көрсету тәртібі және оны қарау;
16) спорттық жарыстарға қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері.

Халықаралық жарыстар қатысушыларының сандық құрамын спорттық жарыстар ережесінің (регламентінің) негізінде уәкілетті орган анықтайды.

11
Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу:

1) Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің қайтыс болған күнінен бастап 5 (бес) жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі;

2) Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі;

3) Белгілі спортшы, жаттықтырушы, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлделері үшін өткізілетін республикалық спорттық жарыс, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан ауқымды үлес негізінде айқындалады.

12
2.3. Спорттық іс-шаралар өткізу әдістері
Дене тәрбиесінің оқыту әдістері Дене тәрбиесінің тәжірибе сипаттамаларын білу,біздің дұрыс бағыт алуымызға,әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығулар тобымен әр-қилы жағдайда,белгілі бір міндеттер орындау үшін қолданылатын дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілін Әдіс дейміз.Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.Мысалы,көрсету әдісінің орындалу тәсілдері:жаттығуларды айна тәсілімен көрсету,керекті қарқынды немесе баяу қарқынды.Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес іске асыратын әдіс жолын Әдістемелік әдіс дейміз. Әдіс деген түсініктен әдістеме түсінігін ажырата білуіміз керек.Әдістеме деп дене тәрбиесі процесінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.Әдістер жүйеленісі:Барлық әдістер арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екіге бөлінеді.Күш түсіру дегеніміз дене тәрбиесі жаттығуларымен адам организімінде әр түрлі көлемде әсер ету.Күш түсірудің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты.Күш түсіру көлемі-орындалған дене қуаты жұмысының саны. Белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын тездете орындау.Күш түсірудің ішкі және сыртқы қарқындық көрсеткіштері болады.Сыртқы көрсеткіш-қозғалыс жылдамдығы,спорт ойындарындағы ойын қарқыны.Қарқын ішкі көрсеткіштеріне жүректің соғуы жиілігі,белгілі бір уақытта күш күш жұмсау өлшемі жатады.Адам организіміне әсер ету көлемі жағынан күш түсіру кіші ( жүректің минутына 130рет соғуы),орта(жүректің минутына 131-135 рет соғуы),үлкен(жүректің минутына 156-175 рет соғуы ),қатты(жүректің минутына 176-190 рет соғуы) болып бөлінеді. Бұлшық еттің жұмысына байланысты күш түсіру стандартты және ауыспалы болып келеді. Стандартты күш түсіру-бұлшық еттің белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы. Ауыспалы күш түсіру-Бұлшық еттің жаттығуды орындаудағы қарқынының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін).Күш түсіру әрқашан тынығумен кезектесіп отыруы керек.Тынығу аралықтарының үш түрі бар.Олар:қарапайым,қатаң және төтенше.Қарапайым немесе толық тынығу деп келесі қайталап күш түсіру алдында организмнің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келуін айтамыз.
13
Қатаң тынығу дегеніміз-келесі қайталанатын күш түсіру жаттықтырушының організімінің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы.Төтенше тынығу аралығы дегеніміз-келесі күш түсіру организмнің жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне,жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің толық көрінген кезіне тап келуі.Мазмұны жағынан тынығу бәсең және белсенді болып екіге бөлінеді.Белсенді тынығу-спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда аз түріне көшуі (мысалы,жүгіруден соң ақырын жүру). Бұлшық еттің жұмысына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Дене жаттығуларының техникасы
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Пәндер