Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ
Педагогика, психология және филология кафедрасы
Масабаева Гүлім Ұланқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сабақта оқушылардың әмбебаптық танымдық
білім беру іс-әрекетін дамыту
5В010200 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Жезқазған, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ
Гуманитарлық-педагогтік институты
«Қорғауға жіберілді»
ПП және Ф кафедра меңгерушісі
З. Ж. Кашкинбаева
5В010200 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Сабақта оқушылардың әмбебаптық танымдық
білім беру іс-әрекетін дамыту
Масабаева Г. Ұ.
ПМНО-17-1 тобының студенті
п. ғ. к., доцент
Абитаева Р. Ш.
Жезқазған 2021
Мазмұны
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол - үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауларындағы тапсырмаларын орындауда негізгі міндеттер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру және мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу білім беру процесінде ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады [1] .
Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiң жолдарын нақтылаудың маңызы зор [2] .
Білім мазмұнының қалыптасуының материалдық теориясының негізін Я. А. Коменский салған. Оның «Ұлы дидактика» атты еңбегінде «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде және оның құрамында «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырған. Я. А. Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы «Ана мектебі» деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінен дүние жүзінде бірінші бағдарламалық құрал болды. Ол балалардың денсаулығына және дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға, жаңа туған сәбиді күтіп, баптауға, баланың тамағы, киімі, күн режимі туралы халық тәжірибесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Ол адамгершілік нормаларды игерту, іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т. б қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі ұсыныстары құндылығын жойған жоқ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады және мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей-текжейлі белгілеп берді. Бұл бүгінгі таңда біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағытын айқындауға негіз болмақ [3] .
Мемлекеттік стандартпен оқу жоспарларының талаптарының біржақтылығы мен балаға берілетін білім мазмұнына қойылатын талаптардың үйлесімділігінің сақталмауы, балаларға білім беру мазмұны негізінде білім, білік, дағдылардың өмірлік дағды ретінде қалыптастыруда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін шыңдай түсу қажеттілігі мектепке дейінгі кезеңдегі жеке тұлғаға бағытталған тұтастық парадигмасын жаңа сапалық деңгейде жүзеге асыруды қажет етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында негізінде Үлгілік оқу жоспары, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы әзірленген, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты жаңартылды және бекітілді [4] .
Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің өзекті мәселесін айқындап, тақырыпты: «Мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлігі бойынша білім мазмұнын таңдаудың ерекшеліктері», - деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлігі бойынша білім мазмұнын таңдаудың ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі: мектепалды даярлық үрдісі.
Зерттеу пәні: Мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлігі бойынша білім мазмұнын таңдаудың ерекшеліктеріне қойылатын талаптар мен жолдары
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақстанда мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен қалыптасуын қарастыру;
2. Мемлекеттік стандарттың мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарындағы вариативтік бөлімнің құрылымы мен мазмұнына сипаттама беру;
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлімді жоспарлауға қойылатын талаптарын көрсету;
4. Мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлігі бойынша білім мазмұнын таңдаудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің жаңалығы : Мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұнын таңдаудың бағыттары мен вариативтік бөліктің мазмұны қарастырылды. Мемлекеттік стандарттың вариативтік бөлігі бойынша білім мазмұнын таңдаудың ерекшеліктеріне қойылатын талаптар мен жолдары анықталды.
Зерттеу нәтижесінің тәжірибелік мәнділігі: зерттеу жұмысындағы еңбектерді мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқитын студенттерге басшылыққа алуға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы : Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұнын таңдаудың бағыттары мен вариативтік бөліктің мазмұны
1. 1 Қазақстанда мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен қалыптасуының қазіргі жайы
Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет - деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында [2] .
Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген [5] .
Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiң жолдарын нақтылаудың маңызы зор.
Ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәнi өз шәкiрттерiне халқының мәдениетiн терең де жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезiмiн сiңiре бiлудi басқа ұлттардың мәдениетiн қадiрлей бiлумен ұштастыру болып табылады. Осы орайда, өз заманымыздағы ғылым салаларынан түгелдей хабардар болған аты әйгiлi ақын, философ, қоғам қайраткерлерi түркi халықтарының мәдени рухани мұраларымен таныстыруды жөн көрген, қасиетті қағидалар мен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М. Қашқари, М. Х. Дулати сынды т. б ойшылдардың педагогикалық ой тұжырымдарынан нәр аламыз. Өткеннiң тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес.
Ұлт мәдениетiнiң маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигiзер әсерi, білім беру туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуына Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Т. Шонанов, Ә. Бөкейханов сынды халқымыздың ағартушылары мен өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болды. Өз халқына бiлiм мен өнер сәулесiн шашқан Н. Құлжанова, М. Бегалиева, М. Ниязова, Ш. Иманбаева сияқты қазақ әйелдерiнен шыққан алғашқы қарлығаштар өз еңбектерiнде жас ұрпақ тәрбиесiнiң өзектi мәселелерiне байланысты айтқан құнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ [6] .
Педагогика ғылымының дамуы барысында тәрбиенің мақсаттары туралы мәселені қоғамның даму заңдылықтарымен байланыстырды және жас ұрпақтың жан-жақты дамуын педагогикалық тұрғыда дәлелдеп берген ағартушы-педагогтар: Т. Мор, Т. Кампанелла, Р. Оуэн, Сен-Симон, Ш. Фурье, Ж. Ж. Руссо,
И. Ф. Гербарт, И. Г. Песталоции, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, Д. Дьюи, Г. Кершенштейнер, В. Лай т. б зор еңбек сіңірді.
Х1Х-ХХ ғғ. аралығында дидактиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: П. Ф. Каптерев, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, А. К. Гастев, А. П. Пинкевич, М. М. Пастрак, П. Н. Груздев, А. М. Данилов, Ш. И. Ганелин, Е. Я. Голант, Л. В. Занков, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин т. б оқытудың ғылыми негіздемесіне, обьектісі мен пәнін анықтауға, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуға, зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа да мәселелерінің дамуына В. С. Ильин, В. И. Загвязинский, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. И. Махмутов, П. И. Пидкасистый, И. Ф. Харламов т. б маңызды үлес қосты. Олардың дидактикаға қосқан үлесі басқа зерттеушілер сияқты, қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңартуда туындайтын көкейкесті мәселелерге жауап табуға мүмкіндік жасайды [7] .
Зерттеу мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері философия ғылымы бойынша: Ә. Нысанбаев, Қ. Шүленбаев, А. Кішібеков, Ғ. Есімов, С. Нұрматов, А. Қапышев, М. Орынбеков т. б, шетел философтары: Л. М. Архангельский, Б. С. Гершунский, Г. Гегель, Декарт; Д. Дьюи, Г. Н. Исаенко, Г. Л. Смирнова, И. Кант, С. Ю. Колчагин, А. Г. Харчаева, В. Я. Ядова еңбектерінде көрніс тапқан.
Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнде балабақшадағы білім мазмұнына байланысты мәселелерді әр қырынан қарастырған ғалымдар: Р. Абдухадирова, З. Д. Киекбаева, Э. Х. Мурадов (Өзбекстан), А. М. Магомедов, (Дағстан), Ж. М. Оразбаева, М. Рахимова (Қырғызстан), С. М. Раймова (Татарстан) т. б. Бұл зерттеулердiң бiз үшiн құндылығы, әр ұлттың білім беру мен тәрбие мәселесіндегі белгiлi бiр мақсатқа жету барысында пайдаланған мазмұндары мен әдiс-тәсiлдерiн көрсететiн жетекшi құрал бола алатындығында [8] .
Қазақстанның білім саласының жағдайы мен болашағы жайлы ғалымдар өз зерттеулерінде жан-жақты зерделеген. Атап айтқанда: педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуын, А. І. Сембаев, Қ. Бержанов, К. Қ. Құнантаева, А. І. Ілиясова, Г. М. Храпченков, К. Ж. Ибраева т. б қарастырса, жоғары мектепте педагог мамандарды кәсіби дайындауға байланысты проблемалардың бірқатар аспектілерін қарастырған ғалымдар: Т. С. Садықов, Т. С. Сабыров, М. Н. Сарыбеков, М. Ә. Құдайқұлов, Қ. К. Жампейісова, Г. А. Уманов, К. Успанов т. б болашақ мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен әдістемесін: Г. К. Ахметова, Қ. А. Аймағамбетова, А. А. Бейсенбаева, Ғ. Кертаева, Л. К. Керімов, Е. Ө. Жұматаева, Б. Ы. Мұқанова т. б, мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты: Ш. Т. Таубаева, З. Исаева, кәсіптік білім беру және оны жетілдіру жолдары жайында: С. Ә. Аманжолов, С. Б. Ә. Әбдікәрімов, Ә. Б. Әлмұхамбетов, А. П. Сейтешов, Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров т. б, салыстырмалы педагогика мәселелерін: А. Қ. Құсайынов, Қ. Мусин, Г. Қ. Нұрғалиева т. б, қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту мәселелерін: Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Ә. О. Қамақов, С. Ғ. Ғаббасов, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. К. Төлеубекова, Ж. Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, Х. Қ. Шалғынбаева т. б еңбектерінде кеңінен талдау жасалған [9] .
Мектепке дейінгі білім мазмұнын балалардың қабылдауы, есте сақтауы және қарым - қатынастың танымдық рөлі, баланың қызығушылығы мен талап тілектерін орындауға байланысты зерттеу жүргізген психолог ғалымдар: Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, М. И. Божович, А. В. Запорожец, Е. Е. Кравцова, Л. А. Венгер, А. Н. Леонтьев, Г. А. Урунтаева, Е. О. Смирнова, В. Д. Шадриков т. б.
Республика көлемiнде мектепке дейiнгi тәрбиенiң ғылыми-теориялық және әдiстемелiк мәселелерiн зерттеген еңбектерде атап айтарлық. Олар: В. Андросова, Р. К. Аралбаева, Б. О. Арзанбаева, Ә. С. Әмiрова, Б. Б. Баймұратова, Н. Б. Баримбеков, С. Г. Бәтiбаева, Л. А. Давиденко, М. С. Сәтiмбекова, Р. Ж. Жұмағожина, А. К. Меңжанова, Қ. М. Меңдаяқова, Г. Ж. Меңлiбекова, А. Е. Манкеш, М. Т. Тұрыскелдина, Т. Ж. Қалдыбаева, Н. Д. Храпченкова, Т. И. Иманбеков, Ж. А. Исмайлова, Ш. С. Сапарбаева, Т. А. Левченко, Ғ. З. Таубаева, С. Н. Жиенбаева, Г. М. Метербаева, А. Ж. Салиева, Н. С. Сайлауова т. б.
Бұл ғылыми педагогикалық еңбектердiң құндылығы олардың өте бай архивтiк материалдар негiзiнде жазылғандығында және республикамыздағы мектепке дейiнгi ұйымдардың iс-тәжiрибесiнiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдiс-тәсiлдерiн жаңартуда басшылыққа алатын оқу-әдiстемелiк құралдары мiндетiн атқаруында.
Мектеп жасына дейiнгi балаға көркемөнер арқылы, яғни бейнелеу іс-әрекеті мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тәрбие беру мазмұнын ғалымдар: Т. Н. Доронова, В. С. Ветлугина, В. А. Езикеева, В. М. Изгаршева, В. Б. Косминская, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, Н. П. Сакулина, Н. Б. Халезова, С. Г. Якобсон т. б. зерттедi. Көркемөнер мен эстетикалық тәрбиенiң психологиялық аспектiлерiн: Б. Г. Ананьев, Л. Выготский, Е. И. Игнатьев, А. Н. Леонтьев, Б. М. Теплов, П. М. Якобсон, А. В. Запорожец, В. С. Мухина, А. Люблинская, В. Кравцова зерттеулерiнде қарастырылған. Қазақстанда психологиялық мәселелердi зерттеуде С. Балаубаев, Т. Тәжiбаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Х. Шерязданова, М. Жакупов, Ж. Намазбаева, А. А. Нурахунова т. б еңбектерi жарық көрген [9] .
Мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру; Ойын арқылы оқыту технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет [10] .
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын - ала әзірлеу.
3. Балалардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің балалардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Тәрбиелік аспект: Осы бағдарлама мектепке дейінгі 4-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады. Ойын баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейін мекемелерде адамкершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде ір түрлі ісәрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олар мен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді үйренуге дайын, ересектер мен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. Тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру Ойын технологиясын қолдану арқылы баланың тілге деген қызығушылығын дамытып қалыптастыру және ұлттық ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге, сүюге тәрбиелеу.
Міндеттері: - Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту - Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану - Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру - мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын қазақтың ұлттың ойыны арқылы арттыру - бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру; - тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру; - ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту; - полиэтникалық және полимәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық қатынас мәдениеті негіздерін қалыптастыру; - баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану; - әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру; - Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz