Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Әдебиеттік оқу сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты: жан-жақты дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңдесу, ал оған жетудің басты жолдарының бірі- әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Осыған орай Қазақтан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында: Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу -деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту көзделеді. Жалпы білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін яғни, жан-жақты озат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаналықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынасқа ену қажеттігі туындайды. Оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі- бастауыш саты. Сондықтан, бастауыш мектеп- оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғащқы баспалдағы. Жоғарыда аталған міндеттерге байланысты бастауыш мектептің де оқыту мен тәрбие беру процесінде ізденістер артты. Бұл оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістерден байқалады. Онда қазіргі білім беру бейімдейтін жаңа оқыту әдістері кеңінен қолданыс табуда. Бұл оқыту әдістер жалпы білім берудің стандартына сай әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту шарттарын бағытқа ұстайды.
Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сондай оқыту әдістерінің бірі- интерактивті оқыту әдістері. Интерактив сөзі ағылшынның inter өзара act әрекет ету-деген сөзінен шыққан. Интерактивті оқытудың басты мақсаты- білім алушылардың өз бетінше ой қорытып жауап таба білуге үйрету.
Ұстаздар өз тәжірбиелерінде оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдаланады: пассивті, активті және интерактивті. Пассивті әдістерді пайдаланғанда, басты орында мұғалім болады. Мұнда монологті қарым-қатынас орнайды. Мұғалім алдын ала құрылған жоспар бойынша керекті ақпаратпен таныстырып, тапсырманы бөліп береді. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтастыққа болмайды. Оқушылар оқу әрекетінің обьектісі ғана болады.
Оқытудың активті әдістерін пайдаланғанда, мәселені диалогтік қарым-қатынас орнатып талқылау әдісі жүзеге асады, бірақ, басты рөлде мұғалім қала береді.
Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан, қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс өндіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру қажет. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда ұстаздар оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдаланады. Интерактивті оқыту- таным белсенділігін ұйымдастырудың арнайы түрі, онда барлық оқушы таным процесіне тартылып өздері білетін және ойлағанын түсінуге және толғануға мүмкіндік алады. Интерактивті оқытуда сабақ өткізу кезеңінде мұғалім кеңесші серіктес рөлін атқарады.
Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К. Платонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді: есту арқылы- он, көру арқылы - отыз, қарапайым әрекет ету арқылы - тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді. Интерактивті әдіс кезінде:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым- қатынас орнайды;
-ондай қарым- қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі, интерактивті әдістеме өзара қарым- қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірбиелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте оқушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:
1) мұғаліммен ( сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен ( қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4 ) белгілі бер топпен, аудиториямен ( сауалнама алғанда);
5) кейбір техника түрлерімен ( компьютермен интернетке шыққанда, т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі - бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірбие жинақтай білуі керек. Тәжірбие интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.
Бастауыш сынып қолдануға тиімді интерактивті оқыту тәсілдері:
oo Ой қозғау;
oo Кластерлер; ойлан; жұптас, пікірлес; Т-кестесі;
oo Оңай және қиын сұрақтар кестесі; болжау;
oo Білемін, білгім келеді;
oo Белгі қойып оқу; Жигсо; үш қадамды сұхбат; Венн көрсетуі; Пікірталас; рөлдік ойындар; топтық зерттеу; үлкен шеңбер; қос шеңбер, аквариум; эссе, галереяны шарлау.
Аталған тәсілдерді бастауыш сыныпта пайдаланудың оқушылар үшін тиімділігі:
* Өзіне деген сенімділікке тәрбиелейді;
* Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;
* Тыңдай білуге үйретеді;
* Сыни ойлауға дағдыланады;
* Өз пікірінің айту құқығының бар екенін түсінеді;
* Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;
* Бірлесіп жұмыс жасай білуге үйретеді.
Ал бастауыш сынып ұстаздары үшін тиімділігі:
* әр оқушының жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;
* пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді;
* сабақта оқушылардың белсенділігін көтеруге ықпал етеді;
* оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеуге көмектеседі;
* уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;
* оқушыларды шығармашылыққа ізденіске тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
oo тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
oo тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
oo оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
oo педагогикалық қолдау көрсету.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы- өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал, екіншісі - оқушының өзіндігінен оқып, ой өрісін тереңдетуге баулу ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан, мұғалімінің ең басты міндеті - рухани бай, жан- жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Осы аталған өлшемлерді жүзеге асыруда бастауыш сыныпта оқытудың интерактивті әдістерін тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
әдебиеттік оқу сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
интерактивті әдістер туралы ақпарат беру;
бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін анықтау;
әдебиеттік оқу сабақтарындағы интерактивті әдістердің түрлерімен танысу.
Қазіргі дидактикада әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық оқыту әдістерінің екі түрлі тобы бар: дәстүрлі оқыту және белсенді (активті) оқыту әдістері. Бұлар ең алдымен, бір-бірінен алдына қоятын мақсаттарына қарай ажыратылады. [1].
Интерактивті және дәстүрлі оқыту әдістері ретінде бөлу тек шартты түрде болуы қажет. Өйткені, дәстүрлі әдістер де оқыту үдерісінде белсенділікті қолдануы тиіс. Дегенмен, дәстүрлі әдістер ең алдымен, білімнің белгілі бір қорын жеткізу және практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұлар білім алушыларға үлгі ретінде дайын шешімдерді ұсынудан тұрады.
Дәстүрлі әдіс арқылы оқытуда білім алушының мақсаты берілгенді жаттап алып, тексерген кезде соны қайталап беру. Бұл тапсырманы орындауда әрине, білім алушылар белсенді болуы керек. Бірақ, бұл белсенділік өзінің мазмұны мен бағытталуына қарай негізінен репродуктивті сипатта болады. Сондықтан, осы жағдай дәстүрлі әдіспен оқытуда есте сақтауға басым рөл беріп, шығармашылық ойлау дамуының басқарылуына жеткілікті назар аударылмауын анықтайды.
Білім алушылардың дербес ойлауы мен тұтқиылдан, төтенше кәсіби тапсырмаларды маман ретінде шеше алу қабілетін дамытуға бағытталған оқыту түрін активті оқыту әдістері (латын тілінен aktivus - әрекетшіл, іскер) деп атайды. Активті оқытудың мақсаты - кәсіби тапсырмаларды шеше алуды білу, білік-дағдылар ғана емес, сонымен қатар, сараптау, ойлай білу, өз әрекетін бағдарлай алу іскерліктері болып табылады. Игерілетін білімдер тек қор үшін ғана емес, орындаушылық пен іс-әрекет мәдениетін ғана үйрету емес, жағдайлар мен тапсырмалар өзгеріп отыруына қарай, шығармашылық іс-әрекеттің мәдениетіне де үйрету ретінде алға шығады.
Интерактивтік оқыту технологиясының негізгілеріне және кең тарағанына төмендегілер жатады:
1. Жұптасып жұмыс жасау;
2. Ротациялық (ауыспалы) үштік;
3. Карусель;
4. Шағын топтармен жұмыс;
5. Рөлдік (іскерлік) ойын;
6. Дискуссия;
Оқыту әдістері ретінде пікірталас (дискуссия) құбылысына психологтар ХХ ғ. 30 жылдарынан бастап тұрақты қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бұл көрнекті швейцариялық психолог Ж. Пиаженің еңбектерімен байланысты болды [3]. Аталмыш ғалымның еңбектерінде құрбыларымен, үлкендермен, кішкентай балалармен пікірталасқа түсу арқылы бала өзімшілдік ойлардан арылып, басқалардың да көзқарасын қабылдай алатыны көрсетілген. Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогресстің талаптары оқыту үдерісінің алдына топтағы басқарушылық және шығармашылық шешімдерді қабылдау мәселесін зерттеу жөнінде міндет қойды. Бұл жерде әлеуметтік принциптерді (қатынастар) өзгертуге топтық жағдаяттық факторлар мен талқылаулардың тигізген әсері жөніндегі автордың ойлары маңызды рөл атқарды.
Көптеген психологиялық зерттеулерде топтық пікір алмасу қатысушыларда талқыланатын мәселелерді шешудің мотивтері мен эголық кірігуін жоғарылататыны көрсетілді [4 ].
Сонымен қатар, топтық пікірталас механизмдері оқыту мен диагностикалау, психотерапия, шығармашылық және іс-әрекеттің басқа түрлеріндегі тұлғааралық қарым-қатынастағы белсенділікті арттыру үшін қолданудың тиімділігін көрсетті.
Дәстүрлі оқыту түріне де, интерактивті оқуда да ойын әдістері қолданылады. Ойын әдісі оқу және кәсіби іс-әрекетті соның үлгісінде жасауға негізделген топтық оқыту әдістерінің түрі ретінде алға шығады.
Ойын әдісі оқытудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Әсіресе, тіл меңгертуде ойын әдісінің орны ерекше. Біз осы ойын әдістеріне сипаттама береміз.
Рөлдік ойындар оқу және кәсіби тапсырмаларды шешу үдерісінде әлеуметтік рөлдердің үлгілерін жасауға негізделіп ұйымдастырылады. Рөлдік ойындар білім алушыға әлеуметтік қатынастағы тілді меңгеру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта іскерлік ойындардың алуан түрі, анықтамасы және жіктемелері (классификациясы) бар деп айтуға болады [5;6]. Қоғамдағы әлеуметтік-өндірістік іс-әрекет нормаларын және іскерлік жағдаяттарды оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында маманның кәсіби әрекетінің заттық және әлеуметтік мазмұнының үлгілерін жасау формасын іскерлік ойындар (ІО) деп атайды. Яғни, іскерлік ойын дегеніміз белгілі бір ұйымның және басқарушы мамандардың іс-әрекетін қайталау, сондай-ақ, басқару жүйесін ойын түрінде үлгілендіру.
Іскерлік ойын сценариінде нысанның сипаттамасы, жүргізу тәртібі, қатысушылар құрамы, іс-әрекеттің үлгісі бойынша жасалынатын лауазымдар көрсетіледі. Сонымен қатар, қатысушылардың тізімі, олардың рөлдері, бастапқы ақпарат, ақпаратты өңдеуге және тиісті шешім қабылдауға дайындық жасауға қажетті анықтамалық материалдар мен кестелер ұсынылады. Ұсыналатын материалда ойын ережелері мен әдістемелік нұсқаулар және қорытынды шығаруы сипатталады.
Оқытудың дискуссиялық (пікірталастық) әдістері ұйымдасқан коммуникацияға негізделген оқу-кәсіби тапсырмаларды шешу барысындағы топтық оқыту. Топтық пікірталас - оның мақсатын жылдам әрі жемісті шешу үшін бірлескен коммуникацияны ұйымдастыру әдісі болып табылады [7].
Оқыту әдістерінің ішінде дөңгелек үстел топтық пікірталастың бір түрі, әрі оқыту әдісінің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде алға шығады. Әдетте, дөңгелек үстелге маңызы жоғары тақырыптық мәселелер ұсынылып, бұл мәселе бойынша жетекші мамандар қатыстырылады [8].
Миға шабуыл - инновациялық ойындардың бастапқы және дискуссиялық әдістердің бір түрі болып табылады. Бұл әдіс ізденістерді сынға алмайтынымен, іздену барысында туындаған бар жорамаларды жинаумен, оларды практикадағы қиындықтарды жою үшін болашақта қолдануға болатындығын талдаумен сипатталады [9].
Интеллекттік бой сергіту жедел сұрақ-жауап сипатында өткізіледі. Оқытушы білім алушыларға сұрақ қояды, олар оған қысқаша жауап беруі қажет. Егер біреуі сұраққа жауап беруге қиналатын болса, оқытушы басқаларынан сұрайды. Осылайша 10-15 минут ішінде білім алушылардың бастапқы түсініктер, категориялар, ұстанымдар, негізгі теориялық ойлар туралы түсініктері тексеріліп, әрі қарайғы белсенді танымдық іс-әрекетке дайындық жүргізіледі.
Шын мәнісінде қақтығыс әдісі мен нақты жағдаяттарды талдау әдістері кейс әдісінің (ағылшынша кейс - жағдай, оқиға) басқаша атаулары болып табылады. Қақтығыс әдісі - шынайы тәжірибеден алынған оқиғаларды талқылауға негізделген дискуссиялық оқыту әдістерінің бір түрі ретінде алға шығады [10].
Кейс, яғни нақты жағдаяттарды талдау әдісі - индивидтің қарастырылып отырған құбылысқа тән күнделікті және кәсіби тәжірибесіндегі оқиғаны сипаттауына негізделген дискуссиялық оқыту әдістерінің бір түрі болып табылады. Бұл әлеуметтік-психологиялық оқытуда оқу үлгісі арқылы пайдаланылатын дәл осындай оқиғаның ғылыми негізделген сипаты.
Топта туындаған жағдаяттардың барлығында және кез-келген тақырыптық және мәселелік аймақтарда қолдануға болатындығы интерактивті ойындардың артықшылығы болып табылады. Интерактивті ойындар арқылы кез-келген дара және кәсіби мінез-құлық тәсілдерін, атап айтар болсақ, коммуниникативтік дағдыларды, байқампаздықты, өзінің және басқаның сезімдерін саралай алу қабілеттерін, сонымен бірге, шығармашылық қабілеттер мен қиялды жақсартып, дамытуға болады. Интерактивті ойындар топты жетелеу, шешім қабылдау үдерісінде, рөлдік мінез-құлықты, шиеленісті шешуде, ынтымақтастыққа, биліктік-мәртебелік қатынастарға және т.б. оқыту үшін қолданылады.
Оқыту үдерісінде қолданылатын ойындар тұлғаішілік немесе тұлғааралық мәселелердің алуан түрлерінің ішінен маңызды бөлшектерін бөліп алып, жасанды тудырылған қандай да бір іс-әрекет кестесі арқылы көрсетуге жәрдемдеседі. Мұның негізінде қатысушылардың интеллектілік және эмоциялық күш-қуаты белгілі бір бағытта жинақталады. Интерактивті ойындардың қарапайым әлемі қатысушыларға өтіп жатқан оқиғаның құрылымы мен себеп-салдарының өзара байланысын шынайы өмірге қарағанда жақсырақ тануға, оны түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін неғұрлым тиімдірек және тәуекелі аз жолмен үйренуге және өз идеяларын тәжірибеде қолданып көруге жағдай туады.
Қай сипатта болсын ойын ұғымының маңызы жоғары. Себебі, интерактивті ойындар қатысушылардың қызығушылығын және тәуекелге дайындығын оятады. Сонымен қатар, барлық ойынға тән сынақ жағдайын туындата отырып, жаңалық ашу қуанышын сыйлайды.
Интерактивті оқыту әдістері - бұл ұжымдық, өзіндік толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
Интерактивті оқыту ең алдымен білім алушы мен оқытушы қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту ретінде алға шығады. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерді тұжырымдайтын болсақ, интерактивті оқыту дегеніміз танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы болып табылады [11]. Интерактивті оқыту толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқытудың бірден бір түрі. Осындай мақсаттардың бірі білім алушы өзінің жетістіктерін, интеллекттік белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігі арттырып және қарқындылығын қамтамасыз ететін оқытудың жинақы шарттарын жасау екені сөзсіз.
Оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін бірнеше арнада түсіндіруге болады.
Біріншіден, бүгінгі күнгі ерекшеліктердің, тіпті проблемалардың бірі ақпараттың ақылға сыймайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артықмөлшерде дамуы . Сондықтан, оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында тұлғалық дамуды оқытудың негізі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, айтылып отырған ұстаным білім игеру үдерісіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлық-коммуникативтікке өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз білім беру, оқыту, үйрету деп түсінетін болсақ, бүгінде бізге бұл түсініктерді білім алуигеру, оқу, үйрену деп өзгерту қажеттілігі туындайды.
Дәстүрлі білім беру өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын игерумен шектейді. Ал, инновациялық көзқарас оқытудың негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интерактивті әдістер құрауы керек деп түсінеді [12]. Интерактивті әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.
Оқытуда авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастыру маңызды болып табылады. Бұл дегеніміз оқытуда интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату, жағымды психологиялық орта құрастыру, солар арқылы үйренушілер өз біліміне деген жауапкершілікті нығайта алады.
Екіншіден, интерактивті оқыту бірінші мезетте білім игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Зерттеу жұмысымызда біз мүмкіндігінше интерактивті әдістерге анықтамалар беріп өттік. Дегенмен, тағы айта кететін жайт интерактивті дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру болып табылады.
Интерактивті оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйымдастыруды қамтамасыз етеді: барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау; әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау [13].
Жалпы алғанда интерактивті оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмаса отырып, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Бұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz