Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерін белсендендіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының

оқу әрекеттерін белсендендіру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1 негізгі бөлім . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 «Дидактикалық ойын» ұғымының мәні және жіктелуі . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Бастауыш сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын ойын түрлері . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Оқушыларға оқу әрекетін меңгерту үшін пайдаланылатын дидактикалық ойындардың рөлі . . .
3: 17
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 33
КІРІСПЕ . . .:
3:

КІРІСПЕ

Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесінде қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасап, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады. Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан материалдың практикалық қолдануымен толықтыру керек. Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың бала дамуы үшін маңызы өте зор. Ойын - баланың негізгі әрекеті. Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра түсу үшін пайдаланылады.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының 4. 1-бағытын - «Білім беру» деп атап, онда: « . . . 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» - деп көрсетті. Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені, әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының айғағы. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушының тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан қазіргі тандағы проблемалардың бірі болып табылады.

Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын - пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын - пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу - пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.

Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, т. б. тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған.

Жобаның мақсаты : дидактикалық ойындарды мектептің оқыту процесінде пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.

Ғылыми жобаның міндеттері:

  • дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерін белсендендірудің теориялық негіздерін айқындау;
  • «дидактикалық ойын» және «оқу іс-әрекеті» ұғымдарына теориялық сипаттама беру.

Жобаның ғылыми болжамы: мектептегі бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойындарды пайдаланып оқыту тиімді болар еді, егер:

  • әрбір өтілетін сабаққа кем дегенде 1-2 ойынды оқытудың интербелсенді әдістері ретінде енгізсе;
  • пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесіне ойын әрекеттерін дидактикалық мақсатта енгізу керектігі талап етілсе;
  • кез келген ойын бастауыш сынып оқушыларына қаншалықты керек екендігін ескерсе, т. б.

Ғылыми жобаның әдіснамалық негізі: білім мен тәрбиелеу туралы философиялық көзқарастар және халықтық психологияның мұрасы, сонымен қатар жеке тұлғалық даму мен іс-әрекеттік қатынас теориялары, танымдық жұмыстың бір-бірімен сабақтастығы.

Күтілетін нәтижелер:

1. Дидактикалық ойын түрлерінің сипаттамасын алу.

2. Дидактикалық ойындар мен іскерлік ойындардың арасындағы ерекшеліктер.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 «Дидактикалық ойын» ұғымының мәні және жіктелуі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі оқу мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және сөйлету мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.

Н. Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.

В. В. Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.

Я. А. Коменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.

К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді. Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог В. А. Сухомлинский терең және жан-жақты қарастырған.

Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:

  1. Танымдық дидактикалық ойындар.
  2. Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
  3. Пәндік олимпиада апталығы.
  4. Көрнекіліктер.
  5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
  6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
  7. Педагогикалық технологиялар.

Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.

  1. Дидактикалық міндет.
  2. Танымдық қабілетін арттыру.
  3. Оқудың тиімділігін арттыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

  • Сабақтың шығармашылық бастамасы.
  • Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
  • Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

  • Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
  • Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
  • Білімді меңгеру деңгейі.
  • Білімді қабылдауы.
  • Білімді қолдана білуі.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.

«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т. б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.

«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады. Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша шығарма жаздырту жұмысы маңызды роль атқарады. Оқушыға біріншіден шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі, кез- келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлінеді. Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беріледі.

Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі - бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері қолданылады.

Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі - ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жұргізіледі, содан кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын тандауға бағыт беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінді.

Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі, тірек схемасын пайдаланып отырдық.

Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:

  • өлең шығаруға үйрету;
  • ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;
  • ой тастау.

Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.

Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі.

«Адам» бөліміндегі «Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-жемісі» тақырыбы бойынша оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәліметтер берді, бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың танымына ерекше ықпал етті.

Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.

Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың танымдық қызығушылын арттыруға мүмкіндік берді. «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалық бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры» т. б. ойындарды пайдалануға болады.

Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:

  • танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
  • қызықты тапсырмалар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;
  • проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;
  • материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;
  • дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т. б. ;
  • тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
  • көрнекі материалдар.

Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:

Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».

Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті - есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».

Көп танбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.

Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде « Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т. б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.

Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т. б.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін белсендендіруде сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік. Мысалы, математикадан «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбында өткізілген сабақты «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің сюжетіне құрдық. Бұл сабақта оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, әртүрлі тапсырмалар орындайды. Мұндай сабақтың баланың танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, тәрбиелік мәні зор.

Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында белсенділік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.

Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.

Дидакти́калық ойындар - оқытудың ойын, белсенділік ұстанымдарының бірқатарын жүзеге асыратын, оқу ойындары түрінде ұйымдастырылатын сабақтардың түрлері. Олар оқыту іс-әрекеті және бағалау жүйесімен белгіленген белсенді оқыту әдістерінің бір түрі. (В. Н. Кругликов, 1988) .

Дидактикалық ойындар - әрбір команда мен оның мүшелері ортақ басты міндеттерді шешуде және ұтысқа өзінің тәртібін бағыттайтын ұжымдық, мақсатты оқыту іс-әрекеті. Дидактикалық ойындар - оқылатын жүйе, құбылыс, үдерістерді имитациялық моделдеу арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту іс-әрекеті.

Дидактикалық ойындардың белгілері

Дидактикалық ойындардың айырықша ерекшеліктері әдістердің негізі ретінде қолданылатын ойын жағдаяттардың түрлері болып табылады. Қатысушылардың әрекеттерінің ережелері, бағалаудың қатаң жүйесі ойында түпкілікті сақталады. Тағы да бір айта кететін жағдай, дидактикалық ойындар іскер ойындардан шешім қабылдаудың тізбегінің болмауымен ерекшеленеді.

Дидактикалық ойындардың түрлері:

Нақты жағдаяттарды талдау;

Ойын жобасы;

Жетекшінің іскер поштасын ажырату.

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады.

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.

Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

1) стол үсті ойындары;

2) дидактикалық ойындар;

3) қозғалыс ойындары;

4) іскерлік ойындар;

5) интеллектуалдық ойындар.

І. Стол үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері жайлы
Ойын технологиясы туралы
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Ойын оқу-тәрбие әдісі
Инновациялық оқыту туралы
Бала тәрбиесіндегі ойын рөлі
Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz