Ойын технологиясының компоненттері
КІРІСПЕ
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы,шынығуы,шыңдалуы,оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып,алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Зерттеу тақырыбы: Бастауыш сыныптарда ойын тәсілдерін пайдаланып информатика пәнін оқытуға арналған зертханалық жұмыстар жасау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
- төменгі сынып оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
- әр түрлі жастағы балалардың оқу - пән ортасында қолданылатын технологияларды зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты - Ойын технологиясының мақсаты - оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Тәжірибелі зерттеудің барысында оқу - пән ортасының тиімділігін анықтау.
1.Ойын технологиясының теориясы
Ойын технологиясы - оқу - тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз -- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойын технологиясының мақсаты - оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Ойын арқылы оқыту технологиясы - балаға варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі.Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
В.В.Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:
-- мотивациялық;
-- бағдарлаушылық;
-- мақсаттылық;
-- мазмұндық-тәсілдік;
-- құндылық-еріктік;
-- бағалаушылық.
Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмұнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Әрине, балалардың адамгершілік, құндылық түсініктерінің мән-мағынасын түсінуі күнделікті балабақшадағы ұйымдастырылатын барлық оқу-тәрбие жұмысының барысында жүзеге асырылады.
Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді. Бұл ойын әрекетінің нақты мақсатқа бағыттылығын меңзейді. Сондай-ақ, әрекет тек мақсатпен ғана емес, ол тиісті шарттармен де, яғни бағдарлау жүйелерімен де анықталады (әрекеттің бағдарлаушылық негізі). П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңдері теориясы бойынша адам кез келген ой әрекетін орындау барысында белгілі бір бағдарлау жүйесін тірек етеді.
Әрекеттің бағдарлаушылық негізі дәлелді болу үшін мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы, ойын барысында балаларға ханның, патшаның және т. б. әрекет етудің жоспарын дұрыс берсе, оны олар жеңіл меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.
Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметік-мәдени тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке бағдарлауды дамытуға бағытталады.
Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады. Сонымен қатар, бұл компонент ойын үрдісін басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз етпек.
Кесте 1.
Ойын технологиясының компоненттері
Мотивациялық компонент
Бағдарлаушы мақсаттағы компонент
Мазмұнды-тәсілдік компонент
Құндылық-еріктік компонент
Бағдарлаушылық компонент
Ойын жағдаяты
Ойынның міндеттері
Ойынның ережесі,
ойын әрекеттері
Ойын жағдайлары
Ойынның нәтижесі
Ойын технологиясы компоненттерінің ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы.
Ойынның негізгі ерекшелігі -- ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс - әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді - сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс - әрекеттерге, қарым - қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
0.1 Ойын түрлері
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде -- кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол -- дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын еске ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап -- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
-- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
-- баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
-- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
-- ойын барысында баланың жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көздеріне жетуі;
-- баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда, әсіресе, кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, еркін сезім түрлерін де дамытады.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі -- спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, тағы басқа көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті -- оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек -- қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық, кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіндігіне қарай әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты -- баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану -- бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындарды таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет. Яғни олар:
-- оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі;
-- оқып- үйренетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
-- нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктер.
Қандай да болсын ойын түрлері баланың пәнге деген қызығушылық қабілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.
Ойын түрлерінің жіктелуі:
-- грамматикалық;
-- психологиялық;
-- тірек-сызбалар;
-- логикалық;
-- техникалық;
-- дене - еңбек.
Грамматикалық ойындар - оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына : 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру;6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар - көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой - пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына : 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ - жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, Қолыма тұңғыш қалам ап тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар - бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, әскездеу боп табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
-- ойық жазбалар;
-- суретті жұмбақтар;
-- сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
-- суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар - оқушылардың ой - өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ - тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына:1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ - тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Техникалық құралдармен ойналатын ойындар - қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) Сега, Дэнди; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.
Дене - еңбек ойындары -- бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Компьютерлік ойындардың түрлері мен оларды тиімді қолдану ерекшелігі
Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады.
Дидактикалық компьютерлік ойын дегеніміз - бұл оқу мақсатына жетуге бағытталған компьютерлік ойын. Мұндай ойынның қалыптасқан дәстүрлік ойыннан айырмашылығы: ойынды ұйымдастырушы (ойын жағдайын жасау және оның барысын қадағалау), тағы да біреудің, яғни компьютердің болуы. Осындай жайтпен компьютерлік ойында компьютер бірнеше қызметті: ойын жетекшісі үлкеннің, партнер - ойыншының, ойынның дидактикалық материалдарын іріктеу қызметтерін қатар атқара алады. Компьютердің осындай бесаспаптығы және осы қызметтерді атқарудағы шектеулі мүмкіндіктері дәстүрлік ойындармен салыстырғанда, өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар бірегей ойын деп саналады.
Компьютерлік ойынның негізін логикалық құрылым құрайды, онда үш деңгей айрықша көрсетілген: а) оперативтік; ә) тактикалық; б) стратегиялық.
Оперативтік деңгей термині аясында ойын ішінде атқарылатын әрекет- операциялар жиынтығының екеуара ойнағандағы үрдістің жалғасы деп түсіндіріледі. Оперативтік деңгей әрекетінің нәтижесі дисплей экранындағы барлық ауысымдар мен өзгерістердің бейнеленуі болып табылады. Егер компьютерлік ойынды іс - әрекет деп санасақ, онда бұл деңгей адамның тек тетік басатын операциялық төмен деңгейіне сәйкес келеді.
Тактикалық деңгей қандай да бір шектелген мақсатқа жеткізетін ойын әрекеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жоспарлы тактикалық әрекет нәтижесінде жекелеме операциялардың қойылған мақсатпен сәйкестігі жүзеге асып, ойнаушы ойынды жақсы (немесе керісінше) жағдайға ие болады.
Стратегиялық деңгейдің артықшылығы мынада: мақсат пен ұтысқа қол жеткізу үшін барлық ойынның алдын-ала жоспарлануы. Бұл деңгей тактикалық жоспар әрекетін бір жүйеге келтіріп, адамның жоғарғы іс - әрекетінде ойнаушының әрекетін бір ғана мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ойнаушының барлық іс - әрекеті компьютердің тетіктерін басуға ғана келіп тіреледі. Ойнаушы ойынның ережелері мен шарттарын қатаң сақтауға міндетті. Дегенмен бұл шектеулер ойын материалының ішіне бойлап енуіне, назарын дамытуға, ұқыптылық пен дәлдікке үйренуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне компьютердің сызбалық және дыбыстық мүмкіндіктері ойнаушының ойнау қиялын жетелеп, оған кең таралған ойындарды жетілдіруге, ұстанымды түрде жаңа ойындар жасауға мүмкіндік туғызады.
Компьютерді емін - еркін меңгеру балалардың, тіпті үлкендердің өздерінің жаңа, ғалымдардың кабинеттерінде жасалып жатқан техниканың өзіне қызығуларын арттыра түседі деп есептейді психологтар.
Осындай жайтпен ойынды жүргізудің қарапайымдылығы, жекелеме режимдердің болуы, шапшаң өтілетіндігі, түрлі сценарийлер мен кейіпкерлер жасау жолындағы кең техникалық мүмкіндіктері көп жағдайда компьютерлік ойынның дәстүрлі ойыннан артықшылығын аңдатады.
С.Пейперттің пайымдауынша, компьютерлік ойын баланың ойлау қабілеттерін дамытып, заттардың және т. б. бір - біріне әсерлерін өз бетімен түсінуге мүмкіндік береді деп түйіндеген.
Қазіргі таңда елімізде компьютерлік ойындар өз деңгейінде қолданылып келеді. Олардың ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты барлық компьютерлік ойындарды бір - бірінен мазмұнына, ойынның ойналу тәртібінің айырмашылығына байланысты 8 жанрға бөлуге болады:
Аркадты ойындар.Аркадты сөзі ойын - сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған. Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көз өлшемін, уақытты үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді.
Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынша adventure -- шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның adventure атауына байланысты аталған. Қай кезде шытырман ойындар деп те атайды. Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады - оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет. Адвентюрлік ойындар мультфильмдерге ұқсас, тек қана қарапайым мультфильмдерге емес, интерактивті мультфильмді тек көріп қана қоймай, мұндай мультфильмде ойынның маңызды рөл атқаратын әр түрлі кейіпкерлер тобымен ойнауға болады. Сондықтан бұл ойындар рөлдік ойындар деп аталады.
Спорттық ойындар. Бұл ойындарда ойыншы спорттық жарыстардың қатысушысы болып табылады. Мұнда жеке атлеттің рөліне кіруге немесе бірнеше команданы басқаруға болады. Спорттық ойындардың кейбір түрлері тек қана спорттық жарыстарға арналған болып қана қоймай, сонымен қатар оған дайындауға да мүмкіндік береді. Мұндай ойындарды менеджерлік спорттық ойындар деп те атайды. Оларға: футбол, баскетбол, хоккей, бейсбол, гольф.
Стратегиялық ойындар. Бұл ойын жанры қорлары (ақша, қажетті құндылықтар, электр энергиясы) басқаруға арналған. Стратегиялық ойындарда ойыншыдан кездескен қиындықтарды жеңуге деген оперативті реакциядан басқа, ұзақ уақыт стратегиялық жобалауды қажет етеді. Ойыншы бұл ойында өзін әскердің генералы ретінде сезіне алады.
Иммитаторлар ойыны. Имитатор ойынында ойыншы әрбір кезде өзін жүйткіген автомобильдің, ұшақтың штурвалының жүргізушісі ретінде сезіне алады. Бұл ойында техника басқару маңызды рөл атқарады. Мысалы, Екі әскери робот, Формула 1.
Логикалық ойындар. Көптеген балалар басқатырғыш ойындарды жақсы көреді. Басқатырғыштың стандартты емес түрлерін шешуде ойлау, тапқырлық және өзінің іс - әрекетін алдын-ала есептейтін қабілеттілік қажет. Мұндай компьютерлік ойындар ұлы математиктер ойлап тапқан сыныпикалық басқатырғыштарды шешуге мүмкіндігін тексеруге көмектеседі. Мысалы: Тетрис ойынын айтуға болады.
Дәстүрлі (традициялық) ойындар. Шахмат ойнайтын компьютерлік ойындар өте қажет. Бірақ та тағы да басқа бірнеше ойыншыға арналған үстелдік ойындар аз емес. Кейбіреуі көптеп таратылса, кейбіреуі өте аз. Егер бала логикалық ойлауды қажет ететін үстелдік ойындарды ұнатса, жаңа ойынды ойнауға дайын деген сөз.
0.2 Ойындардың мәні және функциялары
Ойын - баланың өміріндегі ең маңызды бөлігі. Ойын терминінің көп мағынасы бар: спорттық жарыста, әзілде, фокуста, театрлық көріністерде және т.б. Ойын келесі белгілерімен ерекшеленеді:
- мардымсыз;
- нәтижеге емес үдеріске бағытталу;
- баланың алдағы өміріне психологиялық дайындық үшін үйретуші, тәрбиелеуші және дамыту;
- тарихи - мәдени мағына;
- ойынның жағдайының шарттылығы;
- қос жоспарлық;
- рольдік құрылым;
- жағдайдың тез арада ауысуы және сондай тез жаңа жағдайға іс әрекеттің бейімделуі;
- шынайы обьекттердің ойынмен орын басу мүмкіндігі.
Баланың дамуы үшін арналған ойындардың шығуы мен мән мағынасын түсіндіретін көп деген қағидалар бар. Күштің артығы теориясына сәйкес (Ф. Шиллер, Г. Спенсер, ХIХ ғасырдың соңы) жас жануарларда ойын барлық энергия тіршілік үшін күреске кетпегендіктен пайда болады. Тіршілік үшін күреске ешқандай қатысы жоқ барлық ықтимал қозғалыстарда шығу жолын табатын энергияның артықшылығы пайда болады. Ең алғаш рет ойындарды меңгеру мен систематизациясының амалын 1899 жылы ойынды келешектегі тіршілік үшін күресте пайдаланатын түйсіктің ескертуі деп түсінетін неміс ғалымы К. Грос қолданды. Ол обьективті ойын - тәртіптің алғашқы мектебі, балаға оны қоршағандармен адамдардың тәртіп сақтауымен танысуға мүмкіндік беретін, байқалатын алай-дүлей деп санады. Ойын балаға келешек өміріне дайындық үшін керек және өзін өзі тәрбиелеудің табиғи құралы болып табылады.
Неміс психологы К.Бюлер ойынды функционалды қанағаттануды алу үшін жасалған іскерлік сияқты түсінген.
Ж.Пиаже ойынның символикалық қызметтің дамуымен баланың ақыл парасатының дамуына тигізетін әсерін қарастырған. Ойын, оның ойынша, - бұл балаларға эгоцентрлік позициясымен сәйкес қоршаған ортаның баланың ассимиляция үдерісі бар, іскерлік.
Ойлау әрекетінің дамуы. Ойын барысында ойлаудың дамуының биік кезеңдеріне ауысуының мүмкіндіктерінің дамуы болады. Ойын кезінде бала өзіне алынған рөлді орындалуына қарсы кішкене уақыт аралығындағы ойларынан бас тартады. Тәртіп ерікті түрде болады. Ойынның барысының тексерісі рефлексияға белгілі нысанға келген мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады. Әсіресе бұл 4-6 жастағы балаларда байқалады. Адамдардың қарым қатынасының негізінде жатқан нормалар ойын арқылы баланың өзінің моралінің дамуының бастауы болады (Д.Б. Эльконин). Г.Л. Лэндрет ойынды бір затты қалай пайдалану керек жайлы сұрақтың жауабының майысқақтығын қарайтын ерікті, уәжді қызметі ретінде түсіндіреді. Оның ойынша, ойын үлкен кісілерге сөйлеу сияқты, бала үшін өзінің ойы мен сезімін білдірудің құралы. Мектепке дейінгі балалар үшін өздерінің уайымын ойыншықтар арқылы іс әрекетпен көрсеткен олар жайлы айтуға қарағанда оңайырақ. Ойын баланың не көрді, ол қалайша бұған жауап береді, қандай армандары мен қажеттіліктері бар екендігін ашады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылап, келесі тұжырымдар жасауға болады.
1. Ойын - көп мағыналы. Ол адамның білімінің спектірін білдіреді. Ойын тәрбелеудің құралы болып табылады және танымдық әдіспен, баланың және үлкен адамның өмірлік іскерлігі арқылы әр түрлі жастағы кезеңде өзін өзі тәрбиелеу.
2. Ойын - балалардың айқындалуының бос, табиғи және шығармашылық формасы, сонымен қатар өзін өзі көрсете білудің құралы.
3. Ойын өсіп келе жатқан организмнің қажеттілігін айқындайды. Балалар ойнайды, себебі дамиды және дамиды, себебі ойнайды
4. Ойын қарым қатынас пен ақыл парасаттың дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Ойын келесі функцияларды орындайды:
1. Баланың ойнағандағы ойынның функциясы . Ойын баланың өзін тұлға ретінде сезіну үдерісі болып табылады. Мұнда ойынның нәтижесі емес, үдерістің өзі маңызды, себебі баланың тұлға болып қалыптасуы үдеріске байланысты. Ойын балаларды адам тәжірибесінің әр түрлі салаларының алуан түрлілігімен танысуға және нақты өмірлік қиыншылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол тек қана нақты ойын аймағында, ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар балаларға мәдениет пен қоршаған ортаны тануға мүмкіндік беретін адам тәжірибесінің құрамына енеді.
2. Коммуникативтілікті. Ойын - ережелер бойынша жүзеге асатын, коммуникативті іскерлік. Ол баланы адамгершілік қатынастарға жетелейді. Онда ойыншылардың арасында қарым қатынас қалыптасады. Бала ойыннан алған, тәжірибесі қорытындыланады және шынайы қарым қатынаста жүзеге асады.
3. Диагностикалықты. Ойын болжамдылық қасиеті бар, ол кез келген басқа іскерлікке қарағанда диагностикалық болып табылады. Бұл функция ерекше маңызды, себебі балалармен жұмыс істеген кезде сұхбат жүргізу, тест алу қиындыққа түседі. Оларға ойынның тәжірибелі жағдайларын туғызу қалыпты болып табылады. Ойында бала өзін көрсетеді, сондықтан оны қадағалап отырып, оның тұлғаға сәйкес қасиетін, мінезін көруге болады.
4. Терапевтикалықты. Ойын баланың аутопсихотерапиясының тәсілі ретінде болады. Ойнау барысында бала өзінің өміріне зардап келтірген уайымдарға немесе жетістікке жете алмаған жағдайларға орала алады, және өзіне қауіпсіз жағдайда оны жарақаттаған, ренжіткен немесе қорқытқан нәрселерді қайта ойнай алады.
Жер сілкінісінен кейін Арменияда жұмыс жүргізген психологтар балалардың ойын кезінде осы трагедиялық жағдайды қайталағанына назар аударды. Балалар кубиктерден үйлер салып және оларды сындырды. Үйшіктер сынды, жағалай өлген адамдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz