Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Банктер елдің қаржылық жүйесінде ең басты ұстанымдарының бірін алады. 2016 жылдың қаңтарында банктердің саны 7331 дейін жеткен.
Банк заңды тұлға, оның қоғамдық қатынастарда қатысу динамикасы келісім шарт жасаудан тұрады. Осылайша, әр түрлі құқықтық қатынастарға қатынаса отырып, банктер, құқық қабілеттілігі мен деликт қабілетіне (тұлғаның құқыққа қарсы әрекетімен келтірген зияны үшін дербес азаматтық-құқықтық жауап беруге қабілеттілігі) ие бола отырып, осы құқықтық қатынастардың толықтай субъектісіне айналады.
Банктердің міндеттемесі заңды жауапкершілік төңірегінде қаржылық, азаматтық, әкімшілікті, қылмыстық болуы мүмкін, бұл бұзылған қоғамдық қатынастардың типімен және оларды реттейтін құқық саласымен шартталады. Егер азаматтық, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге қатысты банктер басқа бір заңды тұлғалардан айырмашылығы болмаса, онда қаржылық жауапкершілікте несие ұйымдары басқалардан ерекшеленеді, соған қатысты ерекше субъект мәртебесіне ие болады. Бұл қаржылық жауапкершіліктің мәнділігімен де, банк қызметінің ерекшелігімен де түсіндіріледі.
Қазіргі экономикалық жағдайларда банктер ірі табыс көздерінің иелеріне, тұтынушылары мен реттеушілеріне және тиісінше, ірі салық төлемшілеріне айналды. Сонымен қатар, банктер төлем бойынша операцияларын, қарызгерлердің шотынан берешек пен өсімпұлдарын есептен шығару туралы салық органдарының тапсырыстарын орындайды. Банктер салық органдарына қажетті ақпарат көздерін ұсынады, салық органдарында заңды да, жеке де тұлғаларын есепке тіркеу үшін бақылау жұмыстарын іске асырады.
Банк жүйесі әрбір мемлекеттің маңызды бір экономика құрамасы болып табылады, жалпы қоғамның қызмет етуінде жан жақты және көп мөлшерде әсер етеді. Ол еркін ақша қаражаттарының жиналуы мен оларды елдің ақша айналымына тартып қана қоймай, ақша капиталының салааралық және ауданаралық қайта таратушы механизмі, соған қоса елдің шаруашылық жүйелерінің есептік және төлем механизмдерінің басты көзі болып табылады.
Мемлекеттік органдары мен мекемелерінің өнімді және шұғыл қызмет етуі, тәуелсіз мемлекеттің дамуы елдің банк жүйесінің жағдайына, оның тұрақтылығы мен сенімгерлігіне тікелей тәуелді болады. Мұндай жүйе болмаса мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық, экологиялық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мүмкін емес.
Банк заңнамасының дамуы құқық бұузышылығы үшін жауапкершілік тарту нормаларына қатысты кешенді және жүйелі әдістерінсіз мүмкін емес, осы сәтте бұл қиын жағдайға айналған, сондықтан да олар банктер мен банк қызметі туралы заңнамасының тәртіпсіздігі мен бытыраңқылығына байланысты.
Оның кейбір аспектілері келесідей ғылыми қайраткерлерімен қарастырылған А. Г Братконың, М. В Мордвинцева, В. В Степанова, Ю. А Загороднев, М. М Колесникованың, И. В Данилов, В. В Лосевтың, Ю. Н Радачинскийдің, Губенко Е. С, Кликушин А. А., Прошунин М. М., О. В Васильеваның, А. А Мусаткинаның, Пенькова А. С., Танасиенко И. И., А. В Шаповаловтың, Якуба О. М, Суворов А. В., Коровяковский Д. Г., Гончарук Н. С., Н. В Кулаженкованың ғылыми зерттемелерінде қарастырылған.
Зерттеу мақсаты Бұл жұмыстың негізгі мақсаты банк заңнамасын, теориялық зерттеулер мен заң актілерін зерттеу негізінде банк міндеттемесін заңды жауапкершіліктердің бір түрі ретінде айқындау.
Зерттеу міндеттері
1. Заңды жауапкершіліктің алуандылығы ретінде қаржылық жауапкершілік түсінігі мен белгілерін зерттеу және нақтылау.
2. Қаржылық жауапкершіліктің басқа да заңды жауапкершілік түрлерімен байланыстарын айқындау.
3. Заңды жауапкершіліктің арнайы субъектісі ретінде банктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, банк қызметінің белгілері мен ерекшеліктерін ашып беру.
4. Банктердің заңды жауапкершілігі туралы нормаларын құрайтын құқықтық актілерін жүйелендіру және қайта талдау.
5. Заңды жауапкершілік төңірегінде банк заңнамасын бұзғандығы үшін несие ұйымдарының жауапкершілігін қайта талдау.
6. Банктердің салық заңнамасы нормаларын бұзуына ықпал ететін себептері мен шарттарын айқындау.
7. Банктермен заңды жауапкершіліктің заңдылығы мен сипатын бұзудың теориялық аспектілерін анықтау.
Зерттеу нысаны банктердің қатысуымен қаржылық салада шоғырланатын қоғамдық қатынастары; заңды жауапкершіліктің басталуына ықпал ететін арнайы субъектілердің тәртібі мен іс әрекеті болып табылады.
Зерттеу пәні банк заңдылығы болып табылады. Банк заңнамасы - бұл заңдылықтың кешенді саласы және осы қатынаста Қазақстандық заңдылық жүйесінде ерекше құрылымдық білім беру болады.
Тақырыпты зерттелу деңгейі. Ғылыми жұмысты жазған кезде келесідей авторлардың еңбектері қолданылған: «Банктік несиелендіру және банк жүйесін құру саласындағы Ресей Федерациясының заңнамасын жетілдіру» Р. З. Юсупов, «Банк қызметін дамыту: тарихи жазба» Н. В. Мордвинцеваның, «Банктің құқық бұзушылығы туралы» В. В. Степанованың, «Банк заңнамасын бұзғаны үшін несиелік ұйымдарының қаржылық жауапкершілік тарту ерекшеліктері» Ю. А. Загородневтің, «Банктер мен банк қызметі туралы заңдылығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілігін іске асыру мәселелері» Н. С. Гончаруктің, Н. В. Кулаженкова және басқалары, сондай-ақ Братко А. Г. оқулығы, Қазақстандағы Банк құқығы (теория мен тәжірибе сауалдары), «Заңды жауапкершілік мәселелері» атты А. Т. Шаримованың диссертациясы, «Қазіргі қаржылық құқық субъектілері ретіндегі несиелік ұйымдарының қызметін реттеудің теориялық негіздері» атты С. В Рыбаковтың еңбегі қаралды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі материалистикалық диалектиканың ұлттық тәсілдері болып табылады: ресми-логикалық, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық және әлеуметтік, соған қоса талдау, синтез, аналогия, үлгілендіру және жалпыландыру әдістері негізінде.
Нормативтік-құқықтық базасы - «Ресей Федерациясының Орталық банкі туралы» (Ресей Банкі) 10. 07. 2002 N 86-ФЗ, «Банктер мен банк қызметі туралы» 02. 12. 1990 N 395-1-ФЗ, «Дәрменсіздігі (банкротқа ұшырау) туралы» 26. 10. 2002 N 127-ФЗ, «Қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырудан алған табыс көздерін ресмилендіруге (ақша қаражаттың ізін жасыру) қарсы іс әрекеттер туралы» 07. 08. 2001 N 115-ФЗ, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі» 30. 12. 2001 N 195-ФЗ, РФ ОБ нұсқаулары мен бұйрықтары, сондай-ақ банк, салық, әкімшілік, қылмыстық заңдылық салаларындағы Қазақстанның басқа да заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Президентінің үкімі, Қазақстанның Конституциялық Сот, Еліміздің Жоғарғы Сот және Қазақстанның Жоғарғы Арбитражды Соттарының Қаулысы, шешімдері, басқа да нормативтік және нұсқаулықты-әдістемелік құжаттары болып табылады.
Жұмыстың зерттелу әдістері Бұл жұмыс несиелік ұйымдарының қаржылық жауапкершілігі институтын одан әрі зерттеуге және қаржылық жауапкершілікті Қазақстандық құқық жүйесіндегі заңды жауапкершіліктің басқа да түрлерімен салыстырмалы түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы
Банктердің банктер мен банктік қызметі туралы заңнамасын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілікке тарту сауалы қазіргі уақытқа дейін зерттелмеген. Аталған тақырып бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі өзекті мәселелерді практикалық тұрғыда зерттеп, эксперементтік бөлімге енгізілді.
Дипломдық жұмыстың негізгі ережелері мен материалдары тәжірибелік оқулар мен бақылау жұмыстарына дайындалу үшін қолданылуы мүмкін.
Практикалық базасы болып Қазақстан Ұлттық Банкінің жыл сайынғы есептері, Қазақстанның Конституциялық Сотының қаулысы, Республикалық арбитражды соттарының тәжірибесі қызмет етеді.
Диплом жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда әдебиеттік шолу жасалды. Екінші тарауда Қазақстандағы банк заңнамасына сәйкес құқық бұзушылығына сипатталған. Кіріспе бөлімде тақырыптың өзекті мәселелері қозғалып, мақсаттары айқындалан. Сонымен қатар қосымша беттер тіркелген.
- БАНК МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
1. 1 Жалпы қаржылық-құқылық жауапкершілігі жүйесіндегі банктік жауапкершіліктің қалыптасу тарихы
Банктердің алғашқы түпнұсқалары ежелгі уақытта Египет пен Грецияда қалыптасқан болатын. Ол кезде қарыз алушыға қарызға берілетін ақша қаражаттары, сондай-ақ құнды заттары ғибадатханалар мен сарайларда тек оларды қосымша пайызбен одан әрі жаңғырту мақсатында сақталған. Адамдардың пікірінше, олардың осындай мекемелердегі жинақтары құдай қорғанысында секілді деп ойлаған. Есепті пірлер (жрец) жүргізген, олар өз мемлекетінің бүкіл жағдайын қадағалап отырған.
Мұндай «банктік ұйымдары» кейіннен көбейе бастады, бұл болашақта банк жүйесінің дамуына алғышартын берген еді.
Бірінші ресми банк қазіргі түсінікте 1584 жылы пайда болды, Венециялық республиканың Сенат декретінде бірінші банкті құру туралы заңы түрінде бекітілді. Осы Ортағасырлық мануфактура мен өндіріс кезеңіндегі Венеция, Флоренция елдерінде және т. с. с. алғашқы банктер пайда бола бастады, өйткені бұл елдер ірі сауда орталықтары болатын.
Кейіненнен, 1609 жылы Амстердам қалалық басшылары Амстердам банкін негіздеген. Сол кезден бастап жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерге несиелер беріле бастады, аукциондар мен басқа да іс шаралары іске асырылды. Алғашқы қаржылық органын құрған сәтінен бастап Англия банктік дәуірге 1664 жылдан бастап кірді, бұл Англиядағы сауда мен экономикалық саясатының қалыптасуына ықпал еткен. АҚШ-та алғашқы банк Филадельфия болған, ол кейіненнен құрылған (яғни, 1781 жылдан) .
Ресейде банктердің қалыптасу тарихын Анна Иоановна басқару жылдарымен байланыстырады. 1733 жылы несиелерін 8%-бен беретін алғашқы қаржылық ұйымдары пайда болды. Елизавета Петровна басқару кезеңінде, көпшілігі оның қызметіне наразы болғандығына қарамастан, 1754 жылы Санкт Петербургте алғашқы мемлекеттік және көпестік банк құрылды.
Құндылықтар немесе басыбайлы шаруалармен басқару секілді міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілдері қарастырылады, сондай-ақ тек бай адамдар ғана бола алатын кепілдік институты қалыптасты [1] .
1757 жылы Ресейде вексельдік айналым енгізілді, ал 1769 жылы ІІ Екатерина басқаруында ассигнация шығарылымы ұйымдастырылды.
Қазіргі замандағы түсінікте коммерциялық банктер Ресейде 1817 жылдан бастап қалыптаса бастады, олар көпестер үшін арналған және тауар алмастыру және төлем орындаумен байланысты операцияларын іске асыратын болған. Кейіннен қысқа мерзімді несие пайда болды, ол айналым құралдарын толықтыру, өндіріс факторлары, еңбекақы төлемі үшін саудагерлерге несие беру мүмкіндігін береді. Несие беру мерзімі біртіндеп ұлғайып келген еді.
Ресейде алғашқы коммерциялық банк 1864 жылы Санкт Петербург қаласында пайда болды. Оның жарғылық капиталы 5 миллион рубльді құрады.
1888 жылдың тамыз айынан бастап банк жүйесі өсе бастаған, соның салдарынан банктердің ресми тіркелуі қалыптасты. Банктер несиелер бойынша қайтарымдылық есебінен мемлекеттің экономикалық жағдайына оңды әсер еткен, бірақ бастапқы уақытта олар халық арасында өте төмеңгі деңгейде сенімділік білдірген, көпшілігі оларға өздерінің жинақтарын салуға бармады. Бірақ уақыт өте келе бұл жағдай өзгерген, клиенттер жиі банктерге қатынаса бастады, сондықтан соңғылары таным болып, олардың саны ұлғая бастады. Бір жылдан кейін біздің елімізде олардың саны 43 дейін жеткен, одан әрі екі есеге ұлғайды.
Кейіннен несиелік ұйымдарды лицензияландырудың алғышарттары қалыптасты, екі заң қабылданды, олардың біріншісі банкті ашу шарттарын белгілеу, ал екіншісі оларды бақылау әдістерін анықтау. Екі деңгейлі банк жүйесі туралы акт қабылданды, осы уақытқа дейін оны Орталық Банк басқарған еді. Жоғарыда аталған заңдардың қабылдануымен, коммерциялық банктері өзіндік тәуелсіз дәрежеге ие болды, оның негізінде олардың қызметі кеңейе бастады. Несиелік саясатпен айналысуға, ақша қаражаттарын салымдарға тартуға, өзінің пайыздық ставкаларын иеленуге, сондай-ақ валюталық операцияларды орындауға ресми түрде рұқсат етілген.
Қажетті жетекшілік пен бақылаусыз банктің қаншалықты қызмет етуі мүмкін болады? Бұл сұраққа арналған жауап - мүмкін емес деп ұйғарамыз. Банктік бақылау Ресейде 11 ғасырда қалыптасқан, Орыс Ақиқатында жоғары лауазымды тұлғасы - князь бекітетін еді. Одан кейін, 12 ғасырда бұл Владимир Мономах жарғысымен толықтырылған, ол қаржылық бақылауға қатаң және тәртіптік сипат берген еді. Мемлекет қаржыларымен басқаруды бақылау веченің (бұрыңғы Русьта қала халқының қоғамдық істерді шешетін жиналысы) маңызды қызметі болып табылады.
Романовтар династиясының қалыптасуында, яғни 17 ғасырда қоғам мен биліктің өзара қарым қатынасында Земск жиналысымен жасақталған және қабылданған (1649ж. ) Алқалы жиналыс қаулысының заңдарымен белгіленген. Жинақтарда елдің экономикалық және ақшалай жүйесіне кедергі беретін ең қауіптілер қатарындағы мемлекеттің ақшалай монополиясына қарсы қылмысы бекітілген еді[2] .
Өкінішке орай, 18 ғасыр өте мәнді болмады, бұл сатыда қаржылық бақылауды ұйымдастыру күрделі жетістіктерге жетпеген еді: атаулар өзгерген, қызметтері бөлінген, бақылаушы органдарында тәуелсіздіктің жоқтығы дамуды тежеген еді. Тек 19 ғасырда М. Сперанскийдің мемлекеттік бақылау реформалары мәні жағынан тәуелсіз болды. Мемлекеттік есептерді тексерумен басқару кеңейтілген уәкілеттілік ұсынған еді. Мемлекеттік бақылаушы лауазымын және ерекше тәуелсіз ведомство мекемесін енгізу оңтайлы өзгерістерге әкелді.
19 ғасырдың соңына қарай мемлекеттік есептеме жүйесінде бірыңғай өзгерістер жүрген, оның ішінде 1862 жылғы заңмен бекітілген бюджет мен касса бірыңғайлығы енгізілді. Осы жылдан бастап мемлекеттік шығындар мен кірістер тізімі жыл сайын жариялана бастады. Банктердің қызметі бірыңғайланған және халық тарапынан оларға деген сенімгерлік арта түсті.
Осы мезгілде Ресей Мемлекеттік банкі құрылды, біруақытта көптеген несиелік қоғамдары ашылған. 1872 жылы банк жүйесінің құрамына жалпы қоғамдық қалалық, жер және жеке ұйымдары кірген. 1880 жылы 49 филиалдары, 83 несие қоғамдары, 729 жинақтаушы серіктестері, 32 коммерциялық банктері есептелді. Конторлар, айырбастаушы орындар, сауда үйлері қалыптасты.
20 ғасырдың бірінші жартысы банк жүйесінің тұрақсыздылығымен сипатталады, оның қайта құрылуы жүрген. Бақылау органдарының негізгі мақсаты тиімді болмайтын тек айқындалған бұзулықтары болған.
1990 жылы Ресей Банкі мен коммерциялық банктердің қызметімен реттелетін, алғашқы банк заңдары қабылданды. Бірінші баспамен несиелік ұйымдардың қызметіне қадағалау бойынша Орталық Банк уәкілеті бекітілді. Банктер үшін міндетті нормативтер анықталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдары және олардың филиалдарымен банктер мен банктік қызметі туралы заңын қатаң сақтану бойынша алғашқы тексеру жұмыстары жүргізілді. Бірақ сол уақытта банктердің қызметіне қадағалау тәртібін анықтау нақты белгіленбеді, сондықтан, жаңа баспамен 1995 және 1996жж осы сауалды талқылау кеңейтілген және нақтыланған еді.
Осы сәттен бастап лицензияларды алу және оны қайтарып алу тәртібі; Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі; банк жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілдері; міндетті экономикалық нормативтері; инспекциялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізудің негізгі тәсілдері тіркелген.
Заңдылық банктік бақылау мақсатын біркелкі бекіткен, оның мәні банк жүйесінің тұрақтылығы мен төзімділігін, сондай-ақ салымшылар мен кредиторлардың құқықтары мен көзқарастарын қолдауда. Сол уақытта Ресей Банкі несиелік ұйымдардың шұғыл қызметтеріне араласпайтындығын, заңмен белгіленген төңірегінде олардың тәуелсіздігін білдіретіндігін ескеру керек.
Осылайша, бір орнында тұрмайтын және одан әрі жетіліп, өзгеретін банк жүйесі мен банк заңдылығы біртіндеп қалыптасты[3] .
1. 2 Банк міндеттемесі мен банктік құқық бұзушылық түсінігі
Теориялық көзқарастан банк қызметін қарастырған кезде «банк», «банктер», «банк жүйесі» секілді түсініктерін нақтылау маңызды болады. Банк түсінігінің өзі әжептәуір кең, ол толық мөлшерде оның ішкі мазмұны туралы көрініс береді және банк жүйесінің элементі ретінде қарауға бірыңғай тұтас формасы деп қабылдауға мүмкіндік береді.
Заң ғылымының кандидаты Исакова З. Д. банк анықтамасын қаржылық-несиелік жүйелерінің звеносы арқылы береді, оны ақша қаражатын сатып алу және сату бойынша қызмет көрсетулер есебінен кәсіпкерлік қызметін, несиелік операцияларын дамыту және экономиканың қажеттіліктері үшін құқықтық негізде қаржылық ресурстарын қалыптастыруды іске асыратын ерекше дәрежесі бар ерекше бір кәсіпорын ретінде анықтайды.
Біртекті қызметтерді орындайтын және қызмет көрсету сипатына қарай ұқсас болатын, сандық және территориялық, функционалдық критерийлері бойынша біріктірілген банктердің барлық жиынтығын «банктер» түсінігін ашады.
Әдебиет көзінде «банк жүйесі» түсінігінің мазмұнында ерекше бір мән жатыр. Банк жүйесі елдегі банктердің қызмет етуші құқықтық және институционалдық аспектілер жиынтығы түрінде көрінеді. Банк жүйесі қызмет көрсетулердің типі мен сипатына қарай банктер желісін қалыптастыру жөніндегі идеялары, банк істері мен банк қызметінің заңды негіздері, олардың қызметіндегі банктердің философиясы болып табылады. Банк тауарлы-ақшалай шаруашылықтың маңызды элементі болып табылады. Ақша формасының айналымға түсу бастамасы банк ісінің дамуы мен банк жүйелерінің қалыптасу бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, банктердің даму деңгейі экономикадағы тауарлы-ақшалай байланыстарының даму деңгейіне сәйкес келеді. Банк - экономиканың және де мемлекеттің негізгі қозғалтқыш элементі болатындығын нақ айтуға болады, сондықтан теорияда да, тәжірибе де банктік жауапкершілікке көп көңіл бөлінеді.
Банк міндеттемесі туралы сауалдарын зерттей отырып, біздің пікіріміз бойынша, банктік қатынастарының ішіндегі құқықтық табиғатын анықтау қажет.
Банк жүйесіндегі барлық құқықтық қатынастары екі санатқа бөлінеді. Біріншісіне Қазақстанның Орталық Ұлттық Банкі, ал екіншісіне - несиелік ұйымдары жатады. Мұндай құқықтық қатынастарын бөліп көрсету банк жүйелерінің құқықтық элемент дәрежесі мен мақсаттарына, уәкілеттеріне, қызметтері мен алуан түрлі міндеттерімен сипатталады.
Қазақстанның қазіргі екі деңгейлі банк жүйелерінің құрылымы әрбір осы деңгейлердегі арнайы бірқатар міндеттерін шешуді ұйғарады.
Заң шығарушы Қазақстан Банкіне ерекше құқықтық дәрежесі мен жалпы банк жүйесін реттеу және бақылау уәкілеттілігін бекіткен, бұл субъектілер арасындағы өзара қатынастарын бекіту үшін негізін қалаушы сәті болып табылады. Қазақстанның Банкі мен несиелік ұйымдарының қатынастары қаржылық, оның ішінде банктік заңдылығымен бірыңғайландырылған.
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк жүйелерінің қатынастарына азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдерін қолданатын банкаралық нарық ұйымдары мен клиенттер келісім шарттары жатады. Жоғарыда аталғандарға байланысты, несиелік ұйымдарының жауапкершілігін Қазақстанның банк жүйелерінің әр түрлі деңгейлері бойынша жүйелендіруге болады.
«Банк міндеттемесінің» түсінігі туралы көптеген қарама қайшылықтар туындаған. Оның бір себебі осы түсінікке заңдылықтың бекітілмеуі болып табылады. Н. А. Сатаров банк міндеттемесін «қаржылық-құқылық нормаларын бұзғандығы үшін сол уәкілетті органдарға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеу іс шараларын қолдану, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қосымша ауыртпалық жүктеу» ретінде анықтайды. Бұл түсінік Р. Л. Хачатуровтың және Р. Г. Ягутян авторлары болатын «Заңды жауапкершілік» монографиясында қарастырылады. Олар банктік жауапкершілігін тек өзінің іс әрекеттеріне жауап беру міндеттемесі ретінде емес, ал қандай да болмасын ойға салусыз жауапты әрекет ету деп қарастырады. Бұл қатыста А. Г. Братконың пікірі қызықты болады, ол өз кезегінде банк міндеттемесін «жауапкершілік» термині деп қабылдау керек емес деп айтқан. Ол өзінің ұстанымын, банк құқығының санкциялары басқа құқық салаларының санкцияларына қарағанда кінә принципін ескермейді. «Банк салымшылары мен басқа да банк клиенттері үшін кімнің кінәсі есебінен несиелік ұйымдары банк операцияларын іске асыруды тоқтатқаны талғаусыз. Қазақстан Банкі де банк лицензиясын кері тартпақ болады, егер несиелік ұйымдарының кредиторлары үшін шын қауіп сезген болған жағдайда» - деп А. Г. Братконың еңбегінде жазады. Яғни, банк құқығында санкциялар деп елеулі сезілетін зиянды алдын алу мақсатында қолданылатын қорғаныс іс әрекеттері деп түсінеді.
Мұндай талқылаулар «банк міндеттемесінің» түсінігін екі тәсілмен қарастыруға әкеледі: оңды және теріс жағынан. Оңды деп өзіне жүктелген міндеттемелеріне жауапкершілігі деп түсінеміз. Ол банктік заңдылықтың нормаларында бекітілген. Мысал ретінде «Ресей Орталық Банкі туралы» 10. 07. 2002ж ФЗ н емесе «Банктер мен банктік қызметі туралы» 02. 12. 1990ж ФЗ алуға болады, мұнда банктердің жеке тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттемесі; Ресей Федерациясы ОБ белгіленген міндетті нормативтерін сақтау бекітілген және т. с. с. Яғни бұл жағдай несиелік ұйымдарының өз міндеттемелерін әділ және өз уақытында орындауымен сипатталады. Ал несиелік ұйымдарының өз міндеттемелерін орындамау жағдайында, сондай-ақ оларды бұзған жағдайда мүліктіктен айыру және басқа сипаттағы салдарларын құрайтын мемлекеттік мәжбүрлеу іс шаралары қолданылатын болады. Мұнда теріс тәсілі негізделген[4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz