Дамыта оқыту әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Еуразия гуманитарлық институты

Реферат
Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру

Орындаған:Мурашит Дильназ
Тексерген:Муликова Айгуль

2021 жы

Мазмұны
Кіріспе
1.Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру
2.Дамыта оқытудағы баланың рөлі
2.1 Дамыта оқыту әдістері
2.2 Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
2.3Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері. В.В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Ең алдымен техника, технология, оқыту технологиясы, білім беру технологисы, педагогикалық технология, жаңа педагогикалық технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз керек.
Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.

1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру

Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе
ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана
Я.А.Коменский

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амон Коменский өзінің XVII ғасырда Ұлы дидактика атты еңбегінде айтып талданған. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выгодский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл - ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл - ойын, барлық қабілет - қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,-деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выгодский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менческая) және т.б., іс - әрекет теориясының пяихологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісі Л.В.Занков басқарады.
Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выгодскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру , нақтылау. Л.С Выготскийдің дәлелі бойынша ол баланың дамуының екі аймағын көрсетеді. Бірінші: Бала үлкендердің көмегімен даму үстінде, ал екіншісінде бала өз қолының жету арқылы, яғни үлкендердің көмегінсіз дамуы. Бірақ алғашқы сатыдан өтпей баланың екіншіге қол жеткізуі мүмкін емес - дейді.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Л.В.Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдардың пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект.

2.Дамыта оқытудағы баланың рөлі

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", "мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айтып, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сапа.

Оқушы құзыреттіліктеріне мүмкіндік беру саласы:
Проблеманы шешу
Ақпараттық
Коммуникативтік
1.Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға, шешімді қабылдауға;
2.Өз әрекетіне мақсат қоюға;
3.Өзін-өзі бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға мүмкіндік береді.
1.Ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға;
2.Ақпаратты өңдеп, қолдануға мүкіндік береді.
1.Қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникациялық түрлерін қолдануға;
2.Әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге;
3.Тілдік қатынастық стильдер мен жанрларын қолдануға мүмкіндік береді.
2.1 Дамыта оқыту әдістері
Әр технологияның зерттеуші авторы болады дегендей, дамыта оқыту технологиясының авторлары: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев. Бұл технологияның басты мақсаты: баланың жалпы жан-дүниесіне, оның сезіміне әсер етіп, логикалық ойлауын дамыту және сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті - оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесе отырып жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді шешу, түсіндіру.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет 3 бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы
Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру
Шешудің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл үшеуді Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.Көп жылдар бойы тәжіриеде дамыта оқыту технологиясының төмендегі әдіс-тәсілдерін қолданады:
Ой қозғау әдісі - (немесе психология тілінде Миға шабуыл деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Топ құрамын да, қандай да бір проблеманы шешуге үйретеді. Барлық балалар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағаным, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
- Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
- Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
- Барлық пікірлер бір ауыз сөзбен жазылып отырғаны жақсы.
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар
Қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Дамыта оқытудың идеясын таныту
Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Пәндер