Адам қаңқасының құрылысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Байтлесова Н. К

Дуйсенбаева Ж. Б

Жаксылыков Е. Х

Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған анатомиялық әдістемесі.

Оқу-әдістемелік құрал

Орал, 2020

УДК 373. 2

ББК 74. 261

Н 13

Пікір берушілер:

Авторлар: Байтлесова Н. К. Phdдокторы, доцент

Дуйсенбаева Ж. Б. оқытушы, магистр

Жаксылыков Е. Х. оқытушы, магистр

Н 13 Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған анатомиялық әдістемесі.

/ Дуйсенбаева Ж. Б., Жаксылыков Е. Х., Байтлесова Н. К. /

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ (ОӘК) қысқа мазмұны: Анатомия және спорттық морфология пәні «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған. ОӘК дәрістер тезистерінен, курстың тақырыптық жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізбегінен, мазмұндама тақырыптарынан оқытушымен бірге сабақта орындалатын және студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын, бақылау жұмыстарынан, емтихан сұрақтарынан, өзін бақылауға арналған тапсырмадан тұрады.

ОӘК «Анатомия және спорт морфология» -пәні тірі тағзалардың жасушалық және ұлпалық деңгейдегі қызметін, тірек-қимыл аппаратын оқытатын ғылым. Анатомия және спорттық морфология жануар және өсімдік жасушалары, құрылымның негізгі заңдылықтары, ұлпаның дамуы, түзілу эволюциясы және атқаратын қызметі жайлы морфо-функционалды ұғым қалыптастырады.

Спорттық морфология - адамның дене құрылысы спорттың қай түрінде қолайлы екенін және жаттығу кезінде оның өзгерістерін сипаттайтын ілім.

МАЗМҰНЫ

Түсінік хат . . . 4

I ТАРАУ. АНАТОМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Адам анатомиясы пәні. Анатомия ғылымының салалары . . . 6

1. 2 Анатомия ғылымының зерттеу әдістері . . . 7

1. 3 Адам анатомиясының тарихы, адамның табиғаттағы орны . . . 9

II ТАРАУ. АДАМ ҚАНҚАСЫ МЕН БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ІШКІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОРНАЛАСУЫ . . . 12

2. 1 Адам қаңқасы және оның бөлімдері . . . 12

2. 2 Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы . . . 19

2. 3 Ішкі мүшелердің топографиясы . . . 21

2. 4 Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері . . . 23

III ТАРАУ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ . . . 31

3. 1 Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері . . . 31

3. 2 Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы аэробты және анаэробты өнімділік . . . 35

3. 3 Спорттық қызмет кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы . . . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

ТҮСІНІК ХАТ

Анатомия және спорттық морфология пәні «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған. ОӘК дәрістер тезистерінен, курстың тақырыптық жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізбегінен, мазмұндама тақырыптарынан оқытушымен бірге сабақта орындалатын және студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын, бақылау жұмыстарынан, емтихан сұрақтарынан, өзін бақылауға арналған тапсырмадан тұрады. Студенттерді адам ағзасының негізгі құрылысымен, оның қоршаған ортамен қатынасының тарихи дамуымен, ағзаның адамның жасына байланысты және индивидуальды ерекшеліктерімен, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорттпен айналысудың ағзаға тигізетін әсерімен таныстыру.

Пәннің міндеттері:

  • Адам ағзасының формасын, құрылысын, дамуын және қоршаған ортамен қарым-қатынасын беру;
  • өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
  • оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру;
  • анатомиядан алған білімдерін дене жаттығуларын ағза ерекшеліктеріне байланысты бере білуге үйрету;
  • болашақ мамандарды адам ағзасының ерекшеліктерімен және оған спорттың әсерін түсіндіру;
  • курс бойынша алынған білімдерін студенттерге салауатты өмір салтын жүргізу үшін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Пән мазмұны:

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша маманданатын студенттер үшін адам анатомиясы - медико-биологиялық цикл ішінен негізгі орын алады. Курста адам ағзасы - жасуша, ұлпа, мүше және жүйелердің ұйымдасқан құрылымдық компонент ретінде, біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Бұнда әсіресе тірек-қимыл аппаратына - дене тәрбиесі және спорттың әсерінің материалдық субстраты ретінде көп көңіл бөлінеді. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуында, түрлі аурулардың алдын алудағы, еңбек қабілетін күшейтудегі, дене шынықтыру жолдарын анықтауға оқытады.

Пәннің маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор етіп тәрбиелеу мен оқыту.

I ТАРАУ. АНАТОМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Адам анатомиясы пәні. Анатомия ғылымының салалары.

Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді - адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер - ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді. Анатомия гректің - “anatome” - кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп - сою анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады. Адам анатомиясының негізгі міндеті адам ағзасының көзге көрінетін және көрінбейтін мүшелерінің даму заңдылықтарын ашумен бірге, мүшелердің қалыпты жағдайын патологиялық күйінен ажыратуға көмектесу болып табылады. Сондықтан да анатомия пәні - медицина ғылымының негізгі бір саласы. Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :

Жүйелік немесе жалпы анатомия - ағзаның тірек - қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек - тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.

Топографиялық анатомия - адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді. Мүсіндік анатомия - адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді. Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды, ал мүсіндік анатомия суретшілер, скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады. Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын - функционалдық әдіс деп атауға болады.

1. 2. Анатомия ғылымының зерттеу әдістері.

Анатомия ғылымы көптеген зерттей әдістерін пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу-осу әдістері.

Құйып толтыру( инъекциялық) әдісі - бойынша ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді.

Бұзу (коррозия) әдісі - өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе, бауыр) құрылысын зерттейді. Өкпе не бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құйып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейді.

Жидіту (мацерация) әдісі - шірітіп (жидітіп), өлікті жылы сумен шаю арқылы сүйек препаратын немесе тұтас қаңқа алуға мүмкіндік береді.

Ағарту әдісі - жасалған препаратты немесе ұлпаны арнаулы сұйықтықпен өңдеп ағартып алады. Көбінесе сүйектерді ағартуда қолданылады.

Микроскопиялық әдіс - адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын байқау үшін микропрепараттар жасап зерттеуге қолданылады.

Антропометриялық әдіс - дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы пропорциясын зерттеу арқылы олардың дұрыс қалыптасып бара жатқанын анықтайды.

Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібін анықтау үшін арнаулы анатомиялық терминдер қолданылады. Мүшелердің орналасу тәртібін анықтап жазғанда, адам тік тұрып, екі қолын түсіріп, алақаны алдына қараған күйінде белгілейді. Сонда адам денесін және мүшелерін жазықтыққ пен білікке (өске) бөліп белгілеуге болады. Адам денесін тік етіп үш жазықтыққа бөліп (тік-сагиттальді, маңдай алды-фронтальді және көлденең-горизонтальді) қырқады.

Сагтитталь (sagitta-тік) жазықтық тік орналасқан. Денені алдынан артына қарай қиып өтіп тұрады, соның нәтижесінде адам денесі немесе мүшесі тең екі сыңарға, оң және сол бөлікке бөлінеді.

Беталды (frons -маңдай) жазықтық -сагитталь жазықтыққа ұқсас тік орналасқан, бірақ оған перпендикуляр жататындықтан, адам денесін немесе мүшесін алды және арты етіп екі бөлікке бөледі. Бұндай жазықтықпен кесілген мүшені оның фронтальды қимасы деп атайды.

Көлденең (gorisontal) жазықтық-сагитталь және фронталь жазықтықтармен тік бұрыш жасай қиылады. Бұл жазықтықтарды дененің бірнеше жерінен жүргізуге болады.

Медиаль (medialis) - деген, адам денесінің ортаңғы бөлігіне жақын деп, Сыртқы шеткі (lateralis) латераль-дегенді, дененің шетінде орналасқан; бүйірі (латери) дегенді, дененің сыртына теріге жақын деп түсіну керек.

Краниаль (cranialis) -деген сөзді адамның басына жақын деп түсінсек, ал Каудаль (caudalis) -дегенді тұлғаның төменгі жағына, аяққа жақын орналасқан деп түсіну керек.

Проксималь (proximalis) - деген сөзді денеге, тұлғаға жақын деп, ал Дисталь( distalis) - деген сөзді тұлғадан алшақта деп түсіну керек.

Вентраль (ventralis) -деген сөзді дененің алдыңғы жағы, немесе ішкі, құрсаққа жақын деп түсіну керек.

Дорзаль (dorsalis) - дегенде дененің арқа жағы, немесе адамның сырт жағына жақын деп түсіну керек. Адам денесінің құрылысы, оның еркін тік тұрған күйінде зерттеледі. Олар мыналар: Бас (caput) бөлімінде: ми сауыты (cranium), бет (facies), мұрын (nasus), ауыз (oris) болады. Мойын (cervix), тұлға (truncus) бөлімінде: кеуде (thorax), құрсақ (abdomen), жамбас қуысы (pelvis) болады.

Морфологиялық жағынан адам конститутциясының үш түрі (белгісі) бар (М. В. Черноруцкий) .

  1. Гиперстениктер - енді, шомбал, көлемді, семіз (қоңды) . Денесі ұзынша келгенмен аяқ-қолдары қысқа. Ми сауыты, көкірек қуысы және құрсақ көлемді еледі. Құрсақ жағы көкірекке қарағанда, көлденең өлшемдердің ұзына бойына қарағанда көлемді және басым келуі тән.
  2. Астениктер - бұлар ұзын бойлы, сымбатты және денелерінің құрылысы жеңіл, жалпы дамуы нашар, аяқ-қолдары тұлғасына қарағанда әлдеқайда ұзын және басым, көкірек қуысы құрсаққа қарағанда басым болып келеді.
  3. Нормостениктер - екеуінің арасында орналасатын тип.

Басқа классификация бойынша адамның дене құрылысы тағы да үш түрге бөлінеді:

1. Долихоморфты -биік, орта бойдан жоғары, денесі қысқаша келген, көкірек қуысының шеңбері кішілеу, иық белдеуі орташа немесе тарлау келген, аяқтары ұзын, жамбастың еңкейу бұрышы аз.

2. Брахиморфты-орташа немесе бойы одан да кіші, денесі ұзыншалау, көкірек қуысының шеңбері үлкен, иық елдеуі кеңірек, аяқтары қысқа, жамбастың еңкейу бұрышы үлкен.

3. Мезоморфты-орташа, жоғарғы екі типтің орта шенінде орналасады.

Остеология - сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;

Синдесмология - сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;

Миология - бұлшық еттер туралы ілім;

Спланхнология - ішкі органдар туралы;

Ангиология - қан тамыр, жүрек туралы;

Неврология - ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;

Эстезиология - сезім мүшелері туралы;

Эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ілім.

1. 3. Адам анатомиясының тарихы, адамның табиғаттағы орны.

Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу - Әли - Ибн-Сина. Мысалы ол Дәрігерлік ғылымның канондары” деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.

Анатомияның негізін салушы - Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған. Галеннің көп қателерін араб ғалымдары, атап айтқанда Ар-Рази, Әл-Фараби, Ибн-Рушу, Әбу-Али-Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты. Ежелгі грек ғалымдары Демокрит, Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады. Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды. Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді. Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді. Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалым Леонардо да Винчи суретші, математик, инженер, ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған. Мальпиги мен Шумлянский капилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді. Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.

Орыс ғалымдары арасынан Н. И. Пирогов, И. М. Сеченов, И. П. Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.

Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға, хордалылар типіне, сүт қоректілер класына, приматтар отрядына, адам тәрізді приматтар отряд тармағына, адамдар туысына, оның ішінде саналы адам түріне жатады.

Анатомия пәнін оқығанда жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі, аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет. Жасуша - деп тіршілік жүйесі бар, цитоплазма, ядро, органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының, дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз. Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.

Адам мен жануарларда ұлпаның 4 түрі белгілі:

1. Эпителий ұлпасы

2. Дәнекер ұлпасы

3. Бұлшық ет ұлпасы

4. Жүйке ұлпасы

Мүше -деп бірнеше ұлпалардан түзіліп, белгілі бір қызмет атқаруға, эволюцилық дамуда бейімделген, белгілі бір пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігін айтамыз. Мысалы: құлақ, сүйек т. б.

Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары ұқсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз. Мысалы: ас қорыту, тыныс алу т. б.

Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. Мысалы: тірек-қимыл аппараты, несеп-жыныс аппараты.

Ағза - барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.

II ТАРАУ. АДАМ ҚАНҚАСЫ МЕН БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ІШКІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОРНАЛАСУЫ.

2. 1. Адам қаңқасы және оның бөлімдері.

Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері) . Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу) . Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер[5] .

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады [7] .

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады[1] .

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

  • орындықта түзу отырмау;
  • жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;
  • көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
  • сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Жамбас сүйектері
Сүйек тінінің дамуы
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
СТЕРОИДТАР
Шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама
Сүйектің құрылысы
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері
Бас сүйек қаңқасы
Буындағы қозғалысты модельдеу. жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz