Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
.
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
... ... ... ... ... ... ... ...
Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, 26
мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
45
2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы ... ... ... .
2.1 Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша
анықтау ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау ...
3. Анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтары ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
РФ - Ресей Федерациясы
К - Конституция
ҚІЖК - Қылмыстық істер жүргізу кодексі
ҚК - Қылмыстық кодекс
АК - Азаматтық кодекс
ІІО - Ішкі істер органдары
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЖІШ - жедел іздестіру шаралары
ЖІҚ - жедел іздестіру қызметі
УҰИ - уақытша ұстау изоляторы
Т.б. - тағы басқа
Т.с.с. - тағы сол сияқты
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның
құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол
сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол
қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық
әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында:
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі - деп атап
көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында
әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті
заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне,
негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған
немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға
құқылы екендігіне кепілдік белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың құқықтары,
бостандықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Заң
шығарушы қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережесін бекітуде ең
алдымен жоғарыда аталған қағиданы еске алуы қажет. Аталған Конституциялық
қағиданың қылмыстық іс жүргізу барысында және қылмыстық процесс
міндеттемелерін жүзеге асыруға орай ережелерді бекітуде аса қажеттілікті
талап етеді. Сонымен қатар, заң актілерінде Конституцияға сәйкес ережелерді
бекітумен қатар, оларды іс жүзінде қолданатын қылмыстық қудалау органдары
қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттерін тиімді орындау және
оның ішінде қылмыстық процестің барысына қатысушы мүдделі тұлғалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл іс жүзінде орын алуы үшін,
қоғамға жат құбылыс – қылмысқа, оны тергеуге және алдын алуға қатысты
барлық мәселелер кешенді түрде ғылыми зерттелуі қажет.
Қазіргі таңда баршамыз өмір сүріп отырған қоғамымызда құқықтық мемлекет
құрылды. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы барлығымызға белгілі.
Яғни, Ата заңымызда көрсетілген әрбір адам және азаматтың, құқықтары мен
бостандықтарының сақталуын, өмірлері мен заңды мүдделерінің қорғалуын
қамтамасыз етуде заңның үстемдігінің қосар үлесі шексіз.
Қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер
жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының
қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Сондықтан алға негізгі мақсат
қойылған, яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау,
алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру болып табылады. Осылайша қылмыспен
күресу бүкіл қоғамымыздың ең басқа өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.
Жалпы, қылмыстық іс қозғау - процестегі күрделі қызметтердің бірі.
Бұлай дейтініміз оның құрамына қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны
тексеру, ол бойынша процессуалдық шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған
шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар
жатады. Дегенмен оның күрделі екендігіне қарамастан, заң әдебиеттерінде ол
қызметті қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға болмайды
деген пікірлер де айтылды. Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай
қылмыстық іс қозғауға қатысты жеке тарау мен арнайы баптар көзделген.
Сондықтан да қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау процестің дербес сатысы
болатындығына күмән жоқ.
Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші,
прокуратура, сот және анықтау органдарының қызметтері жариялы құқықтық
сипатта болады. Қылмыс – құқық бұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі. Сондай-
ақ, ол жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға,
мемлекетке күрделі зиян келтіреді. Ол мемлекеттің өкілетті органдарына
қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген
шараларды қолдануын міндеттейді.
1995 жылдың 30 тамызында өзіне қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын
ала тергеу жүргізетін арнайы органдар туралы бап енгізген Қазақстан
Республикасының Конституциясының қабылдануы [1],
1995 жылдың 6 қазанында "Қазақстан Республикасында анықтау мен
алдын ала тергеуді жүргізетін органдар туралы",
1997 жылдың 23 желтоқсанында "Қазақстан Республикасы
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің" [2] қабылдануы құқықтық мемлекет құруға өз
үлестерін қосты.
Өз кезегінде өмір сүріп, қылмыспен күресудің белгілі бір этапын өткізген
мемлекеттік тергеу комитеті туралы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев:
- Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуы қылмысқа қарсы тұратын жаңа
жүйенің қалыптасуының бастамасы [3,1], - деген.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік
тергеу комитетінің таратылуы және жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
сәйкес енді алдын ала тергеу мен анықтауды ішкі істер органдары, ұлттық
қауіпсіздік органдары және қаржы полиция органдары жүргізуі алдын ала
тергеу мен анықтау арасындағы елеулі сұрақтарға қайта айналып соғуға негіз
береді. 1997 жылға дейін қоғамда қылмыстық іс жүргізу аясында билік
жүргізіп келген 1959 жылғы ҚазКСР-інің қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997
жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің қабылдануы
негізінде күшін жойып енді алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудің тәртібі,
жүргізетін органдар шеңбері кеңейіп құқықтық реформалаудың жаңа бір кезеңі
басталды.
ҚР ҚІЖК-і қабылданғалы бері оған 8-заңмен өзгертулер енгізілгенмен
қоғамның күннен күнге жаңаруына байланысты онда қаралатын мәселелер
баршылық.
70 жыл бойы тоталитарлық жүйеде жұмыс істеп келген қылмыстық іс жүргізу
1997 жылы жаңа ҚІЖК-інің қабылдануымен жаңа бір серпіліс пен дамудың
кезеңіне деп келді. Сондай-ақ өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет
болғанына 15 жылдан асқан біздің еліміздің процессуалдық заңдылығы үлкен
жетістіктерге жетуде. Бірақ қоғамның қайта жаңару мен даму кезеңінде
қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің де жаңа көріністерден
көрінуі заңдылық және керек дүние. Осыған байланысты бұл стадияда негзгі
процессуалдық функциялардан басқа (қылмыстарды ашу, қылмысты жасаған адамды
әшкерелеу және т.б.), айыпталушыны тергеуден және соттан жалтармауын,
қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру, мүліктің тәркілену
мүмкіндігін ішінара қамтамасыз етуші функциялар да атқарылады. Бұдан біз
аталған стадияның қылмыстық іс жүргізудің өзге стадияларының ішіндегі
негізгісі, маңыздысы және аса өзектісі деп көрсете аламыз. Бүгінгі таңда
бұл стадияны реттеуші нормалар да көптеген өзгертулер мен толықтыруларды
күтуде. Атап айтсақ, жоғарыда айтылған айыпталушының тергеуден және соттан
жалтармауы осы стадияда оған қатысты қылмыстық қудалауды жүргізуші органмен
белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеу
шараларының бір түрі бұлтартпау шаралары, соның ішінде қамауға алудың
санкциялануына қатысты Қазақстан республикасының Конституциясының 16-
бабының 2-бөлігіне өткен жылы санкция тек сотпен беріледі деп өзгерту
енгізілген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ҚІЖК өзгертулер
мен толықтыруларды болжайды.
Сол себепті мен осы бітіру жұмысының тақырыбы ретінде Алдын ала тергеу
мен анықтаудың ара қатынасы мәселесін алдым. Бұл бітіру жұмысында мен
алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасына тоқталып, олардың
негізгі ұқсастығы, айырмашылығы мен қарама қайшылықтарын қарастырамын. Бұл
еңбекті жазуда мен негізінен Қазақстан мен алыс-жақын шетел заңгерлерінің,
профессорлардың, заң ғылымы доктарларының және заң ғылымы кандидаттарының
ғылыми еңбектері мен диссертациялары пайдаландым.
Дипломдық жұмыстың алдын ала тергеу қылмыстық процестің дербес сатысы
екендігін, ондағы қолданылатын дәлелдемелердің түрлері мен жүзеге
асырылатын дәлелдеу қызметінің маңызы, мазмұны мен ерекшелігінің
түсініктері мен негіздерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеудегі
үлесі өте зор болып табылады. Сонымен бірге бұл жұмыс мемлекетіміздің осы
тұрғыдағы проблемаларды шешуге қосылған үлкен үлесі болып табылады.
Зерттеу барысында мынандай ғылыми нәтижелер алынды:
Алдын ала тергеу сатысының алдағы уақытта процестің дербес сатысы
ретінде қалуы және оның болашақта жойылып кетпеуіне байланысты іс шаралар
айқындалған.
ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу
құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті
тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеудегі тек
тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.
Егер анықтау органында алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған
жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді
тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде
қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат
ішінде қабылдануы керек.
Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда оның
негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау
органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын
алады.
Бітіру жұмысы мына жоспарда жазылған:
Кіріспе.
1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.
1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі,
мәні мен маңызы;
2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.
2.1. Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде;
2.2. Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде;
2.3. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау;
2.4. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;
3. Анықтау мен алдын ала тергеу айырмашылықтары.
Қорытынды.
Еліміздің Конституциясы құқықтық мемлекет құрып, қоғамдағы қылмыспен
күресудің рөлі мен орнын айқындап береді.
Қазір біздің мемлекетіміз алға қарай дамып келеді, яғни заман, қоғам
талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық
әрекеттермен байланыстыруға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үздіксіз
алға ілгерлеуде. Оған енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық
қорғау жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізуде.
Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, әсіресе, кейінгі жылдары дамып келе
жатқан демократиялық құрылым, қылмыстық ізге түсу органдарының рөлін
бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтере түсуде. Осы айтылған мәселелер,
тақырыптың өзектілігін, құндылығын көрсетеді.
Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясына,
қылмыстық іс жүргізу кодексіне, жедел-іздестіру қызметі туралы, ұлттық
қауіпсіздік органдары туралы, ішкі істер органдары туралы және басқа да
заңдарға, ғылыми еңбектерге, іс тәжірибелік деректерге негізделген. Нақты
тақырып бойынша М.С. Строгович, Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин, Е.Е. Ерешев,
М.Ч. Қоғамов, В. Чистяков, Т.Е. Сарсембаев, О.Л. Васильев және т.б.
ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, сыни тұрғыда баға берілген.
Әрбір ғылыми нәтижеге негіздеме ретінде ізденуші белгілі заңгер
ғалымдардың ой-тұжырымдарын, нормативтік құжаттарды негізге алып, кейбір
ғалымдардың көзқарасына талдау жасап, қолданыстағы заң нормаларына терең
ғылыми талдау нәтижесінде жаңа ғылыми ұсыныстарға қол жеткізген.

1.1.Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу жүргізу стадиясының жалпы
түсінігі, мәні және маңызы.
ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 16-тармағына сәйкес алдын ала тергеу (алдын ала
іздестіру) – бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік
шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және
қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі
қызметінің іс жүргізу нысаны.
ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 15-тармағына сәйкес анықтау – бұл анықтау
органдарының осы кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайдының
жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды
қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу
нысаны.
Қылмыстық іс жүргізу барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар
кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп
аталады.
Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады:
1. Әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде қылмыстық
істер жүргізу кодексінде арнайы белгіленген;
2. Әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері
бар;
3. Әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен
реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектлері
көрсетілген;
4. Әр стадия – оның нәтижесін қорытындылайтын
процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.
Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:
1) қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот
талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5)
апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс);
6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық
іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі
стадиялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу
стадиялары деп қаралады.
Аталған іс жүргізудің кезеңдері қылмыстық процестің негізгі стадиялары
болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде
кейінірек айтылады). Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан
бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың
өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудің барысында бұл іс заңды түрде
қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу
сотқа дейінгі стдадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша
сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген өндіріс қажет
болмайды.
Кез келген қылмыстық істі сот отырысында талқылап және сол іс бойынша
шешім шығару үшін, алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен және жолмен
дәлелдемелерді жинап, қылмыс істеген адамның ізіне түсіп, оны айыпкер
ретінде жауапқа тартып, оның тергеу мен соттан қашып кетпеуіне жағдай жасау
керек. Өйткені осы алдын ала жасалған әрекет негізінде сот талқылауы орынды
және оның шешімі заңды әрі негізді болмақ.
Жоғарыда көрсетілген екі стадияның алғашқысы сотқа дейінгі іс жүргізу
істі сот отырысында талқылап, мәні бойынша шешім шығару үшін алдын-ала
заңмен көрсетілген тәртіппен жүргізілетін тергеу әрекетінің негізін
құрайды. Бұлай дейтін себебіміз осы стадияда алдын-ала тергеу әрекеттерінің
барлық процессуалдық міндеттері орындалады.
Ал енді осы Алдын-ала тергеудің анықтамасына тоқталайық. Отандық немесе
ресейлік авторлар өз еңбектерінде алдын-ала тергеуге әр түрлі түсініктеме
береді. Т.Е. Сарсенбаев, А.Л. Хан сотқа дейінгі іс жүргізу бұл Қазақстан
Республикасының қылмыстық процессуалды заңдылығына сәйкес қылмыстық іс
қозғау стадиясынан кейінгі, сотта істі қараудың алдындағы қылмыстық
процестің стадиясы деп атаса [4,25], Р.Х. Якупов алдын ала тергеу дегеніміз
негізсіз айып тағудан арашалау және кінәсізді ақтап шығуға, қылмыспен
бұзылған азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қылмысты ашу мен
қылмыскерді ұстау және жауапқа тартуға бағытталған тергеушінің процессуалды
заңдармен реттелетін мемлекеттік қызметі деп түсінік береді [5,226]. Алдын
ала тергеу дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты
прокурордың қадағалауы жүйесінде жүзеге асырылатын тергеуші мен анықтама
органының қызметі [6,26].
Профессор Е.Е. Ерешевтің пікірінше қылмыстарды тергеу - әр қылмысты тез
және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында
жүргізілетін тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі. Қылмыстық іс
бойынша тергеу жүргізудің екі нысаны бар: 1) анықтау, 2) алдын ала тергеу.
Заңға сәйкес, қылмыстардың басым көпшілігігінде және ауыр түрлері бойынша
алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу – қылмыстық
істерді тергеудің негізгі нысаны ретінде қаралады. Заңда көрсетілген ауыр
емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар бойынша анықтау жүргізу қолданылады.
Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қаржы
полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша
анықтау жүргізетін органдар: ішкі істер органдары, қаржы полициясы
органдары, әділет органдары, шекара бөлімдерінің командирлері және т.б. Бұл
органдар әрқайсысы өз мекемесінің қызмет саласына сәйкес қылмыстар бойынша
анықтау жүргізеді. Осы мемлекеттік органдардың анықтау қызметінің атқаратын
лауазымды адамы анықтаушы деп аталады.
Алдын ала тергеу жүргізудің нәтижесінде қылмыс жасаған адам анықталып,
ол әшкереленген болса, онда тергеуші айыптау қорытындысын жазып (анықтау
жүргізілген жағдайда анықтаушы айыптау хаттамасын жазады), онымен бірге
қылмыстық істің барлық материалдары тиісті прокурорға беріледі. Прокурор
істің материалдарын жан-жақты тексеру арқылы айыпталушы сотқа беруге жатады
деп тапса, ол бұл жөнінде қаулы шығарып, істі негізінен шешу үшін тиісті
бірінші сатының сотына жібереді [7,10].
Алдын ала тергеу дегеніміз алдын ала тергеу органдары мен анықтау
органдарының қылмысты тез және толық ашу дәлелдемелерді табу, жинау,
зерттеу, бағалау және пайдалану, қылмыстық істі жан-жақты толық объективті
түрде зерттеу, қылмыс жасаған адамдарды табу, оларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту, қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайды анықтау,
қылмыспен келген материалдық зардапты толықтыруды қамтамасыз етуге
бағытталған ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетін қызметі.
Сондай-ақ ҚР ҚІЖК сотқа дейінгі іс жүргізуге былай деп анықтама береді:
қылмыстық іс қозғаннан бастап оны мәні бойынша іс жүргізу, сондай-ақ
қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын
дайындау [8,81].
Алдын ала тергеу қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған
адамдарды әшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде тану, қылмыстардың жолын
кесу бойынша шаралар қабылдау, оның жасалуына әсер еткен себептер мен
жағдайларды табу мен жою, сондай-ақ қылмыспен келтірілген зиянның орнын
толтыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау мақсатында, солардың
негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталатын дәлелдемелерді жинау,
тексеру және бағалау бойынша прокурордың қадағалауымен жүзеге асырылатын
анықтау органдарының және тергеушінің қызметін білдіреді [9,281].
А.И. Трусов, Н.Ф. Гуценко осы әрекеттердің жүзеге асырылуы барысында
шешілетін мәселелерге байланысты, әдетте олар екі жеке топты құрады деп
көрсеткен. Олар:
1. Зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері, солар арқылы анықтау органдары,
тергеуші немесе прокурор алдын ала тәртіпте (сотқа дейін) дәлелдемелерді
табумен, бекітумен және зерттеумен байланысты мәселелерді шешеді (жауап
алу, беттестіру, тану үшін көрсету, тінту, алу, тексеру, куәландыру,
сараптама тағайындау).
2. Өзге де, ең алдымен іске қатысушы адамдардың құқықтарын қамтамасыз
етуге бағытталған тергеу әрекеттері (айыпталушыны айыпталушы ретінде тану
туралы қаулымен таныстыру, оған тиісті құқықтарын түсіндіру, жәбірленушіні,
азаматтық талапкер мен азаматтық жауакерді тиісті қаулымен таныстыру, осы
адамдарға құқықтарын түсіндіру және оларды қамтамасыз ету және т.б.)
[10,183].
Осы жоғарыда аталған зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері ҚР-ның ҚІЖК-
нің 26-33-тарауларында бекітілген.
Негізінен алып қарасақ барлық авторлардың айтып отырғаны дұрыс. Айтылуы
әр түрлі болсада ой ортақ. Мен өзім Н.В. Жогин мен
Ф.Н. Фаткулиннің алдын ала тергеуге берген анықтамасына толықтай қосыламын.
Онда былай делінген алдын ала тергеу – қылмыстық толық және тез ашылу
мақсатында прокурорлық қадағалау негізінде анықтау органы мен тергеу ісінің
іс үшін маңызы бар дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға негізделген
қызметі. Сондай-ақ алдын ала тергеу қылмысты ашу, кінәләнә жауапкершілікке
тарту, істің сотқа өтуіне алғы шарттар жасауға негізделген шарт, нысан,
құралмен реттелетін барлық заңи нормаларды біріктірген қылмыстық-
процессуалдық құқықтың бір бөлігі боп табылады [11,35].
Алдын ала тергеу стадиясының алғы шарты ол қылмыстық істің қозғалуы боп
табылады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 177-бабында қылмыстық істі
қозғаудың себептері және негіздері көрсетілген:
■ азаматтардың арызы;
■ кінәні мойындап келу;
■ мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басшылық қызметін
атқарушы тұлғаның хабарлауы;
■ бұқаралық апараттар құралдарының хабарлауы;
■ қылмыстық істі қозғауға уәкілетті органның немесе тұлғаның қылмыс ізін
табуы.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке бір стадиясы.
Бірақ кейбір авторлар қылмыстық іс қозғау стадиясын алдын ала тергеу
стадиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы заң ғылымдарының докторы
М.Ч. Когамов алдын ала тергеуді 15 этапқа бөліп, келіп түскен хабарды
тексеру, қабылдау, тіркеу және қылмыстық істі қозғау әрекеттерін алдын ала
тергеудің бір бөлігі деп көрсеткен [8,85].
Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткулин өз еңбектерінде қылмыстық істі қозғау
стадиясын алдын ала тергеу стадиясына кіргізуге қарсы, олардың пайымдауынша
іс қозғауды алдын ала тергеудің бөлігі деп қарау қылмыстық процессуалдық
заңдылықтарға теория жүзінде де, практика жүзінде де қайшы.
Сондай-ақ барлық автор алдын ала тергеу стадиясын толық және дұрыс
түсіну үшін іштей бөліктерге бөледі.
Ал заң ғылымдарының кандидаты Биятов Т.К. алдын ала тергеу стадиясын
негізгі үш этапқа бөледі:
1- қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі тергеу әрекеттерінен тұлғаны айыпкер
ретінде тартқанға дейін;
2- тұлғаны іс бойынша айыпкер ретінде тартқаннан кейін айыптау қорытындысы
шыққанға дейін;
3- істі прокурордың қарауы және шешім шығарып оны сотқа жіберу [12,99].
Қазақстан Респуликасының 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 8-бабында былай көрсетілген:
Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот
талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Сотқа дейінгі іс жүргізу яғни алдын-ала тергеудің негізгі міндеті
жоғарыда көрсетілгендердің ішіндегі қылмыстарды тез және толық ашу, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту боп табылады.
Менің бұлай деп міндеттерді бөлу себебім қылмыстық процестің міндеттерін
әрбір орган өз кезегінде орындайды. Мысалы: тергеу органдары қылмысты тез
және толық ашуға міндеттенсе, сот органдары әділ сот талқылауына жауап
береді, ал прокуратура сол тергеу әрекеттері негізінде адам мен азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектелмеуіне, сот
талқылауында заңды дұрыс қолдануын қадағалайды.
Заңи әдебиеттерде алдын ала тергеудің міндеттерін толығымен ашып
көрсеткен. Онда тек заңда көрсетілген міндеттермен қатар заң принциптерінің
орындалуында міндеттеріне қосылған. Р.Х. Якупов алдын-ала тергеу
стадиясының міндеті ретінде қылмыстық істі шешу үшін дәлелдемелер жинауды
атап көрсетеді [5,226]. Профессор В.Н. Григорев өз еңбегінде алдын ала
тергеудің міндеттерін 7-бөледі:
- қылмысты толық және тез ашу, кінәліні ұстау;
- қылмыстық істің барлық жағдайын жан-жақты, толық және объективті
түрде зерттеу;
- сот талқылауында қолдану үшін дәлелдемелерді табу және оларды
процессуалды тәртіппен бекіту;
- тұлғаны айыпкер деп тартудың заңдылығы мен негізділігін;
- айыпкерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуын
қамтамасызету;
- қылмыспен келген зардаптың бар жоғын анықтау, бар болса мөлшерін
анықтап, зардаптың орнын толтыру үшін шаралар жүргізу;
- қылмыс жасауға себепкер болған жағдайды анықтап, оларды жоюдың
шараларын жасау. Алдын ала тергеудің міндеттерін осылай жеті
түрге бөлінуін Т.Е. Сарсенбаев пен Н.А. Ханда қолданған [4,25].
Алдын ала тергеудің негізгі міндеттерінің бірі қылмыскерді табу мен оны
жауапкершілікке тарту десек, осы жерде шығатын тағы бір міндет айыпкер
тұлғадан шатаспау. Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқытары
мен бостандықтарын қорғау конституциялық принцип болғандықтан адамға айып
тағуда қате кетпеуі керек. Сол себепті Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і
алдын ала тергеудің үстінен прокурорлық қадағалауды өзіне енгізген (ҚР ҚІЖК
197-бап).
Сотта қылмыстық істің дрыс талқылануы, мәні бойынша шешімнің заңды және
негізді болуы бірден-бір осы алдын-ала тергеу әрекеттерінің нәтижесіне
байланысты. Сондай-ақ егер дәлелдемелер толық жиналса, азаматтың қылмысқа
қатыстылығы алдын-ала тергеу кезінде дәлелденсе соттада іс кідірмей тез
шешіледі. Себебі сот шешімі алдын-ала тергеу барысында жиналған
дәлелдемелерге сүйеніп шығарылады.
Алдын ала тергеудің дәлелдемелерді жинау, қылмыс іздерін табу
қызметінің заңды және толық болуы сот шешімінде әделетті болуының бірден-
бір кепілі. Қазастан Республикасының Конституциясының 75 және 77 баптарына
сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады
және адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Міне осы конституциямен
қойылған құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін сот жақсы көлемді және
толық жиналған дәлелдемелерге ие болуы керек. Ал сотқа осы дәлелдемелерді
жинап беретін алдын ала тергеу. Алдын ала тергеу органдары сот органдарына
байланысты бағынышты, көмекші және алдын ала әрекеттегі сипаттағы қызметті
жүзеге асырады.
Егер сот талқалауы жиналған дәлелдемерді дұрыс тиянақтап, жеткіліктігі,
қатыстылығы мен айғақтылығына дұрыс баға беруге қолайлы болса, алдын ала
тергеу сол дәлелдемелерді жинауға қолайлы жағдай боп табылады.
Алдын ала тергеу процессуалдық нормаларды қатаң түрде сақтай отырып
толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілуі тиіс. Істің бұлай
жүргізілуі заңның мына принциптеріне жауап тартылмауы тиіс. Бұл принциптері
сақталмаса алдын ала тергеу әрекеттері азаматтардың заңды мүдделері мен
құқықтарын қорғауға байланысты міндеттерін атқара алмайды. Ал ол алдын
ала тергеу кезінде жиналған материалдарының заңсыздығына әкеп
соғады.Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 15 бабы: Қылмыстық процесті
жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқытары мен
бостандықтарын қорғауға міндетті ... .
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 269-бабының 2-тармағы бойынша
сезіктінің немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген
жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік туылса
қылмыстық іс қысқарады. Ал іс қысқармай сотқа жету үшін алдын-ала тергеу
толық, жан-жақты, дәлелдеме жинаудың барлық мүмкіндігі пайдаланыла отырып
жүргізілуі тиіс.
Алдын ала тергеу қылмыстық істердің көпшілігінде жүргізіледі. Тек
ерекше жағдайда жеке айыптау істері бойынша алдын ала тергеу жүргізілмейді.
Тек егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада
себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз
адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке ісі бойынша
жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы және қылмыстың
қоғамға қауіптілігі мен ауырлық дәрежесіне байланысты іске тергеу
тағайындайды.
Алдын ала тергеу қылмыстық істі қозғағаннан бастап айыптау қорытындысы
немесе айыптау хаттамасы шыққанға дейін не іс бойынша өндіріс тоқталғанға
дейін жүргізеді.
Алдын ала тергеудің міндеті қылмысты толық және тез ашу ғана емес,
сондай-ақ қылмыспен күресу боп табылады. Жасалған қылмысты әшкерелеп
отырып, алдын ала тергеу басқа қылмыстардың алдын алу керек. Қоғамды басқа
қылмыстардан ескерту және жолын кесуде ең басты міндет боп табылады.
Заңдылықтың жақсылығы қылмыстарды ашқаннан емес, қылмысты болдырмауында.
Сол себепті алдын ала тергеуге үлкен көңіл бөліп қараймыз.
Алдын ала тергеудің мәні мынада:
■ бұл стадия логикалық түрде қылмыстық іс қозғау стадиясын жалғастырады
және сотта істі қарау мен мәні бойынша шешім шығарудың алдындағы әрекет;
■ жеке стадия ретінде процессуалды әдіс тәсілмен реттелетін спецификалық
міндеттері бар;
■ алдын ала тергеудің сапалығына сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі
тәуелді;
■ алдын ала тергеу стадиясына өту қылмыстық істің қозғалуының заңдылығын
білдіреді;
■ сот талқылауы алдын ала тергеу жүргізілмей бола алмайды.
Осы жерде айта кететін бір жайт қылмыстық іс алдын ала тергеудің кез
келген этапында тоқталуы мүмкін. Бұдан шығатын тұжырым алдын ала тергеу сот
отырысына көмекші құрал ретінде және істе мәні бойынша шешім шығара
алмайды.
Кідірілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу, айып тағу, айыпты талқылау
кезінде факультативті түрде іздеу жымыстары және басқада процессуалды
әрекеттер пайда болуы мүмкін. Бірақ біз бұл іздеу әрекеттерін жедел-
іздестіру қызметімен шатастырмауымыз керек.
Алдын ала тергеу жүргізудің заңи әдебиеттерде үш нысаны беріледі. Олар:
1- Алдын ала тергеу.
2- Анықтау.
3-Хаттамалық нысандағы сот өндірісі.
Ресей Федерациясының ҚІЖК-і алдын ала тергеудің осындай үш түрін
қарастырады. Ал біздегі қызмет етуші қылмыстық процессуалды заңдылық алдын
ала тергеудің екі түрін қарастырған:
- алдын ала тергеу;
- анықтау.
1959 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстанда жұмыс істеп келген ҚазКСР-нің
қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай біздің елде де хаттамалық нысандағы сот
өндірісі болған, бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан
Республикасының ҚІЖК-не сәйкес хаттамалық нысандағы сот өндірісі алынып
тасталды.
Алдын ала тергеу - өкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген
өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту
және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа
дейінгі қызметтің іс жүргізу нысаны ( ҚІЖК 16-тармақ, 7-бап).
Анықтау – анықтау органдарының осы Кодекспен белгіленген өкілеттік
шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс
жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі іс
жүргізу нысаны (ҚІЖК 15-тармақ, 7-бап).
Жоғарыда көрсетілген алдын ала тергеудің екі нысанын біз келесі
тарауларда толығымен тоқталамыз. Ал әзірге әңгіме толығымен алдын ала
тергеудің түсініг, мәні, маңызы жайлы бола бермек.
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны мынада – бұл қылмыстық процестің
стадиясында алдын ала тергеуге өкілеттігі бар органдар прокурорлық
қадағалау негізінде заңмен бекітілген тәртіп пен негізде қылмыстың жағдайын
анықтайды, тұлғаның кінәлілігін, оның жауаптылығының дәрежесі мен көлеміне
әсер ететін мән жайларды табады, келген шығынның көлемі мен дәрежесін
анықтап оның орнын толтыратын шараларды жасайды, процессуалды мәжбүрлеу
шараларын қолдану арқылы қылмысты және айыпталушының шынайы жағдайын
анықтауға кедергі келтіретін қиындықтарды жоюға, оның сот және тергеу
органдарына уақытылы келуіне шаралар жасайды, қылмыс жасауға итермелеген
жағдайды анықтап, оны жоюға шаралар қолдана отырып азаматтарға тәрбиелік
және ескертпелік ықпал жасайды [13,15].
Алдын ала тергеу ісін жүргізудің стадиясының маңызы:
- бұл саты қылмыстық іс қозғау сатысының қисынды жалғасы болып
табылады және істің түбегейлі қарау және шешу жөніңдегі сот қызметінің
алдында жүргізіледі;
- дербес саты ретінде өзіне тән ерекше міндеттері бар, олар іс
жүргізу
әдістері мен құралдарының қатаң белгіленген жиынтығымен шешіледі;
- істі сотта шешудің заңдылығы мен дер кезінде алдын ала тергеу
ісін
жүргізуді жүзеге асырудың сапасына байланысты болады;
- алдын ала тергеу жүргізу сатысына көшу қылмыстық іс қозғаудың
заңдылығын білдіре алады;
- алдын ала тергеу ісін жүргізбейінше, істі сотта қарауға болмайды.
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:
- оларды сотқа дейінгі қызметінің бүкіл кезеңі бойында күшенді
болатын іс жүргізу ережелері бар, олар алдын ала тергеу сатысына
жүргізілетін барлық іс-әрекеттерге қолданылады;
- белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін
жүргізудің нақты барысына теріс әсер алатын әр түрлі құқықтық зардаптар
туғызуы мүмкін;
- қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сақтауды қамтамасыз
ететін өзіндік кепілдіктер болып табылады;
- алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларының
анықтайды;
- жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтайды, сотта істі
дұрыс шешудің негізі болып табылады. [19,55].
2.Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.
1. .Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 191-бабына сәйкес осы Кодекстің 33-
бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы
істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Алдын ала тергеуді кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе
ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері
жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық
істер бойынша жүргізу міндетті.
Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, Ішкі істер және Қаржы полициясы органдарының тергеушілері
жүргізеді.
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
ҚІЖК-не сәйкес жүргізіледі.
Қылмысты тергеуде алғашқыда анықтау іс үшін қаншалықты маңызды болса,
алдын ала тергеу қылмыстық істі тергеудің соншалықты маңызды әрі негізгі
түрі боп табылады.
Алдын ала тергеу кезінде дәлелдемелер жиналады, істің жағдайының жан-
жақты, толық және объективті түрдегі зерттелуі жүргізіледі, сондай-ақ
кінәлінің жағдайын ауырлататын не жеңілдететін, ақтайтын не кінә тағатын
мән-жайлар анықталады.
Тергеудің жалпы шарты, негізі, тергеу әрекетін жүргізудің тәртібі және
процессуалды шешім қабылдауы бәрі заңменен алдын ала тергеуге кіргізеді.
Заңи әдебиеттерде алдын ала тергеуді сотқа дейін және сот үшін қызмет деп
түсіндіреді. Бұл сипаттама дұрыс, бірақ дәлме дәл емес. Өйткені кейбір
істер егер оған заңды негіздер болса сотқа кетпей қысқарылып кетуі мүмкін.
Негізінен тергеудің бұл түрі туралы айтқанда көп еңбектерден байқағаным
заңгерлердің көбісі оның міндеттерін және атқаратын қызметіне тоқтала келіп
оған түсінік береді. Айта кететін жайт алдын ала тергеудің міндеттерін әр
автор әр түрлі айтады. Мәселен Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткулин тергеудің
міндеті – кінәліні жауапкершілікке тартуға негіздеу, оны ұстау және жауапқа
тарту дейді [11,40].
Бірақ бұл көзқарас кеңінен таралған жоқ. Себебі басқа ғалымдардың
айтуынша бұндай міндет алдын ала тергеуді айыптауға икемдейді, ал ол
тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуіне кедергі келтіреді.
Енді бір ғалымдардың айтуынша алдын ала тергеу өз қызметінде ешбір
қылмыс ашылмай қалмауына және еш бір қылмыскер тұлға жауапкершіліктен қашып
кетпеуіне жағдай жасауға тырысады. Сондай-ақ олардың міндетіне қылмысты
ескертімен оның алдын алу кіреді.
Жоғарыда айтылғандарды егер алдын ала тергеудің міндеті деп қарасақ,
оларды оның алдына қойған мақсаты деп те тұжырымдайтын пікірлер бар. Біз
осыларды бір-бірінен ажырата білуіміз керек дейді.
Сондай-ақ егер іс бойынша анықтама жүргізілсе онда ол алғашқы этапта
тергеу негізгі болып қалады және осы этапта осы тергеу стадиясының барлық
міндеттере шешіледі. Яғни қылмыс толық, жан-жақты, объективті зерттеліп
шешіледі.
Алдын ала тергеу қылмыстық істердің көпшілігінде жүргізіледі. Бұл
жердегі көпшілігі деген сөзге мән берсек, яғни алдын ала тергеу барлық
істер бойынша жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының 5-
тармағына сәйкес жеке айыптау істері бойынша, егер жәбірленушінің арызы
болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, қылмыстық іс қозғалмаса тергеуде
жүргізілмейді деген сөз. Ол қылмыстардың қоғамға қауіптілігі төмен
болғандықтан заң осындай жолын қарастырған. Осы жерде айта кету керек егер
әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада себептер
бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз
адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша
жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.
Анықтаудың екі нысанда жүргізілетіні секілді алдын ала тергеу де
Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-не сәйкес екі нысанда жүргізіледі:
1) өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізетін алдын ала
тергеу. ҚІЖК-і 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдар болып
табылатын тергеушілерге мыналар жатады: - Ішкі істер органдарының,
Ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қаржы полициясының тергеушілері
жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і 288-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес
анықтау органдарында алдын ала тергеуді жүргізеді. Бұл анықтау органы
сотқа дейінгі қызметіне алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып
табылмайтын істер бойынша алдын ала тергеп-тексеру нысанында жүзеге
асыратыны білдіреді.
Бұл кезде тергеуді тергеушілер емес негізгі анықтау органдарының
анықтаушылары жүргізеді. Ол органдар Ішкі істер органдары, Қаржы полиция
органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, әскери полиция органдары, әділет
органдары, шекара қызмет органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдары. Анықтау органдарының алдын ала тергеу ісін жүргізуі үшін мынадай
негіздер болады: - қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы,
жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес;
кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне
байланысты өздерінің қорғану құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдардың
қылмыстар жасауы.[19,57].
Осы жерде менің қосқым келетіні алдын ала тергеуді прокурор да жүргізе
алады.
Прокурордың істі алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуі үшін
тергеушіге немесе анықтау органдарына жіберуге (ҚІЖК 189-бабы) құқылы
екенін, ал қылмыстық іс жүргізу кодексінің 194-бабының 2-
бөлігіне сәйкес тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша
тергеуге дереу кірісуге міндетті болатынан ескеру керек. Алынған нұсқаулар
жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағымдану ҚР ҚІЖК –і 63-бабының 3-
бөлігінде көзделегн жағдайлардан басқа реттерде олардың орындалуын
тоқтатпайды.
Заңда прокурордың қадағалау қызметіндегі өз құқықтарын жүзеге асыру
үшін қылмыстық іс қозғау сатыларының ерекшеліктерін бейнелеп көрсететін
әлдебір өзгеше әдістер, құралдар белгіленбеген. Жоғарыда баяндалғандардан
көріп отырғанымыздай, оған берілетін құралдар әмбебап болып келеді және
сотқа дейінгі іс-әрекеттің кезкелген кезеңінде қолданылады. Прокурорлық
қызмет тәжірибесі қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыстық ізге түсу
органдары жол беретін аса кең таралған құқық бұзушылыққа бағдарланған
тәжірибелік мағлұматтарға негізделген бірқатар басымдықтар қалыптастырылды.
[19,51].
ҚІЖК-нің 198-бабына сәйкес алдын ала тергеуді тергеушілер тобы
жүргізеді. Ал ерекше жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры егер
тергеу жүргізудің толық еместігі мен объективті еместігі туралы фактілер
анықталғанда, істің қиындылығы мен маңыздылығы кезінде бірнеше алдын ала
тергеу жүргізетін тергеу органдарының тергеушілерінен тергеу тобын құрып,
оның жетекшісі ретінде прокурорды тағайындай алады. ҚІЖК-нің 199-бабына
сәйкес тергеу тобының жетекшісі мынадай құқықтарға ие:
- қылмыстық істі өз өндірісіне алады, тергеу тобының жұмысын
ұйымдастырады, басқа тергеушілердің әрекеттеріне басшылық
жасайды;
- қылмыстық істі біріктіреді және ажыратады, қылмыстық істі толық
не ішінара қысқартады, тоқтата тұрады, қайта өндіріске алады,
тергеу мерзімін ұзарту туралы ходатайство жасайды, бұлтартпау
шараларын қолдану туралы мәселелерді шешеді;
- айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану туралы мәселені сотта қарау үшін істі сотқа
жіберу туралы қаулыны жасайды және оған қол қояды;
- басқа тергеушілер жүргізетін тергеу әрекеттеріне қатысады, тергеу
әрекеттерін жеке өзі жүргізеді.
Бұл жерден шығатын қорытынды тергеу тобының жетекшісі болған прокурорда
осы құқықтарға ие. Яғни олда алдын ала тергеу жүргізеді.
Ресей Федерациясында тергеуді ішкі істер органының тергеушісі,
прокуратура тергеушісі және федералдық қауіпсіздік қызметінің тергеушісі
жүргізеді.
Қазақстанда 1995 жылдың күзіне шейін осы органдар жүргізген болатын. Ал
1995 жылдың 30-шы тамызында Қазақстан Республикасының ата заңы –
Конституциясы қабылдануымен жағдай өзгерді. 1995 жылдың 6-шы қазанында
Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығымен алдын ала
тергеу мен анықтау жүргізетін арнайы органдар құрылды.
Мемлекеттік қалыптастыру, жаңа мемлекеттік құрылымдарды құру оларды
құқықтық қамтамасыз ету негізінен кеңестік дәуірден кейінгі бүкіл ТМД
елдеріне тән белгі еді. Ал құқықтық мемлекет құруды көздеген Қазақстан
сияқты елдерге ең басты мәселе жаңадан қалыптасқан қоғамдағы жаңа күрделі
қылмыстармен күресу боп табылады. Ол үшін осы қылмыстармен күресетін
органдардың жұмысын жақсарту керек болатын.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде алдын ала тергеудің нәтижесінің
сапасы жақсы болу үшін, тергеушінің әрекеттері жақсы нәтижеге жету үшін
алдын ала тергеуді жүргізуді іске асыратын бірден-бір тұлға – тергеушінің
тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылы мемлекеттік тергеу
комитеті құрылды.
Бұл орган өзіне бірыңғай тергеу органдарын жинастырған ерекше орган боп
табылды. Кеңес дәуірінен кейінгі ТМД елдерінің ішінде тергеуге байланысты
жаңа органдар құрған бірден бір мемлекет Қазақстан болды.
Негізінен бірыңғай мемлекеттік тергеу аппаратын құру КСРО кезінен өзекті
мәселе боп келген.
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуі дамудың негізгі үш этапынан өтті:
Алғашқы этап – бұл он жылдықтар ішінде Қазақстанда Ресей федаративті
мемлекетінің ҚІЖК жұмыс жасаған кезеңі. 1923 жылдан 1960 жылы алғаш рет
Қазақстанның қылмыстық-процессуалды заңдылығы қабылданғанға дейін.
Ал екінші этап – 1960 жылдан 1991-ге дейін, яғни Қазақстанның толық
тәуелсіз ел болғанша дейін. Бұл кезеңде заңдылық өз мазмұнын өзгертпесе де
негізгі даму кезеңінде болды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ҚІЖК-не 60
өзгерістер мен толықтрулар енгізілді.
Соңғы этап бұл Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең. Бұл
кезеңде Қазақстанның жаңа заманға негізделген ҚІЖК қабылданды.
Алдын ала тергеу аппараты 1928 жылдан негізінен сот органдарына
шоғырландырылған болатын, ал алдын ала тергеу жүргізу прокуратура
органдарына берілген. Бұл жағдай КСРО бойынша 1958 жылдың 25-ші
желтоқсанына дейін, ал Қазақстанда ол 1960-шы жылдың 1-қаңтарына дейін
болды.
1959 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанда алғашқы қабылданып 1 қаңтар 1960
жылы күшіне енген ҚІЖК-не сәйкес алдын ала тергеуді жүргізу құқығы
прокуратура органы мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне берілді.
Ал 1963 жылы 15-і шілдесінен бастап жоғарыда айтылған құқық Қазақ КСР-
нің қоғамдық тәртіпті қорғау органдарында берілді.
Осыдан кейінгі алдын ала тергеу жаңалануға 30 тамыз 1995 жылы ұшырады.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция, алдын ала тергеу мен
анықтауға жаңаша көзқараспен келіп, өзіне сот пен прокуратура органдарынан
бөлек алдын ала тергеу жүргізетін органдар туралы енгізген.
Конституцияның орындалуын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 6 қазан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz