Патша цензурасы Оян, қазақ


Реферат
Тақырып: Міржақып Дулатовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.
Орындаған:Біржанұлы Бекнұр 08-083-20-16
Қабылдаған: Мұстафа Дархан Сайлауұлы
Жоспар
- Кіріспе:М. Дулатов. Өмірі мен қоғамдық қызметі.
- “Оян қазақ” өлеңінің мәні
- Соңғы түрме, соңғы азап…
- Сұрақтар?
Өмірі мен қоғамдық қызметі.
XX ғасырдың басындағы әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосқан қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының, Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
қарашада дүниеге келген
Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Үлкен баласы Асқарды әуелі мұсылманша, кейін орысша оқытып, заң қызметіне бейімдейді. Кіші баласы Міржақыпты да ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол ауылдық мектепте Мұқан Тоқтабайұлы деген мүғалімнен орысша сабақ алады. «Менің алғаш білімге көзімді ашқан осы кісі», - депті кейінірек Міржақып. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған Міржақыпқа бұдан былай қамқорлық істеген ағасы Асқар болады. М. Дулатов өзі жазған өмірбаянында: «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім (Торғайдағы), оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсыңда оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орыңдарынан білім алуым аяқталады. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімімді жетілдіруге жұмсадым» - деп жазады. Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ы. Алтынсарин мектебі жас ұрпаққа бұл кезде игі ықпалын тигізді. Мұқан мұғалім де, А. Байтұрсынов та, ағасы Асқар да, Ы. Алтынсарин мектебінің түлектері еді. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. Ауыл мектептерінде бала оқыта жүріп Міржақып жәбір көрген, теңдігі жоқ қазақ халкының жағдайымен жете танысады. Оған жаны ашады. Мұғалім болған 6-7 жыл ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды. Бұл кезеңде патша үкіметінің қазақ даласында отаршылдықты күшейтіп, оты-суы мол, шұрайлы жерлерді тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруы ұлт қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салған еді. Міржақып та сол азаматтардың қатарында болды. Жасы жиырмаға тола қоймаған Міржақып өмірден көргені мен түйгенін, айтқысы келгенін өлең шумақтарымен жеткізуге талаптанады. 1904 жылы Міржақып Омбыдағы қазақ оқығаңдарының бас қосуына қатысады. Бұл кезең - Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық бірінші төңкеріс қарсаңында коғамның дүрлігіп тұрған шағы еді. Онда Д. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаевтармен кездесу, ел тағдыры жайында пікірлесу Міржақыптың ой-санасын, ұлтжандылығын оята түсті. Бұлар ниеттес, мұраттас болып шықты. Кешікпей Міржақып Ахмет ағасына еріп Қарқаралыға келеді. 1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығаңдар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген, - деп жазады М. Әуезов. - Ол петициадағы аталған үлкен сөздер: бірінші - жер мәселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшіншісі - отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраган . . . қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған». Солардың қатарында жалыңды сөзімен, жастық жігерімен жұртты елең еткізген Міржақып та бар еді. 1905 жылғы дүмпулер тұсында Міржақып Қарқаралыда шеруге қатынасқандар қатарында болған. Осындай қызу қимылмен көзге түскен Міржақып 1905 жылы Орал қаласында бес облыс өкілдерінің съезіне қатынасады. Бұл съезде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы» құрылады. Осы съезд делегаттарының бірі болып, 1906 жылы Петербургке барады. Петербургте Міржақып оқыған қазақ интеллигенттерімен танысады. С. Лапин, Д. Сұлтанғазин, X. Досмұханбетов, М. Шоқаев және басқа оқығандармен қазақ халқының бостандығы туралы, патша үкіметінің қысымы жайлы пікір алысады. Петербургте «Серке» деген атпен қазақ газетін ашу ұйғарылады. «Серкенің» бірінші саны Петербургте 1907 жылы 28 наурызда шыққан. Онда Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңі жарияланады. Газеттің екінші санында Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» деген басмақаласы басылады. Бірақ кешікпей полиция сақшылары татарлардың апталық «Ульфат» және «Серке» газетін тәркілеп, жауып тастайды. Полицияның айыптау хаттамасында «Серке» және «Ульфат» газеттерінде 6 шілде (1907) күні жарияланған «Біздің мақсатымыз» мақаласы барлық қазақ халқын патша үкіметіне қарсы күреске шақырған үндеу сияқты делінген. Петербургтен еліне оралған Міржақып ойына түйгенін, ел-жұртына айғар сөзін өлеңге айналдыра бастайды. Ол өлеңдері жеке жинақ болып Уфа қаласында 1909 жылы «Оян, қазақ!» деген атпен басылады. Бұл жинақ Міржақыптың атын бүкіл қазақ еліне жайып, халық арасындағы абырой-беделін көтереді. Бірақ патша әкімшілігі тарапынан қуғынға түсіп, еліне тұрақтай алмай Омбы жаққа, Қызылжар қаласына кетуге мәжбүр болады. Кешікпей «Оян, қазақ!» та тәркіленеді. Ол жақта да бақылауда жүрген Міржақыптың тұрақты жұмыс істеуге, қоғамдық істерге қатысуына мүмкіндік болмайды. Аз уақыт жеке адамдарға жалданып, мұғалімдік қызмет атқарады. Қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Қызылжарда одан Мағжан Жұмабаев та дәріс алған. Ол көп уақытын шығармашылық жұмысқа арнайды, өлеңдермен қатар «Бақытсыз Жамал» деген роман жазады. Роман 1910 жылы Қазан қаласында басылады. 1911 жылы Міржақып қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семейге жол тартады. Бірақ Семей қаласына келген бойдақ полицияның қолына түседі де, Семей түрмесінде бір жарым жыл отырады. Патша цензурасы «Оян, қазақ!» кітабының революциялық рухына төзе алмаған еді. Міржақыптың қамауға алынғаны жайында хабар бергені үшін «Айқап» журналы және «Уақыт» газетіне патша әкімшілігі айып салады. Түрмеден босаған соң Міржақып Орынборға келеді. Ондағы қазақ оқығандарымен тығыз байланыс жасайды. «Қазақ» газетін шығаруға араласады. Газет редакторының орынбасары болып ұзақ жылдар А. Байтұрсыновпен бірге қызмет атқарады. Бұл жылдары оның публицистік-журналистік дарыны айрықша танылады. Олар газет бетінде патша үкіметінің отарлау саясатын әшкерелеп, қазақ халқының бостандығы мәселесін батыл көтерген. Сол үшін қуғын да көрген Міржақыптың «Оян, қазағы!» 1911 жылы Орынборда екінші рет басылады. Патша әкімшілігі кітаптың екінші басылымын жою жөнінде тағы да шешім қабылдайды. Патша үкіметінің осынша қаһарына қарамастан, ел азаматтары бұл кітапты көзінің қарашығындай сақтаған. «Қазақ» газетіңде 1917 жылы жазылған хабарда фельдшер Жұмағали Тілеулиннің үйінен «Оян, қазақтың!» мың данасының табылғаны айтылған. 1916 жылғы патшаның маусым жарлығына байланысты жазалаудан қашып-босқан, жоқтыққа, аштыққа ұрынған қазақ халқына Міржақып жанын сала көмектеседі. Қызылжар қаласында босқындарға көмектесу үшін бірінші рет қазақ тарихында жәрдем қорын ұйымдастырады. Орынборда Міржақыптың «Азамат» (1913), «Терме» (1915) атты өлеңдер жинағы басылады. Ұлттық ояну, Алаш қозғалысын ұйымдастыру, Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметін құру, Алаш әскерін жасақтау сияқты істердің бәріне де М. Дулатов бел буып, білек сыбанып қатысқан, сондықтан ол Қазан жеңісін қабылдамаған. Бірақ Алаштың А. Байтұрсынов сияқты қайраткерлері кеңес үкіметі жағына шығып жатқан кезде, М. Дулатов та, өзге көп қайраткерлер сияқты, жана құрылысқа қызмет етуден жалтарған жоқ. Міржақып 1920 жылы Ташкентке келеді. Сол кездегі Түркістан республикасының газеті - «Ақ жолға» қызметке орналасады. Бірақ көп тұрақтай алмай 1921 жылы Семейге келіп, сонда облыстық сотта жұмыс істейді. 1922 жылы қамауға алынады. Ә. Бөкейханов екеуі Орынборға жөнелтіледі. Онда барғаннан кейін екеуі де босатылады. Бұдан кейін Міржақып Орынбордағы қазақтың Халық ағарту институтында, Қазақ баспасында, «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында әр қилы жұмыстар атқарады. «Қирағат», «Есеп кұралы» атты оқулықтар, «Балқия» атты пьеса жазады. Республикадағы мәдениет ісіне белсене ат салысып жүрген шағында М. Дулатов Сталин, Голощекин озбырлығының қармағына ілінеді. Баяғы өткен оқиғалардың жаңғырығы қоздырылып, 1928 жылдың желтоқсанында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынады. Кейін Ақ теңіз Балтық каналының бойындағы Соловки тұтқындар лагеріне жер аударылады. Сол жерде 1935 жылы қазанның 5-і күні ауыр науқастан қайтыс болады. Арада 58 жыл өткен соң 1993 жылы жазықсыз кеткен есіл ердің сүйегі туған жеріне әкелініп, ақ жуып, арулап қойылды. Тұңғыш өлеңдер жинағы - кезінде қазақ арасында сөздері құрандай жатталған "Оян, қазақ!" кітабының жарық көргеніне биыл бір ғасыр болды. Ал 1910 жылы Қазан қаласында "Бақытсыз Жамал" романы басылып шықты. Халқының ой-санасын оятып, рухани жетілуіне өлшеусіз үлес қосқан арыстың өмірі жолсыз жазамен қуғын сүргінде жүргенде 1930 жылы үзілді. 1988 жылы ақталды. Ол "Бақытсыз Жамалды" жазғанда 25-ақ жаста болатын.
ОЯН ҚАЗАҚ
Көзіңді аш,
оян қазақ
, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсын, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
СОҢҒЫ ТҮРМЕ, СОҢҒЫ АЗАП!
Алаш қайраткерлеріне кешірім жасалғаны және мемлекеттік қызмет атқаруға мүмкіндік берілгені» туралы анықтама М. Дулатов пен ағайын туыстарының көңіл күйін біршама жайландырған. Жақаң (Міржақып) босанғаннан кейін Орынборда, Қазақ автономиясының жаңа орталығы Қызылордада, одан кейін Ташкенде, Семейде түрлі қызметтер атқарды. Жоғарғы оқу орындарында сабақ берді. Бірақ, жан тыныштығын таба алмады.
Бірнеше жылға созылған аласапыран азамат соғысы 1921-1922-жылдары ашаршылыққа әкеліп, елді күйзелтіп жіберді. Ел енді еңсесін көтере бергенде, тап күресі, дінге қарсы күрес күшейе түсті. Қазақ еліне келген ең үлкен ауыртпалық Қазақ үкіметінің басына Голощекин келгеннен кейін басталды. Ең әуелі ол А. Байтұрсынов негізін қалаған төтенше ғаріпті латыншаға көшіру мәселесін көтерді. Одан кейін байларды кәмпескелеу науқанын бастап кетті. Голощекиннің осы әңгүдік саясатынан кейін статистикалық деректерге қарағанда, қазақтың жалпы саны екі есеге жуық кеміген. Мал басы ең төменгі көрсеткішке жетіп, нәтижесі ел 1932-1933-жылдары тағы да аштыққа ұшыраған. Голощекин алқалы жиындарда тап күресін ушықтыра түсті. Әсіресе, Алаштың оқыған азаматтарына қысым көрсетуді, қуғындауды күшейтті.
Ақырында 1928-жылы М. Дулатовты Қызыордада қызмет істеп жрген жерінен тұтқындады. Бірер күннің ішінде А. Байтұрсынов, Х. Досмұханбетов, М. Әуезов, Ж. Ақбаев және басқада көптеген Алаш қайраткерлеріде түрмеге жабылған. А. Байтұрсынов бастаған бір топты сосын Алматы түрмесіне жөнелткен. М. Дулатов, Юсупов, Ж. Аймауытовты Мәскеудің Бутырка түрмесіне апарып, М. Дулатовты жалғыз кісілік камераға қамаған. Аяулы Жахаңа (Міржақып) қағаз қалам бермеген, хат жазуға рұқсат етпеген. М. Дулатовтың Алаш партиясының белді көсемдерінің бірі болғанын, Қазақ автономиясын басқарып тұрған Голощекинде, НКВДның комиссары Дзержинскийде жақсы білген. Бутыркада М. Дулатовтың өте қатаң жағдайда ұсталуыда осылардың тікелей бұйрығымен істелген деуге болады. Тек, екі жылдан кейін, 1931-жылы Мәскеуде үштік сот болып,
М. Дулатовты Ақтеңіздегі Сосновец аралына айдауға жібереді. Тағдырдың қаталдығы -ай, Жахаң сол жерде айдауда жүрген туған ағасы Асқармен кездеседі, жүдеп, әбден қалжырап кеткен. Ахаңның ағасына көмектесер қолында қайраны жоқ еді. Өзі Бутыркада жатқанда астма ауруына ұшыраған, Сосновецкінің ылғалды ауасы ауруын асқындата түскен. Содан М. Дулатовты лазаретке жұмысқа қойып, ағасы Асқарды Котлас деген жерге айдап жіберген. Содан А. Дулатовтан хабар болмаған екен.
Ғайнижамал Жахаңның сүйіп қосылған жары. Ғайнижамал (Досымбекова, бұрынғы тегі) қызылжарлық Сыздық Өтегенұлы деген оқыған кісінің қызы. Ғайнижамалда оқыған, қатарының алды, сұлу қыз болған. Міржақып Дулатов Горькийдің әйелі Е. Пешковаға хат жазып жары Ғайнижамалмен кездесуге рұқсат алып беруге көмектесуін сұрайды. Екі айдан кейін кездесуге рұқсат қағаз келіпті. 1934-ЖЫЛЫ
Ғайнижамал Сосновец аралына үлкен қиындықпен жетеді. Қасында ұлы Әлібек болған. Жахаң өзінің ауыр жағдайын сезгеннен бе, Ғайнижамалға елге қайтуға кеңес береді. 1935-жыл қайғы үстіне қайғы жамаған жыл болды. Жахаңның ұлы Әлібек аурудан қайтыс болады. Сонау Алаш заманынан бері Ахмет пен Міржақыпты мұқым қазақ «Ахаң мен Жахаң» деп құрметпен атаған. Ахаң мен Жахаңның шығармашылықтары да үндес, идеялары да үндес, елшілдік ұрандары да үндес ұлтының болашағы үшін күрескен тұлғалар еді. Жахаңның ұлы Әлібек қайтқанда (Алматыда) Ахаң (өзі де Архангелскіден айдаудан оралған кезі) Ғайнижамалға келіп, қатты толқып отырып«Гая, шырағым, қайғыңа ортақпын. Мезгілсіз солған гүл үзіліп түсті . . . Арты тек қайырлы болсын. Қалғандардың, Міржақыптың амандығын тілейік. Ақырын сұра. Әлібектің қайтыс болғанын Міржақыпқа естіртіп, хат жазбаңдар. Өзі ауырып жүргенде қиналып қалар. Артымда ұл- қызым бар деп үміті үзілмей жүрсін» деп жүрегі қақ айрылып, көңіл айтқан екен. Көп ұзамай 1935- қараша айында М. Дулатов туралы НКВДдан қаралы хабар келгенде Ахаң « Айналайын, Ғайнижамал, не айтарымды да білмей отырмын!» деп егілген екен. Екі көзі жасқа толып, еңкілдепті. ( Г. Дулатова «Шындық шырағы"»кітабынан) . НКВД хабарламасында «М. Дулатов лазаретте аурудан көзжұмды» делінген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz