Экологияның денсаулыққа әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Зиянды әдеттердің алдын алу

Орындаған:Біржанұлы Бекнұр

Қабылдаған:Тулегенова Холидин Бектұрғановна

Жоспар

  1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы, Еліміздің ертеңі бұл жаны мен тәні сау жастар!
  2. Шылым, Темекі зияны!
  3. Алкокольді сусын және есірткі!
Зиянды әдеттердің алдын алу!Салауатты өмір салты! Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т. с. с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.

Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді.

ЗДОРОВЬЕ И ОТДЫХ ШКОЛЬНИКОВ Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады. Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И. И. Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т. б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен "денсаулық" деген түсініктің өзін анықтап, оған сай келетін, барабар көрсеткіштерді тауып, сандық жағынан баға беру мүмкіндігне нақты шек қою қажет.

Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Туып-көбеюшілікті жасанды реттеуге болатындықтан және оған этникалық ерекшіліктер әсер ететіндіктен денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға болмайтын сияқты. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азайту, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Және керісінше, кейбір этникалық топтардағы туып-көбеюдің жоғары болуы, денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге кешенді түрде қараған дұрыс.

Б. Н. Ильиннің пікірі бойынша да өлім саны адамдардың биологиясына ғана емес, көптеген жағдайларда әлеуметтік факторларға да байланысты болғандықтан денсаулықтың белгісі ретінде алуға келмейтіндігін айтады. Бірақ, автор "халықтың (жеке адамның) денсаулығы медициналық (биологиялық) - әлеуметтік түсінік" екенін мойындайды. Ю. П. Лисициннің пікірі бойынша денсаулықты тек қана әлеуметтік және биологиялық қатынас тұрғысынан қарау керек, сондай жағдайда эндогендік және экзогендік себептерден болған өлім саны биологиялық факторларды да сипаттайды. Олай болса, өлім көрсеткішін халықтардың денсаулығының белгісі ретінде алуға болады. Әсіресе, бұл жағдайда балалар өлімі ерекше орын алады.

Шылым, Темекі зияны!

Темекі шегудің кең таралуы және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы - медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе бойынша санитарлық ағарту орнының ғылыми-зерттеу институтының жан-жақты ғылыми зерттеулері негізінде бірқатар заңдар мен ағарту сипатындағы шаралар өңделіп, шығарылған болатын. Сонымен қатар, Бүкілодақтық Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы темекі шегетіндердің жасы жылдан-жылға жасарып бара жатқанын көрсетті. Осыған орай, егер бүгінгі күні шылыммен танысу балаларда жасөспірім жаста ғана емес, 10-12 жаста, тіпті одан да ертерек басталатындықтан, балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің зиянды әсері жөнінен гигиеналық тәрбие беру - м3ндетт3 шара. Темекі түтінінің адам денсаулығына әсері туралы мәліметтермен өсіп келе жатқан ұрпақтар ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де толық хабардар емес.

Темекі түінінің адам денсаулығына зиянды әсерлері:

  1. Темекі шегетіндер қан айналу жүйесінің ауруларымен (атерсклероз, стенокардия, гипертония, миокард инфаркті) темекі шекпейтіндерге қарағанда жиі зардап шегеді. Әрбір тартылған темекі қан тамырларының 20-30 минутқа дейін тарылуына әкеліп соғады;
  2. Никотин адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Алғашқыда орталық ми қыртысын қоздырады, соңынан тежейді, әлсіретеді;
  3. Темекі шегу зат алмасуды және организмдегі витаминдердің сіңуін бұзады. Темекі құмарлардың басым бөлігінде авитаминоз байқалады;
  4. Никотин асқазанның кілегей қабатының қабыну процестерін шақырып, ас қорыту жолдарының қабынуына ықпал етеді. Асқазан жарасы ауыруының 98% темекі шегетіндер құрайды;
  5. Никотин жыныс гармондарының өндірілуін және жыныстық белсенділікті төмендетеді;
  6. Темекі түтінінде концерогенді заттар табылған. Өкпе және асқазан рагі темекі шегетіндерде темекі шекпейтіндерге қарағанда бірнеше есе жиі кездеседі;

Темекі құрамы

Қазіргі кезде алкоголизм мәселесі де шындап көңіл бөлерлік мәселелердің бірі болып отыр. Алкогольдік ішімдіктерді нысапсыз пайдаланудың қауіптілігін ерте заманның өзінде-ақ түсінген, ал қазіргі кездері ол көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы дәлелденген. Алкоголь нәрестенің құрсақта жатқан кезінен бастап, оның даму жолдарының барлық кезеңдерінде организмге кері әсерін тигізеді:

  1. Ақыл-ойының дамуы төмен 100 баланың ішінде 90-ны алькогольдік маскүнемдік жағдайында ұрықтанғандығы дәлелденген;
  2. Жүкті әйелдердің алкогольді интоксикациясы, туа пайда болған ақаулар (жүректің туа пайда болған ақауы, аяқ-қолдардың анамалиясы, қылилық және т. с. с. ) санының өсуіне әкеліп соғады;
  3. Алкоголь орталық жүйке жүйесін, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды, дәрілердің әсерін бұрмалайды, қызмет қабілетін және ақыл-есін кемітіп, адамның жеке басын аздырады;
  4. Автомобиль апатының 30% көбінің себебі алкогольдік маскүнемдік болып табылады;
  5. Маскүнемдер арақ ішпейтіндерге қарағанда екі есе жиі ауырады. Бұрынғы кездерде де, қазіргі уақытта да маскүнемдікке қарсы әр түрлі шектеулер мен заңдылықтар қабылданған.
Шылым шегудің салдарынан пайда болатын аурулар

Шылым шегу көптеген ауруларына әкелетіні дәлелденген.

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесінде: созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылады. Темекінің түтіні өкпенің ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизасомаларын бүліндіріп, олардың фагоцитоздық белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда цГМФ алмасуы бұзылудан болады - деген жорамал бар. Өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп - қатер төндіреді. Өйткені темекі түтінінде болатын 3, 4 бенз (а) пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға жатады.

Жүрек-қан тамырлар жүйесі

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары: темекі түтініндегі көміртегі тотығының және никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, аяқ - қол тамырларының ішкі саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды.

Ішек-қарын жолдары

Ішек-қарын жолдарында: темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі кездеседі.

Репродуктивтік функциясы

Репродуктивтік функциясы: жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, жүктіліктің асқынулары байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері жиілейді (“”трансплаценталық канцерогенез””) . Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады.

Орта жүйке жүйісене әсері

Темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді, қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның қатты қабаты бүліністеріне әкеледі. Темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса да, доғару синдромының белгілері байқалады. Олар нашақорлар мен уытқорлардағыдай ауыр рухани және физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде никотинге сигареттен кейін 90 - 120 минөт өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде адамның қатты темекі тартқысы келеді, көңіл - күйінің жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы басу немесе ұйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады. Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек болады!

Біз шылым шегуге қарсымыз!!!

Алкогольді және есірткі

Алкоголь - қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Әр түрлі сусындар үшін түрлі мөлшердегі стақан пайдаланатындықтан, 1 бакал шапатағы немесе 1 кружка сырадағы алкогольдің мөлшері 1 стақан коньяктағы алкогольмен тең - 12. 5 куб см.

Зияны

Алкоголь - ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилесипя ауруын тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арақ, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды. Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдерді (Вь РР, С, А, Ғ) жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны «популяциялық деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф. Т. Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен.

Есірткінің адам ағзасына зияны

Есірткі - табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі - есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді.

Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтіретін зиян
Адам экологиясы туралы
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экология даму тарихы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
Экологияның дамуы
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz