ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ . . . 6
1. 1 Ақын өмірі мен ақын даралығы . . . 6
1. 2 Өтебай Тұрманжановтың мысалдарының көркемдік ерекшеліктері . . . 9
ІІ ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ . . . 12
2. 1 Өтебай Тұрманжанұлы өлеңдеріндегі балаларды ынтымақ, достыққа баулуы . . . 12
2. 2 Өтебай Тұрманжанов ертегілерінің көркемдік ерекшеліктері . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - кішкентайлардың үлкен әдебиеті. Қашанда балалардың өз әдебиеті болуға тиіс. Балаларға арнап әдебиет жасамай - оларды көзге ілмеу, елемеу болып табылады. Бүгінгі балаларды елемеу - қоғамның ертеңін ескермеу болып табылады. Сондықтан, өркениетке жетемін деген ел, өзін-өзі сыйлайтын халық ең алдымен балаларға жағдай жасайды, олардың рухани қазына-байлығына ерекше зер салады.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы - тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Қазақ балалар әдебиеті әңгіме болғанда, есімі ауызға алдымен ілінетін қаламгердің бірі - Өтебай Тұрманжанов.
Өтебай Тұрманжанов - балалар жазушысы, фольклоршысы. Ол әдебиетіміздің осы қызықты саласының негізін салушылардың бірі саналады. Балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын, қуатын ақын бүлдіршіндерге арнаған еді. Ақынның бұл арнадағы әдеби мұрасының қызықты, ерекшелікті сипаттары мол. Көзі тірісінде ақын шығармашылығы әдеби сында жалпылама әңгімеленіп жүрді. Нақты, тереңдей арнайы зерттеле қойған жоқ және оның әдеби мұрасы тақырыптық талдау объектісіне айналмаған.
Елуге тарта кітап шығарды. «Қошан кедей» атты әңгімелер жинағы 1927 жылы жарық көрген. «Қарлығаш» (1932) ертегі-кітапшасынан бастап, балаларға арналған көптеген өлең-тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды. Олардың ішінде «Пулемет», «Сұңқар түлектер», «Жауқазын», «Құралай», «Ұршық», т. б. бар.
Таңдамалы өлеңдері мен дастандарының бір томдығы 1936, 1957, екі томдығы 1975 жылдары шыққан. Қазақтың мақалдары мен мәтелдерін жинап, бастырған (1935, 1980) . Ертегілерді өңдеп, жариялады. «Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос, құдалар» аталатын мысал-дастаны көптеген туысқан республика тілдеріне аударылды. Үлкендерге бірсыпыра өлең, «Пулемет» (1933 жылы республикалық жабық конкурста бәйге алған), «Карл», «Қыран қыз», «Байғыз» секілді поэмалар ұсынды
30-шы жылдардың соңында Тұрманжанов қуғын-сүргінге ұшырады. 1938 жылдың наурыз айында ұлттық-фашистік ұйымның құрамында деген айыппен қамауға алынды. 1940 жылдың қазан айында КСРО-ның НКВД-нің арнайы жиналысында 8жылға лагерьге айдауға жіберілді. 1956 жылы ҚАЗССР-нің прокуратурасымен ақталып шықты.
Бастапқы кезеңде Тұрманжановтың шығармаларының басты тақырыбы Қазақстандағы социалистік құрылыс, азаматтық соғыс кезіндегі халықтың батырлық көріністері және революция жетекшілерін мадақтау болды.
Өтебай Тұрманжанов ақталып шыққаннан кейін балалар әдебиетіне көңіл бөліп, кішкентай оқырмандарға арналған 30-дан астам жинақ, повесть, өлеңдер мен ертегілер, мысал, дастандар жазды. Ол қазақ кеңестік балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ретінде саналады.
Сонымен қатар, қазақ жазушысы аудармамен де айналысты. Пушкин, Лермонтов секілді орыс әдебиетінің классиктерінің Лев Толстойдың балаларға арналған шығармаларын қазақ тіліне аударыды.
Тұрманжанов қазақ халқының ертегілерін жинау және өңдеу саласында да аянбай еңбек етті. Фольклорлық шығармаларды жинап, мақал-мәтелдер жинағын құрастырып, басып шығарды. Оның ішінде 4000 қазақ халқының мақалы мен мәтелі кіретін «Қазақ халқының нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері» атты бір томдық кітабын әзірледі. «Еңбек және мектеп», «Қарлығаш», «Карл», «Құрыш құс», «Пулемет» секілді әр жанрдағы кітаптар жазды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Курстық жұмыстың нысаны: Ө. Тұрманжанов шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәнін анықтау. Ақынның балалар әдебиетіне арналған өлеңдерінің топтастырылуы. Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Өтебай Тұрманжановтың балаларға арналған шығармаларының жүйеленуі және балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл зерттеу жұмысымызда біз балалар ақыны болып тарихта аты қалған Өтебай Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолы мен халық қазынасына мол үлес болып қосылған балаларға арнап жазған өлең-жырлары, оның ішінде арнайы ат басын тіреген мысал жанрындағы өлеңдері мен аудармаларының мазмұнына терең талдаулар жасауға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған ақынның еңбектеріне зерттеу жүргізіле отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны айқындалып, шығармаларының көркемдік құндылықтары ашылады.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Біз жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті туралы мәселені сөз еткенде тек Кеңес дәуірінен бергі кезеңді ғана қамтимыз. Себебі, осы мәселеге қатысты жарық көрген еңбектердің барлығы да кеңес дәуірінен бергі тұсты қамтыған, соған сай оқу бағдарламасы да 1918 жылдардан басталды. ХІХ ғасыр әдебиетіне, Абай, Ыбырай еңбектеріне қатысты жекелеген еңбектерді атамасақ, балалар тақырыбына арналған әдеби шығармалар жайы зерттеу аясынан тыс қалған. Балалар әдебиетінің тәрбие құралы екендігі де, оның кеңес дәуірінде қазақ топырағында біраз жетістіктерге жеткені де белгілі, алайда, бұл қазақ балалар әдебиетінің басы осы тұс екен деген сөз емес. Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің толық курсы оқытылмауы, яғни сонау ауыз әдебиетінен бастау алар тұстан осы күнге дейінгі кезең тұтас қарастырылмауы кім-кімді де ойландырары ақиқат.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі.
І Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 1. 1 Ақын өмірі мен ақын даралығыӨзінің ақындық өнер жолын 20-жылдардан бастаған Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде, 1905 жылы 15 желтоқсанда кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Өтебайдың әкесі Тұрманжан егіншілік шаруашылығымен кәсіп етуімен бірге, қолөнерге жетік адам болыпты. Он саусағынан өнері тамған әрі етікші, әрі ағаштан ер-тұрман жасайтын шебер екен. Шешесі Үмітай да киім пішіп, кілем тоқыған өнерлі кісі болыпты. Осындай ұсақ-түйек кәсіптермен шұғылданып жүрсе де Тұрманжан жоқшылық қасіретін көп көреді. Соның салдарынан 1917 жылы Ташкентке көшіп барады. Олар Ташкенттегі наубайханада істеп жүрген нағашысының қолына келіп, жұмысқа орналасады. Алды-артын шырмап алған кедейшіліктен Ташкентке келген соң да арыла алмайды. Әке-шешесінің ауыр тұрмыстары болашақ ақынның жас жанына қатты әсер етеді. Мұның үстіне шешесі қайтыс болады. Былай да жоқшылық зардабы арқасына батып жүрген Өтебай шешесі қайтыс болған соң, көшеге, басы ауған жағына қаңғып кетеді.
Өтебайды осындай ауыр тұрмыстан арашалап алған, оны өз бауырына тартқан 1917 жылғы Өктябрь революциясының жеңісі еді. Көшеде қаңғып жүрген көп жетім балалармен бірге Өтебайды да жаңа орнаған совет өкіметі өз қамқорлығына, тәрбиесіне алып, 1919 жылы «Маркс интернаты» деп аталатын Ташкенттегі балалар үйіне орналастырады. Өтебай сауатын балалар үйінде жүргенде ашқан.
1922-1925 жылдары Өтебай Москвадағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітіріп, Ташкентке қайта келеді. Содан 1932 жылға дейін Орта Азия коммунистік университетінде оқытушы болып қызмет істейді. 1933 жылы Қазақстанға шақырылып, Абай атындағы педагогтық институтта әдебиеттен сабақ береді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары болады. Өмірінін соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Өтебай Тұрманжановтың тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап, Ташкентте шығатын «Жас қайрат» журналында басыла бастады. 1925 жылы «Таң сырлары» деген өлеңдер жинағы Ташкентте, 1932 жылы «Карл» деген поэмасы Алматыда басылды. 1929-1931 жылдары Өтебайдың Самарқанда, Тәшкенде «Ақ алтын», «Шыршық сыры» атты поэмалары, «Тез адыммен», «Құрылыс жыры» деген өлеңдер жинағы басылып шықты. Бұл кітаптар ақынның жаңа, тың тақырыптарға барғанын, сюжетті шығармалар жаза бастағанын байқатады. Бірақ бұл барыстың, бұл бастаманың кейбір табыстарымен қатар елеулі олқылықтары да болмай қалған жоқ. Жаңалықты өмір құбылысына тереңдеп бара алмау, шындықты үстірт қамту сол кездегі көптеген шығармаларға тән кемшілік болатын. Ө. Тұрманжанов шығармашылығы да осы кемшіліктерге ортақ еді. Әйткенмен, Өтебай поэзиясының дербес өзіне тән бір ерекшелігін ескеруіміз керек. Ол мынау: Өтебай өлеңдерінің ішінде жиырмасыншы жылдары басқа ақындарда көп ұшыраса қоймайтын махаббат лирикасы әжептәуір орын алыпты. Бұған ақынның 1958 жылы шыққан таңдамалы өлеңдер жинағына енген «Ұмытқам жоқ», «Күн мінезді күлкісі бар Гүләйім», «Жандырма, сұлу, жанымды» сықылды өлеңдері айғақ. Гүләйім образы кейін де Өтебай лирикасының түбегейлі образы болып бекіді [1, 25-б. ] .
1937 жылы «Қошан кедей» кітабы жарыққа шықты. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтары құрастырылды.
1933 жылы жақсы поэмаларға арналып жарияланған республикалық жабық конкурста Өтебай Тұрманжановтың «Пулемет» атты поэмасына бірінші сыйлық беріліп, үздік жүлде алды. «Ақ алтын» атты поэмасы - қазақ әдебиеті тарихында бірінші рет мақта шаруашылығына байланысты жазылған шығарма. Сонымен қатар «Шыршық сыры» поэмасы да қазақ әдебиеті тарихында ең бірінші рет ирригация - су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма. Өтебай Тұрманжанов бірнеше оқулықтардың авторы болды.
Өтебайдың балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы «Қарлығаш», 1959 жылы «Сұңқар түлектер» деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда «Ленин суреті», «Қызыл құмның құпиясы», «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Төрт өгіз туралы ертегі», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Аю мен аралар», «Қарлығаш, көкқұтан», «Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар», «Көктем көріністері» тағы басқа толып жатқан ертегілер, «поэмалар, мысалдар, өлеңдер бар. Өтебайдың ұзақ жылдардағы әдеби сапарында қаламынан шыққан өлең, дастан, мысалдарының таңдаулысы 1965 жылы жеке кітап болып басылды. «Бозша торғай» (1970), «Жауқазын» (1973) атты жинақтарына сонғы он шақты жылдың ішінде балаларға арнап жазған шығармалары енген. Ақын сонымен бірге Лев Толстойдың әңгімелерін, И. Крыловтың мысалдарын, Ғафур Ғулямның өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ совет балалар әдебиетінің ақсақалы атанған Өтебайдың екі томдық таңдамалы шығармалары жақында оқырмандар қолына тиді. Ақынның бірнеше кітаптары орыс тілінде басылып шықты.
Бала кезінен жақсы білген ауыз әдебиеті - Ө. Тұрманжанов шығармашылығының үнемі сусындап, нәр алатын сарқылмас қайнар бұлағы болды. Оның қай шығармасы болмасын халықтың ауыз әдебиетімен терең тамырлас. Өтебайдың отызыншы жылдары Азамат соғысы және Кеңес тақырыбына жазған «Қыран қыз», «Байғыз», «Қойшы күйі» сықылды поэмаларының өзі ертегі, аңыз жырлар түрінде орындалған. Бұл поэмалардың ерекшелігі боп табылатын жетістігі мен кемшілігі халық поэзиясымен тығыз шектестігінде. Халық фольклорының сюжеті мен образдары, тілі мен поэтикасы Ө. Тұрманжановтың әсіресе балаларға арналған туындыларында кең орын тепкен. Жазушының отызыншы жылдары жарияланған «Қарлығаш» атты жинағы осының айғағы еді.
Өтебай фольклорлық қазынаны өз шығармашылығына пайдаланумен қатар, зерттеуші ретінде жинап, сұрыптап, бастыру жөнінде де көп еңбек сіңірді. Оның халық мақалдары мен мәтелдерін жинап толықтырып, бірнеше рет кітап етіп шығаруы бүкіл мәдениетіміз үшін мәні зор бағалы еңбек екені даусыз. Осының бәрін Өтебай отыз жасында істеп үлгірді.
Көзі кеш ашылған талант енді ғана толып, енді ғана шарықтап келе жатқан шақта шарт үзілді. Жазушы жеке адамға табыну кезеңінің жалалы қырсығына ұшырады. Содан он жеті жыл бойы айдауда жүріп, еркін өмірден, әдебиет ортасынан қол үзіп кетсе де, ол өз көзқарасынан айныған жоқ. 1955 жылы шашын ақ шалып, бетіп азап әжімі торлап қайтқан Ө. Тұрманжанов жаңа күш-жігермен, ынта-ықыласпен өзінің сүйікті ісіне - шығармашылық жұмысына қайта жұмылды. Бұл жылдардың ішінде ол туған әдебиетіне жемісті қызмет етіп, елеулі үлес қосады: көптеген жаңа өлеңдер жазып, 1958 жылғы таңдамалы өлеңдері мен поэмаларының жинағына енгізді; өзбектің көрнекті ақыны Ғафур Ғулямның таңдамалы шығармаларын қазақшаға аударды және мақал-мәтелдер кітабын толықтырып қайта шығарды. Әсіресе балалар әдебиетіне аса көңіл бөліп, «Бөдене мен түлкі», «Бал қаласы», «Алма атасы», «Сұңқар түлектері», «Менің кітабым» атты жаңа кітаптар жазып шығарды. Мұнда да тәжірибелі жазушы, балалар мен жасөспірімдер жазушысы халық фольклорының санқилы сюжеттерін, айқын образдарын, ашық бояулары мен теңеулерін мол пайдаланып, қазіргі балалар түсінігін байытатын, жақсы тәлім-тәрбие беретін, табиғатты, туған жерді, ізгілік пен ерлікті, әділет пен әдемілікті сүйгізетін, жамандықтан, залымдықтан, ұсқынсыздықтан жиренетін көркем туындылар жасаған. «Менің кітабым» деген үлкен кітапқа енген 80 шамалы өлең-тақпақтар, 60 шамалы мысалдар, ертегі-поэмалар, әңгіме-аңыздар Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті саласындағы құнарлы еңбегінің қомақты қорытындысы тәрізді. Бұл кітап әдебиетшілер мен мұғалімдер қауымынан жақсы бағасын алды. Осы кітапқа жазған кіріспе сөзінде белгілі балалар жазушысы Сапарғали Бегалин: Жазған өлеңдері де, мысал, хикаялары да, ертегі ізімен жазылған жаңа ертегі-поэмалары да халық ауыз әдебиетінен қорланып, көркем кесте, мәнер алады. Жас оқушыларын жас сұңқардай өрге, өнерге, қияға талпынуға, еңбекке, еңбек адамын сүюге баулиды. Адал болуға, әділ, шыншыл болуға меңзейді. Өтебай шын мағынасында баланың тілін тапқан, балажанды ақын.
Сайып келгенде, Ө. Тұрманжановтың соңғы жылдары айрықша шешек атқан балалар үшін шығармашылығы бұл саладағы қазақ әдебиетінің елеулі табысы ретінде көрнекті орын алып отыр. Бұл шығармашылықтың моральдық-этикалық тәрбие жөнінде ғана емес, эстетикалық тәрбие жөнінде де мән-мағынасы өте-мөте зор - ол оқушысын, әсіресе, сөз сұлулығына, өлең өнеріне тәрбиелейтін таптырмас қымбат құрал.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.
1. 2 Өтебай Тұрманжановтың мысалдарының көркемдік ерекшеліктері
Қазақ балалар әдебиетінің қарт қаламгерлері Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжановтар көптеген мысалдарын ертегі райында жариялап келген екен. Балалар әдебиетінің екінші бір буыны Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Әнуарбек Дүйсенбиевтер ертегі мен мысалдың ара жігін ажырата қолданыпты. Көркемдік құралдарының еркіндеу араласып кетіп жататындығына қарамастан, қазақ балалар поэзиясында ертегі мен мысал екі бөлек отау тігіп, жанр шарты бойынша өмір сүруге тиісті. Қазақ балалар поэзиясында қазір екі жанр екі бөлек өмір сүре бастады да. Белгілі сатира зерттеушісі, профессор Темірбек Қожакеев «Қазір сатиралық жанрлардың біздегі ең көп жазылып жүргені осы мысал» - деген пікір түйгенде, мысалдың балалар әдебиетіндегі көрінісін де ойға алған болуы керек.
Иә, сол көп жазылып жүрген мысалдың бірсыпырасы - балалар несібесі, балалар поэзиясының еншісі. Қабылдау аясы шақтаулы - бала оқушыға арнап мысал жазу оңай ма? Әрине, жоқ. Қиынның қиыны. Әлімсақтан бері айтылып келе жатқан ақиқат - поэзия сезім жемісі. Ал, ұлы сыншы В. Г. Белинский «Мысал ақыл поэзиясы» - деп жазыпты. Біздіңше, ұлы сыншы мысалдың сезім жемісі ретінде бірден төгіліп, мөлдіреп ақ қағазға түспей, он ойланып, тоғыз толғаныстан туатындығын, айтар ойын астарға бүгіп, қоғам, адам бойындағы мерезді мінді хайуанаттан персонаж тауып, оны сол хайуанаттың сырт келбеті, әрекет ерекшелігіне сай икемдеу, сәйкестендіру жолдарының қиындығын еске алған болар. Сонымен бірге, ол « . . . мақал-мәтелге қарағанда, мысал поэзияның жоғары түрі, жоғары тегі . . . » - деп те пікір тербепті. Бұл пікірді әлгі айтылған жанр шарттарының қиындығына қарамастан, мысалдың мөлдір поэзия болуы керектігін айтқан ұлығатты ой деп танимыз. Жанрға қойылар осы талаптарға балалар әдебиетінің шартымен қарасақ, міндет тіпті ауырлай түседі. Мысалдың балалар әдебиетіндегі тағдыры осындай.
Мысал жанрының ең байырғы негізін салушы Эзоп тарих ғылымының ежелгі аталары Геродоттын, Плутархтын айтуларына қарағанда, біздің ғасырымыздан бұрынғы 620-560 жылдары өмір сүрген. Ол ертедегі грек халқынын перзенті. Эзоп о баста Самосц Иадмон дегеннің басыбайлы құлы болған. Кейінірек басына бостандық алған соң, Лидия патшасы Крезаның сарайында қызмет еткен. Патша оны Дельфияда тұратын бір сәуегей абызға түрлі сый-сияпаттар беріп елшілікке жібереді.
Қазақ фольклорынан сусындап өскен ақын халық шығармашылығын терең зерттеуді әуел бастан-ақ қолға алған. Ол бала тәрбиесінің қайнар көзі халық шығармасында екенін жақсы түсініп, өзінің шығармашылық өмірінде, талай ертегі-аңызды арқау ете отырып жандандыра түсті. Қарапайым тілмен балалар жүрегіне жеткізе білді. Сондықтан да оның жалықпай, талмай жинақтап қазақ мақал-мәтелдерінің бес жинағын құрастырды. 1966 жылы Ө. Тұрманжанов қазақ ертегілерін орыс тілінде әзірлеп, баспадан шығарды. Ө. Тұрманжанов аудармамен де айналысты. Ақын аударған Эзоптың, Л. Н. Толстойдың, И. А. Крыловтың мысалдары қазақ балаларына бәсіре туынды болып кетті. Ол Лев Толстойдың өзінен-ақ балаларға арналған елуге жуық мысалдарын, М. Горькийдің «Кішкене ғана», «Тұз басында» атты әңгімелерін аударған. Мұнда қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесі, еңбек адамының қажымас қайраты, қиындыққа мойымас күш-жігері түпнұсқадағыдай айқын суреттелген. «Әртүрлі халықтың қызғылықты ертегілері» атты кітапты өзі аударып, құрастырды.
Өтебай Тұрманжанов балалар әдебиеті саласында жазған шығармаларының негізгі тақырыбы - еңбекке баулу. Бұл үшін ол еңбек зейнетін суреттейтін, сонымен қатар берік ынтымақ пен мызғымас бірлік идеясын паш ететін шығармалар жазды. Оның «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Құмырсқалар, аралар, - қиыспас дос құдалар», «Төрт өгіз туралы ертегі» т. б. сияқты басқа да поэмалар мен мысал-өлеңдерінің бәрінде де тәрбиелік мән жатыр.
Осы кезге дейін Эзоп жазды делінетін мысалдардың ұзын саны 650. Осының ішінен белгілі балалар ақыны Өтебай Тұрманжанов аталарыңның кезінде таңдап, іріктеп қазақ тіліне аударған 73 мысалы жинақ болып шыққан.
Сан алуан қиындыққа қарамастан қазақ балалар поэзиясында мысалдың айы оңынан туған қызықты үлгілері бар. Ақынның аты аталған жерде шығармасы, шығармасы айтылған жерде аты жүретін әдеті. Ал енді Тұрманжановтың есімімен қабат жарыса еске түсетін туындылар қандай? Бұл сұраққа жауап беру таңдамалының сапасына жауап беру болып табылады. Дел осы тұрғыдан келгенде, біз сөз еткелі отырған аға автордың атымен қосанжар жүретін шығарманың бірі, бірі болғанда көп дүниенің алдынан табылатын серкесі - Өтебай Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос, құдалар» аталатын мысалы. Бұл - балалар әдебиетіндегі мысал-поэма үлгісі. Ауыз әдебиеті асыл қайнарынан қанып өскен қаламгер аталмыш поэмасында әлденеше сипатты қабыстырып, ұштастырып пайдалана білген. Ол, біріншіден, фольклорлық баяндау сарынын ұстанған.
«Ертеде бір орманда,
Өзі салған қорғанда,
Бір топ ара тұрыпты» - деп бастайды автор поэмасын. Сондай-ақ, поэманың түйінінде өтірік өлең сипаты бар.
Мініп алып бір қойға,
Мен де болдым сол тойда,
Аралардан бал жедім,
Ондай тәтті көрмедім.
Құмырсқадан нан жедім,
Ондай дәмді көрмедім - деп түйеді ақын.
Мысал ұғымды да ұтымды жазылған. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқалары тақілетті, етек-жеңі жинақы, сайдың тасындай жұп-жұмыр. Композициясы құстаңдайланып қызық өрілген. Үнемі өсіп, өрбіп отырады. Өтебай Тұрманжановтың аталмыш шығармасының бірнеше тілдерге аударылу сыры да осында жатса керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz