Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжі мекемесі
Бекітемін
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
____________Сарекенова С.К
____________20__ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Балаларды табиғатпен таныстыру
Тақырыбы: Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Мамандығы:0101000 Мектептегі дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Оқу нысаны: Күндізгі
Орындаған:_________________________ ________________Дауылбаева Н.
Жетекшісі:_________________________ _____________________Султанова Г.
Атырау 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Бөлім. ТАБИҒАТ, ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫН ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Табиғаттың адам өміріндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Адамның табиғатпен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. Бөлім. Ерте жастағы балаларды үй жануарлары, жабайы аңдармен таныстыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... 15
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Балаларды жануарлармен таныстыру мақсатындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты -- табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның саналуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі.
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады.
Экологиялық тәрбие беру мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр:
- педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру;
- балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
- әр түрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
- Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көз-қарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезеңі болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес.
Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді.
Балаларды жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеу керек.
Жануарлар (лат. Animalia) -- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді.
Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы - 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан.
Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 - 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді.
Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы -- сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит -- чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы -- 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық -- рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады.
Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады.
Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде.
Балаларды табиғи материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
І-БӨЛІМ. ТАБИҒАТ, ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫН ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар -- осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда Жер-Ана деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Су ішкен құдығыңа түкірме
Бұлақ көрсең, көзін аш - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады.
Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Таза болса табиғат - аман болар адамзат
Табиғат , сен - тіршілік, тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен - көлсің,
Сен - ормансың,
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған, - деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі.
Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап
отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі - осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат - үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Таза болса табиғат - Аман болар адамзат, - деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен - табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.
Бұл адам денсаулығы мен өсімдік, жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізіп отыр деген сөз. Сондықтан да ауаны ластамай таза ұстау - барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.
Біз жас ұрпақ - табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын, Бұлақ көрсең көзін аш, Бір тал кессең, он тал ек тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі Қызыл кітапқа енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. Жасыл ел ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат - кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау - ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
1.2 Адамның табиғатпен байланысы
Жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына 4 млрд. Жылдан артық уақыт өтті. Ұзаққа созылған бұл мерзім ішінде бір жасушалы қарапайым ағзалардан құрылымыда, түр өзгешелігіде басқа өсімдіктермен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Адамның өз табиғатына сай қоғам құра бастағанына он мың жылдай, ормандарды өртеп отырған темір мен пайдалы қазбаларды пайдалана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz