Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері


Мазмұны:
І. Кіріспе . . . 2-3
1. 1 Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы . . . 4-6
ІІ. Негізгі бөлім
1) Теориялық бөлім
2. 1. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы . . . 7-9
2. 2 Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері, гигеналық факторлар . . . 10-14
2. 3. Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы . . . 15-23
2. 4 Қимыл-қозғалыстар және дене жаттығуларын үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың ерекшеліктері . . . 24-34
2) Тәжірибелік бөлім: «Жылдам ойлан» . . . 35-36ІІІ. Қорытынды . . . 37
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
І. Кіріспе
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық көңіл күй жағдайын көтеруге қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды жүзеге асырады», - делінген. Жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді құрсақтағы кезеңнен (мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан) шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық институттардың «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқытылатын «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәні негізгі оқу пәні болып табылады. Аталған мамандық үшін ұсынылып отырған «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен Бекітілген және Пайдалануға рұқсат етілген 050101-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқулық 21 тақырыптан тұрады. Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны жоспарға сай ашылған. Соңынан тарауға сәйкес сұрақтар мен тапсырмалар, білімдерін бақылауға арналған тестілер ұсынылған. Қосымша ретінде дене тәрбиесі терминдерінің қысқаша сӛздігі, Қазақстан Республикасы халықының дене тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары, дене шынықтыру және спорт туралы заңдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған.
1. 1 Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми-зерттеулер мен озат тәжерибе негізінде дамиды. Ұлы Қазан социалистік революциясы біздің елімізде жаңа педагогиканың - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің іргетасын қалады. Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н. К. Крупская баға жетпес үлес қосты. Н. К. Крупскаяның мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры көп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік білім берудегі үлкен мәні көрсетіледі. ХVІІ ғ. жартысында Епифаний Славинецкий ―Балалар тәртібінің ережелері атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды. Епифаний Славиницкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітап баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті. Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И. Бецкой, Н. И. Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл - ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған. Орыстың революцияшыл демократтары А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасау үшін үлкен мәні болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі екенін анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысын көрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Мұның өзінде олар маңызды рөлді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының, тамақтанудың нормаландырылуынан көрінетін тәртіпке бере отырып, мұны сергек рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті дұрыс негіз деп санады. Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән береді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысқа мерзімді қимыл-қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды. Оның пікірі бойынша, балаларда қоғамдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын, «қоғамдық қатынастардың алғашқы ассоциациалары» түйіп тастайтын ұжымдық ойындардың үлкен тәрбиелік құны бар. К. Д. Ушинский педагогтарға жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуде үлкен қателіктер жібермеу үшін олар анатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды білуге міндетті деп санады. Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің теориясын жасауға алғы шарт болды. Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П. Ф. Лесгафт болып табылады. Аса ірі ғалым-педагог, медицина және хирургия докторы П. Ф. Лесгафт өз заманының озық ойлы адамдарының қатарында болды. П. Ф. Лесгафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас жүйесін жасады, оны автор дене тәрбиесімен өзара байланысты қарастырады (дене жаттығуларының гигиеналық және сауықтырушылық маңызы) . П. Ф. Лесгафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, жаттығуларды бірте-бірте күрделендіруді және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам организмнің жан-жақты дамуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның дене күшінің бірте-бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды. Дененің дамуын П. Ф. Лесгафт ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс- әрекетімен өзара байланыста ғана мойындады. П. Ф. Лесгафт жаттығулары үйрету кезінде аз күш жұмсап үлкен жұмыс орындауға және кездесетін қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін саналы көзқарас тәрбиелеуді негізгі міндет деп санаған. Ол бала санасына бағытталған, көрсетілген нәрсені сол қалпында қайталай салуға жол бермейтін сөздің мәнді болатынын атап кӛрсеткен. П. Ф. Лесгафт мұғалімнен сабақтарға жүйелі әзірлендіруді талап етті. Үйрету процесінде мұғалім денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте арттыруды, жаттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала қарастыруға тиіс. П. Ф. Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен әдістемесін жасады. Ол қимыл-қозғалыс ойынын «бала соның көмегімен өмірге әзірленетін жаттығу» ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға, әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. Ойындағы ережелердің заң ретінде маңызы бар, балалардың оған деген көзқарасы саналы және жауапты болуға тиіс. Оны орындау баршаның міндеті, сондықтан да оның үлкен тәрбиелік күші бар. Ойындар моральдық қасиеттерді - тәртіпті, адалдықты, шыншылдықты, ұстамдылықты дамытады. П. Ф. Лесгафт ойынды жеке адамды тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қарастырады. П. Ф. Лесгафтың жаттығуларды іріктеу принципіне сүйене отырып, В. В. Гориневский дене дамуының адам өмірінің әр жас шамалық кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтайды. Оның «Белгілі бір жас шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі кеңінен тарады. Дене тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жӛніндегі кӛптеген ғылыми еңбектердің арасынан «Мектеп жасына дейінгі дене шынықтыру» атты кітап көпшілікке айрықша әйгілі болды. Егер П. Ф. Лесгафт Ресейдегі дене шынықтыру білімі негізін салушы ретінде жас ұрпақ дене тәрбиесінің ғылыми негізін қаласа, оның ісін жалғастыруды В. В. Гориневский қоғамның жаңа міндеттері мен талаптарын ескере отырып, дене тәрбиесінің жас шамалық өзгешелігін осы негізде дамытты. П. Ф. Лесгафттың және В. В. Гориневскийдің идеяларын профессор, педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, дәрігер-гигиенист Е. А. Аркин жалғастырды. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап Е. А. Аркин Халық ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бөлімінің Мәскеу халық ағарту бӛлімінің тұрақты кеңесшісі қызметін атқарды, балабақшалар дәрігерлерін біріктірді, тәрбиешілермен үнемі байланыста болды, оларды өзінің зерттеулеріне қатыстырды. Е. А. Аркин оларды жоғары жүйке қызметінің балалар тіршілігі және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы, И. М. Сеченев пен И. П. Павлов ілімінің негізгі қағидаларымен түсінікті де тартымды түрде таныстырды, балабақша мен отбасының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын негіздеп берді. Оның мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері жөніндегі еңбектері арасынан осы күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған «Мектепке дейінгі жас» атты кітап ерекше ілтипатқа ие болды. Мектепке дейінгі жас педиатриясы педагогикасына профессор, медицина докторы Л. И. Чулицкая үлкен үлес қосты. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері жайындағы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, оларды тәрбиелеу мен оқытудың гигиеналық нормаларын анықтап берді және осы нормаларды балабақшаның практикасына ендірді. Л. И. Чулицкая гигиена, шынықтыру мәселелері жөнінде мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері туралы 50-ден астам ғылыми еңбек жазды. Оның «Мектеп жасына дейінгі балалар гигиенасы» атты кітабы көпшілікке кеңінен таныс. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі саласында дәрігер және педагог Е. Г. Леви-Гориневскаяның үлкен рөлі бар. Өз жолбасшыларының бағытын ұстана отырып, ол дене тәрбиесі теориясы мен практикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның жариялаған еңбектерінен А. И. Быковамен бірлесіп жазған «Бала организмін шынықтыру» атты кітабы, сондай-ақ «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту» атты соңғы еңбегі кӛпшілікке мейлінше кең тараған. А. Б. Быкова мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс мәселелерін қорытып талдай отырып, балаларды қимыл-қозғалысқа үйрету процесін, оның мәнін, мазмұнын ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып көрсетті. Ол үйретудің, оның өзіндік өзгешелігінің тәрбиелік сипатын атады, мұны ол ойынмен, «балалармен өткізілетін сабақтарда ойын амалдарын кең қолдану мен оларды, эмоцианалды өткізумен» тығыз байланыста қарады. А. И. Быкова мен Е. Г. Леви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегі мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуға Н. А. Метловтың, М. М. Конторовичтің, Л. И. Михайлованың, А. И. Быкованың ғылыми-әдістемелік еңбектері айтарлықтай әсерін тигізді. Басқа авторлармен бірлесе отырып, олар балалардың дене тәрбиесі жөніндегі бағдарламаларды, педучилищелер үшін оқу құралдарын және мектепке дейінгі мекемелер үшін қозғалыс ойындарының жинақтарын жасап шықты. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жөніндегі алғашқы еңбектердің бірі - Д. В. Хухлаеваның 6-7 жастағы балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды үйретудің әдістемелік тәсілдерінің маңызы мен арақатынасын анықтаған зерттеуі болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің жекелеген мәселелерін дамытуға практикалық қызметкерлердің таңдаулы тәжірибелері елеулі үлес қосады. Педагогтардың, әдіскерлердің «Дошкольное воспитание» журналында жарияланған мақалаларында, дене тәрбие сабақтарында шынықтыруды, балаларға дене жаттықтыруды үйретуді жақсы ұйымдастырудың, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық ойындардың элементтері бар ойындар және т. б. өткізу әдістемесінің шығармашылық ізденістері ашылып көрсетіледі. Соңғы жылдарда балалар дене тәрбие саласында едәуір мөлшерде күн тәртібін ғылыми негіздеуге, сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, қозғалыс ойындарының, шығармашылық белсенділіктерінің, балалардың қозғалыс іс-әректтеріндегі дене қасиеттерін, жарыстың тәрбиелік рөлін, негізгі қимыл-қозғалыстар мен спорттық жаттығуларды т. б. үйретуге арналған ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды. Зерттеулерден шыққан нәтижелер балалар дене тәрбиесі теориясы мен практикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді және бағдарламаларда, жасалып жатқан оқулықтар мен оқу құралдарына өз бейнесін табады. Олардың авторлары ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде үйретудің мазмұнын, ұйымдастырылуын, әдістерін жетілдіруге Л. М. Артемова, Е. Н. Вавилова, М. П. Голощекина, А. В. Кенеман, Л. М. Коровина, Л. В. Карманова, Г. П. Лескова, А. В. Листенова, Л. И. Пензулаева, Н. В. Потехина, Г. В. Сендек, И. И Сергееня, А. Д. Удалой, В. Г. Фролова, Д. В. Хухлаева және басқалардың зерттеулері арналды. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі мәселелерін одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
2. 1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми-техникалық прогресс еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, есте сақтау, ойлану процестерінің белсенділігін дәл, тез бағдарлауға және түсіп жатқан ақпарат тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді. Осыған байланысты балаларды құрсақтағы кезеңнен бастап дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады. Сондықтан балалардың дене тәрбиесі теориясы саласындағы мәселелер сан алуан және келелі. Олар балалардың психикалық-физиологиялық дамуына және оның туған күнінен басталатын қимыл-қозғалысына қатысты заңдылықтардың аса маңызды мәселелерін: балалардың потенциялдық мүмкіндіктерін және олардың дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасауды зерттейтін; барлық жас кезеңінде бүкіл тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұны мен әдістерін ғылыми негізделген қозғалыс тәртібін, жүйке жүйесінің, шынығудың гигиенасын қорытып жасап шығуға кешенді қарауды; қажетті бағдар таба білуге тәрбиелеуді, адамгершілікті сана мен мінез-құлыққа өзінше ойлануға, сабақтың алуан түрлерінде және ойындық іс-әрекетте шығармашылық белсенділікке, спортқа, еңбекке т. б. деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді қамтиды. Аталып өткен проблемаларды шешу ғылыми мекемелер бастарын қосып біріктірген ғалым-педагогтардың, психологтардың, физиологтардың, дәрігерлердің бірлесе күш жұмсауымен жүзеге асырылады.
Қазақстандағы мектепке дейінгі ғылымның дамуы туралы айтқанда бір атап өтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ "Mектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі нұсқау" жарыққа шықты. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа Құлжанованың "Mектептен бұрынғы тәрбие", "Aна мен бала тәрбиесі" атты еңбектері мектепке дейінгі тәрбиенің алтын қорына қосылды. Ағартушығалымдар:А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жӛніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа алынды. 1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындағы теориялық және тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты. 1950 ж. Қазақ КСР Оқу министрлігінің ЬLАлтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосты. Бүгінгі таңда педагог ғалымдар: A. B. Андросова, Б. Арзанбаева, Б. Б. Баймұратова, C. Г. Бәтібаева, Н. Баримбеков, Ә. C. Әмірова, Г. X. Дүкенбаева, З. Д. Еденбаева, А. К. Меңжанова, Г. Ж. Меңлібекова, Т. А. Макеева, Қ. M. Меңдаяқова, Г. Метербаева, Т. А. Левченко, A. E. Манкеш, M. T. Тұрыскелдина, Ж. А. Исмайлова, Т. Иманбеков, Ф. H. Жұмабекова, C. H. Жиенбаева, О. Жұмадиллаева, M. C. Сәтімбекова, А. Ж. Салиева, Ш. Сапарбаева, Н. Сайлауова, F. З. Таубаева, X. T. Шерязданова, А. А. Нурахунова, т. б. мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады. Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мәселелері Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар Академиясының мектепке дейінгі тәрбие кабинеттерінде, мектепке дейінгі балалық шақ орталығында, дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми практикалық орталығында, Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесінің әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды сыныптары, түрлі деңгейдегі БКИ-дегі мектепке дейінгі тәрбие және мектеп алды дайындық кабинеттері, жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бөлімдері) жүзеге асырылуда. Ғылыми ақыл ойды дамытуда және дене тәрбиесі саласындағы ғалымдарды біріктіруде Педагогика ғылымдары академиясы мен Білім және ғылым министрліктері ұйымдастыратын конференциялардың да маңызды мәні бар. Бұл конференциялар ғалымдардың белгілі бір кезеңдегі зерттеу жұмыстарының қорытындысын шығарады және алдағы ғылыми ізденістердің перспективаларымен, дене тәрбиесінің біздің еліміздегі қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуымен сәйкес туындайтын өзекті проблемаларды талдап қорытумен таныстырады. Дене тәрбиесі жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бір сөзбен айтқанда, денсаулықты қолдаудың жай ғана тиімді құралы емес, сонымен бірге адамның қоғамда табысты болу мүмкіндігі.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің белігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жан-жақты дамуды дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Қазақстанда кезкелген азаматтың денсаулығын сақтау жолында қалаған спорт түрімен айналысуға, дене шынықтыруға жағдай жасалған. Үкіметіміз халықтың денсаулығын, дене тәрбиесін жақсарту мақсатында көптеген заң, бағдарламалар қабылдады. Атап айтсақ. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары туралы ережесі», «Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы», «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» т. т. (Қосымшада заң, бағдарлама мазмұны ұсынылған) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz