Кітап оқудың бес тәсілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс
Балалар кітапханасындағы көпшілік жұмыстардың түрлері

(Кітапханатану пәні бойынша)
0401000 Кітапхана ісі мамандығы

Орындаған: С.Ермекқызы Ктх-305- тобы
Жетекшісі:

Қорғауға жіберіледі (жіберілмейді)
Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер оқу-әдістемелік
бірлестік жетекшісі:
____________ Шумакова Ш.А.
____ _________2018ж

Ақтөбе, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. КІТАПХАНА- АҚЫЛ - БІЛІМ ОРДАСЫ ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ; ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9
1.2. БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-16
1.3.БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-22
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25 -27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...28-29

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кітапхана білімді дамытудағы көшбасшы.Мақсаты-жастарды оқуға қолдау, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау,оқырман сұранысын қанағаттандыру.
Ктапханадағы кітапханашылардың басты міндеті- оқырмандардың назарын кітап оқ уға аудара отырып оқырман санын арттыру, оқырманның уақытын тиімді, ұтымды ұйымдастыру, пайдалану болып табылады.
Зерттеудің . Кітапхана келген оқырмандарға кажетті әдебиеттерін тауып берумен қатар көптеген іс-шаралар,библиотерапиялық кештер, пікірталас,оқырмандар конференциясын, кітап көрмесін,ауызша журнал, сайыстар,ертеңгілік, өнеге сағаттарын өткізе отырып,санқиялы тарихты басынан өткізген халқымыздың тарихын,өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени-мұраларын,әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.
Зерттеудің мақсаты. Оқырманның оқу дағдысын қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, оның ішінде өзіне қажетті материалды іріктеп алуға үйрету,ақпараттық мәдинетті қалыптастыру басты мәселелердің бірі.
Зерттеу нысаны. Кітапты ақпарат құралы алмастыра алмайтындығын, көпшлік мәдени іс - шаралар арқылы кітаптың адамзат дамуында алатын орны жоғары екенін үнемі оқырмандар санасына жеткізіп отыру кітапханашының басты міндеттерінің бірі.
Зерттеу пәні. Кітапханатану
Зерттеу міндеттері. А) Балалар кітапханадасында ауызша және баспа құралдарының жиынтығы арқылы оқырмандардың белгілі бір тобына ықпал ету.
Ә) Балалар кітапханасында , идиялық- тәрбие, мәдени - ағарту, ғылыми - ақпараттық жұмыстарының түрлері мен әдістерін жетілдіру міндеттері.
Б)балалар кітапхнасындағы мәдени көпшлік іс шаралардың ұйымдастырылуы;

Кітапхана ақыл- білім ордасы.
Кітапхана білімді дамытудағы көшбасшы.Мақсаты-жастарды оқуға қолдау, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау,оқырман сұранысын қанағаттандыру.
Балалар ктапханадағы кітапханашылардың басты міндеті- оқырмандардың назарын кітап оқ уға аудара отырып оқырман санын арттыру, оқырманның уақытын тиімді, ұтымды ұйымдастыру, пайдалану болып табылады.
Балалар кітапханасына келген оқырмандарға кажетті әдебиеттерін тауып берумен қатар көптеген іс-шаралар,библиотерапиялық кештер, пікірталас,оқырмандар конференциясын, кітап көрмесін,ауызша журнал, сайыстар,ертеңгілік, өнеге сағаттарын өткізе отырып,санқиялы тарихты басынан өткізген халқымыздың тарихын,өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени-мұраларын,әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.Әрине бұл ауқымды жұмыстарды аткаруда кітапхана активтерінің де көмегі зор.
Адамзаттың тағы бір қол жеткізген үлкен табыстарының бірі-ақпарат.Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нірсеге айналып кетуі мүмкін,сондықтан оқырманның оқу дағдысын қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, оның ішінде өзіне қажетті материалды іріктеп алуға үйрету,ақпараттық мәдинетті қалыптастыру басты мәселелердің бірі.
Сонымен қатар бүгінде барлық кітапхананың алдында тұрған міндет кітапхана жұмысын автоматтандыру.
Алайда кітапты ақпарат құралы алмастыра алмайтындығын,кітаптың адамзат дамуында алатын орны жоғары екенін үнемі оқырмандар санасына жеткізіп отыру кітапханашының басты міндеттерінің бірі.
Кітапханашылар кітап мәртебесін көтерумен бірге еліміздегі, білім ордамыздағы жаңалықтардың жаршысы, насихатшысымыз.

1.1.КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ; ТҮРЛЕРІ

Кітапхана -- мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: көпшілік; ғылыми және арнаулы.
* Көпшілік кітапхана -- оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
* Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді.
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.
Жалпы, Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасу тарихына 200 жылға жуықтапты. Тұңғыш кітапхана 1831 жылы Орал қаласындағы әскери училище жанынан ашылса, 1858 жылы А. Д. Столыпинның бастамасымен көпшілік кітапханаға айналады. Бүгінде бұл шаңырақ Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ретінде қызметін жалғастыруда. Келесі көне кітапхананың бірі - Абай атындағы Семей облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. 1883 жылы кітапхана оқырмандарға қызмет көрсете бастайды. Ең ескі ЖОО кітапханасы - 1932 жылы Орынбор училищесі негізінде іргесі қаланған М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітапханасы. 1931 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы құрылып, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мәртебесіне ие болды. 2004 жылы Қазақ мәдениетінің жылнамасы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен толықты. Сонымен қатар, Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы аясында Дамаскідегі Сұлтан Бейбарыс кесенесін реставрациялау кезінде 200 мыңға жуық қолжазба мен кітап сақталған кітапхананың табылғандығын қазақ зиялылары сүйіншіледі.
Бибилиографиялық ақпараттандыру - оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету.
Оқырмандармен жұмыс - оқырмандардың сұранымы мен мүддесін қалыптастырып, қанағаттандыратын, зерттейтін, оқуына басшылық жасайтын және әдебиеттерді насихаттайтын кітапхананың негізгі жұмысы болып табылады.
Диагностикалық бағыт - жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, көрсеткішін анықтау арқылы нәтижені анықтау.
Кітап оқудың бес тәсілі:
1. Зер сала оқу. Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.
2. Тез оқу. Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.
3. Таңдап оқу. Мәтінің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.
4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу. Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.
5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез шығу.
Жүргізілетін жұмыстың мақсаты - ұлттық рухани және интеллектуалды сілкінісінің қажетті құралы ретінде оқуға оқырмандарды тарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады :
- Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау;
- Оқуға қабілеттілігінің ашылуына оңтайлы жағдай жасау ;
- Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырманның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
Осы көрсетілген үш бағыт басшылыққа алына отырып, кітапханашының жұмыс жоспары шығады

Жұмыс кезеңдері
Тақырыбы
Мақсаты
Әрекет
Танысу
Қош келдің, жас дос
Жаңа оқырманды кітап әлеміне тарту арқылы сапалы оқырман санын көбейту;
Қызығушылығын ояту, кітаптарды іріктеу
Іске асыру
Күш - білімде,
Білім- кітапта!
Оқушыға әдебиет таңдауға, мұғалімдерге - кәсіби өсуге мүмкіндік туғызу;
Не оқимын? Қалай оқимын? Неге оқимын?-
деген сауалдарға жауап .
Қолдану
Кітап - кемел келешек
Өз бетімен кітап оқуға, өзіңе керегін таба білетін оқырман іріктеу, оқырман қажетін қанағаттандыру
Оқырмандар қажетін қанағантандыру.
Дамыту
Оқитын ел - озық ел!
Білім беру жүйесінде ақпараттық, оқырмандық мәдениетті арттыру арқылы- білім сапасына ықпал ету.
Оқығанын іске асыру , дамытуға ақпараттық-энциклопедиялық бағдар құру.

Жеке оқырмандармен жұмыс -таңдауын тану; -оқығанын жинақтау; -жеке кітапханасын байыту; Нысанаға алыну себебі: оқырманның көркем әдебиет оқуға қызығушылығының жоғары деңгейі. Оқырман бойындағы бейімділіктерді дамыту арқылы бағдар беру, отбасы немесе баланың оқуға құштарлығын арттыру; Жұмыс түрлері:
-жеке әңгімелер;
-диагностика;
-ішке тарту;
-тренингтер;
-өзіндік ой сабағы;
-көз жеткізу;
Оқырманның ақпараттық іздеу қабілетін жаттықтыру баланың кітапханаға келген негізгі мақсатына - оқу барысында тұлғаның шығармашылық жағынан қалыптасуына нұқсан келтірілмеуіне кітапхана ат салысуы қажет. Балалар кітапханалары функцияларының негізгілерінің бірі - білім берушілік.Оны былайша сипаттауға болады:
- біріншіден, жалпылық және әмбебаптық, өйткені, оқу, онсыз қоғамда өмір сүру алмайтын және барлығына дерлік қажетті әлеуметтік қабілеттер қатарына жатады; - екіншіден, базалық ретінде, себебі, оқырмандық қызмет, басқа қызмет түрлерінің-танымдық, білімдік, еңбектік, т.б. негізінде жатады; - үшіншіден, өзгермейтін ретінде, әйтпесе ұрпақ ауысымы шексіз және білім мен тәжірибе үлестіру процесі мәңгілік жүрер еді. Осы функцияны орындау бағыттарының бірі балалар оқуын ұйымдастыруға қатысты - балаларға кітаппен жұмыс істеу үшін қажетті ыңғайлы жағдайлар жасау - олардың құқығына сәйкес орын-жайды, жабдықтарды техникалық құралдарды ұсыну, кеңес беру және оқыту сипатындағы көмектер көрсету. Білім берушілік функцияны орындау барысында, кітапхана көркем әдебиетке деген балалар қызығушылығының артуына ықпал еткені абзал. Жас оқырман өскен сайын, оның маңыздылығы арта түседі.

1.2. БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

Біз балаларымыздың дені сау болып өсуін, бақытты болуын қалаймыз. Келешекте үлкен табыстарға қол жеткізуін тілейміз. Бұл үшін ең алдымен, жас ұрпақ жазуды және кітап оқуды үйренулері, яғни білімді меңгерулері керек. Ол білім - отбасынан басталуы керек. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсіз өмір сүре алмауға баулу.
Барлығы ерте балалық шақтан басталуы керек. Ұйқы алдында әр түрлі әңгімелер, ертегілер айту және көптеген сұрақтарға жауап беру тек қана ата - анаға тән. Сол себепті балалық шақ баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамытудың ең қолайлы кезеңі. Сондықтан осы бағытта кітапханашылар мен психологтардың мынадай кеңестерін қолдану керек:
1. Балалармен бірге өлең айтып, ойнап әңгімелсіңіздер
2. Күнде кітап оқуға уақыт бөліңіз
3. Кітапты байқап таңдаңыз.
4. Оқуға қажетті заттармен баланың айналасын қоршау
5. Мәнерлеп, асықпай және рахаттана кітап оқыңыз
6. Бірнеше рет қайталап оқыңыз
7. Әр уақытта және барлық жерде кітап оқыңыз
8. Балаға кітапты күштеп оқытпаңыз
9. Баланың оқығанына қызығушылығыңызды көрсетіңіз.
Ата - аналар осы кеңестерді пайдалана отырып баланы тәрбиелесе, нағыз оқырман тәрбиелейсіздер. Балаңызға кітап оқу анағұрлым жеңіл болады. Өзінің бос уақытын қалай өткізуге керек екенін біледі, керегін тез тауып және әр ақпараттарды шығармашылық тұрғыда түсіне алады.
Кітап оқу - өнер. Әр адам өз мамандығына орай, жалпы қызығатын, құмартатын тақырбына, талғам - талабына, қабілетіне орай баспалар толассыз шығарып жатқан қыруар өнімдер тізбегінен қажетті кітаптарын таңдай білуінің өзі-өнер.
Кітап оқуды неліктен өнер дейміз? Оқудың да түр-түрі бар. Қолға түскенді, табылғанды оқу бар. Әдетте мұндай оқырман көп оқиды да, өзінің ішкі рухани қажетіне жарайтын, танымын кеңейтетін, сезімін әрлейтін көркем ойдың үстімен қалқып өте шығады. Мұндай оқығыштар қалың -қалың томдарды бір-екі күннің ішінде жұта беруге бар. Нәтижесі қана уақыт өлтіру болып шығады. Оқудың өнер ретіндегі сипатын анықтайтын басты нәрсе - оқырманның өз алдына мақсат қойып оқуы. Бұл тану, түсіну, ой тұжыры мақсаты. Мұндайда кітаптың әрбір сөйлемі, әрбір беті ойдан таса, көзден таса, көзден таса қалмайды.
Бір кітапханада орта есеппен 20000-дай кітап болады. Ал осынша көп кітаптың ішінен керектісін қалай таңдап алуға болады. Кітапханашыдан сұраға болады, бірақ оның да кітапханадығы барлық кітапты жатқа біле беруі мүмкін емес. Әрине, керекті кітапты өзің іздеп тапқанға не жетсін. Ол үшін саған қолұшын беретін көмекшің бар, ол - каталог.
Балалар кітапханасында алфавиттік каталог, 8-9 жастағы балаларға арналған жүйелі каталог және каталогпен жұмыс жасаудың үлгісін көрсететін жайма буклет бар.
Оқырмандарымыздың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны-белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері. Кейбір жас оқырмандар романтик болса, кейбіреуі тарихқа көп үңіледі, ал енді біреуі бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады. Уақыт талабы болып отырған кітап оқусыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Оқырмандардың кітапты қызығып оқитын мезгілі жастық шағы екені де белгілі . ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін ақын - жазушыларымыздың шығармаларыннан топтап жасалып жүрген кітап көрмелеріміз - кітапты насихатау жұмысының өңі бір тамаша көңіл. Әр саладағы кітап көрмелері арқылы оқырмандарымыздың білімін ой өрісін байытуға, рухын көтеріп, қиялына қанат беретін әдебиеттермен қауыштыру, балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі.
Оқу мәдениетінің маңызды тұстарының бірі-кітапхананың библиографиялық сауаттылық, яғни кітапхана қызметін пайдалану ережелерін білу, кітап қорында дұрыс бағдар ұстау, керекті басылымдарды каталогтан таңдау, жаңа басылымдырдың шығуын қадағалап отыру кітап пен анықтамалық әдебиетті қолдана білу, реферат, конспект құрастыру ыңғайын меңгеру.
Кітап алған білімнің баянды болу үшін оны оқып шығуына Кітаппен жұмыс істеу оқығанды мұқият жазып жүруді талап етеді. Жазылмаған ой-жолған байлық-деген Дмитрий Иванович Менделеев. Конспект белгілі бір шығарманың, лекцияның, сөйлеген сөздің қысқаша жазылатын мазмұны. Конспект жазу оқығаныңа сын көзбен қарауға, ойыңды өсіруге, материалды терең түсінуге пайдалы, оқығанды түгел жаза бермей мына қағидаларды есте ұстаған жөн.
Жазудың ең күрделі әдістерінің бірі - реферат. Рефераттың конспектіден айырмашылығы, онда оқыған материалыңа өзіңнің айқын көзқарасының болуында.
Рефераттың мақсаты тек оқып білу ғана емес, сонымен қатар өз ойыңды қалыптастыру. Міне, кітаппен жұмыс істеудің негізгі әдістерінің бірі. Мұндай әдістер көп-ақ. Солардың қайсысын қолдансаң да ең негізгісі оқыған кітабының не жайлы екенін түсініп, есте сақтай білу.
Кітап оқудың бес тәсілі:
1. Зер сала оқу. Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.
2. Тез оқу. Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.
3. Таңдап оқу. Мәтінің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.
4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу. Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.
5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез шығу.
Баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Оқушы мен ата-ананы көркем әдебиет оқуға тарту, оқушымен, ата-анамен бірлескен сыныптан тыс оқулар ұйымдастыру;
1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету ;
2. Балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлері;
3. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы кітапхананың атқаратын ролі;
4. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту;
5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас
Белгілі бағдар бейімі анық оқушы, оқушының өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету , отбасылық оқу күні .
Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.
Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған. Кітапты оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз. Осы қағидаларға сүйене отырып, кітапханада кітап оқуға оқырман тәрбиелеудің жаңа әдістемелік бағыттары құрылады.
Кітапханадан балалар тіршілікке қажетті рухани қазынаның бәрін табу қажет. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерді түсініп, талдап үйрену және өз пікіріңді дәлелдей, қорғай білу - осының бәрін балалар кітапханадан үйрену керек.
Оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін мынадай үш топқа бөліп қарауға болады.
1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары, оқырман туралы мәліметтер алу, оқу мақсаты оқу ынтасының мазмұны, оқу жүйесі, кітапханалық - библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.
2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген қажеттіліктері мен құштарлықтарын қалыптастыру, оқырман бойында күнделікті оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп, жан - жақты дамыту, көркемдік талғамын ұстау т.б.
3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық библиографиялық құралдарды, каталогтар мен карточкалары кітап көрмелерін т.б. оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін және тиімді оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету.
Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен жұмыс жүргізу арқылы іске асырады. Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді. Сондай - ақ оқу мәдениеті жоғары оқырмандар үшін жақсы ұйымдастырылған кітапхананың ашық қорының, анықтама -- библиографиялық аппараттарының, кітап көрмелерінің алатын орны ерекше, балаларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында балалар кітапханасында кітапханалық -- библиографиялық сабақтар жүргізілуі керек.
Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.
Кітапханада әрбір ұйымдастырылатын іс-шараны бастамас бұрын оны төмендегідей бірнеше басты кезеңдерге бөліп аламыз. Сөйтіп бағыттарды негізгі ала отырып іс-шаралар ұйымдастырылады.
1. Мақсаттылықты көздеу.
2. Жоспарлау.
3. Ұйымдастыру және даярлау.
4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.
5. Күтілетін нәтижелер.
Бүгінде біздің оқырмандарымыздың өздері қабылдауына бағытталып жүргізілген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде қатыстыратын іс-шаралар қызықтырады.
Оқырманның ақпараттық іздеу қабілетін жаттықтыру баланың кітапханаға келген негізгі мақсатына - оқу барысында тұлғаның шығармашылық жағынан қалыптасуына нұқсан келтірілмеуіне кітапхана ат салысуы қажет. Балалар кітапханалары функцияларының негізгілерінің бірі - білім берушілік.Оны былайша сипаттауға болады:
- біріншіден, жалпылық және әмбебаптық, өйткені, оқу, онсыз қоғамда өмір сүру алмайтын және барлығына дерлік қажетті әлеуметтік қабілеттер қатарына жатады;
- екіншіден, базалық ретінде, себебі, оқырмандық қызмет, басқа қызмет түрлерінің-танымдық, білімдік, еңбектік, т.б. негізінде жатады;
- үшіншіден, өзгермейтін ретінде, әйтпесе ұрпақ ауысымы шексіз және білім мен тәжірибе үлестіру процесі мәңгілік жүрер еді.
Осы функцияны орындау бағыттарының бірі балалар оқуын ұйымдастыруға қатысты - балаларға кітаппен жұмыс істеу үшін қажетті ыңғайлы жағдайлар жасау - олардың құқығына сәйкес орын-жайды, жабдықтарды техникалық құралдарды ұсыну, кеңес беру және оқыту сипатындағы көмектер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және жиналған мәліметтерді талдау әдісі
Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқуға үйретудің әдістемесі мен мүмкіндіктері
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Кітап оқудың пайдасы
Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқу дағдысын үйрету технологиясы
Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негiзi
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
Пәндер