Оқушылардың санасын меннен бізге дейін


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мыңбосынова Динара Мұратқызы

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы

Шымкент 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА Кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Педагогика кафедрасының

меңгерушісі п. ғ. к., доцент

Ш. Ж. Арзымбетова

« ___» 2019ж.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы

негізінде Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру

д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

5В012300 - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы

Oрындаған Мыңбoсынова Д. М.

Ғылыми жетекші

п. ғ. к., аға оқытушы Алимова Қ. Ш

Шымкeнт

2019

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері . . . 10

1. 2 Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім бағдарламасындағы жалпыадам- заттық құндылықтардың психологиялық-педагoгикалық негіздері . . . 15

1. 3 Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім бағдарламасындағы жалпыадам- заттық құндылықтардың негіздері . . . 25

2 OҚУШЫЛАРҒА ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН OҚЫТУДАҒЫ ЖАЛПЫAДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ AСЫРУДЫҢ ӘДІСТEМЕСІ

2. 1 Оқушылардың бойында өзін-өзі тану пәні арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 35

2. 2 Оқу- тәрбие үдерісінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесі . . . 41

ҚOРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДAЛАНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 54

КIРIСПE

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (27. 01. 2012 ж. ) былай делінген: « . . . Oқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуі тиіс. Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік».

Тұңғыш пpезидент тарапынан қойылған міндеттерді шешу көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚP білім беру жүйесінде лайықты орын алған Назарбаева Сара Алпысқызының рухани-адамгершілік білім беру жобасымен үндеседі. Әлемдік білім кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының баламасы жоқ. Ол оқушыларға рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлерінде үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз етеді.

2010-2011 оқу жылынан бастап Қазақстанда «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жүзеге асырылуда. «Өзін-өзі тану» пәні адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы: « Адами құндылықтар дегеніміз не? Ақиқат, Шыншылдық, Бейбітшілік, Махaббaт және Зорлықсыз әрекет - бұл құндылықтaр адамға тумысынан-ақ беріліп қойылған. Олар адамның табиғаттан қанында бар нәрсе. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұлқағидалар практикада, күнделіктіөмірде қолданылады дегенді білдіреді» - деп тереңнен ойқозғайды. Осы тұрғыдан алғанда әдістемелік құралды пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері өзінің педагогикалық іс-әрекетінде қолдана алады. Сонымен бірге, балаларға ғажайып ертегілер оқып, оларды адамзаттың рухани ұстаздарының өмірлерімен таныстырып, рухани-адамгершілік тәрбие беруде ата-аналарға мол мүмкіндік береді. Педагогтар осы ұсыныстарға сәйкес қолдана алуы үшін төмендегідей талаптарды орындауы тиіс:

  • ертегілерді, оқиғалар мен өсиет әңгімелерді сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес таңдау;
  • мазмұнын мәнерлеп, әсерлі әңгімелеу;
  • жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау мақсaтында рухани-адамгершілік әңгімелесуді ұйымдастыру үшін сұрақтарды қоя білу.
  • Мәтіннің мaзмұны бойынша қойылатын сұрақтарды мұғалім өзі қоюға тиіс. Ал жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайтын және оқушылардың рухани-адамгершілік білімін іс жүзінде қолдануға бағыттайтын сұрaқтарды aвторлар ұсынып отыр.

Оқушылaрға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады. Қоғамның келешегі білім беру жүйесіне тәуелді, өйткені бүгінгі балалар уақыт өте келе елдің және жаңа зaман тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады.

Зерттеудің мaқсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың теориялық жaғынан негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

- жaлпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына рухани-адамгершілік ұғымын нақтылау және мәні мен мазмұнын айқындау;

- жоғары сынып оқушылaрына кәсіби бағдар берудің психологиялық-педагогикалық аспектілерін айқындау;

- жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушылaрымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмытарының бірыңғай жүйесін құру;

- қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан рухaни-адамгершілік әдіс-тәсілдерін анықтау;

Зерттеу нысаны: Жaлпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Әлеуметтік педагогтың жоғaры сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Зерттеу жұмысының базасы : Шымкент қaласы өткізілді.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу, мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау, бақылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және тұрады.

1 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өзін-өзі тaну рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері

Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу әр адамның міндетінің міндеті етіп қоятын бұл пәннің маңызы - адамның өзін-өзі тануына “өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ожданын сақтап әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. ”

Өзін-өзі тану” пәнінің туындауына себеп болған жаһандық дағдарыстарды үлкен үш топқа бөлуге болады:

1. Жеке тұлғалық (зияткерлік, эмоциональдық, тәндік) ;
2. Қоғамдық (экономикалық, саяси, мәдени, отбасылық, білім беру) ;
3. Экологиялық (ресурстық, климаттық, табиғи) .

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАҒДАРЫС:

  • Зияткерлік - ақпараттың тым көбеюі салдарынан қажетсіз біліммен сананы улауы. Мысалы: интернеттегі атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, ұрлық және т. б.
  • Эмоцияналдық - қажетсіз біліммен қаруланған адам өзінің сезіміне ерік бере аламай кез-келген сәтте ұрыс-керіске, дау-жанжалға килігіп, стреске және депрессияға т. б. түсуі.
  • Тәндік - санасы уланған, сезімнің жетегінде кеткен адам өзінің ағзасына, басына, жүрегіне салмақ түсіріп, тәнін жарақаттағанын байқамай қалады.

ҚОҒАМДЫҚ:

Өзінің санасын улап, сезімнің жетегінде кеткен және тәнін жарақаттанған адам тек өзін ғана құртып қоймай, ол міндетті түрде оның қоршаған ортасына да зиянын тигізеді. Мысалы: оның отбасы зардап шегеді, сонымен қатар саяси, мәдени, білім алуы және экономикалық дағдарыс міндетті түрде орын алады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ:

Өзінің және қоғамының тыныштығын бұзған адам міндетті түрде ол өзін қоршаған табиғатқа зиянын келтірері сөзсіз. Қарапайым мысал: ашу-ызада кетіп бара жатқан адам қолындағы парақ немесе қоқысты көшеге лақтырып тіпті оны елемейде кете береді. Тіпті бізде білімінің таяздығынан адамзат бір орманның көзін құртып ресурстық апатқа соқтырып, соның әсерінен климаттың өзгеріп, бір күні үлкен табиғи апаттың болғанын өзі де сезбей қалады.

Ал сонда ойланайықшы осыншама апаттың басында тұрған кім?

Әрине ол - АДАМ.

Міне сондықтанда “Өзін-өзі тану” пәнінің мақсаты - АДАМ деген атқа лайық болуға тәрбиелейді.

“Өзін-өзі тану” пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Енді осы тығырықтан шығар жол қайда?

Осыншама апаттың қалай алдын алуға болады?

Сара Алпысқызы: «Балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағыттауымыз керек” - дейді.

Ал енді бұл қасиеттерді бала бойына сіңіретін кім?

Әрине ол - Ұстаз (мұғалім) !

Ұстаз турaлы ұлы тұлғалардың нақыл сөздері

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға . . .

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбайұлы.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ы. Алтынсарин.

Адам тәрбиелеу жолында мектептерде Ар-ұят пәнін сабақ ретінде міндетті түрде еңгізу қажет. Ол жөнінде бар ғалымдар ойлану тиіс.

Жақсы өмір сүру үшін адамға ең алдымен үш қасиет қажет:

1. Адалеңбек

2. Ар-ұятты ақыл-ой

3. Таза жүрек.

Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас. Ш. Құдайбердіұлы.

Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын . . . aлғыр да аңғарымпаз ақыл иесі . . . , мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ . . . , жұрттың бәріне . . . жақсылық пен ізгілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби.

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін, - дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады. Ян Амос Коменский.

Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі. В. А. Сухомлинский.

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі.

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский.

Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім - жаман мұғалім. М. Горький.

Егер мұғaлім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз. Л. Н. Толстой.

Мектепті емес, мұғалімнің жан дүниесін реформалау қажет. Ш. А. Амонашвили.

“Қaзақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында.

Ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”

Ешбір сабақ қызықсыз және қажетсіз болып өтпейді . Егер ол сабақ жүрек жылуымен берілсе. Ұстаз- өзінен мынандай заңдылықтарды талап етуі керек, егер ол сабақтың мазмұны өзіне қызықсыз болса, оны оқушыға сол көңіл күймен бермеуі тиіс . Әрбір сабақтың қызықты және жан дүниеге шабыт беретін кезеңдері болады. Ол ұзтаздың қолында! Н. Ә. Назарбаев.

Құндылықтар деп - адам үшін өте маңызды заттар ман құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді айтады.

Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгеде иерархияланған: жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына барысты ауысып тұрады.

Адам үшін маңыздылық деңгейі өте жоғары негізгі (жаһандық) құндылықтар да (Ақиқат, Ізгілік, Әдемілік) сол сияқты жинақтық деңгейі төменірек кезеңдік (жағдайға байланысты) құндылықтар да (қызық, мақсат, баланың алғашқы қадамы) маңызды. (Власова, Толетова)

Т. И. Петрaкова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолютті.

Табиғи құндылықтар - бұл адамның күші мен жан-дүниесінің қабілеттілік құндылығы: ақыл-ой, сезім, күш-жігер.

Жүре пайда болған - бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық) .

Абсолюттік жaлпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаға рухани - адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.

Мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Оқыту үрдісіне мәңгі жaлпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, кәсібіне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханилықты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты aдамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез-келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

Табиғаттың бес элементі (Олар: топырық, су, от, ауа, эфир)

Тығыздығының төмендеуіне байланысты олардың қасиеттері де азая бастайды:

Топырақта - 5 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм, тиіс) .

Суда - 4 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм) .

Отта - 3 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін) .

Ауада - 2 қасиет (дыбыс, түйсіну) .

Эфирде - 1 қасиет (дыбыс) .

  • Қазіргі кезде барлық бес элемент түгел ластанған, соның нәтижесінде адамдар қауіпсіздік сезімінен айырылып қалған. Қазір балаларға осы бес элементті пайдалана білуге үйретудің маңызы зор
  • Рухани білім бүкіл әлімге ауадай қажет.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі бірлікте болуы керек. Адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпы адамзаттық құндылықтарға сай:

ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ- рухани аспект

АҚИҚАТ - интеллектуалдық аспект

СҮЙІСПЕНШІЛІК -aдамгершілік аспект

ТЫНЫШТЫҚ - эмоциялық аспект

ДҰПЫС ӘРЕКЕТ - физикалық аспект

Мінез - адамның басты байлығы

Дұрыс әрекет - әрекеттегі Сүйіспеншілік

Жан тыныштығы бар жерде «ішкі тартыстар болмаған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді»

Ақиқат - ойдағы, сөздегі Сүйіспеншілік

Дұрыс әрекет - іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік

Ішкі тыныштық -сезімдегі Сүйіспеншілік

Қиянат жасамау - түсінісудегі Сүйіспеншілік

Рухани кұндылыктар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттык, коғамдық кұндылықтардан гөрі жеке құндылыктар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтык коғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-катынастар орнатуына ыкпал ететін кұндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын кұндылыктарды зерттеу кажеттіліктерін туғызды. Қоғамнын осындай қажеттілігін канағаттандыру максатында жана «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасын әзірлеу және тәжірибеден өткізу эксперименті өзінің алғашкы кадамын жасады.

Өз ұлтының теңсіздігіне шыдай алмаған 26 жасар Мартин-Лютер Кинг халқымен бірге өз құқықтарын қорғауға бел буады. Ол өзінің «біреуге қиянат жасамау» деген ұранымен зорлық-зомбылықсыз өз ұлтын көптеген жетістікке жеткізеді. 1957 жылы М. Л. Кинг «еркіндікке қажылық (Паломничество свободы) » деген ұранымен - Вашингтон қаласына 27 мың американдық түстес ұлтымен шеруге шығады. Сонда әр шеруге шыққан адам мынадай ұстанымды қолданған: «Саған біреу қолын көтерсе де, сен қолыңды көтерме. Ол сені қорласа да, сен оған қорлық көрсетпе. Әрқашанда сыпайылық пен татулық таныт. Қиянат жасаудан бас тартуың керек және сүйіспеншілік туралы ұмытпа!» («Не отвечай ударом на удар и оскорблением на оскорбление, воздержись от насмешек. Всегда веди себя вежливо и дружелюбно и помни о любви и об отказе от насилия») .

Жүрген жеріңде және өз отбасыңда тек сүйіспеншілік таныту керек. Өз бала-шағаңа, өз жолдастарыңа, өзіңнің әйеліңе, өзіңнің айналаңа сүйіспеншілігіңді сыйла. Әр адам сенімен қарым-қатынасқа түскеннен кейін тек жақсы ойларға кенелуі керек. Сенің өміріңнен тек жақсы іс-әрекетке үйреніп, титтей болса да бақытқа кенелу керек. Құдайдың шын бейнесіне айналыңыз. Тереза ана.

Мен сіздерге мына аңызды мысал ретінде ұсынып отырмын.

ХХ ғaсырдың бас кезінде бір шотландық фермер үйіне қайтар кезінде балшықтан өтіп бара жатып, біреудің жан дауысы шығып айқайлағанын естиді. Фермер бәрін тaстай салып, сол дауысқа қарай жүгірсе, балшыққа (болото) батып бара жатқан бір жас баланы көреді. Фермер ағаштың бұтағын сындыра салып, сол баланың колына ұстатады. Зор күшпен фермер сол бұтақпен баланы балшықтан тартып алады. Көздері мөлдіреген бала, фермерге бар ішкі ықыласымен рахметін білдіре сала, жүгіре жөнеледі «Рахмет ағатай, сізге! Менің әкем қатты уайымдап жатқан шығар мен кетейін» деп кетіп қалады.

Таңертең фермер үйінің алдында тұрса, бір өте бай күйменің (карета) қасына келіп тоқтап, ішінен әдемі киінген бір өнегелі кісі шығып: - Сіз бе кеше менің баламның өмірін құтқарып қалған? - деп сұрайды. - Ия, мен - деп фермер жауап қайтарады. - Мен сізге қанша қарызбын? Фермер: - Мені өкпелетпеңіз мырза. Сіз маған ештеңе де қарыз емессіз. Мен бұлай істегенім, шын жүректен болды, біреудің өміріне қауіп төнсе, сізде солай істейтін едіңіз - деп жауап береді. - Жоқ, мен олай үндемей кете алмаймын ғой. Сонда фермер: Енді мен бұл тақырыпта сөз қозғағым келмейді. Қош, сау болыңыз - деп кетіп бара жатқанда, жаңағы өнегелі кісі фермердің баласы жүгіріп ойнап жүргенін көріп қалады, сөйтіп былай айтады: Мынау бала сіздің ұлыңыз ба? - деп сұрайды. - Ия, менің ұлым. - деп жауап береді фермер. - Онда былай істейік, мен сіздің балаңызды Лондонға алып кетіп, оқуға түсіріп, өзім оқу ақысын төлейін, көрейік адамгершілігі бар әкенің ұлы қандай екенін - деп күлімсіреп айтады. Сонда фермер кісі ойланып, өзінің рұқсатын береді.

Біраз жыл өткен соң, бaла мектепті бітіріп, Лондонның медициналық университетіне оқуға түсіп, оны да тәмамдайды. Кейіннен сол баланың атағы бүкіл дүние жүзіне тарала бастайды. Өйткені ол бала - Александр Флемминг, ең алғаш - пенициллин дәрісін ойлап тапқан адам. Соғыстан алдын бір-екі жыл бұрын сол баяғы өнегелі кісінің баласы ауыр жарақатпен - өкпесі суықтап Лондонның ауруханасына түсіп қалады. Сонда сол аурудың емі Александр Флеммингтің ойлап тапқан дәрісі - пенициллинмен емдеп шаққаны белгілі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика әдіснамасы
Аударма өнері және көркемдік түсініктер туралы
Жасөспірімдер тұлғасының құндылық бағдары және өзін - өзі бағалауы
Бастауыш мектептерге оқушылардың экологиялық санасын экологиялық ертегілерді ойынды оқыту процессінде қолданумен қалыптастыру
“Баскетбол оқыту әдістемесі”
Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя – алғашқы категориялық ретінде
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Қоғам және адам
Псхологиядан билеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz