Қытайдың барлық мемлекеттермен серіктестігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Базарбай Әкежан Қайратұлы

АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда - экономикалық мәселелер

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B020200 - «Халықаралық қатынастар» мамандығы

Нұр-Сұлтан 2020 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«Қорғауға рұқсат етілді»

Кафедра меңгерушісі

Д. К. Ахмедьянова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда - экономикалық мәселелер

Мамандық B020200 - «Халықаралық қатынастар»

Орындаған: Ә. Қ. Базарбай

Ғылыми жетекшісі: Ә. А. Турунтаева

т. ғ. қ., доцент

Нұр-Сұлтан 2020 ж.

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева

«Допущен к защите»

Заведующий кафедрой

Д. К. Ахмедьянова

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

На тему: «Торгово-экономические проблемы между США и КНР»

по специальности 5B020200 - «Международные отношения»

Выполнил: А. К. Базарбай

Научный руководитель: А. А. Турунтаева

к. н. н., доцент

Нур-Султан 2020 г.

Munustry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

L. N. Gumilyov Eurasian National University

«Admitted to presentation»

Head of the department

D. K. Akhmedyanova

Diploma work

Theme: «Trade and economic problems between USA and China»

Speciality 5B020200 - «International Relations»

Written by: A. K. Bazarbay

Scientist advisor: A. A. Turuntaeva

Associate professor

Nur-Sultan 2020

Жоспар

Кіріспе . . . 7

1 АҚШ-Қытай екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың теориялық аспектісі . . . 8

  1. ҚХР-мен экономикалық қатынастырдың даму проблемасы американдық зерттеу объектісі ретінде . . . 8
  2. Ашықтық саясатының теориялық тұжырымдамасы мен ҚХР-ның экономикалық дамуының алғышарттары . . . 14
  1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Америка және Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаһандық аспектісі . . . 19Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық карым-қатынастың эволюциясы . . . 19АҚШ - ҚХР сауда қатынастарының құрылымы мен динамикасы . . . 27
  2. Қазіргі кезеңдегі АҚШ-ҚХР-сы арасындағы сауда соғыстарынң әлем экономикасына зардабы . . . 31

3. 1 Америка-Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастарындағы мәселелер . . . 31

3. 2 АҚШ-ҚХР сауда-экономикалық соғысының әлем елдеріне кері әсері . . . 41

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Заманауи экономикалық даму жаһандану жағдайында өтіп жатыр. Сыртқы экономикалық алмасулар және капиталдың жылжуы жаһандану жағдайында өңдірістік процесстің ажырамас бөлігіне айналды. Әлем экономикасында интеграциялық прцесстер маңызды рөл атқаруда. Мемелекеттердің сырты экономикалық жағдайлары бір - бірімен тығыз байланысқа түсуде. Жаһандану жағдайында жеке мемлекеттердің бәсекеге қабілеті заманауи экономикалық процесттерде қатысу деңгейімен тікелей байланысты болып келеді. Жаһандану кезеніңде мемлекеттердің бір - бірімен экономикалық тәуелділігі жоғары деңгейде болып келеді, сондықтан мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың өзгерісі әлем экономикасына өзінің әсерін тигізеді, әсіресе дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны қаншалықты маңызды болса, тигізетін әсері де соншалықты зор болады. АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда - экономикалық қатынастар бүгінгі таңда әлем экономикасында алатын орны ерекше. Себебі, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жасаған 2018 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдегі тауарлардың жетекшісі Қытай болса, коммерциялық қызметтерді көрсетуден көшбасшысы АҚШ болып табылды. Сондықтан, әлемнің екі ірі экономикасының арасындағы келіспеушіліктер дүниежүзілік саудаға өз әсерін тигізіп жатыр.

Жаһандық кезеңде екіжақты қатынастардың шиеленісуіне алып келген сауда соғысы қос мемлекетке шығындар әкелуде. Қарама - қайшылықтар екіжақты болып табылғанымен, әлем елдеріне тигізетін кері әсері көп. Зерттеуде екіжақты сауда - экономикалық қатынастардың тарихына талдау жасау арқылы, 2018 жылы Д. Трамптың Қытаймен жүргізіп жатқан саясаты қаншалықты сәтті екендігі және сауда соғысынан көбірек зардап шеккен тарапты анықталды, әлем экономикасына тигізер кері әсері және сауда соғысынан көбірек ұтқан мемлекеттер анықталды.

Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу қазіргі таңда АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда соғысына, оның дүниежүзілік шаруашылыққа тигізер кері әсерінің мөлшерін анықтауға бағытталған. Америкада Д. Трамптың әкімшілігі билікке келгеннен кейін, АҚШ-тың сыртқы экономикалық саячсаты үллкен өзгерістерге ұшырады. Егер 21 ғасырға дейін Америка интеграциялық процесстерге белсенді қатысып, сыртқы экономикалық қатынастарды нығайтуға бағытталған саясатты жүргізсе, қазіргі таңда мемлекеттің толыққанды протекционизм саясатына ауысқандығын байқауға болады. Ал, Қытайдың мысалында бұл жағдай керісінше өткен, егер ҚХР алғаш құрылған кезде, мемлекет шетел инвесторлары үшін толыққанды жабық мемлекет болатын болса, қазіргі таңда ҚХР жаһандық интеграциялық жобаның бастамашысы болып табылады (Ұлы Жібек жолы жобасы) . Осыдан зерттеу жұмысының өзектілігі қос мемлекеттің жүргізіп жатқан сыртқы экономикалық саясаттарының әлемдік қауымдастықта қаншалықты деңгейде әсерін тигізетіндігін анықтау болып табылады.

Зерттеудің пәні - АҚШ пен ҚХР-ның арасындағы сауда - экономикалық қатынастарының әлем экономикасына тигізер әсері.

Зерттеудің нысаны - АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда - кономикалық қатынастарының тарихы, сауда соғысы барысында қос тараптың қабылдаған шешімдері және олардың дүниежүзілік саудаға тигізген кері әсері.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысын жазу барысында екіжақты сауда - экономикалық қарым - қатынастардың 1950 жылдан, қазіргі кезде болып жатқан сауда соғысына дейінгі аралық зерттелді.

Зерттеудің теориялық - әдістемелік (әдіснамалық) негізі . Зерттеу жұмысында АҚШ-тың Қытаймен сыртқы экономикалыөқ қатынасының теориялық негізін, ҚХР-ның «ашықтық» сыртқы саясатының қалыптасуынң теориялық негізін және екіжақты сауда - кономикалық қатынастарды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне негізделді. Зерттеу барысында, түрлі ғылыми жәгне жалпы ғылымдық әдістер қолданылды: экономикалық статистикалық жинақтау мен талдау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының теориялық және ақпараттық базасын шетелдік зерттеушілер мен сарапшылардың жұмысы арқылы құрылды. Екіжақты экономикалық қатынастардың даму процесі мен сауда соғысының әсерін зерттеу үшін шетелдік ғалымдардың еңбектері мен мақалалары қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында сауда соғысынан зардап шеккен тарап пен сауда соғысы жағдайында экономикалық жағдайы өзгерген мемлекеттер анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Мемлекеттердің сыртқы экономикалық саудасының даму жолдарын зерттелуі.

Зерттеудің дерек көздері: Дипломдық жұмысты зерттеу барысында екіжақты келісім шарттар (Шанхай коммюникесі) мен шетелдік авторлардың (ағылшын, қытай, орыс) зерттеу жұмыстары пайдаланды. Ағылшын ғалымдары: Г. Киссенджер, Б. Ноутон, Г. Сегал, М. Пирсон, Р. Бернштейн, Х. Мимро, Р. Ларди, Х. Хардинг. Қытай ғалымдары: У Цзинлянь, Линь Ифу, Цай Фан, Ли Чжоу, Цао Вэньчжэнь, Тао Ванг. Орыс ғалымдары: В. Портяков, А. Нагорный, А. Парканский. ДСҰ, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардың қорытынды құжаттары және РИА және BBC сияқты шетелдік БАК-рінің ақпарат көздері алынды.

Зерттеу жұимысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АҚШ-Қытай екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың теориялық аспектісі

1. 1 ҚХР-мен экономикалық қатынастырдың даму проблемасы американдық зерттеу объктісі ретінде

Әлем экономикасында болып жатқан жаңалықтар әлем шаруашылығына көпетеген өзгерістер әкеледі. Ол өз кезегінде болып жатқан өзгерістерді қарастыруды және талдауды қажет етеді. Әлем шаруашылығының кез келген шиеленіскен проблематикасына талдау жасаған кезде тұжырымдамалардың біреуіне немесе тұжырымдамалардың бірігуін пайдалануға тура келеді. Қарастырылып отырған мәселеде сол тұжырымдамаларды қайта қарастыру мен теория ретінде іс жүзінде пайдалану қарастырылуда. АҚШ пен ҚХР-сы арасындағы экономикалық қатынастар көптеген факторлардың әсерінен дамитын қиын және қарама-қайшы жүйе болып табылады. Оған мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі, олардың экономикалық моделінің әркелкілігі, Қытайдың ашықтық саясатына өтудегі жасалған реформалар, сыртқы және ішкі факторларлар және т. б. жатады. Проблеманы зерттегеннен бұрын, қос мемлекеттің экономикалық серіктестіктің қалыптасуының теориялық аспектісін қарастырған жөн.

АҚШ-тың Қытаймен экономикалық қатынасының дамуы. Биполярлық жүйенің ыдырауына алып келген «Қырғи-қабақ соғысының» аяқталуы, әлемдегі болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, әлемдік экономикадағы Қытайдың рөлі американдық зерттеушілердің екіжақты қарым-қатынастың концептуалды негізін зерттеуге негіз салған болатын. Қытай мәселесімен айналысатын американдық мамандардың зерттеулері АҚШ-тың сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін қалыптастыруға және қай салада Қытайды серіктес, бәсекелес немесе қарсылас ретінде анықтауға бағытталған. «Әлемде жаңа күштің пайда болуы өзімен бірге экономикалық мүмкіндіктерді және сонымен қоса саяси қауіптерді алып келеді. Егер Қытай халықаралық жүйедегі сенімді серіктеске айналмаса, Құрама Штаттарға глобалды, аймақтық және екіжақты мәселелрді шешідегі көптеген қиындық туындайды. Қырғи-қабақ соғысының кесірінен кейінге қалдырған ішкі мәслелерді шешуді қиындатады және мемлекет Қытай сияқты қарсыласқа тап болуы мүмкін». [1] Америка Ассамблеяның президенті Д. Шарптың мәлімдемесінде пайдаланған бұл тұжырымдама Қытаймен серіктестіктегіне бағытталған американдық зерттеулердің рөлі мен маныздылығын айқындайды.

Америкада осындай мәселер негізінен академиялық орталықтарда, қоғамдық және федералдық мекемелерде зерттеледі. Ал Қытайдың халықаралық шаруашылқтың субъектісі ретінде аналитикалық жұмыстардың көбісі зерртеу орталығы бар және зерттеу жұмыстары жүргізілетін университет орталықтарында жасалады (Принстон, Гарвард, Стэнфорд, Колумбиялық университет және т. б. ) . Қытайдың әлем экономикасындағы ықпалын көрсету үшін және мемлекеттің құрылымын анықтау мақсатымен АҚШ пен ҚХР-дың қарым-қатынастары тарих, философия, әлеуметтану, Қытайдың саясаты пәндерімен қатар оқытылады.

Ғылыми әдебиетте американдық синологияның негізгі дәстүрлі екі мектебі қалыптасқан болатын. Олар: консерваттық және либералдық. Консерваторлар әлеуметтік және саяси шиеленістерді күшпен шешуді жақтаса, либералдар диалог пен экономикалық дамудың жеделдетудің жақтаушылары болып табылады. Бұл айырмашылықтар көптеген жылдар бойы сақталған және америка-қытай қатынастардың дамуына әсерін тигізген. Бұл айырмашылықтар соғыстан кейінгі кезеңде айқындала бастады. Гоминьданның ҚКП-мен қарсыласу жағдайында либералдар Қытайдың ықпалды күштермен қарым-қатынастарды қолдаған, экономикалық қатынастарды қоса, ал консерваттар ҚКП-мен қарсыласуды жөн көрген. Нәтижесінде екі әлеуметтік жүйеінің қарсыласуы жағдайында және «қытай факторы» АҚШ-тың саяси және экономикалық позициясының тұрақсыздануына алып келген болатын. Осы кезеңде американдық зерттеушілерде идеологиялық бағыты дами бастады.

ҚХР-ның реформаға бағыт алуы, ашықтық саясатына көшу және экономиканың көпдеңгейлілігі көзқарастың түпкілікті жойылуына алып келді. Қазіргі уақытта мемлекеттің Қытайға қатысты сыртқы саясаты тек ұлттық қызығушылыққа негізделеді. Әсіресе Қытайдың экономикалық дамуы, оның АҚШ-тың ұлттық қызығушылықтарына және екіжақты қатынастарға әсеріне көп көңіл бөлінуде.

Қытайдың экономикалық дамуының проблемаларының дисскусиялық тұжырмдамалардың ішінен, американдық зерттеулер бойынша, негізгі екі мәселені бөліп алуға болады.

Біріншісі халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген « дамушы » концепциясы. Бұл концепция бойынша америка және басқа дамыған мемлекеттердің экономикалық дамуы халықаралық еңбек бөлінісіне әсерін тигізіп, дүниежүзілік шаруашылыққа өзгерістер әкелуде. Сөйтіп АҚШ Тынық мұхиты аймағындағы жаңа индустриалды елдерге өзнің ескірген технологиясын көшіреді. Олар өз кезінде өндірістік тежеулерді қысқарту мақсатында ауқымды көлемдегі өндірісті Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне жібереді.

Американдық ғалымдар соғыстан кейіңнен кейін халықаралық еңбек бөлінісінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастырады.

  • алғашқы кезең 60-шы жылдардың ортасына дейін созылған. Алғашқы кезеңде Жапонияның жеделдетілген экспортқа бағытталған индустриалдандыру және АҚШ экономикасының құрылымдық өзгерістер болып жатты. Нәтижесінде жұмыс күшін қажет ететін өңдірістердің барлығы Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы ыңғайлы географиялық орны және арзан жұмыс күші бар Жаңа индустриалды мемлекеттерге көшірілген болатын.
  • екінші кезең 70-ші жылдардың басындағы мұңайдың қымбаттауынан басталады (1973 жылы болған «Мұңай дағдарысы» немесе «Мұңай эмбаргосы». Мұңайдың бағасы баррель үшін $3-дан $12-ға дейін өскен) . Бұл кезеңде АҚШ техниканы қажет ететін салалрға көше бастады. Жаңа индустриалды мемлекеттер де кеме жасау, мұңай өндіру, химия өндірісі сияқты салаларды дамыған мемлекеттер сияқты дамытуға кіріскен болатын.
  • үшінші кезең 80-шы жыллдары басталып қазіргі уақытқа дейін созылып жатыр. Бұл кезең АҚШ-тың өңдіріс саласына ғылымды көптеп енгізумен ерекшеленеді. Жаңа индустриалды мемлекеттер өзінің электрондық құрылғылары мен информатика саласын реттей бастады. Еңбекті көп қажет ететін, құрастырушы өндірістің көбі Қытай мен АСЕАН мемлекеттеріне ығыса бастады. [2]

Қытаймен экономикалық қатынастардың осындай концепцисы АҚШ-тың әлемдегі көшбасшылыққа және Қытайдың экономикалық дамуы деңгейінгі бақылауға бағытталғандығы көрінді. Алайда, бүл концепция Қытайдың экономикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін ескермейді.

Сондықтан Қытайға арналған американдық зерттеулерде екінші тарихи немесе өркениетті даму концепция қалыптасқан. Бұл концепция Қытай өркениетінің ерекшеліктерін түсіндіреді.

Американдық ғалымдардың бір тобы қытайлық «этноцентризм» ұғымын пайдалана отырып, Қытайдың экономикалық саясатын, тарихына сүйене отырып, ежелден қалыптасқанын дәлелдейді. Тұжырымдаманың негізі ретінде Қытай мемлекетінің ежелгі ғасырлардағы өркениеттің орталығы ретінде көрші мемлекеттермен жүргізген саясатын қарастырады. Ғалымдар тұжырымдаманың қорытындысы ретінде Қытайдың экономикалық әлеуетінің өсуі әлемдегі үстемдікке алып келетін болжамды келтіреді. [3]

Осыған тағы қосымша ретінде, Қытайдың экономикалық және әскери ауқатының өсуі Қытайдың Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне ықпалы күшейіп, нәтижесінде Американың Азиядағы ықпалын ығыстыру ықтималдылығын келтіреді. «Қытайдың басты мақсаты - Американы Азиядан ығыстырып, өзінің үстемдігін қайта келтіру», - деп жпзпды С. Харрисон. [4]

Американдық синолог Дж. Фэрбэнкпен ұсынған үшінші тұжырымдама қытайлық және американдық көзқарастарын бәсекелесуші емес, керісінше, бір-бірін толықтыратын көзқарас ретінде қарастырады. АҚШ-тың атақты дипломаты Г. Киссинджер бұл тұжырымдаманың жақтаушысы болған. Өзінің «Дипломатия» еңбегңнде ол былай деп жазады: «Ежелден өз аймағында үстемдікке иеленетін Қытайдың аймақта өзінің институттары мен өзінің ішкі саясатын жүргізу сыртынан жек көрінішті көрінеді . . . Американың Қытаймен келісімдерге отыруға деген табандылығы Қытайда қоғамды американдық құндылықтарға қарау өзгерту қадамы ретінде қарастырылады және Америка тарапынан кемсіту және жауапсыздық болып қарастырлады». [5] Өзара диалог пен ынтымақтастық, Г. Киссинджердің пікірінше, Америка-Қытай қарым-қатынастарының кілті болып табылады.

Американдық зерттеушілердің арасында өркениет теориясының танымалдылығына қарамастан, Қытаймен экономикалық серіктестік мәселесін зерттеуде және халықаралық аренада күштердің саяси тұрғыдан зерттеулер де орын алады.

АҚШ-тың ғылыми топтар арасында бұл даулы мәселе болып табылады. Оның негізінде КСРО ыдырығаннан кейін халықаралық аренада АҚШ үшін ҚХР-дың экономикалық өркендеуі жаңа қарсылас ретінде қарастырылады. Бұндай қарсыластықтың негізінде әлеуметтік немесе өркениеттік ерекшеліктерге емес, тек саяси-экономикалық қызығушылықтарға негізделеді. Эксперттердің көбісінің келесі мәселелер бойынша ортақ пікірге келеді:

  • экономикасы ірі мемлекеттердің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып табылатын Қытай экономикасы XXI ғасырда экономикасы ең ірі мемлекетке айналуы мүмкін.
  • Қытай АҚШ-ты Жапония, Мексика, Канада және Ресейге қарағанда көбірек қызықтыруы мүмкін. Басты мәселе Қытайдың дамуы АҚШ қызығушылықтары үшін оң немесе теріс әсерін тигізуде болып тұр.
  • АҚШ-тың ішінде Қытайға қатысты американдық ұзақ мерзімді қызығушылықтардың болмауы.
  • АҚШ-тың Қытайға қатысты саясаты АҚШ-тың қызығушылықтарын жылжытуға бағытталған жалпы стратегияның бөлігі ретінде емесе, тек белгілі жағдайларға қатысты жауапты қадамы ретінде ғана болуы.
  • АҚШ-тың шектелген топтарында Қытай серіктеске қарағанда, қарсылас ретінде қарастырылады.

Стэнфорд университетінің Азия-тынықмұхит зертеу орталығының профессоры М. Оксенбергтың классификациясына сәйкес Америка-қытай қатынастырдың дамуының зерттейтін 6 саяси мектебі бар. Олардың ішінде М. Оксенберг аккомодайлық мектеп пен қарсылық мектептерін ерекшелейді. Аккомодайлық мектептін өкілдері Қытайдың жаңа халықаралық жүйені қалыптастыру құқығын қолдайды. Ал, қарсыластық мектептің өкілдері Қытайға халықаралық жүйені өзгертуге жол бермеу Құрама Штаттарға Қытайдың экономикалық дамуына жол бермеуді көздейді. Жоғарыда аталған 6 мектептің ішінде өтпелі мектептер де бар және олардың толық тізімі келесіні құрайды:

  • қолдаушы реалистер;
  • қолдаушы неолибералистер;
  • қолдаушы идеологтар;
  • экономикалық ұлтшылдар;
  • қарсылас реалистер;
  • қарсылас идеологтар. [6]

Көзқарастардың арасындағы басты айырмашылық олардың АҚШ-тың Қытайға қарсы ұстанатын саясатына негізделген. Көзқарастардың ішінде бір мектеп өкілдері екіжақты қарым-қатынаста шешуші рөл ойнайтын мемлекеттің әскери күшіне негізделеді, бір мектеп өкілдері экономика мен технологиялық даму екіжақты қарым-қатынаста басымдық береді деген тұжырымдамаға негізделеді, ал үшінші мектеп өкілдері әр түрлі тәсілдерді қосып, ортақ бір бағытқа бағытталуды қолдайды.

М. Оксенбергтың экономикалық аспектіге қатысты зерттеулері зерттеуімнің негізі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, әлемде әскери күштің маңыздылығы азайып, оның орнына халықаралық сауда, қаржы секторының және экономикалық бәсекелестіктің маңызы артуда. Маңызды шешімдердің қабылдануы көбісі ұлттық қызығушылықтарға емес, трансұлттық корпорациялардың ықпалына, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың шешімдерге негізделген. Екіжақты қатынастардың экономикалық аспектісіне негізделетін зерттеушілер 2 топқа бөлінеді:

  • неолибералдар - экономикалық тәуелділіккті қолдайтындар;
  • экономикалық ұлтшылдар - ұлттық қызығушылықтарды сақтау мақсатында АҚШ-тың экономикалық басымдылығын пайдалануды қолдайтындар.

Неолибералдар экономикалық ашықтық саясатына негізделеді. Яғни, тауар, қызмет және капиталдың қозғалысына минималды кедергілерді орнату. Бұл қадамадар неолибералисттердің ойынша тек Американың экономикасының ғана емес жалып әлем экономикасының дамуына алып келеді. Оның үстіне жаңа технологиялардың, телекоммуникация жүйесінің және көлік жүйесінің дамуы халықаралық сауданы және қаржы секторын одан сайын жеделдетіреді. Қытайдың дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциясы экономикасының ашылуына алып келеді және оның ішкі шаруашылықтың өзгерісіне алып келеді. ҚХР-дың өзгерісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қытай шетелдік тікелей инвестицияларға ашық болуы қажет». Қазіргі кезде Қытай халықаралық байланыстардан барынша пайда ұтып алғысы келеді және қытай экономикасына немесе ұлттық бостандыққа зиян тигізетін интеграцияның элементтерінен аулақ болғысы келеді», - деп М. Пирсон жазады. [7]

Экономикалық ұлтшылдар немесе оқшаланушылардың ойынша экономикалық тәуелділік АҚШ экономикасы үшін ешқандай пайда әкелмейді. Олардың пікірінше американдық экономиканың қуаты өте жоғары және қарсыластармен санаспауға жеткілікті деп санайды. Сол себепті қарсыласудан бас тартпай, экономикалық санкцияны қолданудан қорықпау қажет. Америка Қытай нарығына қарағанда Қытай Американың нарығына тәуелді деп санайды. Сондықтан Қытайдың сыртқы экономикалық практикасын өзгерту үшін экономикалық күш-жігерді толық пайдалану қажет.

М. Оксенберг идеология мектебінің зерттеулерінің негізгі позицияларын мәдениет мәдениетке негізделетіндігін анықтаған. Идеолгиялық көзқарастан қарағанда АҚШ Қытайдың идеологиясын толық зерттеп және соған сәйкес сыртқы экономикалық бағытын реттеу қажет деп есептейді. Ғаолымдар негізгі құндылықтар бойынша Қытаймен стратегиялық диалогтын қажеттілігін түсіндіреді. Бұндай диалог ұзақ уақыт пен кіш-жігерді қажет етеді, алайда нәтижесінде АҚШ Қытаймен толық өзара түсіністікке және дауларды толыққанды шешілуіне ие болады. Мысал ретінде, Р. Никсон мен Г. Киссенджердің 70-жылдардың соңындағы екіжақты қатынастарды ретке келтіру мен дипломатиялық қатынастардың орнату әрекетін келтіреді.

Халықаралық экономикада Қытай позицияларының, оның ішінде АҚШ пен ҚХР қатынастарындың, дамуын зерттейтін ғалымдардың бір бөлігі Қытайдың экономикалық тұрғыдан күшеюін агрессия ретінде қараастырады және бұндай даму болашақта қарсыластыққа алып келуі мүмкін деп санайды. Сондықтан Р. Бернштейн мен Р. Манроның пікірі бойынша Аймақтық гегмон деңгейіне жеткізбеу үшін АҚШ Қытайға қарсы тежеу саясатын ұстануы қажет. [8]

Қытайдың экономикасы бойынша танымал зерттеуші, неолибералист Н. Ларди мүлдем басқа көзқарас ұстанады. Оның «Қытайдың аяқталмаған экономикалық эволюциясы» атты монографиясында Қытайдың экономикалық дамуының жоғары қарқынын XXI ғасырдың алғашқы екі онжылдыққа дейін әсірілеудің ешқандай қажеті жоқ екендігін айтады. Оның пікірінше, Қытайды зерттеуші мамандар Қытай экономикасының динамикасына көп көңіл бөледі. Нәтижесінде олар мемлекеттің ішкі құрылымдық проблемаларды ескермейді, ал ол, Қытайдың дүниежүзілік экономикадағы позицияларының нығаюына кедергі болады деп есептейді. Ішкіпроблемаларына Н Ларди келесілерді жатқыззады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қытай және жаһандану проблемалары
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz