Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МЕЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ

БӨЖ №13
"Кеуде торының түрлерін анықтау"

Орындаған: Кенжебек Ә.
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 107 Б
Қабылдаған:Жунусова А.Ж.

Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Ⅰ. Кеуде торы 4
ІІ. Кеуде омыртқалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Ⅲ. Кеуде қуысының қалыпты және патологиялық пішіндері ... ... ... ... ...9
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 11
КІРІСПЕ

Кеуде қуысы (лат. Cavum thoracis) -- адам денесінің жоғарғы бөлігі. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан көкет бөліп тұрады. Кеуде қуысында өкпе, өңеш, жүрек, айырша без, кеңірдек, бас бронхылары және лимфа түйіндері, қан тамырлары, лимфа тамырлары және жүйкелер орналасқан. Кеуде қуысының ішкі беті сір қабығы мен көмекерілген. Кеуде қуысы 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасын кеуде бөлігінің омыртқаларынан құралған. Кеуде қуысының жоғарғы және төмеңгі тесігі бар. Кеуде қуысының төменгі жағы мен іш қуысының аралығын көкет (диафрагма) бөліп тұрады. Кеуде қуысының пішіні адамның жынысына қарай әртүрлі болып келеді, сондай-ақ мамандығына және түрлі аурулар әсеріне қарай өзгеруі мүмкін. Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae Жалпы саны 12(Тһ,- Тһ 12). Мойыномыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің Ибүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп,буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, foveaИcostalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетініңИжоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebralis, құрауы.
Кеуде торы - бұл онда орналасқан мүшелерді қорғайтын және тынысалу, қан айналым және қан түзуге қатысатын дененің жоғарғы жағының сүйектік- бұлшықеттік негізі. Сондықтан кеуде торының формасының өзгерістері міндетті түрде онда орналасқан барлық ағзалар мен тіндердің бұзылысына әкеледі.
Кеуде қуысы compages thoracis кеуде омыртқаларынан, төссүйектен, кеуде қабырғаларынан құралған, жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде және адамда иық белдеуінің мықты тірегі және тынысалу қимылдарында қабырғааралықбұлшықеттерді қолдануға мүмкіндік беретін құрылым болып
табылады. Адамда кеуде қуысы басы қиылған алдынан артқы бағытта сығылған конус тәріздес. Кеуде қуысының бүйір бетін қабырғааралықтармен бөлінген 12 жұп қабырғалар, алдыңғы бетін төссүйек пен қабырғалардың соңы, ал артқы беті ортасында омыртқалармен шектеседі. Жоғарыда кеуде қуысы тесілген жержоғарғы апертура, оның шекарасы оң және сол жақтық бірінші қабырғалар, бірінші кеуде омыртқасы және төссүйектің тұтқасы болып табылады. Төменгі жағында кеуде қуысы диафрагма арқылы іштен бөлінеді. Кеуде омыртқалары- vertebrae thoracis. Қабырғалармен буындасады, сондықтан олар қабырға бастарымен буындасатын және әрбір омыртқаның денесінде доға негізіне жақын жататын қабырға шұңқырларының болуымен ерекшелінеді. Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбінде екі жартылай шұңқырлары болады: біреуі- омыртқаның жоғарғы, екіншісі-төменгі жиегінде. І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды, оның жоғарғы жиегінде І қабырға үшін толық буын шұңқыры, ал төменгі жиегінде ІІ қабырға үшін жартылай буын шұңқыры болады. Одан кейін Х омыртқада Х қабырға үшін тек бір ғана жоғарғы жарты буын шұңқыры, ал ХІ және ХІІ омыртқаларда сәйкес қабырғалармен буындасу үшін бір-бірден толық
шұңқыр болады.

Ⅰ." Кеуде торы"

Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Thj-Tlij) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шүңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th ,) кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық иін шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан.Кеуде қуысының сүйектері; қабырғалар және оның пішіндері Қабырғалар, costae, жалпақтау және жіңішкелеу келіп, кеуде қуысына қарай иіліп, симметриялық жағдайда орналасқан 12-жұп қабырғалардан тұрады. Қабырғалар: ұзындау келген артқы сүйектік бөліктен және қысқалау келген алдыңғы шеміршектік бөліктен тұрады. Сүйектік бөлігі: омыртқалық және қабырғалық ұшынан және денесінен тұрады.
:: Қабырғаның төмпешігі, tuberculum costae, жоғарғы 10- қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі: төмпешіктердің буын беттері кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалардың буын беттерімен беттесіп, буын құрайды.
Қабырғаның мойыны, collium costae, бұл сүйектің өте жіңішкелеу келген бөлігі болып саналады. Жоғарғы бетінде I, XII қабырғадан басқа қабырғалар да мойын қырқалары, crista collicostae, орналасқан.
Қабырғаның басы, caput costae, қабырғаның омыртқалық ұшында орналасқан. Мұнда кеуде омыртқаның қабырғалық шүңқыршаларымен беттесіп, буын құрайтын буын беттері, fades articularis capitis costae, айқын байқалады. II -- X қабырғалардың буын беттерінде горизонталь бағытта орналасқан қабырға басының қырқалары, crista capitis costae, арқылы көлемді келген жоғары және кішілеу келген төменгі буын беттеріне бөлінген. Бұл буын беттері омыртқалардың аралығында қабырғалық шұңқыршақтармен беттесіп, буын құрауға қатысады.
Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және денесінен тұрады. Қабырғаның денесі, corpus costae, қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының аралығындағы бөлікті құрайды. Қабырғаның денесі сүйектік бөліктің тым ұзын бөлігі болып саналады. Қабырғаның омыртқалық ұшы мен жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы, angulus costae, орналасқан. Қабырғалардың бұрышы I қабырғатөмпешігінің маңында орналасса, қалған қабырғаларда төмен бағытта орталық сы-зықшадан латеральды бағытта ХІ-қабырғаға дейін ауытқып орналасқан. XI, XII қабырғалар-да қабырғалық бұрыштары дамымаған.
Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қабырғаларда жалпақтау келіп, сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына қараған ішкі беті және доғаддау келген жоғарғы қыры, өткірлеу келген төменгі қыры ажыратылады. Қабырға денесінің кеуде қуысына қараған бетінің төменгі жиегінің ішкі қапталында, қабырғалық нервтер мен қантамырлар өтетін қабырға астылық жүлгелері, sulcus subcostalis, орналасқан.Қабырғаның шеміршектік ұшы, cartilago costalis, сүйектік бөліктің тікелей жалғасы болып саналады. Олар I қабырғадан VII қабырғаға дейін біртіндеп ұзара келіп, төс сүйегімен тікелей буын арқылы буындасқан. I қабырғадан VII қабырғаға дейінгі қабырғаларды негізгі қабырғалар, costae verae, деп, төменгі VIII қабырғадан X қабырғаға дейінгі қабырғаларды, жалған қабырғалар, costaespuriae, деп, алХІ.ХІІ қабырғаларды қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes, деп аталынады. Қозғалмалы қабырғалар деп аталу себебі, төс сүйегіне жетпей ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан. VII, VIII, X, X қабырғалардың шеміршектік ұштары төс сүйегіне жетпей бір-бірімен өзара жалғасып, қабырғаның доғасын, arcussternicostae, құрайды.
Қабырғалардың ішінен I, II және XI, XII қабырғалар өзгешелеу келеді.
1. Бірінші қабырға, costa prima, басқа қабырғаларға қарағанда жалпақтау, қысқалаужәне горизонтадді жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің бұдырлау келген жоғарғы беті, тегістеу келген төменгі беті және дөңестеу келген сыртқы қыры, ойыстау келген ішкі қыры ажыратылады. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін төмпешігі, tuberculum т. scaleneus anterior, орналасқан. Бұлтөмпешіктің алдында бұғана астылық венаның жүлгесі, sulcus v. subclaviae, артында бұғана астылық артерияның жүлгесі, sulcus a.subclaviae, орналасқан. Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы, мойыны және
төмпешігі жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық, қырқаларыжоқ.
2. Екінші қабырға, costa secunda, сагитальды жазықтық пен горизонталді жазықтықтың аралығында орналасқан. Денесінің бұдырлау сыртқы беті ойыстау келген, ішкі беті ажыратылады. Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшық еттің, т. Serattus anterior, бұдыры айқын байқалады.XI, XII қабырғалардың ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталуы сол себепті. Ерекшеліктері: буын басытолық,
қырқасы жоқ. Мойыны, төмпешігі мен бұрышы нашар дамыған.ИСыртқы пішіні қылышқа ұқсаған.Төс сүйек Төс сүйегі -- sternum, өз аддына дара,
сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған, жалпақ және ұзындау келген. Кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады. Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан --
manubrium sterni, денесінен -- corpus sterni, және семсерлік ұшынан -- processus xiphoideus, тұрады. Олар бір- бірімен өзара шеміршектік ткандар арқылы байланысқан.
1. Төс сүйегінің тұтқасы -- manibrium, төс сүйегі бөліктерінің ішіндегі көлемді бөлік. Жоғарғы бөлігі қалыңдау, төменгі бөлігі жұқалау, енсіз болып келген. Жоғарғы жиегінде саусақпен сипағанда айқын байқалатын мойындырық тілігі -- incisura jugularis, бүйір қапталында бұғана сүйегінің төстік ұшымен беттесіп, буын құрайтын бұғаналық тілігі -- incisura clavicularis, орналасқан. Бүйір қапталында I қабырғаның шеміршектік ткані арқылы байланысқан қабырғалық тілігі -- incisura costalis, орналасқан. Одан төменірек II қабырғаның тілігі -incisura costalis II, орналасқан.
2. Төс сүйегінің денесі -- corpus sterni, ол бұл сүйекті тұтқасына қарағанда үш есе ұзындау және енсіз келген. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда қысқалау болып келген. Төс сүйегінің денесі тұтқасы мен шеміршек ткандар арқылыт байланысып, дөңес жағы алдына қараған төс сүйегінің бұрышын -- angulus sterni, құрайды.
Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады. Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады. Бұлар- нағыз қабырғалар. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға сүбе немесе жалған қабырғалар деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа бағанасының физиологиялық және потологиялық иілімдері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Кеуде омыртқалары
Омыртқа бағанасы
Тірек қимыл жүйесі
Қабырғалар және оның пішіндері
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Спорттық жүзудің маңызы
Жүзу спортының тарихы
Адам қаңқасының құрылысы
Пәндер