Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет және құқық теориясы және тарихы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері


Мазмұны

Кіріспе

1. Қазіргі кездегі мемлекеттің түсінігі, мәні және мемлекеттің функциясы

1. 1 «Әлеуметтік мемлекет» ұғымы

1. 2 Қазіргі кездегі мемлекеттің түсінігі, мәні, және әлеуметтік тағайыны

1. 3 Мемлекет функциясының теориялық негіздері

2 Мемлекеттің әлеуметтік қызметі

2. 1 Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері, түсінігі

2. 2 Мемлекеттің әлеуметтік қызметтерінің түрлері

2. 3 Мемлекеттің әлеуметтік қызметтерінің қоғамдағы маңызы

3 Қорытынды

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметтің жалпы теориялық негіздері, мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, талдауға ұмтылыс жасалды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен мемлекеттердің қызметтері саласында әлеуметтік қызметтері маңызды жүзеге асыруда. Бұл қызметтердің ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы қызметтер болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметтері әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік қызметтер мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі. Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік қызмет деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау тудырмасы анық. Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің әлеуметтік қызметті орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметі мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік қызметтің мемлекеттік саясаттағы орны мен ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.

Тақырыптың жаңашылдығы : әлеуметтік жұмыс саласының қоғамдағы орны, оның ерекшеліктері анықталады, халықты әлеуметтік қорғау саласы ерекшеліктері, әдістемелік амалдар жүйеленген.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік мемлекет құру жолындағы мемлекеттің әлеуметтік қызметтеріне талдау жасай отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтеді жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың қоғамда алатын анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

1 мемлекеттегі әлеуметтік қызметтердің теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;

2 әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің әлеуметтік қызметтердің үлгілеріне талдау жасау;

3 мемлекеттің әлеуметтік қызметердің негізгі бағыттарының теориялық мәселелерін анықтау;

4 әлеуметтік қызметтердің құқықтық негіздерін сараптау және осы қызметтерді жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып көрсету;

5 қазіргі кезеңдегі мемлекеттің әлеуметтік қызметтердің деңгейін анықтау және олардың негізгі бағыттарын айқындау;

6 мемлекеттің әлеуметтік қызметтерін жетілдіруінің басым бағыттарын көрсету. Әлеуметтік жұмыстың Қазақстанда жеке бір сала болып қалыптасуына көңіл аудара отырып, осы жұмыстың басты мақсаты етіп алдым. Тақырыптың дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық жұмыста негізінен төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.

Қазақстандағы әлеуметтік қызметті талдауға негіз бола алатын Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік актілері. 1991 жылы қабылданған «Халықты еңбекпен қамту туралы» алғашқы Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына ( мәселен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға енгізілген қосымшалар мен түзетулер де дипломдық жұмыста қолданылды. Сонымен қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары жетекшілік қызмет атқарды. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметтерге талдау жасау негізінде мынандай жаңа нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтер жалпы қоғамның әлеуметтік даму үлгісіне емес, көп жағдайда әлеуметтік көмекті қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсету үлгісі ретінде жүзеге асырылып отырғаны айқындалады;
  • әлеуметтік қызметтің негізгі қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары нақтыланып, айқындалып көрсетіледі;
  • әлеуметтік қызметтің мәні мен мағынасы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеледі;
  • Қазақстанның әлеуметтік қызметті реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары нақтыланады; ;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтерінің бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін, ұстанымдарын, даму жолдарын және келешегін сараптау арқылы әлеуметтік қызметтің орны мен рөлі маңызы ретінде негізделеді;

Дипломдық жұмыстың негізгі мазмұны, қағидалары мен қорытындылары автордың Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуінің негізгі басымдықтарын жүзеге асырудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (21 сәуір, 2006 жыл) ) мақалалары жарық көрген. Дипломдық жұмыста қамтылған зерттеу материалдары теориялық-әдіснамалық және методикалық құралдар ретінде жоғарғы оқу орындарында қолданылады.

1. 1 «Әлеуметтік мемлекет» ұғымы

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы - екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді. 1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т. б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты - қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау . . . Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады. Әлеуметтік мемлекетттің мәні мемлекеттің әлеуметтік қызметтерінен көрінеді. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші - бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші - қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан. Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.

1. 2 Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайыны

1. 3 Мемлекеттің функсиясының теориялық негіздері

2. 1 Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау - бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау - саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекттің адамның әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар-ақша төлемдерін, қызмет көрсету, жеңілдіктер беру бойынша мемлекеттік органдар (мекемелер) және осыған құқықтары бар жеке тұлғалар арасында пайда болатын құқықтық нормалармен реттелген қатынастар. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі-реттелетін қатынастардың өзгешелігіне сәйкес тиісті құрылымдық тізбекте орналасқан, өзара байланысты құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы. Құқықтық институт деген-қандай да бір қоғамдық қатынастардың нақты түрінің кейбір жақтарын (элементтерін) немесе белгілі түрін реттейтін құқықтық нормалардың тұрақты тобы.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығына қатысты келесі институттардың белгілеуге болады: жасы, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақылар, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүктілік және босану бойынша; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және т. б. жәрдемақылар.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері-әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Бұл ереже 28-бапта дамытылды, онда Қазақстан азамытына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең томеңгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Конституцияда былай деп көрсетілген:

1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. (28-бап) Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтік қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызметтүрлеін беру деп аталады. Әлеуметтік қызметтің Қазақстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері құрастырылған. Әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде күні осы уақытқа дейін бірде-бір президент немесе үкіметтің қаулылары қабылданбаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің мәні мен оның теориялық негіздері
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекет туралы ұғым
Мемлекеттік басқару туралы ақпарат
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Экономикалық дамудағы қаржы
Мемлекет түсігіні және мәні
Салық Басқармасы ұйымының қызметі
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz