Несие қылмыстары туралы түсінік
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ.
1.1 Несие қылмыстары туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудыңдың
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2 ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 ҚР ҚК-нің 194 бабына сәйкес қылмыс құрамына қылмыстық-құқықтық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .26
2.2 Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану қылмысының
объектісі және объективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .34
2.3 Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану қылмысының
субъектісі және субъективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3 ТАРАУ. НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ
ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану үшін қылмыстық
жауаптылықтың тәжірибелік мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ...57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
ҚОСЫМША .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - Несиені заңсыз алу және мақсатсыз
пайдалану үшін қылмыстық жауаптылық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі, қылмыстық заңның субъекттік теңдігінде
негізделген, негізгі мақсатының бірі өзінің субъектілерінің тендігінде
елімізде экономикалық құрылуы, ел экономикалық құқықтарын және қылмыстық
озбырлықтардан қорғау болып табылатыны жөнінде.
Банктік жүйе- жаңа қазақстандық экономиканың қайнар көзі болып келеді
және оның болашақта дамуы елдегі экономикалық өзгерістердің тереңдеп
дамуының бір шарты болып табылады.
Банктік несие беру саласында қылмыстың өсу шегі әрбір кәсіпкерлік
қызмет саласындағының назарын ғана аудармайды, сонымен қатар елде
мәдениетті сауда дамуының мүмкіншілігі сұрақтың астында қалады және банктік
несие жүйесі мемлекеттің экономикасына қауіп төндіреді. Бұл жерде
қаражаттық - несие қылмыстарының мән - жағдайына қылмысты тудыратын
себептерге, қаражаттық – несие саласындағы қылмыстармен күреске, қылмыстық
заңда осындай қылмыстардың қаралу, даму нәтежиесіне көңіл бөлу керек.
Мемлекет мүддесін шаруашылықпен айналысатын субъектілерді,
азаматтарды қамтамасыз ететін қаражаттық – несие жүйесінде өзінің қорғау
жүйесі болу керек. Базар ( сауда саласы) түзу іс атқару үшін, экономикалық
, құқықтық, несиемен қатынаста іс атқаратындар қатаң турде заңға сүйенуі
қажет.
Заң әдебиеттерінің кейбір бөлімдері ең ірі зерттеушілердің
экономикалық саладағы қылмыстар туралы жұмыстарына арналған (В.Ю Абрамов,
Д.И. Аминов, А.Н. Андреев, Б.В. Волженкин, Р.Ф. Гарифуллина, Л.Д. Гаухман,
А.Э. Жалинский, Т.Д. Кривенко, О.Д. Куранова, В.Д. Ларичев және т.б.).
Аталған авторлардың еңбектері көп мағыналы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану қылмыстық заң нормасымен
жауапқа тартылуымен байланысты, теориялық және практикалық проблемалардың
шешімі, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалануға қатысты
криминализацияға, құқықтыққа, теориялық жайлардың өңделуі [5]
Аталған мақсаттар өзара байланысқан мақсаттарды көрсетеді:
- ҚР ҚК-нің 194 бабында қарастырылған, қылмыстық әрекетке арналған
жауапкершіліктің даму тарихын зерттеу;
- Несиені заңсыз алу және бөтен несие қорлардың қолдану әрекеттердің
криминализациялық қажеттілігін негіздеу;
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалануға байланысты қылмысқа
арналған қылмыстық жауаптылық туралы сұрақтарды зерттеу;
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану істері бойынша тәжірибе
жүзінде қолданылған шараларға талдау жасау;
- Объектінің және қаралып отырған қылмыстардың талдауы негізінде,
қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің жүйесінде орынын айқындау;
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану түрлерін және басқа да
объективтік белгілерін қарастыру;
- Көрсетілген қылмыстардың субъектілерінің ерекшеліктерін және
субъективті белгілерін зерттеу.
Нағыз зерттеудің мақсаты келесі аспектілер болып табылады:
1. Банктік қылмысты жалпы талдау және несиені мақсатсыз пайдалану және
заңсыз алудағы орнын анықтау.
2. Шет мемлекет заңдарының нормалары ұқсастығын салыстырып талдау;
3. Субъектілердің алдын алу жүйелерін анықтау (жалпы және арнайы) және
несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланушылармен күресудегі олардың
функциялары;
4. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің құрамы сабақтас қылмыстар
мен несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудағы қылмыс құрамының
негізгі белгілеріне талдау және көрсетілген қылмыс үшін жауапкершілік.
5. Қолданыстағы заңнамалар мен олардың тәжірибедегі қолдануына талдау
жасау негізінде қылмыстық-құқықтық нормаларына жаңа құрылым жобаларын
жасау.
Зерттеліп отырған дипломдық жұмыстың объектісі қоғамның несиелендіру
саласымен байланысы және несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың
қылмыстық жауаптылық проблемасы болып табылады;
Зерттеу заты болып:
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың қылмыстық жауаптылығын
қарастыратын ҚР ҚК-нің құқықтық нормалары;
- Қарастырылып отырған салада қылмыстың даму тарихы;
- Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану істері бойынша, сот-
тергеу тәжірибесі;
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін әлеуметтік құбылыстардың
теорияларындағы замандас жайлар құрастырады. Дипломдық жұмыстың жұмыс
барысында әлеуметтік құқыққа сүйенген әдістер қолданылды:
- Тарихтық- зангерлік-несие саласындағы қылмысқа қатысты қылмыстық
жауаптылықты тарихи тәжірибеде зерттеп, қолдану;
- Формальды - логикалық ҚР ҚК-нің 194 бабымен қарастырылған, қылмыс
құрамдарының белгілерін талдау;
- статистикалық ҚР ҚК-нің 194 бабымен қарастырылған, қылмыстар туралы
статистикалық талдау және жинақтау жасау.
Дипломдық жұмыс заңдардың, сот тергеуінің, прокурорлық тәжірибенің,
қылмыстық процестің, криминалистиканың, осы саладағы ғалым еңбектерінің
негізінде құрылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы шығарылған қорытындылар
негізінде, несиені заңсыз алу ісіне қатысты іс болғанда, құқық қорғау
органдарындағы мамандардың бұл істің қиындықтары мен қателіктері жөнінде
ескерте алатындығында.
Дипломдық жұмыстың құрылымы ең басты жұмыстың зерттеулері мен
мақсаттарына жауап береді.
Бүгінгі күнге дейін банктік қылмыстардағы қылмыс негізін алдын алу
элементтерінің болмауын көрсетпеуге болмайды. Мәселенің өткір тұрғанына
қарамастан, Қазақстан Республикасындағы банктен заңсыз несие алу мен оны
мақсатсыз пайдаланумен күресу проблемасы зерттелмей қалып келеді.
Банк қызметі саласындағы қылмыстардың алдын алуын тиімді ұйымдастырып,
әсіресе несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалануда, осы әрекеттерді
жасаған тұлғаға жалпы әлеуметтік және арнайы шаралар әсерінің үйлесімі
жолымен түсіндіріп, қоғам мүшелерінің өмірлік позицияларын дұрыс
қалыптастырып, түрлі келеңсіз факторлардан аластату бүгінгі күннің
мәселесі.
I. ТАРАУ.НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1. Несие қылмыстары жөніндегі түсінік.
Қазақстандық қоғамда экономикалық және саяси өзгерістері мен
өзгерулерінің теріс жағы да бар, соның ішінде қылмыстың өсу шегі. Көп
таралғаны - экономикалық қылмыстар болып табылады, соның ішінде маңызды
орын алатыны - несие – қаражаттық саласында жасалған қылмыстыр. Мәселен,
әрбір тоғызыншы қылмыс осы экономика саласында жасалған болатын. [6]
Қазақстанда 90 жылдардағы халық шаруашылығын реформалауы, бақылаусыз
барабар механизмдер жасау, құқықты қорғанымсыз қарама - қарсы озбырлықтар
экономикалық қылмыстың өсу шегіне қолайлы шарттар жасады. Мемлекеттік
қаржыландырудың ұзақ қыспағының нәтижесінде легальдық интелектуалдық
салалардың күрт қысқартылуы интелектуалдың қарама- қарсы құқықтық деңгейін
жоғарлатты, жаңа үлгідегі техниктер мен технологияларды криминалдық салада
қолдануды кеңейтті. Криминалды орта назары ең алдымен жылдам байытуға
арналған тәжірибелік мүмкіншіліктері шектелмеген экономика саласына
ұмтылады, экономикалық бағыттағы қылмыстық озбырлықтың жеке тұлғадағы
жәбірленушілер жоқ, сол себепті қиындықпен табылады.
1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне
енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің пайда болуы, қоғам
өміріндегі көптеген сұрақтарға жаңаша қараудың қажеттілігін туғызып,
сонымен қатар шаруашылыққа нарық жүйесін қалыптастырып, экономика
жұмыстарына қиысушылардың мүдделерін заңмен қорғауға байланысты болды. [7,
б.23]
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс-деп аталған Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің жетінші тарауына ерекше назар аударуға
болады.
Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық
жауапкершілікті қарайтын 194-бап енген.
Қазақстан Республикасының заңнамалырына алғаш рет осы тектес қылмысты
іс-әреккеттер дербес құрамға бөлініп және бұл жағдай өз бетімен өте
маңызды, өйткені несие қатынастарын қорғауда қылмыстық заңның бағыттарын
көрсетеді. Аталған бапты Қазақстан Республикасының ҚК-не енгізуі
қажеттілігі, отандық қаржы саласындағы несиені қайтармау тәжірибесі кеңінен
етек алып, басты мәселе айналуына байланысты болып отыр.
Экономикалық қылмыс өндірістің дамуын тежейді, инфляцияға әкеп
соқтырады, мемелекеттік бюджетті табыстан айырады, елдегі экономикалық
проблеманы өркейтеді және сайып келгенде Қазақстанда болып жатқан
экономикалық өзгерістерге қуатты қарсы әрекет факторына айналады.
Қазақстан экономикасында ерекше орын несие-қаражаттық саланың өте
маңызды институтына сияқты, банктік жүйеге бұрылған. Банктік жүйе ұлттық
валюта тұрақтылығына және бағаларды тұрақтылықпен қамтамасыз ету үшін төлеу
жүйесін тоқтаусыз және сенімде жұмыс жасаумен қамтамасыз етуге, біріңғай
қаржалық несиелік саясат жүргізуге, елде валюталық бақылауды және валютаны
жөнге салуды жүзеге асыруға арналған. Сондықтан көрсетілген мақсаттардың
шешімі елдің қаражаттық жүйелерінің тұрақтылығына және Қазақстанның
экономикасын қауіпсіздікпен қамтамасыз етуіне кепілдік береді.
Жоғарыда аталып өткендей несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз
пайдалану банктік қылмыстың бір түрі болып саналады. ҚР ҚК 194 бабында
көрсетілгендей, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану дегеніміз, жеке
кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе
кепілдік мүлкі туралы, немесе несиенің, демеу қаржының
несиелеудіңжеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мәні бар өзге де мән-
жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие
берушіге беру арқылы жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің несие,
демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты несиелеуді,
демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен
демеуқаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы
туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге хабарламау, егер осы
әрекеттер ірі зиян келтіретін болатын жағдайда.
Аталған екі қылмыс құрамын қарасақ көлемді бап болып қала береді.
Айтылған баптың бірінші қылмыс құрамының диспозициясы жоғарыда аталып
кеткен. Енді қылмыстың екінші түрін қарастырамыз.
Несиені мақсатсыз қолдану деп, мемлекеттік мақсатты несиені не
мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей мақсатында пайдаланбау, егер
осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген жағдайда.
Мемлекет тарапынан қаржылық тұрақсыздықты қалыптастыруға
реструктуризация бойынша көптеген шаралар жасаған, оның ішінде банктік жүйе
жұмыстарының жаңа түрлерін қарастырған.
Қылмыстық озбырлықтар банкілік жүйенің тұрақтылығының бұзылуына ықпал
тигізеді.
Ірі ақшалы капиталдардың айналасындағы криминалдық концентрация
белсенділігі қылмыстың географиялық орналасуына да кепілін тигізді. Қаржы
қосымшалары және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары дәрежедегі аймақтарда
криминалдық жағдай алаңдатарлық. [8]
Банкілік жүйеге ұйымдасқан қылмыстық топтар ерекше қауіп - қатер
төндіреді.
Несиелік қылмыс, мемлекеттік несие беру қызметінің нәтижесінде, басқа
банктік несие ұйымдарынан, кәсіп орындардан азаматтардың несие құралдарын
қолдану, қайтару сияқты әрекеттерден айқын бола алады.
Несие терминін азаматтық заңда қарастырған, сауда және тауарлық,
ақшалы несиелер деп түсіну қажет. Заңсыз жолмен несиелеу шарттарын
жеңілдікпен алу, мүліктік жеңілдік болып табылады. (ҚР ҚК-нің 194-ші бабы)
Несиелендірудің жеңілдік шарттары - несие алудың немесе қайтарудың,
жалпыларымен салыстырғандағы, ең пайдалысы несие алушыға несиені жабуды
кейінге қалдыру немесе пайыздық жеңілдік беріледі. Несиелендіру жеңілдік
түрімен алынғанда несие ұйымдарға, мемлекет немесе әртүрлі қорлардың
есебінен жеңілдік шарттарына лайықты келісім - шарт айырмасы төленеді, яғни
несие ұйымымен толық немесе жарым-жарты алынбаған табыстарды толтыру
болады. Несиелендірудің жеңілдік шарттары нормативті заңға сүйенген
актілерге қатысты құрыла алады, сонымен қатар банк өзінің қарауымен келісім
- шарт арқылы ғана беруіне болады.
Несиені алуға және қайтару кепілдігін растау үшін, ұйымдардың және
жеке кәсіпкердің шаруашылық жайы туралы, қаражаттық күй-жағдайына қатысты
мәлімдеулер беріледі. Көрсетілген мәлімдеулерді көрсетілген категорияларға
бөлмей, заңды түрде қаражаттық шаруашылық жай терминімен қолдану керек.
ҚР ҚК-нің 194 –ші бабында қарастырылған несие қылмысының ерекше түрі болып
табылатын: біріншіден мемлекеттік, екіншіден мақсаттық. ҚР ҚК-нің 194-ші
бабындағы мақсатты мемлекеттік несиелер дегенді, мақсаты белгіленген
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, лайықты деңгейдегі мемлекеттік құралдар
деп түсіну қажет. Бұл құралдар ақшалай немесе белгімен айқындалған зат,
немесе басқа құқық және артықшылықтар түрінде берілуі мүмкін, және мемлекет
атынан заң талабына сай қайтаруда немесе тегін негізінде салық төлеуді
кейінге қалдыруды қосады.
ҚР ҚК-нің 194-ші бабымен қозғалған қылмыстық істер, несиені заңсыз
алу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асатынын көрсетеді. Қаражаттық жағдайларын
жасырып, несие берушіні алдау үшін несие алушылардың жалған құжаттарды
қолданулары жиі кездеседі. Алынатын несие есебімен, жүзеге асатын,
салымдардың анық емес техника-экономикалық негіздері көрсетілетін, несиені
қолданып төленетін шаруашылық келісім өткізу жөнінде жалған келісім -
шарттар жасалған.
Кепілдік беруші белгілі мемлекеттік және сауда ұйымдарынан несиені
қайтаруын растауына жиі жалған кепілдік берілетін.
Мақсатты мемлекеттік несие аларда, осы несие түрін жеңілдік
шарттарымен алу мақсатында, жалған құжаттар қолданылған.(төмендетілген
пайызбен) [9]
Аталған қылмыстың негізігі элементі, яғни заты – несие, демеуқаржы,
несиелеудің жіңілдік шарттары болып табылады. Қылмыстың құқықтық-қылмыстық
мінездемесіне баға беруде, қылмыстың жасалу процесінде алдымен оның іс-
қимылына мінездеме беру өте маңызды. Аталған қылмыстың жасалу барысындағы
әрекеттерімен банктік несиелеу анықталады.
Несие-ақшалай немесе тауар түрінде қайтару шартымен, көбінесе пайыздың
төлеммен өтелетін қарыз несие, несие беруші және қарыз алушының арасындағы
экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Несие (лат. тілінде creditum - сенім) – ақшалай немесе тектік
белгілерімен айқындалған заттарды, қайтару және пайыз төлеу шарты
негізінде берілетін ссуда.
Несие – несие беруші мен несие алушы тараптар арасындағы экономикалық
қатынастарды айқындайды
Несие экономикалық дамудың негізгі элементі болып, бүгінгі
экономиканың тірегі болып табылады.Оны ірі кәсіпорындар мен ұйымдар, кіші
өндірістер, ауылшаруашылық және сауда құрылымдары, сонымен қатар мемлекет,
үкімет және азаматтар қолданады.
Шаруашылық субъектілерінің уақытында несие алу мүмкіндігі,
экономиканың табысты қызметінің маңызды шарты болып табылады. Осыған
байланысты несиелеу саласында бөлектенген қатынастар пайда болды. Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы заңының 33 бабының 1 тармағына сәйкес банкілер арасындағы, сондай-
ақ банкілер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар егер Қазақстан
Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге
асырылады. [10, 33-б]
Осымен қатар несие беруші несие шартында көрсетілгендей несие алушыға
несие беруден бас тартуға құқылы, егер несие алушы берілген қаржыны
уақытында өтей алмайтындығы белгілі болған күнде. [3, 715-б]
Банктер басқа да несие-қаржылық мекемелері, сонымен қатар несие беруші
ретінде болатын жеке тұлғалар несие алушымен жылдамдық, қайтарымдық,
төлемдік, мақсаттылық принциптері негізінде несие қатынастарын іске
асырады.
Ереже бойынша несие мақсатты түрде беріліп, ол тек қана шартта
көзделген мақсатқа пайдаланылуы тиісті. Несие алушы несие берушіге несиенің
мақсатты пайдалануын бақылау мүмкіндігін көрсетуге міндетті.
Несиенің мерзімі, шартта белгіленген мерзімде несие берушіден алынған
қаржыны қайтаруды білдіреді.
Несиенің қайтарымдылығы несие алушының тек қана несие берушіге алынған
қаржыны қайтару ғана емес, сонымен қатар қаржыны қолданған уақыттары
белгіленген пайызын төлеу міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасында екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ұлттық банк
мемлекеттің орталық банкі саналып, жоғарғы (бірінші) деңгейлік банк болып
табылады.
Несие жүйесінің маңызды бөлігі ретінде, банк қызметі мекемелерінде
бүгінгі күнде ерекше орынды банктік несиелеу құрайды.
Несие жүйесі – деп несие қатынастарын, несие әдістерінің және
нысандарының барлық жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесі бірқатар қағидалар
негізінде құрылады.
Бұл қағидалар жоғарыда айтылып өтті:
- мерзімділік қағидасы
- қайтарымдылық қағидасы
- төлемдік қағидасы
Бұдан әрі қолданыстағы қылмыстық заңына сәйкес несиені мақсатты
пайдалануға бағытталған қағидасын орындау қажет. Сонымен қатар кепіл
түрінде болатын, несиені қамтамасыз ету қағидасы бар.
Несие қатаң түрде тек нақты мақсаттарға бөлінеді.
Тарихи даму процесінде несие көптеген формада қалыптасты, оның
негізгілері – коммерциялық және банктік несие.
а) коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кепілге қалдыру. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады.
б) банктік несие – бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз
алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие.
в) тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға 3-жылға дейін берілетін тұтыну
тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін бөлшек сауда
орындары арқылы төлемді кейінгіге қалдыра отырып, тауарды сату және банктік
формада берілетін несие.
г) ипотекалық несие – бұл ұзақ мерзімге берілетін жылжымайтын мүліктерді:
жерді, тұрғын және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін
қарыз.
д) мемлекеттік несие – бұл азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе қарыз беруші ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жиынтығы, мемлекет аталған несие формасы
мемлекет бюджетінің тапшылығы жабуға қолданады.
е) халықаралық несие – бұл халықаралық экономикалық қатынас саласындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді халықаралық несие тауар немесе
қаржылай (валюта) түрінде беріледі. Несиені берушілер және алушылар болып
банктер, жеке фирмалар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар болып
табылады.
Банктік несиелер субъектілері мен мақсаттарына, қамтамасыз ету тәсілдері
және несиені өтеу тәртібіне байланысты жіктеледі.
Мақсатты қолданыстағы банктік несиелер келесі түрлерге бөлінеді:
1. Өндірістік несиелер негізінен күрделі салаларға бағытталған.
2. Жаңа құрылған мекеменің қаржысын қалыптастыру үшін несиелер.
3. Қаржының тапшылығына байланысты, айналымдағы қаржының жетіспеуін жабу
үшін несиелер.
4. Экспорттық және импорттық операцияларды қаржыландыру үшін несиелер.
5. Тауар сатып алу немесе кейбір қызметтерді өтеу үшін азаматтарға
берілетін тұтыну несиелері.
Ереже бойынша клиентпен шартта көрсетілген несие алушының несиені
мақсатты түрде қолдануын банктік қадағалау құқығы қаралған. Сондықтан несие
алушы несие бурушіге қажетті құжаттарды мерзімінде көрсетуге міндеттенеді
және шартта қаржыны мақсатты түрде пайдалануды қадағалау банк құқығы
көрсетіледі.
Егер несиені мақсатсыз қолдану фактілері анықталатын болса, несие
алушыға тиісті жаза қолданып, шартта көрсетілгендей несиені мерзімнен бұрын
өндіріп алуға банк құқықты.
Банктік несиелер пайыз көлемінде беріледі, ал оның көлемі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгейдегі банктерге үстіне қосылған
несиелерді ұсынған ставкалар есебімен қалыптасады.
Несиені қолдануда пайыз көлемі шарттағы міндеттемелерге байланысты
жылдық, айлық немесе әр күндік болып қалыптасуы мүмкін.
Банктін ссудалық операциясы, банктік директорлар кеңесі бекіткен оның
ішкі несие саясатына сәйкес іске асырылады. Ішкі несие саясатының атқарушы
органы банктік несие комитеті болып табылады. Ішкі несие саясаты туралы
ережесі несие операцияларын іске асырудағы қауіпті төмендетуді көздеумен
қалыптастырылады.
Несиелік қауіптер – қорларды үлестіру кезіндегі туындаған баланста
немесе баланстан бөлек, кепілдемемен немесе кепілдемесіз, алғашқы талап
бойынша қарыз соманы өтеуге міндетті, барлық пайыз мөлшерін қоса төлейтін
несие алушы. Қауіптер сан түрлі болуы мүмкін:
- іскерлік қауіп;
- елдік қауіп;
- валюталық қауіп;
- операциялық (стратегиялық) қауіп;
- заңнамалық қауіп.
Несиелік қауіп – несие алушының пайыздық мөлшермен қоса негізгі
қарызды өтемеу қауіпі несие беруші үшін іске асырылады.
Банк несиелік қауіпті алдын алуды көздеп, несие беру шешімін
қабылдамас бұрын, несие алушының өтеу қабілеттігін, несиелік қабілеттігін
және қаржылық тұрақтылығын бағалауы қажет. [11, б.35-36]
Өтеу қабілеттілік және несиелік қабілеттілік түсініктерін
анықтағанда айырмашылық бар екенін атап өткен жөн.
Өтеу қабілеттілігі - бұл несие алушының уақытында барлық түрдегі
міндеттемелер және қарыздарды өтеу мүмкіншілігі мен қабілеттілігі, ал
несиелік қабілеттілік тек мекеменің несиелік қарыздарын өтеу мүмкіндігін
мінездейді.
Сонымен қатар, несиелік қабілеттілік өтеу қабілеттілігімен
салыстырғанда біршама өзгеше мінезделуі тиісті, өйткені несиелік қарызды,
банктегі қарыздың кепілдемесіндегі мүліктерді сатып қарызды өтеуге, немесе
басқа банктер мен мекемелердің кепілдемелерін қолдануға болады.
Несиелік қабілеттілігін бағалау барлық көрсеткіштерді қолданып,
қарыздық төлемдерді өтеу мүмкіншілігі, несие алушы қызметінің мінездемелік
жорамалы. Мұндай көрсеткіштер барлық өзінің маңыздылығымен, кейбірде
шектеулі мағынаны білдіреді.
Біріншіден, бұл көптеген көрсеткіштер, соның ішінде қаржылық жағдайы
мінездемелейтін, қаржының барлығы және басқалар, бетбұрыстары өткен шақта,
өйткені олар өткен кезеннің мәліметімен есеп айрысады, ал несиелік
қабілеттілікті болжау болашақтағы қарызды өтеу мүмкіндіктерін бағалауды
береді.
Екіншіден, мұндай көрсеткіштер есеп уақытындағы қалдықтар туралы
мәліметтер негізінде есеп айрысады, айналымдағы мәліметтер қарызды өтеу
мүмкіндіктерін толығырақ мінездейді.
Несиеқабілеттілікті талдауда, түрлі ақпарат көздері қолданылады:
а) тікелей клиенттен алынған материалдар;
б) банк мұрағатындағы клиент туралы материалдар;
в) клиентпен іскер болған адамдардан алынған мәлімет (несие
берушілер, оның өнімін сатып алушылар, банктер, оның жеткізушілері және
т.б.);
г) жеке және мемлекеттік мекемелері мен агенттіктердің материалдары
және есептері (несиелік қабілектілік туралы есептер, инвестициялар жөнінде
анықтамалар және т.б).
Тікелей клиенттерден алынған мәліметтер мен материалдар алу үшін,
несие бөлімінің сарапшылары банк мұрағатына жүгінеді. Егер клиент алдында
банктен несие алған болса, мұрағатта қарыз өтеудегі кешігулер мен басқа да
кемшіліктер туралы мәліметтері сақталған.
Банк аталған несие алушының өзге несие ұйымдармен жұмысы туралы және
кейбір нақты туындаған сұрақтарға жауап алуға құзыретті. Алдынғы кезеңдерде
клиент қанша ақшалай қарыз алғаның және алынған несиелерді уақытында өтей
алдыма? Клиенттің банктік есеп-шотындағы қалдықтың мөлшері қандай? Өткен
кезеңдерде клиент банкротқа ұшырады ма?
Барлық осы мәліметтерді банк түрлі несие ұйымдарынан анықтайды және
қосымша мәліметтерді жергілікті немесе аймақтық несие-ақпараттық
бюроларынан сұрау салу арқылы іске асырады.
Сондықтан қаралатын қылмыстың негізі жеке кәсіпорындар, коммерциялық
емес ұйымдар, құқықты түрде ұйымдасқан және жекеменшік түрдегі болсын
несиелік ұйымдардың несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы
бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкіне
басқадай мән-жайлар туралы жалған (мерзімдік, пайыздық ставкалардың көлемі
және т.б) мәлімет беруді әкеліп соқтырады.
Шаруашылық жағдайы туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерге келесілер
жатады: құрылтайшылар, басшылар, акционерлер, негізгі әріптестер, таныстар,
басқа фирмалармен қосылып, жалған кепілдемелік хаттар, кепілдік беру,
өндіріп алуға жарамсыз кепілдік мүліктер, қойылған құнның сәйкессіздігі
және т.б ; қарыз қаржысын қолданудан негізгі бағыттарын көрсететін жалған
технико-экономикалық негіздемелер, несие бағыттылған нақты шаруашылық
операциялар: жалған шарттар және басқа құжаттар, қарыз алушының өз өнімін
сату мүмкіншілігі туралы қате пікір туғызуы, оның бәсекелес қабілеттілігі,
нарықтағы жағдай және т.с.с; қойма мен бухгалтерлік есептер құжаттары және
басқалар.
Қаржы жағдайы туралы көпе-көрінеу жалған мәліметке келесі бұрмалаулар
жатады: салық комитетінде тіркелгені туралы бухгалтерлік құжаттар; қаржы
жағдайының жақсы екендігін көрсететін құжаттар, дебиторлық және кредиторлық
қарыздар туралы анықтамалар, басқа банктерден алынған несиелер және
қарыздар туралы, ағынды есеп-шот үзінділері және басқалар.
Банкке немесе басқа несие берушіге зор көлемде нұқсан келген күнде,
қылмыстық жауапкершілік міндетті шарт болып табылады. Бұл нұқсан алдымен
несие шарты бойынша қарыз алушыға берілген қаржының қайтарылмауымен
байланысты болады, бірақ нақты нұқсан несие берушіге пайыздық төлемді
өтемеуі, несиені уақытында қайтармауы түрінде немесе алатын пайданы қолдан
жіберіп алу түрінде де өлшенеді. Басқа келенсіз зардаптар болып, несие
алушының банкротқа ұшырауын, оның жұмыс тәртібінің бұзылуы, жоспарланған
мәміленің бұзылуы, өзіне алынған міндеттерді орындамау және басқалар болып
табылады.
Ірі нұқсанның нақты өлшемі заңда көрсетілмеген өйткені алданған несие
берушілердің қаржы жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 194-ші баптың 2
бөлімінде азаматқа, ұйымдарға, мемлекетке ірі зиян келтірген, мемлекеттік
мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей
мақсатында пайдаланбайтын қылмыс құрамын қарайды. Бұл жағдайда мемлекет
несие беруші ретінде болып, ал ұйымдар түрлі инвестициялық бағдармаларды
орындау үшін өз қаржыларын орнықтырады.
Мақсатты несиелерді алуда заңсыз болу себебі, егер мұндай несиелерді
алуда материалдық-құқықтық қатынастарды нақтылайтын ереже бұзылса, сонымен
қатар несие бөлуді шешетін мемлекеттік органдарды осы шешімге қатысты
көзбайлаушылыққа кіргізеді.
Мақсатты несиені мақсатсыз пайдалану және жеке басының қажетіне
жарату ( пәтер, автокөлік сатып алу, шет елге сапарды немесе оқуды төлеу,
банктік несиелерді өтеу, салық төлеу және т.б) бөтен мүлікті талан-тараж
ету және осы қылмысты жіктеу туралы сұрақ туындайды. Сондықтан талан-
тараждық белгілері ретінде, пайдакүнемдік мақсатта және қасақана өзінің
пайдасына бөтеннің мүлігін ақысыз өзіне қаратып алу сияқтыларды көзден таса
етуге болмайды. Бұл белгілердің болмауы (немесе дәлелсіздігінен) осы
әрекеттің ұрлыққа санаулы мүмкін емес.
1.2. Заңсыз несие алу және несиені мақсатсыз
пайдаланудың белгілері.
Заңсыз несие алу белгілеріне мыналар жатады:
- Мақсатты мемлекеттік несие бөлінгенде, әлде заңды тұлғаға және жеке
кәсіпкерге банктік несиелендіру барысында қатаң қателіктердің болуы;
- Күмән тудыратын, қаржылық жағдайы төмен несие алушыларға несие беру;
- Қаражаттық шаруашылық жайында, несиені қайтару жөніндегі жалған
құжаттар мен кепілдік негізінде несие беру;
- Несиені несиелік шартта көрсетілген мақсатқа сай қолданбау;
- Несиенің қайтару төлемін жүйесіз, мерзімінен кеш төлеу;
- Несие келісім- шартының міндеттерінің өзгеруі, әлде оны созу;
- Кепілдік мүлігіне тексеру жүргізуде банк қызметкерлеріне кедергі
жасау;
- Несие алушының қылмыстық істерге немесе криминалдық құрылымымен
байланыста болуы жөніндегі мәлімдемелер.[12]
Қылмыстық жазаланушының сыбайластығы жөнінде мәліметтер
жеткіліксіз болған жағдайда, мақсатқа лайықты құжаттық тексеру жүргізіледі
(несие алушының қаражаттық және шаруашылық жағдайын айқындау мақсатында
тексеру). Маңызды деректер жедел іздестіру шараларының көмегімен алына
алады: телефондық келіс сөздерді тыңдау, нақты қылмысқа қатысты
қатысушылардың іс - әрекетін бақылау, пошталарын, телеграфты хат
–хабарларын тексеру, техникалық хабар байланыстарынан ақпаратты алу.
Маңызды және жауапты кезең алғашқы құжаттарды бағалау, тексеру болып
саналады. Алдағы процестің нәтижесі тексерудің толықтығына байланысты, сол
себепті ең алдымен арыздарда, хабарламаларда, берілген материалдарда
қамтылған мәліметтерді зерттеу керек. Мәліметтердің негізгі құжаттармен
немесе басқа жолмен расталу керек. Сонымен қатар, азаматтардың арыздарымен
жұмыс істегенде, арыз берушіден тек қана нақты мәлімет алмай, берген
мәліметтерін ол қандай жолмен білгенін, берген хабарламасын қандай құжаттар
растай алатынын сұрау қажет.
Мақсатты мемлекеттік несиені заңсыз алу несиені заңға қайшы
әрекеттер мен тәсілдер қолдана отырып алу болып табыладыжәне де бұл туралы
ҚР ҚК-нің 194-ші бабында көрсетілген.
Мақсатты мемлекеттік несие тағайындау жөнінде нормативтік акт
келтірілген, алынған несие белгіленген шарттарға қайшы тағайындалса,
мақсатты мемлекеттік несиені тікелей мақсатында пайдаланбау әрекеті
орындалады.
Экономика саласында іске асатын қылмыстық әрекет үшін жауаптылықты
қарастыратын қылмыстық – құқықтық нормалардың мәні және мазмұнын анықтауда
заң шығарушы зиян терминін қолданып, жәбірленушіге келтірілген зияндар
жөнінде айтатынын көрсетеді. Әрекеттің саралануына мүліктік зиян ақшалай
бағаланады, яғни зиянның сомасы. ҚР ҚК – нің 194-ші бабындағы үлкен зардап
– мүліктік зардапты материалдық салдардан деп түсіну керек, сонымен
жоғалған пайда қылмыс жасалған кездегі жалақысының кем дегенде 500
минималдық өлшеміне тең. Және көрсетілген қылмыс зардаптарынан қоғамдағы
қауіп- қатер дәрежесін объективті бағалаулармен қамдандырмайды.[13]
Мемлекеттік несиені тікелей мақсатында пайдаланбаудың белгілері:
- Қаражаттық құралдардан несие бөлуді бұзу, бұл бағдарламалардың
орындалуын бұзады, басқа да зардаптарға әкеледі.
- Алынған несиенің шығыны, қайтару кепілдігі жөнінде қолдан жасалған,
жалған құжаттар әкелу;
- Соттың шешімінен кейін алынған несиені қайтармау;
- Жеңілдік шарттарын саудада қолдану;
- Қаражаттық несиені басқа төлемдерге қолдану (мысалы, шет елдегі іс
сапарларға т.б.)
ҚР ҚК – нің 194-ші бабында қарастырылған қылмыстарды тексергенде,
несие алушылар несиені дер кезінде қайтаруына қиындықтар кедергі жасағанына
сілтейді.
Төмендегі белгілер бұл істегі қаражаттық қызметтің қылмыстық
белгілерін көрсете алады:
- несие алушының үлкен сомасы;
- несие алушының жалған мекен жайлары;
- әртүрлі несие алушылардың мекен жайларының бірдей болуы;
- қарыз алушыларға арналған қаражаттық есептеу нәтижелерінің жалған
болуы;
- ұйым қызметі барысынан тыс банкілік есептеу мен қарыздар;
- үлкен сомаларға чектердің жиыны;
- сенім хатпен қарыз беру;
- басқа банкіде берілген қарызға банктің қатысы;
- несиеге фирма алу;
- несие алушының шығындарының оның табысына сәйкес келмеуі.
Сауда құрылымының қызметін ревизиялық тексерістен кейін несие келісім
- шартында көрсетілген мақсаттар бойынша қолданылмағанын растай алады.
Айғақты зат бола алатын құжаттарды екі топқа бөлуге болады:
- Айыптының (несие алушының) мекемелер мен ұйымдарда басшылық ету
жөніндегі түзу жолдан тайындыратын жалған құжаттар (хаттар, сенім
хаттар, чектер және т.б. )
- Жұмыс өндірісі туралы немесе қызмет көрсету жөнінде кәсіпорын
басшылығымен және айыптымен бірге құрастырылған құжаттар (келісім-
шарттар, келісімдер, міндеттер) [14]
Тексеру шараларына өз істеріне банкке өткізілген құжаттардың
материалдық (суреттерді ауыстыратып жабыстыру, мәтінді өзгерту және т.б.)
және интелектуалдық (мазмұнында көрсетілген жазулардың сәйкестігі, құжатты
құрастырған өкілдің атынан фирманың нақты барысы) жалғандықтарын қосады.
Берілген кепілдеме хаттардың шынайылығы мен заңдылығына ерекше назар
аудару керек. Кепілдеме хаттардың бұрмалауы құжатты толық қамтымауы мүмкін,
тек кепілдемеге жауаптылық жақындаған кездегі шарттарға байланысты, кейбір
бөлек бөлімге қатысты болады. Кепілдікке берілетін мүлік жөніндегі құжаттар
мұқият тексерілуі керек: нақты несие алушының мүлігі ма, оның құны алынған
несие өлшеміне сай келе ме, бұрын кепілдікте болмағанба.
Банктік несиені қайтаруды қамтамасыз ететін келесі шарт, оны
сақтандыру. Бұл жағдайда несие алушылармен сақтандыру келісім- шарты
құрылады, содан кейін алынған несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуші құжат
ретінде банкке беріледі.
Несиелендіру бойынша сақтандыруды жүзеге асыру үшін, жалған фирмалар
құрылуы мүмкін және осы фирмалар мемлекеттік және сауда кәсіпорындарына
жалған сақтандыру құжаттарын береді.
Құжаттарды тексеру кезінде төмендегі құжаттарды бақылау шарттары
қолданылады:
1) арифметикалық тексеру, нормативтік тексеру, белгіленген ережелермен
көрсеткіштердің сәйкестігі; құжаттағы реквизиттер мен жазулардың
шынайлығын тексеру, құжаттарды даярлап құрастыру кезінде ережелердің
сақталуын тексеру;
2) қарсы тексеру, операциялардың объективтік мүмкіндігін тексеру,
құжаттарды салыстыру, алғашқы және туынды құжаттарды салыстыру;
3) бір түрлі операцияны көрсететін құжаттардың топтарын тексеру,
орындалған және алдағы жұмыстардың құжаттарын салыстыру, басқарылатын
және атқарылатын құжаттарды тексеру. [15]
Аталған құжаттардың мазмұнын зерттеуден басқа, тергеуге әртүрлі
сараптамалар тағайындалады (қалжазбалық, криминалистикалық).
Кәсіпкерлердің қылмыстық әрекеттері көбінесе, заңсыз несие алу және
оны қайтармауымен байланысты (соның ішінде жеңілдік шарттарымен).
Заңсыз несие алу келесі жолмен жүзеге асады:
- Несие алып, оны иеленіп алу мақсатымен жалған фирмалар құрылады;
- Несие кесім- шарттарына отырарда, қаражатының жоғарылығын көрсететін,
технико- экономикалық негіздеулер және анық емес кәсіпкерлік -
жоспарлау сияқты жалған құжаттар даярланады;
- Несие алу үшін белгілі келісімге отырғаны жөніндегі жалған келісім-
шарттар көрсетіледі;
- Жеңілдік шарттарымен несие алу құқығын растайтын жалған құжаттар
қолданылады.
- Мемлекеттік несие сауда құрылымының беделді өкілдігі атынан заңсыз
түрде алынған кепілдік хаттар және жалған құжаттар несиені қайтаруды
қамтамасыз етуде қолданылады;
- Несие алушының кепілге қоятын мүлігі, кепілденген немесе мүлде өзіне
жатпайтын мүлік көрсетіледі;
- Несиені қайтаруды қамтамасыз ететін экономикалық нормативтерді бұзып,
несие алу мақсатында банк қызметкерлері сатып алынады.
Несие алу үшін қажетті құжаттар тізімі. [8]
Несие алу үшін әр банкіде қажетті құжаттар тізімі болады. Дегенмен,
негізгі қажетті құжаттарды бөлүге болады.
1. Ресми хат- несие алушының несиені тағайындау өтініші;
Әдетте бундай өтініштер ұйымның фирмалық банкілігінде, басшысының атына
(банк президентінің, басқару төрағасының) толтырылады. Құжаттың мәтініне
несие алушы, керекті несие түрін, керекті соманы, несиелік ресурстармен
қолдану мерзімін мақсатын белгілейді.
2. Технико - экономикалық негіз (жобаның кәсіпкерлік жоспары).
Техника – экономикалық негізді талдау барысында мыналарға назар аудару
керек:
• Тауарды өткізу мүмкіндіктеріне (егер несие қарапайым тауарлық
операцияға сұралса);
• Несие жобасының қаражаттық - экономикалық көрсеткіштерін жоғары
дәрежеге әкелу үшін, тауардың орындалу бағасы шектен тыс
көтермеген ба;
• Несие жобасының орындалуымен байланысты, шығын томендітілмеген ба.
Төмендету шығындардың барлығына әсер етуі мүмкін, алынған
тауарлардың бағасынан бастап шығындарға және қызметкерлердің еңбек
ақысын төлеуге дейін, Сатып алынатын тауарлар бағасының тым жеңіл
болуы, сатып алушы мен серіктестіктің өзара келісімін көрсете
алады. Жобада салықты төлеу схемасы көрсетілгеніне көз жеткізу
керек.
3. Жобаның қолданылуын қамтамасыз ететін келісімдер және олардың
жобалары.
Банкке клиент негізгі келісім шарттарды ғана емес, сонымен қатар қосалқы
келісім шарттарды ұсыну керек: тасуға, жіберуге, күзетке, сақтандыруға,
сақтауға және т.б.
4. Несие алушының есеп беру жылындағы қаражаттық жағдайы жөніндегі
мәліметтер.
Клиенттің қаражаттық есеп беруін салық органдарына тапсырылатын
стандартты есеп беру деп түсіну керек (алдыңғы жылдың және есеп беру
жылындағы бухгалтерлік баланстар, түскен пайда және шығыс есептері),
мысалы, ақша айналымының жағдайын және көлемін растайтын клиенттің
есебінен алынған банктік жазулар.
5. Несиелік келісім шартты қамтамасыз ететін құжаттар.
Несиелік жобаны талдаудың соңы болып, несиелік келісім шартты қамтамасыз
ететін құжаттар табылады. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алу үшін
даярланатын құжаттар күрделі болып келеді. Бұндай жағдайда мыналар
тексерілуі керек: біріншіден, ұсынылып отырған объект несие алушыныкі
немесе кепілдік берушінікі болып саналама; екіншіден, басқа жерде
кепілдікте жоқтығы анықталуы керек. Заң бойынша жылжымайтын мүлікке
қатысты келісімдер тек мемлекеттік тіркеуден кейін ғана күшіне енеді. Жер
алаңын кепілдікке бергенде жалдық құқығына кепілдік даярлану керек (ұзақ
мерзімді жалдық келісім шарт). Кепілдік келісім шарты натариус арқылы
расталып, мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет. Азаматтық және басқа заң
бұзушылық қылмыстың белгілері, материалдық зиян келтірілген өлшеммен
анықталады, сол себепті үлкен мөлшерде зиян келтіргенде ғана заңсыз несие
алу қылмысы болып саналады.
II ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҚ.
2.1 ҚР ҚК-нің 194-ші бабына сәйкес қылмыс құрамына қылмыстық-құқықтық
сипаттама.
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың қылмыстық жауаптылығы
алғашқы рет ҚР ҚК-не енгізілген. ҚР ҚК-нің 194-ші бабының бірінші және
екінші бөлімдерінде несие ұғымының біріккен құрамдары қарастырылады. ҚР
ҚК-нің 194-ші бабының бірінші бөлімі егер жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысы
жеңілдік шарттарымен несиелендіру жолымен несие алу үшін, банкі немесе
басқада несие берушіге шаруашылық жағдайы, қаржылық жай – күйі жөнінде
жалған мәлімет берсе, және осы әрекет ірі зиян келтірген болса, қылмыстық
жауаптылықты тағайындайды. ҚР ҚК-нің 194-ші бабының екінші бөлімі несиелік
қарым- қатынаспен байланысты, қылмыстық жауаптылықтың басқа құрамын
қарастырады, - мақсатты мемлекеттік несиені заңсыз алса, және осы әрекеттер
мемлекетке және ұйымдарға, азаматтарға ірі зиян келтірсе.
Несие ұғымы ақшалы құрал немесе белгімен айқындалған, несиелендіру
барысында екінші жаққа келісім шартта (несиелік, тауарлық және саудалық
несиеге) көрсетілген шарттар негізінде берілетін заттар деп түсіндіріледі.
Нәтижесінде екі жақта несиелік қарым – қатынас пайда болады.
Сонымен қатар несиелер әртүрлі негіздерде дәрежеленетінін атап өту
қажет: несиелендірудің мерзімі бойынша, қарыз жағдайларын қамтамасыз ету,
несие алушының түрлеріне, несиелендіру әдістеріне және тағайындауға.
Барлық аталған және басқада несиенің түрлерін объектінің талданатын
құралы ретінде қолдануға болады: ҚР азаматтық кодексінің негізінде,
несиені қолданатын жеке азаматтарға берілетін несиелерден басқа, мысалы,
тұрғын – құрылысына арналған несие.
ҚР ҚК-сі несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамын
қарастырады. (194-ші бап)
ҚР ҚК-нің 194-ші бабының бірінші бөлімі егер жеке кәсіпкер немесе ұйым
басшысы жеңілдік шарттарымен несиелендіру жолымен несие алу үшін, банкке
немесе басқада несие берушіге шаруашылық жағдайы, қаржылық жай күйі жөнінде

жауаптылықты тағайындайды.
ҚР ҚК-нің 194-ші бабының бірінші бөлімі Ресей Федерациясының КҚ-нің
176-шы бабының бірінші бөлімінен ерекшеленеді, онда заңсыз дотация алудың
қылмыстық жауаптылығы қарастырылады.
ҚР ҚК-нің 194-ші бабының 2-ші бөлімінде, мақсатты мемлекеттік несиені
тікелей мақсатында пайдаланбау, және бұл әрекет мемлекетке, ұйымға,
азаматқа ірі зиян келтірсе, қылмыстық жауаптылық қарастырылады.
ҚР ҚК-нің 195-ші бабындағы ескертуінде ірі мөлшердегі несиелік
берешек ұғымы ашылады: азаматтың 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын
сомадағы, ал ұйымның 2500 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы
берешегі ірі мөлшердегі несиелік берешек деп танылады.
Банктің ақшалы құралдарын заңнан тыс қолдануын ұсынады. (220-шы бап)
ҚР ҚК-нде осындай әрекеттің үш түріне, және осы әрекеттердің кесірінен
мемлекетке немесе ұйымға, азаматқа ірі зиян келтірсе, қылмыстық жауаптылық
тағайындалады. Олар:
- Банк құралдарын банк қызметкерлерінің пайдалануына;
- Дәлелсіз кепілдіктерге банк клиенттеріне жеңілдік шарттарымен несие
беруге;
- Банк қызметкерлеріне ақша сомасын дұрыс аудармауына, сонымен қатар
клиенттерінің банкілік есеп шоттарына валюталық құралдарды дұрыс
аудармау.
ҚР ҚК-нің баптарында ірі мөлшеріндегі зиян ұғымы орын алады.
ҚР ҚК-ң 189-шы бабындағы ескерту негізінде, ҚР ҚК-ң 7-ші тарауындағы
баптардағы ірі зиян, азаматқа 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын, әлде
мемлекетке немесе ұйымдарға 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын
келтірілген зиян, ҚР ҚК-ң 189-шы бабындағы ескерту негізінде , ҚР ҚК-ң 7-шы
тарауындағы баптардағы ірі зиян болып табылады.[16]
ҚР ҚК-нің 194-ші бабында заңсыз несие алудың жауаптылығын қарастыратын
қылмыстық-құқықтық нормалар қамтылады. Белгілі себептерге қатысты ол аз
қолданылады. Көрсетілген баптың сот және тергеу кезінде қолдану қиындықтар
тудырады: жұмыс барысын күрделендіретін көптеген мазмұны несиелендіру
салдарын реттейтін әртүрлі нормативтік актілерге арналған заңгерлік
терминдердің көптігі.
Көптеп аталған түсініктер бойынша заңгерлер әртүрлі көзқарастарын
білдіреді.
Қазіргі кезде несиені заңсыз алу жөнінде мақалалар мүлде
жарияланбайды. Тек бұл іс қана емес, сонымен қатар осы істі болдырмауға
қандай шаралар, тәжірибелер қолданылғаны жөнінде бір де бір сөз жоқ.
Көбінесе экономикалық қылмыстың белгілерінің шешімін табу үшін,
қылмыстық әрекеттерді жазып шешу кезінде, заң шығарушы қолданылатын
категориялардан бастайды.
Қылмыстың негізі мынада: жеке кәсіпкерлер, коммерциялық немесе
коммерциялық емес мекемелер, банктер немесе банктік емес мекемелер де несие
алады, әлі де жеңілдік шарттарымен несие алу үшін әрекет жасайды.
Нәтижесінде, өздерінің шаруашылық күйі немесе қаражаттық жағдайы жөнінде
жалған мәліметтер беріп, несие берушіні алдайды.[3]
ҚР ҚК-нің 194-ші бабы криминологтарды және құқық қорғау органдарын
қызықтырады. Бап мұқият талданды, сонымен қатар тәжірибе кезінде туындаған
проблемалар да қарастырылды.
ҚР ҚК-нің 194-ші бабымен қарастырылған қылмыс құрамының әрбір
элементтерін зерттеп, мамандар банктік несиелендіру саласын қамтитын
қылмыстардың жасалу тәсілдеріне тән шараларды көрсетті. Несиелендірудің
жеңілдік шарттарын дәлелсіз беру сияқты, банкі саласындағы заңсыз несие
алу жөніндегі қолда бар дәлелдерді зерттеп, құқық қорғау органдарының
қызметкерлеріне және банктік жүйені қарастырылып отырған қылмыс түрінің
әрекеттерімен таныстыру және қылмыстық – құқықтық нормаларды қолдану
үшін криминалист - ғалымдар әдістемелік кепілдемелер ұйымдастырады.
Қылмыскерлер көбінесе жоғарғы білімді тұлғалар болып келеді (экономикалық,
заңгерлік немесе техникалық біліммен). Орта жастағы ерлер мен әйелдер болуы
мүмкін . Баптың мағынасы бойынша – мекеме басшылары мен кәсіпкерлер болып
табылады. Үлкен қалаларда туратын экономика мамандығы бойынша жұмыс
тәжірибесі бар тұлғалар. Өздеріне материалдық пайда келтіру мақсатымен,
экономика саласындағы қылмыстық әрекетті олар сапалы түрде таңдайды.
ҚР ҚК-да несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану үшін жауаптылық
тағайындалған (ҚР ҚК 194 бап). Берілген қылмыстық-құқықтық нормалар,
несиелендіру саласын қорғау мақсатына бағытталған.
Елде экономикалық реформа жүргізу кезеңінде несие алушылардың
қасақана өз міндеттерін атқармауы мөлшерден тыс дәрежеге жеткен.
ҚР ҚК-де несие берушілердің мүліктік пайдасын қылмыстық әрекеттерден
қорғау үшін, жауаптылықтың әр түрлі өлшемдері қарастырылған. Осы әрекет
таралуы азаматтарға арналған тиімді турғын құрылысы, білім алу, денсаулықты
сақтау саласындағы несиелендіру шараларының маңызды әлеуметтік
бағдарламаларына кедергі жасап, экономикалық өсудің маңызды қаражаттық
нәтижесін төмендетіп, бүкіл ортаға, үлкен шығын көрсетті де көрсетіп те
келеді. [17]
Несие берушілердің және басқа да қарыз берушілердің құқықтарын
бұзылуына азаматтық құқықтық әдіспен жылдам соттық қорғаудың және
объективтік шарттардың болмауы, несие берушілердің алдында міндеттерін
орындауға мәжбүр болғандықтан, қарыздарын озбырлықпен қолдануына байланысты
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің жаңа түрінің пайда болуына әкеп
соқтырды.
Осындай жағдайлар, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың
жауаптылығын қарастыратын қылмыстық – құқықтық нормаларды қолдануға
әкеледі. Өкінішке орай қылмыстық құқықтық нормаларды дербес қолдану құқық
қолданушыда көрсетілген баптарды қолдануда қиындықтар туындағандықтан
қылмыс жасаған айыпкердің қылмыстық жауаптылыққа тартылу проблемасының
толық шешілмегенінің белгілеп айтуға болады.
Бұл қылмыстық істі соттық тергеуден тергеулік тәжірибесі көбірек. Бұл
прокурордан гөрі, өзінің әділдігі жөнінде тергеушіні сендіру оңайлығымен
байланысты. Мұндай істерді прокуратура көбінесе алаяқтыққа жатқызады немесе
бұл істерден қылмыс құрамын мүлде таппайды. Бұл мәселені былай түсіндіруге
болады: ҚР ҚК-нің 194-ші бабының, ҚР ҚК–нің 177-ші бабынан айырмашылығы
(алаяқтық), 177-ші бабы банкілік несиелендіру саласындағы алаяқтық
әрекеттерді қамтиды, қылмыстық объективтік жағына қалай қатысты болса,
субъективтік жағына да солай қатысты.
ҚР ҚК-нің 194-ші бабын қолданудың негізгі қиындығы, заң шығарушы бапты
түсініксіз тұжырымдаған: Яғни бап тек банктік несие жөнінде ма, әлде
сонымен қатар тауарлық және саудалық жөнінде ме.
Қарызға ақша берудің барлығы Азаматтық кодекста қолданылатын
несиелендіру деген мағынаны білдірмейді. Шыныменде ҚР АК-де белгілі
бөлімінің нормаларымен реттелетін, қарыз немесе несие ұқсас құқықтық
қатынасты білдіреді. Қарыз беру келісім шартында, бір жақ (қарыз беруші)
екінші жаққа (қарыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz