Шаруа қожалығының меншікке құқығы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Шаруа (фермер) қожалықтарының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2 Шаруа (фермер) қожалығының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Шаруа қожалығының құрылу тәртібі мен қызмет ету
негізі ... ... ... ..16

2 ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН

МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1 Шаруа (фермер) қожалығының жерге
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Шаруа қожалығының еңбек қатынастарының
құқықтық
реттелу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3 Шаруа қожалығының меншікке
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .49

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында шаруа
(фермер) қожалықтарына елеулі экономикалық міндеттер жүктелген. Оларды шешу
ауыл шаруашылығының осы маңызды бөлігінің қызмет етуін реттейтін құқықтық
тетікті жетілдірмеусіз мүмкін болмайды. Бұл орайда ең басты мәселе болып
жерге меншік мәселесі табылады, өйткені ол ауыл шаруашылығы жерлері
нарығының қызмет ету негізінде тұр.
Қазақстан әуел бастан ауыл шаруашылығы экономикада елеулі орынды
иеленген мемлекеттердің біріне айналды. Өйткені көлемі жағынан үлкен
аумақтың арқасында мемлекетте ауыл шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға
мүмкіндік қалыптасты.
2009 жылғы статистикалық мәліметке сәйкес, белсенді шаруа (фермер)
қожалықтарының саны Қазақстан Республикасында 169,5 мың бірлікті құраған.
Онда 426557 адам еңбек етеді. Олардың 147,9 мыңы (жалпы санның 87,3 %)
өсімдік шаруашылығымен, 14,3 мыңы (8,4 %) мал шаруашылығымен, қалған 4,3 %-
ы өсімдік және мал шаруашылығымен қатар айналысады екен. Осы мәліметтен
көріп отырғанымыздай шаруа (фермер) қожалығының ауыл шаруашылығындағы рөлі
мен маңызы елеулі болып табылады. Оның үстіне Қазақстан жерінде тарихи
тұрғыдан шаруа қожалықтарын дамытуға қажетті барлық алғышарттар
қалыптасқан. Оның тарихы жүздеген жылдарға дейін тереңге кетеді.
Шаруа қожалықтарында жер пайдалану құқығы меншік құқығына емес,
жалға алуға негізделгендіктен оларда жердің сапасын арттыруға қаржы салуға
ынта жоқ, өйткені жалға алушыларға, әдетте, ондай шығынның орны өтелмейді.
Бұл жер ресурстарының тиімсіз пайдаланылуына алып келуде. Өз кезегінде, жер
ресурстары жүйелі және тұрақты түрде жаңартылып отыруды, тыңайтуды қажет
ететіні баршаға белгілі.
Шаруа қожалықтары туралы қазақстандық заңнама туралы айта отырып,
мынаны атап өткен жөн: көптеген мәселелер әлі жеткілікті түрде реттелмеген,
шаруа (фермер) қожалықтарын дамытуды тежейтін көптеген мәселелер бар. Атап
айтақанда, ондай тежегіш фактор ретінде шаруа (фермер) қожалығын жүргізу
үшін Қазақстан Республикасының азаматында жер пайдалану құқығында болуы
мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік
ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерінің әлемдік
станларттардан төмен болуын атауға болады.
Жоғары айтылғандардың негізінде агроөнеркәсіп кешенінің маңызды
элементі болып табылатын шаруа (фермер) қожалықтарының құрылу тәртібі мен
қызмет ету мәселесі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырыптардың
біріне айналғанына ешкім күмін келтірмейді деп ойлаймыз. Қайта мемлекеттің
экономикасын дамытуда маңызды орынды иеленетін ауыл шаруашылығы саласы
шаруа (фермер) қожалықтарын дамытусыз толық көлемде дами алмайтынын атап
өткен жөн. Осыған орай бүгінгі таңда Қазақстанда шаруа (фермер)
қожалықтарын дамыту үшін, олардың құқықтық мәртебесі мен қызмет ету негізін
нығайту жолында тиісті әкімшілік, құқықтық, экономикалық шаралар
атқарылуда.
Жұмыстың мақсаты болып шаруа (фермер) қожалықтарының құрылу тәртібі
мен қызмет теу ерекшелігін талдау және оларды дамыту жөніндегі нақты
ұсыныстар қалыптастыру табылды. Осы айтылған мақсатқа қол жеткізу үшін
төмендегідей міндеттерді шешу белгіленді:
- Шаруа ( фермер) қожалығының түсінігін анықтау;
- Шаруа ( фермер ) қожалығының құрылу тәртібі мен қызмет ету
негізін талдау;
- Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын талдау;
- Шаруа қожалығының жер пайдалануы мен еңбек қатынастарын құқықтық
реттеуді талдау;
- Шаруа қожалығындағы ортақ меншіктің құқықтық жағдайын саралау.
Жұмыстың объектісі – шаруа (фермер) қожалығының ұйымдық-құқықтық
нысаны, оның қызмет ету тәртібін анықтайтын нормалар мен ережелер.
Жұмыстың пәні – шаруа (фермер) қожалығының құрылуы мен қызмет етуі
барысында қалыптасатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастар жиынтығы.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмыстың объектісін
зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен
ұсыныстар құқықтану, соның ішінде аграрлық құқық мамандары тарапынан
сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған
мамандық бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде, тәжірибе
жүзінде пайдаланыла алады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық
мәртебесі, олардың құрылу тәртібі мен қызметінің құқықтық реттелуі қазіргі
заманғы заң ғылымында өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Осыған орай
бұл мәселеге қатысты отандық және шетелдік, соның ішінде ресейлік
зерттеушілердің еңбектері бар. Атап айтқанда, қазақстандық авторлардың
ішінде Е.Ш.Дусиповты, С.Жаркенованы, Л.А.Кусаинованы, Г.Мұқалдиеваны,
Е.Ш.Рахметовты, А.С.Стамкуловты, Н.Б.Мухитдиновты және т.б. атауға болады.

Ресейлік авторлардың ішінде Ю.Н.Андреевтің, Л.Амосованың,
Г.А.Волковтың, Б.В.Ерофеевтің, Н.Н.Ведениннің, В.Галовтың, С.Зинченконың,
Н.Лебедеваның және т.б. еңбектері бар.
Зерттеу әдістері. Бұл жұмыстың методологиялық негізін формальды-
құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, құрылымдық, логикалық және т.б. ғылыми
танымдық әдістер құрайды. Сонымен бірге, автор анализ, синтез, жалпылау
сияқты жалпытанымдық ғылыми әдістерді де қолданды.
Жұмыстың құрылымы мен мазмұны оның мақсат-міндеттерімен анықталған.
Жұмыс реферат, глоссарий, кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі
құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан екі тарауға бөлінген. Олар, өз
кезегінде, параграфтарға тармақталған.

1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 Шаруа (фермер) қожалықтарының даму тарихы
Кез келген процестің тарихи тәжірибесін танып білу алдағы даму үшін
маңызды екеніне ешкім күмән келтірмейді. Осыған орай біз шаруа қожалығының
және оның жер пайдалану құқығын реттеген заңнаманың даму тарихына көз
жүгірткенді жөн көрдік.
Қазақстанда шаруа қожалықтарының өркендеуі – бұл атаулы мемлекеттік-
құқықтық және әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады. Оны енгізу
қажеттілігі нарықтық қатынастардың және кәсіпкерліктің дамуымен тығыз
байланысты. Жеке мүдделілік және бәсекелестік жерді тиімді пайдалануды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ұстанымның өміршеңдігін нарықтық
экономикасы бар дамыған елдердің және революцияға дейінгі Ресейдің шаруа
қожалықтарының даму тәжірибесі дәлелдейді.
Революцияға дейінгі Ресейдің шаруа қожалықтарының даму тарихын
зерттеу қажеттілігі Қазақстан тарихындағы маңызы фактімен – Қазақстанның
1734 жылы Ресейге қосылуымен түсіндіріледі. Осыған байланысты Қазақстан
аумағындағы жер қатынастары Ресей империясының заңнамасымен тығыз
байланыста дамыды [1, 356 б.].
Қазақстан аумағында жерге меншіктің болуы қарахандықтар мен
оғыздардың ертефеодалды мемлекеті тұсынан белгілі. Қалалардың өсуі мен
саудагерлер арасында алыс-берістің дамуы сол кезеңдегі Қазақ жеріндегі
шаруашылықтың барлық нысандарының феодалдануына зор ықпал етті.
Жер шаруашылығы жағдайында жер пайдаланудың бөлектенуіне алғышарттар
тез дамыды. Жер шаруашылығын жүргізуде қолдан өсімдіктер өсіру өнері
маңызды рөлді иеленді.
Орта ғасырлардың тарихи жазбалары айғақтайтындай, Х-ХІ ғасырларда
жер шаруашылығы тұрақтанған тұрғындармен жүргізілді. Олардың қатары малы
жоқ көшпенділермен толыға түскен. Осылайша өндіріс құралы ретінде: жер, су
және мал басы табылды. Осылар жерге деген феодалдық меншіктің пайда болуына
негіз болды. Оның негізгі элементі болып жер шабындықтарына иелік ету
табылды. Меншік иесі жерді кімнің иелігіне немесе пайдалануына беру, кімге
бермеу, жер пайдаланушылардан қандай мөлшердегі сыйақы берілу керектігін
өзі белгіледі.
Орта ғасырларда жер пайдаланумен, жерге меншік құқығымен байланысты
мынадай үш құқықтық институт пайда болған: икта, союргал және вакф [2, 456
б.].
Икта термині жер салығын жинауға құқық беретін құжат, құқықтық негіз
деген түсінікті білдірген. Икта ұстаушысы шаруалардан жерді пайдаланғаны
үшін жер салығын жинап тұрған, бірақ ол жерге иелік ету құқығына ие
болмаған.
Икта институты қараханидтер мен сельжұқтар дәуірінде кең таралған.
Оның негізгі мақсаты әскери басшылар мен жергілікті шенеуніктерді
қамтамасыз ету болды.
Союргал термині де феодалдық заманда кең таралған түсінік болды. ол
моңғол тілінен аударғанда сыйға беру деген түсінікті білдірген. Бұл
институт ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда мен Орта Азия дәуірінде
жер пайдалану институты ретінде кең дамыған. Союргал мұрагерлік иелік етуді
білдірді. Союргалға ие болған адам сол бір немесе өзге жерде өмір сүріп
отырған тұрғындардан алым жинауға құқылы болған.
Келесі бір құқықтық институт – вакф. Вакф ұғымы – мешіттерге, діни
орталықтарға берілген жерді білдірді. Вакфпен басқару құқығы мұрагерлік
жолмен тек ер балаларға беріліп отырды. Вакф ретінде жарияланған барлық
жерлерден алынған алым мен салық діни қазынаға түсіп отырған. Вакфқа
тиесілі жерлермен қандай да бір мәмілелер жасауға тыйым салынатын. Вакф
бойынша мұрагерліктің дінге қатысы жоқ адамдарға берілуіне жол берілмейтін,
тыйым салынатын. Вакфқа қол сұқпаушылық шариғат нормаларымен қорғалатын.
Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі жер қатынастары жүйесінде
жерге иелік етудің үш нысаны болған:
1)толығымен субъектілердің меншігінде болған жерлер;
2)қызмет көрсету негізінде алынған жерлер;
3)діни орталықтардың (мешіттердің) жерлері.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазақстанның Ресей
империясының құрамына қосылғаннан кейін жер қатынастары мен шаруашылық
жүргізуде елеулі өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде хандар мен сұлтандар
жерге феодалдық меншік құқығын иеленген басты субъектілер болды.
Жер пайдалану мәселелерін реттейтін әдет нормалары бір рудың екінші бір
рудың жерлерін пайдалануға тыйым салған. Бұл қазақ қауымында көшіп-қонудың
белгілі бір құқықтық режимі болғаны айғақтайды. Сол режимге сәйкес
көшпенділер феодалдар анықтап берген жерлерде ғана жүруге міндеттенген. Бұл
режиміді кез келген бұзушылық сол бір немесе өзге субъектінің пайдалану
құқығына қол сұғушылық деп қабылданған.
1861 жылғы шаруа реформасы және одан кейін орын алған басқа да
буржуаздық реформалар Ресей мен Қазақстанды жаңа дәуірге жетеледі. Жаңа
қоғамдық-экономикалық құрылым жерге деген меншіктің жаңа тәртібін талап
етті [3, 59 б.].
1861 жылғы реформамен жер иеленудегі басты үрдіс анықталды. Ол
феодалды жер меншігін нарықтық жер меншігіне айналдырды. Шаруа реформасының
актілері шаруалардың тәуелділігін жоққа шығарды, жерге деген меншік құқығы
феодалдарда белгілі бір шектеулермен ғана қалдырылды.
Қоғамдық өмірдегі өзгерістерге шаруашылық жер иеленудің көптеген
нысандары сәйкес келді. Ауылдық қауымдарға біріккен шаруалар жалпы
азаматтық заңдармен көзделмеген және шаруа жер құқығының өзіндік
институттары болған жерлерге ие болды. Ондай нысандар ретінде мыналар пайда
болды: а) қауымдық жер; б) аулалық (учаскелік) жер) в) хуторлық жер.
Столыпиндік аграрлық реформа жалпы алғанда өзінің мақсатына қол
жеткізе алмады. Ауылдарды капитализациялау ауылдық қарама-қайшылықтарды
ушықтырып жіберді. Реформа хуторлық шаруашылықтарды қауым есебінен пайда
болуды ынтыландырды, ал бастапқы жоспарда олар бай феодалдардың жерлері
есебінен құрылуға тиіс еді. Бірақ олардың жерлері еш өзгеріссіз сол
қалпында қалған.
Шаруа - фермерлер класының дамуы Кеңес үкіметінің орнауымен үзіліп
қалды. 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін жерді кезең-кезеңмен
ұлттандыру процесі басталды. Бірінші кезеңде Жер туралы декрет
қабылданды. Онда жерді әлеуметтендірудің негізгі идеялары көрініс тауып,
ішкі қарама-қайшылық тудырды. Өйткені жерге қатысты жеке меншікті жоққа
шығару, жермен мәмілелер жасауға тыйым салу шаруа жер құқығының негізін
бұзды. Бірдей жер пайдалануды енгізу қауымдық жер пайдалануға тән
кемшіліктерге қайта оралуды білдірді. Екінші кезеңде Жерді әлеуметтендіру
туралы 1918 жылғы 27 қаңтардағы декрет қабылданды. Шаруаларға жер
пайдаланудың еркін нысандары ұсынылды: жеке шаруашылықтан бастап ұжымдық
шаруашылыққа дейін.
Қоғамның осындай экономикалық жағдайында жерді әлеуметтендіру идеясы
пайда болды. Оның белді авторларының бірі аргарлық-экономист А.В.Чаянов. Ол
отбасылық еңбектік шаруашылық теориясын ойлап тапты. Оның теориясында
негізгі орынды шаруаның және оның отбасы мүшелерінің жеке еңбегі иеленді.
А.В.Чаянов агарлық өзгерістерді мынадай реформаларда деп есептеген:
1)барлық жер жалпы халықтың мұрасы болып, халықтың еңбектік
пайдалануына түсу керек;
2)жерге жеке меншік алынып тасталу керек;
3)жерге еңбектік құқықтың танылуы [4, 5 б.].
Жерді ұлттандыру процесін 1922 жылғы Жер кодексі аяқтады. Барлық жер
мемлекет меншігіне айналды. Сонымен бірге Жер кодексіне жерді жалға беру
мен жалдамалы еңбекті пайдалану нормалары да енгізілді. Кодекс шаруаларға
толық еркіндік белгіледі, өйткені жер пайдаланудың қауымдық, учаскелік және
серіктестік нысандарын көздеді.
Белгілі ғалым А.С.Стамкулов атап өткендей, РСФСР-дің Жер кодексі
негізінен жеке шаруа қожалықтарының жер пайдалану құқығын реттеді [5, 29
б.].
Жерге деген құқық жер пайдаланудың қауыммен белгіленген тәртібіне
бағына отырып қауым құрамында да, оның құрамына кірмей жеке дара да жүзеге
асырыла алды. Заңнама еңбек жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғады.
1920 жылдардың аяғында кулактарды шектеу мен жою саясатына көшу
нәтижесінде 1928 жылдан бастап жеке шаруа қожалықтары ығыстырыла бастады.
Колхоздардың үстемдігі 1930, 1935, 1937 жылдардағы актілермен бекітілді.
Қазақстан, сталиндік басшылықтың ықпалына байланысты, ұжымдастыру
негізінен 1932 жылдың көктеміне аяқталуға тиіс топқа жатқызылды. Егер 1928
жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2% ұжымдастырылған болса, 1930
жылдың 1 қаңтарында ол 50,5 %-ға жеткен, ал 1931 жылдың қазан айында – 65%-
ға жуық шаруашылық ұжымдастырылған [6, 128 б.].
1937 жылы колхоздарға рсепубликаның барлық шаруа қожалықтарының
97,5%-ы біріктірілген. 1937 жылдың аяғында республика колхоздары
мемлекеттен мәңгілік тегін пайдалануға 65953 мың га ауылшаруашылық жерлерін
алған. Қазақстанда әрбір колхоз ауласына 120 га жер тиесілі болды, бұл
кезде одақ бойынша бұл көрсеткіш 20 га ғана болған. Бұл республика
колхоздары мал шаруашылығы мен астық өндіруде орасан зор мүмкіндіктерге ие
болды дегенді білдіреді [7, 135 б.].
Жалпы, ауыл экономикасындағы шаруашылықтың социалистік тәжірибесі
шаруаның жерден алшақтауына алып келді, ол ауыл шаруашылығы өндірісінің
өсіміне мүдделі емес жалдамалы жұмысшыға айналды.
Кеңестік билік заманында жер ұлттандырылып, мемлекеттік меншікке
айналды. Жер қатынастарының тек жалғыз нысаны – жерді пайдалану ғана
танылды. Мемлекет пен жер пайдаланушы арасындағы жер қатынастары жерді
мақсатына сай берумен және алып қоюмен қалыптасты.
Осылайша, социализм тұсында жер жер пайдаланушыға тегін берілді,
салық салынбады, жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болған жоқ, өндірістің
жарғылық қорына кірген жоқ. Бұл жер ресурстарын тиімсіз пайдалануға алып
келді.
Жерді әлеуметтендіру саясатының экономикалық тұрғыдан құлдырауы
Қазақстанда және басқа да Тәуелсіз мемлекеттер достастығында шаруа
қожалықтарының қайта жандануына елеулі аргумент болды.
Осы қалыптасқан жағдайда жер қатынастарын өзгерту мен жер реформасын
жүргізудің объективті қажеттілігі туындады. Біздің республикада бұрынғы
КСРО ыдырығаннан кейін жер қатынастарының даму тарихын шартты түрде үш
кезеңге бөлуге болады. Жер заңнамасы нарықтық экономика жағдайларында жер
қатынастарын құқықтық реттеу қажеттілігіне орай жетілдіріліп отырды, және
жеке меншікке көшу процесі біртіндеп жүрді.
Бастапқы кезеңде (1990-1993 жылдары) Жер кодексі, Жер реформасы
туралы, Қазақ ССР-дегі шаруа қожалығы туралы, Жер салығы туралы заңдар
қабылданды. Олар жерде шаруашылық етудің өзге нысандарын қалыптастыруда
белгілі бір рөл ойнағаны сөзсіз. Бірақ, халық шаруашылығының барлық
салаларына нарықтық қатынастарды енгізгеннен кейін және жеке кәсіпкерлікті
дамытқаннан кейін жерге деген мемлекеттің айрықша меншік құқығы бұл
процестерде дамытудың тежегіш факторына айналды [8, 296 б.].
Жер қатынастарының дамуының екінші кезеңі (1993-1995 жылдары) жер
заңнамасының нарық жағдайларына бейімделу кезеңі болып табылады. Бұл
процестің дамуының логикалық жалғасы болып жерге жеке меншік институтын
енгізу мәселесі, оны нарықтық айналымға түсіру және тиісінше тұтас жер
заңнамасын қайта қалыптастыру болды.
Жер туралы заңдық күші бар Жарлықтың жариялануымен реформаны
жүзеге асырудың үшінші кезең басталады. Бұл Жарлық ауыл шаруашылығы
өндірісіне белсенді инвестициялық саясат жүргізуге кедергі болған өзекті
мәселенің бірін шешті. Ол жерді азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке
меншігіне берудің шектері мен көлемін анықтады және жер нарығына жол ашты.
Шаруа қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа ұйымдық-құқықтық
нысаны ретінде тану КСРО-ның және одақтас республикалардың 1990 жылғы 28
ақпандағы Жер туралы заңнамасында көрініс тапты. Шаруа қожалықтары
шаруашылық етуші дербес субъекті болуға және агроөнеркәсіп кешені жүйесінде
ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін басқа өндірушілермен бірдей жағдайға ие
болуға тиіс болды.
Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы одақтас республикалардың заң шығару
органдарына шаруа қожалықтарының құқықтық мәртебесін анықтауға шығармашылық
тұрғыдан келуге мүмкіндік берді. Мәселен, Ресей Федерациясында заңнамамен
өз азаматтарына жер учаскесін меншікке алу құқығы бекітіліп, шаруа
қожалықтары заңды тұлға құқықтарымен қамтамасыз етілді.
1990 жылдардың басында Қазақстанда шаруа қожалықтары туралы заңды
дайындау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы шаруа
қожалықтарының рөліне, олардың құқықтық мәртебесіне, жерге меншік құқығына,
шаруа қожалығында жалдамалы еңбекті пайдалану мүмкіндігіне, колхоздар мен
совхоздардың тағдырына қатысты өткір пікір-талас орын алды. Бұл пікір-
таластың нәтижесінде 1990 жылғы мамыр айында Шаруа қожалығы туралы
Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Ол шаруа қожалықтарының
құрылуының, қызмет етуінің және тоқтатылуының заңдық негізі болды. Заңда
шаруа қожалығын дамытудың негізгі қағидалары мен оның қызмет етуінің
құқықтық негізі көрініс тапты.
Ерікті негізде құрылған шаруа қожалықтарына мемлекеттік,
кооперативтік, акционерлік және аралас ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен
қатар тең мәртебе берілді. Осылайша республиканың аграрлық сектор
экономикасындағы меншіктің мемлекеттен жеке меншіккке өтуінің құқықтық
негізі қаланды. Бұл заңда шаруа қожалығын құруда аса маңызды мәселенің бірі
- өмірлік мұралық иелікке жер учаскесін алу шарттары мен тәртібі туралы
мәселе реттелді.
Шаруа қожалығы туралы заңды күшіне енгізу туралы Республиканың
Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 21 мамырдағы Қаулысына сәйкес, Министрлер
Кабинетіне республиканың ерекшеліктері мен жағдайларын, экономикалық
салдарын, жерде шаруашылық етудің нысандарын еркін таңдауды, жұмыстарды
кезең-кезеңмен жүргізу қажеттілігін ескере отырып, шаруа қожалықтарын
қолдаудың арнайы бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруды
қамтамасыз ету, олардың тиімді жұмысы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру
мақсатында рсепубликаның Министрлер Кабинеті 1990 жылғы 3 желтоқсандағы №
474 Қаулысымен шаруа қожалықтарын қолдау мен дамытудың Бағдарламасын
бекітті. Онда шаруа қожалықтарын жермен қамтамасыз ету, қаржыландыру,
несиелендіру, материалды-техникалық және өнідрістік қамсыздандыру туралы
шаралар көзделді.
Шаруа қожалықтарын қолдаудың одан кейінгі логикалық жалғасы болып
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйекте
Шаруа қожалықтарын одан ары қолдау мен дамыту шаралары туралы №857
Қаулысының қабылдануы табылды. Соған сәйкес жергілікті әкімшіліктердің
басшыларына жергілікті бюджеттерде шаруа қожалықтарын қолдау мен дамыту
үшін қосымша қаржы көздеу ұсынылды.
Шаруа қожалығының шаруашылықты жүргізуі үшін жер берудің жалпы
тәртібі мен жағдайлары бастапқы кезеңде Шаруа қожалығы туралы заңмен және
Жер кодексімен анықталды. Онда белгіленгендей шаруа қожалығын құру үшін жер
беру туралы шешім жергілікті әкімшіліктермен азаматтардың өтініштерін қарау
нәтижесінде арнайы аудандық жер комиссияларының ұсыныстары бойынша
қабылданды.
Шаруа қожалығының құқықтық мәртебесін анықтайтын қолданыстағы
заңнама 1998 ж. 31 наурызда қабылданған Шаруа (фермер) қожалығы туралы
Қазақстан Республикасының заңына негізделген. Бұл заң Қазақстан
Республикасына шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс
iстеуiнiң құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiледi.
Сонымен, шаруа (фермер) қожалықтарының даму тарихы бірнеше ғасырға
созылған ұзақ мерзімді қамтиды. Ол сонау орта ғасырлардағы феодалдық
қатынастардан бүгінгі күнге дейін үлкен эволюциялық даму жолынан өтті.
Шаруа қожалықтарының дамуы жерге меншік құқығының қай нысаны бекітілгеніне
қарай бір кезеңде дамып, бір кезеңде тежеліп отырды. Жерге жеке меншік
институтының енгізілуіне орай шаруа қожалықтарының қайта жандануы орын
алды.

1.2 Шаруа (фермер) қожалығының түсінігі
Ауыл шаруашылығында шаруашылық секторын құру аграрлық экономиканың
мемлекеттік, ұжымдық, кооперативтік, акционерлік және ұсақ тауарлы секторын
қамтитын жаңа көпқырлы аграрлық құрылымның құрылуын көздейтін және ауыл
шаруашылығындағы меншік қатынастарын өзгертуге бағытталған жер реформасының
негізгі міндеттерінің бірін құрайды.
Белгіленген міндет жермен жұмыс істейтін адамдарды барынша меншік
қатынастары тетігіне қосумен тығыз байланысты, өйткені мұнда, яғни жер
қатынастарында басты рөлді жерді шаруашылық мақсатта пайдалану құқығына ие
адам емес, оны тікелей жүзеге асыратын адам иеленеді [9, 18 б.].
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық режимін іс жүзінде
жүзеге асыру алқаптарды тікелей пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастардың
субъектілерінің құзыры аясында жүзеге асырылады. Шаруа қожалығының жер
пайдалану құқығы туралы айтпас бұрын оның түсінігін, құқықтық мәртебесін
және құзырын қарастырған жөн деп есептейміз.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында пргрессивті
өзгерістер орын алып жатыр. Қазақстандағы салық пен жеке кәсіпкерліктің
көптеген мәселелерін реттейтін заңдар, Президент пен Үкіметтің басқа да
нормативтік құқықтық актілері қабылданып, олар республикадағы шағын және
орта бизнесті дамытуға өз септігін тигізіп жатыр [10, 45 б.].
Алғаш рет шаруа (фермер) қожалығы деген түсінік Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде, содан кейін Жер туралы заңдық күші
бар Жарлықта пайда болды. Бірақ, аталған актілердің бір де біреуінде бұл
субъектінің заңдық тұрғыдан қалыптасқан құқықтық айырмашылығы берілмеді.
Бастапқы кезде шаруа немесе фермер қожалығы деп нақты бір субъект болуға
тиіс деп түсінілді, бірақ артынан бұл ұстаным қате болып шықты.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж.
31 наурыздағы Заңының 1-бабына сәйкес, адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге
асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн
өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты
отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.
Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы
субъектiлерi болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерi ортақ
шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар
(қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады. Шаруа
(фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн:
- кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген
отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
- өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;

- бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шарт негiзiнде, жалпы үлестiк
меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы
[11, 41 б.].
18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының iс-әрекетке қабiлеттi кез
келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады. Шаруа
(фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттiк
органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерiн бiлдiредi және заңмен тыйым
салынбаған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асырады.
Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер)
қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерiнiң бiрiне өз қызметiн атқаруға
уәкiлеттiк бере алады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда
оның мүшелерi қожалықты тiркеген органға бұл туралы ортақ өтiнiш берiп
хабарлайды.
Біздің ойымызша, шаруа және фермер қожалығының өзіндік ерекшеліктері
мынада:
біріншіден, шаруа қожалығы деп ортақ бірлескен меншікке негізделген
отбасылық-еңбектік бірлестіктің отбасылық кәсіпкерлігі түсініледі;
екіншіден, фермерлік қожалық екі түрлі болу мүмкін – жеке кәсіпкерлікке
негізделген, яғни жалғыз қатысушы және бірлескен меншік туралы шарт негіз
болып табылатын жай серіктестік нысанында құрылған шаруашылық.
Өз кезегінде, барлық субъектілер тең құқылы шаруашылықтар ретінде
танылады, оларда жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімімен
байланысты жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді қайта өңдеумен және
өткізумен тығыз байланысты болу керек. Мұндай құрылым жайдан жай пайда
болған жоқ. Өйткені оның негізінде үлестік және ортақ меншікті ажырату тұр.

Жалпы, шаруа (фермер) қожалығы деген түсінік алғаш рет Қазақ
Социалистік Кеңестік Республикасындағы шаруа қожалығы туралы 1990 жылғы
заңда пайда болды. Бұл заңның ерекшелігі сонда – ол алғаш рет шаруа
қожалығы деген түсінікті айналымға енгізіп, оны ауыл шаруашылығын бірге
жүргізетін тұлғалардың отбасылық-еңбектік бірлестігі ретінде анықтады. Онда
өндіріс негізінен шаруа қожалығының жеке еңбектеріне және өндіріс құралдары
мен өзге де мүлікке ортақ меншікке негізделген болды. Заңның бастапқы
мәтінінде шаруа қожалығының мүшелері ретінде ерлі-зайптар, балалары, асырап
алған балалары, ата-аналары, өзге де туысқандары мен шаруа қожалығын бірге
жүргіетін басқа да адамдар танылған.
Артынан Жер кодексіне және Шаруа қожалығы туралы заңға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы 1993 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес аталған норманың екінші бөлігінен басқа да
адамдар деген сөздер алынып тасталған.
Біздің ойымызша, бұл мына жағдайлармен байланысты болды. Шаруа
қожалығының құрамына саны айқындалмаған басқа да адамдарды қосу заңнамамен
белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды алу мақсатында жалған шаруа
қожалықтарын құру мүмкіндігін жоққа шығармады. Туысқандықпен байланысы жоқ
басқа да адамдар шаруашылық етудің өзге нысандарын құра алады – шағын ауыл
шаруашылық кәсіпорындар, ауылшаруашылық кооперативтер және т.б., олардың
құқықтық мәртебесі шаруа қожалығының құқықтық мәртебесінен елеулі түрде
ерекшеленеді.
Ресейлік ғалым Н.Н.Ведениннің пікірінше тек қана отбасы шаруа
қожалығының өзегі бола алады, туысқандықпен байланысы жоқ адамдардың
тобының емес, жекелеген адамдарды кіргізуге ереже ретінде емес, ерекшелік
ретінде ғана жол берілуі мүмкін [12, 63 б.].
Отбасылық-еңбектік белгі шаруа қожалығын ауыл шаруашылығы өндірістік
кооперативтерінен ерекшелендіретін бірден бір белгі болып табылады.

Әдебиеттерде отбасы мәселесі әлсіз зерттелген. Отбасы ең алдымен үш
тұрғыдан ғана қарастырылған: демографиялық, адамгершілік-тәрбиелік және
мүліктік-құқықтық. Бірақ ол шаруашылық-экономикалық бірлік ретінде мүлдем
жеткіліксіз зерттелген еді.
Отбасылық факторға адамдық факторға қалай назар аударылса солай назар
аудурылу керек. Өйткені отбасы іскерлікті, жұмыскердің өз жұмысына адал
қарауын, шығармашылық бастаманы ынталандырады. Отбасының барлық мүшелері
шаруашылықты адал және тиімді жүргізуге мүдделі. Бұл орайда оның әрбір
қатысушысы үлкен қанағат сезімін бірдей сезінеді, өйткені ол тек орындаушы
ғана емес, өндірісті ұйымдастырушы да болады.
Отбасы өндірістің иелерінің бірі ретінде жұмыскердің қасиеттерінің
толық көрінуіне септігін тигізеді және шаруа қожалығын ұйымдастырған кезде
еңбектің шығармашылық сипаты ешқандай күмән тудырмайды.
Шаруа қожалығының отбасылық белгісі мыналармен шартталған: оның
мүшелері арасындағы берік жеке байланыстармен, мүдделерінің, отбасылық
тұрмыстың бөлінбеуімен, өзара қарым-қатынастың бір біріне терең сенімді
сипатымен. Сол себептен шаруа қожалығының анықтаушы белгісі болып
туысқандық қатынастардың табылуы міндетті.
Сонымен, қазіргі уақытта шаруа (фермер) қожалығының құрамына
отбасылық байланысы жоқ сырт адамдардың кіруіне жол берілмейді. Ондай
адамдар шаруа қожалығында жеке еңбек шарты негізінде жұмыс істей алады,
сондай-ақ шаруа қожалығы мүшелерінің келісімімен өз мүлкімен шаруа
қожалығының қызметіне қатыса алады және еңбек ақысынан басқа шаруа
қожалығының қызметінен табыс ала алады, оның мөлшері енгізілген мүліктің
мөлшеріне пара пар беріледі.
Белгілі бір тұлғаны шаруа қожалығының мүшесі ретінде тану үшін
отбасылық немесе туысқандық байланыстың болу жеткіліксіз, ол шаруа
қожалығын жүргізуге өз еңбегімен қатысуға міндетті [13, 17 б.]. Шаруа
қожалығының еңбектік сипаты зор маңызға ие. Дей тұрғанмен ондай талап
тікелей белгіленбеген, бірақ қолданыстағы шаруа қожалығы туралы заңның
нормаларын талдау негізінде шаруа қожалығының кем дегенде басшысының өз
еңбегімен қожалықта жұмыс істеуін көздегенін анықтауға болады. Бұл
дегеніміз кәсіпкерліктің бұл түрі өз капиталын салуға ғана емес, өз еңбегін
де қосудың міндетті талап екеніне негізделген.
Шаруа (фермер) қожалықтарының отбасылық-еңбектік сипаты барлық
елдерде кәсіпкерліктің басқа түрлерінен ерекшеленетін басты белгілерінің
бірі ретінде қарастырылады.
Шаруа қожалығына тән белгілер ретінде мыналарды атауға болады:
- отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің кем дегенде біреуінің
негізгі жұмыс орны болып шаруа қожалығы табылады;
-отбасының шаруа қожалығынан табатын табысы одан тыс табатын
табыстан артық болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, отбасы мүшесінің бастапқы немесе негізгі
жұмыс орны дегенде шаруа қожалығы басшысының немесе оның мүшесінің кәсіби
қызметін түсінген жөн. Заңдық тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығы – бұл
белгілі бір әлеуметтік шынайылықтың өнімі. Осы әлеуметтік шынайылықта ол
ауыл шаруашылығы қызметімен айналысады және сол арқылы табыс табады. Ол
құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде көрініс табады.
Әдебиеттерде екі тұжырым бар – заңдық және доктриналдық. Заңдық тұжырым
тікелей заңнан, жер заңнамасынан және оны қолданумен туындаған салдардан
құралады. Доктриналды тұжырым жер және конституционалдық заңнамамен
берілетін элементтердің көмегімен жер шынайылығына сәйкес құрылған
техникалық-заңдық құрылымнан туындайды [14, 175 б.].
Кәсіби жер иеленуші ретінде ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға
заңдық мүмкіндіктері бар және өзін тұтастай осы қызметке арнайы алатын
тұлғаны атауға болады. Бұл қызмет оның өмірлік ісіне айналуға тиіс. Яғни:
1) Жер иеленуші болып белгілі бір жасқа жеткен және з еркімен өзінің
қалауын білдірген кез келген тұлға бола алады. Өзінің білдірген қалауы үшін
ол ешқандай да кемсітушілікке немесе оны жеке бостандығы мен ар-намысына
қарсы қолдану талпынысына ұшырамайды.
2) Жер иеленуші болу үшін мүдделі тұлғадан аграрлық-құқықтық
қатынастардың пайда болуы және оларды жүзеге асыру кезінде қажет болуы
мүмкін құқықтық іс-әрекеттерді орындау үшін заңмен белгіленген мүмкіндік
талап етіледі.
3) Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру кезінде тиісті түрде әрекет
ете алу мүмкіндігіне ие болу. Ол әрекет ауыл шаруашылығы саласындағы көп
қырлы немесе бір қырлы іс-әрекеттер ретінде түсініледі. Олар:
а) өсімдіктер өсіруге және үй жануарларын ұстауға тікелей бағытталған
негізгі ауыл шаруашылығы қызметі;
б) негізгіге қатысты қосымша болып табылатын ауыл шаруашылығы қызметі;
в) алдыңғымен байланысты қосымша немесе өзге, негізгі қызмет бағынатын
заңдық режимге бағынатын қызмет.
4) Жер иеленуші шаруа қожалығының иесі ретінде тұтастай өзін аталған
қызмет түрлеріне арнауға тиіс, ол ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты
тәуекелдерді өзіне қабылдауға тиіс.
5) ауыл шаруашылығы қызметі кәсіби жүзеге асырылуға тиіс, яғни ол жер
иеленушінің еңбек міндеттерін орындау жөніндегі кәсіп претінде жүзеге
асырылады. Ол арнайы дайындық пен еңбекті тиісті түрде ұйымдастыруды талап
етеді.
6) Ауыл шаруашылығы қызметімен айналысу уақыт тұрғысынан негізгі
болуға, ал оның экономикалық нәтижелері елеулі болуға тиіс.
7) Кәсіби ауыл шаруашылығы қызметі әдеттегі болуға тиіс, ол кездейсоқ
болмауға, жер иеленушінің тұрақты және жалғаспалы өмірі ретінде болуға
тиіс.
Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өндірісінде кәсіби ретінде
қарастырылады, егер олардың мүшелері де осы салада кәсіби болып табылса.
Бұл орайда олардың қоғамдық мән-мағынасы ауыл шаруашылығы қызметімен
айналысуда.
Шаруа қожалығы мүшелерінің оны құру мен ауыл шаруашылығын жүргізуге
міндетті түрде өз еңбегімен қатысуы шаруа қожалығындағы меншіктің ортақ
сипатын да көздейді. Сол себептен, біздің ойымызша, егер шаруа қожалығының
еңбекке қабілетті мүшесі үш жыл қатарынан өз еңбегімен және құралдарымен
ауыл шаруашылығын жүргізуге қатыспаса, ол шаруа қожалығындағы мүлікке
қатысты үлесінен айырылады. Тек нақты бір себептер ғана (мерзімді әскери
борышын өтеуге шақыру, оқу орнында оқу, сырқаттану және т.с.с.) шаруа
қожалығының мүшесінде оның мүлікке деген құқығын сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, шаруа қожалығының қызметіне себепсізден себепсіз
ұзақ уақыт қатыспаған жағдайда, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот ондай
адамды шаруа қожалығының құрамынан шығару туралы мәселені шешу мүмкін.
Отбасының қарт мүшелері шаруа қожалығының қызметіне өз қаражаты
(әдетте, колхозда тапқан мүліктік пай үлесі мен жер оларға тиесілі болады)
және өзінің еңбегіне қарай қатысады. Сол себептен оларды шаруа қожалығының
мүшесі қатарынан алып тастау заңдық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да
дұрыс болмайды деп ойлаймыз.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж.
31 наурыздағы Заңы балалар ата-аналарына тиесілі шаруа қожалығына қай
жастан бастап мүше болатынын анықтамайды [15, 1 б.]. Бұл жерде шаруа
қожалығындағы ортақ үлестік меншікке құқық субъектілікке отбасының барлық
мүшелері жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан ие екендігінен
бастау алу керек. Бұл орайда шаруа қожалығының еңбекке қабілетті мүшесінің
үлесі оның қысқа мерзімде ебектен қол үзгені үшін азайып қалуы мүмкіндігі
кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз шаруа қожалығының мүшесіне
қатысты қолданылмайтынын атап өткен жөн.
Шаруа қожалығы мүшелерінің кәмелетке толмаған балалары да шаруа
қожалығы мүлкініңменшік иелері болып табылады. Соған орай олар шаруа
қожалығының мүшелері ретінде таныла алады. Біздің ойымызша, заңнамада
мүшелікке қатысты нормаларды жетілдіру керек. Атап айтқанда, кәмелетке
толмаған балаға өз еңбегімен шаруа қожалығының жұмысына қатысу құқығын
шектемеу және оның белгіленген тәртіпке сәйкес шаруа қожалығының мүшесі
ретінде тіркелу мүмкіндігін белгілеу қажет. Шаруа отбасының құрамындағы
өзгерістер шаруашылық кітабында жазылып отыруға тиіс деп ойлаймыз. Балалар
шаруа қожалығының мүшесі ретінде қай жастан бастап танылатыны біздің
заңнамада да нақты көрсетілсе деген ұсыныс бар.
Заңнамамен шаруа қожалығына өндірістік қадеттілік болған жағдайда
жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілген. Ондай өндірістік қажеттілік
болып шаруа қожалығы мүшесінің еңбекке жарамдылығын жоғалту, мерзімді
әскери борышын өтеуге шақыру, оқу орнына түсу, жұмыс күшіне деген маусымдық
қажеттілік және т.б. болу мүмкін. Бірақ олар шаруа қожалығының мүшесі бола
алмайды.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж.
31 наурыздағы Заңының 13-бабына сәйкес, Шаруа (фермер) қожалығындағы
жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы
мүмкiн. Шаруа (фермер) қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленедi. Шаруа (фермер)
қожалығының мүшелерi мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн
азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды
пайдаланады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының
тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде
тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорына және басқа органдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз табысынан
белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi. Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс
iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына
1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының
төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына
есептеледi. Шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып
жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген
тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi.
Осы айтылған ойлар шаруа қожалығы барлық жағдайда отбасылық шаруашылық
нысаны болып табылады деген түйін жасауға мүмкіндік береді. Шаруа
қожалығында мүше болу – бұл туысқандық қатынастардың болуымен тығыз
байланысты еңбектік, басқарушылық және мүліктік қырларды анықтайтын күрделі
құқықтық қатынас.
Жер қатынастарының субъектісі болу үшін шаруа қожалығы
құқыққабілеттілігіне, яғни құқықтық қатынастың қатысушысы, құқықтар мен
міндеттердің иеленушісі ретінде шығатын заңмен көзделген қабілеттілікке ие
болуға тиіс [16, 59 б.]. Өзінің іс әрекетімен құқықтарға ие болып және
міндеттерді жүзеге асыру үшін шаруа қожалығы әрекет қабілеттілігіне ие
болуға тиіс. Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің болуы шаруа
қожалығының құқық субъектілігін анықтайды.
Шаруа қожалығының жерге деген құқық субъектілігі туралы айтқанда жерге
деген құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік туралы түсінген жөн.
Өйткені шаруа қожалығының басшысы болып табылатын нақты азаматқа белгілі
бір жер учаскесіне деген құқықты куәландыратын жерге деген мемлекеттік акт
беріледі.
Азаматтардың жерге деген құқық субъектілігі олардың жалпы құқық
субъектілігімен шартталған. Бірақ ол жер заңнамасының міндеттеріне және
жерді мақсатына сай пайдалануға байланысты заң шегімен шектелген. Нақты бір
жер учаскесіне құқық пайда болған кезден бастап, азамат (шаруа қожалығының
басшысы) жер заңнамасымен анықталған құқықтар мен міндеттердің иеленушісі
болады [17, 220 б.].
Шаруа қожалығының басқа мүшелеріне қарағанда оның басшысы ерекше
құқықтық мәртебеге ие. Оның атына тұрақты жер пайдалану құқығы немесе
уақытша жер пайдалану шарты ресімделеді. Ол басқа кәсіпорындармен,
мекемелермен, ұйымдармен өзара қатынасқа түскенде шаруашылықтың мүддесін
білдіреді, қожалық мүшелерінің арасындағы дауларды шешеді, еңбек есебін
жүргізеді және т.с.с. Барлық шешуші жер құзырын шаруа қожалығының
басшысында танылады, өйткені тек соған ғана жергілікті атқарушы орган жер
учаскесін береді.

1.3 Шаруа қожалығының құрылу тәртібі мен қызмет ету негізі
Шаруа (фермер) қожалығының құрылуы мен қызмет ету негізінде
Қазақстан Республикасының Констиуциясы тұр. Онда: Жер және оның қойнауы, су
көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар
мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде,
шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн (6-бап), әркiмнiң еңбек
ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар (24-
бап), Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды
кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар (26-бап) делінген
[18, 8 б.].
Шаруа қожалығының құқықтық жағдайы мен қызмет ету негізін
Конституциядан басқа Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, жер кодексінің,
салық кодексінің, азаматтық кодекстің, зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заң нормалары айқындайды. Атап айтқанда, Жер кодексінде шаруа немесе фермер
қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi туралы нормалар көрініс тапқан.
Соған сәйкес, жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе өтеулi
уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы
мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер
пайдалану құқығымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының шаруа
 (фермер)  қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi. Жер учаскесiн шаруа
немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен
қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен
бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және
осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының
құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн шығатын азаматтарға
аталған ұйымдардың жерiнен кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша (алқаптар
бойынша) орта деңгейде болуға тиiс жер учаскелерi берiледi.
Жер учаскелерiне қатысты өздерiне тиесiлi құқықтарын, оның iшiнде
шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық
капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде
берген азаматтар шаруа  немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы
өндірісін  ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде
үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға
(бөлiсуге) не өз қалауы бойынша үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға
құқылы.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы ұйымының кепілде жатқан жерлерінің
құрамынан жер учаскесін бөліп шығаруға кепіл ұстаушының келісіміне немесе
бөліп шығару кезінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген
міндеттемелерге сәйкес жол беріледі.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив
мүшесiнiң жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесi сыйақысыз
нақтылы қалпында қайтарылады.
Қатысушылардың (мүшелердiң) құрамынан шығу туралы және жер учаскесiн
бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына берiледi.
Шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін
ұйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер
учаскесінің орналасқан жері, сондай-ақ  шаруашылық серіктестіктеріне,
өндірістік кооперативтерге олардан шыққан қатысушының (мүшенің) бөліп
берілетін жерге жүргізілген шығындарды өтеуі шаруашылық серіктестіктерінің,
өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен
немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Ауыл шаруашылығының егіс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жер
учаскесін нақтылы бөліп шығаруға, мұндай бөліп шығару ауыл шаруашылығы
ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың
келісімімен жүргізілетін жағдайды қоспағанда, жол берілмейді.
Құрылтай құжаттарында жер учаскесiн бөлiп шығару (бөлiсу) тәртiбi
болмаған жағдайда осы баптың 4-тармағының нормалары қолданылады.
Үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын
және шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін
 жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi
үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы
бекiткен, үлестiк меншiктегi (үлестiк жердi пайдаланудағы) жер учаскесiн
пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi.
Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi болмаған кезде үлестiк меншiкке
(үлестiк жер пайдалануға) мүдделi қатысушы жер үлесi (жер үлестерi) есебiне
жер учаскесiн бөлiп шығару ниетi туралы, оның болжамды орнын көрсете
отырып, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қалған қатысушыларды
жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi
жөнiндегi мәселе келiсу рәсiмдерiн жүргiзу арқылы не ортақ меншiкке (ортақ
жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы
жиналысының шешiмi негiзiнде шешiлуi мүмкiн. Жиналыс хабарланған кезден
бастап бiр ай iшiнде өтуге тиiс және ортақ меншiкке (ортақ жердi
пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50 %-i
қатысқан кезде құқылы болып есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк
меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың
өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
Жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) барлық
қатысушылар немесе олардың өкiлдерi хаттамаға қол қояды.
Егер тиiсiнше хабарланған күннен бастап бiр ай iшiнде үлестiк
меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келiп
түспесе, жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы ұсыныс келiсiлген болып
саналады.
Азаматтың жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiшi және бөлiп
шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы қоса берiлген келiсiлген
материалдар оған жер учаскесiне құқық беруге негiз болып табылады. Шаруа
немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда
(селода) тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк
құқығында сақталады, ол шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiнiң
құрамына кiрмейдi. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi болып
табылмайтын азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер
учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден берiледi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде шаруа немесе фермер
қожалығындағы мұрагерлік мәселесіне және оның меншігіне қатысты арналған
нормалар көрініс тапқан. Соған сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығының
мүшесi қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады.
Мұрагердiң осы мүлiкке жалпы меншiктегi оның үлесiне мөлшерлес ақшалай
өтемақы алуға құқығы бар [19, 42 б.].
Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше
белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығында тиесілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
Шаруа қожалығы
Ортақ меншік ұғымы
Азаматтық құқық бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы
Ортақ бірлескен меншік
Ортақ меншік құқығын тоқтату
Ортақ меншік құқығы жайында материалдар
Ортақ меншік саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар
Пәндер