Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Шын жүректен өкіну және оның құқықтық маңызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
1. 1 Жаза тағайындау қағидалары . . . 7
1. 2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері, сипаттамасы . . . 12
1. 3. Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату . . . 15
1. 4. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар . . . 19
2-ТАРАУ. ШЫН ЖҮРЕКТЕН ӨКІНУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Шын жүректен өкіну түсінігі және оның әлуметтік-құқықтық маңызы . . . 30
2. 2 Шын жүректен өкінудің объективтік және субъективтік белгілері . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47
Кіріспе
1995 жылы тамыз айының 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конститутциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы Конститутцияның 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1; 1] деп бекітілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдык жағдайына, әлеуметтік тегіне, түрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бүзғанына, тіпті қылмыс жасап кылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтармен бостандықтар тендігіне кепілдік береді. Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
Қоғамдық, мемлекеттік тәртіпті, заңдылықты бұзуға қарсы бағытталған шаралар сан алуан болуы мүмкін. Олар әсірісе қылмыстылықтың алдын алуға арналуы қажет. Ал барлық алдын алу шаралары белгілі нәтиже бермеген жағдайда мемлекет мәжбүрлеу шараларын қолдануы тиіс. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті, заңды бұзушыға тиісті әр түрлі әкімшілік, тіпті қылмыстық жазалау пайдаланылады. Әрине қылмыспен күресте жазаның рөлі ерекше. Себебі жаза - қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік басты бір көрсеткіші. Оның үстіне жаза қылмыстылықпен күрестің белгілі шамада болса да өте қажетті құрамы. Қылмыстық жаза мемлекеттің қолындағы маңызды құрал, өйткені ол арқылы мемлекет адамды, оның қүқығын, бостандығын, заңды мүддесін, мемлекетті, ұйымдардың құқықтарын олардың заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және Конститутциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, барлық адамдардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандық іс-әрекетінен қорғайды. Басқаша айтқанда, жаза - қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыстардың алдын-алу шараларының маңыздысы болып табылады.
Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қандай кәсіби дайындалған болмасын, тек құқықтық тәртіп органдары күшімен қамтамассыз ете алмайды.
Қылмыстылықпен күресуде маңызды орын қылмыстық-құқықтық әдістер мен құралдардың тікелей қолданылуына беріледі, оның ішінде шын жүректен өкіну институты маңызды орын алады. Сондықтан да шын жүректен өкінуді дұрыс саралау өте өзекті мәселе болып табылады.
Қылмыстылықпен күресудің әр түрлі жолдары бар. Соның бірі Қылмыстық кодекске марапататушы нормалар енгізу арқылы күрес жүргізу. Бітіру жұмысында қарастырылатын марапаттаушы нормалардың бірі - шын жүректен өкінуіне байланысты іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар.
Қоғам өмірінің барлық жағын демократияландыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтардың конститутциялық қүқықтары мен заңды мүдделерін сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін қатаң сақтау өз көрінісін қылмыстық құқық нормаларынан да табады. Қылмыстық құкық теориясында қылмыстық жауаптылық мәселесінің зерттелуіне көп көңіл бөлінгенімен, оның түсінігі, анықтамасы төңірегінде әлі де болса пікір таластар жетерлік. Қылмыстық жауаптылыққа түсінік беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбіне қылмыстық жауаптылықты белгілі бір категориямен теңестіру арқылы, мысалы, «қылмыстық жауаптылық» және «қылмыстық жаза» және қылмыстық құқықтық қатынас терминдерімен байланыстырып зерттеген. «Қылмыстық жауаптылықтан босатуға» қылмыстық заңда анықтама берілмегенімен, оқу және ғылыми әдебиеттерде оған әр түрлі сипаттағы анықтамалар берілген. Жұмыста олардың ішіндегі негізгілері қарастырылды. Сонымен қатар, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, олардың түрлері, сипаттамасы толыққанды зерттелді.
Бітіру жұмысының мақсаты - шын жүректен өкіну институтын жан-жақты зерделеп, оның белгілерін, заңға сәйкестілігін тереңірек қарастыру, сот- тергеу тәжірибесінде жіберілген қателіктерді бағалау, таңдалған тақырып бойынша пікірталас туғызатын сұрақтарды шешу және шын өкінген тұлғаның қылмыстық әрекеті үшін жауаптылық мәселелерін анықтау арқылы қылмыстық заңдылықты жетілдіруге қатысты теориялық ережелер мен ұсыныстар жасау.
Жүмысты жазу барысында Қазақстандық және ресейлік авторлар А. Н. Ағыбаев, Т. Ә. Бапанов, Е. Т. Әбілезов, Н. О. Дулатбеков, С. М. Рахметов, Е. О. Алауханов, Е. Ә. Оңғарбаев, А. А. Смағүлов, А. В. Наумов, Н. Г. Иванов және тағы басқа авторлардың еңбектері қолданылды.
Осы жүмыстың теориялық, тәжірибелік, қүқықтық негіздері мен деректері оның ғылыми-әдістемелік құралдарын құрайды.
1-тарау. Қылмыстық жаза тағайындау
1. 1 Жаза тағайындау қағидалары
Қылмыстық құқық ең алдымен қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаудың салдарынан пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Саяси егемендік жағдайында әрі нарықтық экономикаға көшу барысында қалыптасқан жаңа қоғамдық қатынастарды мүлде басқаша негіздегі қылмыстық құқық аясына алу қажеттігі туды.
Егемен Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексінің алдындағы қылмыстық заңнама мәжбүрлеудің, қудалаудың құріретіне деген сенімге, шаруашылықтың кемшіл тұстарын тиісті экономикалық және әлеуметтік жаңғыртулардың орнына қылмыстық заңның күшімен қалыпқа келтіруге негізделді. Онда жалпы адамзаттық құндылықтар, адамның құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет көрініс таппады. ҚазКСР ҚК нормаларына шектен тыс идеология, таптаурындылық, көптеген ережелердің жалаңдығы тән болды.
Құқық қолдану тәжірибесі үнемі қылмыстық заңнамалардың тұрақсыздығын сезініп отырды. Оны қабылдағаннан алып тастағанға дейін ҚазКСР ҚК-не 500-ден астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде кейбір нормалар бес-жеті рет ауыстырылды. Сонымен қатар, Кодекс өте сирек қолданылатын «өлі» нормаларға толы болды; жаңа нормалар мүлдем аз енгізілді, жекелеген нормалар қайталанып, бір-біріне қайшы келіп жатты. Жалпы алғанда, қылмыстық заңнамада қылмыстық және қылмыстық емес құқық бұзушылықтардың ара жігі ашылмады. Жиналып келгенде, жоғарыда айтылған мән-жайлар қылмыстық заңнаманың қажетті жүйелілігінің бұзылуына әкеп соқты.
Заңның осындай негізсіздігі, бұлдырлығы тұрғындардың тиісті іс-әрекеттерді қылмыстық емес деп қабылдауына ұштасып жатты. Нәтижесінде заң шығарушының өзі құқықтық менмендіктің етек алуына жол салып берді.
Ескірген, демократиялық емес заңнамалар қазақ қоғамында өріс алған өзгерістерге, жаңаруларға сай тиімді жұмыс істеуге қабілетсіз болды. Сөйтіп, 1992-96 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында Қылмыстық кодексті дайындау жұмыстары жүргізілді. Жаңа қылмыстық кодекс оның авторлары мен дайындаушыларының пікірі бойынша барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірді қайта құру мен жақсартуға бағытталған шаралардың қатарында лайықты орын алуға тиіс болды. Сондықтан да ол мемлекет ұстанып отырған барлық құндылықтарды қорғаудың маңызды құралдарының бірі бола отырып, қоғамның даму заңдылықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне сай келуі тиіс еді.
А. Н. Ағыбаев, А. Н. Ақпанов, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, К. Ж. Балтабаев, Ғ. Баймурзин, К. А. Биғалиев, И. Ш. Борчашвили, Е. Ғ. Жәкішев, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, А. А. Исаев, Е. І. Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, Р. Б. Құлжақаева, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Б. М. Нұрғалиев, А. Е. Оңғарбаев, Г. Ф. Поленов, И. И. Рогов, Б. Х. Төлеубекова, Д. С. Чукмаитов, К. М. Мәми және басқа да көптеген криминолог ғалымдар, практик мамандар жаңа қылмыстық заңның негізіне көптеген идеялар ұсыну арқылы егемен Қазақстанның жаңа қылмыстық заңының қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірді.
Осы қылмыстық заңнаманы дайындаушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, құқықтық мемлекетте қабылданған әлеуметтік құндылықтардың қазіргі заманғы шындықтарымен Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарын сәйкестендіру міндетін алға қойды. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың бірыңғай негізін сатай отырып, адамның әрекетінде қылмыс құрамының болуы шарт, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның қатаң түрін, өзіне соншалықты қатал қарауды қажет етпейтін адамдар үшін басқа шараларды қарастыратын қылмыстық жауаптылықтың қатаң дифференцияциясын қамтамасыз ету.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындау қағидаларына қатысты, олардың саны, түрлері, олардың өзара байланысы немен сипатталатыны, бұл қағидалардың қандай құралдармен жүзеге асырылатыны жөніндегі мәселелер әр түрлі шешіледі. Айталық көптеген авторлар (В. Д. Меньшагин, Ю. В. Бышевский, А. И. Марцев, И. И. Карпец, Л. А. Прохоров, А. М. Васильев және т. б. ) жаза тағайындау қағидаларына заңдылықты, гуманизмді, жазаны жеке даралауды жатқызады.
М. И. Бажановтың пікірі бойынша, қылмыстық құқықта жаза тағайындау қағидаларына, жоғарыда аталған үшеуімен қатар, мыналарды да жатқызу керек: жазаның үкімдегі нақтылығы, оны үкімде келтірудің негізділігі мен міндеттілігі және әділеттілік.
Жалпы, жазаны дұрыс тағайындау - құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күрес жолындағы жұмыстардың тиімділігін арттырудың міндетті шарттарының бірі. Заңды, негізді және әділ жаза тағайындау қылмыстылықпен күрестің және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды құралы ретінде қажетті жазалаушылық ықпалды қамтамасыз етеді, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сотталғандардың түзелуіне, сол сияқты сотталғандар мен өзге де адамдардың қылмыс істеуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Істелген қылмыс үшін тек сот қана жаза тағайындай алады. Одан басқа мемлекеттің ешқандай органы мұндай құқықты пайдалана алмайды.
Қылмыстық кодекстің 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:
- Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
- Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60 баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көздегеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленген.
- Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Бұл баптың мазмұнынан, оның қылмыстық құқықтың барлық негізгі деген институттарынан бойына сіңіріп тұрғанын көруге болады (мысалы, қылмыс құрамы, қылмыс сатылары, қылмысқа қатысу институты ж. т. б. ) .
Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық құқықтың заңдылық, адамгершілік, әділеттілік және жазаны жекелендіру сияқты қағидаларды басшылыққа ала білу керек.
Заңдылық қағидаты соттардың істелген қылмыс үшін жауаптылық қарастыратын заң баптарының белгіленген санкциясы бойынша дәлме-дәл нақты жаза тағайындау кезінде көрінеді. Бұл санкцияның шегі нақты қылмыс пен кінәлі тұлғаның жекеленген ерекшеліктерін ескеру үшін толығымен жеткілікті. Мысалы, басқыншылық соғыс үшін сот ҚР ҚК 156 бабының 2-бөлігіндегі санкциядан асып жаза тағайындай алмайды, яғни 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, не өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру. Жаза тағайындау кезінде сот ҚР ҚК Ерекше бөлімінің ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Бұл дегеніміз - сот жаза түрлері мен мөлшерін таңдау кезінде мыналарға назар аударуы керек:
а) істелген әрекеттің қылмыс болып саналатын, яғни ҚР ҚК 9 бабының 1 бөлігіндегі белгілерге (қоғамға қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлілік, жазалауға жататындық) сәйкес келетінін анықтау керек. Сол сияқты ҚР ҚК 9 бабының 2 бөлігінде Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік белгілерінде басқа да бір әрекет белгілерінің бар-жоқтығын анықтау керек;
ә) осы жағдайлардағы әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлады анықтау керек (қажетті қорғаныс - ҚР ҚК 32 бабы, қолсұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру - ҚР ҚК 33 бабы, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру - ҚР ҚК 73 бабы)
б) қылмыс істеген болса, жазадан босату негізінің бар-жоқтығын анықтау (ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату - ҚР ҚК 73 бабы, шын өкінуіне байланысты жауаптылықтан босату - ҚР ҚК 65 бабы) ;
в) қылмыс нәтижесінің туу жақындағы әрекеттің қоғамдық қауіптілігін көтере түсетініне байланысты, қылмыс ниеттін жүзеге асырылу дәрежесін және оның аяғына жеткізілмеу себептерін (ҚР ҚК 24 бабы) ескеру керек;
г) қылмыс істеудегі адамның қатысу сипаты мен дәрежесін ескру керек (ҚР ҚК 28-29 баптары) ;
ғ) жаза түрлерін қолдану тәртібін қатаң сақтау қажет (жаза жүйесі, оларды негізгі және қосымша жаза түреріне бөлу - ҚР ҚК 39 бабы, жаза түрлерін қолдануды шектеу - ҚР ҚК 40-51 баптары) . Соттар белгілі бір жаза түрлерін заңмен белгіленген тәртіп пен шарттардың нақтылығын сақтай отырып қолдана алады.
Адамгершілік қағидаты жаза тағайындау кезінде мыналар арқылы көрінеді:
а) сот нақты бір жазалау шарасын таңдаған кезде кінәліге тән азабын шектіруді немесе қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді (ҚР ҚК 38 бабы) ;
ә) өлім жазасы, бас бостандығын айыру сияқты жаза түрлерін қолдануды шектеуге тырысады;
б) ерекше бір жағдайларда ғана белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдануды қарастырады (ҚР ҚК 55 бабы) ;
в) соттың ҚР ҚК Ерекше бөлімінде қарастырылған жазадан басқа қатаңырақ жаза қолдануға құқы жоқ;
г) жеткілікті негіз болған жағдайда сот шартты түрде соттауды кеңінен қолданады (ҚР ҚК 63 бабы) .
Жазаны жеке даралау қағидаты бойынша жаза тағайындау кезінде сот кінәлінің тұлғасы мен жауаптылықты жеңілдететтін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, істелген әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне және нақты қылмыскердің тұлғасына сай келетін заң мен сот әділдігі негізіндегі жазаның нақты шараларын таңдап алады.
Қоғамдық қауіптілік сипаты - бұл қылмыстың бір түріне ғана емес, барлық түріне тән белгі. А. И. Марцевтің пікірі бойынша, қылмыстың сипаты бірінші кезекте оның объектісі сияқты белгімен анықталады. Мысалы, кісі өлтіру қылмысының барлық түрі мен жолының қоғамдық қауіптілігі бірдей, қарақшылықпен шабуыл істеу де сондай. Солай бла тұрса да, мысалы - тонау ұрлыққа қарағанда қауіптірек қылмыс.
Қазіргі заманғы қоғамымыздың даму кезіңіндегі қылмыстық саясат ауыр қылмыс істегендерге қатаң жаза қолдануды және қоғам үшін онша қауіпті емес қылмыс істегендерге адамгершілік көзқараспен қарауды мақсат етеді.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипатын ескере білудің жеңілдететеін және ауырлататын мән жайларын бағалауда және олардың кінәліні жазалау шараларына әсерін ескеру маңызды орын алады. Мәселен, қауіптілі аздау қылмысқа жаза анықтау кезінде, кейбір жеңілдетуші мән-жайлар шешуші маңызға да ие болуы мүмкін. Керісінше, Қауіптірек әрекет істелген жағдайда осы жеңілдетуші мән-жайлар тіптен назарға да алынбауы мүмкін. Мысалы, алаяқтық, өзінше билік ету, салақтық және сол сияқты қауіптілігі аздау қылмыстарды бірінші рет істеген жағдайда аталғагн мән-жайлар жазаны жеңілдетудің негізі болып табылады. Сол сияқты бандитизм, ауырлататын мән-жайлармен адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстарды істеу кезіндегі сол мән-жайлар енді жазаны жеңілдетуші мән-жайлар ретінде қарастырыла алмайды.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі - бұл нақты бір қылмыстыық әрекетті сипаттайтын белгі. Сипаты бойынша қоғамдық қауіптілігі бірдей қылмыс, олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай түрлі айырмашылықта болуы мүмкін.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі қолсұғу объектісіне келтірілген шығынның мөлшері мен сипатына, қылмыстың істелу тәсіліне, кінәнің, ниеттің, мақсаттың жән басқа да жағдайлардың сипаты ме дәрежесіне байланысты. Мысалы, 3 мың теңгенің нәрсесін ұрлаудың қауіптілік дәрежесі 12 мың теңгенің нәрсесін ұрлауға қарағанда төмендеу болады; жәбірленушінің арандатуынан пайда болған төбелестегі кісі өлтіруден гөрі кек алу үшін кісі өлтірудегі қоғамдық қауіптілік дәрежесі артықтау болады.
ҚР ҚК 52 бабының 3 бөлігінде соттың әділетті жаза тағайындауы үшін «кінәлінің тұлғасын» ескеру қажеттігі ерекше көрсетіледі. Бұл соттың кінәлінің моральдық бейнесін, оның өткендегі және осы кездегі еңбек қызметін, Республика алдында сіңірген еңбегі, қоғамдық өмірдегі және тұрмыстағы мінез-құлқы, жас шамасы, денсаулық жағдайы, соттылығының бар-жоқтығы және басқаларын анықтауме көрінеді. Сонымен қатар заң кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзетілуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескереді.
Жазаның әділеттілігі қағидасы қылмыстық заңнама талаптарының бірін құрайды. Жазаның әділеттілігі - бұл біздің қоғамымызға тән адамгершіліктің көрінісі болып табылады.
Кінәліні түзу жолға түсіріп қана қоймай, қоғамның барлық мүшелерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғай отырып, олардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін сақтауды қамтамасыз ететін жаза ғана әділетті деп атнылады. Әрбір кінәлі адам өз істеген қылмысына сәйкес жазалануы тиіс. Жазаның әділеттілігіне сот қоғамды шынайы сендіре білуі керек.
Жаза тағайындаудың жалпы ережелерінің әрбір талаптары жаза тағайындау кезінде жеке-жеке дербес мәнге ие болғанымен жиынтығында жазаның әділетті болуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.
1. 2 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері, сипаттамасы
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бүрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық қүқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық қүқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады.
Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай -ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Қылмыстық жауаптылық - қылмыс жасаған адамға қолданатын қылмыстық-қүқықтық әсер ету шаралары. Аталған шаралардың мазмұны және өзге де жазаға жатпайтын қылмыстық - қүқықтық әсер ету шараларын қамтиды. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық екіге бөлінеді:
- жаза тағайындаумен ұштаспаған;
- жаза тағайындаумен ұштасқан;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz