Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ___________________________________ ______________________3-7
I-ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.
1.1 Экономикалық контрабандаға тарихи-құқықтық талдау ______________8-19
1.2 Экономикалық контрабанданың түсінігі және белгілері_____________20-26
II-ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Экономикалық контрабанданың объективтік белгілері _____________27-39
2.2 Экономикалық контрабанданың субъективтік белгілері ____________40-41
2.3 Экономикалық контрабанданың саралану белгілері ________________42-54
2.4 Экономикалық контрабанда үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылық түрлері
___________________________________ ______________________55-69
ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________ _____________70-74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ__________________________75- 80
КІРІСПЕ
Әр мемлекет өзінің саяси тәуелсіздігін нығайту үшін және экономикалық
өркендеуін қамтамасыз ету үшін сәйкес құқық базасына ие болу керек.
Соңғы 15 жыл шамасында Қазақстан егеменді ел болып құқық нормаларын
қолдану тәсілдері мен нысандарын сапалы жаңартатын, сондай-ақ мемлекеттің
құқықтық саясатының бағыттарын елеулі кеңейтетін реформалар жүргізуде.
Қазақстанның өзіндік сыртқы экономикалық қатынастарды қалыптастыруы
сыртқы экономикалық қызметтегі барлық қатысушыларға өзара тиімді
достастықты (серіктестікті) және сонымен қатар республиканың халықаралық
мәртебесін көтеруді қамтамасыз ететіндей оның құқықтық базасын радикалды
қайта қарастыруды керек етті.
Осыны ескере отырып, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау
бойынша шаралар қолданылды және негізгі жүк кеден бақылау органдарына
түсті, бұл, өз кезегінде, мемлекеттің кедендік саясатын қайта қарастыруын
негіздеді.
Біздің мемлекеттің кеден ісі мен кеден саясатының ара қатынасы белгілі.
Бірақ экономикалық қатынастарды, маңызды саяси және мемлекеттік
институттарды және әлеуметтік инфраструктураны түбегейлі реформалау
заманында бұл ара-қатынас ерекше мәнге ие болды. Мемлекеттің бірегей кеден
саясаты ішкі және сыртқы саясаттың бір бөлігі екендігі мәлім, ал оның
өзегін қоғамның экономикалық қатынастары құрайды. Сондықтан қазақстандық
қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде кеден ісі жаңа экономикалық жадымды
қалыптастыруда, қатаң орталықтандырылған жоспарлы экономика мен тоталитарлы
мемлекет сипатына сәйкес келетін өзгеріссіздік нысанынан түбегейлі
айрықшаланатын нарықтық қатынасқа сәйкес экономикалық өмірдің прогрессивті
нысандарын құруда маңызды құрал болып келеді.
Сондықтан еліміздің кеден саясаты заңмен бекітілген мақсаттарымен
өндірушілер мен тұтынушылардың қазақстандық нарығын қорғауға; экономика,
импорт-экспорт дамуының нашықтандыруына; шетел инвестициясын тартуға; сауда
саясаты мақсаттарын шешуге жағымды жағынан әсер ету керек. Сыртқы
экономикалық қатынастарды реттеу негізінен экономикалық тәсілдермен: кеден
бажы, салық және алымдар көмегімен жүзеге асырылады. Әкімшілдік тәсілдер
мәні күрт төмендеді, бірақ ол тәсілдер экономикалық күштерге қосшы бола
алатын сыртқыэкономикалық қызметтің белгілі салаларында өз мәнісін
сақтауда, сондықтан мемлекет оларды қолданудан мүлдем бас тарта алмайды.
Отандық өнеркәсіпті қорғау мақсатында барлық елдермен импорттық тауарларға
кедендік салық салу механизмі қолданылады.
Экономикалық қаупсіздік түсінігі заңи әдебиеттерде бірегейлі анықтама
таба алмады. Кей авторлар бұл түсінікті барлық экономикалық билік
тармақтарының, қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және әскери-
саяси тұрақтылығын және әр азаматтың экономикалық, құқықтық жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етуге дайындығы және мүмкіндігі жағдайы деп
анықтайды.
Ал, келесі бір авторлар экономикалық қауіпсіздікті экономикалық
қатынастардың қорғаныстылығы, мемлекеттік билік органдарының ішкі және
сыртқы факторларының әсерінен туындаған ішкі және сыртқы қатерлерді
көрсетуге арналған механизмді құрудағы экономикалық әрекетқабілеттілігі
және экономикалық мүдденің берік қорғанысы қамтамасыз етілетін ұлттық
экономика жағдайының, халықтың өмірлік деңгейінің жоғарлауы деп ұғынады.
26.06.1998 ж. ҚР Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы
Заңы экономикалық қауіпсіздік деп тұрақты экономикалық дамуды қатерге
қоятын процесстерден, факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан Қазақстан
Республикасының ұлттық экономикасының қорғандылық жағдайын таниды.
Экономикалық қауіпсіздік, жоғарғы байлығы адам, оның өмірі, құқығы және
бостандылығы танылатын Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге қарасты Қазақстан
Республикасы Конституциясында жарияланған мақсаттарды ескере отырып біздің
қоғамымызда болып жатқан прогрессивті өзгерістермен байланыстыру қажет.
Осы мәселеге азаматтық қоғамды құру барысында мемлекетпен кепілденуге
қажетті адам құқығы, сонымен қатар капитал табу, сақтау және көбейту
мүмкішілік бостандығы ретіндегі экономикалық бостандық құқығы маңызды
болада деген Г. Тленчиеваның тұжырымдамасы сәтті сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы серіктес ел қатарын
кеңейтуге, көптеген дамыған және дамушы елдермен экономикалық байланысты
жақсартуға, бұрыңғы серіктермен қатынасты қайта құруға, әлемдік нарыққа өту
жолы бойынша жылжуға мүмкіндік береді.
Сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау осы салада мемлекеттік
монополияны жойды, кәсіпорындарға, жеке тұлғаларға шетел серіктерімен еркін
байланыс бекітуге мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелестік
негізін құрды.
Қай мемлекеттің болмасын кеден саясаты оның экономикасына тәуелді.
Сондықтан кейбір заттар, тауарлар, құндылқтар үшін мемлекет кеден шекарасы
арқылы өту үшін еркін режим бекітеді, ал басқалар үшін кеден заңнамасымен
арнайы өту ережесі бекітілген. Кеден саясатын құруда экономиканың әр түрлі
салаларын дамыту бойынша мемлекет аралық шарттар өз ықпалын тигізеді.
Осыған орай заңшығарушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209
бабына қарастырған қылмыс пәні ретінде тауарды және тағы да басқа заттарды
қарастырады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 7 бабы 39 тармағына сәйкес
тауар деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін
мүлік, сонымен қатар мәлімет тасушы, валюта құндылығы, электр, жылу және
тағы да басқа халықаралық тасымалдау үшін қолданылатындардан басқа көлік
құралдары танылады.
Контрабанданың латенттілігінің және көбеюінің негізгі себебі осы
қылмыстардың тәжірибеде ашуда және тергеуде белгілі қиындық туғызады,
сондай-ақ олар өзі де күрделі және қарама-қайшы болып келетін кеден
заңнамасын бұзумен байланысты болып табылады. Мұндай қылмыстарды ашу үшін,
алдымен кедендік құқық бұзушылықтың объективті жағын ұғынып тек содан кейін
ғана жедел іздестіру және тергеу әрекеттерін жоспарлау қажет. Өкінішке орай
құқық қорғау органдарының жедел іздестіру және тергеу қызметкерлері кеден
заңнамаларымен, кеден органдары жұмысының тәжірибесімен, лауазымды тұлғалар
қызметінің ерекшеліктерімен толық таныс емес, ал бұл өз кезегінде
контрабанданы ашудың және тергеудің көптеген кемшіліктерін айқындайды.
Осы жұмыстың зерттеу пәні болып контрабанданың түсінігі және тарихи-
құқықтық сараптамасы, экономикалық контрабанданың түсінігі, құқықтық-
теориялық сипаттамасы, экономикалық контрабанданың объективті және
субъективті белгілері, қылмыстық құқықтық жауаптылығының ерекшелігі,
экономикалық контрабанда үшін жауапталықтың ерекшелігі және оны
тағайындаудың тәртібі табылады. Ал жұмыстың мақсаты қазіргі кезде
Қазақстандық қоғамда өтіп жатқан процесстерді ескере отырып экономикалық
контрабандамен тиімді күрес нысанын анықтау мақсатында экономикалық
контрабандаға ғылыми-теориялық сараптама жүгізу болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі алғышарттар қойылады:
- экономикалық контрабандаға байланысты тарихи нормалар мен құқық
бекітулердің Қазақстан территориясындағы қайнар көздеріне тарихи-
құқықтық сарап өткізу,
- экономикалық контрабанданың Қазақстан территориясында пайда
болуының механизмін, мәнін және құқықтық-теориялық табиғатын
зерттеу,
- экономикалық контрабанданың түсінігін айқындау,
- экономикалық контрабанданы құқық қолдану тәжірибесінде өткізілген
қорытындыларды ескере отырып саралауды анықтау,
- экономикалық контрабанда үшін құқықтық жауаптылық түсінігін
қарастыру,
- экономикалық контрабанда қылмысы құрамының объективті және
субъективті белгілерін зерттеу,
- тәжірибелік қызметтің ғылыми жетістіктерін ескере отырып
экономикалық контрабандамен қылмыстық-құқықтық күрестің тиімді
құралдарын негіздеу,
- экономикалық контрабанда үшін қылмыстық құқықтық жауаптылықты
тиімді қолдануды көтеруге, сондай-ақ осы жауаптылықты бекітетін
және реттейтін нормативті құқықтық нормаларды жетілдіруге
бағытталған ұсыныстар даярлау.
Дипломдық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін философияның,
логиканың, қылмыстық құқықтың, криминологияның және қылмыстық іс-жүргізу
құқығының ережелері болып табылады. Жұмыстың нормативтік негізін
экономикалық контрабанданың жалпы мағынасын және онымен күрес мәселелерін
реттеуші халықаралық құқықтық актілердегі, Қазақстан Республикасы
Конституциясындағы және заңдарындағы, заңшығырушы, атқарушы және сот билігі
жоғарғы органдарының шешімдеріндегі және тағы да басқа нормативтік
актілердегі негізгі алғышарттар құрайды.
I-ТАРАУ. КОНТРАБАНДА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Экономикалық контрабандаға тарихи-құқықтық талдау
Біздің мемлекетіміздің тарихында контрабанданың әлеуметтік,
экономикалық, әсіресе саясаттық қаупі әрдайым маңызды болған, өйткені ол
әрдайым қазақ териториясында мемлекеттік құрылымның өмір сүру кезеңінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасы арқылы
тауарлар мен тағы да басқа құндылықтардың өтуінің бекітілген тәртібіне қол
сұғатын.
Қазақ даласында құқықтық нормалардың пайда болу және қалыптасу тарихы
қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше кезең.
Кеден нормалары мен баждары және оларды бұзған үшін жауаптылықты
айқындайтын құқықтық нормалардың, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және
бекітілуінің негіздеуші талаптарды түсіну және ұғыну үшін қазақ даласының
құқықтық әдет-ғұрыптық тарихын жай ғана білу маңызды емес, сондай-ақ
мемлекеттерде қызмет еткен заңдар мен әдет-ғұрыптың, құқық нормаларының
дамуы мен тарихын терең ұғыну қажет.
Өкінішке орай, қазіргі кезге дейін құқық тарихы, әсіресе қазақтың
құқықтық әдет ғұрып тарихы туралы еш сөз жүрмейді немесе өткен кезеңнің
керек емес, маңызсыз өтілімі ретінде қарастырылды. Ал қазақ даласында
қызмет еткен құқықтық жадымдар ақылдың, әділет пен кек алудың заңын
түсінудің, адам психологиясы білімінің, данышпандықтың тұнып тұрған бұлағы
емес пе.
Сонымен, Қара теңізден Алтай тауларына дейін созылған зор дала
жазығында, біресе көркейіп, біресе құлдырауға шалдығып ғұндар, сақтар,
үйсіндер, түріктер, қарлұқтар, қарахандықтар, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті-
қыпшақ мемлекеттері пайда болды. Еуразияның барлығын өз қолында
шоғырландырып отырған барлық дерлік хандықтар билеушілері егер сәйкесінше
заңнамалық база болмаса билікті ұстай алмас еді.
Біздің ата-бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де белгілі жүріп-тұру
ережелерін еш өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырды. Шындығында қазақ
даласының құқықтық жүйесіне зор үлес қосқан Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би. Әйгілі болғандай соңғы рет қазақ құқығы жүйесіне елеулі өзгеріс
енгізген Тәуке хан, оның белгілі бір тәртіппен жүйеленген құқық нормаларын
қазіргі кезде Тәуке ханның жеті жарғысы деп атаймыз. Бұл құқықтық жинақта
көптеген прогрессивті құқықтық алғышарттар белгіленген.
Қазақстандық мемлекеттің құрылуының белгісі ретінде осы күнге жетпеген
Қасым ханның қасқа жолы және жоғарыда айтылған Тәуке ханның Жеті
жарғысы секілді екі заңнамалық ескерткіште көрініс тапқан.
Әлемге әйгілі Жібек жолы дипломатиялық және сауда жолы елдің күрке
тамыры ретінде біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасынан бастап
қызмет ете бастады. Жібек жолы арқылы сауда және әкімшілік көшінің негізгі
мөлшері өтті. Жібек жолының қазақстандық учаскесі, егер сол бойынша
батыстан шығысқа бет алсақ, Шаштан (Ташкенттен) Тұрбат көпірі арқылы
Исфиджаб, Сайрамға (Сарьям) дейін созылады. Қаланың ерте замандағы атауы
әлі күнге дейін сақталған. Ол қазіргі Шымкент аумағында орналасқан ауыл,
оның орталығында Жібек жолының ірі орталығы болған ортағасырлық қаланың
қалдықтары орналасқан.
Жібек жолы бастапқыда Қытай жібегі экспорты үшін қызмет етті. өз
кезегінде Римнен, Византиядан, Ираннан, Үндістаннан, Араб халифатынан,
кейінірек Еуропа мен Ресейден мирра мен ладан, ақтамақгүл суы мен амбра,
кардомон мен мускат жаңғағы, кілем мен мата, балшық пен мениралады
шикізаттар, кәріптас пен маржан, күміс пен алтын құймалары, тері мен шақа,
садақ пен жебелер, піл сүйегі секілді тағы да басқа құндылықтар өтетін.
Жібек жолы бойынша сатуға әйгілі қандытерлі Ферған аттары, араб және
ниссий тұлпары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар,
құстардың небір түрлері тасымалданатын. Жібек жолы Орта Азия мен Қазақстан
арқылы XIV ғасырға дейін, қала мәдениетінің құлдырауына әкелген соғыстар
мен қақтығыстарға дейін қызмет етті. Тіпті Қтыай мен Үндістанға дейінгі
теңіз жолдарының игерілуі оның өшуін туғызбаған болытан.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында болған әскери әрекеттер,
Америка мен Үндістанға дейін сауда жолының ашылуы, сондай-ақ әлемдік сауда
орталығының шығыстан Еуропаға көшуі, бұрынғы әйгілі құрлықтағы сауда жолы
Жібек жолының шөлдеуі – Орталық Азияның халықаралық сауда жолдарынан
шектеліп, әлемнің қуыс бұрышы бола бастауына дейін жеткізді.
Сондықтан әлем өркениетінің қазіргі кезеңде дамуындағы кейбір Еуропа
мемлекеттерінің Ұлы Жібек Жолын жандандыруға ұмтылыстары түсінікті.
Сонымен, халықаралық, қала, аумақаралық сауда мөлшері бойынша тарихи
қазба материалдарынан, әсіресе Түркістан және Отрар қазбаларынан XIV ғасыр
мәресінде-ақ қазақ ханы, сұлтаны, билерінің өз территориясы шегінде жылқы,
мал, тауар кіріс-шығысына баждар бекіткендігі туралы шешімге келуге болады.
Ясы және Ташкент шахар сарайлары көсетілген мыс шахарлар бірегей кешен
құрып, Түркістан мен Отрар шахар қазынасының негізін салады.
Қазақстан тарихын Орта Азия тарихынан ажырата қарауға болмайды, өйткені
олар мемлекет шекаралары болмаған бір аумақты құрды. Қазіргі кездегі
мемлекеттердің көптеген территориялары (мысалы Ташкент қаласы және т.б.)
қазақ хандарының заңнамасында болды... XV ғасырдың 70-ші жылдары басында
Өзбек ұлысы территориясының үлкен бөлігінде билікті қармалау нәтижесінде
Көшпенді өзбек мемлекеті, Ұрыс хан ұрпағының хандары Керей мен Жәнібек
басқарған саяси құрылым пайда болды.
Осыған байланысты осы зерттеу өз аясына Қазақстанның басқа Орта Азиялық
мемлекеттерімен халықаралық қатынасының тарихи-құқықтық аспектісін қосады.
Қазақстан арқылы Орта Азиялық мемлекеттерімен транзитті сауда
жолдарының дамуына қызығушылық танытқан және көпес керуендерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылған орыс мемлекеті Қазақстан
хандықтарының көрші елдермен қарым-қатынасына және саяси жағдайына
қызығушылық білдірді. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар Қазақ хандығымен
тікелей байланыс орнатуға ұмтылды. XV-XVI ғасырлар аяғында экономикалық
саяси дамуда белгілі жетістіктерге жеткен орыс мемлекеті саяси мақсаттарды
көздей отыра шығыс межесіндегі сауданы қолдады. 1514 жылдың мамыр айының 30-
да Иван Грозный IV Яков пен Григорий Строгановтарға жазған марапаттау
хатында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасасуға рұқсат берді.
Сауда экономикалық қатынаста екі жақ бірегей қызуғышылықта болды. Тауар
алмасу арқылы қазақтар тұрмыс заттарын, қару-жарақтарын алса, орыстар
әртүрлі шикізат пен малға иемденді. Орыс мемлекетіне Кучума ұрпағымен
күресте кеңесші күш, Орта Азия сауда ошағына еркін рұқсат, Қазақстан
территориясы арқылы өткен керуен бағдарының қауіпсіздігі керек болды. Ал өз
кезегінде Орта Азиялық хандықтардың үнемі құлдырататын шабуылына ұшыраған
қазақтар Мәскеумен байланыстың кеңейуінің қызығушылығында болды. Орыс
мемлекеті Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиялық мемлекеттерімен сауда
байланысының қауіпсіздігін қамту үшін әскери отряд, көпес, жаһанкездерді
дамытумен қоса Қазақстан шекарасында бекеністер құрылысын салуға кірісті.
Феодалды-патриархалды қатынастың ерекшелігі қазақ хандығының саяси-
әкімшілік құрылымына әсерін тигізді. Хандық бірнеше хан руының тумысынан
шыққан сұлтандар басқарған ірі әкімшілік ұлыстық бірліктерден тұрды. Ұлыс
территориялары жұрт деп аталды. Ибн Рузбихану Исфахани зерттеулеріне сәйкес
XV ғасыр ортасында бұндай ірі ұлыстардың саны оншақты болған. Мемлекеттік
басқарманың жүйесі әдет-ғұрып құқығына негізделген. Әдет-ғұрып құқығымен
бірге мұсылман құқығы нормалары қолданылды. Әдет-ғұрып құқығының нормалары
XVI ғасыр аяғында Тәуке хан тұсында Жеті жарғы атты бірегей заңнамаға
кодификацияланып толтырылды.
Бұл заң жинағы әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормаларынан,
салық және басқа төлемдер ережелерінен, діни көзқарастардан тұрды. Хан
басқармасының тәртібі анықталды, хан мен билер мүддесіне жиналатын әртүрлі
алымдар мен баждар заңи түрде айқындалып, қылмыс жасаған үшін жазалар
бекітілді. Жалпы әдет нормалары жеке меншікті, қазақ шонжарлары
артықшылығын қорғауға тиімді болды. Жеті жарғыны құруда барлық қазақ
жүзінің өкілдері қатысты.
Қазақ даласы арқылы Ресей мен Қытайдан Орта Азияға және одан кейін
қарай тауар жылжитын бірнеше маңызды керуен жолдары өтті. Жергілікті қазақ
феодалдары керуендерден өз қарауындағы жерлер арқылы өткені үшін үлкен баж
талап етті. Сыртқы сауда әрдайым және қазірде де халықаралық қатынастардың
жылжытушы күші болды.
Қарастырылып отырған кезеңде осы аталған аумақтарда сыртқы сауда
айналымының келесі құқықтық ұйымдастырушылық нысандары орын тапты:
- өкілдердің жүзеге асыратын сыртқы сауда операциялары;
- мемлекетаралық көпестер саудасы;
- жаппай сауда;
- транзиттік сауда;
- кәдімгі қарапайым сауда.
Кеден бажы сыртқы сауданы реттеуде маңызды құрал болды. Мысалы, Бұхара
хандығы басқа мемлекеттерден алынатын кеден бажы мөлшерін анықтауда келесі
мұсылман құқығының нормаларының алғышарттарын басшылыққа алды:
- көшпенді халықты екі тараптың да саудаға қатысты сұранысын
қанағаттандыру үшін алмасу саудасына тарту;
- транзиттік сауданы кеңейту;
- сауда керуенінің қаупсіздігін қамтамасыз ету;
- басқа елдермен сыртқы сауда нысандарына қатысқан хан, әмір,
көпестердің жоғары табысын қамтамасыз ету.
Қазақстан мен Орта Азиядағы транзиттік сауда құқығының ерекшеліктеріне:
- сауда керуендері транзитінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді,
- қазақ және орта азиялық хан, сұлтан, билердің олардың жерлерінен
өтудің қауіпсіздігі үшін жауаптылығының бар болуын;
- керуендердің қауіпсіздік кепілін қамтамасыз ету мақсатында басқа
мемлекеттерде аманат беруді кіргізуге болады.
Негізгі керуен жолдары келесі бағыттарда болды:
- Петропавлдан Ташкент, Бұхара, Қоқандқа;
- Петропавлдан Қытайға;
- Семейден Қытайға;
- Семейден Кокандқа;
- Орынбордан Бұхара, Хиваға, Кокандқа.
Негізгі керуен жол тараптарынан Қазақстан даласы бойынша бірнеше ұсақ
жол тармақтары өткен. Осы жолдарды көптеген керуеншілер жергілікті
тұрғындардың көмегімен кеден мансаптарынан айнала өту үшін, яғни тауарды
контрабандалық жолмен кіргізіп-шығару үшін пайдаланды.
Қазақ феодалдарының өтуші керуендерден баж жинауы туралы қазақ
тайпаларының болмысын зерттеуші А.И. Левшин де жазған, оның тұжырымы
бойынша Қазақ сұлтаны қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда
керуендерін тоқтатып өз көші арқылы өткені үшін өз еркімен белгілеген баж
сомасын төлеуді талап еткен, егер төлемесе тауарды тәркілеу қаупімен
қорқытқан.
Әрине, қазақ феодалдары өз игілігіне жататын жерлер арқылы өткені үшін
сауда керуендерінен баж жинауды талап ете алған. Мұнда сондай-ақ қазақ
халқының өзіндік кеден саясаты ескеріледі. А.И. Левшин Ресей күш пен
тонауға қарсы қанша шаралар қолданса да еш нәтиже бермеді, қырғыз қазақтары
ұлттық болмысын өзгертпесе немесе қарумен жүгенделмесе біздің Орта Азиямен
саудамыз өркендемейді, бұған дәлел жүзжылдық тәжірибе мен зерттеулер
болады.
Қазақ даласы әрдайым сыртқы шабуылдың объектісі болатын. XVIII ғасырдың
басынан бастап Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы күрт өзгерді. Батыстан
орал казактарымен қолданған волждық калмактар шабуыл жасаған. Оралдан
көшкен башқұрлар талаптанды. Осылардың бәрі Ресей өкіметі қоластында болды,
сондықтан Ресей мен Қазақстан қатынасының өршігуі елеулі байқалды.
Бірақ басты қауіп Шығыста орталықтанған күшті көшпенді ойрат мемлекеті
– Жоңғар хандығы болатын.
Сонымен қазақ даласын қоныстаушы халық мал шаруашылығымен қоса, өз
территориясы мени шекарасын сыртқы шабуылдан, ал хан-сұлтандар кеден
нормаларын бұзушылар мен контрабандистерден қорғауға мәжбүрлі болды. Қазақ
елінде орыс маталары, әсіресе мақта мата және жүн маталар, тері бұйымдары,
темір үлкен сұранысқа ие болды.
XIX ғасырдаң екінші жартысында Қазақстан қазақ даласы арқылы шекара
бекеттерінен 400-500 мың сомасына шығарылатын Ресей нанының негізгі
тұтынушысы болды.
Қазақ елінде металға сұраныс деңгейі төмен болды, бұл аумақтағы ұсталық
өндірістің дамуының төмен деңгейін білдірді, ал бұл өз кезегінде дайын
темір бұйымдарына сұраныстың көтерілуін көрсетті. Қазақ даласынан
негізінен мал мен мал шаруашылығы өнімі шығарылды.
XVII-XIX ғасырлар аралығынды Ресей-Қаазақстан шекарасы белдеуінде 1,5
миллионнан астам қара мал, 100 мың жылқы, 3 миллион жылқы, 100 мың бұқа,
өнделген тері, жүн, тері, жалпы сомасы 8 миллион сомға тауар сатылды.
Шоқан Уәлиханов Қазақ елінің Геродоты деп атаған қазақ даласының
әйгілі зерттеушісі А.И. Левшин 5-6 жыл ішінде (1748-1755 жылдар
аралығында) тек бір Орынбор кеден белесінде кеден құжаты бойынша 50 пұт
алтын, 4600 пұтқа дейін күміс өткізілген деп жазған. Оған қоса кеден
бақылауынан тыс қанша шығарылғаны бар. А.И. Левшин ресми статистикалық
мағлұматтары арқылы сол кездегі контрабанданың орын тапқанын көрсетті.
Статистика қазақ даласындағы сауда қатынасының көлемін әрдайым дұрыс
көрсете алмады, өйткені есепке тек алмасу сауда сарайлары мен
жәрмеңкелердегі айналым мөлшері көрсетілетін, ал жыл бойғы үзіліссіз өтіп
жатқан сауданы бақылап есепке алу мүмкін емес. А.И. Левшин ресми
ақпараттарымен келтірген мағлұматтарды құру барысында Қазақстан
территориясынан кеден және басқа да өкілетті органдардың есебінсіз қанша
тауар кіргізіліп-шығарылып жатқанын көруге болады.
Қазақ хан-сұлтандарының сонымен қатар өзіндік халықаралық және ішкі
саясаты Ресей империализімінің отарлау саясаты тұсында жойылған еді. Ел
басы Н.Ә. Назарбаев сол кезеңді былай сипаттады: Қазақстанның Ресейге
қосылуы бір жарым ғасыр бойы жүрді. Бұл Ресейдің бейбітшілік және соғыс
тәсілдерімен жүргізілген отарлау процессі болды.
Бұл кезеңде Қазақстан территориясында негізінен Ресей патшалығымен
орнатылған заңнама заң күшінде болды. XVIII ғасырдың орта шамасында Ресейде
17 кеден алымдары жиналатын. Тауарды қарау және есепке алу процессі біршама
күрделі болды. Мұның бәрі сауда өркендеуіне кедергі болып, тауарды
контрабанда жолымен енгізіп-шығаруға түрткі болды. Сондықтан осы ғасырдың
50-інші жылдары Ресей саясатын басқарған граф П.Н. Шураловтың бастамы
бойынша 1753-1757 жылдары ірі кеден реформасы жүргізілді.
Ресей шекараларының қорғанысы тек ғана бір мемлекеттік органның
өкілеттілігіне шоғырланған жоқ. 1782 жылы II Екатерина ерекше шекаралық
кеден шынжыры ретіндегі кеден қарауылын құрды, ол әр 10 шақырымға
бекітілген қарауылдардан тұрды. Егер қарауыл немесе оның қарамағындағы
жаһанкез өздігімен контрабандисті ұстай алмаса, оның ізіне түсіп, жақын
маңдағы елге жеткенде, жергілікті тұрғындар көмегімен ұстауы міндетті.
Контрабанданы ұстаған қызметкерге тәркіленген тауардың бір бөлігі марапат
ретінде берілді, яғни осылайша контрабандамен күрес қызметі
машықтандаралды. 1819 жылы Ресейде кеден ережесі қабылданды, соған сәйкес
шекара қорғауы қаржы министрлігінің кеден, одан соң шекара қызметіне
жүктелді. Бұл ережеде контрабанда деп тауарды кеден қызметінен жалтара
өткізу және кеден құжаттарында өткізілетін тауардың толықты көрсетілмеуі
танылды. 1822 жылы тиым салушы іспеттеу кеден тарифы бекітілді. Ішкі
нарықты дамыту мақсатында шетел тауарларына жоғары тарифті кеден баждары
орнатылды.
XIX ғасырдың 50 жылдары щамасында бүкіл елде сыртқы сауда да
фритредерлік тенденциялар тарады, Ресей де бұдан таса қалмады: 1850, 1857,
1868 жылдары орнатылған кеден тарифтері либералды сипаттамамен ерекшеленіп,
сауда бостандығының орнатылуына басты себепкер болды.
1904 жылғы кеден ережесі кеден органының жаңа құрылымын орнатты. Осы
жылдан бастап кеден жүйесі кеден алымы департаментінен, аумақтық кеден
басқармаларынан, кедендерден, кеден бекеттері мен тосқауылдарынан тұрды.
1910 жылғы кеден ережесі контрабандамен күрес мәселесінің кейбір
сұрақтарын айқындады, яғни кеден қызметкері өз бастамасымен құрлық және сі
шекарасынан мемлекет территориясының ішіне 100 шақырымдық аумақта
контрабандалық тауардың кіргізіліп-шығарылуын анықтау үшін тінту жүргізіп,
алу жүргізуге құқылы болды. Осы ережемен сондай-ақ контрабанда істерін
қарау, орындау, шағымдаудың процессуалды мәселелері қарастырылды.
Революциядан кейінгі Ресейде, артынан КСРО-да кеден ісі және заңнамасы
орнатылуы және дамуының процесі күрделі сипатта өтті. Кеден институттарының
мәртебесі, қызметі, өкілеттілігі және ұйымдастырушылық жүйесі мемлекеттің
сыртқы және ішкі экономикалық мүддесіне сәйкес өзгеріп отырды. 1917-1991
жылдары аралығында кеден органдарымен контрабандамен күрестің біршама
тәжірибесі жиналды.
20-сыншы жылдардың басында жаңа экономикалық саясатқа өтуге байланысты
кеден органдарының әлсәреген қызметі қайта өркендеп кеден жүйесі құрылымы
дамыды.
1922-1928 жылдары аралығында кеден ісі басқармасының күрделі көпсатылы
жүйесі қалыптасты. 20-30 жылдары шегінде КСРО-да басқарманың бұйрықтық
бюрократиялық стилі өрбіді. Сыртқы сауда саясаты мемлекеттік монополия
қағидасына негізделді, ал кеден органы өзінің мәнді қызметінен айырыла
бастап, фискальді мекеме ретіндегі рөлін атқаруды қойды. Кеден ісін басқару
бірте-бірте қарапайымдала бастады, бірақ 30-жылдары қалыптасқан 1964 жылғы
КСРО Кеден кодексінде заңи бекітілген кеден органдары жүйесі аз ғана
өзгерістермен 80-жылдардың ортасына дейін сақталды. 1956-1991 жылдары
өткізілген сыртқы экономикалық реформалар тұсында кеден жүйесі дамуының
жаңа кезеңі басталды, оның ерекшелігі монополистік мемлекеттің кеден
органдарының басқармасын қайта құрып, оның қызметін еркін нарық және
демократиялық режим жағдайына бағыттау. Бұл кезеңнің аяғы болып 1991 жылы
қабылданған Кеден кодексімен КСРО-ның Кеден тарифі туралы заңы табылады.
Осы заңдардың әйгілі өзгергіштігіне қарамастан, олар КСРО тәжірибесінде
қағидалы жаңа кеден жүйесін құра алмады.
Ұйымдасқан контрабанданың қайта өршуі Ұлы Отан соғысынан кейінгі
бірнеше жылдар тұсында белгіленді. Келесі онжылдықтарда ұзақ уақыт
контрабандалық операциялармен айналысқан қылмыстық топтар пайда бола
бастады. Бірақ бұл қылмыс түрі елдің үлкен аумақтарын немесе шекараның
маңызды үлестеріне қол сұққан жоқ, яғни оның көптік сипаты болмады. Мысалы
көлемі бойынша ірі контрабанда 60-жылдары магнитофон мен
радиоқабылдағыштардың ірі мөлшерде тасымалдануымен сипатталды, бұл
қалыптасқан қылмыстық жүйе Мәскеулік кеден қызметкерлерімен ашылды. Мұнда
сондай-ақ шетелге жүзген кеңестік кемелердің контрабандамен айналысқан
экипаж мүшелерінен құрылған қылмыстық топтар туралы қылмыстық істерді
әсіресе Камчаткадағы және Дунайдағы серуенші кемелердің оркестрда
ойнаушыларға қатысты қылмыстық істерді жатқызуға болады.
Жоғары сұранысқа ие өндірістік тауарлар КСРО-ға контрабандалық жолмен
көп мөлшердегі енгізу, елде спекуляцияның, заңсыз мәміле түрлерінің
көбеюіне және контрабандистердің заңсыз баюына әкелді.
Есірткі заттарын, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы,
уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарын, қару-жарақты, әскери
техниканы, жарылғыш құралдарын, атыс қаруы мен оқ-дәрілерін, жаппай қырып
жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін,
жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен
жабдықтарын және айналысы шектелген басқа да заттарын тасымалдау қоғамдық
қауіпсіздікке және халық денсаулығына шынайы қауіп төндірді, сондай-ақ
мемлекеттік және басқа да аса ауыр қылмыстардың жасалуына себепкер болды.
80-жылдары контрабандалық кәсіп мәнді өзгерістерді өткерді. Бұрынғы
контрабандистердің орнына жиі ұйымдасқан контрабандалық топтар кездесе
бастады. Қоғамда тек ғана контрабандалық кәсіптен тапқан табысқа өмір
сүретін әлеуметтік топтар пайда бола бастады.
Халықаралық байланыстардың кеңеюі қаспетті және сырт жақты болды.
Соңғысы қоғамның орталық үстемділігінен және шамадан тыс
идеологияландырылуынан туындайды. Шетелге шығатын адамдар құрамының барлық
байланысы министрлік, партиялық аппараттармен және Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетімен қатаң бақыланатын. Басшылықтың бастапқы идеологиясы
Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының дамып, өркендеуін насихаттауға
бағытталған алдын-ала белгіленген бағдарламалардан жалтаруға рұқсат
бермеді.
Шетелге еркін шығуға тиым салынды.
Барлық дүниежүзілік достастықтың Қазақстанның тәуелсіздігін практикалық
мақұлдау нәтижесінде көптеген елдермен елшіліктер және сауда өкілдіктері
деңгейінде дипломатиялық және сауда қатынастары қалыптастырылды.
Қазақстан саяси және экономикалық егемендік алғаннан кейін азаматтардың
мемлекеттік және сауда құрылымдардың өкілдерінің шетелдік іссапарлармен,
сауда және қоғамдық ұйымдардың шақыруларымен және мекемелердің, қонақ және
туристік жолдамаларымен шетел мемлекеттеріне шығулары жиіленді. Осы кезде
заң күшіне енген "валюталық жөнге салу туралы Қазақстан Республикасының
заңына, валюталық операциялардың өткізу ережелерімен" және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасының аумақтарына
валюталық айырбасталған пунктілердің жұмыс ұйымы туралы" нұсқауымен сәйкес
азаматтар банкіден алған валюталарын банкілерде алынған лайықты рұқсаттарды
немесе сертификаттың ұсыну арқылы тасып шығаруға құқылы. Бөгетсіз,
банкілердің рұқсаттарынсыз, 500 АҚШ доллары сомасы шетел валютасы немесе
осы сомаға эквивалентті шетел валютасын тасып шығаруға рұқсат берілді.
Осы уақытта құқық қорғау органдары азаматтармен және сауда және
қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік
шекарасын кесіп өту кезінде аталған заңдардың және нұсқаулардың көп санды
бұзуларымен кездесті. Қазақстан Республикасының барлық территориясында
негізінде құқық қорғау органдармен қылмыстық істер кеден шекарасы арқылы
шетел валютасын заңсыз шығару фактілері бойынша қозғалып жатты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықына
жолдауында: ... біздің сыртқы мүмкіншіліктеріміз ең алдымен елдің
георгафиялық, геосаяси және геоэкономикалық жайымен анықталады. Қазақстанға
тиімді негізгі үш мүмкіншілікті ерекшелеуге болады. Бірінші мүмкіншілік
біздің географиялық жайымыздан, яғни евроазиалық жол торабы аймағында
тұрғанымыздан ағады. Дүниежүзілік экономикалық және саяси процестердің
глобализациялану процесі осы факторды маңыздылар қатары деңгейіне шығарады.
Біздің ата-бабаларымыз түркі халықтарының құрамында осы маңызды
стратегиялық факторды өзінді үшін пайдамен қолданды: аңызға айналған Жібек
жолы бойынша европалық және азиялық елдер арасында сауданың кең каналы
ұйымдастырылды... деп белгілеп қойды.
Сонымен, осы зерттеу аясында жүргізілген халықаралық-құқықтық, сауда
және кеден қатынастарының талдауды қорытындылай келе мынадай шешімге келуге
болады: контрабанданың өзі, яғни тауарлардың және басқа заттардың
(мемлекеттік және кедендік) шекара арқылы өтуі, негізінде, халықаралық
сауда қатынастары саласында пайда болды және сол салада орын алып келеді.
Яғни контрабанда халықаралық сауда және кеден қатынастарынан туынды және
олардан кейін екінші қатарда келеді. Экономикалық контрабанда бекітілген
халықаралық – құқықтық қатынастарды бұзумен сипатталады. Баста халықтар мен
елдер арасында сауда қатынасы, ал содан соң мемлекет кейбір тауарларды және
заттарды тасып шығаруына тиым салатын немесе шек қоятын кеден ережелері мен
шарттарын орнатқан соң контрабанда пайда болды.
1.2 Контрабанда түсінігі және бегілері
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі экономикалық контрабандамен
қоса Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250 бабымен қарстырылған
жеке қылмыс құрамы ретінде айналыстан алынған заттардың немесе айнылысы
шектелген заттардың контрабандасын қарайды. Бұл бапқа сәйкес айналыстан
алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы деген
кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе
кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті
немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш
құралдарды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып жоятын қарудың
ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою
қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтарды
декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыру мемлекеттің кеден
щекарасы арқылы өткізу. Аал сралау белгілері мәні бойынша Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 209 бабымен қарастырылған экономикалық
контрабандаға сәйкес.
Заңнамамен 250 баптың жеке құрам ретінде даралауы заңды, өйткені
қазіргі кезде тек, ТМД елдерінде ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде есірткі
заттардың, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш,
радиоактивті немесе жарылғыш заттардың, қару-жарақтың, әскери техниканың,
жарылғыш құралдарының, атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің, жаппай қырып жоятын
қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерінің, жаппай
қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен
жабдықтардың және айналысы шектелген басқа да заттардың контрабандасы кең
таралған.
Есірткі заттардың контрабандасы елеулі көлемге жетті, ол елдің құқықтық
тәртібі мен қоғамдағы әлеуметтік психологиялық жағдайға ғана емес, сондай-
ақ ұлттық әлеуметтік-өнегелік дамуына елдің генетикалық болашағына елеулі
әсер етеді. Бұл жағдай қауымның елеулі бөлігінің сақталып келе жатқан
селқосымен, оның жан-жақта болып жатқан процестерге парықсыздығымен
өршігуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 250 бабымен қарастырылған
қылмыс объектісі – айналыстан алынған заттардың айналысы аясындағы қоғамдық
қауіпсіздік. Бұл әлеуметтік болмыс қауіпсіздігіне қауымның денсаулығына
елеулі қауіп төндіретін қылмыс затының ерекшелігімен түсіндіріледі. Осы
қауіпті ескере отырып мемлекет Қазақстан Республикасында бақылауға жататын
жүйке жансыздандыратын және есірткі заттардың тізімінде бекітілген осы
заттар мен құралдардың тізбесін нақты айқындаған. Сондай-ақ ведомстволық
және ведомствоаралық ережелер мен нұсқаулар арқылы оларды өндіруді,
даярлауды, алуды, тасымалдауды, сақтауды және жоюды қатаң бақылайтын ерекше
тәртіп бекітілген, бұл тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 265 бабымен қарастырылған қылмыс құрамын құрайды.
Жалпы айналыстан алынған заттардың немесе шектелген заттардың
контрабандасы субъективті, объективті және саралау белгілері бойынша
экономикалық контрабандаға сәйкес келеді.
Айта кететін бір жай Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінде
контрабанда 22 тарауға Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға
енгізілген. Оның объектісі болып бабымен қарастырылған Ресей Федерациясы
кеден шекарасы бойынша тауар мен көлік құралдарының өтуінің заңмен
бекітілген тәртібі болып табылады. Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің
188 бабы 1 тармағының санкциясында контрабанда үшін, яғни Ресей Федерациясы
кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не
құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы
тауарларды немесе өзге заттарды, осы баптың 2 тармағында көрсетілгендерін
қоспағанда, не декларацияламаумен не күмәнді декларациялаумен ұштасқан
кедендік шекарадан заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу үшін
қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Мұндай контрабанда 5 жылға дейін бас
бостандығынан айырумен жазаланады.
Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 тармағында өткізуге
тиым салынған немесе өткізілуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің
арнайы ережелерімен белгіленген тауарлардың контрабандасы үшін қылмыстық
жауптылық қарастырылған. Мұндай тауарлардың (есірткі заттар, жүйкеге әсер
ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш
заттар, қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш құралдар, атыс қаруы мен оқ-
дәрілер, жаппай қырып жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және
басқа да түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін
материалдар мен жабдықтар) контрабандасы жоғары қоғамдық қауіпсіздікке ие.
Жоғарыда айтылғандай Қазақстандық заңнама бұл мәселені өзге жолмен шешті.
Жиі контрабанда мен кеден алымдарын төлеуден жалтаруды айыруда біршама
мәселелер туындайды. Контрабанда мен кеден алымдарын төлеуден жалтаруды
айыруда күрделілік көбінесе екі баптың да қылмысы үшін қарастыратын
қылмыстық жауаптылығы бланкеттік диспозицияларды құрайды, оларды
түсіріндіруде кеден заңнамасының көптеген жарлықтарын ескеру қажет, сонымен
қатар олардың мәні мен мазмұнын бағалау қалыптасқан соттық тәжірибеге
байланысты. Контрабанданың қылмыстық құрамының объективті жағы міндетті
түрде тауарларды және тағы да басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара
арқылы алып өтуге бағытталған заңға қайшы белсенді әрекет құрау керек.
Контрабанда қылмыс құрамының объективті жағы міндетті түрде тауарларды
немесе басқа заттарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы ірі
мөлшерде өткізуге байланысты заңсыз әрекеттерді қосады. Мұнсыз контрабанда
бола алмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214 бабымен
қарастырылған қылмыс құрымының объективті жағы біршама әр түрлі
әрекеттерден тұрады, бірақ олардың барлығы кедендік төлемдерді төлемеу
немесе оларды аз мөлшерде төлеуді нақ қамтамасыз етуге бағытталған. Танымал
пікір бойынша контрабанданың объектісі болып кеден шекарасына қол
тигізбеушілік, ал заты болып ақшалы бағалауы бар ҚР ҚК 209 бабында
көрсетілген, сондай-ақ көрсетілмеген тауарлар немесе басқа заттар табылады.
Кедендік төлемдерді төлеуден жалтарудың объектісі өзгеше. Бұл қаражаттық
сала – салық жүйесі. Мұнда қылмыс заты кеден төлемдері орын алады. Осы
қолсұғушылықтардың қорғалатын объектілерінің және қылмыс заттарының сәйкес
келмеуіне байланысты заң шығарушы кеден төлемін төлеуден жалтарғаны үшін
арнайы жауаптылық бекіту шешімін қабылдады.
Контрабандада әрекет заттардың кеден шекарасы арқылы заңсыз өтуін
қамтамасыз етуге бағытталған .
Тәжірибелік қызметкерлерге Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің 205 (контрабанда) бабын қолдану айқын қиындық туғызатын
Әкімшілік-құқықтық түсінуде контрабанда дегеніміз:
- КСРО мемлекеттік шекарасы арқылы жүктердің (тауарлардың,
құндылықтардың және басқа да заттардың) өткізілуі, яғни жүктерді КСРО
кеден кодексі талаптарын бұза отырып немесе кеден мекемелерінің кеден
бақылауынан жасыра өткізу, сонымен қатар сондай жүктерді КСРО
аумағында сақтау, тасымалдау, сату және сатып алу;
- жүк сақтаушылардың немесе меншік иелерінің жүктің заңды алынғанын
дәлелдей алмай тұра, өз тұтынуына қарасты нормадан асатын мөлшерде
шетелден әкелген жүктерді сақтауы;
- валюталық құндылықтарды, қымбатты металдардан жасалған зергерлік және
басқа да тұрмыс бұйымдарды және қымбатты тастарды және сондай
бұйымдардың сүйменін, шетел валютасын айналдыру құқығынсыз шетел
валютасы үшін алынған төлеу құжаттарын, КСРО валюталарын шекарадан
заңсыз аудармамен немесе жіберумен байланысты баж салығы төлеуімен
рұқсатталған шекарадан шығару мен әкелу немесе тасып алу;

заңсыз аудармамен немесе жіберумен байланысты заңсыз шекарадан шығару
мен әкелу немесе тасып алу;
- осы бапта көрсетілгендерді бұзуға даярлайтын әрекеттердің іске
асырылуы.
Келтірілген бап мәтінінен көрініп тұрғандай, әкімшілік құқықбұзушылық
туралы кодексінің көптеген жайлары ескірді.
Контрабанда келесі түрі – кеден ережелерін бұзу (бірақ қылмыстық-
құқықтық мағынада түсіну емес, ал әкімшілік-заңға сүйенген түсінуде)
Қылмыстық жазаланатын экономикалық контрабанданы кеден ережелерін бұзудан
айыратыны, ең алдымен экономикалық контрабандада Қазақстан Республикасы
кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және басқа заттардың ірі
мөлшерде болуы.
Көптеген шетел мемлекеттерінде контрабанда, көрсетілген түрлерінен
басқа, келесі түрлерге бөлінеді :
- трансплантация үшін арналған адам органдарының немесе мүшелерінің
контрабандасы;
- кәмелетке толмаған жасөспірімдердің контрабандасы;
- дәрілік құралдар контрабандасы;
- және басқа да контрабандалар.
Бірақ, біздің республикамыздың қылмыстық заң шығарушысы контрабанданың
тап осы түрлеріне қылмыстық жауаптылық қарастыра отыра жеке қылмыс құрамы
ретінде белгілемейді
Қазақстандық қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты
қылмыстылықпен, әсіресе оның ұйымшыл және сыбайласқан жемқорлық трлерімен
күрес, соңғы кезде өзекті тұр. Мемлекетке және қоғамға ерекше қауіп-қатер
мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың мемлекеттің
экономикалық назарларын және стратегиялық тіреулерін әлсірету мақсатымен
жеке немесе делдалдары арқылы мүліктік игіліктер алу фактілері туғызады.
Бұл туралы қабылданған және 1998 жылы 2 шілдеде заңды күшіне енген
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңы
куәландырады. Қылмыстылық, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әлеуметтік
құбылыс екендігі белгілі, сондықтан, менің көзқарасым, онымен күрес тек
құқық қорғау органдарының жазалайтын әдістерімен ғана емес, сонымен қатар
қоғамның бәріне қолайлы әлеуметтік–экономикалық әдістермен де жүргізілу
қажет, өйткені құқық қорғау органдары қоғамның экономикалық, саяси және
әлеуметтік мәселелерін тура шешуге құқылы емес.
Ұйымдасқан қылмыстылықпен, сонымен қатар негізінде ұйымдасқан қылмыстық
топпен жасалатын экономикалық контрабандамен күрестің құқыққабылдаушы
саласы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тек биік кәсіпшілік
дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік қорғанушылығының
ойластырылған жүйесін талап етеді. Сонымен қатар, заң бұзушылармен күресте
белгілі көмек көрсететін тұлғалардың құқықтық қорғанушылығының
ойластырылған жүйесі қажет.
Республикалық заңнамада осы тұлғалардың парасатты құқық қорғаушылығының
жоқ болуы құқық қорғау органдарының жұмысын күрделендіріп, кейде жоққа
шығарады. Соның салдарынан туындаған контрабанданың уақытылы
анықталмауынан және сапасыз тергелуінен мемлекет қаражатына экономикалық
контрабандадан заңмен бекітілген кеден төлемдері және салықтар түспейді.
Тарих қылмыстылықпен күресте тек қылмыстық жаза, соның ішінде қатал
жаза ғана қолдану жолымен табысқа жету мүмкін емес екенін дәлелдейді.
Сондықтан қылмыстылықпен күресте басты мәртебе превентивті тәсілдерге
берілу қажет. Бұл қызмет көп қырлы оның орындаушыларына (субъектілеріне),
яғни олардың өкілеттіктеріне және мүмкіншіліктеріне тәуелді болады, осыған
орай полицияның үлескелік тексерушілерінің өкілеттіктерін күшейту қажетті.
Дамыған елдерде полицияның қоғаммен қатынасы қылмыстылықтың алдын
алудағы әлеуметтік нысаны ретінде қарастырылады. АҚШ-ның бұрынғы министрі
Р. Кларктің пікірі бойынша полиция тек халықпен берік байланыс орнатқан
салада ғана жемісті нәтижелі жұмыс істей алады, өйткені халық полицияға
қылмыстың алдын алуда, қылмысты ашуда және анықтауда негіз береді.
Қазіргі кезде АҚШ пен Ұлыбританияда ең алдымен қылмыстылықтың алдын алу
мақсатында полицияның халықпен қарым қатынасын нығайту әртүрлі
бағдарламалар дайындау шаралары арқылы жүзеге асады. Бұл бағдарламаларда
қоғамдық ұйымдар және сол сияқты ұйымдастырылмаған халық топтары қатысады.
Сонымен қатар экономикалық контрабандамен табысты күресуде осы
қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеудің әдістемесін жетілдіру қолайлы
жағдай жасайды. Тергеу тәжірибесі осы кезде, Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінің 209 бабын басшылыққа ала, экономикалық контрабанданы
тергеуде біршама мәселелер қатарын жинастырды және ғылыми жағынан талдауда
мұқтаж болуда.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 209 және 250 баптарының
саралаушы белгілері бір, сондықтан Жоғарғы Сот Пленумі ҚР ҚК 250 бабының
саралаушы белгілерін экономикалық контрабандаға қатысты қолдану
мүмкіншіліктерін беру туралы түсіндіру қажет.
Сонымен қатар, соттарға егер экономикалық контрабанда кеден бажын,
салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды
немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден ірі мөлшерде жалтару мақсатымен
жасалса, онда істелген әрекет қосымша ҚР ҚК 214-бабың лайықты тармақтарымен
саралануы керектігі түсіндірілуі қажет.

2.1 Экономикалық контрабанданың объективті белгілері
Кез келген қылмысты саралау жүрісі, нақты қоғамға қауіпті және
құқыққа қайшы әрекеттің мән-жайларының нақты қылмыс құрамының белгілерімен
ұқсастығын анықтау болып табылатынын білеміз. Қылмысты саралау, қылмыстық
әрекеттің объектісі мен затын анализ жасаудан басталады. Содан кейін
зерттеліп отырған қылмыстық объективтік жағының белгілерін, оның
субъектісін, субъективтік жағын анықтаймыз.
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі. Қылмыс қашан да бір
құндылықтарға қол сұғып, зардап әкеледі немесе әкелу қаупін туғызады. Не
нәрсеге қол сұғылса, не қол сұғылмақ болса, сол қылмыс объектісі болып
табылмақ. “Қылмыс объектісінің проблемасы кінә, зиян келтіру
проблемаларынан кем түспейтін маңызды да философиялық терең мәселе болып
табылады”[1].
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен
қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.
Қазақстандық құқық ғылымы Қазақстан КСРО ыдырағанша оның құрамында
болып келгендіктен, сол Кеңестік құқық ғылымының оған дейінгі жеткен ортақ
жетістіктерін мұралап, енді өз желісімен дамып келе жатқандығы аян. Ал
Кеңестік қылмыстық құқық өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс
объектісі ретінде, оған дейін әр түрлі көзқарастар болса да, марксизм
идеяларын жалғастырып, қоғамдық қатынастарды таныған еді.
А.А. Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген “Қылмыстық құқық” оқулығында
“қоғамдық қатынастарды” қылмыс объектісі ретінде атап өтеді[2].
Осы оқулығының үшінші басылуында ол бұл мәселеге орай “Буржуазиялық
криминалистер арасында бір тоқтамды көзқарас жоқ, - деп бастайды, -
біреулері (әсіресе, классик-криминалистер). Белгілі бір әрекеттерден
тартынуға (“тиым”) немесе белгілі әрекетті жасауға (“әмір”) өкім ететін
қандай да бір норманы таниды. Келесілері (әсіресе, социолог-криминалистер).
Қандай да бір “құқықтық игілікті”, яғни құқықпен қорғалатын өмірлік мүддені
таниды”, - деп барып, қоғамдық қатынастарға ауысады[3].
Шынында да, Қазан төңкерісінен бұрын бұл тұрғыда Ресей мен шет ел
ғылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалға, Ресейдің төл ғалымы
Н.С. Таганцев “шынайы болмысындағы құқық нормасын”[4] таныды. Оның осы
сөзін тарата келе, А.В. Наумов “Таганцев шынайы болмыстағы құқық нормасы
деп қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қорғалатын игіліктің (мүдденің)
шынайы мазмұнын көрді”[5], - деген қорытындыға келеді.
Ал Н.С. Таганцев енді бір жерінде, қылмыстың мәні қылмыскердің шынайы
құқыққа ие адамға зиян әкелгенінде емес, мемлекеттің талабын бұзуға еркінің
жеткендігінде, зиян келтіру қылмыстың мәні емес, амалы ғана, “сондықтан да
қылмыстан құқық үстемдігін қорғаушы ретінде қашан да мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz