Аймақтық өсу теориялары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Диплом жұмысы
Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық-құқықтық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Аймақтық экономика мәні, теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік реттеу ұғымы және оның ерекше сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ..10
1.3 Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы және оның құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Шетелдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері және оларды мемлекеттік реттеу нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3 Аймақтағы экономикалық қауіпсіздік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...30
3 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ОПТИМАЛДЫ МОДЕЛІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ
3.1 Аймақтардағы индустриялық-инновациялық стратегия және инновациялық әлеуетті арттыру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.2 Экономикалық артта қалған аймақтардың экономикалық тиімділігін көтеру және аймақтық басқарудың экономикалық моделін құру ... ... ... ... ... ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 51

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі. Қазіргі жағдайдағы аймақтарды оңтайлы мемлекеттік реттеудің қажеттілігімен анықталады. Мемлекеттік реттеу және басқару мыңжылдықтар бойы орын алып, қатып сенген бір типті жүйе емес. Ол түпкілікті өзгерістерді бастан кешіре отырып, бүгінгі күні тұрақтану кезеңінде тұр. Аймақтарды мемлекттік басқару тақырыбының маңыздылығын біз Қазақстан аймақтарының жете зерттелмегенінен де көре аламыз.Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсерлі мемлекеттіл реттеу моделін құру өзекті мәселе болып отыр. Елбасының Қазақстан 2030 халыққа жолдауында біздің қоғамымыздың келеңсіз жақтарының бірі әсерсіз ұйымдастырылған және жеткіліксіз дайындалған мемлекеттік басқару деп көрсетілген.
Аймақтық экономика өз атауында бір ғана жеке алынған аймақ түсінігін меңзегенмен бүін ел экономикасын құрайды.
Жұмысымыздың мақсаты. Аймақ тұтас алынған экономиканың құрамдас бөлігі екенін көрсету. Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқару институтының негізгі қызметі.өйткені ел экономикасы аймақтарға бөліне отырып тқтас ел эономикасын құрайды. Әр жеке алынған аймақ өз тұрғысында ерекшелене отырып, басқару мен реттеудің оңтайлы тәсілін талап етеді.
Алға қойылған мақсат-міндеттеріміздің бірі дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік басқарудың маңыздылығын көрсету.Дағдарыс жағдайында мемлекет өз реттеу механизміне баса назар аударған жөн.дағдарыс мемлекетке басқа кезеңдерге қарағанда көптеген қосымша функцияларды артумен қатар шешәлмеген мәселелердә өткізеді.мемлекеттік реттеу механизмін аймақ көлемінде қолданып іске асырған өте тиімді.
Жұмысымыздың зерттеу нысаны. Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу болғандықтан мақсатымыз мемлкеттік реттеудің оңтайлы моделін құру ғана емес, оны аймақтарда қолдану және нәтиже алуда болып отыр.Бұл мәселе өзектілігін ешқашанда жоғалтқан емес, өйткені жаһандану жағдайында мемлекетің әсерлігін күшейту жылдам өзгеретін сыртқы ортаның алдында болуға мүмліндік береді.
Дағдарыс жағдайында еркін нарық қағидалары мемлекеттік реттеуге жол береді. Бастысы патерналистік көзқарастардың мақсатқа айналмауы. Патернализм тек экономикада құрылымдық өзгерістер жасау үшін ғана қажет.
Жұмысымыздың зерттеу пәні- мемлекеттік реттеу механизмдері, экономикалық аймақ құрылымы,аймақ ерекшеліктері болып табылады. Бүгінгі күні реттеудің негізгі механизмі ретіндегі жалпыэкономиалық болжаудың объективті қажеттілігі айдан анық. Бұл ретте алдынғы қатарға ғылыми-методологиялық және ұйымдық түрдегі мәселелер шығады.Реттеу теориясында ең аз ықпал ету, міндеттерді бөлу, басқарылу нормасы қағидалары белгілі. сонымен қатар, ең алдымен қашан және қай жерде орталықтандыру және орталықсыздандыру қажет деген сұраққа жауап берген жөн.әрине соғыс, апат және дағдарыс жағдайында бір орталықтан басқарудан артығы жоқ. Басқару функциясы бойынша орталықтанған стратегиялық экономика мен мемлекеттік даму жоспары анағұрлым әсерлі.
Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Мемлекеттік реттеу тақырыбында көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі жұмыстары болғанымен, дәл осы аймақтады реттеу күңгірт танылған. Мемлекттік реттеу мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде К.Е. Кубаев, Н.К. мамыров, Ж. Ихданов, О. Орманбековты атап көрсетуге болады. Шетел ғалымдарынан Е. Кузнецова, А.Т. Гранберг, Л.И. Абалкинді айтуға болады. Әлде де дәл Қазақстан үшін аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу мәселесін зерттеу маңызды.
Бітіру жұмысының теориялық-методологиялық және тәжірибелік негізі - ғылыми басылымдар, монографиялар,мерзімді баспасөз, оқулықтар және бүкіләлемдік интернет желісінің материалдары.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, бірінші бөлім, негізгі бөлім, үшінші бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде жалпы аймақ түсінігі, мемлекеттік реттеу институтының теориялық негіздері,орталықтандыру орталықсыздандыру мәселелері қарастырылады . Сонымен қатар, аймақты мемлекеттік реттеудің құқықтық базасына, бюджетаралық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуіне талдау жасалады.
Екінші бөлімде аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағын басқарудың экономикалық моделіне көңіл аударылады.
Үшінші бөлімде, аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің оптималды моделін құруды ұсынумен қатар, оны Қазақстанда қолдану тәжірибесі қарастырылады. Сонымен бірге аймақ дамуы жөніндегі есептіліктің жасалуы, құрамы және құрылымы сарапталады.

1 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Аймақтық экономика мәні, теориялық аспектілері

Аймақтық экономика, аймақтық саясат терминдерінің көп таралғанына қарамастан, оның бір ауызды анықтамасы әлі күнге деиін жоқ. Кейбір жұмыстарда біз оны аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу терминінің синонимы ретінде қолданамыз. Батыстық әдебиетте бұл терминге дәл осындай анықтама беріледі.
Аймақтық мәселеге деген жоғарғы қызығушылыққа қарамастан, Қазақстанда аймақтық саясаттың қандай болатындығы туралы анықама жоқ. Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуге байланысты пікір-таластардың нәтижесінде бірқатар сұрақтарға жауап табылмай отыр:
аймақтық саясат, экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтардың жедел өсуін қамтамасыз ете ала ма?
аймақтық саясаттың қандай құрамдары экономикалық артта қалған аудандардың жедел өсуіне септігін тигізеді? Салықтық трансферттер әлде инфрақұрылымға инвестициялар?
Бұл сұрақтарға жауап табу өте маңызды және оған біріншіден тиісті теорияларды және әлемдік тәжірибені зерттеу септігін тигізеді.
Аймақтық теорияларды зерттеуге Қазақстанда жете көңіл бөлінбеген, кейбір материалдарды біз Ресей зерттеушілерінің жұмыстарынан кездестіреміз.
Аймақтық реттеу, аймақтық саясат теориялары аймақтардың экономикалық дамуын мемлекттік реттеудің бағыттарын анықтайды. Алайда тек қана оларды зерттеумен шектелу санасыз, өйткені олар аймақтардың өсу теорияларына негізделген.
Аймақтық өсу теорияларын құруда екі негізгі көзқарас бар. Біріншісі - аймақтарға ел экономикасының өсуін түсіндіруге құрылғанға ұқсас экономикалық өсу модельдерін қолдану(development ekonomiks) екіншісі, бөлек алынған кәсіпорындар мен фирмалардың мінез құлығын талдауға негізделеді себебі дәл осылардың іс-әрекеті ең алдымен аймақ дамуын анықтайды. Компаниялардың осы немесе басқа аймақты таңдау себептері орналастыру теорияларымен қарастырылады. Талданылып отырған теорияларды құрумен экономгеографтар мен экономистер айналысты, таң қаларлығы жоқ, өйткені экономикалық география мен аймақтық экономика арасында қатаң шекара жүргізу мүмкін емес.
Әр түрлі елдерде басымдылық аймақтық теорияның түрлі бағыттарына беріліп келді. Ең күшті ғылыми мектептер Германияда, Швецияда, Ұлыбританияда, АҚШ және Францияда құрылды. Германияда дәстүрлі түрде басты назарды орналастыру теорияларына берді. ( И. Г фон Тюнен, В. Лаунхардт, А. Вебер, А.Леш, Р. Гроц және т.б)
хх ғ бірінші ширегінде орналастыру теорияларымен Швециядағы стокгольмдік мектеп аясында белсенді айналысты. 1920-1930 ж .ж. анағұрлым атақты болған Т. Паландер жұмыстары. Кейінірек Г. Мюрдаль аймақтық өсудің базалық моделін жасады. Шведтік ғалым аймақтанушылардың ішінде Т. Хэггерстрандты атап көрсетуге болады. Ол орналастыру және аймақтық дамуды реттеу теорияларында маңызды рөлге ие.
Британдық мектеп аймақтық теорияның барлық бағыттарының өкілдерімен ұсынылған.( Д. Смит. Х. Ричардсон, С. Дениссон, Э. Робинсон, Г. Камерон және т.б) Бұл тұрғыда ол американдық мектеппен ұқсас. ( орналастыру теориясына өз үлесін қосқандар Х. Хотеллинг, Р. Вернон, М. Сторпер, Р. Уолкер, аймақтық өсу теорияларына Дж. Фридман, Э. Таафе, аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу теорияларына Э. Гувер) аймақтық проблематиканы англо-саксондық зерттеулері классикалық германдық орналастыру теориялары сияқты бүтін ғылыми концепцияны құра алмады.
Француздық экономистер және экономгеографтар әрқашанда әлеуметтік салаға баса назар аударып отырған. Аймақтық теорияда олар маңызды үлестерін урбанистика, өсу полюстері, даму осьтері концепцияларына тигізді.
Ресей ғалымдары да ірі зерттеулер жүргізіп отырды. Негізінен олар батыстық ойларды жалғастырумен байланысты. Көрнекті өкілдері: Н.Н Баранский, Н.Н Колосовский, И.А Витвер, Г. Саушкин)
Орналастыру теориялары. Барлық орналастыру теорияларын шартты түрде статикалық және динамикалыққа бөлуге болады. Статикалық теориялар 19 ғ бірінші жартысында ғана пайда болған, динамикалық теориялар 20 ғ басында.
Ең алғашқы орналастыру теориялары қазіргі кезде классикалық штандартты теориялар саналатын И. Г. Фон Тюнен, Лаунхардт және Вебер атымен байланысты. Бұл теориялардың негізгі ерекшеліктері:
* Бір бөлек алынған ауылшаруашылық немесе өндірістік кәсіпорынды қарастыру
* Барлық орналастыру факторлары туралы мәліметті жинап, жалпылап, кәсіпорынды орналастырудың оптималды жерін табуға болады деген тұжырымдама
Көлік факторларын В. Лаунхардт шешуші деп санаған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың орналастырудың дұрыс таңдауын ол, шикізат қосалқы материалдар және өнімді өткізуге кететін көлік шығындарын минимизациялаумен негіздеген.
А. Вебер өндірісті орналастырудың ең алғашқы бүтінді теориясын жасаушы болып табылады. Орналастыру оптималдылығының басты критериі өндіріс пен өткізудің соммалық шығындарын азайту. Осы тұрғыда көліктік, еңбек шығындары, шикізат пен энергияға шығындар ескерілуі қажет, сонымен қатар, агломерация факторын естен шығармаған жөн.
Классикалық штандартты теорилар 1920 ж А. Предель және Паландер тұрғысынан сынға алынды. Предель тиімді орналастыру жерлерінің көптігін меңзесе Паландер арнайы және жалпы штандартты теорияны ұсынды. Ол орналастыру факторларынан басқа, сұраныстағы ресурстарға бағаның дифференцияцияларына деген территориялық өзгешіліктерге көңіл бөлді.
Орналастыру теорияларының дамуының жаңа этапқа көшуінің басын А. Леш, Д. Смит бастады. Олардың теорияларын жаңа немесе неоклассикалық штандартты теориялар деп атады.
Штандартты теориялар кәсіпорынды орналастырудың көптеген факторларын ұсынды. А. Леш салық жүйесін, мемлекеттік шекараны, техникалық прогресті назарға алуды ұсынды. Д. Смит қоршаған ортаны қорғауды ескерсе, Б. Зимин орналастыру инерциясы факторын атады.
Статикалық теориялардың дамуы әлі күнге дейін жалғасуда. Ол негізінен кәсіпорынды орналастыруды ескеретін факторладың жайында болмақ. Сонымен бірге бірзауытты кәсіпорындармен бірге көпзауытты мекемелерді қарастырды.(Р. Гроц)
Орналастырудың динамикалық теориялары 20ғ бірінші жартысында пайда болды. Ең алғашқы тұрпайы динамикалық концепция ретінде Х. Хотеллинг моделін атауға болады. Ол екі бәсекелес өндірушілерді оптималды орналастыру туралы айтты.
Динамикалық теориялардың статикалықтан айырмашылығы, ол көпзауытты кәсіпорындарды қарастырады. Орналастырудың динамикалық теориясы ретінде Р. Вернонның тауарлы өндірістік цикл концепциясын көрсетуге болады.
Заманауи динамикалық теориялар саны шамалы және олардың пайда болуы танымал емес зерттеушілер атымен байланысты. Динамикалық концепциялар аясында өндірістік фирмалардың территориалды даму кезеңдері бөлінеді. Әр кезеңде фирма өз іс әрекетін орналастырудың түрлі критериларын басшылыққа алады. Осы тұрғыда Сторпер және Уолкер төрт кезеңді бөледі. Біріншісі-Локализация, жаңа өнеркәсіптік фирмалар мен кәсіпорындарды жаңа аумақтарда орналастыру. Екіншісі - Селективті субурбанизация, осы фирмалардың алғашында таңдалған аумақтарда өзінің нарықтағы беделінің өсуіне қарай, күш қуатын арттыру. Үшінші - Дисперсия өндірістік фирманың ары қарай периферияға жылжуы. Төртінші - Орналасудағы ауырлық орталықтарының орын алмасуы өндірістік құрылымның жаңаруы әсерінен өндірістің алмасуы.
Аймақтық өсу теориялары. Аймақтық өсу теорияларын талдаудан бұрын, біз осымен байланысты екі сұрақты қарастырғанымыз жөн. Біріншісі өсу және даму категорияларының арақатынасы. Екіншісі- өсу мәселесі тиесілі қарастырылатын аумақтар шекарасын анықтау. Өсу және даму арақатынасын алатын болсақ, мемлекеттік реттеудің жалпы танылған мақсаты болып, өсу ғана емес даму екені анық. Осылайша Самуэльсон, тек өндірістің сандық өсуіне талпыну қажетсіз деп жазған.
Алайда аймақтық теориялар аясында, әсіресе аймақтық саясатты іс жүзінде өмірге асыру шараларында көбінесе экономикалық даму емес өсу туралы айтылған. Біріншіден экономикалық өсу дамуға қарағанда сандық бағалауға келеді, сондықтан оны зерттеулер мен тәжірибеде қолданған анағұрлым ыңғайлы. Екіншіден, бір ел аясында экономикалық өсудегі аумақтық диспропорциялар туралы айтқан жөн.[1]
Аймақтардың шекарасын анықтауды Х. Зиберт кез келген аумақтық даму теориясының алғышарты деп санаған.[2]
Батыс елдерінде дамыған аймақтық өсу теориялары мемлекеттің практикалық жұмысымен байланысты және қолда бар статистикалық мәліметтерге сүйенеді.
Аймақтық өсу теорияларының екі тобын бөлуге болады- неоклассикалық теориялар олар өндірістік функцияға негізделген. Және кумулятивті өсу теориясы. Бұл неокейнсиандық институционалдық және экономика - геогравиялық модельдердің синтезі.
Неокласикалық теорияның анағұрлым жас кемелді концепциясын Х. Зиберт ұсынады. Ол алдағы мүмкін өндіріс көлемі, капитал, еңбек, жер сияқты шығындарға тәуелді деген өндірістік функцияға негізделеді. Аймақтық әлеуметтік жүйесінің ерекшеліктері экономикалық өсудің ішкі детерминанттарымен ескеріледі. Алшақтанған аудандардан бөлек, Зиберт аймақ өсуінің сыртқы да детерминанттарын зерттейді. Осыдан көріп отырғанымыз, аймақтық экономикалардың дифференцияциялануының дамудың ішкі детерминанттарының сандық өзгеру жылдамдығымен анықтайды.
Кумулятивті өсу теорияларында базалық модель авторлығы Г. Мюрдальға тиесілі. Ол бүтін және масштаб әсері көмегімен аумақ басымдылығы уақыт өте өсе беретінін көрсетті
Түрлі экономикалық аудандардың өсу қарқынында айырмашылықтардың сақталуының негізгі факторы болып, ірі қалалық агломерациялардың тартымдылығы табылады.
Ірі өндірістік орталық немесе өсу полюстеріне айналатын қалалардың шоғырлануы туралы Х. Ричардсон жазған болатын.
Ал Дж. Фридманның пікірінше экономикалық өсу тек қалаларда болады. Ол өсу орталықтарының құрылуының төрт кезеңін бөледі:
1. жергілікті өзектердің болуы жәе олар қамтитын аумақтарға әсері аз.
2. өсу полюсін құратын және ауқымды периферияға әсерін тигізетін қуатты бір өзектің пайда болуы
3. өсу полюстерінің полицентристік құрылымына әкелетін тағы бірнеше өзектердің дамуы
4. өзектердің күшті перифериялы урбанистикалық құрылымға қосылуы.
1960 ж аймақтардың экономикалық өсуі экономмикадағы экспорт мәнімен байланысты деген көзқарас кең танымал болды. Бұл концепция ішкі инвестициялар есебінен автономды даму мүмкіндігін терістеді. Аймақтық шаруашылық пен ішкі нарықтың масштабы арасындағы ашық деңгейі байланысын ескермеді.
Аймақтарда елдің әлеуметтік-экономикалық және қоныстану мәселелерінің толық жиынтығы шынайы түрде көрінеді. Экономикадағы бүгінгі күнгі жағдайдың ерекшелігі- экспортқа бағытталған шикізатты салалардың және шекті сұраныста артта қалған аймақтар арасындағы тұрақсыз баланс. Аймақ экономикасының шикізаттық бағдары республиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін азайтады.
Территориялық әділділік деңгейінің қажетті минималды деңгейіне жету мәселесі әрине проблемалы аймақтарға қаржылық көмек көрсету арқылы шешілуге тиіс. Алайда кейбір жағдайларда бұл жеткіліксіз болып қалады, әсіресе әңгіме жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі туралы болған жағдайда.
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу шаралары бірегей теориялық концепцияларға бағынбай, мемлекеттердің мәселесіне байланысты ерекшеленеді. Реттеу шараларын таңдағанда , батыстық немесе ресейлік модельдерді қолданбай, Қазақстан аймақтары үшін оптималды модельді таңдаған жөн.
Аймақтардың өзі жүргізетін аймақтық саясат бұл кеңістіктегі аймақтың барлық элементтерінің бірегій дамуы үшін жүргізілетін мәселе. Ал мемлекеттік аймақтық саясат, жергілікті тұрғыда аймақтық саясаттың әрекет қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тек осындай көзқараста, мемлекеттік жергілікті аймақтық саясаттың тұрақтануы өшін нақты негіз қалана алады.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістіктегі әлеуметтік, экономикалы, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйекс республика аймақтарын төрт топқ бөлуге болады:
шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
индустриялық дамыған;
агроөнеркәсіптік, дағдарыстық немесе экономикалық артта қалған аймақтар.

1.2 Мемлекеттік реттеу ұғымы және оның ерекше сипаты

Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу теориялары екі сұраққа жауап беруі тиіс:
* қандай аймақтардың экономикалық дамуын мотивациялау қажет және не үшін? Былайша айтқанда, аймақтық саясаттың мақсаты мен обьектісі қандай болуы керек?
* таңдалынған аймақтардағы экономикалық дамуды мотивациялау әдістері қандай болуы керек?
Бірінші сұраққа жауап аймақтардың экономикалық дамуын мемлекттік реттеу қажеттілігі, мақсаты және обьектісі жайындағы аймақтық өсу теорияларынан шығады.
Неоклассикалық теориялардың маңызды нәтижелерінің бірі - уақыт өте аймақтардың экономикалық өсуі теңеседі, аймақтық теорияладың дамуының алғашқы кезеңінде бұл ғылыми мектептің жақтастары аймақтардың экономикалық дамуына мемлекеттің араласуы қажетсіз деп санады. Сонымен бірге олар проблемалы аймақтарға әлеуметтік мәселелерд шешу үшін қаржылық көмектің бөлінуін терістеген жоқ.
Кумулятивті өсу теорияларының жақтастары аймақтардың экономикалық дамуының диспропорцияларының ұлғаюы немесе сақталуынан шыға отырып, керісінше белсенді аймақтық саясат жүргізілуін мақұлдады. Аймақтардың экономикалық дамуының арасындағы айырмашылықтарды азайту тұжырымдамасы да оларға тиесілі. Осыдан шығатыны мемлекет артта қалған аймақтардың дамуын ынталандыру керек.
Басында, аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу теориялары осы екі көзқараспен шектелген болатын. Неоклассикалық теория жақтастарының пікірлері уақыт өте шындыққа аспады. Қысқа мерзімде аумақтар арасындағы диспропорциялар азаймады, сондықтанда мемлекетке белгілі шарада аймақтардың дамуына араласуға тура келді. Т. Камерон үш ағымды бөліп көрсетті: неинтервенционалистер бұлар, негізінде аймақтық өсуге мемлекеттің араласуын терістеді. Адапторлар олар,стихиялық нарықтық күштердің әсерін жұмсартуға, аумақтардың дамуын табиғи үрдістерді жеделдету арқылы мардымсыз коррекциялауды мақұлдады. Және радикалды қайта құрушылар олар, интенсивті мемлекттік реттеуді жақтады. [3]
Адапторлар ойларының мәйегі мемлекеттің мемлекеттің қызметі табиғи өтетін үрдістерді олардың бағыттарын өзгертпей жеделдету. Дәлірек айтсақ , экономикалық өсуді мотивациялау кәсіпорындардың дамуы мен орналасуын жалпы дамуға сәйкес болғанда ғана әсерлі. Бұл жеке компаниялардың мүдделерімен анықталады. Ал бұл өз кезегінде, дамымыған индустриалды аудандарда өнеркәсіптің дамуы үшін алғышарттар пайда болғанда ғана болады, және ол мемлекеттің мақсатты бағытталған саясатымен қолпашталып отырады. Егер мемлекет инвестициялар үшін тартымсыз аймақтарды қолдаса, оның талпыныстары көбінесе нәтижесіз болады.
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу теорияларының пионерлері болып С. Деннисон және А. Леш саналады. Дамуды реттеуде олар екі айырмашылықты көзқарасты қалыптастырды - Деннисон және А. Леш саналады. Дамуды реттеуде олар екі айырмашылықты көзқарасты қалыптастырды- Деннисонды белсенді қайтақұрушыларға жатқызуға болады, ал Лешті адапторларға жатқызамыз. Дениссон депрессивті аудандардың реттеуін қарастырған. Негізгі назарды ол өндірістік инвестициялар географиясына әсер етуші факторларға бөлді. Деннисон өнеркәсіптік кәсіпорындардың жергіліктенуіне мемлекеттік ықпалдың әсерлігін салыстырған жоқ, алайда мемлекеттің толық реттеуі инвестицияларды субсидиялаудан әселі екенін атап көрсетті.
Леш аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің кең аясын, қарастырып, аймақтың экономикалық өзін өзі реттеуге мүмкіндігін жоғары бағалаған. Нақты шаралардың ішінде ол, кеңістіктегі табиғи үрдістердің жүруін жеңілдететін шараларды ұсынды. Ол өндірісті жылжыту, бәсекені мотивациялауға жеңілдікті жағдайлар жасауды меңзеді. Осының бәрі Лештің ойынша, капитал мобильділігін жоғарылата алады, осыны ол аумақтың испропорциясын теңдестіретін негізгі шарт деп санады. Леш, Деннисоннан айырмашылықта, артта қалған аудандарға инвестицияларды мотивациялау әсерсіз деп санады.
Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу теорияларына мағызды үлесін қосқан Э. Гувер. Ол мемлекеттік реттеу мақсаттарын жеке кәсіпорындарды кемелдіорналастырумен қатар, проблемлы аймақтардың экономикасына араласуды жатқызды. Реттеу әдістерін Гувер, жауаптыларға, олар стихиялық нарықтық күштерді жақсартады, және алдын алатынға бөлді. Олар ұзақмерзімді болашақта жұмысбастылық жағдайын жақсартады. Сонымен қатар ол шаруашылықтың түрлі салаларына байланысты және экономикалық конъюнктураның жағдайына тәуелді селективті реттеудің қажеттілігін көрсетті. Алайда ұзақмерзімді жоспардағы реттеудің маңыздылығын меңзей отырып, аймақтық іс шараларды ол біріншіден, қысқа мерзімді циклге қары реттеумен байланыстырды.
Теориялардағы тағы бір көзқарас, аумақтық әділсіздік кері әсерлермен бірге оңды әсерлерді әкеледі деген. Осындай тезис үш ойтүиіндермен анықталады. Біріншіден әділсіздік пен теңсіздік аймақ дамуы әлеуетін қолданудын толықсыздығын шарттайды.екіншіден олар қысқа мерзімді әсер бере алады, алайда ұзақ мерзімді болашақта теңсіздіктердің жинақталуына әкеледі, және оларды жоюға көптеген қаражат керек болады. Үшіншіден, және бұл бастысы болып саналады, әлгі диспропорциялар әлеуметтік жарылысқа әкеліуі мүмкін, бұл әділетсіз алайда, әсерлілікке бағытталан жүйені күтілетін экономикалық әсер алғанға дейін жоққа шығарады.
Территориялық әділділік деңгейінің қажетті минималды деңгейіне жету мәселесі әрине, проблемалы аймақтарға қаржылық көмек көрсету арқылы шешілу тиіс. Алайда кейбір жағдайларда бұл жеткіліксіз болып қалады, әсіресе әңгіме жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі туралы болған жағдайда.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің обьективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын,осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себбі ғылымның кез келген саласы оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылыми саласына айналады экономиеаны мемлекеттік реттеу әлеуметтік - шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік экономикалық және ұйымдық құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мынадай сұрақ туындайды: мұндай араласу обьективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субьективті сипатта бола ма?
Бұл сұраққа жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өрі алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылықтың дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің нарықтық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми талдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемлекеттің жүзеге асыратын іс-шараларының обьективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмеіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы К. Эклундт таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және ешқашан болған емес- деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы - ішкі әсерлерін және табыстарды әдәлетті бөлуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып білгендігін көрсетеді.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік- тауарды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара күшеюі мен тығыздылығының сыртқы әсері болып табылады.
Сонымен мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі қандай?
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсетекіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микроэкономикалық ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болады. Макро және микроэкономикалық өрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашлығын басқарудың аймақтық салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштрі басым болып келеді.
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу- мемлекттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл - үкіметтің болжамы емес, оның объективті қажеттілігі, өйткені ерікті әсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие болады.
Мемлекеттің дәстүрлі функцияларына жататындар:
1. Салық салу және бюджетті басқару жүйесін құру
2. Нарықтық механизмнің етілуі
3. Бәсекелестікті қолдау және құқыққабілеттікті қорғау
4. Тауарлар мен қызметтердің ақша жүйесімен қамтамасыз етілуі
5. Транзакциялық шығындарды азайту мақсатында қоғамдық тауарлар мен қызметтерді шығару
6. Экономиканы мемлекеттік реттеу
Айқындалған және дәстүрлі бір мемлекет қызметі- экономиканы мемлекеттік реттеу қызметі. Нарық ойындарының ережесін құрғанда мемлекеттің араласу деңгейі түрлі болуы мүмкін. Мемлекеттің тікелей араласуы мемлекеттік меншіктің көлемінің ұлғайуымен, мемлекеттік активтерді құру мен басқару, экономиканың нақты секторына мемлекеттік инвестициялардың салынуымен сипатталады.
Экономикаға мемлекеттің жанама араласуы мемлекеттік экономикалық саясат арқылы жүзеге асады. Жоғарғы саяси билік (Парламент, Президент) қоғамдық игілік функциясын құрайды, бұл қоғамның басты функциясы. Кейін соның нәтижесінде экономика талпынатын мақсатты көреткіштер анықталады. Үкімет осы көрсеткіштердің экономикалық жүйесіне әсер ететін саяси құралдарға ие.
Нәтижесінде өзі құрған экономиканы реттеу механизмі арқылы мемекет инвестицияларды мотивациялап, жинақтар мен инвестициялар арасындағы макроэкономикалық тепе теғдікті сақтайды. Сонымен қатар мемлекет, жұмыссыздықтың көлемін азайтып, халықаралық сауданы, капитал және жұмыс күшінің қозғалысын реттей алады.
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу шаралары бірегей теориялық концепцияларға бағынбай, мемлекеттердің мәселесіне қарай ерекшелінеді. Реттеу шараларын таңдағанда батыстың немесе Ресейлік модельдерді қолданбай, Қазақстан аймақтары үшңн оптималды модельді таңдаған жөн.

1.3 Аймақтық экономиканы мемллекеттік реттеу маңызы және оның құқықтық аспектілері.

Елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи әлеуметтік- экономикалық және тағы басқа аумақтық факторды толығымен ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарына нақтылаған кезде ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғарғы болады.
Қазіргі уақытта Республика кеңістігінде әлеуметтік - экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы, мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеу) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіні анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу- бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақты саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды тым күшейтіп жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша Республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Мұндай тым саралау миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың көбеюіне, аймақтардың өзара қызмет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама- қайшылықтардың өсуіне әкелуі сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік - экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктері көбінесе обьективті сипаттағы себептермен байланысты болғанменде, оларды оңтайландыру қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бірде бір мемлекет,аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің де тәжірибесі дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік- экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асыру механизмдері бар макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді басты мақсаты етіп қояды. Койылған мақсатқа жету үшін міндеттердің анықталуы шарт.олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтық ғылыми ресурстық еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асу әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен тығыз байланысты жүзеге асырылады. Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескерген жөн. Сондықтанда экономиканы мемллекеттік реттеу жүйесінде аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. [4]
Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу маңызы аймақтық саясатты қалыптастыру қажеттілігімен анықталады. Алайда мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген аспектісі болып отыр. Оның негізгі себептері:
Халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту
Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту және шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергіілікті басқару органдарының функционалды міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік
1995 ж ақпан айында 1995жылға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштері ресми түрде қабылданды. Ал 1999 жылдың наурыз айында Экономика министрлігі 1995-2005 ж.ж орта мерзімді жоспарын қалыптастыру жөніндегі құжаттар пакетін айқындады және министрліктерге, ведомстволықтарға, облыстық әкімшіліктерге жіберді. Сондағы сілтеме көптеген айқын түзетпелер мен қателіктері бар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген (1996 жылдың 14 №596) Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының индекативтік жоспарларын құрастыру мен іске асыру тізіміне болды. Сол қателіктерді байқау үшін бір ғана фактті келтірудің өзі жеткілікті: Тізімде саясат бұл тетік тетік бұл құрал, құрал бұл индикатор, индикатор бұл көрсеткіш және т.б деп бекітілген. Егерде 1999-2005 жылдардағы орта мерзімдік жоспарды осындай әдістемелік негізде құрастыратын болсақ онда, оның іске асуын бақылау мүмкін емес, яғни экономиканы мемлекеттік басқару органдарының ісін бақылау мүмкін емес, сонымен қатар қаржыландыру мәселелері жөнінде негізгі көрсеткіштер тізімінде аймақтарды дамытуды қаржыландыру көрсеткіштері жоқ. Мұндай көрсеткіштер- аймақтық даму көрсеткіштері деп аталатын 9 тарауда да жоқ. Бұның бәрі бүгінгі күні елді дамытудың орта мерзімдік , жылдық (ағымдағы) және де ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық жоспарларды әзірлеудің ғылыми әдістемелік негізінің әлсіздігін дәлелдейді. Ал бұл, өз орнында, мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруға кедергі жасайды.
1996ж 9 қаңтарда Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыпиастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша үлгілеу құрайды.
Берілген Тұжырымдаманың бастапқы алғышарттарында аймақтардың әлеуметтік даму деңгейі бойынша саралануы тереңдей түсуде. Халықтың тұрмысының деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың арасындағы айырмашылық өсіп келеді, шағын және орташа қалалары мен жекелеген ауыл шаруашылығы аудандарының проблемалары шиеленісіп келеді деп жазылған. Және де осының негізінде аймақтар мәселелерінің күрделене түсуі іске асырылатын аймақтық саясаттың кемшіліктерімен байланысты деген қорытындыға келуге болады. Онда қисынға байланысты, қазіргі аймақтық саясатта осындай кемшіліктерді жою мүдделері болуға тиіс. Бірақ Тұжырымдамада саясаттың мәнін анықтағанда екпін мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін тіршілік әрекетімен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларын пайдалануға қойылады. Егер де аймақтық факторлар тек жалы мемлекеттік мақсаттарға жетуге ғана пайдаланылатын болса, онда аймақтық саясаттың аймаққа деген пайдасы қандай? Осындай жағдайларда қазіргі мемлекеттің аймақтық саясаты тиісті шығуын ескермесе, онда оны толықтай негізделген деп айту мүмкін емес.
Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері:
Қазақстан-2030 Президенттік стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында , жоғарыда айтып өткендей, стратегиялық жоспарлаудың рөлі ерекше көрінеді. Егер оның аймақтық аспектісін алып отырсақ онда мұның құқықтық қолдауы Қазақстан Республикасының Ата заңының тиісті баптарының (86, 87) көрінеді [5] бірақ сөз облыстар, аудандар мен қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын әзірлеумен бекіту мерзімдері жөнінде болып отыр. Ал, жергілікті жоспарлаудың әдістемесі мен негіздеу қағидаларын жоспарлауды зерттеушілер мен құрастырушылар әліде ескермейді. Керісінше, жергілікті әлеуметтік - шаруашылық ерешеліктерін ескеретін, тиісті ғылыми зерттеулермен негізделмеген ірі ауқымды іспен айналысудамыз. Сонда, мысалы, салалық пен аймақтық аспектісіндегі стратегиялық жоспарлауды іске асырудың обьективті қажеттілігі туралы сөз тек қазан айында шыққан (1997) Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында ғана туындады. Осының негізінде министрліктер, ведомстволар мен облыстар басшыларына жаңа 1998 жылға дейін Агенттікпен құрастырылған Әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып, ағымдағы және ортамерзімдік стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бұйрық берілді. Бірақ осындай тапсырыстар тиісті жоспарларды әзірлеу мен іске асырудың құралдарынсыз болды. Мұнда жоспарлау обьектісінде болашақтағы конъюнктуралық өзгерістерге тәуелсіз қағдаларды атап өту қажет.
Ең алдымен, кешендеу қағидасының рөлін айрықша птап көрсету тиіс. Берілген қағиданы пайдалану бұл жоспарлы көрсеткіштерде аймақтардың меншік нысандары жүргізілген институционалды өзгерістерг қарамастан, бар әлеуметтік-шаруашылық ағзасын көрсету деген сөз, осы қағиданы ескермеу аймақтардыңәлеуметтік- экономикалық даму деңгейін салыстыру мен рейтингтік баға белгілеу жағдайында қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Салалық және аймақтық деңгейіндегі шаралардың сәйкессіздігі аймақтардағы халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады.Мұнда Қазақстан Республикасы аймақтық саясаты тұжырымдамасында келтірілген үзіндіні айту қажет : нарықтық реформаларды жүргізуде мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарында тігінен және көлденеңінен келіспеушілік және жүйессіздік реформалардың біріңғай мемлекеттік саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді Аймақтық қайта өндіру және әлеуметтік шаруашылық үрдістерді басқарудың ғылыми негізделген механизмін жасап шығару және жіберілген қателіктерді түзету қажет.
Әрине, осындай механизм Қазақстан Республикасының Ата заңына негізделуі тиіс, өйткені мұнда (86 бап) маслихаттар, жергілікті өкілді органдар, тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.сонда конституциялық және басқадай заңның құзіретін іске асырғанда маслихаттың тиісті аумақтардың әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған шешімдерге ықпалын тигізу жөніндегі еркіндік істің барлық элеметтері бар. Сондықтан аймақ мәселесінде жергілікті өзін - өзі басқару органдарын құру туралы мәселені көтеру орынды ма?
Біздің ойымызша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастыру мәселелері кем дегенде екі шарттын орындалуымен шешілуі тиіс:
* Аймақтың әлеуметтік - шаруашылық жүйесі регресс жағдайында емес, экономикалық прогресс тәртібімен жұмыс істеуі қажет
* Адамдардың интелектуалды деңгейі мен құқықтық ой өрісінің дамуы заңның басымдылығын нірсе ретінде қабылдайтын деңгейге жеткізілуі тиіс [6]
Жақын арада мемлекетті және оның экономикасын басқарудың орталықсыздандырудың негізі ретінде жергілікті өкілді және атқарушы органдарға олардың кейбір функциялары берілуі тиіс. Олардың құзіретіне, конституциялық міндеттемелерден басқа муниципалдық сипаты бар төмендегі мәселелер кіруі мүмкін:
Қаржы- бюджеттік ресурстарды дербес пайдалану және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қаражаттарын мотивациялау негізінде тиісті аумақта экономикасын кешенді түрде дамытуды қамтамасыз ету;
Табиғи экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, мәдени, интелектуалды сипатындағы жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ақылы қызмет көрсету және өнімнің сапасые жоғарылатуға бағытталған кәсіпкерлік істің белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру;
Ауылды жерлер тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және егістік даламен фермалар өнімдерін жоғалтуды қысқарту есебінен ірі экономикалық әсерді алуға мүмкіндік беретін ауылды шағын индустриаландыруды мотивациялау байланысты шешімдерді қабылдау [7]
Қазақстандағы әкімшілік - аумақтық бірлік азаматтық заңнамамен реттелетін қатынастарда осы қатынастардығ басқа да қатысушыларымен бірдей бастамада қатысады. Әкімшілік - аумақтық бірлік өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырып сотта жергілікті басқару органдарының олардың құзіреті аясында бола алады - делінген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде.
Әкімшілік - аумақтық бірлікке Азаматтық кодекстің ережелері қолданылады[8]
Мемлекеттік аймаққа құқықтық әсерінің қысқаша мына тұрлерін бөлуге болады:
* Аймақтық бағдарламалар
* Бюджеттік инвестициялар
* Жеке шешімдер
* Жұмысбастылыққа мемлекет тарапынан ықпал ету
* Республикалық міндеттемелерге аймақтарға коммерциялық несиелер
* Ерекше ұйымдық-құқықтық нормаларды құрастыру
Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу саясаты басынан ұлттық мақсаттарға жетуді көздеді: толық жұмысбастылыққа қол жеткізу, өмір сапасын көтеру табыстарды әділ бөлу тұрақты экономикалық өсу.
Аумақтардың дамуы әсерлі іске асуы үшін ел Үкіметімен 2015 ж дейінгі Қазақстаның аумақтық даму стратегиясы қабылданды.
Бағдарлама аймақтардың бәсекеге қабілетті мамандануын, экономикалық маңызды аудандардағы еңбек ресурстарының шоғырлануына мүмкіндік жасау өсу полюстерінің тұрақтануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама экстремалды табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық, технико-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың сапалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандарға баса назар аударады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан арылу үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы мәселедегі аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардң денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан кіші және шағын қалалардың және де басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын осылай жоспарлау, басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға

2 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

2.1 Шетелдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесі

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін смес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалытастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы онды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер интеграцияланған мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әкекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.
Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы интеграцияланған мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі Жерлерге жүктелген, ал итальяңдық жүйенің көпшілік әлементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы - GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру.
Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федерал-ды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық бағам түсінігі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары мен функциялары
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары
Басқару ғылымының мәні мен әдістері
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Халықаралық сауданың баламалы теориялары
Экономикалық цикл теориялары
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Пәндер