Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 б.
1-Тарау. Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша
заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны
1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында
акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... .. 8б.
2-Тарау. Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
2.1. Акционерлік қоғам акционерлерінің негізгі құқықтары мен міндеттерінің
сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20 б.
2.2. Акционердің дивидендтке деген құқықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25 б.
2.3. Акционердің акцияларға билік ету құқығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32 б.
2.4. Акционерлік қоғам акционерінің мүліктік емес құқықтары ... ... ... 41
б.
3-Тарау. Акционерлік қоғамды басқарудың құқықтық негіздері
3.1. Акционерлік қоғамдарды басқарудың жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... 44 б.
3.2. Акционерлік қоғамдағы органдардың құзыреттерінің шектері ... ... 46 б.
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 53 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55 б.
Кіріспе
Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы Қазақстан
Республикасының дамуында үлкен маңызға нарықтық қатынастардың дамуы мен
сырттан ел экономикасына инвестиция тарту мәселесі ие болып отырғандығы
анық. Демократиялық қоғамды қалыптастыру секілді нарықтық экономиканы да
тік тұрғызу оны құқықтық қамтамасыз етусіз мүмкін болып табылмайды.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды жақсартып,
инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін әрекет етуші заңнаманы
бірнеше жетілдіру керек.
Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын
акционерілік қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет етуші
акционерлік заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам акционерлерінің
құқықтарын зерттеуге бағытталған. Бұл тақырыптың өзектілігі мен
көкейтестілігі Қазақстан Республикасында қаншама жыл бойы заңды тұлғаның
акционерлік нысанының өмір сүруіне қарамастан, акционерлік қоғамдардың
құқықтық жағдайлары мен акционерлердің құқықтарын қорғау мәселесі құқықтық
әдебиеттерде әлі де жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігіне байланысты.
Акционерлік қатынатардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын
арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың
құқықтық жағдайын және акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын
қорғаудың құқықтық механизмін зерттеуді талап етіп отыр.
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы туралы мәселе бірқатар
қазақстандық авторлардың еңбектерінде кездеседі. Атап айтар болсақ, олар:
Ю.Г.Басин, И.П.Грешников, А.Г.Диденко, В.А.Жакенов, М.К.Сулейменов,
А.И.Худяков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектері акционерлік
қоғам туралы ой қозғайды.
Осы аталып отырған авторлардың барлықтарының еңбектері акционерлік
қоғамдардың жалпы құқықтық сипаттамасын ашуға бағытталған болатын. Бірақ
бұл авторлардың еңбектері акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтық
жағдайларына және олардың құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдеріне
назар аудара бермейді.
Сонымен қатар акционерлік қоғамның органдары, яғни оны басқару
органдарын зерттеу, олардың құқықтық құзыреттерін айқындау да үлкен маңызға
ие болып табылады, өйткені қазіргі кездегі заңнама біздің қоғамымызда болып
жатқан кәсіпкерлік саласындағы үлкен өзгерістерге ілесе алмай жатады.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдарды дамыту экономиканы
мемлекетсіздендіру мәселесін шешудің бірден бір дұрыс жолы болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау арқылы мемлекетсіздендіру және
жекешелендіру заңды тұлғалардың акционерлік нысанының дамуына алып келді.
Қазақстан Республикасындағы акционерлік инфрақұрылым ең басында
мемлекеттік кәсіпорындарды акциялаумен, ашық типтегі инвестициялық
жекешелендіру қорларын құру жолымен және шетел инвестицияларын тарту
жолымен, биржа қорларының, бағалы қағаздардың биржадан тыс қорларының
қызмет ету жолымен құрылған болатын.
Дегенменен, Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы акционерлік
қоғам нысанында пайда болған заңды тұлғалардың дамуына байланысты кейбір
кедергілердің бар болғандығын да айта кету керек. Мемлекеттік
кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдарды құру
акционерлер мен акционерлік қоғамдардың менеджментінің арасындағы
қатынастарда проблемалы жағдайлардың пайда болуларына алып келді. Көпшілік
жағдайларда жекешелендіру жолымен құрылған акционерлік қоғамдарда
акционерлік қоғамның көпшілік акциялары жоғарғы менеджелерге тиесілі болды
және олар өз кезегінде акционерлік қоғам акцияларына өз мүліктеріне секілді
басшылық жасауды жүзеге асырып отырды.
Сонымен кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуы мен оған тиесілі құқықтық
базаның болмауы акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын айқын қорғау
керек екендігін көрсетті.
Осы аталып кеткен сауалдарды зерттеу және соған сай Қазақстан
Республикасының заңдық базасына тиесілі баға беру осы ұсынылып отырған
жұмыстың негізгі мақсатын көрсетеді.
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайларын зерттеуге бағытталып
отырған біздің жұмыстың зерттеу пәні болып акционерлерлік қоғамдардың
құқықтық жағдайын айқындау болып табылады.
Осыған байланысты біздің жұмыста келесі сұрақтар қарастырғалы отыр:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғалардың ішіндегі
акционерлік қоғамдардың түсінігін беру және оның орнын анықтау;
- акционерлік қоғамды басқа заңды тұлғалардан айырмалайтын акциялардың
және басқа да бағалы қағаздардың құқықтық режимін анықтау;
- акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтық жағдайын анықтау;
- акционерлік қоғамды басқару жүйесін анықтау;
- акционерлік қоғамдардың мүліктік және мүліктік емес құқытарын анықтау
және оларды жүзеге асыру механизмдерін қарастыру.
Осы тұста ұсынылып отырған зерттеу жұмысының негізгі деген
мақсаттарын да анықтап, мәнін ашып кетуді жөн санап отырмыз. Зерттеу
жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша акционерлік
қоғамдардың түсінігін ашу, оның басқа заңды тұлғалардан негізгі
ерекшеліктерін айқындау және акционерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін
зерттеу.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың зерттеу динамикасын
анықтау, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды
тұлғалардың ішіндегі акционерлік қоғамдардың түсінігін беру және
оның орнын анықтау;
2) Акционерлік қоғам акциялары мен басқа да бағалы қағаздарына тиесілі
сауалдарды зерттеу;
3) әрекеттегі акционерлік заңнамаға шолу жасау және оны одан әрі
жетілдіру үшін пікірлер мен ұсыныстарды ұсыну;
4) акционерлердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарының шегін
анықтау;
5) акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін
қарастыру;
6) акционерлік қоғамның басқарушы және бақылаушы органдарының
құзыреттерін анықтау.
Жұмыстың құрылымдық бөліктеріне келетін болсақ, зерттеу жұмысы үш
тараудан және алты бөліменен тұрады. Зерттеу жұмысының ең бірінші тарауы
“Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды
тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны” деп аталады. Осы тұста біз
акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі түсінігін, сонымен қатар оның
заңды тұлғалар жүйесінде алатын орны туралы мәселелерді кеңінен қозғаймыз.
Сонымен қатар бұл бөлімде біз Қазақстан Республикасының акционерлік
қоғамдарға қатысты деген заңнамалық базасының дамуының жолы туралы да
мәселерді көтереміз.
Ұсынылып отырған жұмыстың екінші тарауы “Акционерлік қоғам
акционерінің құқықтық жағдайы” деген атауға ие. Бұл тарау негізінен
акционерлік қоғамның заңды тұлғаның бір түрі ретіндегі ерекшеліктерін
ескере отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің негізгі деген мүліктік
және мүліктік емес құқықтарын айқындайды. Сонымен қатар бұл тарауда
акционерлердің құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен оларды қорғаудың негізгі
механизмдері зерттеледі.
Үшінші тарау “Акционерлік қоғамды басқарудың құқықтық негіздері”
деген атаумен ұсынылып отыр. Акционерлік қоғамның өзі күрделі қоғам түрі
болып табылғандықтан, оны басқарып тұрудың өзі және оның қызметін бақылау
өте үлкен маңызға ие болып тұрады. Тиісінше бұл бөлімде біз акционерлік
қоғамдағы басқарушы органдардың құқықтық құзыреттерін айқындаймыз.

1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында
акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла
бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ
КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы”
деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң
актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”,
“Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы
аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында
акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік
қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты.
Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік
(корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”,
“Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен
жатқызуға болады.
Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына
қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып
келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз – бұл
капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен
құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны
болып табылады.
Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам – бұл
капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен
және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып
табылады”. “Акционерлік қоғам – бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық
нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және
пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды
жүзеге асырады” [1]деген де ойлардың кездесетінін айту орынды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13-мамырындағы Акционерлік
қоғамдар туралы Заңының 3-бабына сәйкес, өз қызметін жүзеге асыру үшін
қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам
деп танылады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, акционерлік қоғамға Ресей
Федерациясының да заңнамасы анықтама береді. Ол анықтамаға сәйкес,
акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы бірнеше белгілі бір акциялар
санына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады.
Біздің пікірімізше, акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты
осыншама анықтаманың болуы осы қоғамның тек тарихи ерекшелігіне ғана
байланысты емес, ол сонымен қатар осы акционерлік ұйымдардың күрделілігімен
байланысты болып отырады. Осыған байланысты әлемдегі көптеген
мемлекеттердің заңнамасында акционерлік қоғамдардың заңды анықтамасы
берілмейді. Негізінен, біздің ойымызша, қазақстандық заң шығарушының
акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты заңдық анықтаманы бергені
дұрыс болып табылады, себебі заңдық анықтаманың болуы барлық жағдайларда
үлкен теориялық дауларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Дегенменен, заңдық анықтаманың қаншалықты деңгейде берілгенімен бұл
ұйымның барлық конститутивтік белгілерін заңдық анықтаманың құрамына
сіңдіру мүмкін болып табылмайды.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы берген
акционерлік қоғамның анықтамасы оны заңды тұлғалардың түрлерінің жүйесінен,
сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың жүйесінен тануға және оның Қазақстан
Республикасының заңнамасында алатын орнын анықтауға жеткілікті болып
келеді.
Корпорациялардың көбісінің жауапкершілігі әдетте өз активтерімен
шектелген болып келеді және акционерлер осының арқасында корпорацияның
ісіне байланысты ешқандай тәуекелді көтермейді. Акционерлік қоғамдар
салықтың арнайы корпоративтік ставкалары бойынша салық төлеуге жатады .
Акционерлік қоғам акционерін айта отырып, Қазақстан Республикасының
заңнамасының құрылтайшы, қатысушы, акционер түсініктерін жалпы анықтамамен
анықтағандығын да айта кету керек болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшысы
қарастырылады. Оған сәйкес, мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген
органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге
де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда,
мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін
заңды тұлғалар меншік иесінің немесе олар уәкілдік берген органның
келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімінің,
85-бабының 2-бөлімінің, 86-бабының 5-бөлімінің негізінде акционерлік қоғам
акционерлері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктеріндегідей қатысушының анықтамасына тиесілі болып кетеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімі
акционерлердің құқықтық жағдайларына да әсер етеді, ал бұл өз кезегінде
акционер мен акционерлік қоғам арасындағы қатынастардың логикасына кереғар
болып келеді. Сонымен қатар ол кодекстің құрылымына қарайтын болсақ, заңды
тұлғалардың құқықтық жағдайларын қарастыратын жалпы нормалардың құрамында
тұр.
Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-
бабының 2-бөліміне сәйкес, қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша
жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам
қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Осы аталып отырғанымызға
сәйкес, қоғам таратылған жағдайда акционерлерге акционерлік қоғамның
міндеттемелерін өтеу міндеті жүктелмейді. Осының өзі акционерлік қоғамның,
дәлірек айтсақ осы қоғамның таратылуының өзіндік, спецификалық ерекшелігін
көрсетеді. Атап айтатын болсақ, серіктері серіктестіктің міндеттемелері
бойынша өзінің мүлкімен толық ортақтасқан түрде жауап беретін толық
серіктестіктен.
Сонымен, біздің ойымызша заң шығарушының акционерге қатысты
қатысушы деп анықтама беруі, біздің пікірімізше, қате болып келеді, өйткені
олардың құқықтық мәртебелері түрлі болып келеді.
Акционерлік қоғам өз акционерлерінің акцияларымен ғана шектелген
жауапкершілікке ие болып табылады. С.И.Климкиннің айтуынша, акционерлік
қоғамның осы белгісі акционерлік қоғамды серіктері шексіз жауапты болатын
толық серіктестіктен және шектеулі жауапкершілігі шексіз жауапкершілікпен
жанасатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайынан
ерекшелейді[2].
Өндірістік кооперативтен акционерлік қоғамның ерекшелігін алып
қарастыратын болсақ, акционерлік қоғамда өндірістік кооперативіндегідей
қатысушылардың еңбектік қатысуы қажет болып табылмайды.
Бұл дегеніміз акционерлік қоғам акционері еңбектік қатысудан
бөлінгендігін білдірмейді. Кез келген уақытта акционердің акционерлік
қоғамда еңбектік қатысу жетіклікті деңгейдегі нәтижелерге алып келетіндігі
айқын, себебі акционерлік қоғам бұл тек қана капиталдың жиынтығы емес, ол
сонымен қатар меншік иелерінің – капитал иелерінің жиынтығы болып келеді.
Акционерлік қоғамда жеке қатысудың шегі акционерге тиесілі акциялардың
санымен айқындалады.
Сонымен қатар, акционерлік қоғамдағы акционердің тұлғасы қоғам үшін
де, және де акционерлік қатынастардың динамикасына да өз әсерін тигізбей
қоймайды. Қоғамның дұрыс қызмет етуі барлық жағдайда қоғамның бақылаушы
акцияларын иеленген тұлғаның іскерлік қасиетіне қатысты болып келеді.
Сонымен қатар акционерлік қоғам қатысушысының мәні жалғыз құрылтайшыдан
тұратын акционерлік қоғамдар туралы сөз қозғағанда жедел өсіп кетеді.
Кейбір авторлардың “акционерлік қоғам акционерлері бірлесіп жұмыс
істеуді өздеріне міндет етіп алады” деген пікірлерімен келісуге болмайды.
Акционерлік қоғамдардың қызметінің бағыттарына байланысты құқықтық
әдебиеттерде бірлескен кәсіпорындардың болуы мүмкін бірлескен кәсіпорындары
туралы айтылады. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27-желтоқсандағы
“Шетел инвестициялары туралы” Заңының 14-бабына сәйкес “шетел қатысуы бар
кәсіпорындар шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және заңнамаға қарсы
келмейтін бақа да нысандарда құрылуы мүмкін делінген.
М.К.Сүлейменовтың айтуынша Қазақстан Республикасында ең көп
таралған заңды тұлға нысандары жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен
акционерлік қоғамдар танылады. Автордың ойынша, жоғарыда көрсетілген
коммерциялық заңды тұлғалардың нысандары шетел партнерларына анағұрлым
тиімді болып келеді, себебі осылардың әрқайсысы заңды тұлға таратылған
кезде шетел инвесторларының мүдделерін барынша қамтамасыз етуге көбірек
кепілдік береді[3].
Акционерлік қоғамның ерікті түрде таратылған кезінде бұл туралы
шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Олар акционерлік
қоғамның таратушылық процедурасын анықтайды. Мәжбүрлі түрде акционерлік
қоғам дәл басқа заңды тұлғалар секілді негіздерде таратылады. Бірақ соған
қарамастан заңда тек осы акционерлік қоғамдардың мәжбүрлеп таратылуына
байланысты кейбір жағдайлар көрсетіліп кетеді: Қазақстан Республикасының
заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге
асырады. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе,
қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен
тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы
кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Тарату
комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің
өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге
де адамдар енгізілуге тиіс.
Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын
қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған
акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жойылуға жатады.
Сотқа талап арызбен таратуды сұрайтын мүдделі адам туралы заң
ештеңе айтпаған. Бірақ біздің пікірімізше, мүдделі тұлғалар ретінде заң
несие берушілерді және шеңбері шектеулі тағы бір топты таниды.
Құқықтық әдебиеттерде акционерлік қоғамдардың басқа заңды тұлға
нысанына қайта ұйымдастырылуына байланысты да ерекшеліктерін анықтауға ден
қойған. В.А.Жакенов акционерлік қоғамдардың өндірістік кооперативтерге
қайта ұйымдастыруына қатысты ой қозғайды. Оның пайымдауынша, акционерлік
қоғам өндірістік кооператив нысанын қайта ұйымдастырылған кезде акционерлік
қоғам акционерлерінің құқықтары елеулі түрде бұзылады, өйткені өндірістік
кооператив қатысушысы мәртебесін алу үшін міндетті түрде еңбектік
қатысушылық болу міндетті[4].
Құқықтық әдебиеттерден біз акционерлік қоғамдар неліктен көбіне
жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанына қайта ұйымдастырылады деген
сауалға жауап таба алмадық. Осы тұста акционерлік қоғам мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің бірінің капиталдың ұйымдастырылуы, екіншісінде
тұлғалардың ұйымдастырылуы екендігін айта кеткен жөн.
Біздіңше, заңнамамен акционерлік қоғамның тек қана шаруашылық
серіктестігіне және өндірістік кооперативіне қайта құрылуы мүмкін екендігін
бекіту дұрыс болып табылмайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 85-бабына
сәйкес акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және өзіне тиесілі акциялардың шегінде қоғамның қызметіне
байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Осылайша, акционерлік қоғам
акционрелік қоғам акционерлерінің қоғам қызметіне қатысты минималды
жауапкершілікті көтеретін заңды тұлға болып табылады.
Сондықтан да егер акционерлік қоғамдар толық серіктестікке немесе
қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке қайта құрылған кезде акционерлік
қоғам акционерлерінің шығындарға деген тәуекелдері тез арада өсіп кетеді.
Сондықтан да біздің ойымызша, жоғарыдағыларды ескере отырып, акционерлік
қоғамдардың қайта құрылу сауалын акционерлердің және акционерлік қоғамның
өзінің шешуіне беру керек сияқты. Себебі кез келген акционерлік қоғамның
акционерлері өз көтеретін тәуекелін өзі анықтап, өзі жөн санаған заңды
тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын дербес анықтауы тиіс.
Жоғарыда атап кеткендей, акционерлік қоғамды ерекшелейтін бірден
бір белгісі оның өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында
акциялар шығаруы танылады. Ендігі кезекті осы акционерлік қоғамның бағалы
қағаздарына, атап айтқанда акцияларға ден салайық.
Біз айтқандай, заңды тұлғаның акционерлік қоғам секілді нысаны
капиталды ұзақ уақыт бойы шоғырландырудың және соның есебінен кәсіпкерлікті
қызметті жүзеге асырудың ең тиімді нысаны болып табылады. Сонымен қатар,
акционерлік қоғам бағалы қағаздардың нарығынан тыс өмір сүре алмайды,
өйткені бұл акционерлік қоғамның мазмұнының өзіне кереғар келеді.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың нарығы 13 жылға жуық
шамада өмір сүріп келеді. Бағалы қағазадарға қатысты ең алғашқы нормативтік
құжат болып “Бағалы қағаздардың айналымы және ҚазақКСР-ндағы қор биржасы
туралы” ҚазақКСР-нің заңы болды.
Сол кездегі бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге
асыратын орган ретінде Қаржы Министрлігі анықталды. Ол:
- бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асырды;
- бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға рұқсат
беретін лицензияларды беруді жүзеге асырды;
- қор биржаларын тіркеді;
- бағалы қағаз нарығы қатысушыларынан бағалы қағаздар операциялары
жөнінде кез келген ақпараттарды таратуға, бағалы қағаздардың айналымы
мен эмиссиясын тоқтатуға немесе шектеуге, қор биржаларының қызметін
тоқтатуды сұрап сотқа шағымдануға құқығы болды.
Содан соң 1991 жылдың 21-маусымында Қазақ КСР-нің “Шаруашылық
серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заңы қабылданды. Осы заңның
негізінде акционерлік қоғамның құрылуы кезіндегі акциялардың шекті саны
бекітілген болатын. Оған сәйкес, акционерлік қоғам құрылған сәтте он
еселенген болуы тиіс еді және олардың барлығы бірдей номиналдық бағамға ие
болулары керек еді.
Содан соң 1993 жылдың 20-наурызында Қазақстан Республикасы
Президентінің “Бағалы қағаздардың нарығын қалыптастыру шаралары туралы”
Жарлығы шықты, оған сәйкес Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия
құрылды.
Акционерлік қоғамның негізгі бағалы қағаздары ретінде акция мен
облигациялар танылады. Енді осылардың құқықтық табиғатына назар аударайық.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 139-бабының мазмұнына
сәйкес, акция өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза
табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның
істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған бір бөлігіне
құқығын куәландыратын бағалы қағаз түрі болып табылады.
Ал 2003 жылдың 13-мамырында қабылданған Акционерлік қоғамдар туралы
заңның 1-бабы акцияны акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды
басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның
мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз деп танып,
Азаматтық кодекстегі бап мазмұнын қайталайды.
Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 12-
бабының 3-бөліміне сәйкес акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік
құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп
танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды
пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 209-бабының 4-бөлімінің
негізінде ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен
кезде пайда болады, оны өзінің мақсатына өзгертілмейінше бөлуге болмайды
(бөлінбейтін заттар), өйткені ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 219-бабына сәйкес ортақ
бірлескен меншік ерлі-зайыптылардың отақ меншігі, шаруа (фермер)
қожалығының ортақ меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік
түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері
көзделуі мүмкін (1 және 2-бөлімдері).
Сонымен заңнама бірнеше тұлғалардың акцияларды иемденуін ортақ
үлестік меншік құқығының құқықтық режиміне жатқызған, өйткені 219-бапта
көрсетілген ортақ меншіктің тізілімі шекті болып табылайды. Дегенменен,
мұнда ерекше жағдай да болуы мүмкін, мысалы Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 219-бабының 1-бөлігінде және 223-бабында көрсетілген
жағдайлар орын алған уақытта акция ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі
болып танылуы мүмкін.
Акцияларды бірлесіп иемденуге байланысты сауалға қатысты
әдебиеттерде әділ көрсетіліп жүргендей, келтіріліп отырған нормативтік
модель ортақ экономикалық мүддені көздеген акция иемденушілерінің
арасындағы өзара қарым-қатынастардың идеалды болуын меңзейді[5].
Дегенменен, нақты өмірлік жағдайда өзінің құқықтарын осы тәрптіпте жүзеге
асыруға байланысты қиындықтар да туып отырады.
Сондықтан да акцияларды бірлесіп иемденуге байланысты проблеманы
шешу үшін оны тиімді реттейтін нормативтік модельді ойластыру қажет болып
табылады.
Біздің ойымызша, бұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің ортақ меншікке арналған тарауларында бекітілген
концепцияны ұстану керек сияқты. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 212-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның
барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады. Азаматтық кодекстің 213-
бабының негізінде “үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның
барлық қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда – сот
белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тиісінше, жоғарыда аталған ортақ меншіктегі мүлік иеленушілерінің
ортақ өкілі өздерінің құқықтарын өзара келісім негізінде жүзеге асырулары
тиіс. Ондай келісім болмаған жағдайда құқықты жүзеге асыру тәртібі соттың
шешімімен анықталады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы
Заңы акция мен облигациялардан басқа акционерлік қоғамның басқа да
Акционерлік қоғамдар туралы Заңда көзделмеген бағалы қағаздарды шығару
мүмкін екендігін көздейді. Олардың қатарына қойма куәлігін (Азаматтық
кодекстің 797-бабы), ипотекалық куәлікті, коносаментті және заңмен
анықталған тәртіпте өкілетті органмен бағалы қағаз ретінде танылған басқа
да бағалы қағаздың түрлерін жатқызуға болады. Сонымен, байқағанымыздай,
құжаттарға бағалы қағаздардың статусын беру құзыретті органдардың соларды
солай тануына байланысты болып табылады.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы туынды
бағалы қағаздар деген жаңа түсінікті енгізген болатын. Олардың қатарына
варрантты жатқызуға болады.
Сонымен қатар акционерлік заңнаманың опционға қатысты да бірнеше
ойларды қозғайтындығын айта кету керек.
Опциондарды бекіту туралы шешімді қабылдауға құзыретті орган
қоғамның Жарғысымен анықталатындығын да айта кету керек. Құқықтық
әдебиеттерде кездесетін ойларға сәйкес Заң варрант пен опционның арасындағы
айырмашылықтарды формальді түрде көрсетеді, ал шындап келгенде олардың
арасында ешқандай да бір айырмашылықтар жоқ[6].
Акционерлік қоғамдар туралы Заңға сәйкес опцион - белгіленген
нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен
кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу
немесе сату құқығына ие болады делінген.

Ең біріншіден, Акционерлік қоғамдар туралы Заң да, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі де акционерлік қоғам акционерінің
құқықтық жағдайын бөліп қарастырмайтындығын айта кету керек. Акционерлік
қоғамдар туралы Заңның мазмұнына сәйкес акционерлік қоғам акционерлерінің
келесідей құқықтары бар:
1) Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға
қатысуға;
2) дивидендтер алуға;
3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің
жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен
қоғамның қаржы есептілігімен танысуға;
4) тіркеушіден немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік
құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне
сайлау үшін кандидатура ұсынуға;
6) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға;
7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және қоғамға сауал
келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға;
8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
9) Заңда белгіленген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның
акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып
алуға құқығы бар (Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы
Заңының 14-бабы).
Сонымен қатар Заң ірі акционер деген түсінікті енгізіп, оның
құқықтық жағдайын ерекше етіп анықтайды. Қазақстан Республикасының
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 1-бабына сәйкес ірі акционер ретінде
бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап
алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және
одан да көп (халықтық қоғамда - бес және одан да көп) проценті тиесілі
акционер немесе бірнеше акционер танылады.
Ірі акционердің, сондай-ақ:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге
немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан
бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
2) директорлар кеңесіне осы Заңға сәйкес акционерлердің жалпы
жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге
құқығы бар (Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы
Заңының 14-бабының 2-бөлімі).
Акционерлік қоғамдар туралы Заңның өзінің анықтап отырғанындай,
акционерлердің жоғарыда көрсетілген құқықтарын шектеуге жол берілмейді және
де акционерлік қоғам акционерлерінің заңда белгіленген осы құқықтарын
шектейтін акционерлік қоғамның Жарғысының және оның органдарының
шешімдерінің бекіткен нормалары жарамсыз болып табылады.
Қоғамның жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі
мүмкін.
Бірқатар акционерлік қоғамдардың қызметінде, егер құрамында
шетелдік акционерлердің қатысуы орын алатын болса, құрылтай шартынан басқа
“Акционерлердің келісімі” деген түсінікті енгізеді. Ал бұл өз кезегінде
акционерлердің құқықтарын регламентациялайтын ерекше бір қосымша нысан
болып табылады.
Осы айтылып отырған “Акционерлердің келісімін” жасасудың қаншалықты
қажеттілігі бар деген сұраққа азаматтық құқық теорясының көрнекті өкілдері
жауап іздегендей болды. Ф.Карагусованың айтуы бойынша, “акционерлердің
келісімінің” бекітілуі келесідей жағдаймен байланысты: қоғамның құрылтай
шарты қоғамның құрылтайшыларының тек қана қоғамды құруға байланысты
қатынастарын ретейді, сонымен қатар онда қоғамның өзінің қызметіне
байланысты басқа да ережелерді жинақтауы мүмкін; акционерлік қоғамның
жарғысы акционерлік қоғамның оның органдарының түрінде үшінші тұлғалармен
қатынастарын реттейді”[7].
Дегенмен, Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 7-бабының 1-бөліміне
сәйкес акционерлік қоғамның құрылтай шартында басқа да мәліметтер
көрсетілуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің жалпы
ережелерін, азаматтық құқықтың теориялық принциптерін басшылыққа ала
отырып, акционерлік қоғамның құрылтай шартында Заңда көзделген міндетті
мәліметтер мен ережелерден басқа да мәліметтер көзделуі мүмкін. Дегенменен,
заңның анықтап берген міндетті мәліметтерін құрылтай шартында көздеу
міндетті болып табылады.
Біздің атап отырғанымыз, азаматтық құқықтың негізгі деген
принциптерінің бірі – диспозитивтілік принципінен бастау алады. Акционерлік
қоғам туралы Заңның нормалары құрылтай шартында болуға міндетті ережелерді
айқындай отырып, онда көрсетілуі мүмкін басқа да ережелердің болуы мүмкін
екендігін анықтап береді.
Құрылтай құжаттарының және де акционерлік қоғам акционерлерінің
арасында жасалатын “Акционерлердің келсімінің” мазмұнында не болмасын,
олардың қай қайсысы Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 14-бабында
бекітілген акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын ешқандай жағдайда
бұзбауға тиіс.
Заң акционерлік қоғам акционерінің құқықтарын айқындай отырып, оның
міндеттерінің де тізбесін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Акционерлік
қоғамдар туралы Заңының 15-бабының 1-бөліміне сәйкес, қоғамның акционері:
1) акцияларды төлеуге;
2) осы акционерге тиесілі акцияларды тіркеуші мен нақтылы ұстаушыға
қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті
мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға;
3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;
4) Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-бабына сәйкес,
“құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер
енгізілуі мүмкін”, “жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер
көзделуі мүмкін”.
Акционерлік қоғам акционерлеріне заңда көрсетілгеннен басқа
міндеттерді көздеуге байланысты құқықтық әдебиеттерде бірнеше кереғар
пікірлер кездеседі.
Бұрындары азаматтық-құқықтық доктриналарда акционерлік қоғамның
акционерлерге қосымша міндет жүктеулеріне қатысты түрлі пікірлер
қалыптасқан болатын.
Азаматтық құқықта акционерлерге акцияларды төлеуден басқа
міндеттерді жүктегенді жоққа шығаратын тұжырым басымдыққа ие болып, қолдау
таба бастады.
Дегенменен авторлардың бірқатары акционерлік қоғам акционерлерінің
акцияларды төлеу бойынша міндеттері олардың қосымша міндеттері емес,
олардың негізгі міндеттері болып табылады[8].
Біздіңше қазақстандық заң шығарушының акционерлік қоғам акционеріне
заңда көзделгеннен басқа міндеттерді жүктеуге қатаң тыйым салу
акционерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған секілді.
Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 21-бабына
сәйкес қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша, мүліктік құқықтар
(соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік
енгізілуі мүмкін.
Ендігі кезекте мемлекеттің акционерлік қоғам акционері болу
мүмкіндігіне біршама шолу жасап кетейік.
Кеңес Үкіметінің уақытында өндірістің 90 пайызға жуығы мемлекетке
тиесілі болып табылған. Бұл жағдайы жаңа нарықтық жағдайларда сақталып
тұра алмады, өйткені мемлекет барлық жағдайларда капиталдың бір бөлігін
иемдене отырып, экномиканы жай басқару ғана міндетіне көшті.

Біз жоғарыда атап кеткендей, акционерлердің мүліктік құқықтарының
ішінен дивидендке деген құқықты; акционерлік қоғамның қосымша шығаратын
акцияларын сатып алудың басым құқығы сияқты құқықтарды бөліп шығаруға
болады. Акционерлік қоғамдарда акционердің мүліктік құқығы оның сол қоғамға
мүліктік қатыстылығына байланысты болып келеді, себебі, біз білетіндей,
акционерлік қоғамда тұлғаның еңбектік қатыстылығы барынша маңызды болып
келе бермейді.
Акционерлік қоғам акционерлерінің ең бастапқы мүліктік
құқықтарының ішінен акционердің дивидендтке деген құқығы үлкен маңызға ие
болып табылады. Бұл акционердің ең маңызды және көне құқығы болып табылады.
Акционерлік қоғам акционерінің қоғамдағы үлесі ретінде тек оның
өзінің мүліктік қатысуын ғана емес, сонымен қатар оның өзінің жеке қатысуын
да қарастыру керек сияқты. Дегенменен, нақ осы акционердің акционерлік
қоғамдағы мүліктік қатысуы оның қоғамдағы құқықтық статусын айқындайды.
Дивидендке берген азаматтық құқықтағы анықтамалар сан алуан.
Біреулері акционерлікқ оғамдағ,ы дивидендтерді ссудалық пайыздар деп
қарастырса, біреулері акционерлік қоғам акционерлерін кәсіпкерлер ретінде
танып, дивидендтерге кәсіпкерліқ қызметтен түскен табыс ретінде баға
береді. Сонымен қатар дивидент акционерлік қоғамға мүшеліктен пайда болған
табыс ретінде қарастырылады.
Біздің пікірімізше, осы соңғы айтылған дивидендтің түсініктемесі
дұрыс болып келеді, өйткені Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 1-бабына
сәйкес дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік
қоғам төлейтін кірісі болып табылады.
Әдетте, акционерлік қоғам акционеріне төленетін дивиденд қоғамда
қабылданған дивидендтік саясатқа сай жүргізіледі.
Дивидендтік саясатты теориялық тұрғыдан дұрыс таңдау екі маңызды
деген сауалдарға жауап береді:
- дивидендтердің көлемінің көптігі акционерлердің жиынтықтық байлығына
әсер етеді ме?
- егер әсер ететін болса, онда оның көлемі қандай болуы тиіс?
Дивидендтік саясат теориясында екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі
дивидендтерді қалдық принцип бойынша төлеу теориясы. Осы көзқарасты
қолдаушылардың пікірлерінше, дивидендтердің көлемінің үлкен болуы
акционерлердің жиынтықтық байлықтарына әсер етеді, сондықтан да
дивидендттік саясаттағы тиімді стратегияға сәйкес дивидендтер акционерлерге
акционерлік қоғамның инвестициялық жобаларына ақша салынғаннан қалғаннан
кейін ғана төленеді және ол жобалардың тиімділігін қоғамның өзі анықтайды.
Тиісінше, егер акционерлік қоғам инвестициялайтын тиімді жобаларды
айқын қаржыландыратын болса, онда акционерлік қоғам акционерлерінің
дивидендтік табыстары барынша нөлге тең болулары мүмкін.
Және керісінше, егер де акционерлік қоғам қаржыларды табысты түрде
орналастыру көздерін таппайтындай болса, онда акционерлердің дивидендтік
табыстары да 100 пайыз болады.
Көріп отырғанымыздай, бұндай жағдайда акционерлердің дивидендтік
табыстары 0 пайыздан 100 пайыз арасында ауытқып отыруы мүмкін.
Дивидендтерді қалдық принципі бойынша қарастыру акционерлердің барлығының
дивиденд пен кейінге қалдырылған дивиденд арасындағы айырмашылықты
байқамауы ретінде қарастырылады.
Егер де акционерлік қоғам қаражат салған инвестициялық жобалар
өзінің тиімділігін көрсететін болса, акционерлер пайданың жинақталуына есеп
жасауларына болады. Ал егер де салыған қаражат бойынша инвестициялық жоба
іске аспай қалатын болса, онда акционерлер бастапқы сәттен бастап-ақ тек
дивидендттерді ғана таңдар еді.
Сонымен қатар, егер де төленетін дивидендтер күтіліп отырған
дивидендтердлен аз болып қалатындай болса, акционерлер өздеріне тиесілі
акциялардың бір бөлігін сатып, қажетті ақша қаражаттарын жинап алар еді. Ал
егер де бұл жағдай керісінше орын алып, акционерлер күтілген дивидендтен
көп дивидендтке ие бола қалса, олар акционерлік қоғамның жаңа эмиссия
акцияларын сатып алуға жұмсайды. Тиісінше, акционерлер дивидендтерді
төлеуге байланысты сауалды шешкенде тәуелсіз болып табылады.
Осыған қарсы пікір ретінде дивидендтер акционерлердің жиынтықтық
байлықтарының көлеміне әсер етеді деушілердің ойларын айтуға болады.
Олардың ойынша, акционерлік қоғам акционерлеріне табысты дивидендтер
түрінде алған ба, әлде акция курсының жоғарылауы түрінде алған жөн бе
екендігі бірдей болып келе бермейді. Дивидендтерден алынатын пайда барлық
жағдайда психологиялық тұрғыдан капиталдан түсетін пайдаға қарағанда
тұрақты болып есептеледі.
Батстық экономисттердің көрсетіп отырғандарындай, дивидендтік
саясатты жасап шығаруға байланысты ортақ ұсыныстардың болуы мүмкін емес.
Осыған сәйкес әрбір акционерлік қоғам өзінің экономикалық мүдделерін ескере
отырып, өздерінің дивиденттік саясаттарын айқындай білулері керек. Оны
жасап шығару кезінде басты мақсат ретінде акционерлік қоғам акционерлерінің
дивидендтік табыстарын молайтумен қатар акционерлік қоғамның қызметін
тиісінше қаржыландыру мәселесі де басшылыққа алынуы керек.
Жоғарыдағы ойды жалғастыратын болсақ, акциялардың нарықтағы
курсының жоғарылау бойынша пайда бағалы қағаздар биржасында жасалатын
операциялардан түсетін пайдаға байланысты болып келеді.
Дивидендтік саясаттың негізгі түрлері әлемдік тәжірибеде
қалыптасқан. Олардың бірі акцияға тұрақты табыс саясаты деп аталады.
Келесі бір дивидендтік саясат қоғамның табысының дивиденд түрінде
төленетін тұрақты үлесі деп аталады. Осы саясатты жақтаушы акционерлік
қоғамдар өздерінің акционерлеріне дивиденд түрінде табыстың проценттік
бөліктерін тұрақты түрде төлеп отырады. Бұл жағдайда табыстың көлемі
тұрақты болып табылмайды және сәйкесінше дивидендтің де көлемі өзгермелі
болып тұрады. Көпшілік теоретиктер мен менеджерлер бұл саясатты ұстану өте
дұрыс болып табыла бермейді дейді.
Қалдық дивиденд саясаты акционерлік қоғамның инвестициялық
мүмкіндіктері анағұрлым кең болмайтын кезде қолданылады. Бұл саясатты
қолдану кезінде төленетін дивидендтің көлемі тиісті жылдағы акционерлік
қоғамның инвестициялық мүмкіндіктеріне сақталған табысқа байланысты болып
отырады.
Негізінен, акционерлік қоғамның жеке капиталы үш үлкен элементтен
тұрады: жарғылық капитал, эмиссиялық табыс; бөлінбеген пайда. Көпшілік
мемлекеттерде дивиденд екі түрлі схеманың бірі қолданылады: дивиденд тек
қана пайдадан төленеді немесе тек эмиссиялық табыстан төленеді.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 22-
бабына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда,
қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында
қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу
туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы
қағаздарымен төленеді.. Сондай-ақ, Азаматтық кодекстің 91-бабының 5-
пунктіне сәйкес егер қоғам банкроттық туралы заңдарға сәйкес төлемге
қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе немесе қоғамда
аталған белгілер дивидендтер жөнінде жарияланып, төленгеннен кейін пайда
болса, акционерлік қоғамның келесі жылы қоғамның теріс өз капиталы
болғандай жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ.
Бұл аталған нормаларды саралап көретін болсақ, жалпы жиналыстың
шешімі бойынша акционерлерге тіпті шығынды жылдың өзінде жай акциялар
бойынша дивидендтер төлеуге болады.
Акционерлік қоғамдар туралы Заңға сәйкес дивидендтер төлеу кезінде
ең біріншіден, артықшылықты акциялар бойынша, кейіннен жай акциялар бойынша
төленеді. Сонымен қатар Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 24-бабының 1-
бөліміне сәйкес қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу
қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және
дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді. Артықшылықты акциялар
бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең
үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауы керек.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық
төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Қазіргі “акция” деген түсінікке берілген заңдық анықтамада
акционердің ол бойынша құқықтарын, соның ішінде дивидендтке деген
құқықтарын жүзеге асыру мерзімінің шегі көрсетілмеген. Бұл оны акционерлік
қоғамның екінші бір бағалы қағазы облигациядан ерекшелейді, себебі
облигация белгілі бір мүліктік эквивалентті белгіленген мерзімде алу
құқығын білдіреді. Сонымен акцияның басты ерекшелігі оны ұстаушылардың
акцияны иемдену мерзіміне байланыссыз ол бойынша дивидендтер алуға құқылы
болуында.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңының
негізінде акционерлердің жалпы жиналысы немесе директорлар кеңесі белгілі
бір кезең нәтижесі бойынша жай акциялар борйынша дивиденттер төлеудің
мақсатқа сай еместігі туралы шешімдер қабылдауы мүмкін.
Акционерлік қоғамдарда дивидендтерді төлеудің көбіне ақшалай
нысаны пайдаланылады. Сонымен қатар, Акционерлік қоғам туралы Заңның 19-
бабының 1-бөліміне сәйкес қоғамның акциялары бойынша дивидендтер ақшалай
нысанда немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді. Қоғамның
дивидендтерді өзінің бағалы қағаздарымен төлеуінің себептері әр түрлі болуы
мүмкін, ал көпшілік жағдайда ол акционерлік қоғамның материалдық жағдайының
нашарлауымен байланысты болып келеді. Кейбір жағдайларда акционерлік қоғам
өзінің қаржылық жағдайының тұрақтылығына қарамастан ары қарай қызметін
дамыту үшін қаражатты қажет етеді, сондықтан да ол бөлінбеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz