Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қазақстан Республикасында жер салығын құқықтық реттеу

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет

1 Бөлім. Жерге ақы төлеу құқық қатынастарын мемлекеттік реттеу
1.1 Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ..5 бет
1.2 Жерге ақы төлеу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11 бет
1.3 Жерді жеке меншікке немесе пайдалану құқығына беру (сату) үшін ақы төлеуді құқықтық реттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25 бет

2 Бөлім. Жер салығының және жер ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеудің құқықтық мәселелері
0.1 Жер салығы: түсінігі және құқықтық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 36 бет
0.2 Жер салығын төлеудегі жеңілдіктер, оларды беру тәртібі ... ... ... ... ... .41 бет
2.3 Жер ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61 бет

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Жерге ақы төлеу құқық қатынастарын экономикалық және құқықтық мағынада қарастыруға болады. Экономикалық мағынадағы жерге ақы төлеу қатынастары дегеніміз - жер меншік иелері жер пайдаланушылардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесінің мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны үшін немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшін жер заңдарымен, салық заңдарымен, немесе өзге де заңдарымен белгіленген бекітілген мөлшердегі соманы төлеумен байланысты пайда болатын қатынастар. Құқықтық мағынадағы жерге ақы төлеу құқық қатынастары дегеніміз - жер, салық және өзге құқық нормаларын реттелетін, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесі үшін белгіленген соманы төлеу жөніндегі әрекетті жүзеге асырумен байланысты қатынастар болып табылады.
Жерге ақы төлеу құқық қатынастарының объектілері жер төлемдерінің түрлеріне тікелей байланысты. Мысалы, жер салығын төлеуге байланысты құқық қатынастарының объектілері ретінде - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер, елді мекендер жерлері және өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жерлер қорындағы жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері танылады. Жерді жалдау ақысын төлеуге байланысты құқық қатынастарын объектілері болып - жер учаскесін жалдау шартында тікелей нақты көрсетілген тұйықталған шекара ішіндегі жер көлігі танылады. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жердің нормативтік құнын төлеумен байланысты құқық қатынастарының объектілері ретінде мемлекеттік меншіктегі құзіретті органдарымен жеке меншікке беру туралы шешім шығарылған жер учаскесі немесе жер үлесі танылады.
Жерге ақы төлеу құқық қатынастарының субъектілері де жер төлемдерінің түрлеріне байланысты, олар мемлекет, мемлекет мүддесін білдіретін құзіретті органдар, жер меншік иелері, тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар, жерді жалға алған және берген тұлғалар т.с.с.
Жұмыстың пәні. Жерге ақы төлеу құқық қатынастарының жіктелуі бірнеше негіздер арқылы жүзеге асырылады. Мерзімі бойынша - уақытша және тұрақты қатынастар, субъектілері бойынша - мемлекет пен меншік иелері және жер пайдаланушылар арасындағы, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың арасындағы қатынастар, жер төлемдерінің түрлері бойынша - жер салығын төлеуге байланысты қатынастар, жерді жалдау ақысын төлеуге байланысты қатынастар, жер кадастрлық құнын төлеуге байланысты қатынастар, жер нарықтық құнын төлеуге байланысты қатынастар, мазмұны бойынша - материалдық және процессуалық қатынастар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты жер салығының және ресурстарын пайдалағаны үшін ақы төлеудің құқықтық реттелуін зерттеу болып табылады. Міндеттері:
oo Жерге ақы төлеу құқық қатынастарын мемлекеттік реттеу мәселелерін қарастыру;
oo Жерді жеке меншікке немесе пайдалану құқығына беру үшін ақы төлеудің құқықтық негіздерін талдау;
oo Жер салығының құқықтық белгілерін айқындау;
oo Жер салығын төлеудегі жеңілдіктер, оларды беру тәртібін зерттеу.
Жұмыстың әдістемелік негіздері. Осы бітіру жұмысын жазу барысында тиісті ғылыми әдебиеттер нормативтік-құқықтық актілер қолданылды. Сонымен қатар, тарихи, салыстырмалы, синтетикалық, әдістерді пайдалану арқылы жұмыс орындалды.
Жұмыстың құрылысы мен көлемі. Бітіру жұмысы қойылған талаптарға сай орындалды. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, алты бөлімше, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 63 бет.

1 Бөлім. Жерге ақы төлеу құқық қатынастарын мемлекеттік реттеу
1.1 Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы

Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеу мәселесі әрдайым өзекті болып табылады. Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз - Қазақстан Республикасында жердің қорғалуы, ұтымды және нысаналы мақсатта пайдалануын қамтамасыз етуге, жерге ақы төлеу қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған құзіретті органдардың билік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей ерекшеліктері бар:
- Бұл қызмет жерге ақы төлеу саласында мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы;
- Бұл қызмет жер салығының және жер төлемдерінің нысаналы мақсатта пайдалануы қамтамасыз етуге бағытталған;
- Бұл қызмет жердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
- нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерінен көбірек қолданылады.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеудің нысандары:
1. Заң шығарушылық; жерге ақы төлеу қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын заңдарды қабылдау қызметі. Мысалы: Жер кодексінің1, Салық кодексінің2, Үкімет қаулыларының қабылдануы т.б.
2. Заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі. Мысалы: жер учаскесін алуға мүдделі тұлғаларға жер учаскелерін беру, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару, жер салығын жинау т.б.
3. Құқық қорғау қызметі; яғни жерге ақы төлеу қатынастарын реттейін құқық нормаларын бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту; мысалы, жер салығын төлеуден жалтару, жерді жалдау ақысын уақытылы төлемеу, жалған мәмілелер жасау т.б.
Жер реформасының негізгі мақсаттары мен мәселелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі мемлекеттік органдарының анық белгіленген жүйесінің қызмет етуін талап етеді. Сондықтан, елде жер қайта құруларын жүзеге асыру егеменді Қазақстанның мемлекеттік жер саясатын іс жүзінде қамтамасыз етуге қызметі бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі мен өкілдіктерін құру, ал одан кейін жетілдірумен қатар жүрді. Оны өкілді органдарды, атқарушы билік органдарын, және де сот және басқа да құқық қорғау органдарын біріктірген біртұтас ағза ретінде көрсетуге болады. Бұл органдардың әрқайсысы бұл жүйеде өз орындарын алады, және өздеріне тән басқару қызметтерін атқарады. Басқарудың белгілі бір саласында қатаң анықталған жүйені құру жағымды және жағымсыз жақтары бар қиын және ұзақ процесс.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеу органдары үш топқа жіктеледі: 1) жалпы өкілетті органдар; 2) ведомстволық өкілетті органдар;
3) арнайы өкілетті органдар;
Жоғарыда қарастырған пікірлерді саралай отырып, олардың әрқайсысының өмір сүруге құқығы бар деп есептейміз. Шын мәнінде, жалпы, арнайы және функционалды өкілеттігі бар органдар бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені шешуде басты сұрақ болып белгілі мемлекеттік органдардың қандай орын алатындығы, одан кейін қандай өкілеттіліктері бар екендігі, қандай қызметтерді атқаратындығы табылады. Қазақстан Республикасында жерге ақы төлеу жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық мәселе ретінде сипаттай келе, қандай органдардың тек жалпы немесе тек арнайы және басқа функцияларды атқаратындығын анықтау өте қиын. Сондықтан, талқыланып жатқан мәселеде біз мемлекеттік органдардың құқықтық мемлекеттің теориясы мен рухына тән, әдеттегі жіктелуін басшылыққа алдық. Бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің органдары.
Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекеттік органдардың реттелген және мақсатты қызметі кез-келген, соның ішінде жер құқықтық қайта құрулардың сәттілігінің кепілі және кепілдігі. Олардың қызметтерін қарастыруды бастайық:
Бірінші орында ерекше орын алатын және жер реформасының мелекеттік-құқықтық механизмінің қарастырылып отырған жүйесінде маңызды рөлі бар заң шығарушы органдар тұр. Оларға елдің Парламенті - ең жоғарғы заң шығарушы орган, ал жер-жерлерде өкілді орган - маслихаттар жатады.
90-шы жылдың басында реформаның жүргізілуінің барлық кезеңінде жауаптылықтың ең үлкен бөлігі елдің Жоғарғы Кеңесіне жүктеледі. Қазақ ССР-ның Жер кодексі онының өкілеттіктеріне Қазақстан шегіндегі жерлерге билік ету; Қазақ ССР-ның жер заңнамасын дайындау және жетілдіру; бірлескен кәсіпорындарға, халықаралық бірлестіктерге және ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және азаматтарға жалдаудың шарттарында уақытша пайдалануға беру тәртібін анықтау; алып алуға жол берілмейтін ерекше құнды жерлердің тізімін бекіту; жерлердің ерекше құқықтық режимдері бар аумақтардың шекараларын анықтау; жерге төлемдерінің тәртібін және шекті мөлшерлерін, және төлемдерді жинаудағы жеңілдіктерді белгілеу; жерлерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын сақтау және арттыру; жер ресурстарын басқа табиғат қорғау шараларымен жиынтықта қорғау, жерлерді пайдалану және қорғауға бақылау бойынша республикалық бағдарламаларды қарау және бекіту; жерге орналастыруды ұйымдастыру тәртібін анықтау, пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын жерлерді табу; Қазақ ССР мен басқа одақтық республикалар арасында туындайтын жер мәселелерін атқару және шешуге байланысты жұмыстарға қатысу үшін өкілдерді тағайындау; жер иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау; республиканың облыстардың арасындағы жер қатынастарын реттеуді жатқызды.
Жер туралы жарлықта, одан кейін Жер туралы заңда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жоғары заң шығарушы органның өкілеттіктеріне қатысты бірде-бір арнайы бап болмады және әлі де жоқ, бұл біздің пікірімізше, дұрыс емес. Жер мәселесін шешу - бұл бүкіл халықтың тағдыры туралы мәселені шешу, сондықтан жер қатынастарын реттеудің бұл саласында Парламенттің өкілеттіктері жер кодексінде арнайы анықталуы тиіс. Жоғарғы өкілді органның ерекшелігі - биліктің жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктері бұрыңғы және қазір әрекет ететін заңда көрінісін тапты. Жер кодексінің 15-бабында белгіленгендей, сәйкес аумақтарда жер қатынастарын реттету саласында жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктеріне жатады: басқа табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекіту; ауылдық атқару органдырының қарамағына берілген ауылшаруашылық алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекіту; жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларының жер ресурстарын пайдалану және қорғау жағдайы туралы есептерін тыңдау; Қазақстан Республикасының заң актілерімен орнатылған өкілеттіктер шегінде әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында шекараларды орнату туралы шешімдерді қабылдау; тағы басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеудегі Қазақстан Республикасы Президент өкілеттіктері Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын және мемлекет ішінде және халақаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлғасы. Ол мелекеттік билік органдарының барлық тармақтарының үйлесімді қызмет етуін және билік органдарының халықтың алдындағы жауаптылығын қамтамасыз етеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, жер қатынастарын нарық талаптарына сәйкестендіру саласында және нарықтық жер реформасын жүзеге асыруда ел Президенті үлкен рөл атқарады, оны соңғы кезде анық байқауға болады. Оның бастамасы бойынша прогрессивті рөл атқарған және нарықтық реформаның басталуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз еткен 1994 жылдың атақты жарлықтары қабылданды. Мемлекеттің заң шығарушы органның болмауы жағдайында президент жүзден астам заң күші бар жарлықтарды шығарды, біздің қоғамымыздың дамуының осы деңгейінде жүзеге асырылып жатқан барлық реформалардың дұрыс жүргізілуіне олар үлкен көмек көрсетті. Мысалға, заң күші бар Жер туралы, Жекешелендіру туралы, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы, Жылдымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекетік тіркеу туралы т.б. жарлықтар. Қазіргі таңдағы жер нарығының қалыптасуы мен дамуының іргетасын ел басшысы қалады деп айтсақ та қателеспейміз.
Өзінің 2003 жылғы халыққа Жолдауында Президент былай дейді: Мен Үкімет алдында Қазақстанның агроөндірістік кешеннің дамуының үш жылдық президенттік бағдарламасын қысқа мерзімде дайындау мәселесін қойып отырмын. Біздің мемлекет азық-түлікті әлемдік және аумақтық өндірушісі болған және кейін де сондай болуы керек, ал агроөндірістік кешен - елдің экономикалық дамуының, сауда және төлемдік балансының жақсаруының қосымша қайнар көзі болуы тиіс. Біз осыған қол жеткізу үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Ауылды көтерудің басты факторы болып агроөндірістік кешеннің тұрақты және динамикалық дамуы, бүгінгі заманғы нарықтық қағидалардың негізінде оның экономикасының жедел көтерілуі қалады. Экономикалық, бәрінен бұрын жер және су қатынастарының реформасын аяғына дейін жеткізу қажет. Атап өту керек, жақында қабылданған жер туралы заң елді өркениетті нарыққа жақындатпады. Егер біз бірге қателіктерді жіберсек, оларды бірге түзетейік, бұл заңды жақсартайық. Бұл заңның ең басты мәселесі: ауылшаруашылық жерге жеке меншік керек пе?, - деген сұрақ болуы тиіс. Елдің жер кодексін қабылдау үлкен даулармен, белгілі қарсылықтармен қатар жүрді. Президент бастамасы бойынша Жер кодексінің үкіметтік жобасы елдің Конституциялық Кеңесінің қарауына жіберілді, ол өзінің 10 қыркүйек 2003 жылғы №8 қаулысымен танығандай, Жер кодексінің нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына қайшы келмейді. Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы заңдастырылып, жер нарығы дамып, жер шаруашылық және азаматтық айналымның объектісі толық түрде танылып отыр.
Ел басшысы нарықтық жер қатынастары саласында белгілі құзіретті жүзеге асыра отырып, маңызды рөл атқарды деп айтқан болатынбыз. Атап айтсақ:
- Республикалық бюджет және оның орындалуы, стартегиялық жоспарлардың жасалу тәртібін анақтайды, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Бітіру жұмысымызда айтқандай, жерді қорғау мен ұтымды пайдалануды жоспарлау арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
- Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында мемлекеттегі жағдай туралы және бюджеттік саясаттың бағыттарын анықтайды. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің жеке меншік құқығына берілуі қажет деген ең алғаш ұсыныс ел басшысының 2030 жылғы өз халқына жолдауында көрініс тапқан болатын;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңесті құрады және ол туралы ережені бекітеді;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті бекітеді; Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатқаннан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түседі және ұлттық қор туралы ережеге сәйкес жұмсалады.
Жер-жерлерде жер реформасының өткізілуін ұйымдастыру және бақылау қызметі басқарудың және биліктің жергілікті органдарына жүктелді. Егеменді мемлекеттің жер қайта құруларының бастапқы кезеңдерінде қалалық (поселкелік), аудандық халық депутаттарының кеңесіне келесі қызметтер берілді: оның тікелей қарауында болатын жерлерден азаматтарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға және мекемелерге иеленуге, пайдалануға және жалға беру және алып қою; азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, тұрғын үйді салу және қамтамасыз етуге, әдеттегі халық өнеркәсіптері үшін жер учаскелерінің көлемін бекіту; иелену құқығы, пайдалану құқығын және жерді жалдауға құжаттарды беру; жерлердің мемлекеттік есебін, жерлерді пайдалану және қорғауға бақылау жүргізу; жер үшін төлемдерді жинауды ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады.

1.2 Жерге ақы төлеу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі және мазмұны

Қазақстан Республикасының нарықтық жер қатынастарының қалыптасуының әрбір кезеңінде алдына қоғам дамуының белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін мақсаттар қояды және мәселелерді шешеді. Осыған сәйкес, мемлекеттік басқару органдарының жүйесі де қажетті құрылымдық және басқа да өзгерістерге ұшырайды, мұндай өзгерістер Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында орын алды.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеудегі Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті басқару органдарының өкілеттіктері. Жер ресурстарын кешенді басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметі және Жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктеріне жатқызылды. Жер туралы жарлықпен, одан кейінгі Жер туралы заңмен және Қазақстан Республикасының жер кодексімен Қазақстан Үкіметінің өкілеттіктеріне жер ресурстарын басқару мен байланысты ең маңызды мәселелерді шешу кірді, яғни жер реформасын жүзеге асыруға жауаптылық атқарушы органдарға жүктелді. Әрине, бұл шешім дұрыс шығар, бірақ сонымен қатар, біздің ойымызша, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешуде ең маңызды жағдайларды, мысалы, республиканың жер қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясатты анықтауды атқарушы органға беруге болмайды. Мемлекеттік жер саясатын анықтау біздің пікірімізше, мемлекет халқымен сайлану арқылы және халықтың мүддесін тікелей білдіретін жоғарғы өкілді органның қызметі болуы тиіс, ал атқарушы билік органдары оны анықтау емес, жүзеге асыру үшін жауапты болу керек.
Бүгінгі күнде мемлекеттік билік органдарының атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет құзіреті мынадай мәселелерді қамтиды: республиканың жер қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау; жерлерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, жер ресурстарын қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да шаралар мен жиынтылықта мемлекеттік бағдарламаларды дайындау; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейту, халықаралық міндетемелерді орындау және жерді қорғаныс және қауіпсіздік қажеттері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы, жерден жер учаскелерін беру және алып қою; жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін құжаттардың нысандарын бекіту; жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру тәртібін, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту; мемлекетік жер кадастры мен жер маниторингін жүргізу тәртібін бекіту; облыстардың және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу және т.б. Қазақстан Республикасы жер кодексіне 1 қаңтар 2006 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Үкімет құзіретінен жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу құзіреті алынып, жер ресусрстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне берілді.
Нарықтық жер қатынастарының қалыптасуы мен дамуын жүзеге асыру мәселелерімен шұғылданатын мемлекеттік органдардың жүйесінде ерекше орынды жергілікті атқарушы органдар алады. Олардың өкілеттіктері Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетік басқару туралы заңымен және ҚР жер кодексінің 16-17 баптарымен анықталған. Сонымен қатар, жер құқық қатынастарының жаңа субъектісі - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылғаны ерекше тоқталатын мәселе болып отыр. Жер кодексінің 12 бап 38-1 тармағына сәйкес, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі. Жер заңдарын саралай отырып, жаңадан құрылған жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган құзіреті жеткілікті құзіреттерді иеленген.
Егер өкілді және атқарушы органдарының өкілеттіктерін салыстырсақ, атап өту қажет, соңғыларының өкілеттіктері өкілді органдарының өкілеттіктеріне қарағанда кеңірек. Себебі, оларға нарықтық жер қатынастарын қалыптастыруды сәтті жүзеге асыруға байланысты негізгі мәселелерді жедел және анық шешу міндеттерін жүктеген. Облыстық жергілікті атқарушы органның өкілеттіктері заң негізінде ерекше реттелген, олар облыстың, мысалы, аудан, село, ауыл және поселкелердің субъектілерінің мүдделеріне қатысты күрделі мәселелерді шешеді. Олардың өкілеттіктеріне жатады: басқа да табиғат қорғау іс-шаралы кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзірлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдалану, магистралды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерінің салу мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою; аудан аралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру; мемлекеттік ғылыми зерттеу ұйымдарымен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерін құру үшін жерді резервте сақтау; аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестіру, оған басшылық ету және бақылау жасау; Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының заң акілерінде оның құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелерді жүзеге асырады деген тармағы алынып тасталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттарында бес басым бағыттарды қамтитын саясат реформаларының бағдарламасы қарастырылған. Бірінші бағыт мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялауға қатысты. Оның басты мақсаттары - мелекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қатаң анықтау, бюджет аралық қатынастадың жүйесін жетілдіру.
Олар жергілікті мемлекеттік басқарудың аумақтық даму, төменгі деңгейлерде, бәрінен бұрын селоларда, нәтижелі басқаруды ұйымдастыру, мәселелерін шешуде өкілеттіктерін ары қарай кеңейтумен байланысты. Мемлекет басшысы әділ атап өткендей, біздің басты мақсатымыз - жер-жердегі биліктің адамдар алдындағы жауаптылығын арттыру, нақты адамның күнделікті мәселелері мен қиыншылықтарына жақындату, селолық округтер деңгейінде әкімдердің белгілі мерзімге сайлануын енгізуге болады.
Көріп отырғанымыздай, әкімдердің сайланбалылығы - бірдей орындалатын мақсат емес. Бұл мәселені біртіндеп, қажетті жағдайлар жасалған кезде шешу қажет.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеудегі арнайы құзіретті органдарының өкілеттіктері. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде негізгі және орталық буында ала отырған мемлекетік билік органдары - арнайы құзіретті органдар. Біздің жағдайымызда жерді ұлғайту мен пайдалану үшін ақы төлеу саласында Жер ресурстарын басқару Агенттігі және Қаржы министрлігінің Салық комитеті танылады.
Жер қатынастары және жерге орналастырумен байланысты мемлекеттік комитет және оның жер-жердегі органдары жер ресурстары саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, жер реформасына байланысты жұмыстардың бұлжытпай орындалуын ұйымдастыру, түрлі шаруашылық жүргізу субъектілердің арасында жерлерді қайта бөлуге байланысты қажетті жерге орналастыру құжаттарын дайындау және биліктің жергілікті органдарының шешім қабылдауына негізделген ұсыныстарды енгізуді жүзеге асыратын.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органның қарауына мәселелердің кең шеңбері берілген. Оның функциялары 1999 жылы Үкімет қаулысымен Мемлекеттік жер комитетінің негізінде қайта құрылған Үкімет құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Жер кодексі қабылданғаннан кейін Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік туралы ережені бекіткен Үкіметтің қаулысы 14 қаңтар 2005 жылы қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып саналады. Агенттіктің облыстарда және Астана, Алматы қалаларында, аудандар мен қалаларда заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімдері бар.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
1. Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
3. Мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау болып табылады.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіп пен мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар; жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу; мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерін қорғау; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту, оны әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; нормативтік - құқықтық келісімдер (актілер) мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің осы талаптарды сақтауын, қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдалану тәртібін белгілеу;
2) Мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: қолда бар жерлер және оларды санаттар, алқаптар бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға бөлу туралы, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептерді жасау; белгіленген тәртіппен жердің мониторингін, мемлекеттік жер кадастырын жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстан республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру және жүргізу; жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру; аймақтарға бөлу негізінде жердің пайдаланылуын жоспарлауды және болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату; Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жылжымайтын мүліккен құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекаралардың өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу; ұйымдардың, олардың белгіленген тәртіппен жерге орналастыру жөніндегі тапографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеулік және іздестіру жұмыстарын жүргізу бөлігіндегі қызметін үйлестіру; мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру; мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргізу; республика аумағының геоақпараттық жүйелерін құру; халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, басқа елдердің тиісті қызметтерімен қатынастарды қолдау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делемитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарын жер-кадастрлық карталармен және жер учаскелерінің жоспарларымен қамтамасыз ету;
3) Мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар: белгіленген тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті ұйғарымдар беру; геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібінің анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе картографиялық-түсірілімдер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету; жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау; егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру құрлысын, объектілерді пайдалануды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды тоқтата тұру; Қазақстан Республикасының геодезия мен картография саласындағы заңнамасының және техникалық талаптардың бұзылу фактілері анықталған жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын есепке алуды, олардың кәсіпорындарда көбейтілуін, сақталуын және пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру; геодезиялық пункттерде есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау; пайдаланылмай жатқан жерлер мен заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылатын жерлерді анықтау;
4) Экономикалық қызметтің мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ететін функциялар: мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын айқындау; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; жерге құқықты куәлерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; жерге құқықты куәландыратын құжаттарды беру; мемлекеттің жер учаскелерін беру кезінде оларды таңдауды келісу; өз құзіреті шегінде лицензиялауды жүзеге асыру; аэротүсірілімділік, геодезия және картографиялық жұмыстарды тіркеу, есепке алу және оларды жүргізуге рұқсаттар беру; геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру; жерлерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық, облыстық аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу.
Агенттіктің өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі және геодезия мен картография саласындағы қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңнамалық келісімдерде көзделген негіздемелер бойынша жер учаскелеріне меншік құқықтары мен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгізуге;
3) жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Бұл Ереженің бұрынғы Ережелерден айырмашылығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізуіне байланысты, оның құзіреті бірнеше топтарға бөлініп қарастырылған. Олар:
oo мемлекет саясатының қалыптасуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялары;
oo мемлекет саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін функциялары;
oo мемлекет саясатының жүзеге асырылуын бақылау функциялары;
oo экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін функциялары.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақты бөлімшелерінің өкілеттіктері нақты анықталған.
Орталық уәкілетті органның құзіретіне:
oo жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;
oo жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
oo мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингісін жүргізу дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
oo жерге орналастыру мен мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
oo жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
oo ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортының нысанын бекіту;
oo мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың жар баланысының деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының жер баланысын жасау;
oo жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
oo өз құзіретіне кіретін, жерді беру және оны алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жатады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының мақсаттары болып:
oo жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу;
oo жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
oo мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
oo жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру;
oo жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
oo жерді аймақтарға бөлу негізінде оның пайдаланылуын жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
oo жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
oo жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру танылады.
Агенттіліктің ведомствоға қарасты, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен жүзеге асырылатын өндірістік жерге орналастыру қызметі, геодезия, картография, аэрофотоға түсіру қызметі бар. Жер ресурстарын басқару кешенді сипатта болады, басты қағидалар болып жерлерді ұтымды пайдалану, жерді табиғат объектісі, Қазақстан Республикасының халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары табылады. Өкінішке орай, соңғы жылдары қаржыландырудың жоқтығынан мемлекетте жерге орналастыру және іздестіру жұмыстары елеулі қысқартылды, жер кадастры, жерлердің мониторингі жұмыстары мен шаралары әлсіз жүргізілуде, жер пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау әлсіреді. Мұның бәрі мемлекетте жер реформасын жүзеге асыру жағдайында жерді ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін қиындатты.
Қазақстан Республикасында нарықтық жер қатынастарының қалыптасуы жер заңнамасының жетілдіру қажеттілігін анықтады. Бұған байланысты ерекше өзекті жер құқықтық қатынастарды және жер дауларын дұрыс саралау қажеттілігі алады, себебі экономикалық реформаларды мемлекет құқықтық қамтамасыз етуі тиіс, ал жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын иеленетін жер қатынастарының жаңа субъектілері құқықтық қорғалуы қажет.
Жерге ақы төлеу қатынастарын мемлекеттік реттеудегі сот билігінің рөлі. Сот билігі мемлекеттік органдардың қарастырылып отырған иерархиясында өзіне тән қызметтерді жүзеге асыратын биліктің тәуелсіз тармағы деп танылған. Жер реформасы туралы заңнаманың және оның елсіз тармағы деп танылған. Жер реформасы туралы заңнаманың және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін сәйкес мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігі сот тәжірибесінде адекваттық көрінісін табады, онда жер меншік иелерінің және жер пайдаланушыларының, мемлекеттің жер қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүргізіледі. 1990 жылғы Жер кодексін қабылдағанша, жер дауларын шешу әкімшілік сипатта болды. Қазіргі кезеңде әрекет ететін заңнама оларды қарастырудың сот тәртібін қарастырады, ол Жер кодексінің 121-бабынан туындайды. Қазақстан Конституциясының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында Конституцияның, оған сәйкес заңдардың қабылданған, басқа нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың және мемлекеттің өзге де міндеттерінің, Конституциялық кеңестің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары әрекет етеді. Оны қабылдағанға дейін мемлекеттің Жоғарғы Сотының Пленумының қаулылары құқық қайнар көздері ретінде танылмады, бірақ, оларды сондай деп тануға болар еді, себебі олар соттардың жер және өзге де заңнаманы бірдей түсінуге және қолдануа, орын алатын ақтаңдақтарды толтыруға бағытталған. А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының бірқатар ерекшеліктері мен артықшылықтары бар: оны қабылдаудың негізі болып сот тәжірибесін зерттеу мен біріктіру болып табылады; заңнамадағы ақтаңдақтарды толтыруға бағытталған; заңнаманың нормаларын бірдей түсіну мен қолдануды қамтамасыз етеді; заңнаманың ары қарай жетілдіру, түзетулердің бағыттары мен параметрлерін анықтайды; жаңа нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануының негізі болып табылады.
Сот тәжірибесінің көрсетуінше, жер дауларының саны артып бара жатыр, оларды дұрыс және кешіктірмей шешуге кез-келген қоғамның дамуы мен жетілуіндегі көп жағдайлар тәуелді. Даулардың туындауының және өсуінің себептері ретінде келесілер танылады:
oo біріншіден, жер қорына билік етуде мемлекеттік басқару органдарының Сот Пленумының 14 мамыр 1998 жылғы Жер заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері қаулысында осыған көңіл бөлінген, аталғандай, берілген санаттағы істерді қарағанда соттарға жер дауларын туындататын себептерін және жер қатынастарында заңдылықты қамтамасыз етуге бақылауды міндетті мемлекеттік органдардың қызметіндегі кемшіліктерін дұрыс анықтау қажет;
oo екіншіден, халықтың төмен құқықтық мәдениетімен және жер мемлекеттің меншігі деген тұрақталып қалған ойға байланысты себептермен мемлекеттік басқару органдары жерге байланысты өзінің әрекеттерін көбін құқыққа сай деп есептейді, бұл сот қарауына әкеледі;
oo үшіншіден, жер дауларының таралуы негізінен ауылдық жерде орналасқан және жер заңнамасын білу деңгейінің төмендігі, мәліметтің аздығы нәтижесінде, көптеген ұйымдар мен мекемелердің басшылары мемлекеттік басқару және биліктің жергілікті органдарының әрекеттерін сотта даулауға бармайды. Атап өту керек, жер құқық бұзушылықтарының көбі латентттік сипатта болады да, сотта қарастырудың пәні бола бермейді.
Мысалы, Германияда арнайы жер соттары бар. ТМД елдеріндегі жер реформасы мәселелері бойынша Әлемдік банктің баяндамасында бұл мәселенің көрініс табуы: кей мемлекеттер дауларды шешу кезінде нәтижелілікті арттыру үшін арнайы соттарды құрды, олар әдетте жер соттары немесе трибуналдар деп аталды. Ол соттардың заңдар бойынша ерекшеліктер болғанына қарамастан ұқсастықтары бар.
Біріншіден, көптеген елдерде жер соттары немесе трибуналдар жер дауларын қарастыру кезінде әрдайым туындайтын қиыншылықтарды жеңу үшін құрылады. Жер соттарының пайда болуы жер мәселелерін жақсы білетін тәжірибелі судьяның істерді саралы түрде қарауын қамтамасыз етуге және соның негізінде қабылданатын шешімдердің үйлесімділігіне жағдай жасауға, талапкерледің сот процесін болжауына мүмкіндіктер туғызуға талпынысты көрсетеді. Жер соттарының құрылуы жалпы соттар істердің үлкен мөлшерін қарауға үлгермейтіндіктен, сот өндірісін ұтымдырақ жасауға талпынысты да білдіреді.
Екіншіден, жер соттар өздерінің табиғаты бойынша шешімдеріне сот тәртібімен арызданатын әкімшілік органдардан гөрі соттарға жақынырақ. Керісінше, жер соттар жер дауларын қарастырған кезде жалпы округтік және аппеляциялық соттарды алмастырады.
Үшіншіден, жер дауларының юрисдикциясына іс мәні, құқық және компенсацияға қатысты мәселелер кіреді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдау жер дауларының ары қарай өсуіне әкеледі, оларды саралы, дұрыс және кешіктірмей шешу жер реформасын оның жүзеге асырылуының қазіргі кезеңінде оның сөзсіз кепілі болып табылады. Осыған байланысты арнайы жер соттарын құру ұсынысының, біздің көзқарасымыз бойынша, уақыты келді.
Қазақстандағы жағдайға байланысты экономикаға әлі пайдаланылмаған ірі ресурстарды енгізу, нарықтық экономикасы бар мемлекетті құру Қазақстандағы жер қатынастарын түбегейлі жаңғыртуды, нақтырақ, жердегі шаруашылықтардың әр түрлі нысандарының тиімді жұмыс жасауы үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауды, жердің тиімді пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді талап етті.
Сонымен қатар, нарықтық жер қатынастарының қалыптасуы, оның кеңінен етек алып дамуы мемлекетіміздің егемендік алған сәттен бастап жүргізілген жер реформасының жемісі деп танимыз. Дегенмен, жер заңдарын жүйелеу жеткіліксіз жүргізілген, яғни, Қазақстан Республикасының Жер кодексі мазмұнына енгізілген көптеген үкіметтік қаулыларының нормаларын өз бойына жинап алған. Жер реформаларының мәселелері бойынша бұрын қабылданған қаулылардың нормаларын атап шығу шиелініскен мәселенің шешуі емес. Мәселен, жер учаскесінің құнын анықтау үшін сол жер учаскесінің еңкею бұрышын градуспен анықтаудың қажеті жоқ. Мұндай норманың орны Үкімет қаулысында деп санайды. Жер кодексі жер қатынастарын және жер нарығын реттейтін тікелей әрекет ететін заң болып табылуы керек.
Жер кодексін жүзеге асыру соған сай өзге заң актілеріне қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Осы орайда, ең алдымен әрекет етуі шаруа және фермер қожалықтарының, ауыл шаруашылық кооперативтерінің, серіктестерінің, акционерлік қоғамдардың қызметтерін реттеуге бағытталған заңдарды нақтылауды талап етеді. Қолданыстағы Жер кодексі жер қатынастарын реттеуде құқықтық тұрақтылыққа алып келуі тиіс, ол өтпелі кезеңдердің акітісі болмауы тиіс.
1.3 Жерді жеке меншікке немесе пайдалану құқығына беру (сату) үшін ақы төлеуді құқықтық реттеу мәселелері

Жер құқық қатынастарын реттеу аясына жерге ақы төлеу қағидасын енгізу яғни, жерге ақылық сипаттамасын беру нарық жағдайына өтудегі жер құқығының жаңа бір сапасы болып табылады. Жалпы жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Мүлік жалдау шартының нысаны
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары жайында
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
Пәндер