Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
Кіріспе
Біздің еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне, зайырлы, құқықтық,
жәіне демократиялық мемлекет болып жарияланғанына 20 жылдан асты. Бұл
жылдарда мемлекетімізде өте көп заңдар және нормативті-құқықтық актілер
қабылданғаны мәлім, бірақ бұл заңдардың қаншалықты қоғамға пайдалы екенің
тек уақыт өте көре аламыз.
Қазіргі таңда қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелердің
қатарында – әр азаматтың өмір сүруіне, әлеуметтік жағдайына байланысты
қауіпсіздікті қалыптастыру, конституциялық құқытары мен бостандықтарын
қылмыстық және басқа да қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету мәселелері
де алдандатып, күмән тұғыза бастады. Өкінішке орай, соңғы кезде жиі
кездесетін қылмыстардың ауыр және аса ауыр түрлері адамның және азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне ірі зиян
тигізеді және жалпы халықтың бейбіт өміріне әсер етеді (мысалы, Тараз
қаласында және Қазақстан бойынша соңғы кезде болып жатқан террорлық актілер
және т.с.с.).
Бұл жерде қылмыстық заңнаманы жетілдіру, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазаны қарастыратын жағына
ерекше көңіл бөлу – осы саладағы қылмыстармен күресуге ықпал ететін
құралдардың бірі болып табылады. Нақты айтқанда – ҚР-ның қылмыстық
заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бірқатар нормативтік-
құқықтық ережелерді қайта қарау, нормаларды ары қарай қалыптастыруға
байланысы бар мәселелерге шешім табуды міндетті түрде талап етеді. Осыған
байланысты ҚР ҚК ерекеше бөліміндегі қылмыстық-құқықтық нормалар
құрамдарының бірқатарын жаңадан сипаттап анықтау қажет болып тұр.
Менің дипломдық тақырыбым қазіргі кезде ең өзекті тақырыптардың бірі
болғандығына байланысты тандауыма ықпал етті. Бұл жұмыстың мақсатына
мыналар кіреді: ҚР ҚК ерекше бөлімінің 9-шы тарауында бекітілген қоғамдық
қауісіздікке қарсы қылмыстардың құрамдарына заңдық, құқықтық сараптама
жүргізу, нормаларды қолданудың үрдісін жетілдіру жолдарын анықтау, сонымен
қатар әлемдегі басқа мемлекеттердің осы мәселелерді шешуге бағытталған
пайдалы тәжірибесін жинақтап алу.
Дипломдық жұмыстың мақсатына негізделе отырып төменде көрсетілген
міндеттер қойылып отыр:
- бұрынғы кезден қазіргі заманға дейінгі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
қылмыстарға жауапкершілікті қарастыратын заңдардың тарихын зерттеу;
- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды сипаттап, олардың
түрлеріне жеке-жеке тоқаталып өту;
- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрамдарына қатысты белгілер
бойынша сараптау жүргізу.
ҚР Парламенті 16.07.1997 жылы жаңа Қылмыстық кодексті қабылдады, бұл
кодекс 1998 жылдың қаңтар айының 1-ші жұлдызынан бері заңды күшіне енген.
Осы Қылмыстық Заңының Қазақстан кеңістігіндегі (шекарамен қоршалған жер,
су, әуе кеңістігі; мұхит, теңіз, өзен, көлдерде Қазақстан байрағымен
жүретін кемелердің үсті, сондай-ақ ҚР әуе ұшақтарының іші және ҚР басқа
елдердегі елшіліктеріне уақытша берліген жер және т.с.с.) және мезгілдегі
күші (алдындағы Қылмыстық кодекстің және соған байланысты қабылданған
заңдармен нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылады) бар дегенді
білдіреді.
Қазіргі кезде заңды күші бар жаңа Қылмыстық Заңның негізгі мақсаттары
мен міндеттері: адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін
қорғау болады.
Қылмыстық құқық саласының негізігі бағыты – адамның өзін (ҚР азаматы,
шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға), оның құқықтары мен бостандықтарын,
сондай-ақ қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға
байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған.
Адам мен қоғам арасындағы қатынастардың қай түрі қоғамға қауіптілік
жағынан басым екендігін анықтау және осыған байланысты қандай қылмыстық-
құқықтық шараларды қолдану керек екендігі жеке адамның араздығынан,
жәбірленушінің теріс қылығынан болған Қылмыстық Заңның негізгі
міндеттерінің бірі болады.
Елімізде адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуына мемлекет және президент кепілдік нышаны болып табылады. "Ең
қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - ҚР
Конституциясының 1-ші бабында делінген және де 2-ші бөлім толығымен осыған
арналған.[1]
Осының негізінде, ҚР барлық құқық салаларының, соның ішінде қылмыстық
құқықтын да, адамды қорғау негізгі міндеттердің бірі болып табылады. ҚР ҚК
2-ші бабында адамдардың және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау негізгі міндет деп көрсетілген. Қазақстан
Республикасында барлық заңдар жеке бостандықтарды қорғауға байланысты
әрқашанда артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасады, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді
жиі-жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей (бірақ заңды
білмеу жауаптылықтан босатпайды) немесе қасақана заңдылықты, құқық тәртібін
бұзады. Соның нәтижиесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық
дегеніміз заңға қайшы, қоғамға қауіпті, зиянды, кінәлі деп танылып
жазаланатын әрекет (әрекетсіздік).
Қылмыс бір адаммен немесе бірнеше адамның бірігуімен жасалуы мүмкін.
Бірнеше адам бірігіп жасаған қылмыстың нәтижесінде, осыдан туындайтын
зардаптың мөлшерін де әр адамның жеке-дара істеген әрекетіне жауаптылығын
да дәл анықтау керектігі талап етіледі.
Сонымен қатар осы адамдардың жауапкершілігінің негіздері мен шектерін,
әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсі мен дәрежесіне байланысты
салыстыру, әр қылмыскердің жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін анықтау
маңыздылығы зор болады. Тек қылмысқа қатысу институтының белгілері осы
мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік береді.
Жаңадан қабылданған Қылмыстық Заңында қылмысқа бірлігіп қатысу
ұғымдары, қатысушылардың (орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы,
көмектесуші) жекелеген іс-әрекеттерін сипаттайтын белгілер және жаза
тағайындаудың негізгі қағидаттары, қылмысқа қатысу нысанының анықтамасында
белгіленген (ҚР ҚК 21-31 баптары).
ҚР ҚК-де жазалау катерімен тыйым салынған кінәлі коғамдық қауіпті
әрекет (әрекетсіздік) – қылмыс деп танылған. Қылмыстық Заңды аналогия
бойынша қолдануға болмайды (мысалы, қылмысқа бір әрекеттің ұқсас
болғанымен, бірақ ол әрекет заңда нақты көрсетілмесе, демек қылмыс болып
табылмайды).
Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың
формальдық анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық
құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған
материалдық-формалдық анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы
белгілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальды анықтамаға түсінік бере отырып қол
сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал
материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде материалды
қоғамға қауіптілік әрекет (әрекетсіздік) болып саналады.
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің 9-ші бабында қылмыс түсінігі берілген. Бұл жерде
– жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет
(әрекетсіздік) қылмыс деп танылған.
Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен
сипатталынады. Бұл – қоғамға қауіптілік, заңға қайшылық, кінәлілік және
жазаланушылық. Тек осы көрсетілген белгілер жиынтығының болуымен ғана
байланысты қолсұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі – қоғамға қауіптілік болып табылады. Қоғамға
қауіптілік дегеніміз – Қылмыстық Заңмен қорғалған қоғамдық қатынастарға
қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективтік белгісі
(әрекет немесе әрекетсіздік) жатады.
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып
табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін
анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына
жатқызуға болатындығын көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе осы зияның келтіру қаупін туғызуы
белгілерімен сипатталады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды
міндетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекетті (әрекетсіздікті)
әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.
Қоғамға қауіптілік – тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды.
Әкімшілік құқықбұзушылық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға
зияның тигізеді. Бірақ оның қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін,
қолсұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипатайтын
белгілерді ҚР ҚК баптарының диспозициясында көрсеткен. Атом энергетикасы
объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны (ҚР ҚК 244-ші бабы), сапасыз
құрылыс салғаны (ҚР ҚК 245-1 бабы), өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны (ҚР
ҚК 256-шы бабы), үшін кез-келген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Мемлекет қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, адамдардың тыныштығын, заңды
мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше коңіл бөледі. Осыған
байланысты ҚР қылмыстық кодексінің жеке тарауы мемлекеттің қоғамдық
қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тәртіпті реттеуге және қорғауға арналған
болатын.
Бұл дипломдық жұмыстың негізін әдістемелік жағынан қамтамасыздығын ҚР-
ның қылмыстық заңнамасы, ресейлік және қазақстандық авторлардың еңбектері,
мерзімдік басылымдардан алынған мақалалар мен материалдар құрайды.
1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен сипаттамасы
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі
Қоғамдық қауіпсіздік – адамдар өмірінің, денсаулығының, қазақстандық
қоғам кұндылықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен бірге қаруларды
және оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қондырғыларды тиісінше, қауіпсіз
пайдалану ережелерін, радиоактивті материалдарды пайдалану ережелерін,
сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережелерін
реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болады. Бұлардың барлығы қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып келеді. Ал осы
қылмыстардың тікелей объектісі болып – қоғамдық қауіпсіздіктің жеке түрлері
(адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары: адамның өліміне
әкеп соғатын зардап болуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.с.с.) табылады.
Ал адамның өмірі мен денсаулығы осы топтағы бірнеше қылмыстардың қосымша
тікелей объектісі болуына мүмкіндік бар. Қылмыстардың объективтік жағынан
көбісі әрекет арқылы, ал кейбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік түрде (ҚР
ҚК 245, 246 баптары) жасалады.
Қылмыс кұрамы құрылымы жағынан формальдық (ҚР ҚК 233, 234, 237
баптары), ал кейбіреулері материалдық құрамға (ҚР ҚК 245, 244 баптары)
жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы әлеуметтік
құндылық деп тану адмдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік
құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті
әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен
демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға
бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып
табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған
қолсұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-шы тарауының нормалары
осындай шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың
ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне
(жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа
әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл
санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана
емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды
мүдделерге зиян келтіріледі. Осыған байланысты, түгел қоғам қалыпты және
қауіпсіз жағдайларын, қоғамдық тәртіпті сақтау, түрлі жұмыстар жүргізу және
жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты
әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.
ҚР-ның жаңа Қылмыстық кодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық
қауіптілікті оның тар мағанасыда ғана емес, сол сияқты қоғамдық
адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының
құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық
жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағанасында) және
қоғамдық тәртіп деп аталып, ҚР ҚК 9-шы тарауына кіретін қылмыстардың текті
объектісін құрайды.
Заңға сәйкес, ҚР ҚК 9-шы тарауының нормалары мен қарастырылған
қылмыстардың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып
табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін,
әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды
қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалынады, мысалы,
терроризм (ҚР ҚК 233-ші бабы), бұзақылық (ҚР ҚК 257-ші бабы) және
басқалары.
Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы:
атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 244-ші
бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзу (ҚР ҚК 245, 245-1 баптары және т.б.). Қоғамдық қауіпсіздік
және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі формальды құрамдас
қылмыстар қатарына жатады: заңсыз әскериліндірілген құраманы ұйымдастыру
(ҚР ҚК 236-шы бабы), қаруды заңсыз жасау (ҚР ҚК 252-ші бабы) және тағы
басқа кейбір қылмыстардың құрамы материалды болып құрастырылған, мысалы,
өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚР ҚК 256-шы бабы).
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің болуымен
сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын
үқыпсыз сақтау (ҚР ҚК 253-бабы).
ҚР ҚК 233, 234 баптарының 2-ші бөліктерінде, 235, 237-240 баптарында
көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.
Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері – 16 жасқа толған есі дұрыс
тұлғалар. Ал ҚР ҚК 233, 234, 242, 255-1 баптарының 2-ші бөліктерімен, 257-
258 баптарымен көзделген қылмыстардың субъектілері 14 жасқа толған есі
дұрыс тұлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың
субъектілері жеке тұлғалар болса, жекелеген жағдайларда арнайы белгілері
бар тұлғалар болуы мүмкін.
2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері, оларды
жасағаны үшін жауапкершілік ерекшеліктері
2.1 Терроризмнің қылмысының түсінігі
ҚР ҚК 233-ші бабы террорлық әрекетке мынадай анықтама береді:
адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті
басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қоюды, егер
осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не
мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді
дәл осы мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру идеясы болған әрекеттерді
жүзеге асыру делінген.
Терроризм – қазіргі дәуірдегі ең кауіпті қылмыс түрі болып табылады.
Мұндай қылмыстар көп жағдайларда үлттық шектен шығып халықаралық сипат
алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін
біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның бірішпісі – терроризм мемлекеттік
өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі – терроризмді жүзеге асыру
арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттер арқылы
тұрғындарға үрей, қорқыныш қорғансыздық сезімен туғызу больш табылады.
Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективтік жағы
төмендегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:
а) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға
қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою
немесе өзге де іс-әрекеттер жасау;
б) аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту.
Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек
шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырытатын немесе ең
бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға
бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа да әрекеттер құрайды.
Жарылыс жасау не өртеуден басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік
зиян келтіру іс-қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын
тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады
(гранатамен ататын немесе оқ-дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату,
электрмен, сумен не алаумен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т.б.).
Егер де террорлық әрекеті жасау туралы ниеттің өзі ғана анықталып, ол
пиғылдың қауіптігі және шынайылығы нақты әрекеттермен қуатталмаса,
қылмыстың объективті жағының белгісі ретівдегі террорлық әрекет жасаумен
қорқыту да орын алмайды. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру
не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру
терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға
болады: тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар
орналасқан төңіректің үлкен жерін су басуы; апат, катастрофа, аймақтың
химиялық немесе радиоактивті заттармен ластануы, т.б.
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға
қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс,
өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған қылмыс ретінде
тану міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен байланысты. Тұлға
адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті
басқа зардаптар орын алытындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа
әрекет жасайтындығын немесе осыңдай әрекеттерімен қорқытатындығы түсініп
біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.
Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты
қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету – оның
негізгі белгісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты, халықты қорқыту мақсаттары
тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге ұшыратуға, қалың көпшілікті өздерінің
өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге ұмтылумен
сипатталады.
Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты
айыптының бұл органдарцы терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз
әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің
болуымен байланысты.
Қылмыстың субъектісі – 14 жасқа толған есі дұрыс адам.
Терроризмнің ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-ші бөлігімен
көзделген түрі ретінде:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) атыс қаруын қолдану отырып жасаған нақ сол әрекеттері танылады.
Егер де терроризмді жасауға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын
ала келіскен (жарылыс, өрт не басқа әрекеттерді немесе осы әрекеттермен
қорқытудың жасалу сәтіне дейін) екі не одан да көп тұлғалар қатысса, ол
алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы арқылы жасалған деп танылады.
Дәрімен ататын қару пайдалану деп оны адамның денсаулығына зиян
келтіру үшін іс жүзінде қолдануды айтады. Оқ-дәрімен ататын қарулар
қатарына тапаншалар, мылтықтар, автоматтар, пулеметтер, гранатометтер және
т.б.
Жаппай қырып-жоятын қарулар қатарына жарылыс арқылы немесе
радиоактивті материалдар көмегімен әсер ететін қарулар, өлтіретін химиялық,
биологиялық қарулар және атом бомбасының не жоғарыда аталған қарулардың
бірінің қасиетіне не болашақта жасалып шығарылатын кез келген басқа қару
жатқызылуы тиіс.
Қалың көпшіліктің денсаулығына зиян келтіру, адамдардың жүқпалы
аурулармен жаппай ауруы, өзге де ауыр зардаптар болып табылады. ҚР ҚК 233-
ші бабының 1-ші бөлігіне қарағанда қылмыстын бұл құрамы материалдық құрам
болып келеді, соңдықтан қылмыс тек жоғарыда аталған зиянды зардаптар орын
алса ғана аяқталған болып есептеледі. Және де, терроризм әрекеті кезінде
адам өлімі немесе өзге де ауыр зардаптарға үшырау тек абайсызда болуы
мүмкін. Ал егер де өлім қасақана үшыратылған болса, онда жасалған әрекет ҚР
ҚК 96-шы бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді.
Заң терроризм актісін дайындауға қатысқан адамды, егер ол мемлекеттік
органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің
жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетіңце
өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатуды қарастырады.
Сонымен, тұлғаны терроризмге дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан
босату екі түрлі шарттың болуына байланысты:
1. Мемлекеттік органдарды дер кезінде ескерту нәтижесінде немесе басқа
жолмен (жарылғыш қоңдырғыны залалсыздандыру, бірлесіп қатысушыларды айныту)
аталған актінің алдын алу (болдырмау).
2. Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа
құрамының болмауы.
Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру,
не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс
жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер
қоғамдық қауіпсіздікті бұзу халықты қорқыту не мемелекеттік органдардың
шешім қабылдауына ықпал ету мақсатыңда жасалса: сондай-ақ аталған іс-
әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаймын деп қорқыту – 3 жылдан 8 жылға дейін
мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.
Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соқса – 10
жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырура жазаланады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда
адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да
мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын
бұзады.
Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар
әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тоқтату үшін
ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізу мәжбүр болады. Осыған байланысты
бұл қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян
келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қауіпін тудыратын
жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы
көрінеу жалған хабарлау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады (ҚР ҚК 242-ші
бабы).
Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде
шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тараткандық үшін де
жеке қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық
қаупсіздік. Қылмыстың заты – терроризмді насихаттайтын әр түрлі
материалдар. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы: терроризмді
насихаттау; терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру; соларға
байланысты материалдарды тарату арқылы жүзеге асырылады.
Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен
көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі
ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.
Жария түрде шақыру деп ашық түрде көпшілік алдыңда терроризм актісін
жасауға бағытталған тікелей әрекеттерді айтамыз.
Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған
терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін
мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және терроризм
актісін жасау немесе оны насихаттау мақсатымен істеледі. Қылмыстың
субъектісі – 16-ға толған есі дұрыс адам.
Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің
басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын дарын пайдаланып
жасаған әрекеттер терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға
жария түрде шақырудын ауырлататын түріне жатады (ҚР ҚК 233-1 бабының 2-ші
бөлігі).
Қызмет адамдарының түсінігі ҚР Қылмыстық кодексінің 228, 307 баптағы
ескертулеріңде берілген. Бұқаралық акпарат құралдарына – газет, журнал,
теле-, радио-, ғаламтор арқылы хабарландыру, бейне-, аудио- тасымалдағыш
т.б. жатады.
Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу (ҚР
ҚК 233-2 бап).
Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру
(террорлық топ) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық ҚР ҚК 233-2
бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді әрекет аркылы –
террористік қылмыстарды жасау үшін топ, ұйым құру немесе оған басшылық ету
арқылы жүзеге асырылады. Террористік ұйымға террористік іс-әрекетті жүзеге
асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекеттінде терроризмді
пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы
органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі
террористік іс-әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым
деп танылады.
Қылмыстық топтың түсінігі ҚР ҚК 31-ші бабының 1-ші бөлігінде берілген.
Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар
тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы келте, террористік топты құрған сәттен бастап аяқталған деп
саналады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі.
Қылмыс субъектісі – 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Осы баптың екінші бөлігінде – қылмыстың ауырлататын түрі – террорлық
топтың қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін
жауаптылық көзделген. Кінәлі адам қасақана түрде террорлық топтың барлық
қызметіне, сондай-ақ террорлық актілерге белсене қатысады.
Террорлық акт – жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы,
елеулі мүліктік зиян келтіру не коғамға кауіпті зардаптар туындау қаупін
төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер
ондай іс-әрекетгер коғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе
халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса,
сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты
мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де
саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық
жасау болып табылады.

басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көзделген әрекеттерді істеу осы қылмыстың (ҚР ҚК 233-ші бабының 3-ші
бөлігі) өте ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыс субъектісі арнаулы
лауазым иесі немесе қоғамдық бірлестік басшылары.
Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру (ҚР ҚК 233-3
бабы) ҚР қылмыстык кодексінің 233-3 бабында көрсетілген осы қылмыстың
тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстық кодекстің
41-ші бабының ескертуінің 2-ші бөлігіне сәйкес ҚР ҚК 164, 168-171, 233-3,
236-баптарында, 337-ші бабының, 2-3 бөліктерінде, 337-1 бабында көзделген
қылмыстар экстремистік қылмыстар қатарына жатады. Террористік қылмыстарға
233, 233-1, 233-2 баптарда көзделген қылмыстар жатады. Осы қылмыстың
объективтік жағының белгілері экстремизмді немесе террористік қызметті
белсенді түрде қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Заңға сәйкес мұндай
қызметтерді қаржыландыруға жол берілмейді. Қылмыс құрамы формальдық,
көрсетілген қызметті қаржыландыру фактісі орын алған сәттен бастап кылмыс
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, әр түрлі ниеттерді
басшылыққа ала отырып жасалады.
Қылмыстың субъектісі – жасы 16 толған, есі дұрыс кез келген азамат.
Бірнеше рет экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру осы
қылмыстың ауырлататын түрі болып саналады (ҚР ҚК 233-3 бабының 2-ші
бөлігі).
Қылмыстың бірнеше мәрте жасалу түсінігі ҚР ҚК 11-ші бабында
көрсетілген.
2.2 Ұйымдасқан қылмыстық топтарымен жасалатын қылмыстардың қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ішіндегі орны
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдык тыныштық жағдайын,
әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу
кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның
немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық
қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қаупін
тудырушы, қылмыстық заңға қөзделген қоғамдық қауціті әрекеттерден тұрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты топтарға
бөлуге болады:
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы,
қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің
қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерін қозғауы
мүмкін. Олардың қатарына ҚР ҚК 233-243 баптарымен көзделген қылмысты
әреқеттер жатады.
Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде, қауіпсіздік ережелерін бұзумен
байланысты қылмыстар. ҚР ҚК 244-246 баптарымен козделген қылмыстар құрайды.
Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты
қылмыстар. Бұл топқа ҚР ҚК 247-256 баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.
Сонымен бірге, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар да осы қатарға
жататын қылмыстар болып табылады. Қоғамдық тәртіп – қылмыстың объектісі
ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі, демалуы, тұрмысы
үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін
қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады.
Бұл топтағы қылмыстарға ҚР ҚК 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер
жатады.
Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру , даярлық әрекеттерін
орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу
әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол тұста еңбек
еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің
шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген ұйымдасқан талан-
таражға салушылар тобын әшкерлеп, мемлекетке миллиондаған қаражатты
қайтаруға атсалысты.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысуды мемлекетіміз алғаш
рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні ҚР
Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР Қылмыстық кодексіне 63-3 бап енгізілді.
Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 қантарынан күшіне енген ҚР ҚК 235-ші бабында
ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды)
құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың
құрамы болып белгіленді. Ұрлықты саралаған кезде бір топ адам жасаған
ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білен жөн.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала
біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну
қажет. Қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен
айналасу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның
ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық
құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ бөлімшелері болады. Алдын-
ала сөз байласқан бір топ адамнан, ұйымдасқан қылмысты топ пен қылмыстық
қауымдастықтың негізгі айырмашылығы – олар ұйымдасқан және тұрақты келеді.
Қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен
тұрақтылдығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымының қалыптыры, олардың
мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және
жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, қылмыстық әрекеттерінің түрімен
тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы,
қатысушылар арасын да рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын ала
шараларын және қылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді
қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған ұрлыққа
тікелей қатысқан ғана емес, қаржыландыруға, ұрлық объектілерді табуға,
көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етуге бағытталған басқа да
әрекеттер, ұйымдасқан топқа не қылмыстыққа қатысқан деп табылады.
Мінеки, ҚР Жоғары Сот төрелігін айтатын бұл мөселеге белгілі бағыт
беріп, анықтауға жататын мән-жайлардың ара жігін ажыратып, алдын ала тергеу
мен сот отырысында ең алдыменен қандай әрекеттерді орындау қажеттігін
осылайша айқындаған. ҚР Жоғарғы Соты өз қаулысында бөтеннің мүлкін ұрлау
мақсатында құрылған қылмыстық топ жөнінде түсіндірме бермегенімен, мұндай
талан-таражға салу, есірткі бизнесі, мемлекеттің үлттық және экономикалық
қаушсіздіпне қарсы қылмыстыр жасау мақсатыңда да құрылатының жадымыздан
шығармауымыз керек.
Бұл жерде мынадай тұжырым жасауға болады: егер жәй қылмыскерлік
қоғамға, оның институттарына, оның ішінде мемлекетке қарсы әрекет ететін
болса, ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік институттарға және қоғамға сүйенуге,
оларды өз мақсатында пайдалануға тырысады.
Қылмыстық әрекет заңды кәсіпкерлікпен, басқа да қоғам жол берген,
тіптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл – халықтың наразылығын
тудырмай олардың қылмыстық әрекетін әшкерелеуге едәуір қиындық тудырады.
Олар мұқият жасырынады, заң шығарушының алдын орағытады, олардың
қателіктерін жақсы пайдаланады, қолайсыз құқыктық шешімдерден ертерек
сақтанады.
Мұның бәрі, егер мемлекеттік жүйе тарапынан қателіктер болса, ұйым
болып сақталып қалуға, тіптен, белгілі бір кезеңдерде мемлекетпен жекпе-
жекте жеңіске жетуге көмектеседі.
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзіне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау
және оларды беру; құқық қорғау институттарының әрекеттерін бейтараптандыру,
негізгі әлеуметтік-экономикалық қызметтерді пайдалану, ішкі құрылымдардың
болуы, әрекеттерінің сырттай заңды көрінуі.
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны кебейсе, олардың өзара
әрекеттесуінде ықпал ету өрісін бөлісу, мемлекетке бірлесіп қарсы тұру және
т.б. проблемалар туындайды.
Ұйымдасқан топтардың, бандалардың, қылмыстық ұйымдардың бұл өзара
әрекеттестігін, ақпарат алмасуды, құқық қорғау жүйелерін, өзге мемлекеттік
құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтараптандыру және
пайдалану үшін, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек
көрсетуде күш-жігердің біріктірілуі қамтамасыз ететін қылмыстық
қауымдастықтар пайда болады.
Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негізінде бірлескен ұйымдасқан
қылмыстық әрекет негізінде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа
сипат бар.
Қылмыстық қауымдастықты өзара қарым-қатынасты қылмыстық ұйымдар мен
оның құрылымшасы болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы
құрамалардың өкілдері немесе тіптен, өзінше жұмыс істейтін кәсіби
қылмыскерлер жасайды.
Қылмыстық қауымдастық, ол – басқа қылмыстық құрамалар үшін жоғары
тұрған саты емес, ол өзінше үйлестіруші орган, кәсіби қылмыскерлер үшін
онда қылмыстық кәсіподақтар кейпі, ал елдегі саяси процестерге ықпал ете
бастаса — партия кейпі бар.
Қазақстанда қазіргі кезде бірнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар
бірімен бірі қиянкесті соғыс жүргізуде (өртеп, өлтіріп кетеді, көпе-көрінеу
атысады және т.б.), немесе өзара мәмілеге келеді.
Қылмыстық қауымдастық термині қылмыстық құқықта басқа мәнде
қолданылады. Жаңа ҚР ҚК-де қылмыстық қауымдастыққа мүшелері бірлесіп қылмыс
жасайтын ұйымдасқан қылмыстық топтың бір түрі деп түсініктеме берілген:
Егер қылмысты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған
ұйымдасқан топ (ұйым) жасаған болса, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыс,
- деп танылады. Бұл – қылмыстық заңның криминалдық шындықты дәл көрсете
алмауының мысалы. Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы федералдық заңның
жобасында мынадай анықтама берілген: Қылмыстық қауымдастық -
ұйымдастырушылардың, немесе басшылардың, немесе қылмыстық ұйымдардың баска
мүшелерінің, немесе ұйымдасқан топтардың, немесе бандалардың, немесе тиісті
құрамалардың, немесе адамдардың қылмыстық әрекетін үйлестіру, қолдау,
дамыту жөніндегі шараларды бірлесіп дайындайтын не іске асыратын адамдардың
немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдасқан топтарға,
баңдаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ
көрсетілген максатта ауыр қылмыстар жасауды ұйымдастыратын адамдардын
бірлестігі.
Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толықтай айналуы немесе оның
кейбір сипаттарын иемденуі мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыскерлік - кең ауқымда қылмыстық әрекеті бар және ондай
әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрамаларға, олардың әрекетіне
және сыртқы өзара әрекеттестіктеріне қызмет етуде басқарушылық және басқа
функциялары бар өз кұрылымдарын да, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық
қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтін
күрделі жүйесі.
Жүйе ұғымы ұйымдасқан құрамалардың жай көптігін ғана білдірмейді,
сонымен қатар олардың органикалық бүтіндігін, олардың арасындағы әр
сипаттағы тұрақты өзара байланыстың, оның дамуы, қылмыстық табыстың
заңдастырылуы және молаюы үшін неғұрлым қолайлы жағдайдың бар екендігін де
көрсетеді.
Ұйымдасқан қылмыскелік өзінің экономикасы, әлеуметтік және рухани
саласы бар, өзінің басқару, қауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі,
юстициясы, өзінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама қоғам. Ол шын мәнінде
мемлекет, азаматтық, қоғамның билеуші институттары, дін ресми таныған және
қолдаған жүйеде орын тепкен балама болғандықтан, іс жүзінде, жалпы адам
қоғамы құрылымдарының бірі болып табылады, тиісінше, ресми қоғам дегенмен
өзара әрекеттеседі. Олардың арасында нақты да қатаң шекара жоқ: ұйымдасқан
қылмыскерлік өзінің заңдастырылған тұлғалары арқылы әр түрлі заңды
қатынастар жасайды; өз қатарына тарту, өз қатарын толықтыру мақсатында
халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының, мұқтаждығымен және мүддесімен
санасады; қылмыстық әрекеттің тұрақты және белсенді мүшелерімен кей кездері
немесе бір-ақ рет қарым-қатынас жасайтындар да болады.
Бандитизм (ҚР ҚК 237-ші бабы) – аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл
қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол,
банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр
қылмыстарды жасайды.
Қылмыстық тікелей объектісі – қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей
объектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай
мүдделер.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша
сипатталады:
1. азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ
(банда) құру;
2. осындай топты (банданы) басқару;
3. тұрақты қарулы топқа қатысу;
4. бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп
азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында
құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.
Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың
құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың
істейтін қылмыстарын анық жоспарлауды айтамыз. Банданы құрушы, әдетте оның
ұйымдастырушысы болып табылады.
Банданың тұрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-
әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі арқылы анықталады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше
қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын
немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-
ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.
Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады.
Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған
деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің
болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ
басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы
аяқталған деп табылады.
Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің
оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді
таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен
"тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен
куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру
немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың
жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қауіпін туғызуын
айтамыз.
Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян
келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі
адам ҚР ҚК 237-ші бабында көрсетілген әрекеттерді істейтінің сезеді және
оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет – әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі
– пайдакүнемдік ниет.
Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі – арнаулы
мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстық субъектісі – 16-ға толған есі дұрыс адам. Егер бандаға 14
пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел
зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни ҚР ҚК 15-ші бабының 2-ші бөлігіндегі
қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. ҚР ҚК 237-ші бабының 2-ші
тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға
қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.
Бандаға қатысу деп – олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу,
сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз
ету, әрекеттерді орыңдауларын айтамыз.
ҚР ҚК 237-ші бабының 3-ші бөлігі бандитизм әрекеттерін адамның өз
қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай
әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете
білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап
(ҚР ҚК 237-ші баптың 3-ші бөлігі) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым
адамдар (ҚР ҚК 307-ші бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың
басқарушылары (ҚР ҚК 228-ші бабының ескертуі) болады.
Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті көп мөлшерде иемдену мақсатымен
бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасап, шабуылға
үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш жұмсаумен
ұштастырып немесе сондай күш жұмсамақ болып, қорқытып үй-жайға немесе қойма
орындарына басып кіру арқылы жасалса немесе дене ауыр жарақаттарымен
ұштасса, иә болмаса бұл қылмысты ерекше қауіпті рецидивист істесе немесе
бұрын мемлекеттік немесе қоғамдық немесе азаматтардың өзіндік мүлкін
иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонаған немесе бандитизм жасаған адам
істесе – мүлкі тәркілене отырып, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланатындығы көзделген.
Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы
топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару мүлкі
тәркіленіп немесе онсыз 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың 1-ші немесе 2-ші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз
қызмет бабын пайдалана отырып жасаса – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 10
жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру қылмысы – осы қатардағы
қылмыстардың бір түрі.
Әскери бөлім немесе негізгі сипаттары бойынша (саны, қаруланғандығы,
құрылымы, оқытып үйрету жұмыстары, т.б.) соған жақын тұратын
қаруландырылған ұйымды құрылым деп түсінеміз. Құрама бірлестік, отряд,
жасақ немесе өзге топ түрінде болуы мүмкін.
Құрылымның заңсыздығы, сол сияқты, оның қаруланғандығы, яғни
бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге ұйым мүшелерінің оқ-дәрімен ататын
қаруы немесе суық қаруларының болуы оның міндетті белгілері болып табылады.
Тіпті қандай болса да бір нормативті негіздің жоқтығына қарамастан
ұйымдастырылуы іске асырылған әскерилендірілген құрама заңсыз деп танылады.
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру деп нәтижесінде осындай
құрама ұйымдастырылып шыққан кез-келген әрекеттер (қатысушыларды іріктеу,
қару іздестіру, орналастыру жерді жабдықтау, т.б.) айтылады.
Ұйымдастырылып алынған заңсыз әскерилендірілген құраманың іс-
әрекеттерінің бағытын анықтап айыру – заңсыз құраманы басқаруды білдіреді.
Заңсыз әскерилендірілген құрамаларды ұйымдастыру сәтінен немесе
осындай құраманы басқаруды білдіретін әрекеттер жасалуы сәтінен бастап
қылмыс аяқталған болып есептеледі.
Қатарына кіру және бұл құраманың жоспарына сәйкес кез-келген
әрекеттерді орындау – заңсыз әскерилендірілген құрамаға қатысу деп
танылады. Заңсыз әскерилендірілген құрамаларға қатысу орналасатын жерді
жабдықтау бойынша түрлі тапсырмалар орындау, күзете қатысу, өткізілетін
сабақтар мен жаттығуларға қатысу түрінде болуы мүмкін.
Заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен
әскери жабдығын тапсырған тұлға, егер оның іс-әрекетінде қылмыстың өзге
құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сонымен, ҚР ҚК 236-шы
бабында ескертуде көрсетілген нормаларды қолдану үш түрлі шарттың орын
алған кезінде мүмкін екен:
а) заңсыз әскери құрамаға қатысуды тоқтатудың ерекшелігі;
ә) қару мен әскери жабдықтарды тапсыру;
б) тұлғаның әрекетінде қылмыстың өзге құрамының болмауы.
Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік.
Әскери құраманы (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты) заңсыз
түрде ұйымдастыру, сол сияқты оны басқару қылмыстың объективтік жағын
білдіреді.
Субъективтік жағынан алғанда, қылмыс тікелей ниеттің болуымен
сипатталады. Тұлға заңсыз әскерилендірілген құрама ұйымдастырып
отырғандығын немесе соны басқаратындығын ұғып біледі және осы әрекеттерді
жасағысы келеді де.
Қылмыстың субъектісі – заңсыз әскерилендірілген құраманың
ұйымдастырушысы немесе басшысы болып табылатын 16 жасқа толған есі дұрыс
тұлға.
Есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы,
уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери
техника, жару құрылғылары, атыс қаруы мен оқ-дәрілер, жаппай қырып-жоятын
қарудың ядролық химиялық, биологиялық және басқа түрлері, жаппай қырып-жою
қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтар
қарастырылған қылмыстың заты болып табылады (ҚР КҚ 250-ші бабы). Бұл
заттардың барлығын кеденнен заңсыз түрде өткізу қылмыс болып танылады.
Қатты әсер ететін және улы заттардың да тізімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz