Мұсылман құқығының мәтіндері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
таќырыбы: МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
МАЗМҮНЫ
Кіріспе
І – Тарау. Ислам шығуының идеялық бастауы.
1. Мұсылман құқығы қалыптасу тарихынан
2. Мұсылман құқығының мәтіндері
II - Тарау. Мұсылман құқығының негізгі концепциялары.
2.1. Мұсылман құқығына дейінгі әдет-ғұрып, салт-саналары
2.2. Шариғат, фикх және мұсылман құқығының
қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі концепциялары
III – Тарау. Мұсылман құқығының қазіргі құқық
жүйесіндегі орны.
3.1. .Шығыс мемлекеттеріндегі мұсылман құқығын қолдану
тәжірбиелері.
3.2. .Мұсьшман құқығы орта Азия және Қазақстанда.
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Түрлері діни сенімдер және философиялық-этникалық дәстүрлермен тығыз
байланысты. Батыстың құқық рецепциялары мен заңи ұғымдарына елеулі түрде
кедергі жасаушы Азия мен Африканың көптеген елдерді бір отбасындай
болғамағанымен, бұлардың барлығы да ерекше құқықтық жүйеге біріктірілген
діни және дәстүрлі тұжырымдамаға негізделген. Кейбір зерттеушілер дәстүрлі
емес құқықтық жүйелерді қиыршығыстық құқық тобы, ислам құқығы және үндістік
құқық деп бөледі. өзге авторлар құқық құндылығы танылған елдерді бір топқа
біріктіреді, бірақ құқықтың өзі діни мен құқық араларын Батысқа қарағанда
басқаша түсіндіреді. Бұған мұсылман, үндіс және яруди құқық елдері жатады.
Құқық идеясы қалдырылып, қоғамдық қатынастар өзге жолмен реттелуге тиіс
дегенді уағыздайтындар басқа топқа біріккен. Бұл елдер қатарына Қиыр Шығыс,
Африка мен Мадагаскар мемлекеттері кіреді.
Континентальдық және англоамерикандық құқық жүйесіне енбеген азия мен
Африканың көптеген елдерін сыныптауда бұлардың кейбір ерекшеліктеріне
қарамастан, барлық зерттеушілер олардың құқықтық жүйесі діни және құқықтық
нұсқамасы бір екенін, құқық жөніндегі көптеген дау-дамайлар тәртіп
нормаларының әлеуметтік мәртебесіне бағдар алған дәстүрге сәйкес шешім
табатынын, мұның өзі олардың құрылымы мен ұлттық құқықтық жүйесінің үлкен
айырмашылығы барын есепке ала отырып, діни-дәстүрлі құқық үйелмендеріне
жатқызбақ болады.
Ислам дінінің бір тарабы болып табылатын мұсылман құқығы осы заманға
әлемдегі аса ірі жүйенің бірі болып саналады, сондықтан да мұсылман
елдеріндегі заңнама нормалары туралы сот парықтауы өзіндік өзгешілігімен
ерекшелінеді.
Диплом жұмысы осынау күрделі мұсылман құқығының қалыптасуы мен дамуына
арналған.
Қазақ халқының әлемдік жүйеде алатын өз орны бар. Өйткені қазақтар
түркі тектес туыстас халықтар арасында өз ерекшелігі мен көзге түсетін мол
рухани мұраларға ие.
Кешегі патшалық саясат пен кеңестік идеология қаншама жоюға
ұмтылғанымен, түбірінен дінімізді жоя алған жоқ. Қазір Қазақстан
Республикасы тәуелсіз, егеменді ел. Сондықтан да, тегімізге, дінімізге
сіңген сол әдет-ғұрыптық құқықтарды кері итермей, қайта қоғам кәдесіне
жарату көрегендік болар еді. Осы мақсатта мұсылман құқығының қалыптасу және
даму тарихын қарастырдық.
Диплом жұмысы кіріспе, 3 тарау, 6 параграф, қорытынды және әдебиет
тізімдерінен тұрады.
І – Тарау.
Ислам шығуының идеялық бастауы.
1. Мұсылман құқығы қалыптасу тарихынан.
Мұсылман мемлекеті рұқсат етіп, қолдап отырған феодалдық-діни
ақсүйектердің еркін білдіретін нормалар жүйесі ретінде мұсылман құқығы
негізінен VI1-Х ғасырларда Араб-Халифатында қалыптасқан және ол исламға
негізделеді. Адам белгілі қоғамда өмір сүре отырып, өзіндік дүние танымдық
тұжырымдаманы ұстанады, әр белгілі сенімде болады. Ал ондай нанымы жоқ
адамдар білермендікке, бассыздыққа ұрынады. Кейбір білімсіз имандар мен
діндардың исламның негізін бұлдіріп, беделін түсіріп жүруде осындайдан.
Ислам, - “Сәлем” деген сөзден шыққан. Ол “бейбіт және иман-саулық” деген
ұғымды білдіреді. Амандық-есендік адамның бақытын да аңғартады. Ал бақыттың
өзі оның біліміне, сенім- нанымына денсаулығына, еркіндігіне, тәрбиелігіне,
шыншылдығына, жеке біреудің, әрі қоғамның сондай жағымды қасиеттеріне
тікелей тәуелді екені айқын. Исламның қадір-қасиеті туралы айтқанда
оның Алла нұсқаған жол екенін түсінген ләзім. Ол жолмен адамзат жүріп өтуге
тиіс. Сол себепті Ислам “Ақыл, Парасат діні” деп аталады.
Алланың адамдарға қояр негізгі талаптары: білімнің,рухани және заттық
дүниелердің заңдылықтарын игеру, соның негізінде шындықты танып-білу, солар
арқылы өзіңді ізгі адамгершілікке үйрету, соның бәрін орындауда өзара
әділеттілікті, шыдамдылықты, еңбек сүйгіштікті қамтамасыз ету.
Мінеки, ислам дінінің мүрат-мақсаты дегеніміз осындай ізгілік пен
имандылық асыл қасиеттерді талмай уағыздаумен мазмүндалмақ.
Президентіміз Нүрсүлтан Назарбаевтың: “Ислам кемелі орындарын барып
көру менің осы заманғы процестердегі діннің алатын орны мен қызметі
жайындағы көзқарасымды өзгертуге мәжбүр етті”.1
..Меніңше ,діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоятын емес,бір-біріне
табыстыратын бастауларды іздеген абзал (“Ғасырлар тоғысында” кітабы) деуі
де тегін болмаса керек. Ислам діні - біріктіруші сипаттағы ілім. Адамдардың
бір-біріне жақындастыратын, бір-бірімен табыстыратын бастаулардың тумасы.
Жалпы дінді зорлық пен қудалау құралы ретінде пайдалану - Құдайлық ісі
емес,ол саяси әзәзілдердің харамдық пиғылы,ықпалы. Ислам догмасына сәйкес
қолданылып жүрген құқық Алладан келіп түскен. Ол оны адамзатқа өзінің өкілі
Мұхаммед Пайғамбар арқылы жіберген. Мұсылман қүқығының бастауын Құраннан
(бұл Алланың ғибраттарынан, сөздері мен өсиеттерінен тұратын қасиетті
кітап) алады және адамның ақыл-ойы мен әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі
емес,қүдай нұсқауларының жемісі деп саналады. Алла қүқығы адамзатқа бір-ақ
рет және мәңгілікке берілген, сондықтан қоғам ахуалдар мен жағдайлардың
ықпалы мен өзі құқығын жасамай, осы құқықты басшылыққа алуға тиіс. Рас,
мұсылман құқық доктринасы,құдай ақиқаттарын түсіндіру мен дұрыс түсіндіруді
қажет етеді, ол үшін мұсылман заңгерлері ғасырлар бойы қажымай, талмай
еңбек етті. Бірақ бұл күш жігер құқықты түзеуге емес, Алладан келген
құқықты іс жүзінде пайдалануды бейімдеуге ғана бағытталды.
Қазіргі заманғы Батыс түсінігіндегі қүзыретті өкімет шығарған құжат
ретінде заң мұсылман қүқығында болмаған. Теориялық жағынан Аллада ғана заң
шығарушы билік болады, ал жер бетіндегі билеушілерде құқық шығару, заң
шығару өкілеттігі болмайды. Шын мәнінде ежелгі ғалым-заңгерлердің еңбектері
мұсылман қүқығының бірден-бір нақты қайнар көзі болып қызмет етеді.
Мұсылман құқығы - бұл бірыңғай исламдық әлеуметтік-нормативтік реттеу
жүйесі. Ол заңдық нормаларды да, діни және адамгершілік қағидалард??? да,
сондай-ақ әдет-ғұрыпты да қамтиды.1 Мәселен, мұсылман құқығында дінге
сенетін адам құранды оқуға тиіс, ол оразаны ұстауға тиіс,ол садақаны беруі
тиіс және қажылық сапарға баруы қажет екенін ажыратып көрсетеді. Мұсылман
қүқығы - ислам идеологиясының неғұрлым жарқын да толық бейнесі, оның
негізі. Мұсылман құқығы - феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына
мүмкіндік туғызады. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы
феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады.
Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарын қоғамдық
өмірдің барлық жақтарында жүргізді.
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті
қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман қүқығының
атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік
құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене
мыналарды бөліп көрсетті.
1) Романдық-германиялық құқықтық отбасы.
2) Англо-саксандық құқықтық отбасы.
3) Социалистік құқықтық отбасы.
4) Діни дәстүрлі құқықтық отбасы.
а) Мұсылмандық, ә) Иудаизм,
б) Индуизм.
Мұсылмандық құқығының дінмен байланысы, түбегейлі концепциясы және
теорияның қайнар көзі арқылы басқа құқықтық отбасылардан өзгешелігімен
көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық
құқық нормаларымен қоғамдық қатынастар реттеледі.
Бұл құқық жүйесінде феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін
әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар,
мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртүтас
біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар.
Шариғаттың барлық нормалары Құран мен сүннеттен шығады. Олар құдайдың
қүдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда,
мемлекеттің дін сенімінің негізі және діни міндеттерді орындауы, адамдар
арасындағы қарым-қатынасына өлшем нормалар қойды. Соңғысы құқықтық норма
болып қалыптасты.
Формалды құқықты нұсқалармен таныса отырып, оның мемлекетпен
қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын
формалды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана
қолданылған (VII-VIII ғасырлар). Алайда, бұл процесті тәмамдау және
мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған
жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесінде объективті түрде ықпал жасай
алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі оның доктриналығы,
құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма
арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет
мұсылман құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған.
Мұсылман құқығында көпшілік және құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып
келеді. “Мұсылман ойының бағыты - деп жазды Р.Шарль, - қатаң тәртіп пен
нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау”.1
Сол кезеңдерде түсініліктілік және айқындылық принципі Батыс үшін аса
маңызды болып есептеледі.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі.
Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы.
Бұл дін мыналардан тұрады:
1) теология - сенімдер жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі
керек еді;
2) Шариғат- адамгершілік жолы.
Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы қажет міндетті идея ретінде
түзілген. Міндетін орындымаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.
Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды
әрі теократиялық қоғамның концепциясына жетекшілік етеді. Таза құдай
жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі
исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам- заңның діні. Мұсылман
құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең
түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы ғылымының 2 тарауы бар: 1) Шариғатты құрайтын тұтас
бір кешенді түсініктер дәрежесі, шығу тектері; 2) Материалдық мұсылман
құқығының нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығын зерттеушілер оның екі табиғи қасиетіне көңіл бөліп
ислам нормасы, адамгершілік нормасы және мәдениет ережелерінің сабақтасып
құқықтық алғы шарттарға әкеп соқтыратындығын белгілейді. Мұсылман құқығының
шығу тегіне байланысты пікірлерге келсек, біріншіден, діни (“табиғи
құдіреттілікпен”); екіншіден, ислам нормаларының құқықтық байланысы.
Белгілі ғалымдар Мүхамад Йусуф Мұсаның, Субхи Махмасанидың пікірлері
мұсылман құқығы шығу тегі бойынша діни және құқықтылығы құдайға бой ұсыну1
деп түсіндіреді.
Ислам және оның нормативтік алғы шарттарына берілген жан-жақты
сипаттамаларын қорытындылай келіп, ислам дегеніміз-“сенім және мемлекет”,
ал мұсьшман құқығы (фикх) дегеніміз тек қана жеке құқығы емес дін де болып
табылады”2 деп көрсеткен. Сондай-ақ Й.ІПахт мұсылман қүқығына дін және
мемлекет дуализмі тән деп белгілейді.3 Р.Шарль,мұсылман құқығы - ең
алдымен дін, содан кейін - мемлекет және мәдениет дейді.4 Р.Давид, Ислам
дегеніміз - заңның діні, ал мұсылман құқығы ұтымды емес, діни, құдыретті
табиғаттылыққа тәуелді деп жазады.5
Исламда “сенім және мемлекет” бірыңғай тұтастық тезиске негізделе
отырып, көптеген дін мен құқықты зерттеушілер ислам діни догматикаға
(теология) тән деген түжырымға келеді, мораль мәдениет ережесі және
құқықтық норма бар деп қарастырсақ, бұл өзіндік орынға ие емес екінші
дәрежедегі ұғым дейді. Мысалы, Абу ал-Азиз Амир мұсылман құқығын
құқықтанушының көзқарасымен қарасақ діни догматиканың бір бөлігі дейді.6
Субхи ас-Салих құдайға бой ұсыну дегеніміз бөтен құқық емес деген пікірді
қолдайды, және бұл көңіл аударатындай фактордың бірі. Исламға бой ұсыну
оған деген құқықты көрнеу жоғарылатады.1 Абдал-Азиз Амир мұсылман құқығы
мен діни адамгершіліктің өзара тығыз байланысына көңіл аудара отырып,
мұсылман мораль нормалары құқықтың санкцияларымен толық
қамсыздандырылғандықтан мұсылман құқығы ең “адамгершілікті” құқығы болып
табылады2 деп тұжырымдаған.
Біздің қарастырып отырған сұрақтарымызға деген ғалымдардың
көзқарастары бір-бірне ұқсас, толығымен алып қарасақ мұсылман құқығының
жеке дара туындамағандығын қайталай келіп ислам дінімен сабақтасып
тоғысатындығын айқындайды. Жоғарыда көрсерілген пікірлерге негізделе
отырып, құқық нормалары исламда діни мәдени ережесімен сабақтасып бір-бірін
толықтыратын фикханың бөліктері, Н.Торнаудың ескертуі бойынша: “ratio
legis” мұсылмандардың азаматтық қаулыларында жетілмегендіктен сенімге
бағынышты заң деп бір сөзбен өрнектеуге болады.3 Шынымен де исламның
діни, құқықтық алғы шарттардың өзара тығыз байланыстылығы мұсылман
қүқығының діни негізінің “мұсылмандық” сипатына күмәнданбаймыз. Бұл
мұсылман құқығының әрекеттенуші құқықтық нормалардың жүйесі ретінде
айқындаушы реальды дерек болып табылады.
Бірінші кезекте ислам шығуының жалпыға тән нормативті шарттары туралы
әңгімелейік. Мәселен, мұсылман құқығының негізгі мәтіндер ретінде исламның
құқықтық емес нормаларынан құрылған Құран және Сүннат жатады. Бұлар құдайға
бой ұсыну қасиетіне негізделе отырып, діни сенім, діни мәдени ереже және
моральды айқындаушы ережелерден қүрылған, мұсылман құқығының мазмүнын
анықтайтын нормалар жиынтығы. Ислам идеясын діни жұйе ретінде жүзеге
асырғандығы бағыты оның қүрамына діни мәдени нормалардың кіруін мұсылман
құқығының квинтэссэнциясы деп әділ бағалай отырып мұсылман идеологиясының
айқын өрнектелген бастапқы саласы демекпіз.
Жекелеп қарастырғанда, жалпы идеологияның негізін түсіну ғана емес
мұсылман құқығының құқықтық ерекшеліктері “мүдделік” концепциясы маңыздырақ
және бос негізгі құндылықты қорғау құқығына бағытталған концепциясының да
орны бөлек.
Исламдағы социо-нормативтік реттеушілер бірінші қағидамен тығыз
байланысты, оның құқықтық алғы шартының нормативтік мазмұны мен Орта
ғасырдағы мұсылман қүқығының қалыптасу ерекшеліктерінің сипаты діни мәдени
“ибадат” нормасынан айрықшаланбайды. Ибадат мұсылман құқығын кең мағынада
қарастырған кезде бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да
исламның діни және құқықтық нормалары бірден-бір мәтіндерге ие болып отырып
ұқсас құрылымды бір-біріне тән пәрменді әрекеттенуші тетікті.
Мұсылман құқығының барлық салаларында сенімнің негізін қорғауға
бағыттала отырып, діни догмаға арқа сүйеді. Мұсылман құқық жүйесінде
негізгі орынды “жеке түлғаның мәртебесі” нормаларынан құрылған сала алады.
Бірақ та, қазіргі жағдайда мұсылман мемлекеттерінде мұрагерлік, өсиет,
құқық қабілеттілікті шектеу мәселелерінде діни қағида қолданылмайды. Осы
норма бойынша мұсылман әйелдері мұсылман еместерге түрмысқа шығуға тыйым
салынады. Неке құру кезіндегі куәгерлерде мұсылман болу керек. Мұсылман
азаматтық құқығы (муамалат) меншік тәртібін реттей отырып, ең жоғарғы
мүліктік құқық Алланың иелігінде екенін уағыздайды. Мұсылмандық мемлекеттік
құқық бойынша басқарушы тек қана мұсылман болу керек. Ел басының
өкілеттілігі діни сипатта, біріншіден ислам мүддесін қорғай отырып діни
міндеттемелерді орындау түрғысынан құқықтық бақылау жасайды. Мұсылман саяси
құқық теориясы бойынша мұсылман мемлекетінің заң шығару билігі діни және
құқық сұрақтарын жақсы білетін білікті мужтахидтың қолында.
Мұсылман мемлекетінің мақсаты исламның “мұсылмандық өмірдің қағидасын”
жүзеге асыруға бағытталған теократиялық мемлекет құруда. Мысалы, шийт саяси
теориясы бойынша мұсылман мемлекеті (имамат) құқықтық ғылымның пәні ретінде
емес, діни догма ретінде қарастырылады. Мұсылманның процессуалдық құқығында
сот лауазымында ислам діни және моральдық алғы шарттарын қатаң сақтайтын
мұсылман тағайындалатын. Осы құқық бойынша куәгерге деген талап өте жоғары.
Ант беру, куәгердің кінәсіздігін дәлелдеу сияқты институттар қарастырылған.
Исламда халықаралық қатынасты реттеу идеясы жалпы елдің тұрғындарын
және халықты дініне байланысты екі топқа бөледі: “ислам әлемі” және “соғыс
әлемі”. Мұсылман мемлекетінің сыртқы саясаты мемлекеттердің басшылыққа алып
отырған дініне байланысты еді. Мұсылмандық халықаралық құқықтағы елеулі
институттардың бірі жихада-исламның бойын алып қашқандармен соғыс немесе
сенім-нанымсыз адамдарға қарсы соғыс жариялау. Мұсылман қылмыстық құқығы
(укубат) “Алланың құқығына” қауіп төндірген соның ішінде дінін сатқандарды
өлім жазасына кесетін әрекеттерді ауыр қылмысқа жатқызады. Мұсылман құқығы
бойынша қандайда күнә, тіпті моральдық қате де мұсылман сотымен жазаланады.
2. Мұсылман құқығының мәтіндері
Мұсылман құқығы ғылымында мәтіндер туралы ғылым өз ерекшелігімен
айырықшалана отырып зерттелген. Жоғарыда айтып кеткендей, мұсылман
зерттеушілері мұсылман қүқығының құрамындағы өзара қатысты нормаларды екі
топқа бөледі. Бірінші, құқықтық алғы шартты құратын Құран мен Сүннет
“құқықтың мәні бар Мұхаммедтің мінез құлқы, айтылған сөзі және мойындау
туралы хадис жинақтардан” тұрады, ал екіншісі, мұсылман құқықтық
доктринадан құрастырылған нормалар “иджма, қияс”.
1. Құран - ислам дінінің бас кітабы.
2. Сүннет - құдайға байланысты дәстүрлер.
3. Иджма - мұсылман қоғамының бір тұтас келісімі.
4. Қияс - ұқсас пікірлер.
Осылардың ішінен негізін қалаушы норма ретінде бірінші топтағылар
жатады, соның ішінде Қүрандағы нормаларға негізделеді. Құранды мұсылман
құқығының мәтіні ретінде сипаттау үшін оның діни моральдық бағытта
жазылғанын айта кету керек. Құран-Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке
жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.
Мүхаммед өз тұсында, қажет кезінде сүрелерді, аяттарды ауызекі етіп, оны
тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан-ауызға, бір-бірінен
таратып отырған еді. Барлық сүрелерді жатқа айтушыларда болған. Алайда
олардың айтуларындағы текстердің ішінде ауытқулардың болғаны анық. Кейбір
даулы мәселелерді шешуде Қүран аяттарына жүгінгенде, қарама -қайшылықты
пікірлер де кездескен. Арабтардың жаулап алынған территориясы ұлғая
түсуімен мұндай ауытқулар исламға аброй әкелмей, қайта арасына жік салуға,
қате текстердің жол алуына душар ететіні себепті, барлық сүре жазбалары бір
ізге түсіріліп, жүйеленіп, кітап етілу мақсаты бірінші кезекте тұрды.
Өйткені “Алланың сөзі”- Құранды қасиетті кітапқа айналдыру қажет болды.
Сондықтан да мұндай маңызды мәселеге халифтан бастап билеуші тап өкілдері
тікелей араласты. Бірінші халиф Әбу Бәкірге Омар ибн әл-Хаттаб (ол да 634-
644 жылдар арасында екінші халиф болған) кеңес айтып, Құранды бір ізге
түсіріп, кітап етуді ұсынады. Әбу Бәкір бұл ұсынысты қабылдап, 22 жасар
мәдиналық Зайд ибн Сәбитке (Зайд Мұхаммедтің өмірінің соңғы жылдарында
хатшысы болған) тапсырады. Зайд сүйекке, тасқа теріге, пальма жапырақтарына
жазылған Құран аяттарын жинатып алдырып, оларды салыстырып, оның үстіне
жатқа айтушылардың, Мұхаммедпен бірге болып, естігендердің де айтуларына
мән берді. Сөйтіп, Зайд жеке парақтарға “Алла сөзін” жазып, Құранның
алғашқы редакциясын жасап шығарды. Алайда бұл жазба Әбу Бәкір мен Омар
халифтар тұсында көшіріліп жазылып, көбейтілмеді.
Алғашқы төрт халиф (Әбу Бәкір, Омар, Оспан және Али) белгілі бір
дауды, таласты мәселені шешуде Құран мен Сүннаға ғана сүйенген. Егер де
таласты мәселе жайлы шешімді олардан таба алмаған жағдайда оңдағы
пікірлерді өрбітіп, ақылға қонымды шешімдер шығарып отырған. Әрине, мұндай
шешімдерді мұсылман құқығының білгірлерімен, көпті көргендермен ақылдасып
барып шығарған. Мұндай шығарылған шешімдерді қазылар пайдаланған. Қазіргі
кездегі ислам зерттеушілерінің көбісі заң нормаларын түзу үшін Құранда
құқықтық заңға тиісті аяттар мүлдем аз екенін ескертеді. Бұл жайлы араб
зерттеушілері де жасырмай айтады. Мұхаммед Йеменге әмірші етіп тағайындаған
өз ниеттесі Муазбен сөйлескен мына бір аңызын айта кеткен жөн секілді.
“Here сүйеніп адамдарды жауапқа тартасың ?”- депті Мұхаммед. “Алла
сөзімен”, - депті Муаз. “ Онан таппасаң ше?” - депті Мұхаммед. “Онда Алла
елшісінің сүннасы бойынша” - депті Муаз. “ Егер де онанда таппасаң ше?”
-депті Мүхаммед. “Онда өзім пайымдап, шешім қабылдаймын” - деп Муаз жауап
бергенде Мұхаммед “Аллаға мың да бір рақмет, өзінің елшісінің пікіріне сай
әмірге пікір айтқызып тұрғанына”, - деп өте риза болыпты. Міне, осы хадиске
сүйене отырып, мұсылман заңшыларды әрбір Құран мен Сүннада жоқ мәселелерді
өздері шеше берген. Тағы да бір хадисте: “Егер қазы бір істі өзі қарауынша
шешіп, дұрыс шешім істесе, онда оған екі есе, ал қателессе бір есе сыйлық
берілсін”, - делінген Мүхаммед сөзін айта кетсек, онда талас-тартысты
істерді әрбір қазы өз қарауынша шешуге мүмкіндік берілгеніне күмән
келтірмейміз. Сол себепті де халиф Омар (634-644) түсынан бастап қазылардың
қасында ақылдасатын заң белгілері (факиһ) шығарған қорытындыларға орай
фатуа (шешім) шығарған. Олар Қүран, Сүнна және Мұхаммедпен бір жүрген
ниеттестері айтқан нормаларға (иджма) сүйенген.
VIII ғасырлардың ортасынан бастап халифатта имамдық мектептер (мазһаб)
пайда болып, мұсылман қүқығы жаңа сатыға көтерілді. Бұл мазһабтар:
ханифилік, маликиттік, шафилік, ханбалиттік және шейттік болып беске
бөліндігӨз кезегінде кейбірі мысалы, шейттік бірнеше ағымдарға бөлініп
кетеді. Бұл мазһабтар Қүран мен Сүннаны өздерінше бір-бірінің ықпалынсыз
түсіндіріп өздеріне лайықты заң нормаларын жасады. Кейде белгілі бір
мәселелерді шешуде олардың шығарған шешімдері бір-біріне сәйкес келмей
жатты.
Уақыт өткен сайын әр мазһабтың заң белгілері Құран мен Сүннаға сүйене
отырып әр мәселеге шығарған шешімдері ұлғая түсті. Міне, осындай шығарған
шешімдерді кейбіреулері мазһабтың бірінде өте жақсы шешілді. Бірте-бірте
барлық мазһаб белгілі бір мәселеде бірінің шешімін дүрыс деп санауға мәжбүр
болды. Ақырында өз жандарынан шығарып, шешім қабылдауға болмайтын халге
жетті. Яғни, мазһабтардың заң білгірлері қабылдаған шешімдер жетерлік деп
саналды.
Енді біз шариғат заңдарының негізгі қайнар көздеріне, яғни негіздеріне
тоқталып өтейік.
Құран текстінің ең көне қолжазба түрінің сақталуын VII ғасырдың аяғына
апарып тииді. Мұсылмандар ауыздарынан тастамай, жыр етіп айтып жүретін
Құранның осындай бір түрін Оспан оқып отырғанда Әлиді жақтаушылар тарапынан
өлтірілгенде, оның қаны кітап парақтарына шашырап, сақталған деп санайды.
Міне, осы Құраннан оның көшірмелері алынған.
Құранның текстерінің шығу тарихын, алғашқы жазбасын анықтау, әрине,
өте қиын. Өйткені Оспан дәуірінде жазылынып сақталынып келген барлық Құран
текстері жиналып алынып, өртеліп қүртылғанын жоғарыда айтып өткенбіз.
Қазіргі кездегі әр түрлі Құран көшірмелерін анықтап, егжей-тегжей
қарағанымызбен, онан айтарлықтай өзгеріс таба алмаймыз. Бұл өзгерістер
Қүранды мақамдап оқуды жеңілдету үшін аяттардың өлеңдерін бөлгенде
ұшырасады. Құран 30 жүзге (бөлік) немесе сифарға бөлінген. Аяттар саны көне
қолжазбаларда әр түрлі. Мысалы, Басыра көшірмесінде 6204 болса, Куфа, Үнді
және т.б. көшірмелерде 6236 аятқа дейін жетеді. Қазір қалыптасып, басылым
болып шығып жүрген көшірмелерде әдетте 6226 немесе 6238 аят бар. Құран
сүрелері оқиға уақытына не мәніне қарай емес, көлеміне қарай
жайғастырылған. Тек қана бірінші сүре “Фатиха” 7 аяттан, ал одан кейінгі
сүре “Бақара” - 286 аят, үшінші - 200, төртінші - 175, бесіншісі - 120,
т.с. болып кеми береді. Ал, 103, 108 және 110 сүрелер үш аяттан, ал ең
соңғы 114 сүре 6 аяттан тұрады.
Сүрелер “Меккелік” не “Мәдиналық” болып бөлінеді, яғни бұл сүрелер не
Меккеде, не Мәдинада түскенін көрсетеді. Әрине, сүрелерге бөлінгенімен,
аяттар көбіне бөлек-бөлек, әлеуметтік саяси оқиғаға орай, өзінің қажетті,
дер кезінде Мұхаммед тарапынан айтылып отырған.
Екінші бір қайнар көзі - Сүнна (жол, үлгі) - Мұхаммедтің Құран жайлы,
қоғамдық түрмыс жайлы айтқандары мен істеген істері туралы.
Бұл деректер Мұхаммедпен бірге жүріп- тұрған, естігендердің айтуына
сене отырып, дін мәселелерінде, қоғамдық қарым-қатынас жөнінде Мұхаммедтің
істеген ұстанған жолдарын әңгімелеу. Бұл деректерді хадис деп атайды. Хадис
ауызекі айтылып, тек VIII-IX ғасырларда жазылып алынған. Сүнниттер
мойындайтын 6 даңқты хадис: әл-Бұхаридің (870 жылы өлген), Мүслимнің (875
жылы өлген), Әбу Дәудтің (888 жылы өлген) хадистері. Әсіресе әл-Бұхаридің
“ас-Сахих” атты хадистер жинағы, хадистердің ішіндегі толық мазмұндысы
болып саналады.
Әлидің үлы Хасан 6 ай халиф болғаннан соң, өз еркімен лауазымын
умиялық Әбу Суфьян ұлы Мағауияға тапсырады. Мағауия өзінен кейін халифтықты
Хасанның інісі Хусайнге өткізетін болып келісім жасайды. Бірақ Хасан
өлгеннен кейін Мағауия уәдесін бұзып, өзінің баласы Язидті мирасқор етіп,
өзі өлместен бұрын орнына белгілейді. Сондықтан Хусайн мен Язидтің
арасындағы шиеленіскен бақталастық араздық әлеметі ақырында Кербаланың
шөліндегі соғыста Хусайнның жеңілісімен аяқталады. Халифтік умеялықтардың
һашимиттеріне 662 жылдан көшеді.
Умеялықтар 91 жыл халифтік еткен (660-752) дәуірінде мұсылман діні өте
күшейіп, Анатолия, Иран, Африка,Орта Азия , Түркістан, Ауғанстан, Кавказ,
т.б. жерлерге тарады. Ислам дінін жаюда қаталдықпен көзге түскен халифтер
қатарында: Мағауия Әбу Сафьянұлы, Абумалик Маруанүлы, Уалит Абдумаликұлы,
һашам Абдумаликұлы және қолбасшы Хуттаж Жүсіпұлы мен әмір Мансұр Сайарұлы
болған.
Умеялықтардың тұсында дін ережесін үйретіп (Құран қағидалары) ғұлама
ғалымдардың әр елге дін басы, қазы, муфтилер белгілеген. Әрі мұсылман
дініндегі халықтарға шариғат жолдарының сан-салалы жаңалық түрлерін шығару
үшін әр жердің қонысына, ұлтына қарай мұсылман мемлекетін төрт мазһабқа
бөліп, олардың әрқайсысын басқаруға білімді ғұламалалардан тағайындаған.
Мекке, Мәдинаның әкімі болып, һашимиттерге әмірін жүргізіп тұрған
кезінде умеялық Жүсіпүлы Хұттаждың жарлығымен Харасанның қазысы Яхия
Яғымарұлын алдыртып, 705 жылы Құранға харакаттар қойдырған. Одан бұрын
Құранда ондай белгілер болмаған. Алайда осыдан бір жыл өтпей жатып-ақ
ғалым Яғымарұлы Яхия Хұттаждың зұлымдық жазасына тартылып өлген.
Умеялықтар халықты қаталдықпен езіп, соның нәтижесінде халық нараз
ылығы күшейіп, Әбу Мүсілім Харасани деген көрнекті қайраткердің басқаруымен
умеялықтарды өкімет басынан құлатып, ислам мемлекетінің билігі 752 жылдан
бастап қайтадан һашими Аббасилер қарауына көшеді, Халифтік таққа Аббастың
немересі Әбу-л-ғасұлы Абдолла отырды. Біз бұл арада тарихи шегініс жасап
отырған себебіміз мазһабтар умеялық дәуірде Сүннаны енді жинап, кітап ете
бастаған болатын. Осы Сүннатларды әбден жинап өз мектептерін салған төрт
мазһабқа сүнниттер деген атақ берді. Ал 5-мазһаб шейіттер екені баршаға
аян. Шейіттер Сүннаға күмән келтіреді.
Сүннаның негізін қалағандар:
1. Ең беделге иесі Әбу Ханифа Ну’ман Ибн Сәбит, кейбір деректерде 702
жылы Иракта туылған делінсе, енді бір деректерде 699 жылы Куфада туылған,
ұлты түрік, 767 жылы Бағдатта өлген дейді. Ислам тарихында “имам ағзам”
аталған Ну'ман ибн Сәбит 661 жылы Куфада туылып, 731 жылы қазылық қасиеттен
бас тартқаны үшін ислам әмірі Мансүр дүре ұрғызып, өлтірген дейді. Әбу
Халифа мектебін қолдаушыларды ханифийлер деп атайды.
2. Маликиттер мазһабының негізін салған Әбу Абдолла Малик ибн Анас бір
деректерде 716 жылы Мәдинада туылған десе, енді бір деректерде 713 жылы
Мәдинада туылып, 795 жылы сонда өлген дейді. Ол Мұхаммедтің ниеттес серігі
Саадидің аузынан естіп, хадис даярлаған. Бұл кісінің “Маутаа” атты
еңбегінде пайғамбардың ірі заңдары мен шешімдерін түгел келтіреді.
3. Шафийлер мазһабының негізін Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафии
салған. Ол кейбір деректерде 772 жылы Палестинада туылған десе, енді бір
деректерде 767 жылы Ғазада туылып, 819 жылы Каирде өлген дейді. Шафии
негізінен сыни хадистер жинаған. Шафийдің “Озуль” атты еңбегі мұсылмандар
заңының негізін құрайды. Ол сол секілді 14 том еңбек қалдырған.
4. Ханбалиттер мазһабының негізін салушы Абдолла Ахмед ибн Ханбал аш-
Шайбани 780 жылы туылып, 855 жылы өлген. Ол 30 мыңнан астам хадис жинаған.
Міне, осы 4 мазһаб жинаған хадистерді “Сүнна” деп, ал оның жолын
қуушыларды сүнниттер деп атаған. Сүнниттер дүние жүзіндегі мұсылмандардың
80% - іне көп мөлшерін құраған.
Мұсылман заңдарының тағы бір негізі болып Иджма (бір нәрсені шешу,
дәлдестіру)-Құран мен Сүннадан шешімін таба алмаған даулы мәселелерде
шариғат заңы белгілерінің діни, заң және қоғамдық мәселелер жөнінде
келісілген пікірлеріне сүйенеді. Мұндай келісіп, шешілген пікірлерді Иджма
дейді. Қияс (өлшеу) - үйлестігіне орай шешуге арналған мұсылман заңдарының
қайнар көздерінің бірі. Бұл исламның алғашқы кезінде дәстүрлермен (аһл әл-
хадис) логикалық, рационалдық пікірдегі топтар арасында айтыста пайда
болған. Былайша айтқанда, Құран, Сүнна және Иджма бойынша мұсылман
20 заңшылдарының қорытынды шешімдері.
Мұсылман заңдарының тағы бір қайнар көзі болып - әдет-ғұрып (адат,
урф) саналады. Басқа халықтардың әдет-ғұрыптары ежелден қалыптасқан,
жазылмаған мінез-құлық заңдары. Ислам діні олардың басым көпшілігін кері
итеріп тастай алмай, қайта ол әдет-ғұрыптармен астарласып, араласып кетті.
Өз кезегінде әдет халықты мұсылман заңдары секілді үстем тапқа қызмет етіп,
діни сенімді қорғап, таза сақтауға үндейді.
Әрине, даулы мәселелерді шешерде мұсылман соттары әуелі Құранға, сонан
соң хадистерге-сүнналарға, кейін барып заң белгілері пікірлеріне қарап
барып үкім шығаратын еді. Мұндай хадистер, пікірлер мың-мыңдап саналып,
шариғаттың бұл қайнар көздерін түсіндіру үшін тафсирлер (түсініктемелер)
жазылды. Әрі бұларды жақсы білетін, мұсылман заңдарын түсіндіретін
түсіндірмесіз соттың іс алып баруы өте қиындады.
Мұсылмандық сот ісін жүргізуде шектен тыс түсіндірмелердің,
пікірлердің, шешімдердің көп болуына орай, оларды бір жүйеге түсіріп, анық
етіп жазылған еңбек қажет етеді. Осындай шығарма қатарына әл- Хидаяны
жатқызуға болады. Оны шейх Бурхан ад-Дин Әли жазған. Ол Марғиланда (ежелгі
Транссаксонияда) 1152 жылы (хижраша 530 жылы) туылған. Бұл еңбектің
құндылығы сонда, онда түсіндірмешілердің бір мәселе туралы әр түрлі
пікірлері қатар беріле отырып, қайсысы пікірдің құнды екені, несімен
артықшылығы барлығы ашып көрсетіледі. Автордың өзі сот ісінде кездесетін
таласты мәселелерді шешуге құқығы бар болатын. Ол өз пікірін көбіне Әбу
Ханифа іліміне еліктеп, ханифилықтар ағымына лайықты шешетін. Шейх Бурхан
ад-Дин ли әл-Хидая да Бағдаттың атышулы қазысы Әбу Жүсіптің соттық
шешімдерінен де көптеп мысалдар келтіріп отырады.
Әл-Хидая ислам діні мұсылман заңдарының толық жүйеленіп жинақталған
түрі. 4 үлкен томнан түрады:
І-томда мұсылмандықтың 5 міндеті (иман, намаз, ораза, зекет және
қажылық) қарастырылған.
Иман-Аллаға, оның періштелеріне, пайғамбарларына және жіберген
кітаптарына сену. Өзін пәк ұстау және кедей еткенде пәк болу жолдары
айтылады. Намаз яғни, Аллаға құлшылық ету ислам дінінің ең бір маңызды
міндетті ісі. Намаз бес уақытта өтеледі: таңертеңгі күн шығар кезден
бастап, біраз көтерілгенше -памдап, түс кезінде-бесін, күн ауғанда-намаз-
дігер, күн батар алдында- намазшам, күн батқаннан соң-қүптап намаздары
оқылады.
Зекет-кедей, аш-жалаңаштар, жетімдер үшін жиналатын салық. Оның
мөлшері көрсетілген. Мысалы, жер өңдеуден түсетін өнімеің оннан бірі,
малдан-5-9 түйеден бір ешкі, 10-14 түйеден екі ешкі,т.т. 200-ге дейін. Ал
200-ден көп болса, онда 4 жасар түйе алынады. Бұл мөлшерді Мүхаммедтің өзі
жазып қалдырған делінеді. 30 сиырдан бір бұзау, 40-тан екі бұзау, 40
ешкіден біреу, 120-200-ге дейінгі ешкіден үш ешкі т.т. 5 түйеден 1 қой, 10
түйеден 2 қой, 26-35 түйеден тайлақ, 75 түйеге дейін 1 түйе, 91-ден көп
болса 2 түйе, т.т. 40 қойдан 1 қой (40-тан азға салық салынбайды). 121-ден
3 қой,301-ден 4 қой, т.т.;
ІІ-том - неке және отбасы жайлы;
ІІІ-том - куәлік беру, іс-әрекетіне қарай жауап беру, бермеу құқықтары
жайлы;
ІV-том - қылмыс пен жаза туралы.
Сондай-ақ Хидаяда панасына алу, ұл етіп алу, қашқан құлдар жайлы,
хабар-ошарсыз кеткендер, серіктік, сатып алу , кепілдік төлеу, сенімхат,
қалың малды талап алу, келісім, қарыз, кепілдік, сыйлық, айырбас,
мүрагерлік, жер, бау-бақша, құрбандық, қорлаушылық, аңшылық, тиым салу, қос
жыныстылық, бос жерді өңдеу қүқылары, т.б.жайлы әңгіме болады.
Енді шариғат заңдарына тоқталайық.
Шариғат соты ауызекі, көпшілік алдында, алдын ала даяргерліксіз
жүргізеді. Істі қазы не муфти алып барады. Қаралатын істе “ант алу” жолдары
үлкен маңызға ие болады. Ант беруші кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс адам
болуы керек. Балалардың, есі дүрыс еместердің, мастың анттары және зорлап
ант ішкізу, т.б. антқа саналмайды. Әкесі немесе ері рұқсат етпесе әйелі мен
балалары ант бере алмаған. Антты дауыстап айту керек, жазып беруге
болмайды. Мылқаулар ғана ыммен айтуларына болады. Шариғат ант беруден бас
тартуға рұқсат етпейді. Бас тартса бір құлға азаттық алып беруі немесе 10
кедей, аш-жалаңашты тойғызу немесе киіндіру тиіс. Егер ондай халы болмаса
үш күн ораза тұту қажет.
Өтірік ант беру шариғатта кейбір жағдайда: өз діндесін өлімнен
құтқару, не өзін құтқару үшін (мұндай жағдайда ол адам ішінен ант береді
де, содан кейін өтірік ант береді) рүқсат етіледі.
Уәде беруде ант беруге жақын. Уәдені асығые, ойланбай, ашуланбай,
ашуланып тұрғанда беруге рұқсат етілмейді. Шариғат уәде беретін адамды
күштеп емес, өз еркімен айтқызуды талап етеді.Уәде де бір-құдай да бір деп,
уәде бергеннен соң оны орындаған.
Қарғану да уәде беру мен ант ішу ұқсас. Ешкім де беталды қарғана
бермеген. Ант ішу де, уәде беру және қарғану да қазақ тайпаларында ежелден-
ақ болып, тәңірі, аруақ атынын, ал ислам, еңгеннен соң Құран ұстап, Алла
атынан айтатын болған.
Қорытындылай келіп, мынандай жағдаятты тұжырымдауға болады. Құран мен
сүннеде діни нормалар мен мұсылмандардың өзара қатынасы және қоғамдық
өмірді қамтитын көптеген нормалар бар. Ал енді нақты айтылмаған жағдайларға
байланысты шариғаттың жалпы нормаларын арнайы ғылым әл-фикх-юриспруденция
зерттесе, ал шариғат нормаларын әл-фикх-құқық қарастырады.
II - Тарау.
Мұсылман құқығының негізгі концепциялары

Зиялы адамзат қауымы пайда болғалы бері ғылыми деректер бойынша 1600
аталыққа ауысыпты. Міне, осы зиялы адамзат әдет-ғұрпы,дәстүрі мен салт-
саналары көп ғасырлар бойы тірнектеп жинаған тәрбиелік жүмыстарының
нәтижесі. Олар тек осы жолмен ғана өздері жасап-қалыптастырған рухани
мәдениеттерін,өз мінез-құлық психологиясын жалға-сушы ұрпақтарына өнеге
етіп беріп отырады. Олар да өз кезегінде тарихи-
экономикалық,т.б.жағдайларға орай жаңаларын қосып, жалғастырып отырған.
Атадан балаға қалған әдет-ғұрып, дәстүрлер мен салт-сана, жол-жоба
балаларына заң болып,оны бұлжытпай орындау сол халықтың тәртіптілігін,
бірауыздылығын білдірген.
Каспий теңізінің сағаларында орналасқан Тұран алқабында сан ғасырлар
мен мың-даған жылдар бойында түркі халықтарының түп бабалары
қоныстанып,өмір сүрді. Кейін келе-келе тайпаларға одақтасып,жан басы,мал
басы көбеюі салдарынан жан-жаққа қоныс аударып,өз ата-мекенінде қазіргі
қазақтардың ата-бабалары қалған. Сайып келгенде, түркі халықтарының діни
көзқарастары мен рухани түсініктерінің бастауы сонау арыда, діннің алғашқы
бастамасы болып табылатын тотемизм (жанды, жансыз заттар мен жан-жануар,
өсімдіктерді қүрметтеп, соларға табыну), фетишизм (табиғат құбылыстарына,
жан - 25 жануарлардың мүшелеріне табыну), анимизм (рух, жанға табыну,
шаманизм (мәжаусилік,бақсылық), т.б. алып жатады. Сана сезімі төмен,
алғашқы адамзат қауымы табиғаттың әр алуан құбылыстары мен көріністері
алдында дәрменсіз тәуелді болды.Жердің сілкінуі,күн күркіреп,найзағай
ойнап, от шашып, оның түскен жерін өртеп,адамдарды өлтіріп жіберуі,
жаңбырдан соң аспан күмбезіндегі кемпірқосақтың қүбылуы, толассыз жауған
жаңбыр, оба секілді әр түрлі аурулар, жанар таудың атқылауы, т.б. табиғат
құбылыстары мен аламаттарды “керемет” бір күштің жасап жатқан ісі деп ұғып,
оны істеушіні “тәңірі”,”көк құдайы” деп атады. Сондықтан да олар аспанға
телміріп, онан жақсылықтар тіледі. Сол “қүдай” жайлы аңыз-әңгімелер
шығарып,толғаныстарға түсті. Соның нәтижесінде барып дін пайда болды.
Әрине, дүние жүзі халықтары өздерінің географиялық, табиғи жағдайларына
қарай, дінге көзқарастары мен сенімдері де әрқилы болғанымен, олардың дінге
сенімінің бастауы о баета дәл осы табиғат қүбылыстарына тәуелдігінен
шыққанына талас жоқ.
Ал енді біздің түркі нәсіліндегі қазақтардың ежелгі сеніміне келсек,
ол да басқа дүниежүзі халықтары іспетті көптеген баспалдақтардан өтті.
Патриархаттық-рулық құрылыстың қалыптасқан кезінде шаман дінін үстанды. Бұл
дін бойынша адамдар табиғатқа, ондағы қүбылыстарға, Күнге, Айға, көктегі
жұлдыздарға,отқа табына отырып,бүрын дүниеден өткен ата-баба аруақтарын
қасиеттеп (“қүдайдан” соң оларға да табынды). Дін тарихын зерттеуші
ғалымдар дінін көп қүдайға табынушылық пен жалғыз қүдайға табынушылық
арасында пайда болған деп топшылайды.
Шындығында да, шамандық дін өз ішіне көп құдайға табынушылықты алып
жатыр емес пе? Отқа да табынады, Күнге де, көкке де, қала берді өлген ата-
баба аруақтарынада табынды. Ф.Энгельс: “Ерте замандағы діндердің бәрі
стихиялы түрде пайда болған тайпалық діндер болды, бұлар әрбір халықтың
қоғамдық және саяси жағдайларынан өсіп шығып, солармен біте қайнасып
кетті”1 -деп әрбір тайпаның алғашқыда өзіне ғана тән сенімі болғанын
аңғартады. Сол секілді түркі тайпаларының да өздеріне қас сенімдері болып,
олар әрбір тайпадан жалпы ортақ түркілік сенімге топтасты. Мысалға “кие”
сенімін ғана алайық. “Әуелде, адамды қоршаған дүниенің ішінде кездесетін
кейбір заттар адам сенімінде “киелі” саналып, - деп жазады Х.З.Ақназаров, -
бірте-бірте дәстүрлеріне айналған”. О баста зат не құбылысқа ерекше мән
беріп, оны қасиеттеп, бара-бара оны кереметке айналдырған. Сөйтіп, олар
кейбір заттар “киеге ие” егер осы “киелі затты” құрметтеп отырса, онда
жақсылықтар әкеледі, болмаса, оны ренжітіп алса - бір қырсыққа,
бақытсыздыққа душар етеді. Мұндай қасиеті бар зат не қүбылыстар “киелі” деп
аталынып, ал солардың киесі ұрса, оны кесір деген. Міне, осы киелі зат
өмірде кездесетін жақсылық пен жамандықты тудырушы деп ұғынған, ізгілік пен
кесірлікті, сол киелі заттың ізгілігінің не кесірінің салдары деп санаған.
Адамзаттың күнелтуінің негізі деп саналған хайуандар мен өсімдіктер
діни көзқарастардың келіп шығу объектісі ретінде қабылданып, әрі сол
көзқарастардың пайда болуына жағдай жасаған.
Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары бойынша арабтарда некелесу немесе
ажырасу жайлары да неше түрлі болған. Некелесіп тұрмыс құрудың бірінші жолы
- ержағы қыз жағының үлкендері елші жіберіп, келісіп, қалың мал төлеп,
апталанған, айлаған немесе белгілі бір мерзім ішіне келісіп, некелесіп тұра
беретін. Мұндай некені “көңіл ашар” немесе “уақытша неке” дейтін. Енді тағы
бір түрі: біреу өз әйелін екінші біреудің әйеліне ауыстыратын. Мұндайды
“айырбас неке” деп атаған. Бұлардан басқа өзінің қарындасын басқаға беріп,
оның орнына сол адамның қарындасын алған, мүндай некені “қаршы неке” деп
атаған. Мұндай некені көбіне кедей, қалың мал төлейтін қауқары жоқтар
арасында құрылатын. Тағы бір неке “көңіл аулау” некесіде болған. Мұндай
неке біреу-біреуге батылдық, жомарттық іс көрсетсе, оның көңілін аулау үшін
оған өз әйелімен жақындасуға рұқсат етілген. Ол дәуірде бұл некелердің
барлығы да заңды, әдет-ғұрып нормаларына сай есептеліп, мұндай некеге
араласқан адамдар жүрген ортасында айыпты саналмаған. Ислам бұл некелердің
біріншісінен басқаларына тиым салп, тоқтатты. Исламға дейін бұл некелерден
басқа да түрлері болып, оның үстіне жезөкшелік те көп болған. Бірақ
жезөкшелік күңдерге ғана лайық деп саналып, солар ғана айналысқан, ал ері
барларға ол лайықсыз деп саналған. Меккені алған кезде Әбу Суфьянның әйелі
өзі разы болып, Мұхаммедке ерік бергенде, Мұхаммед “ендігі жерде
жезөкшелікке, зинақорлыққа жол берілмейді” депті - мыс. Шындығында да,
ислам жезөкшелікке қарсы шығып, оған жаза қолданған. Бұл айтылғандардан да
басқа, бір туған қарындасы мен бацырына некелесу дәстүрі бар. Әкесі өлсе,
ұлдарының бірі өгей шешесін ала беретін. Бұл жөнінде ереже былай болған:
әкесі қайтыс болғаннан соң өгей шешесін алуға алдымен үлкен ұлы құқылы, ол
өгей анасына үйленгісі келсе, белгі ретінде бір киімін шешесінің үстіне
тастау керек, бұл белгі бойынша өгей ана сол ұлдың әйелі болып, одан қалың
мал да, тойлық та, сыйлық та талап етілмеген. Егер үлкен ұлдың алғысы
келмесе, онда кейінгі ұлдардың қайсысының алғысы келсе, сонысы ала берген.
Тек соңғы ұлдардың қай-қайсысы болмасын, қалың мал төлеп, тойлық, сыйлық
дайындап, той жасауға міндетті. Бұл әдет тұрмыста кездесіп тұрғанымен,
мұндай некені “сүйкімсіз неке” деп атап, бұндай некеден туған баланы
“жексұрын” деп атайтын. Ислам мындай некеге де үзілді-кесілді қарсы шығып,
шектеп тастады.
Басқа халықтардағы сияқты, “көп әйел алу” арабтар да болған. Көп әйел
алудағы негізгі мақсат: біріншіден, жеке бастарының көңіл-күйі үшін болса,
екіншіден, жақындарынан қалған мал-мүлікті, яғни жетім ұл-қыз, жесір
әйелдің мал-мүліктерін басқаларға жібермей, “мұрагер” болу мақсатымен
ерікті, еріксіз үйлене берген. Ислам діні оларға да шек қойған. Ол шек
былайша: “егер, ол адам рухани, күш тағынан мықты болса 4 әйел алуға
құқылыдек барлығына әділетті, тең қарауы керек, әрі киім-кешек, тамақпен
қамтамасыз етуі тиіс. Бұған шамасы келмегендер бір әйелді ғана қанағат
тұтуы тиіс”, -деп бүйырылған. Бұл жөнінде аңыз бойынша, Алладан “бан
Хафтим” сүресінің үшінші аяты түскен. Көп әйел алу ислам бойынша ыңғайсыз
саналғанмен, “қажетті жағдайларда” мүмкіндік беріледі. Ол: “соғыс
жағдайында ерлер азайып кетсе, әйелдерді жезөкшеліктен қорғау үшін, тумаған
әйел үстіне келісім бойынша әйел алу, т.б.”
Бұрын жас қыздарды тірідей көму, оларға мұра бөлмеу дәстүрі болған. 4-
5 жасқа келген жас қыздарын әдемі киіндіріп, қыдыртып қайтамын деп, әкесі
алып шығып, алдын-ала қазылған орға итеріп құлатып, көміп тастайтын.
Қыздарды мұндай тағылық түрде өлтіру дәстүрінің себеп-салдарына келсек, оны
тайпалар арасындағы жиі соғыстан, онда қолға түскен қыздар күңге
айналдырылып, ру сүйегіне мәңгілік таңба салады, зор намысқа душар етеді,
ал ұл балалар ебін тауып қашып шығып, өз руына қайта оралады дегенге саяды.
Бұл арада ауыр түрмыс тауқыметін, қыздарға көп шығын кететін де шығармаған
абзал. Қыздарды тірідей көму дәстүрін кейін пайда болған ислам діні үзілді-
кесілді тоқтатты. 81- сүренің, 8-9 аяттарында: ақырзаманда “тірідей
көмілгендердің қандай күнәсі үшін өлтіргенін сұрайды”, -делінген.
Арабияда қүл үстау, оны аяусыз езу өте күшті болған. Қүлдарды адам
төзгісіз ауыр жүмыстарға салатын. Күңдерін жезөкше етіп, олардан ақша алып
отыратын. Ислам діні бұларға да шек қойғанын айта кеткеніміз орынды.
Арабтардың басқа да әдет-ғұрыптары бар еді. Мысалы, інгеннің бесінші
ботасы еркек болса, ол түйенің құлағын тіліп, “арам” деп санап, далаға
айдап жіберетін. Қатарынан он ботасы үрғашы болған інгенді де одан әрі
пайдаланбайтын, тіпті шудасын да қырықпайды. Қатарынан бес рет ұрғашы қозы
төлдеген саулықтың, одан әрі төлдеген төлін еркектер ғана жеуге болатын да,
әйелдерге жеу арам деп саналатын. Оның есесіне өлі туған төлді бәрінің де
жеуіне болатын. Інгеннің алғашқы туған ботасын пұттардың (құдайларының)
ризалығына құрбандыққа шалатын, оны пырақ (ол дүнйеде мініледі) деп
айтатын.
Арабтар да қазақтар секілді ата жолын, ата салтын құру, рушылдық, т.б.
салттар өте күшті болды. Олар өз ата-тегін, руларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz