Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан - таражға салу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 2

I. СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНІП АЛУ НЕМЕСЕ ЫСЫРАП ЕТУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу - меншікке қарсы қылмыстардың бір түрі . . . 7

1. 2 Талан -таражға салудың түрлері және нысандары . . . 14

1. 3 Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражға салу . . . 20

II. СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНІП АЛУ НЕМЕСЕ ЫСЫРАП ЕТУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ

2. 1. Обьективтік белгілер . . . 24

2. 2. Субьективтік белгілер . . . 35

2. 3. Иеленіп алу және ысырап етудің кейбір сараланған белгілерінің талдауы . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56

Кіріспе

1995 ж. 30 тамызда кабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайтын, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, кұкықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2007 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігінің он алтыншы жылдығын атап өтті.

Тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.

Дегенмен, бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен "социалистік" қоғамдық қатынастардың "нарықтық қатынастар" болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.

Ел дамуының бағдарламалық құжаты - "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары мен бағыттары баяндалған. 1

Қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту кажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.

Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: "Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап ету қажет.

Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты" .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмыстылықпен күресуді күшейту қажет екенін ескерте отырып, "Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруді қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек" - деп талап етті .

Бұл үшін, әрине, біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұмыс жасауымыз қажет.

Өкінішке орай, біздің Республикамызда әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жаткан жоқ.

Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.

Көлеңсіз құбылыстардың ең қауіпті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелісіне қарамастан, қылмыстылыктың деңгейі әлі де жоғары болып тұр.

Қазақстан Республикасы бойынша 2002-2008 жылдары шамамен алғанда тұрғылықты халықтың 15 миллионына шаққанда қылмыстардың саны мынадай: 173858 (2000 жылы), 200873 (2001 жылы), 206006 (2002 жылы), 201796 (2003 жылы), 183913 (2004 жылы), 183977 (2005 жылы), 162491 (2006 жылы), қылмыс орын алған. 2

Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен ол қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді.

Нақтырақ айтсақ, қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері көбеюде.

Бүгінгі күнде қылмыстылықтың ерекше бір "ұясы" қоғамның экономикалық саласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы болып табылады емес пе.

Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар арнайы тарау болып орынды бөлінген.

Тағы бір аса ерекше атап өтетін жәйт: кез келген экономикалық қызмет, ең алдымен, елдегі бар материалдық, қаржылық және өзге де қорларға негізделген.

Міне, сондықтан да бұл қиындықтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Бұлардың барлығы экономика мен қаржы саласында қорғау, басқару және есепке алу және материалдық құндылықтарды сақтау мәселелерін түп-тамырымен өзгертуді қажет етеді.

Өкінішке орай, елімізде әлі жеке адамның немесе мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу аз емес.

Оның үстіне, сараптама көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары талан-тараждан келтірілген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.

Әсіресе 1999 жылдан бастап тек қана жалпы көлемі жағынан емес бөтен біреудің иелігіндегі мүлікті талан-таражға салудың екі нысанының:

иеленіп алу мен ысырап етудің салыстырмалы салмағы өсуде.

Мысалы, 2006 жылдың өзінде бөтен біреудің мүлігін иеленіп алу және ысырап етушіліктің саны 2005 жылға қарағанда жарты есе, жалпы ұрлық ішіндегі алатын орны 40 пайызға жетті.

Басқа сөзбен айтқанда, бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың бұл түрлері соңғы 6 жылда екі есе өсті.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі №949 Жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" былай деп атап көрсетілген: "Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдылық экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін дайындау саласындағы қатынастарды реттеуге және оның қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызуға бекемделген. 3

Экономика саласын шынайы түрде ары қарай дамыту қазіргі заң күші бар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуді қажет етеді".

Елімізде жаңа Қылмыстық Кодекстің қабылданғанына 6 жыл өтсе де, Республикада бөтеннің мүлікін иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-таражға салу істері бойынша соттық-тергеу және алдын-алу тергеу тәжірибесі жөнінде ғылыми сараптама жасалған жоқ, бұл тақырыпқа сәйкес арнайы зерттеулер де болған жоқ.

Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері мен шегі жөнінде де терең зерттеулер жасалған жоқ, мұндай әрекеттердің жағдайы, динамикасы және құрамы, негізгі себептері мен мұндай қылмысты жасау жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері және мұндай талан-тараждың түрінің алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған.

Диплом жұмысының объектісіне - экономикалық қызмет саласында пайда болған қоғамдық қатынастар және бөтеннің мүлкіне қол сұғушылық үшін жауаптылыққа тарту негіздері мен жағдайларын реттейтін құқықтық қатынастар жатады.

Зерттеу затына бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салуға себеп болатын деректер, қылмыстық жауаптылықтың жағдайлары және бұл қылмыстардың алдын-алу шаралары жатады.

Жалпы бөтеннің меншігіне қылмыстық қол сұғудың негізгі түсінігі мен қылмыстық - құқықтық мәселелері, меншікті талан-таражға салудың алдын алу, тағы да басқа қырлары бірсыпыра ғалымдардың еңбектерінде белгілі шамада қаралғанды (А. Н. Ағыбаев, А. Айқынбаев, Е. О. Алауов, Н. М. Әбдіров, З. О. Ашитов, Ғ. Ы. Баймурзин, Қ. Ә. Бегалиев, И. Ш. Борчашвили Н. Д. Дулатбеков, Н. Ш Жемпиисов С. Е. Еркенов, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, АА. Исаев, СА. Исимов, Е. І. Қайыржанов, Ж. Ғ. Қалишева, М. Ч. Қоғамов, К. Ш. Құрманов, В. И. Корзун, Г. С. Мауленов, С. С. Молдабаев, М. С. Нарықбаев, Р. Т. Нұртаев, Б. М. Нұрғалиев, Е. Ә. Оңғарбаев, С М. Рахметов, Г. Р. Рүстемова, Л. Ч. Сыдықова, А. Ш. Шаршеналиев, ӘА. Темербеков, Б. Х. Телеубекова, Қ. Х. Халиков және т. б. )

Алайда, бұл аталған авторлардың ғылыми зерттеулерінде бөтеннің мүлкін еленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салудың криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәселелері арнайы қарастырылмаған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың жалпы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық жүйесін, оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норманын құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:

- Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексін колдану кезінде (2003-2006 жылдарда) бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың жағдайларын, құрылымын және өсуін анықтау;

-мұндай қылмыстарды жасауға себепші болған негізгі жағдайлардың шеңберін белгілеу;

-бұл қылмыстан зиян шеккен жәбірленушілердің негізгі сипатын анықтау;

-бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың алдын-алу шараларының (жалпы, арнайы және жеке шаралар) түсінігін, түрлерін және жүйесін анықтау;

-бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың алдын-алатын субъектілердің жүйесін анықтау, мұндай қылмыстармен күрестегі әрқайсысының функцияларын анықтау;

I. СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНІП АЛУ НЕМЕСЕ ЫСЫРАП ЕТУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу - меншікке қарсы қылмыстардың бір түрі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей қорғалады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабына сәйкес меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Сондыктан да, меншік иелерінің занды құқықтары азаматтық құқық нормаларымен және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанда қылмыстық құқық нормаларымен де қорғалынады.

Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс - әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлатын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.

Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған «ұрлау» термині өте ұтымды емес. Себебі орыс тіліндегі нұсқада берілген «хищение» термині қазақ тіліндегі нұсқада тоны айналдырылып «ұрлау» болып кеткен. Яғни заң шығарушы топтық ұғымды жеке, дара ұғыммен бір деңгейде қарастырған. Өйткені «ұрлау» талан - таражға салудың бір нысаны ғана болып табылады. 4

Сондықтан да біз ҚР ҚК 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасында берілген талан - таражға салудың анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз: «Талан - таражға салу пайдакүнемдік мақсатта бөтеннің мүлкін осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз түрде қайтарымсыз алуы ».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабындағы норманың алдын-алушылық (превентивтік) мәні бар, яғни ең алдымен ол тікелей меншікке қарсы қылмыстардың алдын-алады. Сонымен қатар, көбінесе бұл қылмыстар назардан тыс (латентті) болып қала береді, бірақ мұндай қылмыстар әрқашан өзбетінше статистикалық есептерде көрініс табуы тиіс және алдын-ала тергеу, сот, өзге де құқық қорғау органдарының қылмыстық-іс жүргізу құжаттарында мұндай әрекеттер өз алдына топтастырылуы қажет.

Арнайы зерттеу қорытындыларынан байқағанымыздай, соңғы 6 жыл көлемінде (2003-2006 жылдар аралығында) Республика бойынша бөтеннің мүлкін ұрлаудың жалпы саны жылдан-жылға өсуде және жалпы ұрлаудың

нәтижесінен келтірілген залалдың құны жыл сайын өсуде.

Иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салу (өзге ұрлық түрлерімен салыстырғанда) Республикамыздың мемлекеттік ұйымдарында (30%), қоғамдық ұйымдарда (18%) және жеке меншік кәсіпорындарда (50%) кеңірек тараған. Иеленіп алу және ысырап ету арқылы жасалған талан-тараждың жалпы саны аталған өдістердің төрттен үш (75 пайызын) белігін құрайды.

Қылмыстылықтың себептерін түсіндіретін барлық концепциялардың ішінде бізге әлеуметтік теория және әсіресе ол теорияның маңызды бағыттарының бірі - қайшылық теориясы қолайлырақ көрінеді. 5

Алайда қайшылық теориясын қорыта келе, ол теорияны субъектінің нақты бір қылмыстық әрекетіне қатысты қолдану кажет. Осыған орай, қайшылық теориясын субъектінің мүддесіне қарама-қайшы келетін теория деп толықтыруды қажет деп ойлаймыз.

Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға байланысты кінелі адам өз мүдделерін өзге әлеуметтік субъектілердің (меншік субъектілері) мүдделеріне қарсы кояды.

5. Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық шараларын әрі қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабын мынадай түрде баяндау қажет деп ойлаймыз:

"176-бап. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету:

1. Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу (бұрынғы қалпында қалдыру керек),

2. а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол ерекеттер - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкін тәркілеп (заң күші бар редакцияда немесе онсыз делінген) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге (заң күші бар баспада: үш жылға дейінгі мерзімге) айыруға немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге (қазіргі кодекстегі редакцияда: екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге деп көрсетілген) бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

а) ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшерде жасаған болса (бұрынғы қалпында қалдыру керек) ;

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді аса ірі мөлшерде жасаған болса-мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды деп есептейміз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан-таражға ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.

Талан-таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын, ұрлау мақсатынсыз, заңсыз иелену құрайды.

Меншікке қарсы қалған қылмыстарға: интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу немесе бөтен адамның мүлкін қасақана немесе абайсыздықта жою жатқызылады.

Талан - таражға салудың дәлме - дәл анықтамасын беру осы қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражға салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен ажыратуға, сондай - ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заңдарға сәйкес қарағанда талан-тараж ұғымы бұл топтық ұғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан - таражға салудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді. Күші жүріп тұрған заңда талан - таражға салудың ұғымын беру барысында

ескі заңдардың тәжірибесі, сондай - ақ қылмыстық құқық ғылымында берілген анықтамалар қолданылған.

КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары «талан -тараж» ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бұл ұғымды заңда бекітпеді. Талан - таражға салудың ұғымы қылмыстық құкық ғылымында теориялық деңгейде қалыптастырылды. Яғни, «талан - тараждың» біртұтас ұғымының болмауы соттардың біртектес қылмыстык істерді қарау барысында әртүрлі шешімдер қабылдауларына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының меншікке қарсы қылмыстармен ойдағыдай күрес жүргізулеріне елеулі дәрежеде кедергі келтірді деп айтпасымызға болмайды.

Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан - таражға салудың толық, ұғымы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9 қаулысында берілген. 6

Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес бөтен біреудің мүлкін талан - таражға салу деп - меншік иесінің мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды - бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек. Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашык та, алаяқтық, қорқытып алу, меншіктену, жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен де ұрлануы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті баска адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінін құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтык қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген.

Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әртүрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекетгерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.

Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Меншікке қатынасты қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz