Астананың тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мектептің толық аты

Бағыты

Секциясы

Тақырыбы Астана - Отанымның жүрегі

Ғылыми жетекшісі

Орындаған сынып оқушысы

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І. Негізгі бөлім

1. Астананың тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2. Қаланың географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен
ресурстары ... ... 12

3. Астана қаласы экономикасының (кәсіпорындарының)
құрылымы ... ... ... ... 14

4. Ел орда туралы қызықты
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Қазақстан мемлекеті астанасы Нұр - Сұлтан қаласының
шығу тарихын, дамуын және географиялық-экономикалық жағдайын талдап,
жинақтап, зерттеу;

Зерттеудің міндеттері:

➢ Нұр- Сұлтанның шығу тарихы мен дамуын зерттеу;
➢ Географиялық-эконмикалық тұстарын талдау;
➢ Анализ жасап жинақтау;

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеудің басында жинақтау, салыстыру,
талдау, анализ және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 

Зерттеудің өзектілігі: Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта
жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен
халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап
айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам
дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.
Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас
астана Нұр-Сұлтан қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.
Астана барлық қазақстандықтардың яғни Отанымыздың жүрегі екені айдан анық.

Аннотация

Цель исследования: проанализировать, обобщить и изучить историю, развитие и
географическое и экономическое положение города Нур-Султан, столицы
Казахстана;

Научно-исследовательские цели:

➢ Изучение истории и развития Нур-Султана

➢ Анализ географических и экономических аспектов;

➢ Анализ и обобщение;

Методы исследования: В начале исследования использовались такие методы
исследования, как обобщение, сравнение, анализ, анализ и синтез.

Структура исследования: Исследовательский проект состоит из введения,
основной части, заключения, ссылок.

Актуальность исследования: расположение столицы страны в будущем будет
узловым центром для пассажирских и грузовых перевозок, а также
телекоммуникаций, крупной международной транзитной сети. В частности,
родной город быстро и надежно связывает европейские страны с динамично
развивающимися регионами Азиатско-Тихоокеанского региона. Как сказал
Президент, новая столица нового Казахстана в мире и молодая столица Нур-
Султан пробудят дух любого из нас. Очевидно, что Астана - сердце всех
казахстанцев.

Аnnotation

Purpose of the research: to analyze, summarize and study the history,
development and geographical and economic position of the city of Nur-
Sultan, the capital of Kazakhstan;

Research goals:

➢ Study of the history and development of Nur-Sultan

➢ Analysis of geographic and economic aspects;

➢ Analysis and generalization;

Research methods: At the beginning of the research, research methods such
as generalization, comparison, analysis, analysis and synthesis were used.

Research structure: The research project consists of an introduction, main
part, conclusion, references.

Relevance of the study: the location of the country's capital in the future
will be a hub for passenger and freight traffic, as well as
telecommunications, a large international transit network. In particular,
the hometown quickly and reliably connects European countries with the
dynamically developing regions of the Asia-Pacific region. As the President
said, the new capital of the new Kazakhstan in the world and the young
capital of Nur-Sultan will awaken the spirit of any of us. It is obvious
that Astana is the heart of all Kazakhstanis.

Кіріспе

 
Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер
көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса
биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде
жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас ұрпақтар.
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ
жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі,
жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың
күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге
келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы. Астана
төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа
төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа
ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық
іспеттес. Дәл қазір Астанада заманауи құрылыс саласының барлық құрылымын
қамтитын еліміздің жаңа құрылыс кластері қалыптасты. Бас қаламыздың көркін
арттырған сәулет өнерінің озық үлгілері салтанат құрды. Ақорда, Астана
триумфы, Пирамида, Бәйтерек, Хан Шатыр XXI ғасырдағы сәулет өнерінің
озық үлгілері болып табылады. Бұл ахитектуралық ансамбльдерге Қазақ елі
монументі, Мәңгілік ел аркасы қосылды. 91 метрлік зәулім тұғырдың ұшар
басынан заңғар аспанға ұмтылған самұрық құс азаттық аңсаған әрбір қазақ
баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты. 

І. Негізгі бөлім
1.1. Астананың тарихы
Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы
Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы
Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының
отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс
деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша
әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады. Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен
қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс,
сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша
үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын,
халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне
ие болғанға ұқсайды
            Өйткені Махамбет ақынның:
            Астана жұртын айналған
            Атына тұрман болсам деп
            Жұртына құрбан босам деп,
келетін Исатайды арқаландырар жырында астана деп ауыл-аймақ, ел-жұртын
айтқан.Шығыс халықтарының өмірінде бір кезде араб, парсы тілдерінің ықпалы
Еуропа үшін латын, француз тілдері атқарған қызметпен барабар болды.
Сондықтан қазақ тілінің бірқатар ғылыми, саяси, тұрмыстық ұғымдары әу баста
осы тілдерден еншіленуі заңдылық. Алтын Орда тұсында билеушілер тағы
орналасқан орталықтарыңыз парсының сарай сөзімен аталды. Сол кездегі Сарай-
Батый, Сарай-Берке қалалары Еділ жағалауындағы осы есімдес хандар басқарған
астаналарымыз еді. Яғни Батый мен берке мемлекетінің орталығы екені
тарихтан белгілі. Жайық бойындағы Сарайшық (яғни, кіші Сарай), Қырымдағы
Бақшасарай, Балқандағы сарай (еуропалықтар Сараево дейді) — осының бәрі
сән-салтанаты асқан мекен деген парсы сөзі.
            Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына
бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын
білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей
хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы
тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан
аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан
аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-
тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің
кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі
қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау
болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі
парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан
аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып
келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі
атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі
тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға
байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына
айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға
батылдық жасағалы отырмыз.
            1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан
Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі
Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала
болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің
құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре
қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым
алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол
кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда
сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп,
Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде
Қазақстанның ордасы Қызылорда деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы
тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы
азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана
сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені
Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған Астана өлеңінен де
аңғарылып тұр.
            Кәрі-жасы, бәрінің де
            Айтатыны — астана!
            Ел көгерген астанасы
            Осы ма, әлде басқа ма?
            Мен астанаң, мен ордаңм ын!
            Мұнда түгел тілегің...
            Ел ордасы—астанасы,
            Шаш нұрыңды әлемге!
            Білім туын қолыңа ұстап,
            Тұтқа болшы бар елге!..
            1929 жылы астана Алматыға қоныс аударғанда Ілияс Жансүгіров
Жаңа астана атты очерк жазып: Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді.
Алматы—астана болды. Қазақстанортасы—ордасына орнықты. Қазақстан
еңбекшілерінің ұйтқысы—орталық, өкімет мекемелері басты ұйымдар жаңа
қонысына ірге тепті деп қуанды. Қазақстан орталығы, Қазақстан ортасы,
ордасы деген түсініктерді Ілияс та астана сөзімен жарыстыра қолданады. Бір
кездегі сарай, орда, астана сөздерінің елдің қоғамдық саяси өміріне, тарихи
кезеңдеріне байланысты мәні, атқарар жүгі алмасып отырған тәжірибеге
сүйенсек, астана енді қала атауына түпкілікті ауысып, ол ұғымның қызметін
басқа балама атқаруы тиіс. Мыңжылдық қолданбасы бар, бір кездерде осы
мағынаны білдірген орда атауының елорда түрінде қайта оралуы бүгінгі
Астанамызға шартты құбылыс.
           

 Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру тәуелсіз мемлекеттің алғашқы
стратегиялық шешімдердің қатарында тұр.Бұл мәселені Президент Н. Назарбаев
тұңғыш рет 1992 жылы көтерген болатын. Жоғарғы кеңестің елорданы көшіру
туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6
шілде болып белгіленді.1998 жылғы 6 мамырға дейін Ақмола деп аталған
Астана, Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының елордасы деп жарияланды. 1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның
жаңа елордасы—Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1999 жылы Астанаға
ЮНЕСКО-ның Бейбітшілік қаласы деген наградасы берілді. Бұл атақ қысқа
мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым
әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол
жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген
бұл конкурста, Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он
екі қаласын басып озды.    Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген
кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд.
доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана - тәуелсіздік символы
Ел ордасы астана
Тарихи-мәдени мұра
Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы
Есіл жағасындағы бас қаланың даму перспективасы
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Еліміздің елордасы – Астана
Қазақстанның екі мегаполисі
Астана қаласының географиялық, саяси-экономикалыұқ орны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері
Пәндер