Қарым - қатынас тренингін әзірлеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті

МӨЖ
Пәні: Жоғарғы мектеп педагогикасы
Тақырыбы:
1) Жоғары мектеп оқытушысының моделін жасау

2) Қарым-қатынас тренингін әзірлеу

Дайындаған: Мусинова Айнур Е.
Тексерген: Құдайбергенова Алия

Жоғары мектеп оқытушысының моделін жасау

Қазіргі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл оқытушыға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр оқытушының кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзіреттілік маманның бәсекеге қаблеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие - білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын болашақ ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіретті оқытушы жоғары оқу орнының тәрбие - білім беру процесінде шығармашыл студенттердің қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды.
Педагогикалық позиция-педагогтың студенттерге деген ойындағы орыны және студенттермен қарым-қатынасындағы кезіндегі мінез-құлықтың анықтаушы орны.
Кәсіби позиция - күрделі тұлғалық құрылым, онда оқытушының өзінің оқу орнындағы педагогикалық процестегі рөлі мен орнына қатынасы айқындалады.Ол іс жүзінде педагогтың құндылық нұсқаулар жүйесін іске асырады, өзінің кәсіби қызметінің өзіндік құндылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Педагогикалық позиция өз кезегінде: мен өзім студенттерге кім болам? Неліктен мен оларға барамын? Менің студенттерім мен үшін кім болады? сұрақтарына жауап береді.
Жоғары мектеп оқытушысының моделі - бұл оның эмпирикалық өлшенетін қырлары мен сапаларының бейнесі емес, жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің нәтижесінде алынуы тиіс оқытушының эталоны. ЖМО моделі университет түлегінің іс-әрекетінің жай-күйі мен мазмұны туралы нормативті көзқарас сынды. Осы модельдің қалыптасуы білім берудің мазмұнын анықтауға ғылыми негіздемелі түрде жақындауға мүмкіндік береді
Әрбір педагогтың кәсіби қызметі оның басқа түрлері мен бірлігі,педагогтың абстрактілік моделінің негізі болатын мотиві мен бағытталуында.онда тұлғалық кәсіби сапалары интеграцияланып, педагогтың жоғары мәдениеті мен шеберлігінің бірігуі арқасында жақсы нәтижелерге жете алады. Қазіргі заманғы оқытушы тұлғасы оның эрудициясымен, жоғары деңгейлі мәдениетімен анықталады, өйткені, біріншіден, оның өзі студенттер үшін ғылыми - мәдениеттік ақпарат көзі, екіншіден, кәсіби компоненттілігімен әр түрлі ақпарат көздерімен педагогтың үнемі жәнеұдайы жаңартуы керек, үшіншіден, педагог өз студенттерімен оқушыларына үнемі мінез-құлық әсер етеді әрі оның тиімділігі педагогтың мәдениеті мен мінез-құлық деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Оның көрсеткіші ретінде интеллектуалдық сапалар: педагогикалық ілтипаттылық, аңғарғыштық, ұғымталдық, иілгіштік, қайраттылық, батылдылық, біртумалық, сынаушылық, айқындылық, ақиқат, түсініктілік, логикалылық, педагогикалық білуге құмарлық айқындалған. Жоғары деңгейдегі кәсіпкер оқытатын пәні бойынша және оған жақын пәндер бойынша ойы терең әрі жан-жақты хабардар болуы керек. Эмпатия-эмоционалдық-өнегелік сана, онсыз мейірімді педагог болуы мүмкін емес. Бұл қасиеттің барлық мазмұнды жақтарын қарастыра келе, қарсы алдындағы адамның қиындығына, қайғысына, проблемасына онымен бірге уайымдау, мазасыздану арқылы, сол адамның көзқарасымен дүниені көруі сияқты, яғни бұл дүниені оның көзімен көру қабілеті екенін басып айту қажет. Бұл басқа адамның сезімімен таңдануына және сол туралы оған айту қабілеттілігі болып табылады. Тұлғалық-кәсіби маңызды қасиеттің бірі толеранттылық болып табылады, ол оқытушы мен студенттер арасында сүйкімсіз, ұнамсыз қылықтар немесе өрескел мінезін, студенттің жеке қасиетіне байланысты теріс қылықтарды шыдамдылықпен, төзімділікпен қабылдау арқылы сипатталады.
Кәсіпкер-педагогта (профессионал) жарқындық, біртумалық, қайталанбаушылық әрқашан оның қызметіндегі стилінде аңғарылады.
Педагогикалық қызметтің дараланған стилі туралы айтқанда оның динамикалық, ашық. Өздігінше дамушы жүйе екенін, ал ол нәтижелерді болжауға, өзгертуге, қызметті педагогикалық позицияға қарай корректілеушінің даму принциптерін педагогикалық бағытталған ойлау жүйесіне сай бөліп қарастыру қажет.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

2) Қарым-қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметгік - психологиялық тренинг әдістері
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
ОҚУШЫЛАРДЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Педагогикалық практикадан есеп
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психолоиялық жағдайын байқау және талдау
Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым-қатынасына сипаттама
Вирусты гепатит
Пәндер