Концентрлі ерітінділер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы:Микстураларды концентрлі ерітінділермен және құрғақ заттарды еріту арқылы дайындау технологиясы.

Жоспары:
I.Кірісіпе
II.Негізгі бөлім
1.Сұйық дәрілік түрлерді дайындау
2.Концентрлі ерітінділер
3.Концентрлі ерітінділерді дайындау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Сұйық дәрілік түрлерді дайындау ҚР ДСМ 19 қараша 2009 жылғы №747 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдік тәсілдермен жүргізіледі
Салмақтық тәсілмен:
-қатты және сұйық дәрілік заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі ерітінділері;
-дисперстік орта табиғатына байланыссыз сулы, спиртті-сулы, бейсу, дисперстік фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;
-дисперстік фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;
-сұйық гомеопатиялық дәрілік құралдар.
Салмақтық-көлемдік тәсілмен:
-сулы ерітінділер;
-сулы-спиртті ерітінділер;
-галенді, жаңа галенді дәрілік құралдар тұндырмалар, сұйық экстрактар, адонизид және басқалар дайындалады
Концентрлі ерітінділер - дәрілік заттың мөлшері рецепте жазылған мөлшерінен әлдеқайда жоғары, белгілі концентрациядағы жұмысшы ерітінділер.Дәріханаларда концентрлі ерітінділердің қоры дайындалады және олар жартылай фабрикат рөлін атқарады.Қажет болған жағдайда осы жартылай фабрикаттарды еріткіштің сәйкес мөлшерімен сұйылтып, дәрілік түр құрамында қолданылатын қарапайым ерітіндіге айналдырады.
Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары бар:
1.Дайын дәрілік түрлердің сапасын арттырады, себебі, концентрлі ерітінділер сапалық және сандық талдаудан өтеді, қажет болғанда олардың концентрациясын нығайтады немесе сұйылтады.
2.Фармацевтің жұмысын жеңілдетеді.
3.Науқасқа дәрілік препаратты босатуды жылдамдатады, еңбек өнімділігін арттырады.
Концентрлі ерітінділердің номенклатурасы экстемпоральды дәріхана рецептурасына және жұмысы көлеміне байланысты белгіленеді.
Концентрлі ерітінділерді (концентраттарды)гигроскопты, желденетін, көп мөлшерде кристалдық суы бар заттардан дайындау ұсынылады.
Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда және жаңа айдалған суда дайындалады.Барлық қосымша материалдар: өлшегіш цилиндрлер, фильтр қағаздары, мақта-дәке тампондары, тығындар, сақтауға арналған ыдыстар және т.б. алдын-ала зарасыздандырылады.
Концентрлі ерітінділерді дайындаған кезде, оның концентрациясы қаныққан концентрацияға жетпеуі керек, себебі, температура төмендеген кезде, еріген зат тұнбаға түсуі мүмкін.
Концентрлі ерітінділер жақсы тығындалған құтыларда, жарықтан қорғалған жерде, 18-20 C температурада сақталады.Құтылар ерітіндінің атауы, концентрациясы, серия номері көрсетілген этикеткамен жабдықталады.Сақтаған кезде түсінің өзгеруі, лайлануы, үлпектердің пайда болуы олардың жарамсыз екендігін көрсетеді.
Концентрлі ерітінділер 5% және одан жоғары концентрацияда дайындалады, сондықтан, дәрілік заттарды еріткенде ерітінді көлемінің өзгеруін ескеру қажет.Концентрлі ерітінділер салмақ-көлемдік тәсілмен өлшегіш ыдыста немесе судың қажетті көлемін концентрлі ерітіндінің тығыздығын немесе дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескеріп, есептеу арқылы дайындалады. Микстуралардың дұрыс дайындалуы - концентрлі ерітінділердің сапасына (дәрілік заттың сандық мөлшеріне және т.б.) байланысты.Сондықтан, концентрлі ерітінділерді дайындап болған соң, оларға сапалық және сандық талдау жүргізіледі.Ерітінділердің концентрациясы қажетті концентрацияға сәйкес болмаса, онда оларды нығайтады немесе сұйылтады.
Ерітіндінің алынған концентрациясы ҚР ДСМ 19.11.2009ж. №747 бұйрығында келтірілген ауытқу нормасына сай болуы керек.
Құрамында 20% - ға дейінгі және 20%-дық ерітінділерде белгіленген концентрацияда жіберілетін ауытқу +-2% құрайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Стандартты ерітінділер. Стандартты ерітінділердің дайындалу және араластыру ерекшеліктері
Сұйық дәрiлiк түрлер
Дәріхана жағдайында дайындалатын офтальмологиялық дәрілік түрлер.
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
Ерітінділер
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Коллоидты химияның негізгі түсініктері мен анықтамалары
Пәндер