Бейсу ерітінділердің технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Глицеринді,майлы ерітінділердің дайындалуы. Ерітінділердің сапасын бағалау.

Жоспары:
I.Кірісіпе
II.Негізгі бөлім
1. Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар
2. Ұшпайтын бейсу еріткіштер.Глицерин.
3. Ұшпайтын бейсу еріткіштерде ерітінділерді дайындау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Бейсу ерітінділер-құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр.Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерде бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады.Бейсу еріткіштерінің қолоданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Бейсу ерітінділер сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады:кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға ингаляция жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар:
қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
дәрілік заттардың толық еруі;
механикалық қоспалардың болмауы;
дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі;
сақталу кезіндегі тұрақтылығы.
Бейсу ерітінділердің сапасы, оларды дайындаудың технологиялық тәсілдерін таңдау көп жағдайларда дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты. Бір-бірінен химиялық құрылысымен, функционалды топтардың болуымен және олардың санымен, диэлектрлік өткізгіштігімен ерекшелене отырып, бейсу еріткіштер дәрілік заттарға қатысты әртүрлі еріткіштік қабілетімен сипатталады.Сондықтан, олар әртүрлі тұрақтылықпен, химиялық және фармакологиялық индифферентіліктің әртүрлі дәрежесімен, жоғары немесе төмен дәрежеде еріткіштерге қойылатын талаптарға сәйкестігімен сипатталады.
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштерді олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер деп бөледі.
Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады.Дәріхана іс-тәжірбиесінде кеңінен этанол қолданылады.
Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады.
Ұшпайтын бейсу еріткіштер.Глицерин С3Н5(ОН)3-Glycerinum.
Глицерин - түссіз, шырын тәрізді, тәтті дәмді, иіссіз сұйықтық.Фармацевтік іс-тәжірибеде абсолютті глицерин қолданылмайды, оның 86-90%-дық сулы ерітіндісі қолданылады.
Глицерин барлық қатынаста сумен араласады, бірақ, спиртпен салыстырғанда, глицерин эфир және өсімдік майларымен араласпайды.Глицеринде бор қышқылы, натрий тетрабораты, хлорагидрат, натрий гидрокарбонаты жеңіл ериді.Глицериннің 25%-дық және одан жоғары концентрациядағы ерітінділері микробтық контаминацияға ұшырамайды, ал сұйылтылған ерітінділері микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болып саналады.Глицерин салмақпен дозаланады.
Глицерин жоғары гигроскоптығына байланысты, жақсы тығындалатын ыдыста сақталады.
Өсімдік майлары Olea pinquia.Өсімдік майлары-жоғарғы майлы қышқыл глицеридтерінің қоспасы - мөлдір, сарғыш түсті, иіссіз немесе әлсіз өзіне тән иісі бар майлы сұйықтықтар.Оларды тұқым мен жемістерді пресстеу арқылы алады.Дәріхана іс-тәжірибесінде бадам(Oleum Amygdalarum), шабдалы (Oleum Persicorum),абрикос (өрік) (Oleum Armeniacae),зәйтүн(Oleum Olivarum),күнбағыс(Oleum Helianthi) майлары қолданылады.Бұл майлардың сапасы ССРО МФ нормаланады.Барлық майлар сумен араласпайды, этанолда аз ериді, бірақ, эфирде және хлороформда жеңіл ериді.
Өсімдік майлары биологиялық зиянсыз, фармакологиялық индиффрентті, бірақ, химиялық тұрақтылығы төмен.Майлардың тотығуы және гидролизі әсерінен асқын тотықты қосылыстар, альдегидтер және басқа өнімдер түзіледі, соның нәтижесінде майлардың иісі және дәмі өзгереді.Жарық, оттек, ауа, ылғал, жоғары температура және әртүрлі микробтар бұл процесті күшейтеді.Сондықтан өсімдік майларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділерді дайындау технологиясы
Ұнтақтар дәрілік түр ретінде. Ұнтақтар дайындаудың ережелері.
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Сұйық дәрiлiк түрлер
Концентрлі ерітінділер
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Ерітінділер туралы жалпы ұғым
Дәріхана жағдайында дайындалатын офтальмологиялық дәрілік түрлер.
ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.
Пәндер