Шамалар бірліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жер туралы ғылымдар мектебі
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Тақырып: «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету»
Тексерген: Ахмадиева Гульжиян Акановна
Орындаған:18 БЖК-2 студенті
Қилымқан Мерей Қуатұлы
Өскемен
2021
1. Кіріспе2
•Негізгі бөлім:3
1. “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” ҚР Заңнамасы3
2. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары4
Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ) . 6
Қорытынды10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі11
- Кіріспе
Өлшеу бірлігі - бұл олардың нәтижелері заңдастырылған бірлік шамаларымен көрсетілген және өлшеу қателігі берілген ықтималдығы қойылған шектерде жатуымен сипатталатын өлшеудің жағдайы. Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді. Өлшеу қателігі «өлшеудің қатесі» деп атауға бола ма? Жоқ, себебі қате деп оператормен жіберілген қатені айтады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз - заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер .
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) - бұл өлшеу бірлігін заңды актілерге сәйкестілігіне жету мен қолдауға бағытталған метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.
• Негізгі бөлім:- “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” ҚР Заңнамасы
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы 2000 жылы қабылданды. Осы Заң қабылданғанға дейін метрология саласындағы нормалар заң жүзінде реттелмеген болатын.
Заңда мемлекеттік метрологиялық тексеру және мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарының міндеттері анықталды, калибрлеудің жаңа ережелері бекітілді, ӨҚ сертификаттау ұғымы енгізілді.
Заңда бекітілген барлық анықтамалар Халықаралық заңдастырылған метрологиялық ұйымның ресми терминологиясына негізделген.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - ол Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының сұраныстарын сенімді емес өлшеу нәтижелерінен сақтау.
- Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді:
- негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы; өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші.
- Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық (региондық) стандарттар, положениелар, нұсқалықар және басқа до нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар.
- Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады.
- Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет бекітеді.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттарына келесілер жатады:
- отандық және импортталган өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы;
- фундаменталды зертеулердегі өлшеу сенімділігі;
- материал және энергия ресурстарының сенімді есептелуі;
- қоршаған ортаны қорғау, адам өмірі мен еңбек қауіпсіздігі және т. б.
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді:
- шама бірліктерін;
- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін және құралдарын;
- өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын;
- өлшеу дәлдігінің нормаларын;
- өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін беру тәсілдері және көрсету формалары;
-өлшеулерді орындау тәсілдемелері;
- заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтердің дұрыстығын бағалау әдістері;
- заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне талаптар;
- өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді, нормативтік құжаттарды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды метрологиялық сараптауды, заттар және материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді сараптау және аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртіптерін;
- метрология облысындағы терминдер мен анықтамалар.
Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ) .Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар және іс әрекеттер түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі. «Өлшеу ақпараты» деген түсінік өзінше заттар, материалдар, бұйымдар, үрдістер қасиеттері туралы техникалық құралдармен тәжірибе жолымен алынған санды сипаттамалардың кез келген түрін қамтиды. Бұл өлшеу ақпараттық қателікті анықтаудың бірыңғайлылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мүмкіндігін жасауға бағытталған метрологияның іс-әрекеттері, ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде өлшеудің мемлекеттік жүйесі (МӨЖ), ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар мен іс-эрекеттер түрлерін мемлекеттік басқару жүйесі.
ҚР ӨМЖ негізгі мақсаты - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге арналған құқықты, нормативті, үйымдастыру, техникалық және экономикалық шарттарды құрастыру.
- ҚР МӨЖ негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттердің басқаруды тиімді принциптерін зерттеп дайындау;
- шамалар бірліктерінің эталондарын жасау мен жетілдіру;
- метрология саласындағы непзп түсшіктемелер, терминдер және анықтамаларын бекіту;
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативті база-сын жасау және жетілдіру;
- метрология саласындағы ережелер, нормалар мен талап-тарды халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және үлттық ережелер нормалары және талаптармен үйлестіру;
- өлшеу сапасын ақпаратты қамтамасыз ету.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметінің құрылымына мыналар кіреді:
- мемлекеттік метрологиялық қызмет;
- мемлекеттік уақыт және жиілік қызметі;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі;
- заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерінің мемлекеттік қызметі;
- мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.
Мемлекеттік метрологиялық қызметі Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметін реттейтін құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол мыналардан құралады:
- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнан;
- мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекет тарабынан басқаруды жүзеге асырады.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнын негізгі міндеттері және мақсаттары мыналар болып табылады:
а) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
б) Қазақстан қызметінің әрекеттерін координировать ету;
в) Республикада қолдануға жіберілетін шама бірліктері жүйесін тағайындау;
г) шама бірліктерінің эталондарын әзірлеу, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін тағайындау, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру;
д) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету Жүйесін жетілдіру.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық .
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары:
а) метрология облысында іргелі зерттеулер, ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру-өдістемелік жұмыстырды жүргізу;
б) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру;
в) шама бірліктерінің мөлшерін беру жүйесін құру;
г) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен гармонизациялау;
д) өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, республикада метрологияны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу.
ҚР ӨМЖ негізгі принциптеріне келесілер жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz