Президенттің нормативті жарлығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1
ЗАҢ
5
1.1
Заң түсінігі, белгілері
5
1.2
Заң түрлері
6
1.3
Заң шығару жүйесі
9
2
ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ АКТІЛЕР
12
3
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
15
3.1
Нормативтік құқықтық актілер түсінігі
15
3.2
Нормативтік құқықтық актілер түрлері
17
3.3
Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу
19

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
24

Қосымша А
25

КІРІСПЕ

Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен бірімен тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты.
Құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуан. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Осы аталған нормативті құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң кең тұрғыдан және тар тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ. Заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана заң деп аталатын нормативті құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше қызмет атқаратын акт болып табылады. Былайша айтсақ, заң төреағасы сияқты, басқа нормативті құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мэселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың Атасы - деуге болады.
Заң - ерекше жағдайда заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Егер заңдардың кез-келген жүйесінің мақсаты болып табылатын барлығы үшін ең жоғарғы игілік неде дегенді анықтауға тырысса, ол екі басты нәрсе: бостандық пен теңдікке келіп тіреледі. Бостандыққа - себебі, кез-келген жеке түлға тәуелдік шамасы мемлекеттің күшін соншама шамаға кемітеді; теңдікке - себебі, онсыз бостандықтың болуы мүмкін емес.
Заң - мемлекеттің ең басты және айрықша нормативті - қүқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын жэне мемлекет өмірін реттейтін қүқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін қүрастыруды ерекше заң жолымен мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданатын нормативті - қүқықтық актіден бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдылық күшке ие жэне еліміздегі халықтардың мүдделеріне, қажеттіліктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды реттейді. экономикалық, әлеуметтік және басқа мэселелері реттеледі.
Заң қоғам үшін әрдайым өзекті тақырып болады. Заң өте жиі өзгереді. Және әрбір жаңа заңның жағымды жақтары да, кемшіліктері де болады. Менің курстық жұмысымның мақсаты - заң терминін барлық жағынан ашу. Заң барлығына бірдей, бұзылмауға тиісті ережелер жиынтығы. Заң тәртіптің үстемдігі мен қоғамның игілігі үшін жасалды.
Заң - бұл барлығына бірдей ережелер жиынтығы. Яғни, бұл ережелер тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Бұзушылықтар жасалған кезде қайғылы нәтижелерге әкеледі. Өйткені, ережелер адамдар жайлы және тыныш өмір сүретіндей етіп қойылған.
Ежелгі грек ойшылы Пифагор айтқандай, заң - бұл абсолютті сенімділік. Даль заң бұл дұрыс құрылғы деп есептеді.
Жалпылама заңға - қосымша актілерге жоғарғы атқарушы билік органдарының нормативті - шығармашылық актілері жатады. Олар елдің президентінен не үкімет басшысынан шығады. Мемлекеттік басқару нысанына байланысты (президенттік не парламенттік республика) жоғарғы атқару билігінің нормативті - қүқықтық актілері екі түрлі заңға - қосымша актілерден тұрады.
Президенттің нормативті жарлығы. Заңға - қосымша актілер жүйесінде, олар жоғарғы заңды күшке ие және заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде шығарылады. Президенттің құқықтық -шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің Конституциясымен не арнайы конституциялық заңдармен белгіленеді. Олар әр түлі қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 3 тарауының 21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарында:
а) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талап
ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;
ә) Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс істеуін және өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
б) Парламенттің заңдық қүзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкіметпен
басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген қүзіретіне
жатпайтын мәселелерді, күқықтық реттеу жүзеге асырады.
Жұмыстың негізгі мақсаты заңның түсінігін, түрлерін және белгілерін анықтап көрсету. Осы көздеген мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылады:
-Заңға - қосымша нормативті-қүқықтық актілер
-Заң үғымы
-Заң жүйеленуі
-Заң түрлері
Жұмыстың қүрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 ЗАҢ

1.1 Заң түсінігі, белгілері

Заң - ең жоғарғы заңдылық күші бар, өте қатаң белгігенген ерекше тәртіппен қабылдаған, барлық құқық салаларындағы негізгі нормаларды белгілейтін және ең басты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық акт.
Заң- қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы норматтвтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызы мәселелерді қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"- деуге болады.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік,саясат іс жүзінде асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары демократияның басқа да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекеттің Пардаменті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заң артықшылықтардың болатынын тағайындау алады, бірақ ол ешқандай да белгілі тұлғаға оларды бере алмайды; Заң азаматтардың бірнеше топтарын құруы мүмкін, тіпті осы топтардың әрқайсысына жату құқығын беретін қасиеттерді де тағайындауы мүмкін; бірақ ол нақты осы таптардың біріне немесе басқасына мынадай тұлғалар кіреді деп көрсете алмайды; ол корольдік басқаруды тағайындауы және тәжді мұраға қалатын етуі мүмкін; бірақ ол корольді сайлай да, белгілі отбасын патшалық құрушы деп жариялай да алмайды,- бір сөзбен айтқанда объектісі және сипатта болатын кез-келген әрекет заң шығарушы билікке жатпайды.
Егер заңдардың кез келген жүйесінің мақсаты болып табылатын барлығы үшін ең жоғырғы игілік неде дегенді анықтауға тырысса,ол екі басты нәрсе: бостандық пен теңдікке келіп тіріледі. Бостандыққа- себебі,кез-келген жеке тұлға тәуелдік шамасы мемлекеттің күшін соншама шамаға кемітеді; теңдікке- себебі, онсыз бостандықтың болуы мүмкін емес.
Заң- мемлекеттің ең басты және айрықша нормативті-құқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын және мемлекет өмірін реттейтін құқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін құрастыруды ерекше заң жолмысы мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданатын нормативті-құқықтық актіден бастауға болады.Ол ең жоғарғы заңдылық күшке ие және еліміздегі халықтардың мудделеріне, қажеттіліктеріне сай, маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Булгаков Д.А. Заң терминін былай түсіндірген:
Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сəйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заң-дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.
Заңның белгілері:
1.Заң - бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əре-кеттер бекітілген заң актісі.
2.Заң - бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.
3.Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4.Заң - бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.
Қабдуллин Б.Т., Байбашева Г.Қ, Шарифьянова Л.Т. Мемлекет және құқық теориясы кітабы бойынша:
Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді. Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заңға сәйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.

1.2 Заң түрлері

Заңның түрлері:
1) Конституция - бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
Қазақстан Республикасының Конституциясы -- Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Конституция құрылымы
* I бөлім. Жалпы ережелер
* II бөлім. Адам және азамат
* III бөлім. Президент
* IV бөлім. Парламент
* V бөлім. Үкімет
* VI бөлім. Конституциялық кеңес
* VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
* VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
* IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер:
1998 жыл
1998 жыл
1998 жыл
2) конституциялық заңдар - Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;
Конституциялық заңдар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы;
Қазақстан Республикасының Президентi туралы;
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы;
Республикалық референдум туралы;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы;
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы;
Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы.
Конституциялық құқықтық заң ғылымы ретінде қалыптасуы үшін мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен тәсілдерін құқықтық реттеу, яғни мемлекет органдарының қызметі, құрылымының дамуы белгілі бір жоғарғы деңгейге жетуі әрі осы деңгейде қалыптасқан құқықтық нормалардың құрылуы қажет болды.
Конституциялық құқық қоғам мен мемлекеттің құрылысының негізін құрайтын, мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынас адам, қоғам және мемлекеттің әрі мемлекеттік құрылыс пен оның қызметін анықтайтын негізгі қатынастар.
3) жай заңдар - бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.Бұл кодекстер.
Кодекс - қоғам өмірінің негізгі аясында әрекет жасайтын, көп таралған кодификациялық актілердің құқықтық тәртіптілікті талап ететін түрі.
ҚР кодекстері:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы;
Қазақстан Республикасының Азматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының Азматтық іс жүргізу кодексі;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы;
Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
Қазақстан Республикасының Орман кодексі;
Қазақстан Республикасының Су кодексі;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы);
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.
4) жарғы, ережелер- бұл кодификацияланған арнайы әрекеттегі актілер, олар тек заң шығарушылармен ғана шығарылады(мысалы, президентпен не үкіметпен). Жалпы әскери жарғы, қарулы күштердегі әрекет жасайтын құқық нормасы.
Президенттің нормативті жарлығы. Заңға қосымша актілер жүйесінде, олар жоғарғы заңды күшке ие және заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде шығарылады. Президенттің құқықтық шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің Конституциясымен не арнайы конституциялық заңдармен белгіденеді. Олар әр қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясының 3 тарауының 21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарында:
а) Президенттің Республика Президенттің актілерін шығаруды талап ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;
ә) Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығымен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
б) Парламенттің заңдық қүзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкіметпен басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген қүзіретіне жатпайтын мәселелерді, құқықтық реттеу жүзеге асырады;
в) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік - саяси дамуының стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылданады деп анық көрсетілген. Сонымен қатар, Конституцияның 22-бабында Республика Президентігің өкімдерімен:
-Әкімшілік- өкімдік жедел және жеке сипаттағы шешім жүзеге асырылады;
-Республика Президентінің қүзіретіне сәйкес конституциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Үкіметтің қаулысы. Бұл заңға - қосымша актілер, Президенттің жарлығына сай қабылданады және қажетті жағдайларда көбінесе, мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік құрылымды, денсаулықты сақтау, білім туралы мәселелерін бөлшектеп реттеу үшін қабылданады. Конституцияның Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2 тарауының Республика Үкіметінің актілер туралы 10 бабында көрсетілгендей.
а) Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды;
ә) Республика Премьер-Министрі өкімдер шығарады. Премьер-Министрдің өкімдері- әкімшілік - өкімдік, жедел және дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады;
б) Өздерігің қүзіреті шегінде қабылданған Үкімет қаулылары, Республика Премьер-Министрі өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады;
в) Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министрінің өкімдері Республика Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен әзірленеді және қабылданады.
г) Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя алады;
ғ) Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті, Үкімет және Премьер-Министр жоя алады.

1.3 Заң шығару жүйесі

Қазақстан Республикасында заң шығару билігі Конституцияға сәйкес, тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат және Мәжілістен тұратын Парламентке берілген.
Сенат тіке емес, жанама сайлау негізінде қалыптасады. Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутатарының бірлескен отырысында сайланады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасының екі адамнан сайланады.
Сенат депутаттарының өкілетті мерзімі алты жыл. Демек. сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әр бір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады және тікелей сайлау негізінде қалптасады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат барабар өкілдік өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі- бес жыл.
Парламенттің құзіреті Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітіледі және Парламент сессияларында, оның Палата органдары мен депутаттарының қызметінде жүзеге асырылады. Контитуция Парламентке заң шығару өкілеттігін жүктейді, сонымен Қазақстан Республикасының 53 бабына сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
-Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығына ие;
-конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
Заң шығару функциялары тек Парламенттің бірлескен отырысында, сондай- ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да жүзеге асады, онда мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы Парламент заңдар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару қызметінің белгілі көлемі бекітілген. Бұл қызметтің құқықтық өрісі Конституцияның 61 бабының 3 тармақшасында нақты көрсетілген.
Өкілеттілігінің келесі тобы республикалық бюджетті бекіту және басқа да қаржы өкілеттіліктері. Алдымен, Палаталардың бөлек отырыстарында, әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта республикалық бюджетті талқылайды. Содан соң Парламенттің Палаталарының біріккен отырысында бекітеді, және Республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
Палатаның бөлек отырыстарында әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, ал сонымен мемлекеттік заем және Республиканың экономикалық және басқа да көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Үкіметтің қызметін бақылау Парламенттің ең маңызды өкілеттілігінің бірі. Бұл келесідей өрнектелген:
-Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауға келісім береді;
-Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, Баяндаманы мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;
-Үкіметке сенімсіздік көрсеткенін білдіреді.
Сонмен қоса Сенатта, Президенттің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім беру сияқты бақылау функциясы бар.
Әр Палата депуттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкімет мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы. Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен ұсыныс қабылданады.
Мемлекеттік құрылыс саласында Парламент құзыреттері келесідей:
-соғыс пен бітім мәселесн шешеді;
-республкалық референдум тағайындау туралы бастам көтереді;
-Республика Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
-қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселерін шешу тәртбін белгілейді;
-жергілікті өкілетті органдарды жедел алып тастау туралы мәселесін шешеді;
-Республика Президентінің келесі сайлауын хабарлау.

2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ АКТІЛЕР

Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы занда қабылданатын актілердің сатылары нақтылы көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп зандарды орындау және іс жүзіне асыру үшін мсмлекеттік және жергілікті органдардың шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзілік тәжірибеде бұл процесс заңнаманың делегациялануы (делегированность законодательства) деп аталады.
Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мынандай жағдайларға баланысты:
1. Заң қоғамдық қатынастардың барлық салаларын, субъектілердің мінез-құлықтарын толыққанды дәрежеде реттеп, қамти алмайды. Занда негізінде жалпы талаптар мен нормалар бекітіледі.
2. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдер заң мен жоққа шығарылады, ал мемлекеттік басқару органдарының кесімдері заңның колдану күшін тоқтата алмайды.
3. Заңның ең жоғарғы күші бар, заңға сәйкес қабылданған кесімдер тек ғана заңның негізінде және оны орындау үшін қабылданды.
4. Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер заңға қайшы келмеулері тиіс. Олай болған жағдайда жоққа шығарылады.
Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы заң бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:
Заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
Құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
Нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңға бағынышты нормативтік актілер
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Корпоративтік бағалы қағаздар
Құнды қағаздар
Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер
Нормативтік құқықтық актілер
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Пәндер