Есту қабілетінің бұзылу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Гуманиарлық факультеті
Педагогика кафедрасы

СӨЖ №10
Пәні: Инклюзивті білім беруде бос уақытты ұйымдастыру теориясы мен әдістемесі
Тақырыбы: Инклюзивті білім беруде есту қабілеті бұзылған балалардың бос уақытын ұйымдастыру теориясы

Тексерген: Кусаинова Н.М.
Орындаған:Құсайнғазина А.Е
Тобы: ПМНО-905у

Семей, 2020ж
Жоспар
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері.Есту қабілетінің бұзылу себептері.Есту бұзылысының жіктелуі
2.2. Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны.Естуі бұзылған балалардың тілдік бұзылыстары.Саңырауларға арналған арнайы техникалық құралдар.
2.3 Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы
2.4 Естуі бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I.КІРІСПЕ
Есту қабілетін тексерудің ең қарапайым тәсілі дегеніміз есту қабілетін сыбырлаған сөйлеу тілінің және қалыпты дауыстың жәрдемімен зерттеу болып саналады. Балалардың сөйлеу тілдерінің жағдайлары әр түрлі деректерге байланысты. Солардың ішіндегі негізгілері:- есту қабілетінің кемдік дәрежесі баланың естуі неғұрлым ауырлаған сайын, соғұрлым сөйлеуі де қиындайды;- есту қабілетінде ақаулықтың пайда болу уақыты: егер баланың есту қабілеті 3 жасынан кейін бұзылған болса, онда оның сөйлеу тіліндегі сөз тіркестері болмашы ауытқулармен сөздігінде, грамматикалық құрлысында, дыбыстарда айтуына болуы мүмкін. Егер есту қабілеті мектеп жасында зақымданса, онда сөйлеу тіліндегі жақсы меңгерілген сөз тіркестеріндегі қателер негізінде ұяң дауыссыздардың қатаюынан екпінсіз буындардың түсініксіз айтылуынан, сөйлеу тілі мүшелері әрекеттерінің кеміскіленуінен көрінеді. Есту қабілетінің ерте жасындағы кемуі сөйлеу тілінің өте қатты бұзылуына әкеліп соғады;- есту қабілеті зақымданғаннан кейін баланың өсіп жетілу жағдайында: уақытысында бастаған түзету оқуы жұмыстың шамалы ғана нәтижелілігін береді;- нашар еститін баланың физикалық және психикалық жағдайы балалардың денелерінің әлсіреуі, психиялық белсенділігінің аздығынан сөйлеу тілінің қалыптасуында белсенділік кемірек болады.
Әрбір бала бақытты өмір сүруге, білім алуға құқылы. Инклюзивті білім берудің пайдасы балаларымыздың өзін қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуге үйретеді. Басқа балалармен тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік береді.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері.Есту қабілетінің бұзылу себептері.Есту бұзылысының жіктелуі
Сурдопедагогика (латын сөзі surdus-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады .
Есту - дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады. Есту анализаторының бұзылуы ең алдымен көп мөлшерде баланың сөйлеуіне әсер етеді, оның танымдық қызметіне жалпы дәрежеде мүкістік келтіреді. Құлақ-дыбыс тербелісін күшейтеді және оны қайта өндейді. Дыбыстар негізінен үш қасиетпен сипатталады: Олар күші, биіктігі және тембірі.
Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы боып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.
Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі.Мұның пайда болу себептері; ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады.
Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану және кеш саңыраулану болып бөлінеді.Ерте саңыраулану бұл бала тілі шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, ал кеш саңыраулану баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады.
Есту ақаулықтарының жіктелуі есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталынады. Саңырау дегеніміз - есту қабілеті қатты бұзылғандықтан адамның сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық.Өмірде көп жағдайда есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталатын болады.Осы болмашы ғана сақталған саңылаудың жәрдемімен бала өте қатты айғайлап анық айтқанды,зыңылдаған, шаңқылдаған дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс сөздерді естіп түсіне алады.Саңырау балалар арнайы өқытудан өтпейінше сөйлеу тілін өздіктерінен меңгермейді. Олар дыбысты, сөзді анық, дәл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейді.Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылып келеді .Балада есту кемшілігінің болуы сөздегі дыбыстауды реттей алмайды. Осыдан оның аузша сөйлеуі қалыс қалады.Барлық осы жағдайлар баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. Қалыпты ести алатын балалармен салыстырғанда мұндай балаларда ауытқушылық айқын көрінеді. Мүлде естімейтін тас саңыраулар өмірде өте сирек кездеседі .Түзету оқу жұмысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен арнайы балабақшаларда жүргізіледі. Мектеп жасына жеткеннен бастап мұндай балалар оқуын нашар еститін арнайы мектептерде жалғастырады. Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілеті міндетті түрде пайдаланылады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.

2.2 Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны.Естуі бұзылған балалардың тілдік бұзылыстары.Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы техникалық құралдар.
Кеңестер одағында және Ресейде көптеген жылдар бойы тек бір ғана дәстүрге айналған саңырауларға арналған педагогикалық оқыту жүйесі қалыптасқан - ол тілдік негіздегі сөздік сөйлеуі болып табылады.Саңыраулардың қазіргі сурдопедагогикасы жаңа оқыту парадигмасын іздеу үстінде болып табылады, себебі демократиялық және гуманистік тенденцияның тереңдігімен жалпылығы жағынан соңғы жылдары әлемдік байланыста нашар еститіндерге арналған жаңа білім тәжірибесі интеграцияны алып келді. Сонымен қатар жесттік тілді лингвистикалық және психолингвистикалық жаңа ғылыми негізде зерттеу болып табылады.Ежелгі сурдопедагогикада нашар еститін балаларға арналған жаңа оқыту концепциясын ойлап табу көзделген, ол көптеген бағыттарға негізделеді. Педагогикалық оқыту жүйесінің 2 негізгі түрін қарастырайық, ол қазіргі кезде өзге елдерде де және Ресейде қолданылады.
Педагогикалық жүйесінің билингвистикалық ыңғайы-сурдопедегогиканың жаңа бағыты болып табылады,ол өмірде 80-жылдардың басынан бастап пайда болған.Латын тілінде билингвистикалық,билингвизм қазақ тілінде аударғанда екітілдік,екітілдідеп аударылады.
Билингвистикалық оқытудың методологиялық платформасының негізі болып әлеуметтік-политикалық және философиялық ойлар қосылысы болып табылады,цевилизациялық қоғам менталитетінің өзгерісі бейнесі және саңыраулардың шағын социумына және ымдау тіліне жаңа қарым-қатынасы.
Қазіргі ғылыми парадигма барлық білім процесінің байырғы құрылысы дәлелдігін қамтамасыз етеді.
Әлемде 5000-нан астам тілдермен 200-дей мемлекет бар деп есептеледі.Кейбір елдерде екі тілді қатар пайдалану заңда көрсетіліп бекітілген.Мыс:Европада мұндай елдер саны-6.Көптеген мем лекеттерде екі тілмен бірдей пайдаланылатын халықтарда бар.
Еститіндерге қатысты билингвистикалық оқыту идеясы жаңа болып есептелмейді:ортағасырда,мысалы:көп теген университеттерде сабақ латын тілінде өткен; қазіргі педагогикада 2 тілді қатарынан оңай меңгеру білімді алуда да және ары қарай карьераны жалғастыруда да өзінің зор үлесін көрсетеді.
Саңырауларға қатысты билингвизм термині 25 жыл бұрын қолданыла бастаған. Естімейтін адамдардың көпшілігі біруақытта жесттік және сөздік тілдеріне ие бола алады. Кейбіреулері өзінің негізгі тілін жесттік тіл деп ойласа, кейбіреулері сөздік тіл деп есептейді, бірақ саңыраулар қарым - қатынас жағдайында екеуін қатар пайдалана алады.
Саңырауларды оқытудағы билингвистикалық ыңғай білім процесінің екі тең құқылы және теңқұндылықты тәсілдерін қарастырады-олар орыс немесе өзге ұлттық тілінде аызша,жазбаша және тактильді формада және орысша немесе өзгеше жест тілі.
Еститін және естімейтін мұғалімдер,оқушылар және ата-аналар арасында екі тілді бірдей қатарластырады.Саңырауларды Биленгвистикалық оқыту Батыс Европа пайда болған.Сурдопедагогикадағы осы бағыттың пайда болуына әсер еткен кейбір факторларды атап кеткен жөн.
1-ден,жесттік тілге деген қатынасының өзгеруі.Саңыраулар бір-бірімен қарым-қатынасы үшін жесттік тілді қолданған және де жесттік тілгеалғаш рет 4 ғасырда сипаттама берген Августин еді.Франция Қаласында және Ресейде жесттік тілдің қолданылуы жайында оқулықтар енгізілді.Ұлттық жесттік тілдің қалыптасуы 70-жылдарда жасалады.20-ғасырда В.Стоку,М.Бреннон,Г.Л.Зайцевтің айтуынша,жест тілдері-жалпықұндылықты,қиын,өзінің грамматикалық,лексикалық, морфологиялық негізі жағынан лингвистикалық жүйеге бай болып табылады.Жесттік тіл орыс,ағылшын,қытай тілдерінен ешқандай айырмашылығы жоқ.Жесттік тілді оқу процесінде кең қолдануға болады.Осы пікірді Л.С.Выготский 30-жылдардың басында атап кеткен.
2-ден, Басқа адамдарға ұқсамайды деген пікір өзгереді. Басқалар әлемін түсіну Қажеттілігі пайда балды.Саңырауларға Мүгедек ретінде қарау сияқты көзқарастар өзгерді.Оларға индивид,қалыптасқан жеке тұлға ретінде көңіл бөле бастайды.
3-ден,екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдерде миграция көбейді.Мысалға АҚШ-пен Ұлыбританияда Азия және Африкадан келген имиграндтар көбейді.Осының иәтижесінде оқыту процесі өзінің туған тіліне сүйенгенде ғана тиімді балады.
4-ден,бұл ауызша оқыту әдістерініңнәтижелерінің және тотальды комуникативті әдістерінің жалпы талымсыздығы. Конрада 1979 жылғы зерттеулерінде Англия қаласында саңырауларға арналған мектептің түлектерінің оқу қабілеті қалыпты 9 жасар балаға тән.
5-ден, АҚШ-та жүргізілген зерттеулер бойынша саңырау ата-анадан туған саңырау балалар IQ тестісін жақсы меңгеріп жақсы нәтиже шығарады. Себебі: осындай жестік тілде олар туғаннан бастап қолданған.
Осылайша, прогрессивті ата-аналар балаларын бұрынғыша оқытқысы келмеді.Нәтижесінде саңырау балаларды оқытудың лингвистикалық ыңғайлы Скандинавиядағы мемлекеттік жүйе болып табылады..Қазіргі уақытта Ұлыбританиада жарты мектеп билингвистикалық ыңғайды қолданып келеді және осы ыңғайды Австралия, Африка, Галландия Бельгия, Германия, Швецария, Эстония қолданып келеді.
Ал Ресей қаласында тек ғана бір билингвистикалық мектеп бар-ол Мәскеулік билингвистикалық гимназия, 1992жылы пайда болған (ғылыми жетекші профессор Г.Л.Зайцева)
Г.Л.Зайцеваның айтуынша(1988)оқу тәрбиелеу процесінде жест тілін кеңіненқолдану нәтижесінде ғана мұғаліммен оқушының арасындағы қарым-қатынас нығайтылынады.Осының нәтижесінде білім аумағы кеңейтіледі жене 10жыл ішінде білім алып шығады.
Саңырауларды оқытудың жаңа педагогикалық жүйесінде шешілмеген тапсырмалар қатары көп. Олар:оқыту процесінде жесттік және сөздік тілді дұрыс қолдану талабы, жесттік тіл негізінде дидактикалық оқыту процесін жасапм шығару арнайы сурдопедагог маманларын дайындау жүйесін құру.
Саңырауларды оқытудың екінші бағыты сөздік тілімен байланысты. Түрлі тарихи кезеңдерде бұл бағыт лингвистикалық білімге сүйенді. Оқытудың негізгі мақсаты саңырау, бірақ сөздік тілді меңгерген адам болып табылады. ХҮШ-ғасырдың екінші жартасында ХХ-ғасырдың басында сурдопедагогтардың зейіні саңыраулардың сөйлеу жағдайында болды. Оның негізгі тапсырмасы таза ауызша сөйлеу болып табылады.
ХХ-ғасырдың 50-жылдар ортасында дейін саңырау балалардың сөздік дамуын - олардың айтылуын, сөздік қорын, грамматикасын, синтаксисін зерттеп қарастырады. Бәріне танымал сурдопедагог, профессор С.А.Зыков және оның әріптестерінің айтуынша, саңырау балалардың сөздік тілдің коммуникативті функциясы және әлеуметтік есептеуі арқылы зерттеп білуге болады. Бұл жүйе коммуникациялы жүйе деп аталады. Саңырау балалар жүйені меңгеріп және әлеуметтік ортада қолданылуын үйрену керек. Коммуникациялы жүйенің аса маңызды жағдайы заттық - сарамандық іс-әрекет жағдайында саңырау балалардың тілдік дамуын қалыптастыру және дамыту;
Коммуникациялы жүйенің пайымдауынша, тілді зерттеп білудің жүйесі болып қарым-қатынас тілдік формасын сарамандау болып табылады. Балада тілдік қабілет тіл белсенділігінің негізгі түрі болып даму керек.
Коммуникациялық жүйелік тілдік оқытудың аса маңызды орны қарым-қатынас даму идеясындағы іс-әрекет сияқты орын алады.
Саңырау балалардың тілдік құрылым жүйесін меңгеруі басқаша жүреді. Саңырау балаларға арналған мектептерде сөйлеуді меңгеру құрылымды-самантикалық принцип негізінде жүреді. Бұл принципті Л.П.Носков жасап шығарды. Бұл принцип берілген материалды меңгеруге ықпалын тигізеді.
Генетикалық принципі арқылы саңырауларды онтогенез немесе филогенез кезеңдердже оқытады.Сурдопедагог саңырау баламен жұмыс кезінде балалық (шақтық) даму ерекшеліктері ескерілді.
Оқытудың тілдік іс-әрекет принципі негізінде сөздік тіл қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады. Мектептегі оқытудың заттық - сарамандық бағыты арнаулы сабақтарда қолданылады.
Саңырау балаларды тілге үйрету жаттығулары заттық - сарамандық оқытуда ғана жүргізілмейді, сондай-ақ айтылуының қалыптасуына және есту қабілетін дамытуда қолданылады. Заттық әрқайсысы тілдік іс-әрекет компоненттерін бекітеді.
Саңырау балаларды оқытудағы комуникативті жүйенің дамуы және қалыптасуы СССР-да есту-аймағындағы техниканың жетістігінің болмауы кезінде қолданылады. Дыбысты күшейтетін аппараттар 70-жылдардың аяғында ғана енгізілген. Сондықтанда комуникациялық жүйе кеңестік ғалымдармен жасалады. 1958 жылы Манчестерде саңырауларға арналған арнайы білімнің проблемалары туралы халықаралық конгресс өтті. Бұл конгрестің негізгі тақырыптары болып саңырау балаларға арналған педагогиканың көмегі және олардың ерте шақтағы дамуы қарастарылды.
Манчестердегі халықаралық форумның негізгі нәтижесі АҚШ-ғы диагностикалық және педагогикалық көмегі болып табылады, педоаудиолық кеңес беру (1959)
Осы бағыттң4 дамуы негізінен сөздік тілге негізделген, 50-жылдардың аяғы ,60-жылдардың бас кезінде дыбыс күшейтетін аппараттардың ұжымға қолдану түрі пайда болады.
50-60 жылдарда академик, доктор П.Губерина Загребе қаласында Ұбұрынғы Югославия, қазіргі ХорватияҚ есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы верботоналдық жүйені жасап шығарды, осы аппарат арқылы балаға оптимальды естуді таңдап алуға көмектеседі.
СССР-да пайда болған есту аппараттары ерте шақтағы оқытуға қолданылмайды. Негізінен бұл аппарат нашар еститін тұлғаларға және орта жастағы адамдарға негізделген.Сондықтанда мектептегі оқыту процесі 70-жылдардың аяғына дейін дыбыс күшейтетін аппаратсыз оқытылды.
70-жылдары АПН СССР типологиясын НИИ қызметкерлері есту қабілеті бұзылған оқушылардағы есту қабілетін дамытуда жаңа жүйе енгізді.Бұл жүйе саңырауларға арналған мектептерде кең қолданылып келеді.Дыбыс күшейтетін аппаратты жалпы білім беретін процесте қолдану негізінде түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Есту қабілетін күшейтетін және дыбысты күшейтетін аппараттар арнайы білім беретін техникасының құралдары болып табылады. Олардың негізінде ақпараттар алмасады.Бұл динамикалық немесе статистикалық проекция құралдары,видеотехника, лазерлі дискілер, дыбыс сигналдары болып табылады.Қазіргі кезде саңырау балаларға арналған арнайы телекомуникативтік құрылғылар ерекше орын алады. Теледидаар бағдарламалары қазіргі кезде видеотекстермен немесе сурдоаударумен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар саңырау балалар видеотелефондармен, пейджинг байланысымен қолданылады.
Саңырау балалардың дамуында да компьютер ерекше орын алады.Жекелеген компьютер бағдарламалары арқылы саңырау балалар оқу аппараттарымен алмасып отырады.Дұрыс құрылған компьютерлер бағдарламалары арқылы сурдопедагог балалардың сөйлесу, есту сақтау,зейін сияқты құрылымдарын дамытады.

2.3 Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы
Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады.
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады (жазылған артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.).
Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы,үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады.
Сөйлеу тілінің тәжірибесінің аздығы, сөздік қорының таяздығы және сөздің басы мен аяғын толық естімегендіктері тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруге әсер етеді. Жиі кететін қателіктері тоқталып өтейік:
-- синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы;
-- артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру, қоспау;
-- септік жалғауларын шатастыру;
-- сөздерді дұрыс қолданбау;
-- сөйлем мүшелерін тастап кету.
Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі:
-- дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.);
-- аффрикат;
-- дыбыстарды тастап кету;
-- дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу;
-- сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету.
Бала қаншалықты кіші болса,оның арнайы сабақ өтілі соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады.
Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады.
Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды.
Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған.
Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау.
Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық - грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
А). Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар.
Алмұрт, алма, апельсин - бұлар не?
Сен қандай мамандықтарды білесің?
Алматы, Мәскеу, Астана - бұлар не?
Сен көліктің қандай түрін білесің?
Үй (жабайы) жануарларын ата.
Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау.
Бала тапсырманы орындай отырып, сюжетті суреттегі жағдайдың бірізділігін табуға міндетті. Байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалап қана қоймай, ойлай білуге үйрету.
Балаға әр қайсысы біткен істі білдіретін 4 сурет ұсынылады.
Тапсырмаға нұсқау:
Суретке қара. Суреттерді ретімен біріншісін, екіншісін, үшіншісін, төртіншісін қой. Мұнда ненің суреті салынғанын айтып бер.
Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру.
А). Істелген іс туралы есеп бере отырып, тапсырманы орындау. Әрбір балаға алты-алтыдан тапсырма беріледі.
1. Тұр. Орындықты және басқа жиһазды көрсет.
2. Менен қарындаш сұра.
3. Апельсинді емес, алма суретін сал.
4. Кітапты ал және шкафқа қой.
5. Есікті жап.
6. Ботадан апасының атын сұра.
Ә). Сұрақтарға жауап бер. Әрбір балаға алты-алтыдан сұрақ беріледі.
1. Сенің атың кім?
2. Сенің апаңның аты кім?
3. Сенің жасың нешеде?
4. Сен қайда тұрасың?
5. Қазір қандай жыл мезгілі?
6. Бүгін ауа райы қандай?
Балалардың жауаптары бағаланады және хаттамаға жазылады.
Сөйлеу тілін тексеру, үш түрлі тексеріс түрі бар әдістеме бойынша жүргізіледі.
Сөйлеу тілінің дағдысын тексеруге екі тапсырма енеді: нұсқауды орындау және сұрақтарға жауап беру.
Берілген екі тапсырма сөздік қорын тексеруге арналады: дыбысталу ерекшеліктерін белгілей отырып, белсенді сөз қорын бағалау мен пассивті сөздік қорын тексеру.
Балалардың грамматикалық тіл құрылысын меңгеру деңгейін және байланыстыра сөйлеу дағдыларына үш тапсырма берілген: суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс-әрекеті туралы хабарлау және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру.
Тапсырманың барлық түрі балалармен жеке - дара жүргізіледі.
Келесі талаптарға сүйене отырып, таңдалған сөздік материал бағдарлама талаптарына сәйкес болуға міндетті. Сөздердің тізіміне қосылатын сөздер:
-- нақты заттардың атын білу үшін зат есімді, осы заттардың белгілерін білдіретін сын есімді, іс-әрекетті білдіретін етістік;
-- күнделікті өмір, қоршаған орта туралы балалардың түсінігін білдіретін және әр түрлі сабақтар кезінде, түзімдік жағдайларда жиі қолданылатын сөздер;
-- иллюстративтік материалды пайдалана отырып, олардың түсініктерін тексеру сөздері.
Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінде жіберетін қателіктері жазған кезде де қайталанады. Жазу барысында жіберілетін қателіктер есту қызметінің бұзылу түріне тәуелді: кондуктивті бұзылу кезеңінде төменгі және орташа жиіліктегі дыбыстарды (У,О,Ы,Р,Л,М,Н,Д,Г,Б,Х,Т,Ц,В,К), ал нейросенсорлық бұзылыстар кезінде жоғары жиіліктегі дыбыстарды жіктеу қиынға түседі (И,Ә,Ш,Ж,Ч,Щ,С,З,Ф), сондықтан көрсетілген дыбыстарды жазған кезде олар түсіп қалады, ауыстырылады немесе араласып кетеді.
Сөйлеу тілінің дамуына баланың мектепке дейінгі тәрбиесі үлкен әсер етеді. Балаға арнайы көмек қаншалықты ерте көрсетілсе, соғұрлым оның сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс дамиды. Балалардың арнайы мекемелерге баруы (балабақша, есту қабілеті мен сөйлеу тілі бойынша зертхана жанында ашылған топқа және т.б.), сол сияқты олармен мақсатты бағытта жүргізілген жұмыс балалардың мектептегі даму деңгейіне әсер етеді.
Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның тұрақты зейіні, салмақтылығы, есте сақтау қабілеті, зердесінің дамуы және жалпы дамуының әсері, оның арнайы педагогикалық жағдайда құрылған сөйлеу тілін жақсы және тез меңгеруіне себебін тигізеді.

Баламен жүргізілетін дамыту түзету жұмысын дер кезінде бастау үшін, баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ естуіне зер салу керек, қажетті көмек неғұрлым ерте басталса, бала еститін құрбыларынан көп артта қалмайды. Есту қызметі сәл төмен болса да, егер арнайы оқытпаса, жасқа толғанда ешқандай сөз айта алмайды.
Баланың дыбысты қабылдауы біртіндеп қалыптасады,әрбір жастың өзінің ерекшелігі бар. Бала құрсақта жатқанда да дыбысты сезінеді. Бұны арнайы құралдар көмегімен дыбыс дабылы берілгенде баланың жүрек соғысының жиілігінің өзгеруі анықтайды. Бала өмірінің алғашқы сағаттарында арнайы тексеру арқылы баланың есту қызметін анықтауға болады.
Баланың есту қабілетін өмірінің екінші-үшінші апталарынан, ешқандай арнайы құралсыз оның дыбысқа деген реакциясын бақылауға болады. Есту қызметін жұмылдыру дегеніміз - бұл бала ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакциясы. Бұл реакция балаға жақын жерден шыққан қатты дыбыс пен айқай кезінде пайда болады. Бірнеше секундта (кейде 15-20 сек.) бала қозғалмай тына қалады. Кейде дабылдың дауысы тоқталғанша созылады. Бұнда реация алғашқыда дыбысталатын ойыншыққа, кейіннен дауысқа пайда болады.
Нәресте өмірінің екінші айының бірінші аптасында сөйлеп тұрған ересек адамға қарап жымияды, содан сәл кейінірек (2 ай 2 аптадан соң) дауыс реакциялары пайда болады. Бала ересек адаммен сөйлескен сияқты болады. Баланың бұл жымиуы мен гуілдеуін ата-аналары баланың өздеріне Берген жауабы деп ойлайды. Бірақ бұндай реакция естімейтін балаларда да болады. Бұл реакция балаға қараған жылы жүзден, көзқарастан туындайды.
2-3 айда (шала туған, әлсіз балаларда 3,5-4 айда) еститін нәрестеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Тіл кемістігін топтастыру
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар қызметінің тәртібі
Аффект
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым – дефектология
Көру қабілеті бұзылған балалар
Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Пәндер