Қазақстанда жер аударылған халықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып:ХХ ғасырда Қазақстанға саяси жер аударылғандар

Мамандығы:Автоматтандыру және басқару

Орындаған: Кабдиллаева Гүлім Серікқызы
Тобы:АУк 20-2

Тексерген:Раджапов Анарбай Оскенбайулы , әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті

_ 2020 ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Қазақстанда жер аударылған халықтар.
2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанға саяси жер аударылғандар
3.КСРО кезіндегі күштеп жер аудару.
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Қазақстанға жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі жылдардағы Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі отандық тарих ғылымында аз зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан жұмыстың осындай өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ескере отырып алға қойылған мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды: Қазақстанға жер аударылған халықтардың орналасуы; жер аударылған халықтардың материалдық-тұрмыстық жағдайы; жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіруге қатынасуы; ауылшаруашылығын өркендетуге қатысуы; өнеркәсіп пен транспортты дамытуға қосқан үлесі; жер аударылған халықтардың білім алуы мен мәдени дамуы; жер аударылғандардың құқықтық жағдайы және оны қалпына келтіру; жер аударылған халықтардың ұлттық - мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілгеннен кейінгі Қазақстанда тұрақтап қалуы.Саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдауда салыстырмалы сараптау әдісі қолданылып, оқиғалардың шынайы объективті тұрғыдан баяндауына мән берілді. Кеңестік биліктің қасаң қағидаларынан арылу барысында тарихымызды саралауға жаңа мүмкіндіктер берілгені мәлім. Сондықтан мәселені зерттеуде уақыт сауабынан өткен, қоғамның дамуындағы қайшылықтар мен құбылыстарды айқындауда танымдық рөлі бар еңбектерге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар зерттеу барысында тарихилық және жүйелеу тәсілдері қолданылды.Сондай-ақ зерттеу барысында кеңестік қуғын-сүргін саясаты тәуелсіздік тұрғысынан талданып, бүгінгі Қазақстанды мекендеуші, жарасымдық пен бірлік тұрғысынан баяндалды. Семестрлік жұмыстың хронологиялық шеңберіне қуғынға ұшырап, Қазақстанға жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі (1946-1960 жылдар) кезеңіндегі тарихы алынды.Семестрлік жұмыста Қазақстан бойынша жер аударылған халықтардың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі нақты деректермен зерттелді. Бұл мәселе бойынша тың мұрағат құжаттары арқылы жаңалық ретінде мынандай мәселелер қарастырылады: Қазақстанға жер аударылған халықтардың соғыстан кейін арзан жұмысшы қолы ретінде бір жерден екінші жерге көшірілуі, орталық аудандардан, темір жол станцияларынан алыс аудандарға қоныс аударылуы; жер аударылғандардың құқықтық, материалдық-тұрмыстық жағдайлары; білім алу мәселесіндегі шаралар; жер аударылған халықтардың ауыл шаруашылығын өркендетуге, өнеркәсіп пен транспортты дамытуға қосқан үлесі зерттелді. Семестрлік жұмыстың қорғауға ұсынылатын тұжырымдары:- Республиканың Қазақстанға жер аударылған халықтардың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесін айқындау; олардың соғыстан кейінгі саяси-құқықтық шектеу жағдайында халық шаруашылығының нақты салаларындағы еңбектеріне ғылыми тұрғыдан талдау; жер аударылғандардың құықтық шектеулері алынған соң зерттеліп отырған кезеңдегі олардың білім мен мәдениет саласындағы даму үрдісінің ахуалын айқындау; қоғамдық-саяси істерге қатысуын мұрағат құжаттары арқылы көрсету.

1.Қазақстанда жер аударылған халықтар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге негіз болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. XX ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Егер осындай адамдар немесе жеке бір топтар болған жағдайда тек соларға ғана заң жолымен шара қолданудың орнына кеңес үкіметі тұтастай халықтар мен этникалық топтарды жер аударды. Мұның өзі олардың соғыс жағдайында өздері аймақтарына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болғандығы ақиқат. Мемлекеттің кең көлемде жүргізген осы заңсыз шаралары бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселе. Кеңестік жүйе тұсында саяси қуғын-сүргін бірнеше сатыдан өтті. Ол патшалық Ресей тұсындағы Сібірге жер аудару, каторгаға жіберу сияқты тәжірибені ұтымды пайдаланды. Әуелде депортация бұрынғы жүйеге қызмет еткен жеке адамдарға, одан кейін БК(б)П қарсыластарына, онан соң тұтас ұлттарға жайылды. Сүйтіп сталиндік қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат жер аударылғандарды ұлттық болмысынан, ділінен, мәдениетінен айырып, негізсіз кінә тақты, қатал жазалады. Бұл кеңестік ұлт саясатының заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі болды. Бірінен соң бірі жарыққа шығып жатқан сол кездегі заң актілері күшпен жер аударылған халықтардың жан-жақты дамуына, келешегіне түбегейлі кедергі келтірді. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Олардың соғыстан кейінгі Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айқын. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сталиндік қуғын-сүргін тарихының құрамдас бөлігі ретінде депортацияның күрделі мәселелерін зерттеу қазіргі отандық тарих ғылымының басты міндеттерінің бірі. Саяси қуғын-сүргін тарихы, халықтарды жазықсыз жер аудару мәселесі кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу түгілі оларды баспасөз бетінде атауға тыйым салынды. Тек XX ғ. 80-ші жылдарының соңында ғана КСРО көлеміндегі демократиялық процестердің нәтижесінде бұрын ақиқат тұрғысынан айтуға тыйым салынған тарихтағы ақтаңдақтар мәселесі көтеріле бастады. Солардың қатарында КСРО-ның бір аймағынан екінші жеріне күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылды. Сөйтіп осы мәселеге байланысты бұрыннан құпия сақталған мұрағат құжаттары ашылып, араға 50-60 жыл салып барып кеңестік күштеп қоныс аудару саясатының орны толмас зардаптары туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынып, алғашқы материалдар жарық көрді. Кеңестік биліктің халықтарды жер аудару туралы жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың қанқұйлы саясаттан күйреген тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөнінде құжаттарды алғаш рет Ресей ғалымдары Н.Ф. Бугай, В.Н. Земсков, А.М. Некрич жариялады [1]. Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. 1990 жылдан бері атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды. Айтулы мәселеге орай еліміздегі жер аударылған халықтар тарихын жазуға үлес қосқан көрнекті ғалым, академик М.Қ. Қозыбаев болды[2].Елімізге күштеп көшірілген халықтарды атамекендерінен жер аудару саясатының жасырын ұйымдастырылып, орындалу барысын қашан және қанша адамның Қазақстанға қалай орналасқанын, еңбек армиясына қатынасуын нақты деректермен талдау жасай отырып дәлелдеген Қ.С. Алдажұмановтың зерттеулерінің мазмұны мен маңызы тереңдігімен ерекшеленеді [3]. Ұлы Отан соғысының басталуы кеңестік немістердің қайғылы тағдырларының негізгі себебіне айналды.Қудалануы, кінәсіз айыптар тағылуы, олардың болашақтарына ауыр соққы болып тиді. Жалпы қудалаудың негізгі нысанасы болған немістердің тарихына орай А.Н. Кичихин, Г. Вормсбехер, Л.А. Бургарт, В.П. Емельянов, А.В. Фитц сияқты авторлардың еңбектері, құнды деректермен тарихнамаға қосылған үлес екені аян [4]. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылдағы халықтан құрылған жүйе - Еңбек армиясы. Ол әскерге жарамсыз ер азаматтардан, соғыс жағдайында еңбек ресурстары ретінде кеңінен тартылған жас-өспірім ұл-қыздар, әйелдер мен егде адамдардан жасақталған. Ал осы құрылымның негізгі күші ретінде оған жер аударылғандардың ең алдымен жіберілгені бұрын айтылмайтын. Соғыс жылдары ауыр, қара жұмыстарға мыңдаған жер аударылған азаматтар айдалып, соның ішінде әсіресе кеңестік немістердің оған міндетті түрде қатыстырылуы қадағаланды. Бұл соғыстан кейін де жалғасты. Еңбек армиясын зерттегендер жер аударылғандар туралы көптеген нақтылы мәліметтерді жарияласа, аталған мәселенің мазмұнын М.Қ. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов, М.Т. Баймаханов т.б. құнды еңбектері аша түседі [5]. Кеңестік қуғын-сүргін науқанының Қазақстанға жер аударылған Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарына қолдану тәсілі, қуғындалу себептері Т.Омарбеков еңбектерінде жан-жақты талданып, көптеген мәліметтермен салыстырыла отырып, нақты дәлелдермен мәселенің шынайылығын көрсетеді [6]. Қазақстанға күштеп көшірілген халықтардың бірі корей халқы екені белгілі. Жер аударылғаннан кейінгі корейлердің Қазақстанның халық шарауашылығына атсалысуын және мәдени дамуын сипаттауға арналған Г.В. Кан, Г. Хан, Г.Н. Ким, Д. Мен сияқты ғалымдардың еңбектері бар [7]. Айтулы мәселеге байланысты Қазақстандағы тарихи демографиялық үрдістердің орны айрықша. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңінде халықтың демографиялық құрамы өзгерістерге ұшырап отырды. Соғыс жылдарында және одан кейінгі кезеңде халықтардың лек-легімен республикамызға күштеп қоныстандырылуы, олардың тууы мен өлімі, шектеулері алынғаннан кейінгі атамекеніне оралу кезіндегі тарихи-демографиялық дамуы, олардың сандық, жыныстық көрсеткіші жөнінде ғылыми талдаулар жасалды. Бұл мәселе М.Х. Асылбеков пен А.Б. Галиевтің, А.Н. Алексеенконың, М. Тәтімовтің, Л.Т. Қожекееваның, М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың бірлескен авторлықтағы зерттеулерінен көрініс тапты [8]. Тоталитарлық жүйенің тұсында арнайы жазалау орындары - еңбекпен түзеу колониялары үздіксіз жұмыс істеді. Түрлі себептермен тұтқындалғандар мен күштеп қоныс аударылған халықтардың отанын сатқандар ретінде лагерлерде, жазасын қалай өтегендігі туралы С.Д. Дильманов, Қ.С. Алдажұманов, Г. К. Бельгер, О. Дымов және т.б. еңбектерінде айтылады [ 9]. Қазақстанға жер аударылғандардың өмірі туралы деректер Т. Кульбаев, А. Хегайдың Депортация (Алматы, 2000) және А.Т. Орымбаевтың Депортация чеченского и ингушского народов в Казахстан в годы Великой Отечественной войны и их положение в послевоенные годы (Астана, 2006) атты еңбектерінен көрініс тапқан.
Зерттеліп отырған тақырыпқа тікелей қатысты күштеп қоныс аударылған халықтардың орналасқаннан кейінгі келген ортаға бейімделуі мен олардың келген жерлерінде жалпы еңбекке араласуы тарихын сипаттайтын кандидаттық диссертациялар бар. Батыс Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтардың орналасу барысы және олардың сол аймақтарда соғыстан кейінгі атқарған жұмыстары, мұнай саласында еңбекке араласуы Ж. Қыдыралинаның Депортированные народы в Казахстан (А., 1999) монографиясында айтылған. Соғыстан кейінгі жылдары жер аударылып келген немістердің Қазақстанның ауылшаруашылығын қалпына келтіру, олардың тың және тыңайған жерлерді игеруге қатынасуы А.Н. Фризеннің кандидаттық диссертациясында тыңғылықты зерттелген. Сол сияқты М.Ч. Калыбекованың кандидаттық диссертациясында жер аударылғандардың Қазақстанға келуі, соғыстан кейінгі саяси-құқықтық жағдайы зерттелген. Алайда онда соғыстан кейінгі кезеңде олардың елдің экономикасын дамытуға қосқан елеулі еңбегі туралы мәселе айтылмаған [11]. Күштеп жер аударылған халықтар еңбек саласында ауыр жұмыстарда жүріп, қиын кезеңдерді басынан өткізді. Ол кезең соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты деуге болады. Бірақ олардың салада істеген еңбектері мен атқарған жұмыстары көбіне жалпы түрде баяндалады. Жоғарыдағы шолудан олардың ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен транспорт саласында атқарған жұмыстары мен тұрмыстық жағдайлары мәселесін қарастырған еңбектер аз екен. 1946-1960 жж. арасында жер аударылғандар қандай жағдайда болды, қалай еңбек етті деген мәселені сол халықтардың өздерінің өкілдерінің естеліктерінен білуге болады. Бұл туралы Д.В. Шабаевтың, Т.А. Курдаевтың, Х.Х. Боковтің, Н. Нәдіровтің естеліктері мол мағлұмат береді [12]. Тағдыр тауқыметімен көп ұлт қоныстанған Қазақстанда олардың өзара және жергілікті халықпен қарым-қатынасының ерекше маңызы бар. Олардың қалай еңбек еткенін, қиын-қыстау кезеңдерінде қол ұшын берген қазақ халқына деген ризашылықтарын Ж. Балапановтың, Г.К. Бельгердің, В.А. Ауманның, Ш. Жарылғановтың кітаптары мен мақалаларынан көруге болады [13]. Мұрағат құжаттарының ашылуына байланысты жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі жағдайын, республика халық шаруашылығының әр саласында қалай еңбек еткенін көрсететін құжатты жинақтар жарық көрді. Сонымен бірге Ресейден шыққан Сборник законодательных и нормативных актов о реаблитации жертв политических репрессий (М., 1993) және 2 томнан тұратын История Российских немцев в документах (1763-1992 жж.) (М., 1993), История Российских немцев в документах (1965-1992 жж.) (М., 1994) атты жинақтарда да жер аударылған халықтарға қатысты құқықтық құжаттар жарияланды [14]. Зерттеліп отырған мәселе көптеген ғылыми конференцияларда, дөңгелек столдарда және семинарларда талқыланды. Олардың ішінде Әділет қоғамының Формирование общественного сознания: освоение идей демократического плюрализма и гражданского общества (новые аспекты) (А., 1998) және Депортация народов и преступление тоталитарного режима (А., 1996) жинақтарын айтуға болады [15]. Тақырыптың тарихнамасы жер аударылғандардың соғыстан кейінгі кезеңдегі тарихы, олардың Қазақстанның халық шаруашылығын дамытудағы үлесі әлі де арнайы зерттелгенін көрсетеді. Зерттеудің деректік негіздері. Жұмыстың деректік негізін өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай мұрағаттық құжаттар, баспасөз материалдары мен құқықтық актілері, түрік, шешен-ингуш, татар, азербайжан және тағы басқа да ұлттық-мәдени орталықтарының мұрағат қорларында сақталған деректер құрайды. Онда тоталитарлық жүйеде қабылданған актілер, анықтамалар мен бұйрықтар, Ішкі Істер Министрлігі (НКВД, МВД), және басқа да ресми мекемелердің арнаулы мұрағаттарының құжаттары да бар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР ПМ)-708 қорының (ҚКП Орталық комитеті), Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) 1137-қорының (Қазақ КСР Министрлер кеңесі), 1987-қорының, 1928-қордан (Қазақ республикасының банкінің ауылшаруашылығы құрылысына несие беру кеңесі), 1488-қорының (Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі) жер аударылғандарға үй құрылысына, тұрмысына қаражат бөлу, жәрдем ету туралы құжаттары мен деректері де жұмысқа арқау болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Алматы облысының Мемлекеттік мұрағатының (ҚР АОММ) - 685-қорындағы (Облыстық атқару комитет), 1881-қорындағы (Қоныс аударту бөлімі), Қазақстан Республикасының Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының мұрағатының бұрын айрықша құпия 16-қорындағы деректер де алынды.

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар
1825 жылғы көтеріліске дейін де бірқатар болашақ декабристер Қазақстанда қызмет бабымен болып, немесе жер аударылған еді. Мәселен, Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич жергілікті ресми мекемелерде қызмет істеді. Орынбордағы декабристердін жасырын ұйымға мүше болған прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньковтар көрнекті мемлекет қайраткері М.Сперанскийге Сібір қазақтарының Жарғысын дайындауға көмектесті.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақтар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, сонын ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды. 1826 -1828 жылдары Ертіс бекіністерінде П.Коновницин, М.Лаппа сияқты декабристер айдауда болды. Орынборда А.Горжанский, А.Жемчужников, А.Салтанов, И.Лушников, т.б. декабристер айдауда болды. Солтүстік Қазақстан қалаларына да декабристер жер ауып келді.Олар патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясаты салдарын, әкімшілік қыспағында отырған жоқ жітік, ауыр тұрмыста өмір сүру жағдайының қиындықтарын өз көздерімен көрді. М.И.Муравьев Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алды. Өз естеліктерінде ол Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім, -деп жазады.Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.Семенов болды. Мәскеу университетін бітірген, этикалық-саяси ғылымдар магистрі айдауда жүріп, Омбы облыстық басқарма шешімімен Өскеменде қызмет атқарды, кейіннен дәрігер болдып С.Семенов немістің атақты саяхатшы-ғалымдары Гумбольдт, Эрен-берг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазак елін, жерін аралады, тұрғылықты халықтың өмірімен танысты. Патша үкіметі қанша кудаласа да жасырын революциялық үйірме құрылды. Бұл құпия үйірмеге П.Величко. майор А.Кучевский. Х.Старков, Г.Карелин, т.б. мүше болды. Олар Польша азаттық козғалысынын белгілі өкілдерімен байланыс орнатты. 1827 жылы үйірменің кұпиясы ашылып, оның мүшелері Сібірге айдалды.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған, В.Вольховский Бұхарға ұйымдастырылған экспедидияларға катысты. Вольховскийдің сол кезде жасаған Кіші жүз руларының картасы әлі күнге манызды дерек болып саналады. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен тығыз байланысты. 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған бұл мұражай осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға арналған. Мұражайды әр түрлі экспонаттармен жабдыктау ісіне қатысушылардың бірі Бөкей ханы Жәңгір болды.
Мұндай мұражай Орал қаласында да ұйымдастырылды. Онда Г.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Декабристер ішінде қазақ халкы тарихымен айналыскан зерттеушілер де болды. И.Завалишиннің Мәскеуде 1867 жылы жарык көрген Батыс Сібірді сипаттау атты енбегінің бір бөлімі казақтарға арналды. Көптеген деректерге сүйеніп жазылған бұл еңбек әлі күнге дейін құндылығын жойған жок. А.Коровковтың Іле бекінісіне бару" деген очеркінде қазак жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтылған. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский Белинскийдің идеясын таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Омбыда каторгалык жұмыстың төрт жылдық мерзімі біткеннен кейін солдат болып Семейге ауыстырылды. Ф.М.Достоевскийдің Семейде болуы -- оның жергілікті тұрғындармен карым-катынасы кейінгі жазушылық қызметінде белгілі із қалдырды. Жазушының археологиялык ескерткіштер жинаумен айналысуы жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі еді. Семейде Достоевский Шокан Уәлихановпен кездесті. Омбыда басталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің тарихы
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Қазақстанға жер аударылған ұлттардың Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы жағдайы
Қазақстанға жер аударылған халықтарды орналастыру
ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы
Сталин билікке келгеннен бастап саясатта орын алған құғын сүрген саясаты
Корейлердің Қазақстанға жер аударылуы
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
XX ғасырдағы жат мекен немесе жаңа өлке
Пәндер