Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
"Болашақ" Колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
ұғымдарын қалыптастырудағы дидактикалық ойындар

Орындаған:
Тексерген:

Қарағанды 2020
ЖОСПАР

КІРІСПЕ.
1 ТАРАУ. Мектеп жасына дейінгі балалардың сан және мөлшер туралы
түсініктерін қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды қолданудың маңызының
теориялық негіздері

1.1 Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың
математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері

1.2 Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдіс-
тәсілдері
1.3 Дидактикалық ойындардың бала дамуына тигізетін әсері және олардың
шығармашылығын дамыту ерекшеліктері
1.4 Математика сабақтарындағы дидактикалық ойын барысындағы тәрбиеші
мен балалардың әрекеттері
II ТАРАУ. Мектеп жасына дейінгі балалардың сан және мөлшер туралы
түсініктерін қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды қолданудың маңызын
зерттеу
2.1 Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
2.2 Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың
шығармашылығын димытудың эксперименттік нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ел Президенті 2030 – жылға қарай
Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі
болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, Біздің жас мемлекетіміз өсіп
жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер
жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады, -
дейді [1].
Сонымен қатар Қазақстан республикасының 2022 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін
қалыптастыру деп атап өтіліп, ал осы білім беруді дамытудағы стратегиялық
басымлықтарды белгілеу мектепке дейінгі кезеңнен бастау керектігі ерекше
атап өтілген. Себебі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа дейінгі
білім беру-ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы)- баланың жасын және өзіне
тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму
ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі болып табылады [2].
Мектепке дейінгі білім – бұл бала тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Осыған
сәйкес балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен
бірге, оларды тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында
тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі жастағы
балаларды математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек
күттірмейтін іс.
Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық қызметте
пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға
қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп анықтайды.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты-
саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім мектепке
дейінгі мекемеден басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті
болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мектепке дейінгі
жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда
түрлі қырынан дамытатын ойындарға көп мән беріледі. Олар балалар үшін
қызықты көңіл – күйін жаулап алады. Ал мақсатқа қол жеткізу тапсырмаға
қызығушылыққа негізделген жауапты табу ойлаудың белсенділігінсіз мүмкін
емес. Дидактикалық ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді
өздігінен шығаруға үйренеді. Дамытушы ойындар жалпы ойлау қабілеттерін:
ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын, ойлау процесінің икемділігін,
жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой
белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың
бағдарлама материалының негізгі тақырытпары бойынша алған білімдерін
тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың ойын
үстіндегі қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және балалардың
зейінін, ойлауын дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп,
жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-әрекетінде жетекші роль
атқарады [3].
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды мектепке дейінгі мекемелерде
балалардың іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін
дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастырудың ерекше әдістерін ТМД елдерінің ғалымдары зерттеді. Олар
балалардың жалпы білімдік деңгейін арттыру, қарапайым математикалық
дайындығын жетілдіру және балалардың логикалық ойлауын дамыту мәселелерін
шешуді әртүрлі тұжырымдамалар негізінде жүзеге асырған. Мысалы, дамыта
отырып оқыту мәселелері Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов, И.С.Якиманская, Е.Н.Кабанова-Меллер еңбектерінде; жаңа ақпарат
технологиялары мен әдістемелік тұжырымдамалар С.С.Тасмұратов, В.В.Барсай,
Т.Ж.Байделдинов т.б. шығармаларында; қарапайым математиканы оқытуда мектеп
жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын қалыптастыру Ю.М.Колягин,
И.П.Волков, О.В.Алексеева, И.В.Титова, Л.П.Терентеева, В.Ф.Паламарчук,
О.Холодова, В.П.Добрица, М.Е.Есмұхан, Р.Досымхан, Н.Д.Щеткина,
Ғ.Ә.Баймадиева т.б. еңбектерінде қарапайым математикалық білім берудің жеке
тұлғаға бағытталған жаңа әдістемелері В.С.Аванесов, С.Н.Лысенкова,
В.Ф.Шаталов, А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, И.Б.Бекбоев т.б.
еңбектерінде зерттелген.
Математикадағы логикалық ойлаудың жекелеген аспектілері біздің
отандастарымыздың еңбектерінде айқындалған.
Әль Фараби өзінің Логикаға кіріспе бөлімдері деп аталатын трактатында
білім мен логикалық ойлай негіздерінің талдауына тоқталады.
Ахмед ибн Махмуд Йүгінекидің кітабы Ақиқат сыйы (ХІІІғ.) – логикалық
ойлауды дамытуды әңгіме етіп, ақыл-кеңестер беретін дидактикалық дәстүрде
жазылған шығарма. Бақыт жолы білім арқылы білінеді, - деп жазды ол.
Жүсіп Баласағұни белгілі Құтты білік поэмасында білім алуға шақырды.
Ол адамның шексіз танымдық, логикалық ойлау мүмкіндіктерінің бар екені
жөнінде айтты.
Ұлы ақын, философ, педагог Абай Құнанбайұлы балалардың логикалық
ойлауын дамыту мен адамгершілік тәрбиесін бір-бірінен ажыратпаған.
Америкалық оқымысты Д.Пойяның айтуынша, Математиканы оқытудың басты
міндеті- балаларды ойлауға үйрету.
Қарастырылып отырған мәселеленің өзіндік ерекшелігі- оның білім беру
мәселесіне логикалық тұрғыдан келуі, қарапайым математиканы, дидактикалық
ойындарды, логикалық ойлауды дамытудың алғы шарты, ал қалыптастырылған
логикалық ойлау деңгейін оқыту және тәрбиелеу қорытындысы ретінде қарастыру
болып табылады [4].
Математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды
сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй-тапсырмасына
балаларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды жиі қолданса, онда
балалардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып, ерік-жігерін
дамыту мақсатын көздейді.
Дидактикалық ойындарды математикалық сабақтарда қолдану мектепке
дейінгі жастағы балалардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.
Сондықтан да, мектепке дейінгі ұйымдарда сабақ үстінде дидактикалық ойынды
көп қолдану керек. Оларға пайдаланатын дидактикалық ойындар балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни, кіші топтарда ойналатын
дидактикалық ойынның мазмұны жеңіл болады, ал тобы жоғарлаған сайын ойынның
мазмұны күшейеді.
Олай болса, ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математика
сабақтарында қолдана отырып, балалаларды саналы ойлантуға үйретеміз.
Нәтижесінде, балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:

дидактикалық ойындарды мектеп жасына дейінгі балалардың
математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;

математика сабақтарындағы дидактикалық ойындарды қолданудың әдіс-
тәсілдерін айқындау;

• дидактикалық ойындардың бала дамуына тигізетін әсерін ашу;
• дидактикалық ойындардың балалардың шығармашылығын дамытудағы ролін
рөлін ашып көрсету;
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойындарды
қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық
түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру сабақтары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер мектепке дейінгі жастағы балалардың
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру үшін дидактикалық
ойындарды қолданылса, онда талдау мен әрекеттің логикасына, ойлау
процесінің икемділігіне, жаттығуына және тапқырлығына, қиял ұшқырлығына қол
жеткізуге болады.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сан және мөлшер туралы түсініктерін
қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды қолданудың маңызын зерттеу
1.1 Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың
математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері

Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық дайындығы,
қарапайым математикалық түсініктерді ұғуымен, олардың ойында сандық,
кеңістіктік және мезгілдік ұғымдардың қалыптасуымен, ғана шектелмейді,
сонымен қатар оқуға деген қажеттілік пен бейімділікке сүйене отырып, ой-
өрісін арттыратын іс-әрекеттер мен жұмыс жүйелерін игеру дағдыларын
дамытуды қамтиды. Баланың бойына мектепке, жалпы білімге және соның ішінде
математикаға деген қызығушылықты тудырудың маңызы өте зор.
Есеюге ұмтылыс ешбір жағдайда бала өмірінен ойынды шығарып тастауға
негіз бола алмайды. Ойын балалардың ынтасын арттырып, жақсы көңіл-күй
тудырады, ой-өрісін дамытуға себепші болады. Ойын арқылы жад, ой, зейін
қасиеттері дамып, оқуда алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге жағдай
жасалынады [5].
Математикаға деген қызығушылығын тәрбиелеп, жүйкеге күш туспеуіне
көмектеседі. Сондықтан да "Байқампаздар әлеміне саяхат" кітабының өн
бойында нақ осы ойын желісі түгелдей орын алған. Бала йын арқылы ертегі
кейіпкерлерімен саяхатқа аттанып, солардың көмегімен түрі жағынан ойынға
жақын, алшын мәнісінде маңызды да жаңаша математикалық мазмұнымен
толықтырылған тапсырмаларды орындайды. Тәрбие – баланың дүниеге келген
сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі
тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған
ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-
қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру,
көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың
көзқарастарын мінез құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын
негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды
құралы. Ойын баларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның
ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-
өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың
адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек
адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік
сезімін тәрбилеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты
көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті- баланың
қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын
нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар- балалар үшін өзіне тән
жүру барысы, мақсаты бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін
тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі,
оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан
көптеген педогогтар ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы
айтады. Я.Коменский өзінің Ұлы дидактикасында Баланың бойында білімге
деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи
болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері оянуы үшін оны
ақылдылықпен жандандырып, балаға жағымды еткізіп жеткізе білуі керек.
Түсіндірілер сабақ қандай маңызды болса да, әңгімелесу, сайыс, жұмбақ
жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілгені жөн деп жазды. Бұл
арада К.Ушинскидің Ойын баласын - ойын үстінде үйрет дегенін айта кеткен
де орынды.
Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, залда, учаскеде, орманда, далада
тағы басқа жерлерде өткізіледі. Сол сияқты балалардың неғұрлым ауқымды
қимыл белсенділігі, алуан түрлі әсер алуы, тікелей әсерленуі және бір-
бірімен араласуды қамтамасыз етеді. Баланы айналамен, табиғатпен таныстыру
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, тіл дамыту, сабақтарында
ақыл-ой әрекетінің белгілі бір тәсілдеріне үйрету, білімді жүйелеу,
нақтылау кеңінен пайдаланылады. Ойынды таңдау және оны өткізу тәрбиешінің
үлесіне тиеді.
Игерілетін материалына лайықталған ойынды алып, тек қана баланың
орындай алатын іс-әрекеттерінмен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды
ұйымдастыруды және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы
керек.
Халық ойындарын математика сабақтарында пайдалану баланың алған білімін
күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық
ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар.
Мысалы, балалардың ой-өрісін дамытатын Санамақ ойыны. Оның басты
ерекшелігі балалардың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау
арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.
Балалардың ой белсенділігін саналы ойлана білуін дамыту-жетілдіру –
тәрбиешінің негізгі міндеті.
Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен
шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.
Ойын тиімді тәсіл. Ойын балалардың пәнге қызығушылығын, ынтасын
арттыруға әсер мол болады.
Материалға лайықталған ойынды алып, тек қана балалардың орындай алатын
іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз.
Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-
жақты ойластырылуы керек.
Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін
көрсету үшін сигналды карточкаларды т.б. шартты белгілекді, кеспе цифрлар
мен таңбаларды, жұлдызшаларды пайдалану керек. Сонымен бірге ойын
түрлеріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай
өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн. Оның өзі сабақтың мазмұнын байыта
түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі [12].
Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке бастың аса маңызды көрсеткіші –
жоғары дәрежедегі ойлау қабілетінің болуы. Егер оқыту шығармашылық
қабілеттерді дамытуға алып келетін болса, тек оқыту процесін активтендіру
туралы, оның тиімділігі туралы (мектепке дейінгі материалдардың меңгеруі
және олардың жалпы дамуы мағынасында) айтуға болады.
Дамыта, яғни жалпы және арнайы дамуға алып келетін оқыту деп мынадай
оқытуды айтады: бұл оқыту жағдайында тәрбиеші, ойлауды дамыту
заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы педагогикалық құралдар арқылы
балалардың ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде ойлау қабілеттері мен
танымдық қажеттерін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмыс жүргізеді. Осындай
оқыту, біздің ойымызша, проблемалық немесе проблемалық-дамытушы оқыту болып
табылады.
Математикада дидактикалық ойын арқылы оқыту жағдайындағы тәрбиешінің
қызметі мынадан тұрады: ол қажетті жағдайда неғұрлым күрделі ұғымдардың
мазмұнын түсіндіре отырып, ұдайы проблемалық ситуациялар жасайды, балаларға
фактілерді хабарлап, олардың оқу-танымдық қызметін фактілерді талдау
негізінде балалар өздіктерінен қорытындылар мен жинақтаулар жасайтындай,
сандарды, ұғымдарды, ережелерді, пішіндерді заңдарды тұжырымдайтын немесе
белгілі білімдерді жаңа ситуацияға өздігінен қолданатындай (ойлап табады,
жоспарлайды, әдемілеп жасайды), ал ақырында шындық болмысты көркем
бейнелейтіндей (өлеңдер, шығармалар жазады, сурет салады, ойнайды) етіп
ұйымдастырады.
Математикалық білімдерді арттыру – зерттеу әдісіне қарағанда анағұрлым
кең ұғым: ол баланың репродуктивтік немесе ізденіс әрекетін ғана қамтып
қоймайды, сонымен бірге бүкіл диапазонын – орындаушылық қызметтен
шығармашылық қызметке дейін тұтас қамтиды, оның үстіне зерттеу әдісі
проблемалылық принциптерін жүзеге асыру жолдарының бірі ғана.
Дидактикалық ойындар арқылы математикалық білімді артырудың құралы
ретіде математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына балаларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды
сабақтың ортасында қолданса, онда балалардың көңіл-күйлерін сергіту,
шаршағанды ұмыттырып. ерік-жігерін дамыту мақсатын көздейді.
Ойып сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған
білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойын балалардың оқуға деген
ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да мектепке дейінгі балабақша
балалары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни алты
жасарлармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал жастары ұлғайған
сайын бұл ойынның мазмұны күшейеді.
Мысалы: балабақшада қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, жастары
жоғарылаған сайын, ойынның мазмұнын да баланың жас ерекшелігіне сай
пайдаланған дұрыс [14].
Ойынның нәтижесінде: ойлау, ұйымдастырушылық, тапқырлық, белсенділік
және шыдамдылық қасиеттері қалыптасады:
Олай болса, ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математика
сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлантуға үйретеміз.
Әрбір баланың ойын түрінде көрінетін шығармашылық бастамасын, ойнағысы
келген ойының өздігінен жүзеге асыра білуін, ойын кезіндегі өз қимылдарын
бір-бірімен байланыстырып, ойынның мазмұны мен ережелеріне сәйкес ойнаған
кезде өзін- өзі ұстай білуін қадағалау қажет.
Тәрбиеші ойынның түріне қарай, балалардың әрбір тобынан бірнеше шағын топ
құрады.
Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау
сезімі, басқалардың талап-тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға
көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға
үйренеді. Олар өз араларында туған таласты әділ шешуге үйренулері керек.
Тәрбиеші оларды сырттай бақылап, керек кезінде балалардың бір-біріне
шыншылда әділетті болуы жөнінде түсіндіріп, олардың арасында достық
ынтымақты қалыптастырады. Балаларды ойыншықтар мен ойын құралдарына ұқыпты
қарау сезімін тәрбиеші үнемі қадағалап, жетілдіріп отыруы қажет.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып тәрбиеші балаларды ойнауға,
яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді.
Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-танымдық
құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі
мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп
қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекеттердің бір формасы
болып табылады. Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен жаңа білімді
меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына
және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті
мен іс-әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойынды қалыптасқан ережелерге
бағынуға тиіс болады.
Ересек балалар өмірінде ережелі ойындар үлкен орын алады, себебі олар
балалардың ептілігін, тапқырлығын және т.б. шыңдайды. Балаларды тек ойын
барысы ғана емес, оның нәтижесі де қызықтыра бастайды. Бұл ойынның сюжетті-
рөлдік ойындарда айырмашылығы – ойын ережесі болады және ойнаушылар оған
қатал бағынып отыруы керек.
Ережелі ойындар алғашқыда бала білетін бір образға байланысып, еліктеу
сияқты өтеді. Мысалы: Құстар мен балапандар, Күн мен жаңбыр және тағы
басқа ойындар бір-екі еліктеу қимылдарынан тұрады. Тәрбиеші өз маңына бір
топ балаларды жинап алып: Сендер менің кішкене балаларымсыңдар,
қанаттарыңды жайыңдар, енді бәріміз құс болып ұшып барамыз, ұшып барамыз,
міне былай. Құстар шаршады, қонақтап демалды.

1.2 Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдіс-
тәсілдері.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда педагог оқытудың
сан алуан әдіс-тәсілдерін қолданады. Яғни практикалық, көрнекілік, сөздік
және ойын әдісті таңдауда түрлі факторлар әсер етеді. Сол кезеңде шешілетін
бағдарлама міндеттері балалардың жас және жеке ерекшеліктері дидактиканың
құралдарының болуы т.б.
Оқытудың әдістері мыналар: практикалық; ойын; сөздік; көрнекілік.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда жетекші әдіс
практикалық әдіс болып табылады.
Практикалық әдіс:
• Ақыл-ой әрекетіне негіз болатын түрлі практикалық әрекеттерді
орындау;
• Дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану;
• Дидактикалық материалдар мен практикалық әрекеттің нәтижесі
ретінде түсініктерінің пайда болуы;
• Қарапайым формада сана, бөлшектеу, өлшеу дағдыларын
қалыптастыру;
• Қалыптасқан түсініктер мен меңгерілген әрекеттерді әрекеттің әр
түрінде, тұрмыста, ойында, еңбекте кеңінен қолдану. Осы әдіс
арқылы тапсырма түрінде көрнекілік материалдармен әрекет ету,
берілетін арнайы жаттығуларды ұйымдастыруды көздейді. Жаттығулар
ұжымдық және жеке болып бөлінеді. Олардың мынандай түрлері бар:
1. Ойын элементтері бар жаттығулар.
2. Біріккен жаттығулар. Мұнда бағдарламаның әр бөлігінің міндеттері
бірге шешіледі. Мысалы, сан, бөлім, кеңістік және т.б.
3. Бір текті жаттығулар. Бұлар бір мақсатты көздейді және бір мазмұнда
өтеді. Мысалы, санау, өлшеу және т.б.
4. Репродуктивті жаттығулар. Әрекеттің тәсілдерін қайта жаңғыртуға
негізделген.
5. Продуктивті жаттығулар. Мұнда балалар міндетті жартылай немесе
толықтай өздері ашуға бағытталған.
Ойын әдісі - қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойын
өз бетінше дербес оқыту әдісі болып жүзеге асады. Бірақ оны практикалық
әдіс тобына кіргізуге болады. Себебі мұнда түрлі практикалық әрекеттермен
әрекет ету көзделген. Мысалы, бөлшектен бүтін жасау, санау, беттестіру,
топтау, жалпылау, салыстыру. Ойынның жекелеген элементтері, ойын тәсілдері
сабақ барысында қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда ерекшелігінің бірі
балалардың белсенділігі маңызды болып табылады. Мектеп жасына дейінгі
кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше екендігі белгілі. Баланың
ойынға деген қажеттілігі мектепте оқып жүрген алғашқы жылдарда да сақталып
қалады, әрі үлкен орын алады [19].
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі
ойын материалдарымен ұйымдастырылады. Бұл топқа жататын дидактикалық
ойындар балалар үшін өте қызықты, тартымды болып табылады. Бұл көрнекілік
принціпіне негізделеді және затты тікелей қабылдаумен байланысты. Сол
себепті балаланың ойын үстінде ұмтылып ізденуі, сол затпен қарым-қатынасы
арқылы, ойын арқылы жан-жақты танысып, оны терең білуіне мүмкіндік береді.
Мұндай ойындар дидактикалық ойыншықтар арқылы ұйымдастырылады, сондай-ақ
баланың жақсы көретін ойыншықтары мен заттары арқылы да сәбилік кезеңнен
бастап-ақ ұйымдастыра беруге болады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - Лото, Домино және
тағы басқа. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар көрнекілік
принципіне негізделген, бірақ бұл ойында балаға сол заттың өзі емес, оның
бейнесі, суреті беріледі. Бұл ойынның мазмұны да әр алуан: кейде Лото,
кейде сурет түріндегі қатарласып келген екі заттың айырмашылығы, сапасы,
қасиеті, үлкен-кішілігі т.б. (жеміс-жидек, ыдыс-аяқ, хайуанаттар) болады.
Мұндай ойындардың кейде мазмұны күрделі болып келеді: Жыл мезгілі
лотосында табиғаттың мерзімдік ерекшелігін ажырату, сол жөнінде баланың
білімін айқындау.
3. Сөздік дидактикалық ойындар. Сөз ойындары жоғарыда айтылғандардың
бәрінен қиын және күрделі. Өйткені бұл затты тікелей қабылдайтын зат немесе
бейнесін көрсететін сурет емес. Сөз арқылы айтылады да, образды түрде
бейнемен елестетеді. Дидакткиалық ойынның бұл түрі көбіне тек ересек топ
балалар тобында және мектепке даярлайтын топтарда өткізіледі. Балалардан
өте сезімталдық пен тез аңғаруды талап етеді, қойылған сұраққа қолма қол
тез жауап беруді, өзінің ойын дәл де айқын құрастыру және пікірін орынды да
оралымды жеткізуін керек етеді. Бала ойын үстінде өзінің білімін жүзеге
асырады. Сөз ойындарының көбірек дамыған түрлері сандық жұмбақ түріндегі
сұрақтарға жауап алу болып табылады.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтсді,
баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызмстін қалыптастырады, әрі
адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның
ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті кажет етеді. Сонымен қатар
дидактикалық ойлау кабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын
молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады,
белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындарлың тиімділігі - сабақтың әр кезіндегі орны мен
міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын
тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті
материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға
байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде
қолданған пайдалы. Дидактикалық ойынның ырғағын сақтау тәрбиешінің
шеберлігін танытады. Ойын тым тез қарқынмен жүргізілсе, оған көпшілік
балалардың ойы ілесе алмай, басқалардың сөз бен ісін түсінбей
қайталайтынын, ал ойын жай, сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта, ықыластың
күрт кеміп кететінін көрсетті.
Әр тәрбиеші белгілі бір тақырыпты әр түрлі әдіс, тәсілдермен өтеді.
Мұғалімнің өзіндік методикалық икемі, ғылым негізінен алған білімі.
шеберлігі әлгі әдістерді дұрыс таңдап алып. ұтымды қолданғанынан танылады.
Адам ата-анадан туғанда есті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Пәндер