Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 34-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Лого ЮКГУ новый

Берикқызы Гүлайым

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент, 2020ж.

Ф. 7. 34-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент Ермекбаев М. Ә.

(ғыл. дәрежесі, атағы АЖТ)

«___ _ »20__ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны

5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Берикқызы Г.

Ғылыми жетекшісі п. ғ. к. : Жетпісбаева Г. О.

Норма бақылаушы: Умирзакова Г.

(қолы, күні)

Шымкент, 2020ж.

Ф. 7. 34-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих және педагогика факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Мамандығы: 5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

(мамандықтың аталуы мен шифрі)

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі:

«МДжБОТмӘ»

(кафедраның атауы)

Ермекбаев М. Ә.

(каф. меңг. А. Т. Ә)

« » 201_ ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА №

Студент:___ Берикқызы Гүлайым тобы:__ ТП-16-10к1__

(аты-жөні, тобы)

Жұмыстың тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны

Университет бойынша № бұйрығымен бекітілген

Жұмысты аяқтау мерзімі

Жұмысты орындауға берілген мәліметтер: Жұмыстың педагогикалық негіздемесі. Теориялық бөлім. Әдістемелік бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибеде байқау, сынау нәтижелері. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімін жүйелеу.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

р/с

Бөлімдері
Беттің саны

Орындалған мерзімі

тапсырма

№р/с: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Беттің саны: 2-3
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с: 2
Бөлімдері: Теориялық бөлім
Беттің саны: 13-15
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с: 3
Бөлімдері: Әдістемелік бөлім
Беттің саны: 18-20
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с: 4
Бөлімдері: Педагогикалық іс-тәжірибеде байқау, сынау нәтижелері
Беттің саны: 9-10
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с:
Бөлімдері: Қорытынды
Беттің саны: 1, 5-2
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с:
Бөлімдері: Пайдаланған әдебиеттер тізімін жүйелеу
Беттің саны: 1, 5-2
Орындалған мерзімітапсырма:
№р/с:
Бөлімдері: Барлығы
Беттің саны: 30-35
Орындалған мерзімітапсырма:

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

  1. Оспанов Т. Қ., Құрманалина Ш. Х., Құрманалина С. Х. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана-2003ж
  2. А. Е. Әбілқасымова Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Алматы- 2005ж
  3. Қияқбаева Ұ. Қазақ бастауыш мектептерінде білім беру мазмұнының қалыптасуы және дамуы: п. ғ. к. дис. . -Алматы, 2004ж.
  4. Рахымбек Д., Бейсеков Ж., Шарипов Т. Математиканы оқыту әдістемесі. Шымкент-2006ж

Тапсырманың берілген күні «__» 20__ж.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі Жетпісбаева Г. О.

(қолы, аты-жөні)

Тапсырманы орындауға алған студент Берикқызы Гүлайым

(қолы, аты-жөні)

Мазмұны

Диплом жұмысы

Берикқызы Гүлайым ТП-16-10к1

Факультет Истории и педагогики

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны

Мазмұны

Кіріспе

1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың ерекшеліктері

1. 1 Бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекетінде пайдаланылатын дидактикалық ойын түрлері

1. 2 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру

2 Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушыларының оқу іс-әрекетін дамыту

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін дамытуда дидактикалық ойындардың алатын орны

2. 2 Дидактикалық ойын - оқушы білімін берік меңгерту құралы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Уақыт талабы білім жүйесінде болашақ азаматтарды тәрбиелеу үрдісіне жаңаша бағыт, соңғы серпілістер мен шығармашылық негіздегі педагогикалық ізденістерді қажет етеді. Адам факторы алға шығарылып, қатаң бәсекелестік заманында өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен байланысты қаралатындықтан, баланың жеке басы ерекшеліктерін ескеру ұстанымы және оқытуды жеке тұлғаны дамыту тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие. Оқушыға қатысты бұл мәселенің дұрыс шешілуі педагогиканың және психологияның өзекті бір саласы оқу іс-әрекетінің қаншалықты деңгейде іске асуымен бірлікте қаралады. Әр мектептің оқу іс-әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Елдегі жағдаймен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жөніндегі Қазақстан халқына жолдауында» [1] «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік -экономикалық жаңару мен саяси демократияландыру кезеңінде қадам басқалы тұр . . . білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» -деген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2] көрсетілгендей, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі - әрбір адамның зияткерлік дамуын, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның барлық деңгейдегі білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету және жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту болып табылады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ой-өрісін байыту, оларда адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыра отырып, дара ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасау.

Оқу іс-әрекетін қалыптастырудағы негізгі мақсат - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігіне жол ашып, шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Зерттеудің жаңалығы:

  • «Оқу іс - әрекеті» ұғымына сипаттама жасалды;
  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда олардың білімді қабылдай алу мүмкіндіктерін ескеру қажеттігі айқындалды;
  • Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді құралы ретінде математикалық есеп шығарудың тиімділігі анықталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда олардың жас ерекшеліктерін және білімді қабылдай алу мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді құралы ретінде математикалық есеп шығарудың тиімділігі тұрғысынан жасалынған әдістемелік ұсыныстарды бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттер әдістемелік тұрғыдан пайдалана алады.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекеті денгейлері мен оларды ұйымдастыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды.

  • Бастауыш мектепте математиканы оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздеу;
  • «Оқу іс- әрекеті» ұғымының қалыптасуы, педагогикалық-психологиялық теориялар тұрғысынан сипаттау;
  • Бастауыш мектепте математиканы оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекеті денгейлері мен оларды ұйымдастыру тиімділігін негіздеу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісі.

1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындардың ерекшеліктері

1. 1 Бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекетінде пайдаланылатын дидактикалық ойын түрлері

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі - ойын.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.

С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат) ;

Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») ;

Әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») .

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады. .

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір мұғалім ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым - қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Ойын ұғымына анықтама берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындардың орны ерекше.

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама - топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық фазасы)

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдыққабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қоюалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.

Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.

Интерактивті әдістер - қарым-қатынас пен біріккен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдеріне меңзейді, белсенді диалог негізінде құрылады. Қатысушылар бірігіп жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа түседі; өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді анықтап, өзін-өзі бақылай, бағалай білуге машықтанады. Олардың қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген мынадай әдістерді атап өтуге болады: «ми шабуылы», «дөңгелек стол» рольдік және іскерлік ойындар, медитация, дискуссия, тренингтік жаттығулар және т. б. Білімгерлерді кең ойлауға, шабыттандыруға негізделген тренингтік жаттығулар жеке тұлға белсенділігін және топтық даму деңгейін көтеруге бағыталған әлеуметтік - психологиялық оқыту және білімгерлерді тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауда мүмкіндік беретін оқыту әдістерінің ең тиімдісі ретінде сабақтарда кеңінен қолданылып жүр.

Мәселен рольдік ойын элементтерін пайдалана отырып, Абайдың он жетінші қара сөзін талдағанымызда білімгерлер «қайрат», «ақыл», «жүрек» рольдеріне ене отырып, пікірталасқа түсіп, ғылымға жүгінеді. Мұнда әрбір «роль» өзінің дұрыстығын, ақиқаттығын, адамзат үшін қажеттілігін, адалдығын дәлелдеп өзін жақсы тұстан көрсеткілері келеді. Сонда ғылым жүректің әрі билеуші, әрі әмірші екендігін айғақтап, үшеуінің де бір кісіде табылса, одан асқан бақыттың жоқ екендігін айтады. Мұндай талқылаулар білім құндылығы туралы түсінікті тереңдетіп, дамытады.

Сабақтарда осы сияқты пікірталастар қызықты да тартысты өтіп жүр. Оның бірден-бір себебі: оқытушы - білімгер, білімгер - білімгер арасында жағымды қарым-қатынастың орнауы. Жағымды қарым-қатынас - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамытуда ерекшеленіп, эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағыталған ұстанымға көшуде көрініс береді. Ол қатысушылардың өзара түсіністігін тереңдетіп, бірінің жан дүниесін бірі ұғынуға, жағдай жасайды.

Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады. Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда, біздің байқағанымыз, жағымды қарым-қатынас орната білетін білімгерлердің психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі міндеттердің бірі - қарым-қатынасты реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу.

Келесі кезекте психодрама жеке тұлғаның «өмір театрындағы» шығармашылық «Менін» дамытуға негізделіп ұйымдастырылды. Қатысушыларға тек өз ролін ғана емес, басқа да адамдардың роліне еніп шығармашылық тапқырлығын көрсете алатындығы, ойын адам өмірінің ажырамас бөлігі, оның әдеттен озбағаны, шектен шықпағаны абзал екендігі ескертілді.

Топты екі жұпқа бөле отырып «Менің құрбым», «Жетім бала» атты психодраманы рольдер арқылы көрсетуді ұсындық. Мұнда ойыншылар ішкі және сыртқы дамуға, тіл табысуға кері әсер беретін мәселелерге көңіл аударып, баса көрсетті.

Білімгерлерге психогимнастика, соның ішінде вербальді емес қарым-қатынасқа негізделген ойын жаттығуларын орындамас бұрын, бір-бірімізбен сөйлемей-ақ ұғыну арқылы тіл табысуға болатындығы, егер бізге мұндай ұғыну табылса онда тілдік қатынасқа түсу де жеңіл, әрі еркін сипат алатындығы түсіндірілді. Осы орайда ұйымдастырылған «арқамен - арқаға», «отырып және тұрып», «көзбен ұғыну» жаттығулары жағымды эмоциялық күй тудырып, ойыншыларды серігітті. Бұл жаттығулар «өзін-өзі тану»пәнінің үш «алыбы»: «қайырымды сөздер», «көзбен-көзге», «жанасу» бойынша құрылды.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге қатысты оқытудың әдістері төмендегідей болмақшы: проблемалық-іскерлік ойын; рефлексивті-рольдік ойын; педагогикалық шеберханалар; панорамалық сабақ; лекция; семинар; практикалық сабақтар; педагогикалық оқулар; педагогикалық ринг; педагогикалық идеялар, аукцион; сынақ мерзімін өткізу; бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру; ашық сабақтарға кіру, талдау; педагогикалық тренинг.

2. Дидактикалық ойын Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан - ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым - қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет - сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарындылықты дамыту
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары
Интеллект ойлау қабілеті ретінде. Интеллекттің патологиясы
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бала тәрбиесіндегі ойын рөлі
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz