Инфекциялық ауру туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Биологиялық қару туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Эпидемия дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1. Инфекциялық ауру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Карантин және обсервация ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3. Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. ЭПИЗООТИЯ, ЭПИФИТОТИЯ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ
Төтенше жағдай -- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьндарға үшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз -- табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала -- бүл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүндылықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар, хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.
Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.
Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.
Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.

1. БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯ
1.1. Биологиялық қару туралы түсінік
Биологиялық қару - бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.
Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.
Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.
Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды - адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.
Патогенді микроағзаға - жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.
Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:
Бактерия - бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;
Риккетсиялар - бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.
Вирустар - қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.
Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.
Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.
Биологиялық қауіп - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы - гигиеналық және санитарлы - эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру - техникалық талаптардың орындалуы, сондай - ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы - гигиеналық, санитарлы - эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс - шаралардың жүргізілуі.
Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
Инфекциялық аурудың қоздырғышы - адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі - табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
1.2. Эпидемия дегеніміз не?
Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру - сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.
Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік - гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:
* су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
* ауа - тамшылы (тұмау кезінде);
* трансмиссивті - безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
Эпидемия - адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.

2. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР
2.1. Инфекциялық ауру туралы түсінік
ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай - ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық - гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық - түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай - маққа кең жайылып кетуі мүмкін.
Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік - санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу - алдын алу мекемелерінің және санитарлық - экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди - циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат - құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір - бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық - эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай - да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары - бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.
Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай - ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б
Соңдай - ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.
Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.
2.2. Карантин және обсервация
Карантин - зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс - шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.
Обсервация - оқшаулау - шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым - қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс - шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай - ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі
Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық - эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу - алдын алу шаралары обсервация кезінде мыналарды қарастырады:
* сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;
* оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;
* зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;
* денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;
* күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша - санитарлық өндеу жасау.
Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:
* халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында халықтың карантинге алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;
* карантин ауданын азық - түлік тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;
* апат болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген, шаруашылықпен айналысудың барлық қажетті объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқы - лы жабдықтау
2.3. Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі
Қоздырғыш
Орташа инкубацнялық кезең (тәулік)
Аурудың айналасындарға қауіпті
Обсервация мерзімі (тәулік)
Карантин мерзімі мен енгізу шарты
оба
1-3
өте қауіпті
-
6 тәулік
тырысқақ
1-3
өте кауіпті
-
6 тәулік
сібір жарасы
1-3
аз қауіпті
8
жаппай ауруға шалдыққанда және карым-қатынастық таралу кезінде 8 тәулікке белгіленуі мүмкін
бөртпе сүзек
10-14
педикулез болған жағдайда қауіпті
23
жаппай ауруға шалдыққанда және педикулез болған жағдайда 23 тәулікке белгіленуі мүмкін
табиғи шешек
13-14
өте қауіпті
-
17 тәулік
Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды. Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық - түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым - қатынасын шектеу қажет.

3. ЭПИЗООТИЯ, ЭПИФИТОТИЯ
Эпизоотия - белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу денгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы.
Панзоотия - бірнеше ел және материкті, бүтін бір аймақты қамтитын үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының арасында инфекциялық аурудың бір мезгілде жаппай таралуы.
Энзоотия - белгілі бір аймақтағы, шаруашылықта немесе пунктте малдарының арасындағы инфекциялық аурудың бір мезгілде таралуы, аталған аурудың жаппай таралуын шектейтін табиғи және шаруашылық-экономикалық жағдай.
Эпизоотиялық ошақ - ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарының шыққан орны. Қоздырғыштардың берілуін болдырмау үшін аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.
Эпизоотиялық жагдай - белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір аймақта ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының көп таралу жағдайы.
Эпизоотиялыққа қарсы іс-шаралар - патогеңді микроағзалармен зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының алдын алуға, табуға және жоюға бағытталған іс - шаралар жиынтығы.
Эпифитотия. Эпифитотия - ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.
Энфитотия - белгілі аймақта көрініс табатын және бірнеше жыл болмашы өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.
Панфитотия - бірнеше ел немесе құрлық территориясындағы ауылшаруашылық өсімдіктерді зиянкестерінің күрт өсүі және өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.
Өсімдіктердің зақымдауы - фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен бастап аурудың пайда болуы.
Өсімдік карантині - әрбір елдің тиісті органдарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың инфекциялық ларингиті
Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы
Індеттік процесс және қозғаушы күштер
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы
Инфекция түсінігі
Жылқының инфекциалық анемиясы
Микробтың паразитизмнің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің шығу тегі
Жануарлардың бруцеллезі
Ауру туғызатын микробтар сипаттамасы
Пәндер