Суспензиялардың жіктелуі


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Суспензиялық дәрілік нысандар. Суспензиялар дайындаудың дисперсиялық әдісі.
Жоспары:
- Кіріспе
Суспензиялар
Артықшылықтары мен кемшіліктері
- Негізгі бөлім
Суспензияның түзілу жағдайлары
Суспензияға қойылатын талаптар
Суспензиялар дайындаудың дисперсиялық әдісі
Суспензиялардың жіктелуі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогеторегенді сұйық дәрілік түр.
Артықшылықтары: суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтілігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді.
Кемшіліктері: Технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды босату мүмкіндігі жоқ.
Суспензияның түзілу жағдайлары:
-дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде (күкірт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т. б. - суспензия физикалық әдіспен дайындалады) ;
- егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор қышқылының мөлшері 5%-дан, натрий гидрокарбонатының мөлшері 8%-дан артық концентрацияда жазылса (суспензиялар физика-химиялық әдіспен дайындалады) ;
- еріткішті алмастырғанда суспензияның түзілуі. Мысалы, егер сулы ерітіндіге спиртті ерітінді (галенді және жаңа галенді препараттар) қосылса, дәрілік заттың ерігіштік қабілеті төмендеп, ол тұнбаға түседі (физика-химиялық әдіс) . Сондықтан микстураларды суспензиялардың жеке бір тобы деп санауға болады;
- жеке еритін дәрілік заттарды бір дисперстік ортада еріткен кезде, олар әрекеттесіп ерімейтін қоспа түзіледі (химиялық әдіс) .
Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердің өлшемдері 50-100 мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрілік заттың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді.
Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулік сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектері дисперстік ортада біртекті таралуын ресуспендирлену деп атайды.
ҚР ДСМ 19. 11. 2009ж. №747 "Дәрілік препараттарды және медициналық мақсатта қолданылатын құралдарды дайындау ережелері туралы" бұйрығына сәйкес суспензиялар дисперстік фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстік ортаның табиғатына (сулы, спиртті-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады. Дисперстік фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдіспен дайындалады.
Суспензияларды түссіз құтыда босатады. Ескерту: «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендіріледі.
Суспензиялар 2 әдіспен дайындалады: дисперсиялық, конденсациялық.
Дисперсиялық тәсілдің мәні механикалық диспергирлеу, ерімейтін ірі заттарды сұйық ортада майдалау процессі.
Технологиясы келесі сатылардан тұрады: дисперстік фазаны майдалау (дәрілік зат), дисперстік ортаға енгізу (еріткішпен араластыру), тығындау және безендіру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргізілмейді.
I-ші сатысы. Майдалау.
Дисперсиялық тәсілде пульпа алу қажет. Ол үшін дәрілік затты судың аз мөлшерімен ысқылайды. Ысқылау кезінде дәрілік заттың бетінде микрожарықтар түзіледі, микрожарықтарға су кіреді де ажыратқыш әсер көрсетеді, бөлшектер майдаланады. Академик Б. В. Дерягин, сұйық ортада 1 г қатты затқа 0, 4-0, 6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектісі байқалатындығын дәлелдеді. Осы қатынас Дерягин ережесі деп аталады.
Қосымша сұйықтықты енгізу Ребиндер эффектісіне негізделген. Зат бөлшектерінің жарықтары бар, оларға сұйықтық енеді. Бұл жағдайда бөлшекке айыру және жиыстыру (Лаплас бойынша) қысымдар әсер етеді. Айыру қысымы жиыстыру қысымынан жоғары болғанда, майдалау процессі жүреді.
Есептелген ерімейтін зат мөлшерін келіге салып, заттың жартысындай мөлшерде су қосып, келіде майдалайды. Майдалау жеке бөлшектер қарусыз көзге көрінбегенге дейін жүргізіледі.
II-ші сатысы. Араластыру.
Дисперстік ортамен араластыру үшін, лайлау тәсілін қолданады. Майдаланған жұқа пульпаға 5-10 есе мөлшерде су қосады, мұқият араластырады. Қоспаны 1-2 минутқа тұндырады, жүйе екі қабатқа бөлінеді: ірі дисперсті және майда дисперсті. Ірі, жеткіліксіз диспергирленген бөлшектер тез тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйінде қалады.
Суспензияның майда дисперсті қабатын босататын құтыға құяды, қалған тұнбаны қайтадан осындай көлемдегі сұйықтықпен ысқылайды. Тұндырады. Тағы да беткі қабатын құтыға бөліп алады. Осындай операция тұнба түгелімен лайлы күйге өткенше жүргізіледі.
III-ші сатысы. Орамдау және безендіру.
Суспензияларды орамдау және безендіру ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты жүргізіледі. Суспензиялар сыйымдылығы сұйықтықтың көлеміне сай келетін түссіз құтыда босатылады. Құтыны полиэтилен тығынымен және бұралып жабылатын қақпақпен жабдықтайды. Құты «Ішке» немесе «Сырт тәнге» негізгі және ескерту «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» деген этикеткаларымен безендіріледі (ҚР ДСМ 26. 08. 93 № 90-П бұйрығына сәйкес) .
Дерягин ережесін және лайлау тәсілін осы дәрілік түрдің технологиясында қолдану, жұқа дисперсті суспензия алуға мүмкіндік береді. Сонда: суспензияның тұрақтылығы артады, дәл дозалануықамтамасыз етіледі, дәрілердің ағзаға сіңірілуі және терапевтік әсері артады.
Суспензиялардың жіктелуі:
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0, 1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді.
Суспензиялар технологиясында қолданылатын дәрілік заттар гидрофобты және гидрофильді болып бөлінеді.
Гидрофильді заттар гидрофильді-ісінбейтін және гидрофильді-ісінетін болып бөлінеді.
Гидрофильді-ісінбейтін заттарға : висмуттың негізгі нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезінде тұрақтандырғыштар қолданылмайды.
Дисперстік орта ретінде тұтқыр еріткіш болатын (өсімдік майлары, глицерин, вазелин майы, шырыштар және т. б. ) суспензияны дайындау кезінде лайлау әдісі қолданылмайды. Себебі тұтқыр еріткіш бөлшектердің седиментациялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Rp. : Boli albae 5, 0
Mucilaginis Amyli 100, 0
M. D. S. Ішуге
Крахмал ерітіндісінің концентрациясы көрсетілмегендіктен МФ VIII басылымы бойынша 2% ерітінді дайындалады, салмақпен босатылады.
mж = 5, 0 + 100, 0 = 105, 0
Б. П.
Boli albae 5, 0
Amyli 2, 0
Aquae purificatae frigdae 8 ml
Aquae purificatae calidae 90 ml
mж=105, 0
Технологиясы: Алдымен крахмал шырышы дайындалады. Термиялық тұрақты колбаға 90 мл су алып, қайнағанша қыздырады. Қайнаған суға крахмалдың суық сумен қоспасын енгізіп, 1-2 минут бойы қайнатады. Дайын ерітіндіні 2 қабат дәке арқылы босататын құтыға сүзеді, тарирлейді, салмағын 100, 0 г дейін сумен жеткізеді.
Келіге 5, 0 г ақ балшықты салып, 2, 5 г крахмал шырышымен (Дерягин ережесіне сәйкес) ысқылайды, содан соң бөлшектеп шырыштың қалған мөлшерін қосады. Дайын суспензияны босататын тарирленген құтыға құйып, салмағын 105, 0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка "Ішке", ескерту этикеткасы "Қолданар алдында шайқа" (ҚР ДСМ 26. 08. 93 №90-П бұйрығына сәйкес) .
Гидрофобты заттар - беті сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екі топқа бөлінеді.
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар қосады - желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummi armeniacae), аравия шайыры (Gummi arabica) . Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, натрий тұзы, полвинилпирролидон сирек қолданылады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалмайтын заттарға: терпингидрат, бензонафтал, фенилсалицилат, сульфодиметоксин, сульфомонометоксин, сульфадемизин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1, 0 г препаратқа: 0, 25 г өрік шайыры, 0, 5г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол, тимол, бромкамфора, күкірт жатады. Олардың суспензияларын тұрақтандыру үшін 1, 0 г препаратқа: 0, 5 г өрік шайыры, 1, 0 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz