Тұнбалар мен қайнатпалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясының сатылары. Экстаркт - концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпалардың дайындалуы

Жоспары:
I. Кіріспе
Тұнбалар мен қайнатпалар
II. Негізгі бөлім
Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясының сатылары
Экстракт - концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпалардың дайындалуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген балласты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік шикізатынан тек қана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.
Тұнбалар мен қайнатпалар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебі күрделі құрал-жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткіліксіз экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.
Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Алу жолына және шикізат құрамына байланысты сулы сығындылар келесі түрлерге бөлінеді: тұнбалар (Infuza), қайнатпалар (Decocta), шырыштар (Mucilaginis).
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар - жалбызтікен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйінінен алынады.
Сулы сығындылардың артықшылықтары: технологиясының қарапайымдығы, бастапқы шикізат пен экстрагенттің арзандылығы, әсер етуші заттардың комплексті құрамы, жұмсақ, кейде ұзақ емдік әсері.
Сулы сығындылардың кемшіліктері: сулы сығындылардың тұрақсыздығы (химиялық және микробтық) , өсімдік шикізатының стандартты еместігі.
Химиялық тұрақсыздығы. Сулы сығындылардағы экстрактивті заттар ерітіндіде гидролиз, тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ыдырау процессі температура жоғарлаған кезде 2-3 есе тез жүреді.
Микробиологиялық тұрақсыздығы. Сулы сығындылар зең және ашытқы саңырауқұлақтарының әсерінен тез бұзылады, себебі микроорганизмдер ферментативтік процестерді жылдамдатады, осы процестердің белсенділігі температураға тәуелді.
Сулы сығындылардың қолданылуы. Тұнбалар мен қайнатпалар өздері жеке жене басқа да ішуге қолданылатын (микстуралар), сыртқа қолданылатын (шаюға, басуға арналған ерітінділер) дәрілік түрлермен бірге қолданылады.
Тұнбалар және қайнатпалар құрамы бойынша: күрделі, қарапайым болады.
Физика-химиялық табиғаты бойынша: төмен молекулалық заттар (алкалоидтар, қышқылдар) ерітінділері, ЖМҚ ерітніділері (ақуыздар, пектиндер) ерітінділері, суспендирленген заттар ерітінділері, эмульгирленген заттар (эфир майлар, өсімдік майлар) ерітінділері күйінде болады.
Сығындылау процессі келесі сатылардан тұрады: жібіту, біріншілік сөлдің түзілуі, масса алмасу процессі.
Бірінші сатыда - өсімдік шикізаты сумен шыланып, су клеткаға енеді. Өсімдік материалында гидрофильді заттардың көп болғандығынан, ол сумен жақсы шыланады. Капиллярлы күштердің әсерінен су клетка қабырғасындағы саңылаулар арқылы өсімдік шикізатымен сіңіріледі, клетка аралық кеңістікті толтырады. Судың саңылаулы таса арқылы өтіп, клеткаға енуі эндоосмос деп аталады. Өсімдік клеткасына судың енуімен бірінші саты аяқталады.
Екінші сатыда біріншілік сөл түзіледі. Клеткадағы су алдымен диффузияға қабілеті жоғары төмен молекулалық заттарды қышқылдар, алкалоидтар, гликозидтер еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы қосылыстар, коллоидтар ери бастайды. Клетка ішінде жоғары осмостық қысым тудыратын, концентрлі ерітінді түзіледі. Оны біріншлік сөл деп атайды.
Үшінші сатыда - масса алмасу процессі жүреді. Ол сырттағы еріткіш пен клетка ішіндегі зат ерітіндісі арасындағы концентрациялардың айырмашылығына негізделген. Клетка ішінде осмостық қысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің қуысты таса арқылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша жылжуына мүмкіндік жасайды. Бұл сығындылау процессінің соңы. Соңымен, концентрациялар айырмашылығы - сығындылау процессінің қозғалыс күші болып табылады.
Шикізат мөлшерінің және экстрагенттің қатынасы. Сығынды сапасына шикізат пен экстрагенттің қатынастық мөлшері үлкен әсер көрсетеді.
Егер рецептте шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда ССРО МФ ХІ басылымының талаптарына сәйкес қатынаста сулы сығынды дайындалады:
-егер тұнба мен қайнатпа құрамында күшті әсер ететін заты бар шикізаттан дайындалатын болса, онда бастапқы шикізат пен сығынды 1:400 қатынасында болуы керек (наперстянка жапырағынан, термопсис шөбінен);
- шүйгіншөп тамыры мен тамырсабақтарынан, жалынгүл шөбінен, меруертгүл шөбінен, истод тамырынан, спорыньядан, зығыр дәнінен 1:30 қатынасында дайындалады;
- жалбызтікен тамырынан 1:20 қатынасында дайындалады;
- қалған өсімдік шикізаттарынан сығынды 1:10 қатынасында дайындалады.
Экстракт-концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау. Экстракт-концентраттар - тұнбаларды дайындау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік зат
Дәрілік терапияның әдістері мен тәсілдері
Сұйық дәрілік заттар
Дәріхана және дәрілік заттар
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы
Тривиалды атаулардың жасалу жолдары мен қолданылуы
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Дәрілік формалардың классификациясы
Негізгі дәрілік қалыптар
Пәндер