Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жанкент қалашығының қыш - ыдыстар кешені
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Ортағасырлық Жанкент қалашығының зерттелу тарихы
0.1 XVIII-XX ғасырлардағы Жанкент қаласына жасалған зерттеу жұмыстарының тарихнамасы
1.2. Жанкент қалашығындағы жаңа зерттеулер (2005 - 2020 жж.)
ІІ ТАРАУ. Жанкент қалашығының қыш ыдыстар кешені
2.1. Жанкент қалашығы қыш ыдыстарының түрлері және мерзімделуі
2.2. Жанкент қалашығының қыш ыдыстар кешеніне сипаттама
2.3. Жанкент қалашығының қыш ыдыстарының басқа ортағасырлық ескерткіш қыш ыдыстарымен ұқсастығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыс республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш - Жанкент қорғанының елеулі мұраларын зерттеу турасында атқарылған жұмыстарға бағытталады. Жанкент қалашығы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Өркендеу ауылдық округі, Жанкент ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан. Оғыздар мемлекеті мекен еткен бұл киелі орынның хронологиялық шегі VII-XIV ғасырлар аралығын қамтиды.
Жанкент орнынан табылған негізгі археологиялық материал - керамика. Оғыз мемлекетінің астанасы тұрғындарының материалдық, рухани мәдениеті туралы ең бай ақпараттарды жасырып, ең маңызды тарихи дереккөз болып табылады. Ескерткішті зерттеу барысында массивті және өте бай керамикалық материал болып анықталды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күнге дейін зерттеліп жатқан нысандар 2005-2014 жылдар аралығында жиналған, Қазба 1 (Қ1) тұрғын үй кешені, Қазба 2 (Қ2) цитадельдің сыртқы қорғаныс және шығыс қабырғаларының түйіскен жері, Қазба 5 (Қ5) оңтүстік шығыс қабырғаларынан жиналған ондаған мың сынықтар Жанкент қыш бұйымдарының коллекциясының қатарын толықтыруда. Толық немесе археологиялық тұрғыдан бүтін бұйымдар бұл заттардың арасында аз көлемді алатыны сөзсіз.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы Археология және этнография орталығы 2018-2020 жылдар аралығында экспедициясы Жанкент қалашығының ең құнды қалашықтар қазбаларының қатарында екендігін қайта дәлелдеп берді.
Жанкент қалашығының керамикасы өте қызықты материал. Кешен ерте ғасырлық мәдениет үлгілерін - керамиканы әдемі ою-өрнекпен біріктіреді, бірақ қолмен мүсіндеуді сол материалдың көмегімен, бірақ пропорциялар бойынша өте көрнекті, талғампаз, симметриялы етіп жасайды. Жанкент керамикасы - бұл дөңгелек орнаменттелмеген керамикалық сылақ тәсілі ғана емес, сонымен қатар өндіру әдісімен, құрылымымен, формасымен, пішінімен және қызметтік мақсаттарымен ерекшеленеді. Балшықтан жасалған бұйымдар тек ыдыс-аяқпен ғана шектелмейді, олардың қатарында тұрмыстық заттар мен интерьерге арналған заттар да бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жанкент қалашығының қалған орнын ең алғаш қазып, зерттеуді бастаған орыс археологы П.И.Лерх осы методологиялық әдісті қолдана отырып, өз еңбегінде Ұлы Жібек Жолы бойында қалалар архитектуралары жайында зор мәлімет беріп кеткен.
1946 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы алдын ала жұмыстарын жүргізді. Қалажұрттың топографиялық жоспары түсіріліп, бетінен керамикалық материал жиналды. Алынған материалдар негізінде қалажұрт тұрғындарының кешенді егіншілік-малшаруашылық-балықшылық шаруашылығы туралы, Хорезммен тығыз шаруашылық-мәдени байланысы туралы, қаланың оғыздарға тиесілі екендігі туралы пікірлер айтылды.
.
Сондай-ақ, Жанкент қаласын С.П.Толстов пен Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және И.П.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдары зерттеген, ал Қызылорда облысы көлемінде осы көне шахарға қатысты көптеген халықаралық конференциялар өткізілді.
Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттері:
- Ескерткіштер мен қыш керамикалар антологиясын зерттеу тарихына шолу және Жанкент көне қалашығы орнының зерттеулеріне қатысты мәселелердің қазіргі жағдайы;
- Жанкент шаһарының, ондағы қазба орындарынан табылған керамикалық бұйымдардың археологиялық маңызы мен тарихи құндылығын сипаттайтын дереккөздерді талқылау және жүйелеу;
- Қоныстану кезеңдерін анықтау және елді мекендегі құрылыс горизонттардың хронологиялық жағдайын нақтылау;
- Экспедиция материалдары негізінде ортағасырлыққоғамның, нақтырақ айтқанда Жанкент қалашығының сәулеттік және мәдени дәстүрлерін зерттеу;
- Қызылорда облысының Сыр бойының төменгі ағысындағы қала орындарын зерттеу материалдары аясында Жанкент қаласының керамика кешеніне сараптама жұмыстарын жасау;
- Қоныс материалдары негізінде Сыр бойындағы ортағасырлық көне тайпалардың мәдени байланыстарын анықтау;
- Сырдария өзені шайып, жойылу алдында тұрған ежелгі Жанкент қаласындағы құрылыстарды сақтау, оны туристік бағытқа енгізу жұмыстарын жүргізу.
Жұмыстың зерттелу әдісі. Тәуелсіз Қазақстанның азат ел болғалы бері оған дейінгі бірнеше ғасырлық тарихына зор мән беріп келеді. Егемендік бізге тарихымызға тереңірек үңілу мүмкіндігін берді.
Сол жылдардан бастап, біз жаңа тарихымызды жасап келеміз, әрбір қадамымызды саралап басып, барлық ізді қайтадан жаңғыртып келеміз.
Содан бері қазақ ұлтының өткені мен бүгіні қайта қаралып, әрбір тарихи кезеңдерге бөлек-бөлек тараулар арналып, жазылған оқулықтар мен ғылыми еңбектерді салыстырмалық әдіспен зерттеп, зерделеп келеді. Осы жұмыстың да зерттелу әдісі де қалыпты, ортағасырлық қалашықтардың археологиялық құндылығы мен өзіндік ерекшеліктерін, қалыптасу тарихына байланысты әртүрлі жазбалардағы материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырып, сараптамалау, талдау болып табылады.
Бұл методологиялық әдісті ХАЭЭ мүшелері С.П. Толстов, Б.В. Андрианов, М.А. Итина және т.б ғалымдар өз еңбектерінде қолданған. Олар көзқарастарында Шығыс Арал маңын мекендеген тайпаларда жер өңдеуші және көшпенді халықтың арасындағы байланыстар бар деп есептейді. Осы зерттеу жұмысында жоғарыда айтылған экспедицияның материалдары бүгінгі күнгі қалыптасқан жаңа көзқараспен қаралады. Сонымен қатар Жанкент қалалар тобындағы жүргізілген соңғы қазбалардың нәтижелері пайдаланылады.
Географиялық аумағы: Қызылорда облысы.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы: Ортағасырлар.
Жоба құрылымы. Жоба кұрылымы кіріспе бөлімі мен екі тараудан, корытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде берілген тематикаға алғы сөз беріліп, өзектілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып және оның тәжірибелік маңыздылығы көрсетілген.

1.1XVIII-XX ғасырлардағы Жанкент қаласына жасалған зерттеу жұмыстарының тарихнамасы
Арал маңына жүргізілген бастапқы барлау, бақылау зерттеулеріне Ежелгі қала - Жанкент атты ұжымдық еңбекте XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақ хандығы мен Ресей империясының арасындағы саяси жағдайлар түрткі болғаны баяндалады. Бұған негізгі себеп кіші жүз қазақтарының Ресей империясымен жасаған саяси келісім шарт болатын. Бұл саяси оқиғаға байланысты айта кететін бір жайт, осы келісім шартты тарихи еңбектерде көбіне орыс зерттеушілерінің дерегіне сүйеніп кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ресей елінің бодандығын қабылдады деп түсіндіреді. Ал кейінгі отандық зерттеушілеріміз бұл байланысты Әбілқайыр тарапынан жасалған саяси келісім болған деген көзқараста. Осы уақыттан бастап Ресей империясының қазақ жерін және оған көршілес жатқан азиялық елдерді жан-жақты зерттеу жұмыстары басталады. Бұл зерттеулердің негізінде орыс елінің саяси мақсаты жатыр еді. Сол себепті XVIII ғасырдағы өңірге келген зерттеушілердің дені әскери адамдардан тұрды. Олардың жазбалары мен естеліктерінде аймақты жалпы сипаты берілді және ескерткіштерді тіркеу мен өңірдің географиялық картасы жасалды.
Сыр өңіріне XVIII-XIX ғасырларда келген зерттеушілердің қызығушылықтары ортағасырлық Жанкент қаласына түсті. Себебі ескерткіштің географиялық орналасуы өте қолайлы, яғни тоғыз жолдың торабында болуы және 1739 жылғы кіші жүздің ханы Әбілқайыр өзіне бекініс ретінде Жанкентті қайта тұрғызып беруі туралы өтініші еді. Осы жағдайдан кейін 1740-1741 жылдары Сырдың төменгі ағысындағы аймақты аралап бақылауға поручиг Д.Гладышев пен геодезист Муравин келеді. Олар жазбаларында Жанкент қаласына ерекше назар аударып, қаланы Янкент деп атайды. Зерттеулерінде Жанкент қаласының сол кездегі сипатын беріп және тағы басқа ескерткіштердің орналасқан жерлерін көрсетеді [13, 8-10 бб].
Ал XIX ғасырдың ортасынан Сыр бойында Патша үкіметінің бекіністері тұрғызыла бастайды. Осыған байланысты өлкенің тарихи және саяси маңыздылығы артып зерттеу жұмыстары кеңейе түседі. Бұл зерттеулерді П.И. Рычков, М.Мейер, А.Левшин, А.И. Макшеев, В.В. Григорьев, С.Ремезов сынды әскерилер жүргізген болатын.
П.И. Рычков: Сырдарияның Аралға құяр сағасында орналасқан Жанкенттің қирандыларына қарап қаланың көлемі үлкен деп сипаттап, сол жерді мекендеген халық арасында ескерткіш жыландар шабуылынан құлағаны туралы аңыз бар екендігін және жоғары да айтылған кіші жүздің ханы Әбілқайырдың өтініші жайлы өзінің Орынбор губерниясының топографиясы атты еңбегінде атап өтеді [13].Ал А.И. Макшеев Сыр өңірінің археологиялық ескерткіштері, табиғи және географиялық жағдайы туралы толыққанды мәліметтерді Путешествия по киргизским степямь и Туркестанскому краю атты еңбегінде береді [25].
Оғыз мемлекетінің ордасы болған Жанкент шаһарына алғашқы қазба жұмысын 1867 жылы П.И. Лерх жүргізген. П.И. Лерх өз еңбегінде бекіністің сипатын беріп және жер суландыру жүйелерінің жағдайы туралы жазады. Ескерткіштің топографиялық жоспарын жасайды. Ол Сыр бойында жүргізген зерттеулері кезінде ортағасырлық жазба деректерде Жанкент қаласымен қатар Женд қаласына да біршама ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде Түркістан өлкесіне жасаған бұл сапарының есебі 1870 жылы Орыс Императорлық Археология Қоғамының хабаршысында жарыққа шықты [26]. П.И. Лерхтен кейін 1867 жылы Жанкент қаласына суретші В.Верещагин келіп, көптеген жәдігерлерді жинаумен айналысады [13, 11 б].
Осы зерттеушілерден кейін өлкені зерттеу азайды. ХХ ғасырдың басында саяси жағдай ушығып әйгілі Қазан төңкерісі болып өтті. Нәтижесінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрылғаннан кейін өлкемізді зерттеу қайта қолға алынды.
Шығыс Арал маңының зерттелуінің маңызды бір бөлігі ХХ ғасырдағы көрнекті ғалым С.П. Толстов жетекшілік еткен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы. Осы экспедиция негізінде Сырдың төменгі ағысында көшпелі өмір тұрмысымен және егіншілікпен айналысқан халықтардың мәдениетінің тоғысқан жері екені дәлелденді. Сонымен қатар осы аймақтың халықтардың қалыптасуындағы рөлі, олардың тұрмысы, көшіп-қонуы және осы жерде саяси және этномәдени байланыстар болғанын көрсетті. С.П. Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ-сы Сырдың төменгі ағысын 1946 жылдан бастап зерттей бастады. Құрамында археологтар, топографтар, топырақтанушылар, геологтары бар бұл экспедиция Арал маңында 1990 жылдарға дейін жұмыс жасады. И.А. Аржанцеваның пікірінше ХАЭЭ-сының жұмыс кезеңін үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Бірінші кезеңі. 1937-1941 жылдар аралығы, яғни соғысқа дейінгі кезең.
Екінші кезеңі. 1945-1970 жылдар аралығы, яғни соғыстан кейінгі кейінгі кезең. Экспедицяның бұл кезеңінде ең көлемді және жемісті жұмыстар жүргізілген. Осы екінші кезеңде ХАЭЭ-нан мықты ғылыми кадрлар дайындалды. Солардың ішіндегі белгілі археологтар: М.И. Итина, Б.В. Андрианов, Е.Е. Неразик, Б.И. Вайнберг, Л.М. Левина, А.В. Виноградов, Ю.А. Рапопорт, О.А. Вишневская, М.Г. Воробьева, Н.Н. Вактурская және т.б. ғалымдарды тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптасты.
Үшінші кезеңі. 1980-1990 жылдар аралығын қамтиды. Бұл уақытта саяси жағдайға байланысты қазба жұмыстары азайып (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы негізгі себеп), нәтижесінде тоқтады [27, 65 б].
Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының алдында мынадай мақсаттар тұрды: өңірдегі ежелгі ескерткіштерді зерттеу; Сырдың төменгі ағысындағы жер суландыру жүйесінің даму процесін және оның халық өміріндегі маңызын табу; ежелгі және ортағасырдағы табиғи құбылысты зерделеу және осы экологиялық жағдайдың халықтардың көшіп-қонуындағы рөлін анықтау; Сырдың төменгі ағысын неолиттен ортағасырға дейінгі этникалық тарихи дамуын зерттеу; Сырдың төменгі ағысын мекен еткен халықтардың Хорезммен, т.б. елдермен этномәдени, саяси және экономикалық байланыстарын зерттеу (жазба және археологиялық деректер бойынша); Шығыс Арал маңының алғашқы адам қоныстарынан ортағасырға дейінгі тарихи елесін жасау болатын [28, 43-44 бб].
Арал маңына жүргізілген көп жылғы еңбектің нәтижесінде жүздеген археологиялық ескерткіштер ашылып, олардың қиын жер суландыру жүйелері мен экологиялық жағдайға байланысты сұрақтарға жауап табылды.
1946 жылдың күзінде ХАЭЭ-сының барлау отряды Сырдың көне арналары - Жаңадария мен Қуаңдария бойына барлау жұмыстарын жүргізеді. Осы жылдың оныншы қазанында Жанкент маңында қалалар тобына барлау отряды Жосалы-Қазалы бағытында ұшып, Қазалыға жетеді. Он бірінші қазанда Жанкент қаласының жанына келіп тоқтайды. Барлау отряды қаланың әуеден суретін түсіреді. Қала бетіндегі археологиялық материалдарды жинақтайды. Жанкенттің беткі қабатынан түсі қызғыштау келген, жақсы күйдірілген, олардың сырты қолмен штамбдап басу және геометриялық бейнелер арқылы өрнектелген керамикалар шықты. Мұндай керамикалар 1939 жылы қазіргі Түркіменстан Республикасының ортағасырлық Куня-Уаз қаласында да кездесті. Сол себепті қаланың өмір сүру уақытының соңғы кезеңін Х-ХІ ғасырлармен мерзімдейді. С.П. Толстов қаланың осындай ерекшеліктеріне қарап Шығыс Арал маңында орналасқан батпақты қалалардың дамуында үш этнографиялық кезеңді атап өтеді. Олар:
1) жергілікті мәдениет, түбірін қола немесе антикалық дәуірден алған және сол дәуірдің дәстүрі сақталып қалған.
2) осы мәдениетке Маңғолия мен Алтай маңында өмір сүрген түрік тайпаларының (байырғы түркі тайпалары да болуы мүмкін) мәдениеті қатты әсер етті.
3) Осы жергілікті халыққа Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Хорезм мен Жетіасар мәдениетінің үздіксіз әсер етуі.
Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе С.П. Толстов оғыз тайпалары да, олардың байырғы аталары да көшпелі өмір сүрмеген деген ұстанымға келеді. Бұл тайпалардың тұрмысы жартылай көшпелі және жартылай отырықшы күйде болған. Олар көбінесе мал шаруашылығымен (сүйектердің көптеп табылуына байланысты) және балық аулау кәсібімен (батпақты аймақта орналасуына байланысты) айналысқан деп көрсетеді. Тиісінше қаланың өмір сүру кезеңін антикалық кезеңнен Х-ХІ ғасырларға дейін өмір сүргенін айтады [29, 57-71 бб]. Дегенмен осы экспедицияның мүшесі Л.М. Левина өзінің зерттеу жұмыстарында қаланың ХIV ғасырға дейін өмір сүруі мүмкін деп болжам жасайды [28, 77 б].
Экспедиция құрамынан 1952 жылдан бастап Б.В. Андрианов жетекшілігімен археологиялық-топографиялық отряд құрылып, Арал өңірінің, Сырдың ежелгі және қазіргі уақытқа дейінгі жасанды жер суландыру жүйелерінің зерттеу жұмыстарын жүргізді. ЖалпыАрал маңының құмды үлкен аумағында Сырдарияның төрт төменгі арнасы таралады. Олар: Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария, Ескідариялық. Осы Сырдың төменгі арналары өңір тарихында үлкен маңызға ие болды. Олар ежелден бері осы жердегі халықтың мекендеуіне, өркениеттің дамуына септігін тигізді. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың жер суландыру жүйелері Сыр бойына көптеп таралған. Шығыс Арал маңын мекендеген халықтар мен Хорезм арасында ХІІ-ХІІІ ғасырларда соғыстар тоқтатылып тыныштық орнайды. Араларында сауда-саттық пен мәдени байланыстар жүреді. Дәл осы тұста аймақта жер суландыру жүйелері қарқынды дамиды. Өңірге жүргізілген археологиялық-топографиялық жұмыстар бұл жерден дамыған жер суландыру жүйелері бар екенін көрсетті. Батпақты қалалардың аумағында ортағасырлық каналдар мен арықтардың орны кездесті. Зерттеу барысында Кескен күйік қаланың солтүстігінде қалыңдығы 1-2 метр болатын (5-7 барлау, 1963 жыл) арық ізі табылды. Ол жерден VІІ-ІХ ғасырлармен мерзімделетін керамикалар шықты. Тағы басқа жерден (барлау 8, 1963 жыл) қалыңдығы 20-25 метр болатын екі канал жақсы көрінеді. Олар қалыпты жерден төмендеу келген, түсі қаралау және бетінде өсінділер көптеп кездеседі. Бұл жерден табылған керамикалар қаланың өмір сүру уақытымен сәйкес келуі, суландыру жүйелерінің ортағасырлық екенін көрсетеді. Бірақ кейбіреулері ұзақтау мезім өмір сүрген.
Сырдария өзенінің бойында жүргізілген жерден жасалған маршруттар мен әуеден түсірілген фотосуреттер арқылы егін алқабының әрі қарай даму процесін көруге көмектесті. Негізінен аймақтағы егін шаруашылығы Сырдария өзенінің табиғи ағынына тікелей байланысты болған. Себебі, өзеннің негізгі ағыны бұл уақытта әлі халықтың бақылауына алынбай, табиғи жолмен жүретін еді. Бұл зерттеулер Сырдың төменгі ағысында ортағасырда суландыру жүйесінің қарапайым түрі пайдаланылғанын көрсетті. Суландыру мына сызба бойынша жүрді: өзеннің негізгі арнасы - өзеннің ескі арнасы (су қоймасы) - магистральді канал - ұсақ суландыру каналдары - егіс алқабы. Егіс алқабына су кейде негізгі арнадан табиғи жолмен құятын болған. Ал өзен суы тоқтағаннан кейін өзеннің ескі арнасы су қоймасы ретінде пайдаланылып алқапқа су жасанды жолмен құйылды. Сырдың төменгі ағысында да, Хорезмде де ерте темір дәуірінде тіктөртбұрышты суландыру түрі қалыптасса, ортағасырда ол жапырақты суландыруға ауысады [29, 207-216 бб].
Алдына қойылған айқын мақсаттар негізінде жұмыс атқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының зерттеулері Сыр өңірінің өте ерте заманнан қазіргі күнге дейін Батыс пен Шығыс арасындағы, көшпелі және отырықшы мәдениеттер арасындағы байланыстырушы алтын арқауы болып келе жатқандығын дәлелдеді. Оған куә - осы зерттеулер барысында ашылған өлкедегі жүздеген археологиялық ескерткіштер.
Жоғарыда айтылғандай ХАЭЭ-сы 1990 жылдардың басындағы дағдарыс пен өзгерістерге байланысты археологиялық зерттеу жұмыстарын тоқтатты. Үзіліп қалған бұл зерттеулер он жылдай уақыт өткен соң ғана, еліміз тәуелсіздік алып, аяғына нық тұрған шақта қайта қолға алынды.
1.2. Жанкент қалашығындағы жаңа зерттеулер (2005-2020 жж.)
Еліміз егеменді болып, еңсесін көтергелі ширек ғасыр уақыт өтті. Содан бері ұлтымыздың тарихы қайта қаралып, әр кезеңде жазылған еңбектер тарихи салыстырмалық әдіспен зерделеніп жатыр. 2004 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен жасалған мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы аясында Сыр өңірі ескерткіштерін зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Осы жылы Қызылорда қаласында Арал аймағының археологиялық зерттелуі: жетістіктері мен болашағы атты халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Ресейдің Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арасында үшжақты келісім-шарт жасалды. Содан бері университет Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістерін үзбей жүргізіп келеді [2, 176-177 бб].
2005-2010 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары
2004 жылы Қызылорда қаласында Арал маңы археологиясына арналған конференция өткен болатын. Соның нәтижесінде 2005 жылдан бастап қазіргі уақытта құрамында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, Ресей Ғылым Академиясының Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының археолог ғалымдары мен студенттері бар Жанкент археологиялық экспедициясы кешенді археологиялық жұмыстарын бастап қазіргі күнге дейін жүргізуде. Бұл үш жақты келісімнің зерттеу нысаны Хорезм Археологиялық-этнографиялық экспедициясының (ХАЭЭ) 1940-1950 жылдардағы зерттеулерінің жалғасы еді. 2005 жылы маусым айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде база құрылып, осы жерден барлау экспедициясы жасақталды. Экспедицияның алдына қойған мақсаттары:
* ХАЭЭ-сы зерттеулерінен ашылған ескерткіштердің қазіргі уақыттағы жай-күйін қарап білу;
* Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау;
2005 жылдан бастап қалашыққа кешенді археологиялық қазба жұмыстары басталды. Экспедицияның құрамында: т.ғ.к. И.А. Аржанцева (Ресейлік топтың жетекшісі), т.ғ.к. Э.Д. Зиливинская, С.А. Рузанова (РҒА ИЭА) және т.ғ.к. М.С. Қараманова (Қазақстандық топтың ғылыми жетекшісі), т.ғ.к. Ж.Құрманқұлов, Қ.З. Өткелбаев, Ж.Сыдықова, С.Біләлов және Қорқыт Ата атындағы ҚУ-інің археология және этнология, тарих мамандықтарының бір топ студенттері жұмыс жасады.
2005 жылдан басталған археологиялық зерттеулердің қаланың аумағын толық қамтымағанын ескере отырып төмендегідей қорытындыға келуге болады:
- Жанкент қалашығының өмір сүруінің тоқталуының себебін шапқыншылық соғыстар емес, табиғи-климаттық жағдайлар салдарынан, яғни Сырдария арнасының өзгеруіне байланысты екендігін нақтылай түседі.
- Жанкент қалшығындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алынған материалдар оңтүстік қала мәдениеті мен көшпелі оғыздар дәстүрінің тығыз байланыста болғандығын көрсетеді.
- Жанкент пен басқа да батпақты қалалардың арасында байланыс бар екені, кем дегенде ортафригидті Хорезм дәуірімен және жетіасар мәдениетінің соңғы кезеңімен байланыс және сабақтастық бары анықталды.
- Табылған материалдар Арал өңірінің солтүстігі және Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінің ерте ортағасырлық және ортағасырлық тарихындағы батпақты қалалардың рөлі мен пайда болу мерзімі жайлы пікірталасты жаңғыртуға мүмкіндік береді.
- Жанкент қаласы маңына жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде Жетіасар шатқалы шөлге айналған кезеңде Арал теңізінің шығыс маңында Кескен-күйік қала, Күйік қала, Жанкент сияқты, яғни батпақты қалалар қалыптаса бастағаны анықталды.
- Жанкент қалашығы маңына жүргізілген барлау жұмыстары барысында мемлекеттік есепте тұрған және есепке алынбаған, қираған, күтімсіз жағдайда қалған тарихи-мәдени ескерткіштер белгілі болды [13, 128 б].
Осылайша, Жанкент қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында алынған материалдар Арал маңы - қала мәдениеті мен көшпенділер мәдениетінің тоғысқан жері екенін тағы да дәлелдей түседі.Жоғарыда айтылғандай 9 маусымдық археологиялық зерттеулердің қорытындыларын ғалымдар ғылыми айналымға енгізуде. Олардың қатарын К вопросу орнаментации керамики городища Жанкент (Астана, 2012) [15], Oguz ornamental art for example ceramics settlement Zhankent (Түркия, 2013) [23], мақалалары толтырады. 2011-2014 жылғы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде...
2011-2015 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары мен нәтижелері
2013 жылғы жазғы зерттеулерде қазбаның ені мен ұзындығы 4х20 м болды. Бұл жұмыстар қабырғаның беткі қабаты ашық-сары түсті пахсалық блоктардан баспалдақты тәсілмен салынғанын көрсетті. Блоктар қамысты қабаттың бетіне қойылған. Пахсалық блоктардан төмен қарай көлденеңінен күлді және дымқыл сазды қабат жатыр. Қабаттарда күнделікті тұрмыс қалдықтары көптеп кездеседі. Атап айтқанда керамика фрагменттері мен жануарлардың сүйектері тасталып, үсті сазды қабатпен құйылып нығыздалған. Осылай, қазіргі зерттеулер бойынша қаланың солтүстік қамал қабырғасы қиын құрылысымен ерекшеленетінін айта аламыз. Жанкенттің қорған қабырғасына салынған қима 2014 жылы түбіріне жетпеді. Қиманың қабат-қабат бойынша қазылу барысында алынған керамикалар квадраттары көрсетіліп, фиксация жасалды. Екі қабырғаның арасына салынған қима -520 см тереңдіктен басталған болатын. Реперден -535 см-де қалыңдығы 10 см күлді қабат арасында дастарханға ұқсайтын керамика фрагменті шықты.
Жанкент қалашығы зерттеліп жатқан Сырдарияның төменгі ағысы қалаларының ортағасырлар кезеңіндегі этномәдени байланыстардағы рөлі (Жанкент қала жұрты) жобасының бір бағыты осы уақытқа дейінгі зерттеулерде табылған керамикалар (15-сурет), сүйектер (16, 17-сурет), монеталар, т.б. басқа археологиялық жәдігерлерді өңдеу болатын. Жанкенттегі 2014 жылғы қазба зерттеулері жаңа көлемді материалдар берді. Олардың арасында күйдірілген кірпіш, темірден жасалған, қола, алтын бұйымдар, әйнек қирандылары, сүйектен жасалған бұйымдар бар. Қазбадағы керамикалық бұйым әдемі құлағы бар құмыра фрагменттері кездесті. Осы жылғы индивидуалды табылымдарға алтын жалатылған медалиондар, тасты штамптар жатады. (10)
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталық мамандары атқарған бұл жұмыс - Жанкент қалашығының тарихи құндылығын сақтап қалуға елеулі үлес деп есептейміз.
2015 жылы қазба зерттеулер Қызылорда облысы, Қазалы ауданында орналасқан Жанкент қалашығына археологиялық зерттеулер жобасы аясында жүргізілді. Осы жылғы маусымда №2 қазбадағы зерттеу жалғасып, жалпы бұл нысанда осы уақытқа дейін 9 қазба жұмыстары жасалады. Нысанның жалпы көлемі 624 шаршы м-ге жетті. 2015 жылы 2012 жылы салынған көлденең қима жалғасты. Қиманың жоғарғы бөлігі реперден -229 см тереңдіктен басталды. Жоғарғы бөлік қираған сары түсті пахсалық бөліктерден (арасында керамика фрагменттері мен сүйектің ерекше түрлері бар) тұрады. Қиманың төменгі қабаттарынан шыққан керамикалар (кеселер, кувшиндер, көзелер, т.б).
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде қазбадан көптеген керамикалар мен сүйектер және жақсы сақталған бірнеше мыс монеталар табылды. Табылған барлық археологиялық материалдар әрі қарайғы зерттелу үшін лабороторияға алынды. (11)
Жалпы ескерткіште қазақ- орыс -неміс елінің археолог ғалымдарының бірігуімен 9 маусымдық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар болашақта да жалғасын табады. Қала құрылысының орналасуы мен үй құрылысын салу әдістері, тұрғын үй жоспары, құрылыс материалдары, бөлменің негізгі ішкі кеңістігінің құрылымы (қабырға бойындағы суфа, орталық ошақ) Орта Азияның оңтүстік қалалары құрлысына тән. Ал екінші жағынан, қабырғалар мен суфалардағы өрнектер, ошақ әшекейлері, керамикалық бұйымдар бойынша көшпелі мәдениеттің ықпалы байқалады. Бұл мәдениеттердің элементтері қала ішінде бір-біріне араласып, үйлесіп кеткені аңғарылды. Ал қаланың керамикалық кешені жетіасар мәдениетіне ұқсас жергілікті ыдыс-аяқтар тобы табылды. Оларға қызыл түсті керамикалық ернеуі айналдыра шығыңқы ыдыстар (қыш құмыралар, құмыралар, хұмдар мен көзелер). Ерте ортағасырлық Хорезм материалдары мен кердері мәдениетіне ұқсас ыдыстар тобы көптеп кездеседі, олар IX-XI ғасырларға тән. Керамикалық материалдарының арасында, (С.П. Толстов бойынша) мал өсірумен айналысатын тайпалар қолданған төмен дәрежеде күйдірілген, геометриялық және өсімдік тектес өрнекпен безендірілген ыдыстар да ұшырасады [3, 44-45 бб].

2.1.Жанкент қалашығы қыш ыдыстарының түрлері және мерзімделуі

Бүгінгі күнге дейін зерттеліп жатқан нысандар 2005-2014 жылдар аралығында жиналған, Қазба 1 (Қ1) тұрғын үй кешені, Қазба 2 (Қ2) цитадельдің сыртқы қорғаныс және шығыс қабырғаларының түйіскен жері, Қазба 5 (Қ5) оңтүстік шығыс қабырғаларынан жиналған ондаған мың сынықтар Жанкент қыш бұйымдарының коллекциясының қатарын толықтыруда. Толық немесе археологиялық тұрғыдан бүтін бұйымдар бұл заттардың арасында аз көлемді алатыны сөзсіз.

Керамикалық бұйымдарды жіктеу кезінде олардың келесідей түрлерін ажыратуға болады:
Көлемді ыдыс-аяқтар - хум;
Ас үйі ыдыс-аяқтары мен дастархандар (аяқтары бар дөңгелек үстелдер), кружкалар, құмыралар, қақпақтар;
Асхана заттары - астаулар, құмыралар, қуыруға арналған табалар;
Тұрмыстық бұйымдар - түбектер (баланың бесігі үшін горшоктар), жарық көздері, суырмалар, әртүрлі пішімдегі фигуралар, санамақтар, ойыншықтар, сәндік тақтайшалар, қой басына ұқсас құйылған бұйымдар, ошақтар мен ошақ тұрғыштары. Г.Амиргалина
Керамиканың түсі әр түрлі - қызылдан қызыл-қоңырға дейін, ашық сұрдан қара сұрға дейін, ақшыл сарыдан кірпіш қызылға дейін болады. Қызғылт және жасылдау түсті фрагменттері де кездеседі.
Көптеген керамикалық бұйымдардың беткі қабаты белгілі бір өңдеуге ие. Сонымен қатар, көп жағдайда арнайы қалыпта құйылған бұйымдардың тек беткі қабаты өңделген. Бұлар арнайы тегістеу, ангоб материалмен қаптау, сүру (кейбір фрагменттерді металдың өз түсіну дейін жонып, сүріп тасталған), сазбен сылау және ою-өрнекті қабатын енгізу секілді қарапайым әдістер болып табылады. Бір өнімде осындай бірнеше әрлеу комбинациясы болатын жағдайлары жиі кездеседі.
Декордың ерекшелену ауқымы өте кең, декорды енгізу тәсілі бойынша (ою, мөр, саусақ заңдылықтарын, түрлі параметрлердегі багетті) және суреттер тақырыбы бойынша (сұйықтықтар, зооморфтық, орниморфтық, геометриялық, саусақтармен, сондай-ақ тырнақтармен айырма сызбаларды енгізу) бір бірінен айырмашылықтары өте көп.
Көрсететін керамикалық материал Жанкент археологиялық ғылымында күйдірілген саздан жасалған өнімдердің көпшілігі бар екендігін дәлелдейді. Г.Амиргалинаның бүгінге дейін зерттеген археологиялық санаттары төменде келтірілген.

Қалыпталған керамика
Өз қолымен жасалған бұйымдар асүй заттары (кастрюльдер, қазандар, қақпақтар, табалар), асхана бұйымдары (үстел астаулары, кружкалар, құмыралар, тостағандар, кеселер), контейнер формасында (хомм, хумчи, ойной тәрізді ыдыстар) және тұрмыстық ыдыстар (тагора), күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (айналдыру дөңгелегі, шамдар), балалар ойыншықтары, сәндік тақтайшалар, үй интерьері - қошқардың басы ошақ тіректері түрінде ұсынылған.
Ас үй ыдыстары
Ас үй ыдыстары елді мекенде кеңінен табылған. Олардың сипаттамаларына қарағанда табылған заттардың көп бөлігі керамиканың осы санатына жатады. Көпшілік жағдайларда олар әртүрлі қалыңдықтағы және көлемдегі ыдыстар фрагменті түрінде ұсынылады.
Ас үй ыдыстарының сынықтары мынадай түстерде болып келеді: ақшыл-қызыл, қызыл, қызғылт реңкпен, қоңыр, ашық қоңыр, сұр және жасыл реңктермен. Фрагменттердің қабырғасының қалыңдығы 0,5-тен 1,5 см-ге дейін немесе одан да көп өзгереді. Толықтай күйдірілмеген ыдыстарда екі немесе үшқабатты түстер кездеседі (Цетлин, 2012, 117-118 б., 52 а-б сур.). Көптеген жағдайларда фрагменттер бос, құрғақ және ұсақ бөліктерге бөлінгіш болып келеді. Заттардың көпшілігінде оларды ас үй ыдыстары санатына біріктіретін ортақ ерекшелік бар - сыртқы беттерінде аз немесе көп қабаттармен қара күйе іздерінің болуы.
Үлкен және орташа көлемдегі астаулар
Негізгі функция - әр ыдыстарды бөлек санатқа жатқызу. Заттың негізгі құраушысы болып табылатын салмақ, массаның элементтері - олардың құрамында шамоттың көптігі және керамиканың беткі қабатында тамақ дайындаудың іздері - нагаралардың, яғни күйелердің болуы. (сур. 2)
Ас үй ыдыстарының бірнеше түрі бар. Олардың классификациясын жіктеместен бұрын, Жанкент керамикасының коллекциясынан сақталған бүтін формаларды таныстырғым келеді. Жаңа қазбалардан кейін табылған толық немесе археологиялық бүтін керамикалық бұйымдарды толықтай сипаттап беру. Ыдыстар категорияларының қазіргі қолжетімді фрагменттерімен ары қарайғы жұмыс жасап, типтерге жіктеуде іс барысын одан әрі жеңілдете түспек.
2012 жылы қазба жұмыстары уақытында №2 бөлмені тазарту кезінде (Цитадельдің шығыс қабырғасының жоғарғы қабырға құрылымдары, Қ2), археологиялық жағынан бүтін ернеулер, иықпен және жоғарғы бөлігімен үлкен ыдыстардың сынықтары жинақталды (шаршы. 98- 9999, ▼- 113 см) (Cурет 1.1 ). Фрагменттердің беті күйе қабатымен жабылған.Қолдан жасалған бұйым, пішіні аздап асимметриялы. Ыдыстың ернеуі тіке түзілген, сәл ішке қарай иілген. Жиек бөлімі Г тәрізді. Ернеуінен мойынына дейінгі аралықта томпақтау, иілген формадағы тұтқа кіріктірілген. Сынықтардың беті біркелкі күйдірілмеген. Ангобпен әрлеу іздері фрагменттің ішкі бетінде болмағанымен, өте қызықты өрнек енгізілген. Сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz