Борышкерден алименттерді өндіріп алу тәртібі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«M. S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қорғауға жіберілді»
«»2020ж
Бағдарлама басшысы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
«Алиментті өндіріп алу кезінде борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдары»
« Құқықтану » - мамандығы 5В030100
Ғылыми жетекшісі:
Құқық Жоғары мектебінің аға оқытушысы
Асанов Азамат Ерланович
Орындағандар:
Арынбек Нұржігіт
Оңалбек Әлібек
Маденов Ислам
Нұр-Сұлтан, 2020
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»
С. Зиманов атындағы құқықтық Құқық Жоғары
және экономикалық зерттеулер Мектебінің директоры академиясының директоры з. ғ. к., доцент
PhD докторы С. Г. Пен
М. М. Дауленов
«___» 2019 ж. «___» 2019 ж.
дипломдық жобаға
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
«Алиментті өндіріп алу кезінде борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдары»
I. Жобаның өзектілігі, түпнұсқалығы және жаңалығының негіздері.
Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті және шиеленісті тақырыптардың бірі алименттік міндеттемелердің орындалуы болып тұр. Алимент тек он сегіз жасқа толмаған балалардан өзге, қарт ата/аналар, еңбекке жарамсыз балалар және заңмен көзделген басқа да тұлғалар үшін төленетінін ескерсек, мәселенің шиеленісті спектрінің аумағының кең екенін байқаймыз.
Соттың немесе тиісті уәкілетті органның шешімі негізінде алынған атқарушылық құжаттардың орындалу тәртібі бойынша екі түрі кездессе, соның ең өзекті де, шиеленісті түрі алименттерді өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттар болып табылады. Алименттерді өндіру бойынша мәселені ушықтырып отырған сот орындаушыларының алименттерді өз өндірісіне алуына құлықсыздық танытуында. Оған көптеген себептер түрткі болса да, ең бастысы алимент төлеуші борышкерді жауаптылыққа тартудың құқықтық құралдарының толық жетілмеуінде. Осының салдарынан сот орындаушыларының қолдары жартылай байлаулы болып, екі ортада кәмелет жасқа толмаған балалардың, егде жастағы қарт ата-аналар мен алимент сұрауға заңмен құқылы өзге де тұлғалардың алименттік қажеттіліктері өтелмей жатады.
Егер алименттік-құқықтар қатынастарда зерттеулер жүргізген Шалғынбаева мен Стучканың еңбектерін қарастырсақ, алиментік қатынастар қоғамдық әлеуметтік қамтамасыз етудің жанама түрі ретінде көрініс табады.
Шыныменде, алиментті кәмелетке толмаған балалар, еңбекке жарамсыз қарт ата-аналар, еңбекке жарамсыз отбасының өзге де мүшелері және алимент төлеушіні кемінде 5 жыл баққан еңбекке жарамсыз үшінші тұлғалар алмаушы ма еді? Ал, аталмыш тұлғалардың барлығы қалай болғанда да мемлекеттік жәрдәмақы алуға мүдделі санаттағы топтың қатарына жатады.
Мысалы, «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, 2020жылғы жалпы шығындар 13, 827 трлн теңге болады, ал жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатындатөленетін сомманың көлемі 3, 576 трлн теңгені құрайды. Бұл сомманың негізгі бөлігі жалғыз басты аналар үшін, еңбекке жарамсыздық туралы жәрдәмақыларға және басқа да түрлі санаттар бойынша төленеді.
Егер біз алиментті уақытылы төлеу туралы мәселені шешіп алсақ қаншама млрд теңгелерді, тіпті трлн теңгелерді сақтап қалар едік.
Дипломдық жобаның аталмыш тақырыбы атқарушылық құқық пен отбасы құқығының ең өзекті де, шиеленісті мәселесін көтеріп қана қоймай, экономикалық өзекті мәселені құқықтық реформалау арқылы шешуді ұсынады. Бұл тақырыптың осы қыры отандық ғылыми айналымда бұған дейін көтерілмеген, өз зерттеушілерін тосып тұрған тың тақырыптардың санатына жатады
II. Жобаның мақсаты.
Алиментті өндіріп алу кезіндегі борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдарын зерттеу.
III. Орындалатын жұмыстың көлемі, тәртібі және мерзімі.
1. Кезең. Алиментті өндіріп алу кезіндегі борышкерді жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша теориялық материалдарды және заңнамада бекітілген нормаларды зерттеу.
2. Кезең. Алимент өндіріп алу бойынша борышкерді жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша соңғы 1 жылдағы сот тәжірибесін қарау.
3. Кезең. Алименттік қатынастардағы борышкер жауапкершілігі институтын салыстырмалы құқықтық зерттеу.
4. Кезең. Алиментті өндіріп алу кезіндегі борышкерді жауапкершілікке тарту мәселелеріне заңнамада және тәжірибеде орын алатын өзекті мәселелерді анықтау.
5. Кезең. Алименттік қатынастардағы борышкер жауапкершілігі институтын дамыту мақсатында ұсыныстар жасау.
IV. Жобаның сапалы индикаторлары.
а) Алименттік қатынастардағы борышкер жауапкершілігі институтын толығымен қамту керек;
б) Конституция мен қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмеу керек;
в) Берілетін ұсыныстар құқық шығару және құқық қолдану саласында сұранысқа ие болу керек.
V. Scrum-командасы.
- Тұрақты жетекшілер: ғылыми жобаның жетекшісі Асанов Азамат Ерланович
- Студенттер: Арынбек Нұржігіт, Маденов Ислам, Оңалбек Әлібек;
- Тапсырыс беруші:магистрант Кианат Ерасыл
- Тұрақты емес мүшелері: Оқытушылар АҚ және АІЖҚ кафедрасының доцентіз. ғ. к. Абилова А. А. ; Оқытушылар АҚ және АІЖҚ кафедрасының доценті PhD докторы Асылбекова А. А.
VI. Scrum-командасы мүшелерінің жауапкершілік матрицасы.
Түсініктеме : Scrum-команданың жауапкершілік матрицасы кесте түрінде, диаграммалар немесе басқа да үлгіде құрылуы мүмкін, жобының кезеңдерін жүзеге аыру үшін әрбір мүшенің қатысу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Этаптардың атауы
Ғылыми жетекшінің Т. А. Ә.
Студенттің Т. А. Ә.
Тапсырысшы өкілінің
Т. А. Ә.
1-ші оқытушының
Т. А. Ә.
2-ші оқытушының
Т. А. Ә.
Рецензентің
Т. А. Ә.
Қысқартуларға түсіндірме:
Р- Жетекші
И -Орындаушы
К- Кеңесші
N/A - Not Applicable (қолданылмайды)
VII. Жобаның аяқталу нысаны.
Жобаның атауы « Алиментті өндіріп алу кезіндегі борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдары ».
Алиментті өндіріп алу кезіндегі борышкер жауапкершілігінің дамытуға ұсыныстар енгізу түрінде.
Ғылыми жетекшісі А. Е. Асанов
Студенттер Н. САрынбек, И. Маденов, Ә. Оңалбек
Тапсырысшы Кианат Ерасыл
Жеке құқық департаментінің
Доценті з. ғ. к. М. Н. Абилова
Жеке құқық департаментінің
доценті PhD докторы А. А. Асылбекова
Рецензент А. М. Ихсанғали
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«M. S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Арынбек Нұржігіт
Оңалбек Әлібек
Маденов Ислам
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
«Алиментті өндіріп алу кезінде борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдары»
Ғылыми жетекшісі:
Құқық Жоғары мектебінің аға оқытушысы
Асанов Азамат Ерланович
Нұр-Сұлтан, 2020
ЖоспарБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР9
Кіріспе10
I. АЛИМЕНТТЕРДІ ӨНДІРІП АЛУ ТУРАЛЫ АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ13
1. 1 Борышкерден алименттерді өндіріп алу тәртібі13
1. 2. Алименттерді өндіріп алу туралы атқару құжаттарды орындау кезінде туындайтын мәселелер мен құқықбұзушылықтар. 18
1. 3 Алименттік қатынастардағы борышкердің құқықтық жауапкершілігі. 23
II. АЛИМЕНТТІ ӨНДІРІП АЛУ КЕЗІНДЕ БОРЫШКЕРДІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ. 28
2. 1 ҚР заңнамалары бойынша борышкерді жауапкершілікке тартудың алғышарттары мен құқықтық салдары. 28
2. 2 Алимент төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу кезінде борышкерді жауапкершілікке тартудың шетелдік тәжірибесі. 31
2. 3 Борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдарын жетілдіру жолдары. 36
Ұсыныстар40
Қорытынды46
Қолданылған әдебиеттер тізімі48
Қосымша51
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР- ҚР - Қазақстан Республикасы
- РФ - Ресей Федерациясы
- ҚР АК - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
- ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы, Сот орындаушылары туралы заң - ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңы
- АПК - ҚР Азаматтық процестік кодексі
- ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- ҚР ӘҚБтК- ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі»
- ҚР НжОт
- АҚ - акционерлік қоғам
- ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
- ЖСО - жеке сот орындаушысы
- МАЭС-мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот
- Өңірлік Палата - Жеке сот орындаушыларының Өңірлік Палатасы
- Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - АИС ОИП жүйесі
Дипломдық жобаның өзектілігі:
Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті және шиеленісті тақырыптардың бірі алименттік міндеттемелердің орындалуы болып тұр. Алимент тек он сегіз жасқа толмаған балалардан өзге, қарт ата/аналар, еңбекке жарамсыз балалар және заңмен көзделген басқа да тұлғалар үшін төленетінін ескерсек, мәселенің шиеленісті спектрінің аумағының кең екенін байқаймыз.
Соттың немесе тиісті уәкілетті органның шешімі негізінде алынған атқарушылық құжаттардың орындалу тәртібі бойынша екі түрі кездессе, соның ең өзекті де, шиеленісті түрі алименттерді өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттар болып табылады. Алименттерді өндіру бойынша мәселені ушықтырып отырған сот орындаушыларының алименттерді өз өндірісіне алуына құлықсыздық танытуында. Оған көптеген себептер түрткі болса да, ең бастысы алимент төлеуші борышкерді жауаптылыққа тартудың құқықтық құралдарының толық жетілмеуінде. Осының салдарынан сот орындаушыларының қолдары жартылай байлаулы болып, екі ортада кәмелет жасқа толмаған балалардың, егде жастағы қарт ата-аналар мен алимент сұрауға заңмен құқылы өзге де тұлғалардың алименттік қажеттіліктері өтелмей жатады.
Егер алименттік-құқықтар қатынастарда зерттеулер жүргізген Шалғынбаева мен Стучканың еңбектерін қарастырсақ, алиментік қатынастар қоғамдық әлеуметтік қамтамасыз етудің жанама түрі ретінде көрініс табады.
Шыныменде, алиментті кәмелетке толмаған балалар, еңбекке жарамсыз қарт ата-аналар, еңбекке жарамсыз отбасының өзге де мүшелері және алимент төлеушіні кемінде 5 жыл баққан еңбекке жарамсыз үшінші тұлғалар алмаушы ма еді? Ал, аталмыш тұлғалардың барлығы қалай болғанда да мемлекеттік жәрдәмақы алуға мүдделі санаттағы топтың қатарына жатады.
Мысалы, «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, 2020жылғы жалпы шығындар 13, 827 трлн теңге болады, ал жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатындатөленетін сомманың көлемі 3, 576 трлн теңгені құрайды. Бұл сомманың негізгі бөлігі жалғыз басты аналар үшін, еңбекке жарамсыздық туралы жәрдәмақыларға және басқа да түрлі санаттар бойынша төленеді.
Егер біз алиментті уақытылы төлеу туралы мәселені шешіп алсақ қаншама млрд теңгелерді, тіпті трлн теңгелерді сақтап қалар едік.
Дипломдық жобаның аталмыш тақырыбы атқарушылық құқық пен отбасы құқығының ең өзекті де, шиеленісті мәселесін көтеріп қана қоймай, экономикалық өзекті мәселені құқықтық реформалау арқылы шешуді ұсынады. Бұл тақырыптың осы қыры отандық ғылыми айналымда бұған дейін көтерілмеген, өз зерттеушілерін тосып тұрған тың тақырыптардың санатына жатады.
Зерттеудің объектісі: Атқарушылық өндіріс аясындаалименттерді өндіріп алу бойыншаборышкерлерді жауаптылыққа тартуын қамтитын құқықтық қатынастар.
Зерттеудің пәні: Алименттерді өндіру бойынша борышкерлердің жауаптылығын қамтитын нормалар жиынтығы.
Дипломдық жобаның мақсаты: Алиментті өндіріп алу кезінде борышкерді жауапкершілікке тартудың құқықтық құралдарын зерттеу.
Аталмыш мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін келесі міндеттер қойылды :
- Атқарушылық іс жүргізудегі алимент ұғымына теориялық-практикалық қолданыстағы материалдарды пайдаланып талдау жасау;
- Атқарушылық іс-жүргізудегі әкімшілік жауаптылыққа талдау жасау;
- Атқарушылық іс-жүргізудегі қылмыстық жауаптылыққа талдау жасау;
- Алимент өндіру кезіндегі борышкерді жауаптылыққа тартуға байланысты тәжрибиені зерттеу;
- Дипломдық жоба аясында алимент өндіру бойынша борышкерді жауаптылыққа тартудың өзіндік ұсыныстар ұсыну;
Жобаның ғылыми жаналығы және тәжірибелік маңызы: Алименттік өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттардың өзектілігінің жыл санап артуы, оның орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық құралдарына деген сұранысты арттыруда. Алименттік өндіріп алу бойынша борышкер жауаптылығының құқықтық құралдарын практикалық материалдарды падалана отырыпзерттелуі-алименттік атқарушылық құжаттардың шиеленісті мәселесінің жаңа бір шешіміне алып келеді. Атқарушылық құқық саласында бұл тақырып бұрын соңды мұндай дәрежеде практикамен тығыз зерттелмеген.
Жобаның зерттеу әдістері: жалпы ғылыми зерттеу әдістері, салыстырмалы-құқықтық, құқықты талдау, саралау, функционалдық-жүйелілік, индустриалды талдау және т. б. әдістер қолданылды. Жобаның теориялық негізі: Атқарушылық құқықтың теориялық негізі мен практикада Республикалық Палатамен ұсынылған әдістемелік-қолданыс материалдары және басақа да құқықтық ғылым салаларының еңбектері қолданылды. Дипломдық жобаның нормативтік негізі: « Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ, «ҚР Қылмыстық кодексi» ҚРКодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ. «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысы. және т. б. Жобаның құрылымы: жоба кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараудан және қайнар көздер тізімінен тұрады.
I. АЛИМЕНТТЕРДІ ӨНДІРІП АЛУ ТУРАЛЫ АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Борышкерден алименттерді өндіріп алу тәртібіАлимент (alimentum латын тілінен аударғанда «тамақтану, питание») - ол, ақшалай немесе мүлік нысанында ерлі/зайыптылардың біреуінің екіншісіне, ата/ананың кәмелетке толмаған балаға, кәмелетке толған баланың қарт ата/анасына және басқа да отбасы мүшелерінің арасында міндетті төленетін қаражат түрі.
Алименттік қатынастар сонау Рим дәуірінің өзінде белгілі болған және ол кезде «алименттік міндеттеме» деп аталған1.
Рим құқығы бойынша алименттік міндеттемелер жақын туыстар арасында болды. Сәйкесінше, бала алдындағы алименттік міндеттеме ең алғаш болып әкенің мойнына жүктелді, одан кейін ананың және кейіннен әкелік және аналық туыстық қатынас бойынша туыстарға, ал ата/ана алдындағы алименттік міндеттеме де балаға жүктелді. Алайда Рим құқығы некесіз туылған бала мен әке арасындағы алименттік міндеттемені белгілі бір уақыт арасында мойындамады. Бірақ/та, кейіннен қалыптасқан Рим сот практикалары некесіз туылған баланың алдында әкенің алименттік міндетін мойындағанын көрсетеді. 2
Ежелгі Русь құқығы бойынша, тек ХV-ХVІ ғғ. бастап отбасы ішіндегі құқықтық міндеттемелер заңи көрініс таба бастады, яғни балаларды көмекке мұқтаж ата/аналарын асырауға міндетті етіп қойған. Алайда бұл реформалар алименттік емес, мұрагерлік сипатта болған. Себебі, ата/анасын өмірінің соңына дейін қамтамасыз етпеген балалары олардың мұраларына иелік ете алмай қалушы еді. 3
XVIIIғ-ХХ ғ. алғашқы жиырма жылдығында Ресей құқығы отбасы ішіндегі алименттік міндеттемелерге назар аудара бастады, алайда бұл міндет әзірше тек әкенің мойнына жүктелді.
ХХ ғ басында кеңес билігінің орнауымен, «бұзылмайтын некелердің» кезеңіне нүкте қойылды. Себебі бұл уақытқа дейін неке тек екі жақтың ортақ келісімі бойынша ғана бұзылатын еді. Ал, енді бұдан былай неке ерлі/зайыптылардың тек біреуінің бастамасы бойынша бұзылады және неке бұзуға не түрткі болғандығы жайлы себеп келтіруге міндетті емес болды. Әрине, мұндай нормалардың заңнамаға енгізілуі екі ортада қалатын балалардың мүддесін қорғайтын заңды тетіктерді қажет етті. 4Осылайша КСРО аумағына қазіргі таңдағы алименттік қатынастар қалыптасты.
Алименттік міндеттемелер институты Қазақ даласында да ұзақ уақыттар бойы қалыптасты.
Ертеден келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» алименттік міндеттемелерді толықтай қамтамасыз етпеді. Тек ер адам әйелімен ажырасқан кезде оған артынан келген дүниесін қайтарумен ғана шектелді. Тіпті Ресей патшалығының билігі орнаған сәттің өзіндеде Қазақ даласында алимент төлеу инмтитуты орнамады.
Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, алименттік қатынастар туралы заңнаманың өзгеруімен, қоғам арасында алимент төлеу туралы түсінікте өзгеріп отырған. Мысалы, П. Стучканың айтуы бойынша, 20-жылдары алименттік міндеттемені әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі деген пікір кең таралған екен5. Тіпті әлеуметтік қамсыздандырудың дамуы алименттік міндеттемелерді бірте/бірте ысырып тастайды деген түсінік болған6. З. З. Шалғынбаева өзінің магистрлік диссертациясының авторефератында7 : Алимент туралы ой пікірлер бірнеше мәрте өзгеріп тұрған. ХХ ғ. 20-жылдары әлеуметтік қамтамасыз ету дами бастаса, алименттік міндеттемелер тіпті ұмытылады деген тұжырым болған . . .
Тәуелсіздік алуымызбен алимент төлеу конституциялық міндет (ҚР 1993 ж Конституциясы 51-бап, 1995 ж Конституция 27-бап) дәрежесіне көтерілді. Елімізде алимент төлеудің маңызы артқан сайын, оны өндірудің жаңа оңтайландырылған құралдарын жасауға назар аударыла басталды.
Жеке сот орындаушыларың Республикалық палатасының Басқарма Төрағасының 2019 жыл 31желтоқсандағы №02-02/31-12/1 бұйрығы бойынша алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттарды орындаудың тәртібін айқындаушы Нұсқаулық жасалынды.
Алимент төлеу еркін түрде немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Еркін түрде алимент төлеу «тараптардың келісімімен» немесе «Алимент төлеу туралы келісім» жасау арқылы жүзеге асады. Егер тараптар арасында келіспеушілік орын алса сотқа жүгіне алады.
Сот тәртібімен өндіру бойынша алимент өндіруші сотқа тиісті арызымен жүгінеді. Алимент өндіру туралы Соттың тиісті шешімі шыққан соң, Өндіріп алушы сот шешімін немесе атқарушылық парақты алып жақын маңдағы Жеке сот орындаушысына немесе жергілікті Өңірлік Палатаға жүгінеді.
Атқарушылық іс жүргізу заңының процессуальдық нормалары сақталған түрде Жеке сот орындаушысы алимент өндіру туралы атқарушылық іс қозғайды және борышкерді тиісті атқарушылық іс қозғалғаны жөнінде хабарландырады.
Бұдан кейінгі ЖСОның әрекеті 1-суретте көрсетілген ЖСО Республиалық Палата тарапынан жасалынған алгоритм бойынша жүзеге асады.
Ал, АІЖжСОМ туралы заң бойынша алимент бірінші кезекте жалақыдан немесе басқа да табыс көздерінен өндірілуі керек.
Егер жалақысы болмаған жағдайда, ҚР АІЖжСОМ туралы заңының 99-бабына сәйкес, Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлкінен өндіріп алу алименттік атқарушылық құжаттар бойынша тек бір реттік орындалатын атқарушылық қамтамасыз ету шарасы болып табылады.
Ал, жекелеген санаттағы азаматтардан келесідей тәртіппен өндіріліп алынады:
Зейнеткерлер. Зейнеткерлерден алимент Зейнетақы туралы заңға сүйеніп тұрып өндіріліп алынады. Яғни заңның 23-бабында8зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiнжәне зейнетақының 50 пайыздан астамын ұстап қалуға болмайды деп көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz