Негізгі құралдарды түгендеудің жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ЧАГЛИНКА С. ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі және нәтижесін есепке алу

Орындаған: Әлімхан А.Х
Қабылдаған: Оспанова М.А
Баға

2020 - 2021 оқу жылдары

ЖОСПАРЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу ... ... ... ... ... . 5
2.Негізгі құралдарды түгендеудің нәтижесін шығару және есепке алу ... ... 10
3.Негізгі құралдарды қайта бағалау тәртібі, құжаттау мен есепке алу ... ... .. 16
4.Негізгі құралдарды түгендеудің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Мекеменің қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік - шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктік құны негізгі құралдар деген экономикалық түсінікті құрайды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.
Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және оның кәсіпорында қалай жүргізілуін жалпы талдау, сондай-ақ оларды бухгалтерлік есепте есепке алынуын көрсету.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №2410 Негізгі құралдар шоттарында, ал олардың тозуы №2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануышоттарында жүргізіледі.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді. Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.
Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл халыққа медициналық, тұрғын-үй коммуналдық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.

1.Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық шаруашылық субъектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Бухгалтерлік есептің "Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі" - деп аталатын стандартында "Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың күтіп сақталуын бақылау мақсатында субъектілер қолданылып жүрген нормативтік- құқықтық және өзге де актілерге сәйкес негізгі құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады" делінген. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы ды басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады. Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынандай жағдайларда жүргізіледі:
* негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
* негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
* өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
* шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда, т.б. жағдайларда.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
* инвентарлық карточкалардың, инвентарлық кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
* негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
* жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регистрларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп регистрларында сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек.
Негізгі құралдардың талдау есебін жүргізу негізгі құралдарды есепке алуды түгендеу карточкасы арқылы жүргізіледі, ол әрбір инвентарлық объекті немесе объектілер тобы үшін ашылады.
Түгендеу карточкалары бір дана болып негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі (№ НҚ -1), техникалық және басқа құжаттар негізінде толтырылады.
Түгендеу карточкаларында мыналар тіркеледі: объектінің шифры, баланстың құны, амортизация нормасы, паспорт нөмірі мен сызбасы, объектінің кәсіпорын ішіндегі қозғалысы туралы, күрделі жөндеу туралы (күні, жазылған нөмірі, сомасы) мәліметтер, заттың шығарылуы туралы деректер (шығарылған күні, актінің нөмірі, шығарылған бағыты, жазылған күні мен шифрі). Түгендеу карточкалары көптеген кәсіпорындарда бір данада толтырылып, сақтығын қамтамасыз ету үшін олар негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі инвентарлық тізімде (нысан №НҚ-10) тіркелінеді. Инвентарлық объектілердің пайдаланылған (орналасқан) жері бойынша (цех, бөлім) негізгі құралдардың инвентарлық тізімі олардың орналасқан, пайдаланатын орны бойынша (нысан №НҚ -13) қолданылады.

Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілген уақыттағы) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар, т.б.) түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп регистрлеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы тиіс.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын (тасымалдау құралдары, басқа жаққа күрделі жөндеуге жіберілген негізгі құралдар, т.б.) объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық нөмірі, зауыттық нөмірі тағы да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі. Біртектес, құндары бірдей, бір уақытта шаруашылық субъектісіне келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттары мен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері жазылып бөлек акт жасалынады. Шаруашылық субъектісінің меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізім бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген иесіне жіберіледі.
Барлық кәсіпорындағы негізгі құралдардың түгелдігі мен оларды қолда барлығын тексеру барысында аудитор алдымен ол активтердің инвенторлық карточкаларының бар- жоқтығын тексереді. Осылардың ішінде аудитор мыналарға басты көңіл бөледі:
* Негізгі құралдардың жіктелінуіне, олардың дұрыс жіктелінбеуі тозу салаларының дұрыс есептелінбеуіне әкеліп соқтырады, ал бұл шығынның өндірілген өнімнің өзіндік құнына дұрыс қосылмауына септігін тигізеді;
* Негізгі құралдардың өндіріске қатысуы бойынша жіктелінуіне, бұл негізгі құралға амортизациялық аударым салаларының дұрыс есептелінбеуі мүмкін;
Сонымен қатар негізгі құралдардың дұрыс жіктелінбеуі мен олардың дұрыс бөлінбеуі бухгалтерлік есепте қателіктердің пайда болуына және негізгі құралдарды қайта бағалағандағы қателіктердің жіберілуіне септігін тигізеді.
Негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізуші ол активтердің дұрыс бағалануына көңіл бөлуі қажет. Бұл нәтиже қор қайтарымының мөлшеріне, бухгалтерлік есеп берудің дұрыстығына өз ықпалын тигізеді. Негізгі құралдарды бағалаудың әртүрлілігін ескере отырып аудитор кәсіпорынға кіріске алынған, яғни келіп түскен негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мыналарды тексеруді қажет:
* Кәсіпорында негізгі құралдарды кіріске алу үшін және олардың нәтижесін құжаттау үшін арнайы комиссияның тағайындылығын;
* Кәсіпорынға сатылып алынған негізгі құралдар үшін сатып алу- сату келісім- шартының бағасы көрсетілініп жасалынғандығын;
* Келісілген бағасы бойынша хаттамалардың жасалынғандығын (егер негізгі құрал үлес қосушы, акционерлерден жарғылық қорды арттыру мақсатымен келіп кіріске алынған жағдайда);
* Үлгілі түрі НҚ- 1 санды қабылдау- тапсыру актісінде негізгі құралдардың бастапқы бағасының дұрыс көрсетілгендігін;
* Жал бойынша келісім- шартта объектінің бағасының көрсетілгендігін (негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алған уақытта);
* негізгі құралдарды жаңартқаннан, қайта құртқаннан немесе жартылай бұзғаннан кейін бастапқы құнының дұрыс көрсетілгендігін;
* салынып біткен негізгі құралдардың дұрыс құжатталғандығын.
Негізгі құралдардың кіріске алынуы барысында қате жіберілмеуін бақылаумен қатар аудитор, негізгі құралдардың есептен шығарылуының да дұрыс жүргізілуін тексереді. Бұл жағдайда негізгі құралдардың шығыс етілген баланстық құнына 842- шоттың дебиттелініп, 122- 125 аралығындағы шоттардың тиістісінің кредиттелгендігі көрсетіледі. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы бойынша қаржылық есептің нәтижесі баланстық пайданың өзгеруіне әсер етеді. Сондықтан да аудиторларға 722- негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс және 842- негізгі құралдарды сатудан шеккен зиян шоттарын егжей- тегжей оқып білу қажет болады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдардың қозғалысы бойынша толтырылатын құжатардың үлгі түрі ҚР- ның заңымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Аудитор осы құжаттардың қолда барлығын және олардың дұрыс толтырылғандығын тексереді.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің тағы да бір міндеті болып тозу саласының дұрыс есептелуін жәе жөңдеу жұмыстарының дұрыс құжатталынып көрсетілуін тексеру саналады. Бұл бойынша аудитор негізгі құралға есептелінетін тозу саласының мөлшерін анықтап және ол нәтижені құжаттағы мәліметпен салыстыруы керек. Негізгі құралдарға есептелінген тозу салалары өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге жалға берілген негізгі құралға есептелінген тозу саласы шығындар қатарына, ал ол бойынша жалдық ақы кәсіпорынның табыстарына қосылады. Егер кәсіпорын негізгі құралдарға амортизациялықаударым есептің жылдамдатылған әдісін қолданатын болса, онда ол кәсіпорынның есеп саясатында көрсетілінуі қажет. Кәсіпорынның негізгі құралдарына есептелінген тозу салаларының қалай қалыптасып жатқандығына басты көңіл аударуы қажет. Себебі бұл ең алғашқы кезектегі қор жинау құралы болып табылады.
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды тексеру үшін аудиторға көп күш жұмсау қажет етілінеді. Бұл жерде жұмсалынатын құралдар мен қаржыға жасалынған сметалық құжаттар мен олардың дұрыс толтырылынуы тексеріледі. Осылармен қатар аудитор шаруашылық ұйымның жұмысшы қызметкерлерінің осы кәсіпорынның шаруашылық мақсатына арналған негізгі құралдарын өздерінің жеке шаруасы үшін пайдаланған- пайдаланбағандығын тексереді. Егер ондай жағдай орын алған жағдайда, яғни субъектінің негізгі құралдарын жұмысшылар өз жеке басының мақсаты үшін пайдалануға алған болса, ол үшін арендалық қаржы төлеген- төленбегендігінің анықталуы керек. Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді аяқтау барысында тексеруші кәсіпорынның негізгі құралдарының тиімді пайдалануына талдау жасап жұмысын қорытындылайды. Сондай-ақ жетіспеушіліктер мен заң бұзушылықтар кездескен жағдайда, яғни кәсіпорындағы негізгі құралдардың есебін жүргізуде орын алған кемшіліктерді көрсетіп акт жазылады.
Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда түгендеу ұғымы алғаш рет 1931 жылы Вестник Академии наук атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) - бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі - қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. Қаттап-тіркеу деп ат қойылған құжат - бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі
Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) - бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101 өзгертулермен 24 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қазақстанда түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері анықталады. 24-БЕС әдістемелік нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеуді ұйымдастыру шарасының негізгі ережелері анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі де келтірілген.
Түгендеудің мақсаты - қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.

2.Негізгі құралдарды түгендеудің нәтижесін шығару және есепке алу
Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру ведомосын жасайды. Бұл ведомость түгендеу барысында анықталған мәліметтер мен ақпараттарға және де оның есеп мәліметтеріне сәйкес келмейтін, сондай-ақ бұрын есепке алынбаған артық шыққан және кем шыққан негізгі құралға жасалынады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді шаруашылық субъектісінің басшысы бекітуі керек. Түгендеу нәтижесінде артық шыққан бұрын есепке алынбаған негізгі құралдар 12-ші "Негізгі құралдар" бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 727-ші "Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыстар" шотының кредитіне жазылады. Олардың тозу құны 12-ші бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 13-ші бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Түгендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол төлейтін болғанда төленетін сома 333-ші "Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы" шотының дебетіне, 12-ші бас шоттың тиісті бөлімшелерінің кредитіне жазылады. Барлық кәсіпорындардағы негізгі құралдардың түгелділігі мен оларды қолда барлығын тексеру барысында аудитор алдымен ол активтердің инвентарлық карточкаларының бар-жоқтығын тексереді.
Осылардың ішінде аудитор мыналарға басты көңіл бөледі:
* негізгі құралдардың жіктелінуіне, тозу сомаларының дұрыс есептелмеуіне әкеліп соқтырады, ал бұл шығынның өндірілгенитөнімнің өзіндік құнына дұрыс қосылмауына септігінтигізеді;
* негізгі құралдардың өндіріске қатысуы бойынша жіктелінуіне, бұл негізгі құралға амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуіне әсер етеді;
* белгілі бір мақсатқа арналғандығы бойынша негізгі құралдың жіктелінуі, егер бұл тұрғыдан негізгі құрал дұрыс жіктелінбеген жағдайда жоғарыда аталғандай амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуі мүмкін;
Сонымен қатар негізгі құралдардың дұрыс жіктелінбеуі мен олардың дұрыс бөлінбеуі (топталынбауы) бухгалтерлік есепте қателіктердің пайда болуына және негізгі құралдарды қайта бағалағанда қателіктердің жіберілуіне септігін тигізеді.
Негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізуші ол активтердің дұрыс бағалануына көңіл бөлуі қажет. Бұл нәтиже қор қайтымының мөлшеріне, бухгалтерлік есеп берудің дұрыстығына өз ықпалын тигізеді. Негізгі құралды бағалаудың әртүрлілігін ескере отырып аудитор кәсіпорынға кіріске алынған, яғни келіп түскен негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мыналарды тексеруі қажет:
* кәсіпорында негізгі құралды кіріске алу үшін және олардың нәтижесін құжаттау үшін арнайы комиссияның тағайындалғандығын;
* кәсіпорынға сатылып алынған негізгі құралдар үшін сатып алу-сату келісім шартының бағасы көрсетілініп жасалынғандығын (егер негізгі құрал заңды тұлғалардан сатылып алынған жағдайда);
* келісілген бағасы бойынша хаттамалардың жасалынғандығын (егер негізгі құрал үлес қосушы, акционерлерден жарғылық қорды арттыру мақсатымен келіп кіріске алынған жағдайда).
* үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісінде негізгі құралдың бастапқы бағасының дұрыс көрсетілгендігін;
* жал бойынша келісім шартта объектінің бағасының көрсетілгендігін (негізгі құралды ұзақ мерзімге жалға алған уақытта)
* негізгі құралды жаңартқаннан, қайта құртқаннан немесе жартылай бұзғаннан кейін бастапқы құнының дұрыс көрсетілгендігін;
* салынып біткен негізгі құралдың кіріске алынған бағасының дұрыстығын;
* пайдалануға берілген негізгі құралдың дұрыс құжатталғандығын және тағы да басқа.
Негізгі құралдардың кіріске алынуы барысында қате жіберілмегендігін бақылаумен қатар аудитор, негізгі құралдардың есептен шығарылуының да дұрыс жүргізілуін тексереді. Бұл жағдайда негізгі құралдардың шығыс етілген баланстық құнына 842-шоттың дебеттелініп, 122-125 аралығындағы шоттардың тиістісінің кредиттелетіндігі тексеріледі. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы бойынша қаржылық есептің нәтижесі баланстық пайданың өзгеруіне әсер етеді. Сондықтан да аудиторларға 722-ші Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс және 842-ші Негізгі құралды сатудан шеккен зиян шоттарын екжей-текжей оқып білу қажет болады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың қозғалысы бойынша толтырылатын құжаттардың үлгілі түрі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Аудитор осы құжаттардың қолда барлығын және олардың дұрыс толтырылғандығын тексереді.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің тағы да бір ең негізгі міндеті болып тозу сомасының дұрыс есептелуін және жөндеу жұмыстарының дұрыс құжатталынып көрсетілінуін тексеру саналады. Бұл бойынша аудитор негізгі құралға есептелінетін тозу сомасының мөлшерін анықтап және ол нәтижені құжаттағы мәліметпен салыстыруы керек. Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомалары өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге берілген негізгі құралға есептелінген тозу сомасы шығындар қатарына, ал ол бойынша жалдық ақы кәсіпорынның табыстарына қосылады. Егер кәсіпорын негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің жылдамдатылған әдісін қолданатын болса, онда ол субъектінің есеп саясатында көрсетілінуі қажет. Кәсіпорынның негізгі құралдарына есептелінген тозу сомаларын тексеру барысында аудитор жинақталған тозу сомасының қалай қалыптасып жатқандығына басты көңіл аударуы қажет. Себебі бұл ең алғашқы кезектегі қор жинау құралы болып табылады.
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды тексеру үшін аудиторға көп күш жұмсау қажет етіледі. Бұл жерде жұмсалынатын құралдар мен қаржыға жасалынған сметалық құжаттар мен олардың дұрыс толтырылынуы тексеріледі. Осылармен қатар аудитор шаруашылық субъектінің жұмысшы қызметкерлерінің осы кәсіпорынның шаруашылық мақсатына арналған негізгі құралдарын өздерінің жеке шаруасы үшін пайдаланған-пайдаланбағандығын тексереді. Егер ондай жағдай орын алған жағдайда, яғни субъектінің негізгі құралдарын жұмысшылар өз жеке басының мақсаты үшін пайдалануға алған болса ол үшін арендалық қаржы төленген-төленбегендігін анықтауы керек. Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді аяқтау барысында тексеруші шаруашылық субъектінің негізгі құралдарының тиімді пайдалануына талдау жасап жұмысын қорытындылайды. Сондай-ақ жетіспеушіліктермен заң бұзушылықтар кездескен жағдайда, яғни кәсіпорындағы негізгі құралдардың есебін жүргізуде орын алған кемшіліктерді көрсетіп акт жазады.
Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерді табысты шешуде оның басты буындары - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Бұл тұрғыда негізгі мақсат болжам жасау мен шаруашылық жүргізу деңгейін көтеру, қоғамдық өндіріс тиімділігін едәуір арттыру, ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру, өнім және қызмет сапасын жақсарту сондай-ақ осы айтылғандардың арқасында халықтың әл-ауқатын көтеру. Экономикалық талдау кәсіпорын жұмысының нәтижесін объективті бағалау, өндірістің ішкі резервтерін анықтаумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар әрбір бөлімшенің дамуына заңдылықтар орнатуы қажет. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты. Кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатқызылады.
* негізгі құралдардың құрамы мен қозғалысын талдау;
* субъектінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау;
* пайдалану көрсеткіштеріне әсер ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Ішкі аудитті өткізу
Ішкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу
Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
Мал шаруашылығы секторын дамыту
Түгендеу түсінігі дәне түгендеу принципі
Түгендеу түсінігі
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Түгендеуді ұйымдастыру есебі
Пәндер